Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет160/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   168

ШОЛАЛЫҚ  з  а  т.  Шола  болғандық; 

кемшілік, жетіспеушілік. Бұл істе алалық 

та, ш о л а л ы қ та – көп зиянға көз (Қаз. 

əдеб., 18. 06. 1976, 2). 

ШОЛАН: Шолан ұрды... Сол сəтте ат 

үстіндегі бар қалмақ ш о л а н  ұ р ы п ортада 

тұрған Наурызбайға лап қойды (Соц. Қаз., 

16. 02. 1991, 4). 



ШОЛҒЫНШЫЛА  е  т.  Шолу,  қарау; 

барлау. Қасқырбай жан-жағын ш о л ғ ы н

ш ы л а п шыққаннан кейін естек қораның 

қуысынан екі нəрсе алып шықты (Ж.Мусин, 

Туған үй., 204). 

ШОЛҒЫНШЫЛАУ  Шолғыншыла 

етістігінің қимыл атауы. 

ШОЛҒЫНШЫЛАТ  Шолғыншыла 

етістігінен  жасалған  өзгелік  етіс 

(С.Жүнісов, Ақан сері, 2, 39). 



ШОЛҒЫНШЫЛАТУ Шолғыншылат 

етістігінің қимыл атауы. 

ШОЛУЛА  е  т.  Шолу  жасау,  байқау, 

қарау.  Күндіз  алыстан  ш  о  л  у  л  а  п,  ал 

түнге  қарай  айдың  жарығында  отарын 

«шəйт-əй» деп қоғамдай дыбыстап қояды 

(К.Ахметбеков,  Қасірет, 1, 399). «Өй, 

шапқанда  шаңды  түйдек-түйдегімен»  бо-

рататын  шығар»  деді  Айдабосын  көрікті 

аттың  шашалы,  сіңірлі  аяқ  пошымына 

төменнен  жоғары  қарай  ш  о  л  у  л  а  п 

(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 204). 

ШОМ з а т. к ə с і б. Суға бөгет ету 

үшін,  тал  шыбықтарынан,  қамастан 

буып  жасалған  құрылыс  материалы. 

Оның  (ақ  талдың)  шыбықтарын  мелио-

рация жұмыстарында ш о м жасауға жəне 

себет  тоқуға  пайдаланады  (ҚСЭ, 1, 222). 



Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

669

Сол  кезде  қамыстан  жергілікті  құрылыс 

материалдары есебінде ш о м жəне қамыс 

плиталары жасалған еді (Қаз. əдеб., 21. 04. 

1986, 14). 

ШОМАҚ с ы н. ж е р г. Дөңкиген, үлкен; 

түйедей. Сіз өзіңіз айдар таққан ер жігіт 

деп  киелі  Ш  о  м  а  қ  палуан,  дара  біткен 

сүйегі, Арқаға сап көтере атан түйені Ма-

рапаттап  қуана  қол  соғасыз  (М.Шаханов, 

Мəңгүрт., 96). 

ШОМАЛАЙ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Үйілген, 

үймек. Ешкім де олардың той өтетін үйдің 

қасындағы елеусіз тамның төбесіндегі ш о 



м а л а й шөптің ішінде тығылып жатқанын 

қаперіне  де  алмады  (М.Құдайқұлов, 

Құпия., 54). 

ШОМБЫ  е  т.  ж  е  р  г.  Омбыла.

–  Мына  иттің  ит  сияқтанып  ілесіп 

келе  жатқанын  қарашы, - деді  Үлкенбай 

қарасы  қарғадай  болып  ш  о  м  б  ы  п 

келе  жатқан  кішкентай  жортымышқа  ат 

үстінен  үрке  қарап  (Е.Тұрысов,  Құралай 

жолы, 20). 

ШОМПА  з  а  т.  Асықтың  толарсақ-

пен  байланысты  тұрған  доғал  (дөңес) 

жағы; яғни омпаға (оңқыға) қарама-қарсы 

жағы  (Қаз.  этнография., 1, 229). Шоқан 

Бурабай  бойын  армансыз  аралап,  асық 

ойынының  тілімен  айтқанда,  бүгесі  мен 

шігесін, алшысы мен тəйкесін, омпасы мен 



ш  о  м  п  а  с  ы  н  түгел  көрді  (С.Мұқанов, 

Аққан жұлдыз, 2, 475). 



