АЛАПА з а т. к ө н е. Атақ, абырой,
даңқ. Абақ сұлтанның қызын алу - Шығай
ұрпағының а л а п а с ы н арттырып, абы-
ройын көтермек (М. Мағауин, Аласапыран,
69). Сол румен бірге өзің де көтерілесің,
өзіңнің де а л а п а ң артады (Бұл да, 130).
АЛАПЕСТЕНДІР е т. Ала-құла ету,
теңбілдендіру. Дəрігер бет-аузын а л а п
е с т е н д і р і п қызылмен бояп алған
еңгезердей жалпақ танау индеецтің жанына
барды (Т. Əбдіков, Айтылмаған., 126).
АЛАПЕСТЕНДІРУ Алапестендір
етістігінің қимыл атауы.
АЛАПЕСТЕНУ Алапестен етістігінің
қимыл атауы.
АЛАПТАТ е т. Алап бойын қуалау,
алаптан іздеу. Таппады – Ылдилатып, а л
а п т а т ы п, Тұс-тұсқа жоғалғандай та-
рап, батып. Күн тұрды көкжиекте – құмай
тазы, Ырсылдап, қызыл тілін салақтатып
(Е. Дүйсенбаев, Ақ пейіл, 33).
АЛАПТАТУ Алаптат етістігінің
қимыл атауы.
АЛАРМАН з а т. «Қасқыр», «қойшы»,
«қой» болып көгалды жерде ойналатын
балалар ойыны (Қаз. этнография., 1, 149).
А л а р м а н ойынында «қойшы» мен
«аларман» немесе «қасқыр» қарама-қарсы
тұрады. «Қасқыр» қойларды алмақ болады,
«қойшы» оларды қорғайды (Бұл да).
АЛАСАПЫРАНДАТ е т. Ауа райының
бұзылуы, алай-түлей болу. Түс ауа күн а л
а с а п ы р а н д а т ы п, борап кетті (Ж.
Түменбаев, Қардағы із., 54).
АЛАСАПЫРАНДАТУ Аласапырандат
етістігінің қимыл атауы.
АЛАТАҒАНАҚТАН е т. ж е р г. Ала-
құла түске ену, теңбілдену. Анау күні а л а
т а ғ а н а қ т а н ы п жатқан дөңді қарашы
(Ə. Кекілбаев, Бір шөкім., 3).
АЛАТАУ з а т. б о т. Алхоры сорты.
А л а т а у ағашының биіктігі орташа,
бөрікбасы кең жайылып өседі. Жемісінің
үлкендігі орташа – 35 грамм, түсі қара
сұр, бояуы ала-құла тамыздың ортасында
піседі (ҚСЭ, 1, 310). А л а т а у д ы таулы
жəне тау бөктеріндегі аймақтарда өсіруге
ұсынылады (Жас бағбан, 61).
Алатау таңы. Алманың бір сорты. Ол
өте кең тараған. Алманың көптеген сорт-
тары бар. Олар: Алмалы, Жетісу, А л а т а у
т а ң ы, Салтанат. Бұларды Қазақстандық
селекционерлер өсіріп шығарды (ҚСЭ,
1, 278).
АЛАТЕГЕНЕК с ы н. с ө й л. Алата-
ғанақ. Қар кетіп, жер а л а т е г е н е к бол-
ған кез еді (З. Ақышев, Ақбел асуы, 5).
АЛАТЫШҚАН з а т. з о о л. Дене
пішіні тиінге ұқсас, бірақ арқасында қара
жолақтары бар тышқан. А л а т ы ш қ а н
ағаш түбірін үңгіп, сонда тіршілік етеді,
қыста ұйқыға кетеді (Шаңырақ, 395).
АЛАУГЕР з а т. ж а ң а. Олемпиада
ашылар алдында оның алауын көтеріп
жүруші, алау жағушы құрметті адам.
Елбасымыз – олимпиаданың алғашқы а л
а у г е р і (Егем. Қазақст., 04.04.2008). А л
а у г е р (факельщик), бессауда (аукцион),
безенші (дизайнер) т.б. жаңа атаулар мен
қолданыстар орыс тіліндегі сөздерге ба-
лама ретінде қолданылып жүр (Ана тілі,
07.02.2013, 4).
43
Байынқол Қалиев
АЛАУОШАҚ з а т. ж а ң а. Сəндік үшін
үй ішінен таспен қалап жасалған ошақ;
камин (Орысша-қазақша сөздік, 1, 349).
АЛАШАБЫН з а т. с ө й л. Алашапқын.
Бұрын елу гектар, жүз гектар ғана күріш
егіп, ала жаздай а л а ш а б ы н болып
жүретін (Ұ. Бағаев, Жан сұлулығы, 25).
АЛАШАҒУ з а т. б о т. ж е р г. Күнбағыс.
Біздің колхоз а л а ш а ғ у салмайды (Қаз.
тілі тарихы., 3, 238).
АЛАШАҒЫР з а т. б о т. с ө й л. Шағыр.
Ол бұққан күйі бойшаң а л а ш а ғ ы р д ы
тасалап, біраз жер жүгіріп келіп, əудем жер
қалғанда жүрелей қалды (Х. Есенжанов, Ақ
жайық, 2, 156).
АЛАШАПҚЫН з а т. к ө н е. Ша-
уып барып, хабар беретін адам. Осы
маңнан тездетіп жігіт жинап, қазақ ауыл-
дарына а л а ш а п қ ы н жіберу лазым (Ж.
Тұрлыбаев, Тамыз таңы, 326). Ел аралап
хабар жеткізетін а л а ш а п қ ы н д а р д ы
керуен кеткен соң кешіктірмей аттандырды
(Бұл да, 326).
АЛАШБЕГІ з а т. к ө н е. Бүкіл алашқа
билігі жүретін лауазым иесі. Барлық
ұлысбегі а л а ш б е г і н е бағынышты. А л
а ш б е г і, əрине, ханға ғана есеп береді (М.
Мағауин, Аласапыран, 22).. Егер Тəуекел
хан а л а ш б е г і н қоңыраттан, ұлысбегін
жалайырдан қойса, бар қазақта тең тұтам
деп жар салғаны емес пе! (М. Мағауин,
Аласапыран, 68).
АЛАШҰБАР: Алашұбар тоқылдақ.
Тоқылдақтың алашұбар түсті түрі.
А л а ш ұ б а р т о қ ы л д а қ, барқыл-
дақ торғай мен қайшыауыз болса орман-
ды мекендейтіндерге жатады (Қарқара-
лы, 172).
АЛБАРЫНДЫ ү с т. Алқын-жұлқын,
қарбалас. Жездей де жетті. Асығыс, а л б а р
ы н д ы. Біреу қуып келгендей ентігіңкіреп,
екі иығынан дем алады (Е. Əкімқұлов,
Перизат., 64).
АЛБАСТЫ: Албасты басқыр. Алба-
сты бассын, құрып кет д.м. қарғыс.
АЛГҮЛ: Алгүл қаққызды. Құлпыртып
жіберді, жайнатты. Сол кезде батсайы
шымылдық, дүрия көрпе, манат мақпал
түскиізді, күн сəулесі қуанта бір а л г ү л
қ а қ қ ы з ы п, жағалай сəулелендіріп,
жайнатқан тəрізді (М. Əуезов, Абай, 2, 61).
АЛҒА з а т. б о т. Сабағының ұзын-
дығы 0,5-1м-дей, түбінде түйнегі бар,
біржылдық жабайы өсімдік (Флора Қаз.,
8, 5).
АЛҒАЛ с ы н. к ө н е. Өтірік, жалған;
арам. А л ғ а л сөйлеп былғама, Алал туған
ағаны (Соц. Қаз., 29.03.1991, 4).
АЛҒАНСУ Алғансы етістігінің қимыл
атауы.
АЛҒАНСЫ е т. Өзінің қамқорына
алған болу, қамқорсу. Сол көккөз Им-
перия «қамқорлығына» а л ғ а н с ы п,
зеңбірек, мылтықтың күшімен қазақтың
өр рухын басқан, бетке шығарын құртқан
(Ə.Ыдырысов, Таңшолпан, 203).
АЛҒАУЛАУ с ы н. ж е р г. Жұмсақ-
тау, жайлылау, қолайлылау. Сексеуіл-
дің қалыңын тасалаған кейбір ауылдар-
дың тұсының қысы а л ғ а у л а у болып,
кей үйлердің қолында қалған бірен-саран
қара-құралары аман шықты (Б.Шаханұлы.,
1, 49). Қалай дегенмен, құм аты бар ғой,
мына жалтаңнан гөрі шоқаттың іші-
нің ызғырығы а л ғ а у л а у болаты-
нын көңілге медеу тұта бастаған (Бұл да,
1, 394).
АЛҒАЯТ з а т. ж а ң а. Ілгері даму,
өркендеу. Техникалық а л ғ а я т (прогресс)
атаулыға қатыстының бəрін үйренуіміз
керек (Ана тілі, 29.04.1993, 3).
АЛҒҰЛЫМДА е т. ж е р г. Əупірімдеу,
аллалау. Тек а л ғ ұ л ы м д а п аман-есен
ортамызға қосылса дейміз ғой (О. Бөкеев,
Мұзтау, 41).
А Л Ғ Ұ Л Ы М Д А У А л ғ ұ л ы м д а
етістігінің қимыл атауы.
АЛҒЫР з а т. б о т. Жуашығы жеуге
жарамды өсімдік. Бауыр ет бала ана бай-
ғұсты отқа да, шоққа да айдайды. Жаужұ-
мыр мен а л ғ ы р д ы ң түбін, қайыңның
шырынын жинап ауыздарына тосады
(Жұлдыз, 1972, 6, 73).
АЛҒЫС-ТІЛЕК з а т. Алғыс жəне
тілек, екеуі бірге. Ыстық емеуірінмен
айтылған отты ниетті өзге жұрт та сырттай
қостап, а л ғ ы с-т і л е к т е р і н жаудырады
(Қ. Толыбаев, Бабадан., 147).
АЛҒЫШ с ы н. Біреуден бір нəрсені
ала беретін (адам). ≈ Қасқыр а л ғ ы ш
Кендірбай əлі бар.
АЛҒЫШТА е т. с ө й л. Қайта-қайта
алу. Малды ортаға а л ғ ы ш т а п жатқан
(Т. Əлімқұлов, Ақбозат, 72).
АЛҒЫШТАУ Алғышта етістігінің
қимыл атауы.
44
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
АЛҒЫШТЫҚ з а т. Ала бергіштік, ала
берушілік.
АЛҒЫШЫН з а т. к ө н е. Барлаушы.
Сəлімгерей сарбаздары өздерін бастаған
бір а л ғ ы ш ы н ғ а еріп, Құндыз айтқан
тоғайдың күншығыс жақ ығына кеп
тоқтады (І. Есенберлин, Алтын., 1, 204).
АЛДАМКӨС с ы н. Алдағыш, ал-
дампаз; өтірікші. Əбілтақ – анық а л д а
м к ө с. Айтқан сөзінде түйір дəн болса
бұйырмасын (К. Мұқажанұлы, Ортеке, 23).
АЛДАН з а т. з о о л. Арыстанның
баласы. Арыстан үйірі азық ұстай алмай
а л д а н д а р ы аштан өлді ( Теледидардан).
АЛДАРАҚ ү с т. с ө й л. Алда, ілгерірек.
Үш салт атты қатты желіп келеді. Біреуі
а л д а р а қ, екеуі кейінірек (Ғ. Мүсірепов,
Ұлпан, 9).
АЛДАРҚАН е т. с ө й л. Алдану. Ақын
көбінесе сезім жетегінде а л д а р қ а н ы п
қалып, ойшылдық жағын жұтаң тартқызып
ала береді (Қаз. əдеб., 26.07.1974, 3).
АЛДАРҚАНУ Алдарқан етістігінің
қимыл атауы.
АЛДИЯРЛЫҚ з а т. к ө н е. Алдияр
болғандық, мəртебелілік. Əкем Əбілқайыр
өзінің тілегі бойынша Сіздің а л д и я р
л ы қ қамқорлығыңызға ие болып отыр
(Ə. Кекілбаев, Елең-алаң, 6).
АЛДЫ: Алдына ат салмады. Жүйрік,
əр кез озып келетін. Тек бүкіл Мауаран-
нахрда а л д ы н а а т с а л м а ғ а н,
ақтаңгер жүйрік мінген Темірдің өзі ғана
аман құтылады (І. Есенберлин, Шығ. жин.,
9, 191).
Алдыңнан ақ күн тусын! а л ғ. Ісің
сəтті болсын, бақытың ашылсын!
Алдыңнан күн, артыңнан ай тусын!
а л ғ. Жолың оңғарылсын, бəрінің сəтін
берсін!
АЛДЫРМАҚ-САЛДЫРМАҚ с ы н.
Салдыр-салақ, алқам-салқам. А л д ы р м а қ-
с а л д ы р м а қ бөктергілері бар олар күн
қызарып ұясына батып бара жатқанда
ауылға келді (Қазақст. ауыл шаруаш., 1960,
3, 91).
АЛДЫРТҚЫШ с ы н. Алдыра беретін,
қайта-қайта алдыртатын (Ж. Өмірбеков,
Ана мейірі, 71).
АЛДЫРТУ Алдырт етістігінің қимыл
атауы.
АЛЕКСАНДРИЙ з а т. м и н. Бағалы
асыл тастардың бірі. Бағалы тастарға ал-
мас, лағыл, изумурд, сапфир, а л е к с а н
д р и й т.б. жатады (Шаңырақ, 308),
АЛЕҢДІК з а т. к ө н е. От, алау. «Арыс-
таған Жетісу, А л е ң д і к жаққан жеріміз»
(Халық өлеңі). «Ақбүркеншік салған жұрт,
А л е ң д і г і н жаққан жұрт» (Батырлар
жыры, 1940 ж. 51-б).
АЛКЕУДЕЛІК... Онда бұл ісім а л к е у
д е л і к к е салған надандық, бабалар, аталар
салған сара жолды тəрк еткендік болар еді
(К. Сегізбаев, Беласқан, 234).
АЛҚА е т . ж е р г. Аралау, аунап-қунап,
көңіл көтеру. Аз күн болса да Сауырдың
елін а л қ а д ы ң (Қ. Толыбаев, Əсет, 185).
Алқа жиын. Көп адам жиналған
жиын. Жақында халықаралық «қазақ
тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық ұйымы
басқармасының а л қ а ж и ы н ы өткізілді
(Ана тілі, 16.10,1997, 2).
Алқа сөз. Көтермелеу, мақтау сөз. –
Рахмет! – деді бай. Бұл Батидың жиырма
жылда естіген алғашқы а л қ а с ө з і еді
(О. Бөкеев, Өз отыңды., 120).
АЛҚАЙ е т. Уəделесу, серттесу. Антта-
сып а л қ а й д ы, Сен тентек демеске. Кім
антын шайқайды, Амал жоқ жемеске (Абай,
Таңд., 1, 158).
АЛҚАЛА Көтермелеу, қолдау, қоштау,
астына көпшік қою, мақтау. Ақын бір
өлеңінде «а л қ а л а» деген сөзді екі
мағынада қолданады. Бірі – көтермелеп
барып сұрау, қалау мағынасында (Қ. Олжай,
Қанат байла., 163).
АЛҚАЛАС е т. Алқа қотан оты-
рып, ақылдасу. Қай жұмыстың болмасын
игілігіне, пайдалылығына көз жетсе бітті,
ортаға ала а л қ а л а с ы п, қоғамдасып, бас-
аяғын дөңгелентіп əкететін (К. Ахметбеков,
Ақдала, 2, 230). – Уай, паруардігер, сона
кезде жиын-тойдың үстінде жиі а л қ а л а
с ы п жатар едік (Бұл да, 2, 321).
А Л Қ А Л АУ А л қ а л а ет і с т і г і н і ң
қимыл атауы. – Айтқанның аузы жаман,
жылағанның көзі жаман, - деді енді көптің а
л қ а л а у ы м е н орнынан көтерілген денелі
қара жігіт (К. Ахметбеков, Ақдала, 2, 317).
АЛҚАЛЫ с ы н. Алқа өсімдігі өскен,
алқасы бар. Кешегі көгілдір белең, қияқты
өзек, а л қ а л ы тау, бетегелі жон-жота,
бүгінде аппақ қар жамылып, қылаң қағады
(Ер есімі., 110).
АЛҚАРАКЕС з а т. к ө н е. Матаның
түсі қарақызыл жұмсақ бір түрі. Түйме
45
Байынқол Қалиев
бауы тартпалы, а л қ а р а к е с тон берді
(Батырлар жыры, 28).
АЛҚАТ е т. к ө н е. Ардақтау, құр-
меттеу, қолпаштау. Сүйгеніңді жоғалтпас
Абылаймысың а л қ а т қ а н (Бұқар жырау).
Алқатсаң а л қ а т қызыңды, Ақтар ол дəм-
тұзыңды (Мақал).
АЛҚАТУ Алқат етістігінің қимыл
атауы.
АЛҚАУ е т. к ө н е. Құрметтеу, қоше-
меттеу, мақтау, мадақтау. – Жаса! Жаса!
Жаса! Сұлтан атына а л қ а у – енді айып-
керлер үшін көтерме емес, желкелеу тəрізді
(М. Мағауин, Аласапыран, 56).
Алқауына бөленді. Құрметіне,
қошеметіне бөленді, мақталды. Бұл за-
вод Қытайда ең сапалы тері бұйымдарын
шығаратын заводтың дүниеге келуіне негіз
қалап, туған халқының а л қ а у ы н а б ө л
е н д і (Түркі əлемі, 2008, 6, 5).
АЛҚАШӨП з а т. б о т. Егістіктерде
өсетін аса зиянды арамшөп. Каратинді
арамшөптерге кекіремен қатар – зи-
янды шырмауық, зиянды күнбағыс,
амброзия , а л қ а ш ө п жат ады
(Х. Рамазанов, Егіндегі арамшөп., 40).
АЛҚЫМ: Алқым безі. Адамның
алқымында болатын без; зоб. Бұл
бөлімшеде а л қ ы м б е з і н е (зоб), бүйрек
үсті безіне жасалатын кез келген жалпы
хирургиялық операциялардың барлық
түрлері бар (С. Ғаббасов, Қандауыр, 18).
Алқымға алды. Қыспаққа алды,
қысты, састырды.
АЛҚЫН з а т. а у ы с. Ашулы, ызалы
адам. – Исажан, ақылың бар еді ғой, кел
қасыма отыршы, сабаңа түсші, а л қ ы н н ы ң
сөзін айтпашы (И. Байзақов, Құралай., 7).
АЛҚЫНҒАНДЫҚ з а т. Алқына дем
алғандық, ентіккендік. – Жеңеше, біле
білсең менен жақын қайның жоқ, – деді
пора-пора терін сүртіп тұрып. Дауысы а л
қ ы н ғ а н д ы қ т а н қарлығыңқы шықты
(Жалын, 1974, 1, 4).
АЛҚЫНЫҢҚЫРА е т. Аздап алқыну,
сəл ғана алқыну. Айғырдың танауы делдиіп,
а л қ ы н ы ң қ ы р а п қалды (Ө. Қырғызбаев,
Қырда., 140).
АЛҚЫНЫҢҚЫРАУ Алқыныңқыра
етістігінің қимыл атауы.
АЛҚЫНЫС е т. а у ы с. Жанталасу,
жан ұшыру. Қайда барсаң материалдық
байлық үшін а л қ ы н ы с, Аз да болмас
бұл салада игі қадам, жарқын іс. Ана тілсіз
егемендік – жарты демеу, жарты ырыс, Ол
алқыныс – ұлтсыздыққа бағытталған тал-
пыныс (М. Шаханов, Мəңгүрт., 30).
АЛЛА: Алланың атымен ант берді
[айтты, етті]. Құдайды еске ала отырып,
ант берді.
АЛЛАУАКПАР м о д. а у ы с. Жоқ,
құрыды. Кейде бір журналистер келеді. Екі-
үш күн жүреді де, жазамын, қиратамын деп
кетеді, содан а л л а у а к п а р (Ə. Тарази,
Тасжарған, 19).
АЛЛЕГОРИЯЛЫҚ с ы н. Аллегорияға
тəн, аллегория боларлық. Қыс түніне əйел
бейнесі арқылы а л л е г о р и я л ы қ теңеу
беріп, адамның қыс жайлы түсінігіне
ғажайып бір сұлу сезім тудырмай ма?!
(І. Есенберлин, Шығ. жин., 1, 229). Шығыс
қазақтары қолданатын а л л е г о р и я
л ы қ астарға ие лəуқи сияқты сөздерден
қашуға болмайды деп ойлаймыз (Қаз. əдеб.,
12.04.1985, 13).
АЛЛОФОН з а т. л и н г в. Фонеманың
сөздегі орнына, əртүрлі дыбыстармен
көршілестігіне қарай қолданылу түрі. Мы-
надай терминдер тілімізде орыс тіліндегі
қалпын сақтайтын болды: фонема, эллип-
сис, а л л о ф о н, лексема, лексикография
т.б. (ҚазССР ҒА Хабарлары, 1972, 1, 74).
АЛМА-ҒАЙБЫЛ ү с т. ж е р г.
Алмағайып. Бейбіт уақытта намысқа шау-
ып қырқысар ма еді, қайтер еді, ал мынадай
а л м а- ғ а й б ы л жағдайда сазарып отыра
бергеннен басқа шарасы болмады (Жұлдыз,
1973, 4, 110).
АЛМАҒАЙЫПТАН е т. Екіұдай, əрі-
сəрі күй кешу. Басы шаруаға жайлы болып
келген қыстың орта кезі а л м а ғ а й ы п
т а н ы п, құбылмалы кейіп танытып еді
(Жұлдыз, 1972, 5, 129).
АЛМАҒАЙЫПТАНУ Алмағайыптан
етістігінің қимыл атауы.
АЛМАЖЕГІ: Алмажегі көбелегі. з о о
л. Алманың өзін, жапырақтарын жейтін
кішкентай көбелек. Біздің алманың құрты
деп жүргеніміз а л м а ж е г і к ө б е л е г і н
і ң жұлдызқұрты (Р. Сəтімбеков.., Қызықты
биология, 100). А л м а ж е г і к ө б е л е г
і күндіз ұшпай, ағаш діңіне қонып, іңірде
ұшады (Бұл да).
АЛМАН¹ з а т. ж е р г. Алынатын нəр-
се; алым, салық; пəре. Күнде а л м а н
алғаны, Замана солай болғаны. Парамен
46
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
а л м а н жегеннің, Жемсауы сірə, тоймайды
(А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 358).
АЛМАН² з а т. Неміс ұлтының
халықтық атауы. – Біздің күн түбіндегі
мажарда (мадьяр, венгр), жер түбіндегі
а л м а н д а (неміс) кеткен еншіміз жоқ
(М.Мағауин, Аласапыран, 2, 240).
АЛМАНИЯ з а т. х а л қ. Германия.
АЛМАТЫ: Алматы апорты. Апорт
алмасының ең таңдаулы сорты. Алма
ағаштарының суретін сал. Асықпай отырып
сал. Ол ағашта А л м а т ы н ы ң а п о р
т ы пісіп тұрсын (М. Тиесов, Дала., 34).
1961 жылы Эрфурт қаласында өткен
халықаралық көрмеде А л м а т ы а п о р т ы
Алтын медаль алды (Қ.Əбдіғұлов, Ұлы
достық., 21). А л м а т ы а п о р т ы деген-
де жеміс құмарлардың құлағы елең
етпейтіндері жоқ (Коммунизм таңы,
12.04.1961, 3).
Алматы аруы. п о э т. Алматы апорты
кейде осылай да аталынады. Мүмкін, мен
жете білмейтін де болармын, бірақ əзірге
А л м а т ы а р у ы – апорттан артық алманы
кездестірген емеспін (Қ. Əбдіғұлов, Ұлы
достық., 21).
АЛМАУЫТ з а т. Алыс жолға,
жорық-жортуылға мінілетін арқалы ат.
Қазанаттың түрлеріне тұлпар, арғымақ,
а л м а у ы т, сəйгүлік сияқты асыл
тұқымдылары жатады (Қаз. этнография.,
2, 518). Темекі шегіп отырып, өзін-өзі
а л м а у ы т мінген ермауыттай сезі-
ніп, қиял-ғажайыптарға берілмекті
(М.Байғұт, Бұла бұлақ, 19). Орыс жыл-
қыларын а л м а у ы т деп те атайды
(Ер қанаты, 20).
АЛОЙ з а т. б о т. х а л қ. Алоэ. Автор
дермене, көкнəр, а л о й, қылша, жу-
сан, долана, меңдуана сияқты əр алуан
дəрілік өсімдіктердің құрамын, өсу жайын,
шипалық қасиетін сипаттайды (Соц. Қаз.,
17.12.1968, 4).
АЛПЫНШАҚ-САЛПЫНШАҚ з а т.
с ө й л. Мойынға тағатын алқа, моншақ
т.б. Мойынға тағатын а л п ы н ш а қ-с а л п
ы н ш а ғ ы дей ме, əйтеуір көңіліне жағады-
ау дегендерін алып, еңкілдеп жеттім-ау
ауылға (Қ. Ысқақов, Менің аға., 37).
Достарыңызбен бөлісу: |