Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет9/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   168

АҚЫМАҚГЕРШІЛІК  з  а  т.  Ақымақ 

болушылық,  ақымақтық.  Құр  бекер 

намысқа тырысып, қолың көтере алмайтын 

шоқпарды белге қыстырып жүру – а қ ы м а 

қ г е р ш л і к (Р. Тоқтаров, Ғасыр наны, 393). 

АҚЫМАҚША ү с т. Ақымақ тəрізді, 

ақымақ сияқты. Болыпты ертеде бір зұлым 

патша, Əр түрлі іс істеген а қ ы м а қ ш а. 

Қабаған ит біткенді түгел бағып, Сол үшін 

жұмсап өткен ырғын ақша (А. Үлімжіұлы, 

Шығ. жин., 2, 85). 

АҚЫН:  Ақындар  айтысы.  Ақын-

дардың шаршы топ алдындағы сөз сайысы. 

АҚЫНГЕР  з  а  т.  Ақын  болушылық, 

ақындық.  Бұлардың  бəрі  де  жəй  əшейін 

ермек үшін, қошамет үшін айтылған сөздер 

емес, а қ ы н г е р қазақ халқының табиғи 

бітіміне берілген тарихи баға (Қаз. əдеб., 

26.04.1985, 14). 

АҚЫНЖАНДЫЛЫҚ з а т. Жанының 

нəзіктігі;  сезімталдық.  Жазушының  жас

баладай  аңқылдаған  ақ  көңіліне,  жаны-

ның тазалығына, парасатының биіктігіне,

а қ ы н ж а н д ы л ы ғ ы н а тəнті болды

(Н. Исабаев, Өмір., 279).



АҚЫНСУ  Ақынсы  етістігінің  қимыл 

атауы. 

АҚЫНСЫЗ с ы н. Ақыны жоқ, ақын 

болмады. ≈ А қ ы н с ы з ешбір той қызық 

болмайды. 



АҚЫНСЫЗДЫҚ  з  а  т.  Ақынның 

жоқтығы, ақынның болмағандығы. 

АҚЫНШЫЛЫҚ з а т. Ақын болғандық, 

ақындық. 

АҚЫРАМАШ з а т. ж е р г. Желтоқсан 

айы. Сонау а қ ы р а м а ш т ы ң алғашқы 

суығында-ақ  терезеге  тұтылған  қанар-

қап  су  тиіп,  енді  қатты  аяздан  түйенің 

мойнағындай  сіре сіп  қатып  қапты 

(Д.Исабеков, Тіршілік, 145). Өздерінің үй-

іштеріндегі тамыры тереңде жатқан а қ ы 



р а м а ш т ы ң қыраулы түніндегі суықта 

ызғарлы  кикілжіңдерінің  бір  ұшын  сезіп 

қалдым (Қаз. əдеб., 04.04.1975, 4). 

АҚЫРАҢДАН  Ақыраңда  етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. Оның таңертеңгі 

қызылшырайы оңып, аспан түстес көгілдір 

көзі а қ ы р а ң д а н ы п кетіпті (Р. Отарбаев, 

Біздің ауыл., 45).



АҚЫРАҢДАНУ Ақыраңдан етістігінің 

қимыл атауы.

АҚЫРҒЫЗ  Ақыр  етістігінен  жасал-

ған өзгелік етіс. ≈ Мынауыңды (күйеуіңді) 

а қ ы р ғ ы з ы п қоясың ба?! 

АҚЫРҒЫЗУ  Ақырғыз  етістігінің 

қимыл атауы. 

АҚЫРҒЫШ  с  ы  н.  Ақыра  беретін, 

ақыратын. ≈ А қ ы р ғ ы ш адам. 

А Қ Ы Р Ғ Ы Ш Т Ы Қ   з   а   т.   А қ ы р а 

беретіндік, ақырушылық. 

А Қ Ы Р Е Т :   А қ ы р е т   к ө р с е т т і . 