ШОМПЫ з а т. с ө й л. Шомпа. Жал-

пы асықтың тұрыстары омпы, ш о м п ы

алшы,  тəйке  болып,  жатыстары  бүк,  шік 

деп  бөлінеді  (Ө.Жолымбетов,  Айгөлек, 

85). Егер «хан» шашқанда бір асық омпы 

немесе ш о м п ы тұрып қалса, тай-талапай 

басталады (Бұл да, 86). 

ШОМЫЛҒЫШ  с  ы  н.  Шомыла 

беретін, шомылғанды ұнататын. 

ШОМЫЛҒЫШТЫҚ  з  а  т.  Шомыла 

беретіндік, шомыла білетіндік. Əуелі оның 

аты осы бұлаққа ш о м ы л ғ ы ш т ы ғ ы м 



е н шықты (Қаз. əдеб., 08. 12. 1978, 3). 

ШОҢ:  Шоң  мұрын.  Дөңкиген  үлкен 

мұрын. Үлкен мосқалдау ш о ң м ұ р ы н 

сары əйел: - Слава богу, - деп гүж ете қалды 

(Ə.Тарази, Тасжарған, 34). 

ШОҢАЙНАША: Шоңайнаша жабы-

сты.  Жабыса  кетті,  жабысқан  жерінен 

айрылмады. Қыздың бірауыз қалжың сөзі 

ілгешек-сылтау болып, біз оған ш о ң а й н 



а ш а  ж а б ы с а бастадық (Б.Соқпақбаев, 

Қайдасың., 13). 



ШОҢҒАЛ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Биік  жер, 

төбе. Түн кемеліне жете ұзарып, күн қоса 

бастаған  кезде  оның  қанша  қосқанын 

қазақ ш о ң ғ а л д а р д ы көлеңке бойы-

мен  өлшеген: «Қаңтарда – қарға  адым, 

ақпанда – ат  адым»  дейді  (Қазақст. 

ауыл  шаруаш., 1968, №3, 62). – Кішкене 

қарындасым  жолай  қайтыс  болды...  Бір

ш  о  ң  ғ  а  л  д  ы  ң  түбіне  сəбидің  өлігін 

тасалаған болдық (Жұлдыз, 1973, №5, 176). 

Шағыл баурайындағы ш о ң ғ а л д а р ке-

лелі үлектей бір қорым, мол шоғыр (Лен. 

жас., 05. 11. 1971, 2). 

ШОПАНАТАЛЫҚ з а т. с ө й л. Шопан 

ата болғандық, қойшылық. – Біздің Иван 

ш о п а н а т а л ы қ т ы бойына тез сіңіріп 

алды-ау, ə (Лен. жас., 23. 11. 1972, 1). 



Ш О П А Н Т О Й   з   а   т.   Ж а з д ы ң 

(жайлаудың)  қызған  кезінде  жасалатын 

шопандар  тойы  (Б.Нұржекеев,  Бір  ғана 

махаб., 183). 



ШОР з а т. Ағаштың шор болып (шо-

дырайып) біткен үйілі; без. Оған қарағанда 

көз  алдыма  қайыңның  ш  о  р  ы  елестейді 

(Қ.Исабаев, Серт, 65). 

ШОРА з а т. ж е р г. Үстем тап өкілде-

рі: байлардың, шонжарлардың балалары. 

Байлар  ұғлы  ш  о  р  а  л  а  р  Бас  қосыпты 

десін  де,  Маң-маң  басып  жүріңіз,  Бай-

салды үйге түсіңіз (Бұқар жырау: Нар за-

ман., 76). 

ШОРЛЫ...  Қайыңның  қасиеті – бал-

та  жүзі  із  қалтыра  алмайтын  ш  о  р  л  ы 

безінде,  яғни  мықтылығында  (Қ.Исабаев, 

Серт, 65). 



ШОРМАҚТЫ  с  ы  н.  Шормағы  бар, 

шормақтанған. Өзіне өз білгенің жөн де-

месе, Қорсылдақ, шошқа мінез сияқтанған. 

Бұл сынның мүшесіне тура келсе, Ш о р м а 

қ т ы бүкір ағаш иықтанған (А.Үлімжіұлы, 

Шығ. жин., 2, 416). 



ШОРС  з  а  т.  Жоңғар  бірлестігінің 

құрамына  кірген  басты  төрт  тайпаның 

бірі. XVI ғасырдың  аяқ  шенінде  ой-

раттар  (жоңғарлар)  басты-басты  төрт 

тайпалық бірлестіктерден құралды. Олар: 

торғауыттар,  дүрбіттер,  хошаттар  жəне 



ш  о  р  с  т  а  р  болатын  (ҚазССР  тарихы, 

2, 299). Ресей  елшісі  Л.Угримов  «Зайсан 

көлінің  жағасындағы  жоңғардың  дөрбіт, 

хойт,  ш  о  р  с,  торғауыттан  құралған  тай-



Байынқол Қалиев

670

паларын  қазақ  қолы  талқандап,  көп 

адамдарын  тұтқындады,  мал-мүліктерін 

олжалап  алды»  деп  жазған  (Ж.Ахмади, 

Айтұмар, 417). 

ШОРШАҚТА е т. с ө й л. Шоршаңда. 

Ш о р ш а қ т а й қозғалақтап, əлденені 

зарыға  күткендей  елеурейді  (Қ.Толыбаев, 

Бабадан., 104). 

ШОРШАҢДА  е  т.  Шоршып-шоршып 

түсу,  шоршаң-шоршаң  ету.  Кебен  киім 

үстіне, Киініпті ақша қар. Шоршып тастан 

түсті  де,  Ш  о  р  ш  а  ң  д  а  д  ы  бəтшағар 

(М.Мақатаев, Мұзбалақ, 8). 



ШОРШАҢДАУ Шоршаңда етістігінің 

қимыл атауы. 

ШОРШУЫЛДА  е  т.  Қайта-қай-

та  қарғу,  секіру,  шоршу.  Қашып  кетіп 

жүрмесін деп тұсап қойған Салсары ш о р



ш  у  ы  л  д  а  п,  сыбызғы  дыбысы  шық-

қан  жаққа  қарай  кісінеп  жүріп  берді  (Ер 

қанаты, 137). 

ШОРШУЫЛДАУ  Шоршуылда  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ШОРЫМЫҚ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Томар, 

түбір,  кеспелтек,  кесінді;  шормақ.  Ол 

есікті қымтап жапты да, қайың ш о р ы м 



ы ғ ы н жақындатып, пешке қақтала келіп 

отырды (Қ.Ысқақ, Тұйық, 65). Есік алдында 

бір ат байлаулы тұр. Оның бергі жағында 

ш о р ы м ы қ үстінде шоңқиып томардай 

жуан  біреу  отыр  (Ə.Асқаров,  Таңд., 284). 

Рахметқажы тас сүйреткендей аяғын ауыр 

басып, қиралаң қағып, былайғы бір ш о р ы 



м ы қ қ а қонжия кетті (Бұл да, 361). 

ШОТАҚАТ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Бұғалтер-

лік есеп жүргізуші, шотауат. Бір күннен 

кейін қызыл катерге мініп, ш о т а қ а т 

Шынтас жетті (Т.Жұмаханов, Өткел, 178). 

ШОТАЛ... – Тоқта, немене, ш о т а л

берейін  бе? – деп  сұрады  сол  Заматта 

(О.Сəрсенбай,  Шығ., 5, 172). Ғажап! 

Мəбəрəктің «ш о т а л ы н» алып, ойынға 

қосылысымен  Тоқтарбайдың  қолы  жүре 

бастады (Бұл да, 5, 173). Қонақтар үйден 

шыққанда Жəлелəддин Шөңкеден ш о т а л

сұрады (Жұлдыз, 1973, №3, 26). 



ШОТАУАТ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Бухгалтер-

лік есеп жүргізуші; есеп беруі. – Жылдық 

отшот бітпей жатқанда не ұйқы бұл. Істей 

алмайтыныңды  айтсаң,  ортадан  бір  қой 

беріп, көршінің ш о т а у а т ы н жолдау-

шы  едік, - деді  (З.Иманбаев,  Қос  қайың, 

448). 


ШОТАЯҚ... Ш о т а я қ п е н шөп су-

ырып, сиырларына ашық албарға шашып 

берді (Коммунизм таңы, 16. 06. 1967). 

ШОТТИ е т. ж е р г. Шодыраю, сораю. 

Арасында  желкесі  ш  о  т  т  и  ы  п  кейін 

шығып кеткен, қабағының астынан алара 

қарайтын  торсық  шеке  нəн  бас  біреу  бар 

(Ə.Кекілбаев,  Үркер, 544). Сүйекті,  ірі 

Нарқыз  қыз  күніндегісінен  жүдеген.  Жақ 

сүйегі ш о т т и ы п, өңі сарғыш тартқан 

(С.Елубай, Ақ боз., 309). 



ШОТТИЮ Шотти етістігінің қимыл 

атауы. 

ШОТЫР  з  а  т.  с  ө  й  л.  Шотал. 

Ұтқандары ол екеуіне анда-санда ш о т ы р

беріп қояды (А.Жүнісов, Өмір ізі, 102). 

ШОШАҚ: Шошақ ерін. Ерні шошай-

ып біткен адам. Екі жағы суалған, ш о ш а қ 

е р і н, кертпеш мұрын тырақай жігіт жүзін 

тіктеп,  бұл  жолы  бастығына  тура  қарады 

(О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 102). 

ШОШАЛА... Бірақ ш о ш а л а шыққалы 

бір күн тыныс тауып, тыныш жатқан емес 

(А.Мекебаев, Жезтырнақ, 91). 

Шошала  тиді.  Шошала  (оқыра)  шақ-

ты. Ш о ш а л а  т и г е н д е бір қора өгіз 

быт-шыт болмай ма? (Ел аузынан, 142). 



ШОШАЛАДАЙ с ы н. Шошала сияқты, 

кішкентай.  Біздің  Арекең  кішкентай 

болғанда ш о ш а л а д а й (оқалақ) болар, 

сіздер үлкен болғанда атан өгіздей болар-

сыздар (Ел аузынан, 142). 



ШОШҚА:  Шошқа  жон.  Жоны  жұп-

жұмыр,  тегіс.  Жуан  қара  ш  о  ш  қ  а

ж  о  н  жауырынын  шиқылдақ  орындық-

тың  арқасына  жыға  сап,  шалқалап  қарқ-

қарқ  күлді  (Ə.Нұрпейісов,  Соңғы., 10). 

Қабыр басындағы халық енді оның ш о ш



қ  а    ж  о  н  жауырыны  мен  селкілдеген,

май басқан иығын ғана көрер (Бұл да, 315). 



Шошқа мінез. Қорс етпе мінез, дойыр 

мінез. Күйеуі мал төлеген Малдың бірі, Ақ 

үрпік, балапандай көрсең түрі. Не сымбат, 

не көркі мен мінезі жоқ, Ақылсыз, ш о ш 

қ а  м і н е з, сөзі ірі (С.Торайғыров, Таңд. 

шығ., 25). 



ШОШҚАЛЫ...  Əлгі  ш  о  ш  қ  а  л  ы 

машина  үлгерген-ау  шамасы,  көрінбейді 

(Ə.Тарази, Тасжарған, 71). 

ШОШҚАМОЙЫН з а т. м е д. Мойны 

күжірейіп ісіп кететін ауру (свинка). Інім 

ш о ш қ а м о й ы н болып үйінде жатыр 

(Самғау, 68). 



Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

671

ШОШҚАШЫ з а т. Шошқа аулаушы, 

шошқа  атушы.  Солай  қарай  қатынаған

ш о ш қ а ш ы л а р болмаса Сарықамыс-

қа  қыстыкүні  көп  ешкім  бара  бермейтін 

(С.Байжанов, Ақ маржан, 28). 

ШОШЫМАЛДЫҚ  з  а  т.  с  ө  й  л. 

Шошығандық,  шошығыштық.  Ұзағырақ 

баруы, жалтақтай қарауы қулығымен қоса 



ш о ш ы м а л д ы л ы ғ ы н а н болатын 

(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 83). 



ШОШЫМАЛЫЛЫҚ  з  а  т.  Шошы-

нып  қалғандық,  шошымал  болғандық. 

Содан да зəтте көңілінің ш о ш ы м а л ы



л ы ғ ы түсінікті еді (К.Ахметбеков, Қасірет, 

1, 319). 



ШОШЫНЫС... Кенет ш о ш ы н ы с 

т а н тұла бойы дір-дір етті (Б.Шаханов, 

Ғашықтың., 67). 



ШӨБЕЛТАЙ з а т. Шөберенің баласы. 

Мəселен, жеті ата біз мекен ететін аймақта: 

əке, бала, немере, немелтай, шөбере, ш ө б 

е л т а й, туажат деген ретпен жіліктейді 

(Ана тілі, 27. 06. 1991, 8). 



ШӨГЕЛ  с  ы  н.  Шөгіп  қалған,  аласа; 

кəрі.  Алыстан  көп  аласарып  көрінген 

ш  ө  г  е  л  қара  тау – төр  алдын  тұғырлай 

шөгіп, тапжылмай отыратын атасы сияқты 

(Ж.Қорғасбек, Жынды., 64). 

ШӨГЕЛДІК з а т. а у ы с. Батылдық, 

мықтылық.  Бұл  ұрпақты  қайсарлыққа,

ш ө г е л д і к к е дағдыландырып, денелерін 

шыңдап, шынықтырады (А.Нүсіпоқасұлы, 

Ағаш бесік., 1, 56). 

ШӨГЕН з а т. к ө н е. Аса байырғы түркі 

ойыны; поло. Ш ө г е н ежелгі түркілердің 

дəстүрлі  ойыны  ретінде  М.Қашқари, 

Ж.Баласағұн,  Бабыр  шығармаларын-

да  сипатталып  жазылған.  Омар  Һаямның



ш ө г е н туралы өлеңі де бар (Егем. Қазақст., 

31. 07. 2002, 5). 



ШӨГЕРТ  Шөгер  етістігінен  жасал-

ған өзгелік етіс. Түйесін ш ө г е р т і п

жүгін түсірт (С.Жүнісов, Ақан сері, 2, 106). 



ШӨГЕРТУ  Шөгерт  етістігінің  қи-

мыл атауы. 

Ш Ө Г І Ң К І Р Е . . .   Ə ке с і   ұ л ы н ы ң 

қайғысынан  күйзеліп,  уайымнан  азып, 

қартайыңқырап, ш ө г і ң к і р е п қалғандай 

(Н.Исабаев, Өмір., 487). 



ШӨК:  Шөккен  түйедей.  Үп-үлкен, 

дəу; дөңкиген, теңкиген. Төр алдында жа-

юлы жатқан текеметтің үстінде ш ө к к е н



т  ү  й  е  д  е  й  болып  жантайып  жатқан 

шойқара  жамбасы  сынып  қалғандай  жай 

ғана  басын  көтерді  (К.Сегізбаев,  Жап-

жасыл., 432). 



ШӨКЕЛЕС  Шөкел е  етістігінен 

жасалған  ортақ  етіс.  Енді  бірде  осы 

қорымның шетіндегі алаботасы, балықкөзі 

аралас өскен алаңқайға кішкене ауылдың 

жиналып келген тайлы-таяғы ш ө к е л е с і п

қалды (А.Сүлейменов, Бесін., 108). 

ШӨКЕЛЕСУ  Шөкелес  етістігінің 

қимыл атауы. 

ШӨКЕЛЕТУ... – Десін қайтарып, ш ө к 

е л е т у аз ғой, енді қайтып бас көтере алма-

стай ету керек (Ж.Тұрлыбаев, Семсер, 93). 



ШӨКЕТ з а т. ж е р г. Ағаштың түбі-

рі.  Жиектегі  тоғай  арасынан  шыққанша, 

арба  біресе  шұқырға  түсіп  кетеді,  біре-

се ағашқа, ш ө к е т к е соғылады, қираң-

дап  жүргізбей  келеді  (З.Ақышев,  Ақбел 

асуы, 154). 

ШӨКІ  е  т.  ж  е  р  г.  Шыңда.  Су  алып 

келе жатып «шық-шық» еткен балға үнін 

естідім. Шалғысын ш ө к і п жатқан болды 

ғой (Т.Тобағабылов, Түсінсең еді., 91). 



ШӨЛ: Шөл ағашы э п и т. Сексеуіл. 

Орман  өсірушілер  биыл  жайылым 

аймақтарында  «ш  ө  л    а  ғ  а  ш  ы  н  ы  ң» 

тұқымын үш мың гектар жерге екті (Алма-

ты ақшамы, 08. 01. 1990, 3). 

Шөл бидай. Шөл жерлерге өсірілетін 

бидай сорты. Суарылған егіннің арықтан 

тыс жағына ш ө л  б и д а й салынады (Ха-

лифа Алтай, Алтайдан., 161). 

Шөл  кемесі  п  е  р  и  ф  р.  Түйе.  Түйе  

өте  көнбіс,  ыстыққа,  шөлге  шыдамды. 

Сондықтан да болар, түйені «ш ө л  к е м е 

с і» дейтін (Білім жəне еңбек, 1974, №5, 21). 

ШӨЛЕН з а т. к ө н е. Ертеде төленетін 

салықтардың  бір  түрі.  Темір-Құтлық  та 

бұрынғы хандардай бүкіл бұқара халыққа 

аямай  ш  ө  л  е  н,  қалан,  тағы  сондай 

толып  жатқан  алым-салықтар  салған 

(І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 477). 

ШӨЛКИ з а т. Əйелдердің аяқкиім іші-

нен киетін, жұқа, жеңіл шұлығы (чулки). 

ШӨЛКИШЕҢ ү с т. Аяғына тек шөлки 

киген. 

ШӨЛМЕК:  Шөлмек  айналдыру. 

Алқа-қотан отырып, бөтелкені (шөлмекті) 

айналдыру арқылы ойналатын ойын. Бұл 

өңірдің жастары біле бермейтін «ш ө л м 



е к  а й н а л д ыр у» деген ойынды да сол 

бастады (З.Жəкенов, Күн көтеріл., 41). 



Байынқол Қалиев

672

ШӨЛМЕКСІЗ  с  ы  н.  Бөтелкесіз; 

арақсыз  д.м.  Үйге  дастарқан  жайған  соң 

ш ө л м е к с і з болушы ма еді бұл күнде 

(Ə.Асқаров, Таңд., 46). 



ШӨЛМЕКШІЛ  с  ы  н.  а  у  ы  с.  Арақ 

ішкіш,  араққұмар  д.м.  Біздің  тату  да 

ынтымақты тіршілігімізге бір сызат түсірсе, 

осы  ш  ө  л  м  е  к  ш  і  л  мінезің  түсерер-ау 

(К.Сегізбаев, Біз қалада., 48). 



ШӨЛІРКЕП  с  ы  н.  Суды  көп  тілей-

тін,  шөлдегіш. – Бұл  суды  көп  тілейтін, 

ш ө л і р к е п дақыл екен, - деді Мелде-

бек,  қызылша  жайлы  əңгіменің  арасында 

(М.Қуанышбаев, Тайталас, 207).

ШӨМЕЙІҢКІРЕ  е  т.  Белі  бүкірейе 

түсу,  бүкшиіңкіреу.  Жылқылар  жүре  ша-

лып келеді. Ш ө м е й і ң к і р е й ақсаңдап 

бір  тай  кейіндей  берді  (З.Иманбаев,  Қос 

қайың, 34). 



ШӨМЕЙІҢКІРЕУ Шөмейіңкіре етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ШӨМЕЛЕГІШ  з  а  т.  Шөп  шөмелей-

тін машина (техника). Бұл қауырт науқан-

ға 4 жатпа, 4 ш ө м е л е г і ш, 7 шөп ора-

тын  машина, 2 ысырғыш, 3 шөп  тайла-

ғыш  қатыстырылуда  (Лен.  жас, 08. 06. 

1974, 1). 

ШӨМЕТЕЙ  з  а  т.  Жас  баланың  на-

сыбайы.  Томпиған,  маубас  Медеу  отқа 

борбайын қақтай, ш ө м е т е й і салбырап, 

жүресінен отыр (Ж.Аймауытов, Шығ., 170). 

ШӨМИІС  Шөми  етістігінен  жасал-

ған  ортақ  етіс  (Ж.Молдағалиев,  Алғ. 

қоңырау, 28). 



ШӨМІШТЕН... Жеті қарақшы ш ө м і 

ш т е н г е н шақта алқара аспан тас төбеден 

телміріп тұрар еді үнсіз (Лен. жас, 15. 10. 

1974, 2). 

ШӨНЕК... Жұмысымыз су жүріп өткен 

ш ө н е к к е темекі көшетін отырғызу (Таң 

нұры, 77). 



ШӨНЖІК з а т. Жолбарыстың баласы. 

Шақанға тоқтау салған екінші оқиға – өзі 

құйрығын кескен жолбарыс ш ө н ж і г і 

м е н кездесуі (Қаз. əдеб., 28. 08. 1992, 6). 

Жолбарыс күшігінің ш ө н ж і к, сарымақ 

атануының  да  жөні  бар  (Ана  тілі, 03. 04. 

1997, 8).



ШӨНШІК з а т. ж е р г. Қалта. Іле мен 

Тарбағатайға  ш  ө  н  ж  і  г  і  н  қазынаның

ақ  күмісіне  толтырып, «исі  шүршіт  еді» 

деп мəнжу мен шахарды, сібе мен солаң-

ды əкеліп төкті (М.Разданұлы, Алтай., 11).

Ш ө н ш і к – етікшілердің тарамыс, асық, 

жіп,  оймақ,  таспа,  т.с.с.  ұсақ  бұйымдар

салып, сақтайтын тері ыдыс (Пионер, 1983, 

№2, 28). 



ШӨҢГЕ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Шөңке.  Ол 

енесінің  қара  қазандары  мен  шойын



ш ө ң г е с і н е дейін сақтапты (Т.Қосуақ, 

Мəрмəр., 66). 



ШӨҢЕЙТ  з  а  т.  Аздаған  ойлау  жер, 

шұңқырсымақ.  Төменде  жадағай  жазық, 

шөптесін ш ө ң е й т. Сол тұста жайылып 

бір топ марал жүр (Ə.Асқаров, Таңд., 399). 

ШӨП:  Шөп  машинасы.  Шөп  шаба-

тын машина. Жігіт мойнына белдемшесін 

киді де, шарға су құйып, ш ө п  м а ш и н а с 



ы н ы ң орағын қайрауға кірісті (Б.Майлин, 

Шығ., 112). 



Шөп  тайлағыш.  Шабылған  шөпті 

төртбұрытап буатын техникалық құрал. 

Бұл қауырт науқанға 4 жатка, 4 шөмелегіш, 

7 шөп оратын машина, 2 ысырғыш, 3 ш ө п 

т а й л а ғ ы ш қатыстырылуда (Лен. жас, 08. 

06. 1974, 1). Ол ш ө п  т а й л а ғ ы ш т ы ң

сымын  реттеп  алды  (Коммунистік  еңбек, 

03. 08. 1968).



Шөп  шарбақ.  Шөпті  қоршап  қойған 

шарбақ. Елжан ішінде төрт-бес адам ш ө п 

ш а р б а қ жанында тұр (К.Мұқажанұлы, 

Ортеке, 95). 



ШӨПАУЫЗ...  Бекбай  Досалының 

ауылына  ш  ө  п  а  у  ы  з  жинауға  келгенде 

«міне, саған шөпауыз» деп, сақал-мұртын 

түзеп,  аулына  қайтарып  жібереді  (Ел  ау-

зынан, 122). 

ШӨПБИТІ з а т. з о о л. Өсімдік жа-

пырағын  жейтін  кішкентай  құрт  (тля). 

Əсіресе 1967-68 жылдары ш ө п б и т т е 



р і Іле өзенінің оң жақ жағалауының шолақ 

тауында  орасан  нұқсан  келтірді  (Қазақст. 

ауыл шаруаш., 1968, №11, 45). Ш ө п б и т і 

н і ң өте тез көбейіп кетуіне олардың табиғи 

жаулары болып табылатын қанқызы сияқты 

қоңыздардың қырылуы себепші болды (Бұл 

да). Қайтсе де олардың негізгі қорегі ш ө п



б и т і н біз бұл арадан көре алмадық (Ал-

мат ақшамы, 24. 02. 1990, 3). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет