Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет6/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168

Ақ серек-көк серек. э т н. Ойнаушылар 

екі топқа бөлініп, орталығы 30-40 м-дей 

қашықтықта  қол  ұстасып,  бір-біріне 

қарама-қарсы қарап тұрады да, «Ақ серек, 

көк серек, Бізден сізге кім керек?» - дейді. 

Қарсы  топтың  аты  аталған  ойыншы-

сы  жүгіріп  келіп,  ұстасқан  қолды  бұзып 

өтуге тиісті. «А қ  с е р е к-к ө к  с е р е к» 

ойнағанда екі топ бір-бірінен 15-20 метрдей 

жерде  қарама-қарсы  қол  ұстасып  тұрады 

(Ғажайып., 58). «А қ  с е р е к-к ө к  с е р 



е  к»  ойынында  жүгірген  ойыншы  қарсы 

топтың тізбегін үзіп кетсе, сол топтан бір 

ойыншысын  жетелеп  апарып,  өз  тобына 

қосады (Қ. Толыбаев, Бабадан., 125). 



Ақ сөңке жұт. Мал жаппай қырылып, 

мал  иесі  таяқ  ұстап  қалған  жұт  (Қаз. 

этнография., 2, 454). 



Ақ  сұрлау.  Ақ  сұр  түстілеу,  ақ  сұрға 

жақын (түс). 

Ақ сүйек жұт. Зардабы өте мол жұт. 

Қазақ жерінде болған жұттар тигізген зар-

дабына байланысты ақ сирақ жұт, а қ  с ү й 

е к  ж ұ т, ақ сөңке жұт деген атпен қалған 

(Қаз. этнография., 2, 454). 



Ақ тақыр болды. Түгел таусылды, түк 

қалмады. - Өткен қыста а қ  т а қ ы р  б о п

шөбім  таусылып,  жалғыз  сиыр  түнімен 

мөңіреп, ұйқы бермеген соң, алдыңа бар-

дым (Т. Əбдіков, Өліара, 6). 



Ақ  тамызу.  э  т  н.  «Ақ  (сүт,  айран 

т.б.)  кез  келген  жамандықтың  жолын 

кеседі»  деп  біліп,  үйге  кірген  жыланның 

26

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

басына  ақ  тамызып,  шығарып  жіберу 

ырымы. А қ  т а м ы з у халқымыздың «до-

сым  түгіл  дұшпаныма  да  қылдай  қиянат 

жасамаймын»  деген  ізгі  ниетін  білдіруі

(А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 3, 136). 



Ақ  танау.  Танауы  ақ  түсті  жылқы. 

Тұрқы  ұзын,  жоны  сүліктей  жылтыра-

ған а қ  т а н а у, жирен дөнен оқыранды 

(Ж. Кəрменов, Ғашық., 101). 



Ақ тəтті. с ө й л. Қант. Ол құрым боп 

шыққан шайға дастархандағы а қ  т ə т т і



д е н екеуді салып сапырды (К. Мұқажанұлы, 

Ортеке, 143). 



Ақ  ту  байлады.  Соғыс  кезінд е 

бейбітшіліктің,  ақниеттіліктің  белгісі 

ретінде  жасалатын  шартты  белгі. 

Найзаға а қ т у б а й л а п алыс тұрып, Елші-

лер Құсан жақтан хабар күтті. Белгісін елші-

ліктің таныған соң, Келсін деп Құсан мырза 

хабар етті (И. Байзақов, Құралай., 99). 

Ақ  ту-қызыл  ту.  Екіге  бөлініп  ой-

налатын  балалар  ойыны.  Егер  жаңа 

бөріктің ыңғайы келмесе, а қ  т у-қ ы з ы л



т  у»  ойнаймыз.  Бұл  кəдімгі  ақтар  мен 

қызылдардың соғысы (Жалын, 1975, 2, 17). 



Ақ  тұш,  ақ  сиырдың  сүтін  іш! 

Түшкірген кезде айтылатын ырым сөз, ақ 

тілеу (Қаз. этнография., 1, 115). 