с  ө  й  л.  Азап  көрсетті.  Жас  қозылар 

шаршағандықтан  əр  жерге  бір  жатып

қалып а қ ы р е т т і  к ө р с е т і п келеді 

(Р. Қилыбаев, Өмір., 9). Қой маңырап, сиыр 

мөңіреп, кейбіреулері кері қашып, а қ ы р 



е т т і  к ө р с е т і п келеді (Бұл да, 27). 

АҚЫРСЫНДА ү с т. с ө й л. Ақырында. 

А қ ы р с ы н д а мына қатты жүріске шыдай 

алмай, алдындағы машинаға «дөділдетіп» 

белгі берді (Жалын, 1974, 2, 30). 

АҚЫРУШЫ з а т. Ақырған адам. 

АҚЫРУШЫЛЫҚ з а т. Ақырғандық, 

ақыру ісін істеушілік. 

АҚЫРЫНДАУ  с  ы  н.  Сəл  ақырын, 

ақырынырақ. 

АЛ

1

: Ала сал. Бір нəрсені тездетіп алу.

Ала  сала.  Бір  нəрсені  алысымен.  ≈ 

Құрығын а л а  с а л а өріске қайтты. 

Алып  қарағанда.  Қарастырғанда, 

зерттегенде,  ойластырғанда.  Қазақ 

халқының музыкалық өнері жанр жағынан 



а л ы п  қ а р а ғ а н д а, өрлеу сатысында 

тұр (І. Омаров, Серпін, 19). 



Алып  қашпа  сөз.  Өтірік,  өсек  сөз. 

Мұның бəрі а л ы п  қ а ш п а  с ө з д е р, түрлі

жорамалдар (Қ. Салғарин, Жаныңда жүр., 74).


39

Байынқол Қалиев

АЛ

2

:  Алға  басқан  аяғы  кейін  кетті. 

Ісі ілгері баспады, оңбады, жолы болмады. 

АЛ

3

:  Ал  жасыл.  Шымқой  жасыл, 

қаныққан  жасыл.  Қараған  сайын  жа-

нарды  жасауратып,  жүректі  көтеріп, 

дегбірді алған, өңшең ал қызыл, а л  ж а 

с ы л, ал шикіл бояу-бедерлер (Қаз. əдеб., 

30.09.1983, 8). 



Ал жасылдан. Шымқай жасыл түске 

ену. Дала да а л  ж а с ы л д а н ғ а н шөптен 

көйлек  киіп  төркініне  баратын  қаздай 

жетіседі (О. Бөкеев, Өз отың., 212). 

Ал күреңден. Шымқай күрең түске ену. 

Ол ағаштардың май айының орта шеніне 

дейін а л  к ү р е ң д е н і п өрбіген бүршіктері 

енді күні жеткесін аппақ гүл боп ашылыпты 

(Қ. Тоқмырзин, Үш кие, 103). 

Ал қаралан. Шымқай қара түске ену. 

Ешкіөлгеннің  ар  жағына  асып,  а  л    қ  а  р 



а  л  а  н  ы  п  жатқан  қара  жерге  қарс  кіріп 

кеткендей болды (Лен. жас., 30.10.1971, 4). 



Ал  қаракөктен.  Шымқой  қара  түске 

ену. Жасыл терек, қызыл шіліктер алыстан 

а л  қ а р а к ө к т е н і п қандай əсем көрінеді 

(А. Жұмаділдин, Сең бұзыл., 98). 



Ал сары. Шымқай сары түс. Үкілепті, 

маңдай  тұсына  жақұт  қондырыпты,  ай-

налдыра ал жасыл, ал күрең, а л  с а р ы 

маржан тізіпті (Д. Досжанов, Жолбарыс.., 

436).  Бағана  ғана  ал  қызыл,  а  л    с  а  р  ы 

гүлдері  ырғалып,  мамыра  жатқан  жазира 

аппақ  қардың  астында  қалды  (О.  Бөкеев, 

Мұзтау, 127). 



Ал шикіл. қ. Ал сары. Қараған сайын 

жанарды  жасауратып,  жүректі  көтеріп, 

дегбірді алған, өңшең ал қызыл, ал жасыл, 

а  л    ш  и  к  і  л  бояу-бедерлер  (Қаз.  əдеб., 

30.09.1983, 8). Баланың  көз  алдында  ал 

жасыл, ал сары, а л  ш и к і л баяу жүзді 

(Пионер, 1984, 7, 17). 



