ЫСҚАУРЫН з а т. э т н. Тездің аузына
асатқан ағашты басып ырғайтын бел
ағашты ысқаурын дейді (С.Қасиманов,
Қаз. қолөнері, 95).
ЫСҚАЯҚТАН е т. Кəнігілену, төселу,
ысылу, пысу. Екі жігіт мұндай шаруаға
бұрыннан əбден ы с қ а я қ т а н ы п алса
керек, имамның ескертуінсіз-ақ олардың
өздері атқарар міндеттерін айтып берді
(К.Сегізбаев, Беласқан, 260).
ЫСҚЫ... Шанағы сопақша, сол қолдың
саусақтарымен қысылып ұсталған, оң қол-
да ы с қ ы бар (Қаз. əдеб., 14. 10. 1983, 10).
ЫСҚЫЛТЫМ... Кешкілік аздап ы с
қ ы л т ы м сүт жұтқан батыр, таң атқанша
тыныстады (М.Мəжитов, Аманғали., 88).
ЫСҚЫРЫҚШЫ с ы н. Ысқырып
жүрген, ысқырған. Ы с қ ы р ы қ ш ы
шал шатқал өрлеп, түйе айдап келеді
(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 52).
Байынқол Қалиев
690
ЫСҚЫРЫН... Ешкі бас жігіт ернін
қыбырлатты да, Ғайшаға ы с қ ы р ы н ы п
берді (М.Қабанбаев, Жиһанкез., 44).
ЫСҚЫШ з а т. Зергерлік бұйымдардың
сыртын ысқылап, бетін жылтырлайтын
құрал. Зергердің пайдаланатын құрал-
жабдықтарының түрлері көп. Олар: көрік,
төс, шымшуыр, тістеуік, шапқы, егеу, ы с
қ ы ш т.б. (Шаңырақ, 393).
ЫСПА з а т. Қолдан уақытша жасал-
ған сал. Өзеннен өткізетін құралы – тал-
терекке қамыс тоқып жасалған жалпақ
ы с п а (А.Сейдімбеков, Күңгір-күңгір., 83).
Ы с п а ғ а байланған ұзын қыл арқанның
бір ұшы өзеннің арғы бетіндегі берік
қазыққа бекітілген. Мал-жанды ы с п а ғ
а мінгізіп алып, қыл арқанды саумалай
тартқанда əлгі жел қайықша зарлаушы еді
(Бұл да).
ЫСПАДАР с ы н. Ісмер, іскер; машық;
ыспар.
ЫСПАДАРЛЫҚ з а т. Іскерлік,
ісмерлік, машықтық, шеберлік. – Баяғыда
ауылымызға сыйлы қонақ келе қал-
са, тамақты Қадиша таза ұстап, бапты
істейді деп осы үйге қарай ала жөне-
луші едік. Əлі сол ы с п а д а р л ы ғ ы ң
қалмапты-ау, бəйбіше (К.Ахметбеков,
Ақдала, 2, 325).
ЫСПАР... Бұл орыс алатын болса аздап
қысып, сататын болса аздап кемітіп та-
стайтын ы с п а р да ысқаяқ саудагер емес
(З.Ақышев, Ақбел асуы, 50).
ЫСТАНСА з а т. с ө й л. Станция. Ап-
рельдің 25-інде «Сұлу төбе» ы с т а н с а с
ы н а н шықтым («Қазақ» газеті – 1913, 155).
ЫСТЫҚ: Ыстығы көтерілді. Де-
несі күйіп-жанды, температурасы
жоғарылады. Ы с т ы ғ ы көтерілген де-
малушылар болды ма, кімге қандай дəрі-
дəрмек керек? Бəрін тыңдап, əрқайсысына
бұйрық берді (З.Шашкин, Доктор Дарха-
нов, 244).
ЫСЫЛДАС Ысылда етістігінен
жасалған ортақ етіс. Амал таусылған соң
ыстық шайды үсті-үстіне ы с ы л д а с ы п
сілтесті (Лен. жас, 06. 08. 1974, 3).
ЫСЫЛДАСУ Ысылдас етістігінің
қимыл атауы.
ЫСЫМАҚ з а т. Ыстық тамақ.
Керегенің басын жауып қалқайтқан жаппа
күркелерінде тығылысып отырып ы с ы м
а қ ішті (С.Елубай, Ақ боз., 37).
ЫСЫНУ... – Себебін сұрап қайтесің?
Бір қатты ы с ы н у д ы ң бір қатты суы-
нуы да болатын көрінеді ғой (Ө.Қанахин,
Құдірет, 284).
ЫСЫРАТ з а т. а р. О дүние; бақи дүние.
Күні кеше дүниеге əкелген азаматты ы с
ы р а т сапарына жөнелтіп, басына қара
жамылып, аңырап қалды (Ə.Нұрпейісов,
Соңғы., 248).
ЫСЫРҒЫШТА е т. Бір нəрсені
қайта-қайта ысыру, сырғыту. – Енде-
ше, біз де ішпейміз, - десіп алдарындағы
тостағандарын кейін қарай ы с ы р ғ ы ш т
а п томсырая-томсырая қалысты (Ө.Ахмет,
Қарқаралы., 206).
Ы С Ы Р Ғ Ы Ш ТАУ Ы с ы р ғ ы ш т а
етістігінің қимыл атауы.
ЫСЫРМАЛА... Ұсақ тас араласқан
қайраң құмды қарындарымен ы с ы р м а л
а п, тостағандай шұңқыр жасай бастапты
(Ғ.Мүсірепов, Өмір жорығы, 14).
ЫСЫРЫС Ысыр етістігінен жасал-
ған ортақ етіс. Екеуі əрі-бері ы с ы р ы с
ы п отырғанда шұжық еденге түсіп кетеді
(Ел аузынан, 314).
ЫСЫРЫСУ Ысырыс етістігінің
қимыл атауы.
ЫСЫТПА: Ысытпа жасады. ж е р г.
Дуалады, үшкірді. Əжесі дем салып,
«ы с ы т п а» ж а с а п жібергендей-ақ,
Дəулетке бір көргеннен-ақ көңілі құлап,
өзі де таңырқаныста қалғанын мойындаған
(Ж.Ахмади, Айтұмар, 74).
ЫШҚЫРЛАНУ... – Көйлегі ы ш қ ы р
л а н у ғ а келмейді демесең... (Жалын, 1974,
№1, 15).
ЫШТАНШАҢ с ы н. Бұтында тек
ыштаны ғана бар, ыштан ғана киген
(О.Бөкеев, Əн салады., 233).
ЫЮ-ҚИЮ... Маңдайымнан шып-шып
шыққан тер тамшыларын сүрте тұрып, өз
жұмысымның и ю-қ и ю ы мол қызығы мен
тауқыметін көз алдыма елестетемін (Лен.
жас, 04. 11. 1972, 2).
ЫЯНАТТА е т. Жамандау, даттау,
ғайбаттау.
ЫЯНАТТАУ Ыянатта етістігінің
қимыл атауы. – Мені өз туысыңды ы я н а
т т а у үшін шақырып алған сықылдысың
ғой? (Р.Тоқтаров, Ғасыр наны, 35).
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
691
ІЖДАҒАТТАН Іждағатта етіс-
тігінен жасалған ырықсыз етіс.
ІЗ: Із құрғатпай. Толассыз, үздіксіз,
іле-шала. Сонан соң үлкен үйдің алдына і з
қ ұ р ғ а т п а й бірі келіп, бірі кетіп жатқан
шаңқан ақ, мөлт қара машиналарға назар
аударды (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 316).
ІЗБЕСТАС з а т. Үйдің қабырғасын
ағартатын ақ түсті зат; əк, утас. І з б
е с т а с біздің күнделікті өмірімізде өте
жиі кездесетін тау жынысы (Табиғаттану,
17). І з б е с т а с т ы ң үш түрі бар. Олар:
бор, кəдімгі ізбестас жəне мрамор (Бұл да).
ІЗГІЛІКСІЗ с ы н. Ізгілігі жоқ, адам-
гершіліксіз. Өйткені і з г і л і к с і з,
адамгершіліксіз өмір сүру қиын. Ізгілік –
адами тіршіліктің мəні (Д.Рамазан, Жылап
аққан., 5). Бүгін неге рухсыздық секілді
зор батырлық? І з г і л і к с і з батырлықтан
зардап шегіп жатыр жұрт (М.Шаханов,
Мəңгүрт., 61).
ІЗДЕНШЕК с ы н. Ізденгіш, ізденімпаз.
Терең де тосын, ойлы да орнықты пікір-
танымдарымен тілтану əлеміне тегіс шар-
лап кету – біздің і з д е н ш е к қарындасымыз
Жаннаға тəн қасиет (Е.Жұбанов, Толғауы
тоқсан., 258).
ІЗДЕНІС-ҰМТЫЛЫС з а т. Ғылыми
немесе шығармашылық жұмыстарға
күш салғандық, тынбай еңбектенген-
дік. Ағымнан жарылсам, периферия-
дағы талапкерлердің і з д е н і с-ұ м т ы л
ы с т а р ы н а биіктен, астамси қараған,
көзге ілмеген кездерім де болған (Н.Ораз,
Сиқырлы., 77).
ІЗДЕСТІРУШІ з а т. Бір нəрсені (зат,
адам) іздестіріп жүрген адам. І з д е с т і р
у ш і л е р жоғалған жігіттерді таба алмаса,
сол жылжыған беттері кідірместен, екінші
аялдамаға келіп, бір-ақ тыныстағандары
жөн (Н.Ақыш, Бейуақта., 158).
ІЗЕРЛЕ е т. с ө й л. Ізге түсу, əрі қарай
қуалау; зерттеу. Махамбеттің арызынан
зерттеуші ғалым Шоқанға қарай бір із
шығарып отыр. Оны ары қарай і з е р л е й
түссе, тағы да тың деректер табылуы əбден
мүмкін (Қаз. əдеб., 01. 06. 1984, 14).
ІЗЕРЛЕУ Ізерле етістігінің қимыл
атауы.
ІЗЕТШІЛІК... Ол Əзімхан əкелген
буыншақ-түйіншектерді мейлінше і з е т
ш і л і к п е н, ұялған пішінде қабыл алып
жатыр (З.Өмірбеков, Құпия., 72).
ІЗКЕСЕР з а т. Ізкесуші, ізші. – Жолдас,
Шерлок Холмс мырза, - деп, Құснидинов
оған атақты і з к е с е р д і ң атағын оп-оңай
сыйлай салды (О.Сəрсенбай, Шеңбер, 25).
І З Ш І . . . 2 . А ң н ы ң і з і н е т ү с і п ,
соңынан қуушылар. Құсбегі салбурынға
қоштасушыларды алдын ала беске бөліп
тастайды: 1) тұрғышылар (бүркітті ұстап
тұрушылар), 2) қағушылар (аңды қуып
шығушылар), 3) і з ш і л е р (аңның ізіне
түсушілер), 4) тосқауылшылар (жол тосу-
шылар), 5) (қоста қалып ас əзірлеушілер)
(Саятшылық, 81).
ІКІМƏТ з а т. и р. ж е р г. Сыр, себеп, кіл-
типан. Неге сейдін? Мүмкін, сейілден
шыққан шығар. Мүмкін, аттың сейдін деген
жүрісінен туған шығар. Немесе басқа бір
і к і м ə т і бар болар (Т.Əлімқұлов, Сырлы
наз, 216). Емберді торы биенің і к м ə т і н
ішке бүгін, жұрт көңілденген кезде айтты
(Қаз. əдеб., 27. 05. 1977, 3). – Оның бір і к
і м ə т і бар еді? – Нендей і к і м ə т (Лен.
жас, 03. 10. 1974, 3).
ІЛƏМ... Сөз і л ə м д е р і н е н той өткелі
жатқан ақынды ерекше қастерлейтіндіктері
бірден-ақ байқалып тұр (Өркен, 17. 03.
1990, 7).
ІЛГЕК з а т. ж е р г. Түйме. «Түйме» де-
ген сөзді Сыр бойының қазақтары «і л г е к»
деп қолданады (Қаз. əдеб., 11. 10. 1991, 12).
ІЛГЕРШЕК з а т. ж е р г. Сулық. Ершов
атының ауыздығының і л г е р ш е г і н е н тас
қып ұстап алып ілгері бүкшие жылжыды
(С.Сматаев, Алғашқы асу, 176).
ІЛГЕРІЛЕУ... – Былтырғы қарқын-
нан қалайсыңдар? – Одан сəл і л г е р і л е у
м і з (Ə.Ибрагимов, Нағыз қайнар, 30).
ІЛГЕРІЛЕУШІЛІК з а т. Ілгері бас-
қандық, алға кеткендік; дамытушылық
(Ж.Бейсенбаев, Шоқан ізімен, 23).
ІЛГЕРІШІЛ с ы н. Озық, үздік, алдың-
ғы қатарлы. Аты əлемге əйгілі Отырар
заманнан заман өте келіп, і л г е р і ш і л
ойлы адамзат назарын өзіне бастады
(Қаз. əдеб., 05. 09. 1975, 2). Бұл, сөз жоқ,
І
Байынқол Қалиев
692
і л г е р і ш і л де ізгі құбылыс (Қаз. əдеб.,
27. 05. 1988, 11).
ІЛГЕШЕК... 2. а у ы с. Іліп-қақпа,
қағытпа, шымшыма. – Осы бір і л г е ш е к
сөзің-ай сенің. Мың өлең жазса да, сен
оздың емес пе бəрібір? (Б.Нұржекеев, Күй
толғақ, 102).
ІЛГІДАЙ з а т. ж е р г. Үкірдайдың
орынбасары. Құдалар да осал жерден емес.
Қошқарбайдың бетке ұстары – Қали і л г і
д а й д ы ң ауылы. Күйеу жігіт – сол і л г і
д а й д ы ң үкілеген ұлы Қажыбек мырза
(Қ.Жұмаділов, Таңғажайып., 50).
ІЛГІШСІЗ с ы н. с ө й л. Кедергісіз,
бөгетсіз. Құдай оңдап путевканы і л г і ш
с і з берді, бірақ бұл оны ойлантып тастады
(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 372).
ІЛГІШСІЗДІК з а т. с ө й л. Кедергісіздік,
бөгетсіздік.
ІЛДЕБАЙЛА... Қыстан і л д е б а й л
а п шыққандары (малдың) көктемгі қара
суықта қырылды (М.Дүйсенов, Мейман-
дар, 59).
ІЛДІРІК з а т. ж а ң а. Көзілдіріктің
сыртқы қаңқасы (оправа). Азагүл,
аққайнар, балабақша, басылым, жағажай,
қазанама, теледидар, уыздық, і л д і р і к...
Бұлар – Іслəм Жарылғапов жасаған сөздер
(Қаз. əдеб., 12. 07. 91). Темекісін тұтатқан
орыс і л д і р і г і н е шүберек ораған бір
əйнегі шытынаған көзілдірігін бір шешіп,
бір киді (С.Жүнісов, Ақан сері, 2, 115).
ІЛЕЗДЕМЕ з а т. Ұжым басшысының
таңертең қызметкерлер жұмысқа кірісер
алдында жинап алып, сол күнгі (жетідегі)
міндеттер туралы 5-10 минуттай мəжіліс
жасауы. Күн сайын газеттің кезекті
номерін талқылау і л е з д е м е с і н е
қатысамыз (Қаз. əдеб., 01. 05. 1987, 4).
ІЛЕ з а т. ж е р г. Мал ауруларының бір
түрі (Қаз. аймақ. сөзд., 792).
ІЛЕЛЕН е т. Іле ауруына шалдығу,
ілемен ауыру. Өріске шыға алмағаны
(сары атаның) – шынымен і л е л е н г е н і
(М.Қаназов, Ақ тайлағ., 7).
ІЛЕЛЕНУ Ілелен етістігінің қимыл
атауы.
ІЛЕСПЕ: Ілеспе аударма... І л е с
п е а у д а р м а – біздің тілімізде орыс
тіліндегі «синхронный перевод» деген
сөз тіркесі беретін мағынаны беру үшін
қолданылатын, аударманың жаңа түрінің
атауы (Аударматану, 71). І л е с п е а у д а
р м а туралы зерттеу еңбектер қолданбалы
лингвистикада біздің еліміз түгіл кешегі
кеңестік кеңістікте де тым аз жазылған
(Бұл да, 70).
ІЛКІ ү с т. 1. Ең бірінші, алғашқы, əуелгі.
– Ең і л к і жұмыс: электр станциясына ка-
нал қазылады (Ғ.Сланов, Замандас., 26). 2.
Ертедегі, бұрынғы, о бастағы, ілгергі. Осы
өлкеде мал бағып, егін салып, ұрпақ өсірген
і л к і қазақтар қашаннан сексеуіл өсіріп құмға
бөгет қойыпты (Д.Досжанов, Жолбарыс,
121). Аңдап қараған кісіге і л к і заманғы
диқандардың тартқан атыз-арықтары əлі де
білектің тамырындай көгеріп көрінеді (Қаз.
əдеб., 26. 05. 1972, 1).
ІЛКІАЛДЫ с ы н. с ө й л. Алғашқы,
басқы, əуелгі. «Күй», «Күйші», «Құлагер»
дастандары шеберлік шыңымен болсын,
інжу-маржан тілімен болсын шын мəніндегі
біртуар, і л к і а л д ы дүниелер ретінде төл
əдебиетіміздің қымбат қазынасы, асыл
мұрасы болып саналады (Лен. жас, 24. 05.
1974, 3). Киномеханиктің оң көзіне іліну де,
і л к і а л д ы бақыттың біріне саналушы еді
(Жалын, 1973, №6, 97).
ІЛКІМДІ... Ол үшін і л к і м д і, ұшқыр
атқа мініп, əбден мелдектеп тойған бүркітке
ең ұрымтал деген иек артпадан тұтқиылда
қосылып береді (А.Сейдімбеков, Тауға
біткен., 87).
ІЛМЕ
1
з а т. к ə с і б. Өрмектің жіп-
терін іліп қоятын қазық. Өрмекке адарғы,
қылыш, арқау, сүзгі, і л м е секілді жабдық-
тар пайдаланылады (Қ.Толыбаев, Бабадан.,
230). Жіп ұзыннан-ұзақ созылып жатады.
І л м е бекітілген қазықтың тұсынан арқау
өткізеді де, тоқу басталады (Бұл да).
ІЛМЕ
2
с ы н. м у з. Саусақпен іліп,
ілемелеп тартатын (күй). Қазақ күйді
шалқыма, жайылма, і л м е, ақпа, төкпе,
шертпе деп атамай ма?! (Қаз. əдеб., 14. 01.
1977, 2).
ІЛМЕК: Ілмек біз. Былғарыдан,
қайыстан жасалған бұйымдарды қайып
тігетін біз (Қаз. этнография., 1, 580). Бізді
жұмыс ыңғайына қарай тігіс біз, і л м е к
б і з, кесте біз, үскі біз деп бөледі (Бұл да).
ІЛМЕКТЕ: Ілмектеп байлау. Жіпті
іліп алып байлау. Байлаудың күрмеп байлау,
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
693
қазықбау шалып байлау, шиелеп байлау,
і л м е к т е п б а й л а у деген түрлері бар
(Пионер, 1984, №4, 30).
ІЛМЕКТЕС... Ол і л м е к т е с к е н
кірпігін əзер қыбырлатып, көзін ашады
(З.Шүкіров, Қиын түйін, 66).
ІЛМЕШЕК... Есіктің сыртындағы
саңылаудан сыммен сұққыласа, і л м е ш е к
т і ң сырт етіп, оп-оңай ашылып кететінін
аңғарды (С.Оспанов, Бақытты., 130).
ІЛМЕШЕКТЕ е т. с ө й л. Ілмек
ету, ілмектеу. Екі жендет қолы байла-
улы адамның мойнына қыл арқанды і л
м е ш е к т е п түйіп, екінші ұшын өзде-
ріне қарай тарта бастаған (І.Есенберлин,
Алмас., 173).
ІЛМЕШЕКТЕУ Ілмешекте етістігінің
қимыл атауы.
ІЛТИПАТ-ІЗЕТ з а т. Ақ ниет, адал
көңіл; құрмет, сый. Сол үшін жаңа туы-
стары келінді шынайы і л т и п а т-і з е т
п е н аялайды (Қ.Толыбаев, Бабадан., 183).
ІЛУ... Оларға (күйеу жəне оның қасына
ергендерге) і л у, өлі-тірі, есікашарға деп
бірнеше мал айдатады (Х.Арғынбаев, Қаз.
халқы., 189).
ІЛУІР з а т. с ө й л. Киімілгіш. Сүмбелер,
і л у і р л е р (киім ілгіш), тұтқалар, əр түрлі
қораптар да жасалады (С.Қасиманов, Қаз.
қолөнері., 90).
ІЛІК з а т. Қолға іліккен (тиген) бір
нəрсе (зат). Оқушым айтушыдан болсын
зият, Ақыл менен ғылымның білсін парқын.
Астан жілік тістейсің, тойдан і л і к, Шарапат-
ты жақсымен жүрсең жақын (Жеті ғасыр.,
2, 112).
ІЛІК: Ілікке алынды. Қатарға
қосылды, есепке кірді. Ұшқалақ адам – са-
бырсыз, сабырсыз адам – қадірсіз болып,
і л і к к е а л ы н б а й жүреді (Ж.Ахмади,
Айтұмар, 325).
ІЛІКТЕСТІК... Құдалық і л і к т е с т і г і
бар адамдардың баласы болғасын ба, екеуі
өте тату дос (Ұ.Доспанбетов, Ел есінде, 61).
ІЛІКТІК з а т. Ілік-шатыстық, ілік-
тестік, жақын-жұрағаттық. Екеуінің
арасындағы туысқандық, і л і к т і к т і
былай қойғанда, қаламдастық жақындық
бəріңе белгілі (Сөзстан, 21).
ІЛІМДІЛІК
1
с ы н. Іліп түсетіндік,
ілгіштік. Қаршыға сирағының ұзындығы
оған і л і м д і л і к қасиетін береді
(Ж.Бабалықов, Қырандар, 143).
ІЛІМДІЛІК
2
з а т. Ілімі көптік,
білімділік, көзі ашықтық.
ІЛІС з а т. Құстың ілгіштігі; іліп
т ү су ш і л і к . Ə р қ а й с ы с ы ө з ү й і н д е
Көкжендеттің ұшысын, і л і с і н, түсісін,
тоят ажыратысын ұзын сонар əңгіме етіп
отырады (Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 72).
ІНҒАМ з а т. к ө н е. Сыйлық. Сөз айтып
ақылдысы осы түрлі, Қазақпен шартнама-
ны дайын қылды. Елшіге і н ғ а м беріп
қайтармаққа, Көңіліне Бачин ханның қиял
кірді (Батырлар жыры, 6, 135).
ІНГЕНШЕ з а т. Үш-төрт жасар інген,
жас інген. І н г е н ш е – үш жастан үлкенірек
ұрғашы түйе, бұл жаста бураға шөгеріледі
(Қазақша мал атау., 61). Түйешілер қаюға
бірінші рет түсетін тұмса і н г е н ш і л е р д і
қайуға ерекше көңіл бөлуі қажет (Қазақст.
ауыл шаруаш., 1968, №4, 43).
ІНДІГЕШ//ІНДІКЕШ з а т. ж е р г. Ін.
Кенет аты əлденеге сүрінгендей болды.
Сөйтсе, і н д і г е ш екен (Ə.Кекілбаев,
Үркер, 39). Қызыл түлкі осы араға келгенде,
мына жатқан көп і н д і г е ш т і ң біреуіне
сүңгіп жоғалды (Бұл да, 116). Сексеуіл
түптері мен і н д і к е ш аузындағы қар кете
қоймаған (Ө.Қырғызбаев, Қырда., 16).
ІНДЕТ ү с т. Бір нəрсені жеріне жеткізе,
түптеп тəптіштеп; терең. Атам да танып,
үй іші, əке-шешелерін сұрап, і н д е т і п ұзақ
сəлемдесті (К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 396).
Біз, əрине, биология ғылымын і н д е т і п
білмегендіктен олардың арасындағы жер
мен көктей айырмашылықтарды дөп ба-
сып, дəлелдей алмаймыз (Қаз. əдеб., 01. 03.
1985, 14).
ІНЖƏПИЯ с ы н. ж е р г. Жасырын,
құпия. Одан əрмен кіндігін кескен, туып-
өскен Өзбекстанның қайран да қайран
Қыбырайы қайдасың демекші. І н ж ə
п и я бюджетіне бек сенімді (М.Байғұт,
Бұла бұлақ, 63). Бірақ өзінің і н ж ə п и я
-құпиясына сəйкес: - Жоқ, жиенжан,
тағаңызды тым тайраңдата берместен,
Шымкентке жеткізсеңіздер жетеді, - деді
(Бұл да, 65).
ІНЖƏПИЯЛАУ с ы н. Жасырындау,
құпиярақ. Бөлім бастығы қызметіне енді
құпиялау бір қызметке, і н ж ə п и я л а у
Байынқол Қалиев
694
бір іске ұсынылып кете барды (М.Байғұт,
Бұла бұлақ, 20).
ІНЖЕНЕР з а т. с ө й л. Инженер.
Бұйрықты алып, булығып кеңсеге кел-
сем, деректір жоқ, і н ж е н е р отыр екен
(Рөтесінов, Айтылмаған., 38).
ІНЖІР... 2. Інжір ағашының жеуге
жарамды жемісі. ≈ Базардан 2 кг і н ж і р
сатып алдым.
ІНКІБІДІ з а т. с ө й л. НКВД қысқарған
сөзінің ауызекі сөйлеу тілінде айтылуы. –
Енді мен і н к і б і д і г е барамын. Ақталу
үшін емес, ана қашқынды ұстатуға бара-
мын, - деп сілкінді (Қ.Құрманғалиева,
Атырау., 141).
Достарыңызбен бөлісу: |