Ақ шаштанды. Шашы ағара бастады, 

шашына  ақ  кірді.  Ағай  біраз  а  қ    ш  а  ш

т  а  н  ғ  а  н  м  е  н,  баяғы  баяу  қалпында 

екен,  онша  қуанып,  елпілдей  қойған  жоқ

(Ғ. Мүсірепов, Қаз. солдаты, 62).

Ақ  шөлмек  тартты.  Шөлмектей 

ағарды, боп-боз болды. Əуез ардақтай а қ

ш ө л м е к  т а р т ы п, төсегінен бас көтерді 

(А. Мекебаев, Алапат, 353). 



АҚАЛА  ж  е  р  г.  Жынды  сүрей,  ұр  да 

жық,  есерсоқ.  Өзіміздің  көзіміз  көрді, 

нағыз есерсоқ, а қ а л а, əкесінің байлығын 

бетке ұстап, күпініп жүретін біреу болатын 

(А. Сейдімбеков, Қыр., 52). 



АҚАЛАҚШЫ з а т. ж е р г. Бір болыс 

елдің бастығы. Өз уақытында Нылқы ау-

данында Мақсұт деген болыс (а қ а л а қ ш 



ы) болыпты (Ж.Маманұлы, Ұрпағыма., 94). 

АҚАЛАЛЫҚ ж е р г. Жынды сүрейлік, 

есерсоқтық. Сахидың да а қ а л а л ы ғ ы

бір  басына  жетерлік  еді  ғой,  сол  бетін-

де  Санжар  қарияның  үйіне  лап  қойсын

(А. Сейдімбек, Аққоз, 57). 



АҚАЛАУШЫ з а т. ж е р г. Қолдаушы, 

қ о с т а у ш ы ;   ж а н к ү й е р .   С о ң ы н а н 

ойын  (көкбар)  тəртібі  əбден  бұзылып, 

көкбаршылар а қ а л а у ш ы н ы да, тойбас-

шыны да тыңдаудан қалады (Егем. Қазақст., 

17.05.2003, 6). 

АҚАНДОЗ з а т. Ошақтан, пештен күл 

алу үшін сабын ұзынша етіп қаңылтырдан 

жасаған  құрал;  қалақ  (Қаз.  этнография., 

1, 117). 



АҚАУЛАН е т. Ақау түсу, аздап ауру. 

Əрі денсаулығы да а қ а у л а н ы п, сыр бере 

бастаған (Халифа Алтай, Алтайдан., 142). 

АҚАУЛАНУ  Ақаулан  етістігінің 

қимыл атауы. 

АҚАЛЫ  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Ашалы.  Со-

сын  бұл  əлгінде  мая  жонының  дөңбілдеу 

тұсынан шөпті мол асатқан бес а қ а л ы 

айырын кешке сала, екі-үш толғап-толғап 

жіберді (К. Ахметбеков, Ақдала, 2, 207). 

АҚАН з а т. с ө й л. Ақан ау. Денсаулығы 

күшті  мықты  жігіттер  а  қ  а  н  ғ  а  шығып 

жатқасын, мен де ол жұмысты істеп көргім 

келді (Қ. Құрманғалиева, Атырау., 107). 



Ақан ау. Балық аулайтын ең үлкен ау. 

Олар бір-екі а қ а н  а у ы н құрып болған 

соң, кішкене қос жасап алып, киімдерімен 

жата кетеді (Жұлдыз, 1973, 4, 206). 



АҚАНШЫ з а т. Ақан аумен балық ау-

лаушы адам. Теңіздегі а қ а н ш ы л а р ғ а 

табыс етілуге тиісті еді (Қ. Құрманғалиева, 

Атырау., 29). 

АҚАНШЫЛЫҚ  з  а  т.  Ақан  аумен 

балық аулаушылық. Нұрым қыста шанамен 

а қ а н ш ы л ы қ жұмысқа шығатын боп дай-

ындалды (Қ.Құрманғалиева, Атырау., 29).



АҚАҢ з а т. с ө й л. Ақ арақ. – Сол а қ а ң 

д ы қойғаннан бері бойым жазылып, кеудем 

ашылғандай болды, - деп қарқылдап қояды 

(С.Сейтхазин, Хадиша, 188). Енді «а қ а ң» 

үш адамға қақ бөлініп құйылды (Лен. жас, 

30.01.1973, 1). 

АҚАР-ШАҚАР с ы н. Аста төк, ағыл-

тегіл (той). – Рысқұлдың қыз ұзатып, а қ а р-

ш а қ а р той жасайтын қай күйі бар (Жұл-

дыз, 1973, 2, 78). 



АҚАУ:  Ақау  татыған.  ж  е  р  г. 

Ашқылтым,  қышқыл;  ашып  кеткен. 

Ебейсін астан кейін а қ а у  т а т ы ғ а н 

ірімектеу ағарғаннан бір зереңін құлата сап, 

иліге алмай, ыңқылдап отыр (Ə.Нұрпейісов, 

Қан мен тер, 73). 

АҚАУЛАН е т. Ақау түсу, бүліну. 

АҚАУЛАНУ  Ақаулан  етістігінің 

қимыл  атауы.  Терілердің  көп  жағдайда


27

Байынқол Қалиев

а қ а у л а н у ы осылардың кінəсінен бола-

тынын жасырудың қажеті жоқ (Қаз. əдеб., 

05.02.1982, 3). 

АҚАУЫЗ з а т. ж е р г. Акт. – Жұмысқа 

шықпасаңдар  ақша  төленбейді,  штраф 

саламыз,  «а  қ  а  у  ы  з»  жазамыз  дейді

(Т. Кəкішев, Сəкен Сейф., 14). 



АҚБАЙПАҚ¹ з а т. э т н. Балалардың 

інген, бота болып ойнайтын ұлттық ойы-

ны.  Ойыншылардың  саны  көбірек  болса,

а қ б а й п а қ ойыны да қызықты өтеді (Қаз.

этнография., 1, 106). Сондай  ойындар-

дың бірі – а қ б а й п а қ. Онда жоғалтқан 

ботасын іздеген інген туралы ой қозғалады 

(Б.  Төтенаев,  Қаз.  ұлт.  ойын., 10). Соған 

орай  жануарлар  дүниесін  елестетіп  ой-

найтын ойындардың бірі – «а қ б а й п а қ» 

ойыны (Бұл да, 51). 



АҚБАЙПАҚ² з а т. Тұяғының үсті аз 

ғана ақ жылқы (Қаз. этнография., 2, 524). 

АҚБАҚАЙ  з  а  т.  в  е  т.  Сиыр  малына 

жаппай  келетін  зілді  əрі  қауіпті  індет; 

мəлік (Қаз. этнография., 1, 117). 

АҚБАРШЫ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Пошта 

бастығы. Жұрттың бəрі күтіп отыр сізді, 

алдияр тақсыр, ішінде а қ б а р ш ы мен үш 

имам бар (В. Ян, Шыңғыс хан, 38). 

АҚБАС: Ақбас сусар. Сусардың басы 

ақшылдау түрі. Сүтқоректі жануарлардан 

Қазақстанның Қызыл кітабына қарақұйрық, 



а қ б а с с у с а р, шұбар күзен, сабаншы, 

кəмшат тіркелген (Ана тілі, 03.05.2012, 11). 



АҚБАСБАЛАУ  з  а  т.  б  о  т.  Құнарлы 

шөптердің  бір  түрі.  Жайлау  шетіне 

шықтық. Құлама жартас, биік құз. Беткей 

толы  ну  қарағай.  Бұйрат-бұйрат  жоталар 

жасыл түкті торқа жамылып алған. А қ б а с



б  а  л  а  у,  тарлау,  қызылсірік  жайқалады 

(Коммунизм туы, 29.08.1968, 2). 



АҚБАСҚЫН  з  а  т.  х  а  л  қ.  Ақпан 

айы.  Қазақстанның  кейбір  жерлерін-

де ақпан айын а қ б а с қ ы н деп атайды

(Қ. Аймағамбетова, Табиғ. тану., 35). 

АҚБАСТЫ  с  ы  н.  Ақбас  шөбі  өскен, 

ақбас шөбі бар. Жүрген сайын жантақты, 

а  қ  б  а  с  т  ы,  жыңғылды,  шилі  алаңдар 

кездесе бастады (С.Елубай, Ақ боз., 221). 



АҚБЕРЕН  з  а  т.  к  ө  н  е.  п  о  э  т. 1. 

Көздеген  жерге  дəл  тиетін  мылтық. 

Ақсауыт  деген  сол  болар,  Атқанда  оқ 

жетпесе.  А  қ  б  е  р  е  н  деген  сол  болар, 

Тигені  тұяқ  серіппесе  (Ел  аузынан, 267). 

2с ы н. а у ы с. Ақжарқын, ақниет. Жылдар 

бойы тілегенін тапқанда... шығатын кəдімгі 



а  қ  б  е  р  е  н  көңілдің  кəусері  бейне 

(К.Сегізбаев Ашылма., 9). 



АҚБОЗ з а т. п о э т. Мұрынбоқ, маңқа. 

Танауынан  сау  желіп  шыға  келген  қос 

«а  қ  б  о  з  д  ы»  бешпетінің  жеңімен  бір 

сүйкеп тастады да, Мұса балдырған атын 

қамшымен тартып-тартып жіберді (Қазақст. 

ауыл шаруаш. 1963, 4, 24). 



АҚБОЗДАН е т. Ағару, бозару. Таң а қ 

б о з д а н а атқанша мен бəрібір ұйықтаған 

жоқпын (Тұмар, 246). 



АҚБОЗДАНУ  Ақбоздан  етістігінің 

қимыл атуы. 

АҚБОЗДЫҚ з а т. б о т. с ө й л. Ақбоз-

шөпБұл жерде əртүрлі шөп – а қ б о з д 

ы қ, бетеге, еркек, таспақара, көкпек өседі. 

Бұның  ішінде  а  қ  б  о  з  д  ы  қ  пен  бетеге 

малға өте сүйкімді (Қазақст. ауыл шаруаш., 

1960, 6, 15). 



АҚБОЗШӨП з а т. б о т. Шөл далалы 

жерлерде өсетін ақбоз түсті шөп. Ал жаз-

дай алабұға, жантақ, балықкөз, торғайоты 

көп өсетін, күзде күйреуік, бұйырқұм, а қ б 

о з ш ө п т е р көп өсетін жерлерге (түйені) 

жаямын (Қазақст. ауыл шаруаш, 1965, 10, 

29). Негізгі шабатынымыз қырдың а қ б о 

з ш ө б і (Соц. Қаз., 16.06.1972, 1). 

АҚБОР з а т. ж е р г. Утас, əк. Сүйтсе, бұл 

жаңа қыздарға жол бермек боп қабырғаға 

жабысып тұра қалғанда арқасын а қ б о р ғ 

а үйкеп алған екен (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 

155). Бұған орай не деу керек екенін білген 

жоқсың  да,  əлгінде  арқаңды  үйкеп  алған 

аппақ а қ б о р д ы алақаныңмен ысқылап 

кеттің (Бұл да, 156). 

АҚБӨКЕНШЕ ү с т. Ақбөкен тəрізді, 

ақбөкен  сияқты.  Сондай  кезеңдерде 

елімізді билеп, а қ б ө к е н ш е жорытып, 

мекен  далада  босып  жүрген  тайпа-ру-

ұлыстардың  басын  біріктіріп,  ұлт  етуге 

ұмтылған (А. Сатаев, Бəрі де., 65).

АҚБҰЗАУ з а т. э т н. Қазақ балаларының 

ұлттық ойыны. А қ б ұ з а у д ы көп бала 

жиналып  ойнайды  (Қаз.  этнография., 1, 

108). 

АҚБҮЙРЕК з а т. б о т. Таудың күнгей 

беттерінде  өсетін,  жапырақтары 

бүйрекке  ұқсас  емдік  шөп.  Малдың  құрт 

ауруын емдейді. Кейінгі кезде халық малды 

құрт  ауруынан  жазатын  дəріні  тапты.  Ол 



а қ б ү й р е к деп аталатын шөпМен осы 

шөппен құрт болған малды көп уақыттан 



28

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

бері дауалап жазып жүрмін (Қазақст. ауыл 

шаруаш., 1963, 11, 38). Ал жұлынқұртымен 

ауырған малға а қ б ү й р е к шөптің тамыры 

таптырмайтын дəрі. Егер белінен шойыры-

лып тұралап жатқан малға а қ б ү й р е к



т і ң бұршақтай дəнін ет пен терінің арасы-

на салып пайдаланса, мал тəулікке жетпей 

тəуір болып кетеді (Лен. жас, 23.11.1972, 1). 

АҚЖАРҚА  з  а  т.  з  о  о  л.  Тұщы  су-

ларда  болатын  ақшылдау  балық.  Ау-

ланатын  балықтардың  барлығы  дерлік 

жерсіндірілген сазан, көксерке, табан, арал 

қаязы, пілмай, а қ ж а р қ а, жайын, ақамур, 

дөңмаңдай сияқты көгілдір тың маржанда-

ры (Жетісу, 14.12.1983, 4). 



АҚЖАРМА  з  а  т.  Ақталған  тары. 

Қараланған тарыны а қ ж а р м а ғ а айнал-

дырады (Лен. жас, 28.02.1974, 2). 

АҚЖАРЫЛҚАП

1

  с  ы  н.  п  о  э  т.

Жақсылыққа кенелген, қуанышты. Автор-

дың  тəуелсіздікке  қолымыз  жеткен  а  қ



ж а р ы л қ а п кезде қалтарыста қалғанына 

таңырқаған, көлеңкеленген көңілі бар (Қаз. 

əдеб., 12.06.2009, 6). 

АҚЖАРЫЛҚАП

2

 ү с т. Құдай оңдап, 



сəтін беріп. Елшілер а қ ж а р ы л қ а п,

көңілмен  риза-хош  болып  аттанды

(Т. Зəкенұлы, Мəңгітас, 481).

АҚЖАУЫНДАТ е тАқжауын жауу. 

Күн а қ ж а у ы н д а т ы п алды (О. Бөкеев, 

Мұзтау, 233). 

АҚЖАУЫНДАТУ  Ақжауындат 

етістігінің қимыл атауы. 

АҚЖЕМДЕ  е  т.  Қыран  құсқа  ақжем 

беру.  –  Бүгін  аңға  салмайтын  болған  соң 

ептеп қызылдатып ем... Қазір а қ ж е м д е й



м  і  н  ғой, - дедім  кібіртіктеп  (Қаз.  əдеб., 

10.09.1982, 14). 



АҚЖЕМДЕЛУАқжемдел  етістігінің 

қимыл атауы.

АҚЖЕМДЕН  е  т.  Өңі  кету,  бозару, 

қан-сөлінен  айырылу  (Р.  Тоқтаров,  Ертіс 

мұх., 2, 46). 



АҚЖЕМДЕНУ Ақжемден етістігінің 

қимыл атауы. Қолдарының а қ ж е м д е н

у  і  əдеттегі  нəрсе  сияқты,  əбден  көндігіп 

алған (Жас Алаш, 14.06.2001). 



АҚЖЕМДЕТ  Ақжемде  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. 

АҚЖЕМДЕТУ Ақжемдет етістігінің 

қимыл атауы. Бүркітті бір күн қызылдатсаң, 

ертеңіне аңға салардан бұрын а қ ж е м д е 



т у керек (Қаз. əдеб., 10.09.1982, 14). 

АҚЖЕМДЕУ  Ақжемде  етістігінің 

қимыл атауы. 

АҚЖОРҒА  з  а  т.  а  у  ы  с.  Бит. – 

Қарағым-ау, киімімде, тіпті қырық жамау, 

шоқпыт-шоқпыт тігісінде ырымға бір а қ

ж о р ғ а жоқ (С. Жүнісов, Ақан сері, 2, 340). 

АҚЖУА з а т. б о т. Иісі жуа тəрізді, 

түсі ақ шөп. Жапырағы жоқ, сабағының 

ұзындығы 10-15 см-дей.  Таулы  жерде 

өседі. Күзде үсік шалғаннан кейін малдың 

бəрі жақсы жейді (Экс. мат. Алм.; Шелек, 

1969). 


АҚЖҰЛДЫЗ з а т. а с т р. х а л қ. Шол-

пан. Шығыстан Сарыжұлдыз, батыстан А қ 

ж ұ л д ы з (Шолпан) қарсы келіп, түйісіп 

айқасқан кезде сарысы жеңіп, А қ ж ұ л д 



ы  з  қайтса,  қыс  жақсы  болады-мыс  (Қаз. 

этнография., 2, 88). Екі түбір сөздің бірігуі 

арқылы жасалған астрономиялық атаулар 

көп.  Оны  мына  мысалдар  дəлелдейді: 



А  қ  ж  ұ  л  д  ы  з  (Шолпан),  Қосжұлдыз, 

Қызылжұлдыз, Сарыжұлдыз, Алтынқазық, 

Жалғызқазық, Өмірзая т.б. (С. Сəрсенова. 

Астрон. терм; 85). 



АҚЖҮРЕКСУ Ақжүрексі етістігінің 

қимыл атауы. 

АҚЖҮРЕКСІН   е  т.  Ақжүрексі 

етістігінен  жасалған  өздік  етіс.  А  қ  ж 

ү р е кс і н і п сол жерде-ақ елдің бəріне 

жария етіп, абыройыңды айрандай төгуден 

тайынбайды (С. Ғаббасов, Қандауыр, 60). 

А Қ Ж Ү Р Е К С І Н У   А қ ж ү р е к с і н 

етістігінің қимыл атауы. 

АҚЖІГІТ з а т. қ. ө н е р. Қайыстан 

өрім өретін шеберлер қолданатын құрал; 

ақмырза. Дайын болған өрімді а қ ж і г і т 

к е қысып салып тұрып, өрімді майдалап, 

жұмырлап тегістейді (Қаз. этнография., 1, 

119). 

АҚЖІЛІК: Ақжілік болды. Ет алды, 

қоңданды. 

АҚЗАТ з а т. б и о л. Ағза тіршілігіне 

қажетті  органикалық  зат.  Шидің 

құрамында 10,4 % протеин, 42 % торша 

(клетчатка), 24 % бөртпе  (крахмал), 3-4 

а қ з а т (белок) бар (Білім жəне еңбек, 

1986, 7, 23). 

АҚЗУ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Ақсаң.  Мамасы-

на  тана,  орамал,  қыздар  жайын  айтып 

беріп еді, сандық түбінен а қ з у шыттың 

кесіндісін  алып  шығып,  қалтасына  төрт 

бүктеп  салып  берген  (М.  Қабанбаев, 

Жиһанкез., 87). 



29

Байынқол Қалиев

АҚИҚАТСЫЗ  с  ы  н.  Ақиқат  жоқ, 

шындықсыз.  Ұлы  ақиқат  сене  гөр.  А  қ 

и  қ  а  т  с  ы  з  майсыз  шамдай  сөнеді  ер. 

Өмір  бойы  өтер  медім  қайталап,  Қайран 

уақыт  сусын  болсаң  сен  егер  (Қаз.  əдеб., 

06.04.1973, 2). 



АҚИҚИ с ы н. ж е р г. Ақиқат, шынайы, 

адал (бояусыз). – Қағаз жүзінде ме, жоқ, а қ и қ и

шыны  ма? – деп  сұрады  (О.Сəрменбай, 

Шығ., 5, 70). «Бұл  дүниенікі  о  дүниеге 

кетпейді»  деген  а  қ  и  қ  и  сөз  (Бұл  да, 5, 

260). «Бəрін құдай көріп тұр ғой» дейтіндей 

құлқы-пейілін  жоғалтпаған  а  қ  и  қ  и 

еңбекқор, а қ и қ и ізгі амал иесінің бейнесі 

жадымызда жазылып қалыпты (Жас алаш, 

01.12.09). 

АҚИЛАНДЫР  Ақилан  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. Қара айғырды омы-

раулатып, додаға кіретін көкпаршыдай атты 

қамшылап, а қ и л а н д ы р ы п, ауыздықпен 

алыстырып  қойды  (Ш.Мұртазаев,  Қызыл 

жебе, 173). 