АЛА:  Ала  дорбасы  алдына  түсті. 

Шаршады, шалдықты, титықтады. 

Ала  көкек.  Ұшып-қонып  жүретін, 

берекесіз (адам). Біздің кедей болуымыздың 

себебі манағылардың айтуынша: көкемнің 

«а л а  к ө к е к», «ақылсыздығынан» сияқты 

(Н. Қазыбеков, Тұсаукесер, 42). Мұның кө-

ңілі сонау тотыдай құлпырған шағынан бас-

тап, күні бүгінге дейін а л а  к ө к е к бола-

тын. Сол емі табылмаған а л а  к ө к е к көңіл 

ақыры... (К. Жүнісова, Қимаймын., 89). 



Ала  қайыс  болды.  Жон  терісі  ылғи 

қамшының астында болып, əбден қатып-

семді, көнденді. Онсыз да жарамсақтануға 

əзір  тұрған  қулар  бетегеден  аласарып, 

ұра қалса тоса қалуға бөкселерін əзірлеп, 

қамшы жеп а л а  қ а й ы с  б о л ғ а н өгіздер-

ше  ығысып-ақ  жатыр  (Ж.  Молдағалиев, 

Алғ. қоңырау, 49). 



Ала қауын. Ала түсті қауын. Қауынның 

түрлері: сарт қауын, қыш қауын, а л а  қ а у 



ы н, қара қауын, сары қауын, май қауын, ақ 

қауын, пұшық қауын т.б. (Қаз. тілі тарихы., 

1, 201). 

АЛАБАЖАҚТАНУАлабажақтан 

етістігінің қимыл атауы. 

АЛАБАС з а т. б о т. Күздік бидайдың бір 

сорты. Суыққа төзімді. Аудандастырылған 

а  л  а  б  а  с  (күздік  бидай)  сортымен 

салыстырғанда,  Долинская 8 сортының 

дəні  неғұрлым  ірі  жəне  нандық  сапасы 

жақсы болады. Қысқа төзімділігі жағынан 

ол а л а б а с сортымен тең, ал өнімділігі 

жағынан одан 2-3 ц асып түседі (Қазақст. 

ауыл шаруаш., 1960, 3, 44). А л а б а с сорты 

аудандастырылған  аймақтарда  кең  тара-

лып,  өнімділігі  жағынан  əзірге  ең  жақсы 

сорт болып табылады (Қаз-ң дəнді, майлы 

дақыл, 16). 

АЛАБҰҒА з а т. б о т. Сүрегі қаттылау 

шөп. Түйе жақсы жейді. Шөп мезгілінің 

кеш дайындалса, бидайық, қамыс, ши, өлең, 

мия, жоңышқа, экспарцет, судан, а л а б ұ 

ғ  а,  қаңбақ,  селеу  шөптерді  машинамен 

турап уақтап, ал дəнді жемді (арпа, жүгері) 

жарып бермесе, малға жұғымдылығы на-

шар  болады  (Ш.  Бөрібаев.  Сиыр  малы., 

11). Өйткені ондай жайылымдарда түйелер 

жақсы көріп отығатын а л а б ұ ғ а, жантақ, 

теріскен сияқты шөптер көп өседі (Қазақст. 

ауыл шаруаш., 1965, 10, 29). 



АЛАБҰРТҚЫЗ  Алабұрт  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. Ия, осы «шығар», 

«болар»  деген  болжам  ойларым  жарам 

жазылып,  майданға  енді  қайта  барғалы 

жүрген мені бір түрлі а л а б ұ р т қ ы з д 



ы (Ə. Нəбиев, Бейтаныс., 64). 

А Л А Б Ұ Р Т Қ Ы З У   А л а б ұ р т қ ы з 

етістігінің қимыл атауы.

АЛАБҰРТТЫР  Алабұрт  етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс.  Жас  қыз  жүрегін 

мұнар  ұшқан  табиғат  суреті  қытықтап, 



а  л  а  б  ұ  р  т  т  ы  р  ғ  а  н  еді  (Лен.  жас, 

13.03.1973, 2). 



А Л А Б Ұ Р Т Т Ы РУ   А л а б ұ р т т ы р 

етістігінің қимыл атауы. 

40

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

АЛАБҮЙРЕКТЕН е т. Əр жердің қары 

кетіп,  алабажақтану,  алақат-алақат 

күйге түсу. Оған мына «түске дейін – мүйіз, 

түстен кейін – киіз» аталатын жаймашуақ 

қабаттасқаннан кейін ит жонданып, бүкіс 

тартқан жоталардың төскейі тіпті а л а б ү й -



р е к т е н і п шыға келді (К. Ахметбеков, 

Қасірет, 1, 154). 



АЛАБҮЙРЕКТЕНУ  Алабүйректен 

етістігінің қимыл атауы. 

АЛАБІЛЕК з а т. к ө н е. Садақ оғының 

бір түрі. «А л а б і л е к оқ алған, Қой дегенге 

бір шапқан» (Шалкиіз жырау, 55). 



АЛАҒАН  с  ы  н.  Ат  үстіндегі  кісіні 

алып  түсетін,  жараған  (бура).  Тегінде 

бай  атаулы  иттің  қабағанын,  айғырдың 

тебегенін, бұқаның сүзегенін, бураның а л а

ғ  а  н  ы  н  ұстағысы  келетін  (Ж.  Ахмади, 

Айтұмар, 12). 



АЛАҒАРЖАҚТАН  е  т.  с  ө  й  л.  Алаң 

болу, дегбірі қашу. «Бүгін биге келмес пе 

екен?!» - деп көңілім а л а ғ а р ж а қ т а 



н ы п, дегбірім қашып тұр (Қ. Ботпай, Егіз 

қауашақ, 66). 



АЛАҒАРЖАҚТАНУ  Алағаржақтан 

етістігінің қимыл атауы

АЛАҒАТТАНУ Алағаттан етістігінің 

қимыл атауы. 

АЛАҒДА з а т. ж е р г. Əлек, əуре. – Сыр-

ға  келіннің  үйінен  бір  шала  əкеліп  едім, 

түге, əлгі тоқалдың а л а ғ д а с ы м е н жүр-

генде өшіп қалыпты (С. Елубай, Ақ боз., 42).



АЛАҒЫЗУ Алағыз етістігінің қимыл 

атауы. Көптен жөндем үй табылмай, а л 

а  ғ  ы  з  у  м  е  н  жүргенде,  мына  пəтердің 

аяқ астында босай қалғанына қуанулы еді 

(Жұлдыз, 1975, 4, 122). 

АЛАЖАБЫР е л і к. ж е р г. У-шу, даң-

дұң. Стол басы а л а ж а б ы р. Бірінен кейін 

бірі тос көтеріп, сұңқылдап жатқан мына 

шуылдақтардың бір сөзі миына кірген жоқ 

(Ə.  Нұрпейісов,  Соңғы., 171). Солдаттар 

шебіне таман жақындап, кимелеген а л а ж 

а б ы р халықты жасқағандай қолын сермеді 

(С. Елубай. Ақ боз., 339). Сол а л а ж а б 



ы р қалыпта күнді батырып, қас қарайттық 

(А. Мекебаев, Алапат, 269), 



АЛАЖАҢҚАУ с ы н. ж е р г. Алакөңіл. 

Қонағының көңілі қоныс таппай а л а ж а ң 



қ а у болып отырғанын қу неме сезіп қойды 

(Д. Досжанов, Жолбарыс, 12). 



АЛАЖАРҚЫ с ы н . ж е р г. Алабажақ. 

Көк  жүзі  бір  жері  қарақошқыл,  бір  жері 



а  л  а  ж  а  р  қ  ы  тартып  түсініксіз  күй-

де тұнжыраңқы тұр (Б. Шаханов, Ғашық., 

84). 

АЛАЙЫҢҚЫ с ы н. Көзі аздап алайған, 

аларыңқы. Қорадан қора, бақшадан бақша 

қоймай бүлдіретін ашқарақ қаскөй қу мүйіз 

қарасан сыңайлы, - көзі тым а л а й ы ң қ ы 

екен (Жалын, 1972, 6, 3).



АЛАКӨБЕҢДЕН  е  т.  Болар  болмас 

жарық  түсу,  күңгірттену.  А  л  а  к  ө  б 

е  ң  д  е  н  і  п  тұрған  терезеден  маңдайы 

қатпарланған, беті көкпарланған бір сұрқия 

мүсін  сығалап  тұрғандай  иман-үрейіңді 

ұшырар (Р. Отарбаев, Біздің ауыл., 358).



АЛАКӨБЕҢДЕНУ  Алакөбеңден 

етістігінің қимыл атауы.

АЛАКӨЗДІЛІК  з  а  т.  Араздық, 

қырғиқабақтық.  Арғынның  бір  байымен 

Ахметтің а л а к ө з д і л і г і болып, соның 

жылқысына тиіңдер деп бізді жұмсады (Б. 

Майлин, Таңд., 158). 



АЛАКӨЛ-СҰЛАМА з а т. в е т. Зоры-

ғудан болатын түйе ауруы. А л а к ө л- с ұ л 

а м а - түйенің дел-сал болып, буыны кетіп, 

зорығуы. Бұл ауру жылқыда да кездеседі. 

Оны  қызылмай  деп  атайды  (Қаз.  əдеб., 

28.09.1984, 15). 



АЛАКҮДЕК  с  ы  н.  к  ө  н  е.  Ақкөңіл, 

бірақ алаңғасарлау (адам). Не келсе аузына 

соны сөйлеп, Ақкөңіл, а л а к ү д е к жан-ау 

деймін (Айтыс, 93). 

АЛАКҮЛІК¹  з  а  т.  з  о  о  л.  Қоңыздың 

бір түрі. А л а к ү л і к – кішкентай қызыл 

ала қоңыз. Ол бұта басында болады. Түйе 

оны жеп қойып ауырады (Ж. Бабалықұлы. 

Мал ауруы., 11). 



АЛАКҮЛІК² з а т. в е т. Түйеде болатын 

өте зілді ауру. А л а к ү л і к - өте ауыр дерт. 

Оған  шалдыққан  түйе  өліп  тынады  (Ж. 

Бабалықұлы, Мал ауруы., 11). Түйеде а л а 

к ү л і к ауруы кездеседі. Алакүлік – қоңыз. 

Өрісте ол көп болғандықтан шөппен бірге 

оны  түйе  жеп  қояды  да,  өліп  кетеді  (Х. 

Арғынбаев, Қаз. этногр., 158). 



АЛАКҮЛІК³ с ы н. а у ы с. Алақұйын, 

берекесіз, құйыршық (мінез). Сəмбі талда 

қонақтап  отырған  осы  бір  а  л  а  к  ү  л  і  к 

мінезді құс (сауысқан) есіме əлдебір жай-

ларды түсіргендей ме, қалай? (Ж. Ауыпба-

ев, Жанарымда., 7). – Сауысқанға обал жоқ. 

Құйрығы қымыңдап, отырысы жаман. А л а 



к ү л і к, опасыз адамның мінезі бар өзінде 

(Қаз. əдеб., 30.11.1973, 1). 



41

Байынқол Қалиев

АЛАҚАН з а т. Бестастың алтыншы 

кезекте  ойналатын  түрі.  Алтыншы  ке-

зек – «а л а қ а н». Қақпа тасты лақтырып 

отырып, қалған төрт тасты екінші қолдың 

алақанына жинау керек (Б. Төтенаев, Қаз. 

ұлт. ойын., 48). 

Алақан  шертіспек.  э  т  н.  Ұтылып 

қалған  адамның  алақанын  шертіп  ой-

найтын  ойын.  Əне  бір  жылы  сауыққой 

таманың бойжеткендерімен а л а қ а н  ш е р 



т і с п е к ойнатқалы бері Тілеш етене сыр-

лас боп кеткен (Қаз. əдеб., 29.09.1972, 3). 



АЛАҚАНДАС с ы н. а у ы с. Дос, тату; 

сыйлас,  сырлас.  Сол  қызға  ғашық  бопты 

Қарақан жас. Ер жүрек елдің ері балапан 

жас. Жігіттің шыққан жері Тараз елі, Ай-

тулы асқақты ермен а л а қ а н д а с (Қаз. 

əдеб., 01.05.1973, 4).

АЛАҚАНШЫҚТАН е т. Қарлы боран 

соғу, ақпандату. Бір сəтте боран а л а қ а н 

ш ы қ т а н ы п еді, таң білінген кез екен, аяз 

ширай түсініпті (З. Ақышев, Ақбел асуы, 

44). Күз күні уақыт өткен сайын а л а қ а н 

ш ы қ т а н ы п, дауыл тілей түскен (Асқар 

Алтай,  Қызыл  бөлтірік, 31). Ақ  даланың 

бетіне боран соғып тұр. Бірде а л а қ а н ш ы 

қ т а н ы п, тəулік бойы құтырына жөнеледі 

(З. Иманбаев, Қос қайың, 22).



АЛАҚАНШЫҚТАНУ Алақаншықтан 

етістігінің қимыл атауы. 

АЛАҚАНШЫҚТАТ  е  т.  Қар  жауып, 

боран соғу. Боқырауда басып қалған қалың 

қар алты ай бойына а л а қ а н ш ы қ т а т



т ы да, сары сүзектей созылып кеп майдың 

аяғында  бір-ақ  шықты  (Қ.  Ысқақов, 

Бұқтырма, 64). 

АЛАҚАНШЫҚТАТУ Алақаншықтат 

етістігінің қимыл атауы. 

АЛАҚАТ  с  ы  н.  Бір  жері  ақ,  екінші 

жері қара (жер). Ойдым-ойдым а л а қ а т 

т а р д а қалған желек таздың шашындай 

шашауланып, өнім беріп жарыта қоймайды 

(Т. Иманбеков, Тұт ағашы., 174). 

АЛАҚАТТАН е т. Ала-құла түрге ену. 

Сортаң  дала  жаздағы  көк-жасыл  өңінен 

айырылып, əр жер-əр жер а л а қ а т т а 

н ы п шаңы шығып, тақырланып қалыпты 

(О.  Сəрсенбаев,  Бақыт  құсы, 94). Сол 

бұтақтардың арасынан а л а қ а т т а н ы п

көгілдір  аспан  сынықтары  көрінеді  (О. 

Сəрсенбаев, Жақсының көзі, 39). 

АЛАҚАТТАНУ  Алаққаттан  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

АЛАҚАТТАУ  с  ы  н.  Аздап  алақат.  – 

Жалпы жаман емес. Аздап а л а қ а т т а у

жері  де  бар  көрінеді  (Т.  Иманбеков,  Тұт 

ағаш., 119). 



АЛАҚОЖАЛАҚ  с  ы  н.  Алабажақ, 

қожалақ-қожалақ. ≈ Ауыл іші а л а қ о ж 

а л а қ, көз сүрінеді. 

АЛАҚОЖАЛАҚТАН  е  т.  Қожалақ-

қожалақ  болу,  қожалақтану.  Арық  бой-

лары  шөп-шалам  ба,  ши-бұталардың 

түбірі  ме,  шаңнан  көрінбейді,  а  л  а  -

қ о ж а л а қ т а н ы п, əсіресе қоңыр күзде 

тым ажарсыздау көрінеді (С. Байжанов, Ақ 

маржан, 22). 

АЛАҚҰЙЫНДАУ  с  ы  н.  Алып-

қашпалылау, құбылмалылау. Сол екі арада 

ел ішінің артық-кем айтылған а л а қ ұ й 



ы  н  д  а  у  бір  сөздерін  де  құлағы  шалды 

(05.08.1972, 2). 



АЛАЛАТ е т. с ө й л. Ала жылқыны көп 

жи д. м. Қысырақтың үйірін А л а л а т т а, 

құлалат. Қысыр жеңгем ұл тапсын. Алалат 

та, балалат! Ат байларға жараса, О да бізге 

қанағат (Ж. Ахмади, Айтұмар, 135). 



АЛАЛАТУ Алалат етістігінің қимыл 

атауы. 

АЛАМАН з а т. к ө н е. Низамға (заңға), 

тəртіпке,  жол-жосыққа  бағынбайтын 

адамдар тобы. Батыр Саян содан кейін өзі 

секілді күштілерден қорлық көрген жүзге 

тарта батыр жігіттерді жинап, а л а м а н 

болып кеткен (І. Есенберлин, Алмас., 243). 



АЛАМАНДЫҚ  Аламан  болғандық, 

бағынбаушылық. Енді а л а м а н д ы қ т 

ы тастап, бір кезде өзін өлімнен құтқарған 

нағашы жұртына қосылмақ боп, қасындағы 

жүзге  тарта  серіктерімен  жолға  шыққан 

(І. Есенберлин, Алмас., 243). Отан сезімі, 

мемлекет сезімі кем, менмендік сезімі өте 

күшті құлықты а л а м а н д ы қ дейміз (Х. 

Досмұхамедұлы, Аламан, 147). 

АЛАН  з  а  т.  к  ө  н  е.  Ертеде  Каспии 

теңізінің жағасын мекендеген ел. Қыпшақ 

жігіттерінің  бас  қосып  шапқыншыларға 

қарсы шыққанын көріп, Еділ бойындағы уақ 

ұлттар: башқұрт, а л а н, Еділ бұлғарлары 

да бас көтерді (І. Есенберлин, Алмас., 75). 

Тарихшы  Иосиф  Флавийдің  айтуынша 

осетиндер бұрын а л а н д а р деп аталған, 

Дон жағалауындағы скифтердің бір бұтағы 

болған  (А.  Сейдімбеков,  Күңгір-күңгір., 

171). Бөрі емес, а л а н н ы ң бұл аламаны. 

Қасқырдай шапқан жұртқа даладағы. Ха-


42

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

зардан қарақшылар жортқан талай, Малы 

мол  көшпендіні  талағалы  (Қаз.  əдеб., 

04.10.1974, 2). 



АЛАҢДАУЛЫ с ы н. Бір нəрсеге көңілі 

алаң. А л а ң д а у л ы, асығулы көңілдің та-

лай бұлталаңын бастан кешірді (Ж. Мусин, 

Үміт, 50). Қыз көңілі а л а ң д а у л ы (Лен. 

жас, 24.10.1974, 2). 



АЛАҢЖАРЛЫ с ы н. ж е р г. Алаңдаулы. 

Бірақ мына а л а ң ж а р л ы күйде қыдырып 

та, тынығып та береке таппасымды сезіндім 

де, орнымнан тұрып, бөлме ішін теңселіп 

кезе бастадым (А. Мекебаев, Аңызақ, 133). 

АЛАҢЖАРЛЫЛЫҚ з а т. ж е р г. Ала 

көңілділік,  алаңдағандық,  алаңдаушылық. 

Жұмыста  жайбарақат  отырып,  тиесілі 

тірлігімді  орындауға  құлшынғанмен, 

ағзамдағы аңғарымсыздықтан асыл мүлкін 

қолды еткенге ұқсас а л а ң ж а р л ы л ы қ

қолымды іске барғызбай-ақ қойды (А. Ме-

кебаев, Алапат, 251). Мен көңілімнің а л а 

ң ж а р л ы л ы ғ ы н а қарамастан ертең 

істейтін жұмыстарымның жоспарын қойын 

дəптеріме түсіруге кірістім (А. Мекебаев, 

Аңызақ, 132). 



АЛАҢЫТ е т. Алаң болу, алаңдау. 

АЛАҢЫТУ Алаңыт етістігінің қимыл 

атауы.  Əншейінде  сабырлы  жігіттің  да-

усында бұл жолы а л а ң ы т у бар (Қаз. 

əдеб., 14.05.1976, 2). 

АЛАП з а т. ж е р г. Арбаның шанағы. 

Қора төріндегі күнге қаңсыған ескі арбаның 



а  л  а  б  ы  н  а  асылып  тұрып,  екеуі  көп 

сөйлесті (Т. Дəуренбеков, Сүмбіле, 37). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет