ЫЗБОТ... Жорға едің сарыныңмен сам-
ғайтұғын, Бəйгі аты серпініңді шал-
майтұғын. Əніңді он екі ы з б о т жіберсең-
ші Есімнен өле-өлгенше қалмайтұғын
(С.Сматаев, Алғашқы асу, 41).
ЫЗҒАРЛАНДЫР Ызғарлан етістігі-
нен жасалған өзгелік етіс. Үстіндегі сұр
гимнастерка, беліндегі былғары белбеуі,
галифе шалбары мен құрым етігі өн бойына
əскери пішін беріп, ы з ғ а р л а н д ы р а
түскен (Т.Əбдіков, Өліара, 206).
ЫЗҒАРЛАНДЫРУ Ызғарландыр
етістігінің қимыл атауы.
ЫЗҒЫЗ Ыз етістігінен жасалған
өзгелік етіс. Ақбілекке керегебау, уықбау
ы з ғ ы з ы п, көйлек-көншегін пішкізіп
алуға шақыра келетін абысын-ажын ізі су-
ып көрген емес (Қаз. əдеб., 23. 12. 1983, 4).
ЫЗҒЫРЫҚТЫ с ы н. Ызғырық соққан,
ызғырығы бар. Бес қанатты қоңырқай тома-
ша үйдің түндігін теріскейден жұлқынған
ы з ғ ы р ы қ т ы, қатты жел желп-желп
еткізеді (М.Айымбетов, Құмөзек., 7).
ЫЗҒЫС е т. ж е р г. Ырылдасу, керісу,
салғыласу. – Үйлеспедік. Ы з ғ ы с ы п тұруда
не мағына бар? (Б.Майлин, Таңд., 527). Күн-
делікті тіршілікте адам болып адамдармен
жүз шайысқан, ы з ғ ы с қ а н, кетіскен,
келіскен (Д.Досжанов, Жолбарыс, 17).
ЫЗЫҢ-ШУЛЫ с ы н. Ызың-шуы мол,
ызың-шуы көп. Сахараның ауасын жұтып,
емін-еркін өскен адамдардың бөтен орта
мен ы з ы ң-ш у л ы қала тірлігіне көнбеуге
шаралары да жоқ-ты (Халифа Алтай, Ал-
тайдан., 64).
ЫҚСЫЗ с ы н. Ығы жоқ, панасыз. Ы қ
с ы з, панасыз ашық теңіз үстінде күні бойы
екі аяғынан сарсылып тұра-тұра уақыт
өткізе алмай азапқа түсті (Ə.Нұрпейісов,
Соңғы., 243).
ЫҚТАҒЫШ с ы н. Ыға беретін,
ыққыш. Күйші де анасынан ы қ т а ғ ы ш,
тіпті қатты кеткенде шешесіне домбырасын
ұстата салады (Ж.Кəрменов, Ғашықтың
тілі, 18).
ЫҚТАСЫНДЫҚ с ы н. Ықтасын
боларлық, қалқа (пана) болуға жарарлық.
Ы қ т а с ы н д ы қ тал-дарақ, жер қыртысын
сақтайтын бұта-қарағандарды көптеп егу
керек (К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 385).
Байынқол Қалиев
686
ЫҚТЫРМАЛА... Əйтеуір, ы қ т ы р
м а л а п жүріп «Айыртастың» астындағы
салаға келіп тұмсық тірегенімді білемін
(Қаз. əдеб., 07. 02. 1975, 1).
ЫҚЫ-ЖЫҚЫ: Ықы-жықы жоқ. қ.
Ықы-тықы жоқ. Екі қыз ы қ ы-ж ы қ ы ж о қ
шешініп жатыр (Лен. жас, 06. 08. 1974, 3).
ЫҚЫЛАС: Ықылас батасы. э т н.
Ақсақалдар мен үлкен кісілердің үй иесінің
сұрауы бойынша адал ниетпен беретін
батасы. Алайда ы қ ы л а с б а т а с ы
үй иесінің кісілігі, мақсат-мұрат, талап-
тілегі бойынша əр алуан мазмұн, əр алуан
түрлерде беріле береді (А.Нүсіпоқасұлы..,
Ағаш бесік., 5, 5).
ЫҚЫЛАС-ПЕЙІЛ з а т. Ықылас,
пейіл, ниеті. Атаулар əрі сыпайы, əрі
сыйлы сезімді қамтуы арқылы əлгі кісінің
де келінге деген ы қ ы л а с-п е й і л і н ау-
даратын қанағатының сипатын танытады
(Қ.Толыбаев, Бабадан., 183).
ЫҚЫЛАСТАНДЫРУ... Коллективтік
шаруашылықтың пайдалы екенін бұқараға
түсіндіріп, ы қ ы л а с т а н д ы р у керек
(Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 263).
ЫҚЫЛЫМ с ы н. Көп, ұзақ; талай.
Қадым заман, ы қ ы л ы м жыл жазса да жыр-
лап біткен жоқ өзіңді əлі ешкім (С.Мəуленов,
Шыңдағы., 72). – Хош, Фарабиің қыпшақ
қой. Одан бері нешеме ы қ ы л ы м заман
өтті? (Жалын, 1969, №4, 101).
ЫҚЫ-ТЫҚЫ: Ықы-тықы жоқ. ж е р г.
Ай-шай жоқ. Балымкүл енді ы қ ы-т ы қ ы
ж о қ жігітті бас салып құшақтап, ернінен,
көзінен, иегінен шөпілдетіп сүйе бастады
(О.Сəрсенбаев, Жақсының көзі, 176).
ЫЛАЙЫТ е т. Ылай болу, лайлану.
Ызаға толып арнасы, Ы л а й ы т ы п ақты
бұрқырап (Ғ.Орманов, Өлеңд., 59).
ЫЛАЙЫТУ Ылайыт етістігінің
қимыл атауы.
ЫЛАҢ з а т. в е т. Ірі қара малда (си-
ырда) болатын жұқпалы індет. Бұл індет
жылқыда – жамандат, түйеде – қарабез,
ақшелек, ірі қарада – қараталақ, ы л а ң,
қойда – топалаң, ешкіде – шекшек деп
аталатын (Х.Арғынбаев, Қаз. этногр.,
108). Топалаң деген атау Қазақстан-
ның барлық жеріне де тəн болғаны-
мен, кейде бұған қосымша аттар да қоя-
тын, яғни Қазақстанның оңтүстігінде
алаң, ы л а ң десе, солтүстігінде секіртпе,
ұшпа деп те атайды (Бұл да, 111). Қазіргі
əдебиеттерде топалаң (жамандат, қарабез,
ақшелек, қараталақ, ошақ, ы л а ң, алаң)
ауруы, оның түрлі белгілері, емдеу жолдары
жан-жақты жазылған (Білім жəне еңбек,
1986, №1, 33).
ЫЛАУШЫ з а т. Ылау (лау) айдаушы,
ылау тартушы; лаушы. Ертесіне Торғай,
Ырғыз арқылы Шалқарға жүкке барады де-
ген осы елдің ы л а у ш ы л а р ы м е н жүріп
кетуге əзірлендім (С.Мұқанов, Мөлдір.,
225). ... Шамелдің үйіне яки өзінің дəмдес
болған үйіне келіп, ы л а у ш ы с ы аттың
басын тіреді (Жұлдыз, 1973, №5, 12).
ЫЛҒАЛДАНДЫРЫЛ... Мұның өзі
жер ы л ғ а л д а н д ы р ы л ғ а н д а құм са-
лындыларының сумен бірге ағып келіп,
егістікке тұтынуынан пайда болып отыр
(Қазақст. ауыл шаруаш., 1963, №8, 46).
ЫЛҒАЛСЫЗДЫҚ... Алайда кейбір
қуаңшылық жылдары шөптің жұтаң
шығуы жəне ы л ғ а л с ы з д ы қ т а н тез
ұшып кетуі салдарынан малшылар елеулі
қиыншылыққа кездесіп жүр (Қаз. əдеб.,
06. 07. 1973, 2).
ЫЛҒАН е т. ж е р г. Талауға түсу, та-
лану. Атадан қалған ақ сауыт, Арамға əбден
былғанды. Басшысы жоқ сорлы елдің Малы
мен басы ы л ғ а н д ы (Шəкəрім, Шығ., 148).
ЫЛҒАНУ Ылған етістігінің қимыл
атауы.
ЫЛҒАСЫЗ..? Қырық күнің біткенше
Қысырдың сүтін еміздім. Ы л ғ а с ы з
болсын бедеу деп Қулықтың сүтін еміздім
(Қобыланды).
ЫЛҒАУСЫЗ с ы н. ж е р г. Ақ, адал,
кіршіксіз. Бекайдардың мінезі қилы-
қилы. Кейде ақжарқын сəбидей ы л ғ а у
с ы з, кейде шабынған бурадай ызғарлы
(А.Мекебаев, Жадыра, 60).
ЫЛҒИҒЫ с ы н. Əр уақыттағы,
əдеттегі. Бұл жолы да ол ы л ғ и ғ ы
əдетімен жымия күліп бізге кірді (Қаз.
əдеб., 10. 08. 1973, 2).
ЫЛДИТӨМЕН ү с т. Ылди, төмен, еңіс.
Осыны ойлаған Кемеңгер қуанғанынан
тұрған жерінде қолын сермелеп, ауаны
осып, бірер ырғап, ы л д и т ө м е н жүгіре
жөнелді (Д.Досжанов, Жолбарыс, 353).
ЫЛЖЫР с ы н. Ылжырап, езіліп
жатқан. Анау, адамдардың улы табаны
тиіп, бой-бойы шыққан ы л ж ы р жолда
бала жетелеп бара жатқан шаруаның қазіргі
халі қандай екен? (Лен. жас, 20. 09. 1974, 3).
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
687
ЫМБАЛ з а т. с ө й л. Ым, ымба, ишара.
Көзінен жыласа да жас шықпайды, Бірде
ұғып айтқан сөзін, бірде ұқпайды. Сөйтсе
де ы м б а л м е н е н ұғындырып, Жоғалып
бірнеше күн кеткен жайды (Бабалар сөзі,
89, 186). «Жарайды», - деп, ұнаса, бас из-
емек, Жек көрсе, жиіркеніп дірілдемек.
Жүрегіңнің тілі жоқ, ы м б а л ы сол, Ұғып
ал да бола көр соған көмек (Шəкəрім,
Шығ., 58). Ойға батсам – ой əмір Ы м б а
л ы н а бағынам, Ойлап тапсам – ой тəңір,
Жұмбағына табынам (І.Жарылғапов: Қаз.
əдеб., 14. 05. 1976, 4).
ЫМҚЫРУЛА е т. Өзіне қарай икемдеу,
айналдыру. Ақыры жаманатты болған соң,
онан гөрі жастауын ы м қ ы р у л а с а ш ы!
(Ж.Алтайбаев, Таңд. шығ., 186).
ЫМЫРАГЕРШІЛІК... Онысы жүрек
шайлы жалтақтық па, əлде қазан шайқамас
ы м ы р а г е р ш і л і к пе, түсіне алмай
қойды (Жұлдыз, 1975, №4, 162).
ЫМЫРАСЫЗДЫҚ... Сонда да бала
жүрегінде Месқұлға деген ы м ы р а с ы з
д ы қ пайда болды (Ұ.Доспанбетов, Ел
есінде, 110).
ЫМЫРТТА е т. Ымырт кезінде ба-
рып, малды қарау. Жылқыны ы м ы р т
т а п қайтпақ болған Сəн өртеңдегі көз-
көз оттарға көп қадалды (Қ.Ысқақов,
Қараорман, 127). Екеуінің екпіні аққаптал-
ды қозғады, сірə, жорта болса да жыл-
қыны ы м ы р т т а п қайтпақ (Қ.Ысқақ,
Ақсу., 422).
ЫМЫРТТАУ Ымыртта етістігінің
қимыл атауы.
ЫМЫРТТАТ Ымыртта етістігінен
жасалған өзгелік етіс. Қой бағудан бүгін де
үйіне ы м ы р т т а т ы п келген Бектас шал
құнанның қазаға ұшырауына немересінен
кем қайғырған жоқ (С.Мұқанов, Бақташы.,
153). Қасым ауылға бара осылай еткенін
өзінің құйыршығы Абдрахманға айтып,
ы м ы р т т а т ы п аттандырып еді
(Ж.Тілепбергенов, Ізбасар, 177).
Ы М Ы Р Т Т А Т У Ы м ы р т т а т
етістігінің қимыл атауы. Балалардың
жылқы бағуға ұқыптылығын көрген
үлкендер кейде оларға жылқыны ы м ы р
т т а т у д ы да жүктеп жүрді (С.Мұқанов,
Бақташы., 177).
ЫМЫРТШЫЛАП... Ойда-жоқта ы м
ы р т ш ы л а п келген ағасын Гүлия алғаш
таныды (О.Бөкеев, Өз отыңды., 284).
ЫНСАНИЯТ..? Бүкіл ы н с а н и я т төл
тарихын идеологиядан аршып алып жатыр
(Ана тілі, 08. 01. 2009).
ЫНТЫҚШЫЛ с ы н. Ынтазар,
ынтыққұмар, құштар. Нұр аулаған ы н т
ы қ ш ы л көңіл сарыжайлау мекенін қызық
пен думаннан ғана сайлайды (С.Сматаев,
Алғашқы асу, 6).
ЫНТЫМАҚСЫЗДЫҚ з а т. Ынтымағы
жоқтық, тату еместік. Елдің бірқатар
жақсыларының басын қосып, газет шығару
хақында кеңесіп еді. Баяғы қазақтың ы н т
ы м а қ с ы з д ы ғ ы себеп болып, бұл да
ыдырап кетті («Айқап» газеті, 46).
ЫҢ з а т. Ыңылдаған дыбыс, үн. Əр
шекті жеке-жеке шертіп, құлағына тосып,
ы ң ы н байқады (Ə.Кекілбаев, Бір уыс., 110).
ЫҢҒАЙЛАНҒЫШ с ы н. Бір нəрсенің
ыңғайына көне кеткіш. Қоқай мұндай-
ды тіпті түсінгіш, ымнан-ақ ы ң ғ а й л а н
ғ ы ш (Жалын, 1974, №1, 59).
ЫҢҒАЙЛАУ... Мал қамына ы ң ғ а й
л а с у д а н туған көшпелі тіршілік Ираға
бұрыннан таныс-ты (Т.Əлімқұлов, Сырлы
наз, 166).
ЫҢҒАЙПАЗ... Оның осы принциптен
айнымау үшін мансапқорлармен, ы ң ғ а й
п а з д а р м е н, керітартпалармен күресіп
қана қоюы аз (Қаз. əдеб., 16. 02. 1979, 2).
ЫҢҒАЙПАЗДЫҚ з а т. Ыңғайпаз
болғандық, ыңғайланғыштық. Алайда,
кейбір жас талапкерлердің ы ң ғ а й п а з
д ы ғ ы н а қайран қаласың (Қаз. əдеб., 28.
01. 1977, 3).
ЫҢҒАЙСЫЗДАНҒАНДЫҚ з а т.
Ыңғайсыз көргендік, жайсызданғандық.
Кезінде тосын сыйға деген таңданыс пен
сырт көзден ы ң ғ а й с ы з д а н ғ а н д ы қ
бар (Қ.Əбілқайыр, Ұмыт., 209).
ЫҢҒУЫР з а т. с ө й л. Ыңғыру. Маңы
ыбырсыған ағаш жоңқалары, ерші сай-
мандары – шаппа шот, үскі, аталғы шот,
тышуыр, бұрғы, қуысқұлақ, ы ң ғ у ы р,
балта, балғалар есікке дейін шашылған
(С.Жүнісов, Ақан сері, 177).
ЫҢҒЫРУ... Сондағы ең ауыр заттары – ақ
балта, шаппашот, қуысқұлақ, ы ң ғ ы р у, үскі,
қайрақ, оншақты қақпан (Саятшылық, 187).
ЫҢҒЫРУЛА е т. Ыңғырумен керекті
ағашты ою, үңгу. Қайыңнан ы ң ғ ы р у
л а п жасаған қолындағы кір сап насыбай
шелегі қай заманның бұйымы екенін кім
білсін (Қаз. əдеб., 20. 10. 1978, 4).
Байынқол Қалиев
688
ЫҢҒЫРУЛАСУ Ыңғырула етістігінің
қимыл атауы.
ЫҢСЫЗ-ШЫҢСЫЗ с ы н. с ө й л. Ың-
дыңсыз. Түн еді, жым-жырт еді, ы ң- ш ы ң
с ы з, Айтқандай айға əңгіме, көкте жұлдыз.
Ақырын теңселеді биік таулар, Төменде
жерге сүңгіп құлдиған құз (И.Байзақов,
Құралай., 284).
ЫҢЫП ү с т. ж е р г. Қаптап, толып,
жосып. Құлан дегенің жерге сыймайды.
Ы ң ы п жүр-ау, ыңып жүр (Ə.Кекілбаев,
Үркер, 8). Ол қаша-қаша əлгі бір аң
ы ң ы п жүрген бейтаныс өлкеден шығарды
(Бұл да, 116). Баяғыда сары далаға сый-
май ы ң ы п жүрген ақбөкен, киік,
қарақұйрық, қасқырды жалғыз мен атып
тауысқаным жоқ, əрине (Д.Досжанов,
Жолбарыс, 15).
ЫҢЫРАНДЫР Ыңыран етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Қиқылдата, боз-
дата, бірде құлазыта, бірде ы ң ы р а н д ы
р ы п аңырата, сарнатып келіп оған өзінің
қамығыңқы, мұңлы қоңыр даусын қосты
(Ж.Ахмади, Айтұмар, 222).
ЫҢЫРАНДЫРУ Ыңырандыр етіс-
тігінің қимыл атауы.
ЫҢЫРШАҚ: Ыңыршақ көру. ж е р г.
э т н. Күйеу жігітке қыздың əке-шешесі
беретін кəде-сый; күйеуаяқ. Күйеу жігіттің
«ы ң ы р ш а қ к ө р у» жолына ата-енесі ерек-
ше мəн береді, яғни əл-ауқаттарына қарай
ат міндіріп, шапан кигізіп, тіпті сауындық,
сойыстық мал айдатады (А.Нүсіпоқасұлы..,
Ағаш бесік., 4, 41).
ЫПЫН: Ыпыны қашты... Осыны
көргенде Қыдырбайдың ы п ы н ы қ а ш т ы
(Жас қазақ, 02. 03. 2010, 19).
ЫРАБАЙДА ү с т. ж е р г. Анда-санда,
оқта-текте, алда-жалда. Машинаны ы р
а б а й д а жұмысқа болмаса жұмсамаушы
ек (Қаз. əдеб., 13. 08. 1976, 4).
ЫРАҚАЙ... Екі империя өзара ы р а қ а
й ғ а келсе жақсы. Ал тіл табыспай тіресіп
қалса ше? (Қ.Жұмаділов, Таңғ. дүние, 246).
ЫРАҚАЙЛАС е т. ж е р г. Келісу,
уəделесу, татуласу. Айтқанына көніп
қалса, онда тіл біріктіріп, берекеге келіп,
ы р а қ а й л а с қ а н болып шығады
(Қ.Жұмаділов, Тағдыр., 126). Тіл біріктіріп,
берекеге келіп, ы р а қ а й л а с п а қ болып
іштей бекіді (Ə.Байбол, Теміржол., 181).
ЫРАҚАЙЛАСУ Ырақайлас етістігінің
қимыл атауы.
ЫРАҢДА... «Аты ы р а ң д а п, адамы
тыраңдап» дейтін көктемнің рахаты сонда
ғана басталады (С.Мұқанов, Өмір мек-
тебі, 1, 34). Адамзат көктемде ы р а ң д а
й м ы з, Жылқыдай ыраң жеген ты-
рыңдаймыз. Дүниенің опасызын ойлан-
бастан, Өлгенше қу бақырды қуарлаймыз
(Айтыс, 1, 385).
ЫРАТӨМЕН қ. Ылдитөмен. Қыраттың
түстік жағы ы р а т ө м е н, еңіс еді.
(Қ.Жұмаділов, Дарабоз, 1, 320). Алды –
ы р а т ө м е н еңіс, одан ары барса, тік
жарқабақ болатын (Қ.Жұмаділов, Атаме-
кен, 182). Ы р а т ө м е н құлаған аш қыран
қас қағымда келіп қалды (А.Сейдімбеков,
Тауға біткен., 109).
ЫРБАЛАҢ з а т. с ө й л. Ырбаң. ≈
Орынсыз ы р б а л а ң д ы қойсаң қайтеді.
ЫРБАЛАҢДА е т. Ырбаң-ырбаң ету,
орынсыз күлу, жыртақтау, жыртаңдау.
Айыпқа жығылс а да, арын төгіп,
жарамсақтанғысы келсе де ы р б а л а ң
д а п, жəдігөлене қалатын ежелгі ауруы
(Қ.Ысқақ, Таңд., 3, 246). О, сұмдық-ай,
аса сұмдық айбарынан лезде айырылып,
ы р б а л а ң д а д ы да қалды (Н.Дəутайұлы,
Аты жоқ., 156).
ЫРБАЛАҢДАУ Ырбалаңда етістігі-
нің қимыл атауы.
ЫРҒА е т. с ө й л. Жырға. Арқада
Жаманбайға өлең айттым, Алғаным толып
жатыр, ы р ғ а п қайттым. Бергенің жалғыз
түйе, сегіз жылқы, Дəукем деп ел-жұртыма
несін айттым (Жеті ғасыр., 1, 197).
ЫРҒАЙ... 2. Ырғайдан жасалған,
ырғайдан істелген. Ағып өтісіп, қайтадан
қарсы келісіп қалғанда, ы р ғ а й сапты
бұзау тістер екеуінің арқасына да сарт-сұрт
етті (Ғ.Мүсірепов, Оян. өлке, 93). Есімхан
тигелі келе жатқан сойылды қолындағы
ы р ғ а й таяқпен қағып жіберіп, екі бөліп
тастапты (Ж.Жұмақанов, Соқпақ., 44).
Ырғай мойын. Жіп-жіңішке мойын.
Қалайша боп отырсың ы р ғ а й м о й ы н,
Аз кідірсең болады сенің тойың. Жалпы
Дулат бұл жақта жата тұрсын, Бабаның
қаптатайын қалың қойын (Айтыс, 1, 191).
Нармағанбет қолындағы ы р ғ а й м о й ы н
жез құманын жерге қойып, таңертегі таза
ауаға аңқасын тосып, сəл тұрып қалды
(Б.Аманшин, Көкжар, 17).
ЫРҒАЙДАЙ... Мойыны ы р ғ а й д а
й болып ұзара түскен. Жалғыз дамбалдан
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
689
басқа үстінде лыпасы жоқ (Д.Досжанов,
Жусан., 8).
ЫРҒАҚ... Морға пісіп, тезге түспеген,
ы р ғ а қ т а жатып қақсалданып қатпаған
уық, кереге тез жазылып, не бұралып кетеді
(Қазақст. ауыл шаруаш., 1969, №7, 60).
Ы р ғ а қ т а н шығарылған кереге, уық
ағаштарын тазалап, сарнайды (Қаз. тіл.
жерг. ерекш., 189).
ЫРҒАЛЫС... 2. а у ы с. Əр нəрсеге
айналып қалғандық, бос жүргендік. Ойда
жоқ ы р ғ а л ы с п е н уақыт кешкіріп қалды
(Т.Əлімқұлов, Ел мен жер, 39).
ЫРДУАН з а т. Арбаның қорабы. Та-
рантас болғанда, кəдімгі білік, доңғалағы,
дерте, ы р д у а н ы бар арба да емес, бірақ
соның түр-түсін, құрылысын қайталағандай
айбақ-сайбақ, қырық құрау (Тоғызыншы
шежіре, 209).
Ырдуан арба. Шанағы үлкен, көп
жүк сиятын төрт дөңгелекті өгіз арба.
Тұяқтары сықырлаған өгіздер тартатын
ы р д у а н а р б а л а р ғ а артылған мая-
мая жасыл өскіндер керуен-керуен болып,
колхоз жаққа беттейді (С.Рахымбек, Ай-
дында., 222).
ЫРЖАҚТЫҚ з а т. Ыржың-ыржың
етіп күлушілік, ыржақтаушылық.
ЫРЗА-ҚОШ з а т. Ырза, разы, риза.
Үйіне келген адам болса хан-қара, бек-төре
демей барын ұсынып кімді де болса ы р
з а-қ о ш қып аттандыратын (Ж.Ахмади,
Айтұмар, 50).
ЫРЗАЛА е т. Риза ету, көңілінен шығу.
Ойыңызға сыйғанын істеп, Оразды ы р з а л
а ң ы з (М.Əуезов, Қараш-қараш, 82). «Жиз-
ненность» дегенді кезінде А.Нұрқатовтың
«өміршең» деп жазуы арқасында əлгі сөздің
тілімізге біржола сіңісуі кімді ы р з а л а м
а й д ы (Қаз. əдеб., 14. 11. 1975, 3).
ЫРЗАЛАУ Ырзала етістігінің қимыл
атауы.
ЫРСИТ... 2. а у ы с. Аямау, оңдырмау,
қатыру. Арызды орысша білетін, жаңадан
іске араласа бастаған қазақ жастары жазса,
шағымшыдан ы р с и т ы п тұрып пара
алады (Керзаман, 3, 268).
Ы Р С Ы Л Д А П - П Ы Р С Ы Л Д А П
ү с т. Ырс-ырс етіп, пырс-пырс етіп.
Отырғандардың одан қорқатынын ы р с
ы л д а п-п ы р с ы л д а п, қозғалақтасып
қалғандарынан байқады (Ж.Қорғасбек,
Жынды қайың, 16).
ЫРШУШЫ з а т. Ыршыған адам,
секіруші. Бар еді шалдың ерген күтуші
ұлы, Жүгіріп келді ұстауға ол ы р ш у
ш ы н ы. «Əкемнің құнын алам, жазығы
не?» деп, Оған жер тепкілеп тықыршыды
(А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 16).
ЫРЫЗДЫҚСЫЗ с ы н. Нəсібесі жоқ,
ризықсыз. Атасы айтып отырушы еді,
халықта тірі кісіні ы р ы з д ы қ с ы з жарат-
пайды деген көне қағида бар деп (Жұлдыз,
1973, №2, 75).
ЫРЫМДЫҚ с ы н. Əдет-ғұрыптық,
дəстүрлік. Алайда бұл да қайырымдылық
күткен тілеудің ғибратты нысанына ауысқан
түрі бар. Бұл да ы р ы м д ы қ игі ниетке
ғана арналады (Қ.Толыбаев, Бабадан., 34).
Дода тартысқа түскен көкпар етінің ы р ы
м д ы қ жағы да бар (Бұл да, 116).
ЫС
1
... 2. Мұржадан түтіннің жөнді
шықпауынан пайда болған улы газ.
Ыс тиді. Пештен шыққан улы газбен
уланды. ≈ Ұйықтап жатқан құдашаға ы с
т и і п қайтыс болды.
ЫС
2
з а т. ж е р г. Тау биіктеріндегі
ауадағы оттегінің сиректігінен болатын
ауру. Сол ауыр жолда азап көрген, ы с тиіп
арманда кеткен боздақтарды еске алып
отыру – бүгінгілердің борышы деп білу
керек (Қалибек Хакім., 5). Тек Қалибектің
туыс-туғандарынан 42 адам оққа ұшты, 22
адам ы с т а н өлді (Бұл да, 200). Мұның
үстіне ы с ауруына ұшырап, адам шығыны
да болды (Халифа Алтай, Алтайдан., 71
Достарыңызбен бөлісу: |