АҚИЛАНДЫРУ Ақиландыр етістігінің 

қимыл атауы. 

АҚИЛАНУ Ақилан етістігінің қимыл 

атауы. 

АҚИЛЫҚ  з  а  т.  Көзінің  ақиып 

қалуы;  қитарлық,  шапыраштық.  Сол 

көзінің  сығырайған  сықпырлығы  да, 

оң  көзінің  кірпік  қақпас  а  қ  и  л  ы  ғ  ы  да 

қателеспегендігін айғақтайды (А. Мекеба-

ев, Алапат, 334). 

АҚИНАҚ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Алдаспан. 

Аспаннан түскен қасиетті төрт заттың бірі 

– алдаспан (а қ и н а қ) (Ғ.Білəл, Ғасырлық., 

293). 


АҚКЕУІЛ  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Ақкөңіл. 

Табиғатынан  аңшы  болып  жаратылған 

адамның  мінез-құлығы  өзге  пенде-

лерге  қарағанда  қожанасырлығымен 

бе,  а  қ  к  е  у  і  л  кіршіксіздігімен  бе, 

ə й т е у і р ,   б ө л е к ш е   қ ұ б ы л ы с ы м е н 

к ө п   а р а с ы н а н   д а р а л а н а   к ө р і н е д і 

(М. Айымбетов, Құмөзек., 156). 



АҚКӨЗДЕН е т. Шаш ал десе, бас алу; 

есіру, еліру.

АҚКӨЗДЕНУ  Ақкөзден  етістігі-

нің қимыл атауы. Қара танымаса да қам-

шы  үйіруді  əбден  білетін  белсенділер-

дің  «Қожаны,  молданы  қойдай  қу 

қамшымен!»  деп,  жақыннан  жау  тауып, 

еліре  а  қ  к  ө  з  д  е  н  у  і...  (Ө.  Ақжолұлы, 

Үриятнама, 7). 



АҚҚАЙНАР  з  а  т.  Теңіз  суларында 

тіршілік ететін, ақ түсті бағалы балық. 

Балықшы А. Сұлтановтың бригадасы ауын 

тартып, жағаға шығарғанда а қ қ а й н а р, 

ақсеркенің арасынан бұрын-соңды кездес-

пеген қарашұбар бір жəндік кездесе кетті. 

Бұл аса бағалы жыланбалық болып шықты. 

Оның ұзындығы 88 см, салмағы 1220 гр. 

болды (Соц. Қаз., 20.11.1973, 4). 



АҚҚАНАТ¹ з а т. з о о л. Тұрқы 1-1,5 

мм-дей, денесі сарғыш, қанаты ақ насеком. 

А қ қ а н а т жаз айларында əсіресе райхан 

гүлін, фукцияны, жасминді көп залалдайды 

(Шаңырақ, 101). 

АҚҚАНАТ² з а т. б о т. Шалшық сулар-

да  өсетін,  көпжылдық  шөп;  улы  өсімдік 

(Т.Мұсақұлов, Сөзд., 1, 67). 



АҚҚАРЫН з а т. и х т и о л. Қарыны ақ 

түсті теңіз балығы (белобрюха). 

АҚҚАС  о  д.  Түшкіргенде  айтыла-

тын  «Денің  сау  болсын,  ауырма»  деген 

мағынаны білдіретін тілек сөз (Қаз. этно-

графия., 1, 121). 



АҚҚОБАҢ  з  а  т.  б  о  т.  Ақ  бидайдың 

бір  сорты.  Ондайда  жолдың  екі  бетінде 

жарланып  тұрған  бітік  егінге  қызғылт 

нұр шашырап, сарғая піскен а қ қ о б а ң 

əлдеқандай бір əсем ағыспен бір толқып, 

баяу шайқалғандай (Алғы шепте., 58).

АҚҚОРА з а т. х а л қ. Жұқпалы індеттен 

қорадағы  малдың  түгел  қырылып  қалуы. 

≈ Сол жылы малымыз түгел қырылып, а қ



қ о р а болдық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет