Мұра меМлекеттік бАғдАрламасын іске Асыру ЖӨніндеГі ҚоғАМдыҚ кеңестің ҚұрАМы бАбАлАр сӨзі жүз томдық Ғашықтық жырлар 54 том



Pdf көрінісі
бет16/22
Дата21.01.2017
өлшемі2,15 Mb.
#2365
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

Ел көрмеген Баян қыз.

Қарада көзі мөлдіреп,

Қарамай ма Баян қыз?!

Ашық жарын көрген соң,

Танымай ма Баян қыз?!

Ер Қозы жырлайды екен жалғыз жүріп,

Жүргенін кемшілікпен қайғы көріп.

Бағанағы ауылға «тоқты» қашты,

Мәнісін әлгі сөздің бәрін біліп.

Білді Қозы «тоқтының» жайын тіпті,

Айласы бар, қайғысыз ер ғой мықты.

«Аңдып жүрген дұшпанға жолығар» деп,

Қайта қуып Күреңмен қойға тықты.

Қой келді, Қозы келді, «тоқты» келді,

Үш қыз да қой алдынан шығып еді.

—Һештеменің мәнісін білдің бе?—деп,

«Тоқты» қыздан ортаға ап сұрайды енді.

1700

1710


1720

1730


288

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Апалар, һәрбір түрлі кеп айтады,

Қайғы тартып, уайым жеп айтады.

Ендігісін біле бер өзің ойлап,

«Құйрығым жоқ, жалым жоқ» деп айтады.

—Бір Құдай тілеуімді берген дағы,

Дұспан оты құл болып сөнген дағы.

«Құйрығым жоқ, жалым жоқ» деп сөйлесе,

Тазша болып құбылып келген дағы.

Қалқамды бар ма ед ойда келер деген,

Көп сарғайған жарым ғой қайғы жеген.

Мен кешеден біліп ем тек емесін,

Көрген жерде жүрегім лүпілдеген.

Қасына қыздар келді, Қозы көрді,

Білмегенсіп, теріс қарап жүре берді.

Үш қыз да шыдамады оны көріп,

—Сөйлессеңіз не етеді бізбен,—деді.

 

—Қараймын Аягөздің тереңіне,



Үкі таққан қыз Баян желегіне.

Қодар алып тоқсан мен тұрғанында

Көбегеннің біздердей керегі не?!

—Қодар ма еді Баянның ашық жары,

Құл жолдасты кісінің бола ма ары?

Алыстан тоят іздеп ұшып келмек,

Қайынға алтын баулы ақ сұңқары.

 

—Көңіліңе алма әншейін, ол қалжың кеп,



Аққуым сіз болсаңыз біздерге еп.—

Таз кебін жұлып алып, айдай болды,—

Ендеше мен ақ сұңқар болайын,—деп.

Таз кебін жұлып алып бетін ашты,

Есі шығып Баяның сонда састы.

Бойын билеп тұра алмай, түрекеле-ақ,

Жылап барып Қозымен құшақтасты.

1740


1750

1760


288

289


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

Құшақтап қанша тұрды кім біледі,

Екі қыз бір жылайды, бір күледі.

Ай мен күндей екеуін толықсытып,

Бұраңдатып шеткі үйге ап жүреді.

Киімі Баян қыздың бәрі жібек,

Алтын сырға, білезік жаннан бөлек.

Үлде-бүлде, қамқадан салды төсек,

Жүгіріп жүр апалар көңілі зерек.

Төсекке олар ол күн жатқан да жоқ,

Бір-бірін көргеніне болды ғой тоқ.

Серілердің жиылды бәрі ойынға,

Қозы, Баян ішінде жайнаған шоқ.

Екеуі құшақтасып үйір болды,

Сол жерде бір келісті жиын болды.

Сол қалжыңмен отырып таң атқан соң,

Қайта кебін кимегі қиын болды.

—Бәрін де осы жұрттың ел көрмеңіз,

Басқаға осылардан, һеш сенбеңіз.

Кебіңізді киіңіз, арланбаңыз,

Аңдып жүрген дұспан көп, сыр бермеңіз.

Некелеп, алал жарым деп жүріпті,

Дұспан қалың, сыр шашпай еп жүріпті.

Күндіз тазша, ол түнде Қозы болып,

Тым болмаса бір жылдан көп жүріпті.

Жылқыда Қодар жүрген қыстай бойлап,

Жүреді тоқсанменен күліп-ойнап.

«Ертең ауыл көшеді» деп хабар барса,

Жылқыдан алпыс саяқ келген айдап.

—Бері кел, тазша көтіңді қыс та,—деді, 

Сенен басқа кісі жоқ тыста,—деді. 

Қара жорға бұлықсып қаша берді,

Жеңгеңнің келіп атын ұста,—деді.

19-0137


1770

1780


1790

290

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Сен—Қодар, мен—тазшамын, ой ойлаймын,

Қыңырайсаң, қиқайып еш болмаймын.

Атын ұстап, шұнақ құл, өзің жалын,

Күрең таймен ілгері қой айдаймын.

—Қап-қап, тазша, қап бәлем, мен не етермін,

Бақа айғырды қамшылап еңіретермін.

Қиын жерде қысталаң сөзің өтті,

Көш жөнекей көш барысын көрсетермін.

Көш келді, Қодар келді, қыздар келді,

Бұлықсып Бақа айғырмен желді енді.

Үш қызға мақтанды да нақұрыс құл,

Жауырынынан тазшаның ұстады енді.

Қодардың мінезіне жан таң қалған,

Жанның бәрі иіріліп саңылауланған.

«Екі алыптың қызығын көрелік» деп,

Тамашаға қыздар да тұра қалған.

Сонда да батыр Қозы ой ойлаған,

Аударыспаймын десе де құл қоймаған.

Серейтіп Бақа айғырдан жұлып алып,

Алдына өңгеріп ап қой айдаған.

 

Сиынғанға тілегін Тәңірі берер,



Құдайдың салғанына бенде көнер.

Тірлікте мен саған үндемейін,

Көштен қалып, кейінгі жеңгең көрер.

—Жапанда қайрат қылып өнер баста,

Қолға еркін Құдай берді тым-ақ саспа.

Мұнан басқа дұспаның дәл сіздің жоқ,

шамаң келсе аяма, мықтап таста.

Һәр өнерді ер Қозы бастайды енді,

Көңіліне еш жамандық қоспайды енді.

«Не етейін қанын жүктеп бұл иттің» деп,

Анадай лақтырып тастайды енді.

1800


1810

1820


1830

290

291


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

Басылып Қодар көңілі болды баяу,

Бір сұмдық көңіліне келді таяу.

Ерте көшіп, Қарабай кешке қонған,

ұзақ көшке келіпті Қодар жаяу.

—Қарабай, хан болыпсың, заманды ойла,

Кең заман бұрынғыдай саған қайда?!

Аягөзден өтпейді сенің қойың,

Жүр бермен, Бақа айғырмен қойыңды айда.

Қарабай Бақа айғырмен желді дейді,

Боларын бір сұмдықтың білді дейді.

Қозының сөзін екі қыла алмады,

Жалдатып Бақа айғырмен келді дейді.

—Қартайған Қарабай шал, мені көрші,

Өзіңе қас қылғанды достым деші.

Қойыңды мен серкештеп өткізейін,

Түсе тұр, Бақа айғырды маған берші?!

Қарабай, жайлы қоныс, қыста,—деді,

Арыстың ішпес асын қыспа,—деді.

Су аяғы Құрдымнан қашқан итсің,

Құйрығын Бақа айғырдың ұста,—деді.

Құйрығынан ұстатып өрге жүзді,

Қарабай өз жанынан күдер үзді.

Өрге жүзіп жалдатып келе жатса,

Байқамай бір жартасты жаман сүзді.

Құдайым ер Қозыға берген талап,

Қор қылды Қарабайды итке балап.

—Әкең қошқар болған ба, тас сүзді,—деп,

Алып келіп тастады күйекке орап.

—Һешқайда иен-еркін жүре алмадық,

Уайымсыз, қайғысыз күле алмадық.

Құрдымнан су аяғы қашып едік,

Қасиетін жақсының біле алмадық.

1840


1850

1860


292

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Жапанда әкем жалғыз жүретұғын,

Аққайың қартайса да, мінетұғын.

Оңалған соң бұл сөзің ұмыт болар,

ыңқылдасаң, ақылың кіретұғын.

Қайны атам—хан Қарабай сөзіме ерсін,

«Қодар батыр—күйеуім» мені десін. 

Биылғы жыл жылқыға болады жұт,

Қайраты бар тазшасын маған берсін.

 

Қарабайдың Қодарсыз көңілі дертті,



—Жылқыға, тазша, барса қайтер,—депті.

«Осы иттің мен бір тілін алайын» деп,

Тәуекел бір сапарға шығып кетті.

Түйемойнақ, Жылытау айдап барды,

Маңырақтан жылқысын әрі апарды.

Бір жағы Сауыр, аршаты сонан бермен

Жылқыны қоя беріп жатып алды.

Жапанда батыр Қодар ой ойлайды,

Асау менен тарпаңды бір қоймайды.

Алты ай өтіп, жаз шығып қар кеткен соң,

Жылқыны елге таман қайта айдайды.

—Жолдастар, сөздеріңді оң көрейін,

Ауылға жылдам барып бір келейін.

Жеңгеңді сағындым ғой, жіберіңдер,

Сендерге өрік-мейіз әпкелейін.

Күнінде Бақа айғырын Қодар салды,

Қостан шығып Аягөзде елге барды.

Ауылға үш-ақ күндей еру болып,

Төртінші күн жылқыға қайта айдады.

—Ебін тапқан екі асар амалдаған,

Мұнша дәулет мал берді Тәңірім саған.

Жиырма-ақ жылқым өлді осы қыстан,

Қара малың һәрқандай малым аман.

1870


1880

1890


292

293


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

—Ойласам, батыр Қодар, сенсің текті,

Жиырманың несі ол шығын,—депті.

Менің де қара малым аман еді,

Сең ойылып, жүз қойым суға кетті.

Жапанда өңкей жалшы сұмдық бастар,

Бірінің қылған ісін бірі қостар.

Өзің барып жылқыны қаптатып кел,

Арық-шырду уақытта қырып тастар!

Қаңтарда сере-ау жауған қардай болды,

Алып атан сымбал тартқан нардай болды.

Жылы сөзге қуанып қайта салды,

«Өзің бар» дегеніне-ақ дардай болды.

—Қодеке, есен-аман тез келдің бе,

Жеңгемді күймедегі сен көрдің бе?

ынтық болып дардай боп кетіп едің,

Қанеки, өрік-мейіз әпкелдің бе?

—Не қыласың, көңіліңді тіпті суыт,

Жемес астан қылады бұл неме үміт.

Дәл бір аяқ мейізді қойып еді,

Асығыспен ауылда қалыпты ұмыт. 

 

—Қодеке, олай болса мен желейін,



Ел-жұртты сағындым ғой, бір көрейін.

Кірлеп кетті киімім және тозып,

Кір-қоңымды жудырып тез келейін.

—Барсаң жылдам келе ғой, барып қана,

Бір мықты атпен келе ғой салып қана.

Үш күн жетіп жегенім жарты мойын,

Аштан өліп қаларсың, тазша бала.

Қысталаң боп жолықпай кетіп едім,

Өрік-мейіз келе ғой алып қана.

Қылығы жоқ Қозының һешбір шайым,

Қалжыңы Баянменен бәрі қайым.

1900


1910

1920


294

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Кебін тастап, Қозы боп күймеге енді,

Ойына алған нәрсенің бәрі дайын.

Үш қызбен қалжыңдасып отырғанда,

Айтады да күледі Қодар жайын.

Күймеде жатып Қозы ой ойлайды,

Күлкіге ойынменен бір тоймайды.

Тоғыз, он күн күймеде ойнап күлсе,

«Қайтпай ма?» деп Қарабай ызыңдайды.

Мінгені Қозыкенің жүйрік Кер-ді,

Тоғыз, он күн күймеде қызық көрді.

—Қарағым, кірлеп жүдеп кетіпсің,—деп,

Ішінен торғын көйлек тігіп берді.

—Қодар көрсе қодаңдап өлтірер,—деп,

Жағасын шидімменен бүгіп берді.

Мойнына артқан Баянның ақ білегін,

Беріп тұрған кезінде әр тілегін.

Қызыл жүз, қара көзге қарап тұрып,

ыстық төске таяйды көкірегін.

Аузынан сүйіп Баян қалмақ болды,

Баянның нұры ойға салмақ болды.

Сөйтсе де «кешікпей тез келем ғой» деп,

Жылқыға итті үргізбей бармақ болды.

—Таз мұндар, асау Кермен жөнелдің бе?

Күлкі менен ойынға кенелдің бе?

Он күн жатып, шіреніп, әрең келдің,

Жеңгеңнен өрік-мейіз әпкелдің бе?

—Қыздар мейіз өздері жесіп отыр,

Әзіл-қалжың әңгіме десіп отыр.

«Қодар мейіз сұрады» деп айтып ем,

«Боқ ала бар Қодарға» десіп отыр.

—Бақа айғыр құрық салсам бойлайтұғын,

Қоста жатып Қодар ой ойлайтұғын.

1930

1940


1950

294

295


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

Кешегі де жолықпай кетіп едім,

Өкпе қылып, қалжыңдап ойнайтұғын.

—Жақпады сол қыздардың маған түрі,

Сіз дегенде көңілінде бар ма кірі?!

«Сәлем айтты Қодар» деп айтып едім,

«шын аузына сиейін!» деді бірі.

—Қайын атам Қарабай, о да кәрі,

Тар күймеде қыз Баян тұрған сәрі.

Сисе сисін, сұм тазша, ештеңе етпес,

Өз тұяғы тұлпардың бізге дәрі.

—Қарабай—қайын атаң малын сойды,

Халайық, жамағаты дәмге тойды.

Дәрі болса, бар дағы сен іше ғой,

шынар менен бір [күбі сарап] қойды.

—Сұм тазша, олай десем, бұлай дерсің,

Мінезің сондай жаман, өзің кесір.

Айтқан сөзің бәрі де бейне мазақ,

Сен менен оқыс жерде таяқ жерсің.

Қодарға жолығысып дем береді,

—Жылқыдан жылдамырақ жөнел,—деді.

Атаң сенің Қарабай сәлем айтты,

Қысыр бөліп жылқыдан әпкел,—деді.

—Тазшаеке-ау, шын ба, осының ой ойлалық,

Асауды қашағанмен бір қоймалық.

Өзге жаман жанымды тындырмайды,

Екеуміз бөліп алып елге айдалық.

Мен күйеу ғой, тұрайын мұнда қырын,

Сен ағаңның білесің ішкі сырын.

Ауылға мен баруым жараспайды,

Желі тоқпақ, құрықты әпкел бұрын.

1960


1970

1980


296

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Қодардың айтқан сөзін қостап келді,

Күндей желпіп Күреңді бостап келді.

«Осыған бір сұмдықты бастайын» деп,

Құрығы мен тоқпағын тастап келді.

Қозының алтын жүзі жарқылдайды,

Күпілдеп мұндар Қодар тарқылдайды.

«Құрығы жоқ, тоқпақ жоқ, құр қол келіп,

Қайтып мұны ұстар» деп барқылдайды.

Қозы мерген садақпен қу да атады,

Жазым болса орнында, су да атады.

Желінің құлаш-құлаш қазығы бар,

Қолыменен басады да, зымыратады.

Тағы да бір ашуды көңіліне алды,

Жылқыға қаһарланып Қозы барды.

Құйрығына қол тисе, алып ұрып,

Бас асауды қозыдай тізіп салды.

Көрді де бәрін Қодар болды дертті,

Байталменен тепсініп келіп жетті.

«Менің айтқан сөзімді кір шалды» деп,

Қақ басқа келістіріп салып кетті.

Мал бағар қысты күні малды кісі,

Балуанға түседі әлді кісі.

Су аяғы Құрдымнан келген болса,

Құлдан таяқ һеш жер ме жанды кісі?!

Әлгі сөзге Қозы да ашуланды,

Күреңге мініп алып жетіп барды.

Қодардың жауырынынан ұстап алып,

Алдына бір-ақ ырғап жұлып алды.

—шіркін-ай, ашуланып не етті, тазша,

Басыма жақсылығым жетті, тазша?!

Қоста отырып қымызды көп ішіп ем,

Ердің қасы ішіме өтті, тазша.

1990

2000


2010

2020


296

297


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

—Қодаеке, әуел баста сен де ойнадың,

Қанеки, сенен артық мен не ойнадым?

Қамшымен тарсылдатып кетіп едің,

Көтереді ағам деп мен де ойнадым.

—Ойбай, тазша кәпір-ай, саған не еттім?

Ойнаған боп түбіме әбден жеттің.

Өтірік айтсам, шырағым, өл де оңбайын,

Кел, қоя бер, бұтыма тышып кеттім!

Бір білінді сол жерде қайрат бастап,

Қодарды да қорқытты ерге жаныштап.

Тұңғиықты қара су иірімге

Қодарды Қозы кетті атып тастап.

Қор болды байғұс Қодар дымы құрып,

Суға кетіп қалсын ба қарап тұрып.

Алақ-бұлақ қалбаңдап бойы ұзын құл,

Суға кетпей шығады құлаш ұрып.

—Мынау да мықты ит екен ойға алалық, 

Мұнымен табандасып не қылалық?

Аударысса, кәпірдің тәсілі бар,

Қатарлап он кетпеннен оқ салалық. 

Қатарлап он кетпенді Қодар келді,

Талай жан садақшылар жиылды енді.

«Біссімілдә» деп Қозыеке тартып кетсе,

Он кетпеннен қол оғын өткізеді.

Қодар да атпақ болды сертке жетіп,

Оғын керіп бедеумен келді еңіретіп.

Садақпенен мақтанып о да тартса,

Тұрады үшеуінен әрең өтіп.

—Бейілі кей адамның тар келер ме,

Ажалды күні бітпей бенде өлер ме!

Оқ тартқанда бар екен бір тәсілі,

Күрескенде маған жан пар келер ме?!

2030


2040

2050


298

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Қодарға күресуге Қозы барды,

Тамам жұрт тамашаға аң-таң қалды.

Ең астына Қодарды тығып қойып,

Бейне жүктей тоқсанды үйіп салды.

—Ойласам, осы тазша текті деймін,

 Түбіме ойнаған боп жетті деймін.

Ойының қалай мәніссіз, шіркін, тазша?!

Күрт-күрт етіп қабырғам кетті деймін.

Сұм тазша кәпір, сенің пейілің тар ма,

Ішіңде бұзық-бұзық ойның бар ма?

Қабырғамды қиратып мертіктірдің,

Тәңірі алғыр, қойыңа бар, тынышымды алма.

Қодардың сыбағасын Қозы берді,

Қоршылықты тәуір-ақ бір күн көрді.

Не қылсын жылқы бағып, түзде жүріп?

Өлеңдетіп қойына келеді енді.

—Баян-ау, менің айтқан сөзім тыңда,

Осы ма қорыққандарың, астапыралла!

шақырып қалды сені «тез келсін» деп,

Байғұстың қабырғасын барып сыла.

—Оңалар өзі Қодар мен де бармай,

Қор қылдыңыз, қайтейін, тілімді алмай.

Кектендіріп кеттіңіз тірі тастап,

Сақ жүрсеңіз болмай ма, қапыл қалмай?!

Темір күйме, іші алтын, оның үйі,

Күнде дәурен не қылса келді күйі.

«Жеті күнде жеп тарқар жиын бар» деп,

Сауын айтты сол елдің Сасан биі.

Сауын айтып сол Сасан жарлық етті,

Елінде құрметті жан қасиетті,

2060

2070


2080

298

299


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

Уәделі айтқан күні болғаннан соң,

Хан Қарабай, Қодар боп асқа кетті.

Ауылда тірі еркек жоқ, қалды тазша,

Болыпты Қозы Көрпеш кебін ашса.

«Аман бол» деп таз кепті жыртып тастап,

Күйеуін киіндірді бейне патша.

Қарабай, Қодарменен асқа барды,

Ауылда тірі еркек жоқ, Қозы қалды.

Күн жайлатып, бұршақты төгілдіріп,

Он екі күн асшыны қамап салды.

Соларға күнде де ойын, түнде де ойын,

Ай, Таңсық та бастады түрлі тойын.

Құшақтасып Қозымен көп ішінде

Баян сұлу жүреді алма мойын.

Кетер деп шошымайды сыр шашылып,

Бір қызықтан бір қызық кетті асырып.

Асшылардың қайтатын кезі болды,

Он екі күн өткен соң күн ашылып.

Қозы—Баян күймеде жатыр еді,

Елден бұрын арсалаңдап Қодар келді,

Бір қап қоқым ет оған азық келді.

—Тазша көрген бар ма?—деп сұрайды енді.

—Бекер буға жүріпсің, Қодар батыр, жар-жар,

Мен көргенімді айтайын, тыңла да отыр, жар-жар.

Сіз кеткелі он екі күн болыпты, жар-жар,

Сонан бері бикешпен бірге жатыр, жар-жар.

Бұрқ-сарқ етіп қайтсін-ай ашуланды,

Есі шығып, кәпірдің басы айланды.

Көтен тисе, қапталы быт-шыт болып,

Бармақ етін тісімен жұлып алды.

Қозыны көруге де бата алмайды,

Бағана келген асқа қайта салды.

2090


2100

2110


300

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Қарабайға мал бағып Қодар жақты,

Тарқ-тұрқ етіп байталмен асқа шапты.

—Хан Қарабай, қызыңды бай алыпты,

Суымды бер,—деп сонда әлек сапты.

—Отырған, батыр Сасан, биім көрші,

Бұл не қылған құтырған адам деші!

Сенің суың Бетбақта қалмап па еді,

Не қылайын, бар дағы, ала берші!

—Батыр Сасан, отырсың малың сойып,

Тарқайды өз алдыңнан жұртың тойып.

Мына сөз Қарабайдың мазағы ма?

Ал, кетермін еліңді қырып-жойып!

—Жарқыным, осы елдегі сен бір ерсің,

шақырып қырық үш қатын алып келсін.

Сыйаяқ қып һәрбірі арақ берсін,

Амалмен мас қылалық, улап өлсін.

Қозымен алыса алмай дау саласың,

Жай белгілі, аптықсаң құр қаласың.

Алдап-арбап шақырып өлтірген соң,

Саған ортақ кісі жоқ, сонда аласың.

Жиылып бәрі сонда кеңеседі,

Бәрі де Қозыға ел емес еді.

Қайратынан жасқанып тұра шаппай,

Бәрі де өлтірмекке «ей» деседі.

Қырық үш қатын келеді Қозыға дөп,

Елдің сырын білмейді олар да көп.

«шақырды ақсақалдар сізді тойға,

Тіл сыйламай жатқаның болмайды» деп.

Баян айтты:—Ал, қалқам, қапыл қалма,

Бұларды дос болар деп көңіліңе алма.

Ептеп-септеп, қарғам, сені өлтірмек-ті,

Пейілсіз жиынына тіпті барма!

2120

2130


2140

300

301


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

—Баян-ау, жақсы айтасың, сөзің майда,

ұрғашылық қыласың осындайда.

Темір үйдің ішінде сақтасаң да,

Алладан қаза келсе қойғандай ма?!

Болжалсыз таң, ажалсыз жан шыға ма,

Жүз мылтықтың аузына мені байла.

шын ажалым жетпесе дәл сол жерде,

Періштелер қорғайды, өлім қайда?!

Қырық үш қатын шақыра барған дейді,

Олар да көріп көркін талған дейді.

Ай мен күндей екеуін көргеннен соң,

Бәрі аң-таң, айран-асыр болған дейді.

Асылдан өңкей оған кигізеді,

Құшақтап Баян беттен сүйгізеді.

Жиылған барша жаннан шоқтығы асып,

Күреңмен жарқылдатып жүргізеді.

Ай, Таңсық апасына Баян барып,

Көңілінде қорқыныш түйгізеді.

Сонда жұрт: «Мұндай адам тумас,—дейді,

Мынаған қастық қылған оңбас,—дейді.

Осы екеуін бөлейін деп ойлаған,

Тегінде егіз екі болмас» дейді.

Келді Қозы, мінеки, жұртты көрді,

Ақ ордаға еңкейтіп кіргізеді.

Арақтан күні бұрын жиып қойған,

«Кел, мырза» деп һәрбірі аяқ берді.

«Осылардың қулығын көрейік» деп,

Ай мен Таңсық артынан ере келді.

Тамам жұрт шуылдады, гуілдеді,

Қызған кезде тысқарыдан у әпкелді.

Алып келіп Қозыға беріп еді,

Сығалап тұрған қыздың көзі көрді.

—Сен Күреңді көлденең тарта бер,—деп,

Жүгіріп Таңсық үйге кіріп келді.

—Атыспай, алдауменен өлгенің бе?—

2150

2160


2170

2180


302

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Деді де бір суық су бүрке берді.

Қастықты батыр Қозы білгеннен соң,

Талқан қылып жапсардан жөнеледі.

Жапсардан Қозы ытып, кетіп қалды,

«Ай, кетті» деп үйдегі ойбай салды.

Есікте аңдып тұрған екі жендет

Бірін-бірі қылышпен шауып алды.

Қозыға бір қыз атын дайын етті,

ырғып мініп Күреңге Қозы кетті.

Арағымен аузынан у құсылып,

Жалы жидіп Күреңнің қолға кетті.

Жаппар ием жалғызға болысты енді,

Екі ортасы ауылдың талай жер-ді .

Өңкей қызыл қан құсып келе жатса,

Алдынан Баян сұлу кездей келді.

—Демеп пе ем айтқан сөзі рас емес,

Сізді ептеп өлтіруге қылған кеңес.

Мені ала кет, еліңе тура баста,

Енді сізге жабылар, тыныштық бермес.

—Көрмейсің бе, келемін болып дертті,

Аяқтатпай кетпеспін айтқан сертті.

Бір аулаққа шығып мен оңалайын,

Қайратыма қарап тұр сонда,—депті.

—Ақкезең, Ай балталы жерің қайда?

Балталы мен Сақалы елің қайда? 

Әділ айтып дұшпанмен теңдестірер

Батыр Тайлақ секілді ерің қайда?!

Бір өзіңіз қайтесіз рулы елді,

Арманда боп кетерсіз осындайда!

—Білемін, сұлу Баян, маған елсің,

Армансыз жан сенімен ойнап күлсін.

«Қазан бұзар үй тентек» толып жатыр,

2190

2200


2210

302

303


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

Қайратыңды бір дұшпан, алаш білсін.

Ажал жеткен пендесі қайда өлмейді,

Ең болмаса артқы жұрт айта жүрсін.

Қайыспайтын мінезін Баян көрді,

Ол қайтсін іштен болат туған ерді!

Жабылған тамам жұрттың ең алдында

Ала бедеу байталмен Қодар келді.

шыбын жаны қалғанша қорқар ер ме,

Көлденеңдеп Күреңмен тұрады енді.

—Келдің бе адырайып, мақтанған боп,

Қылайын құзғын, қарға басыңа топ.

Осынша қыр соңымнан һеш қалмадың,

Қай жеріңнен атсам да обалың жоқ.

Сарала сай кез оқты еңіретеді,

Зәресі Қодар құлдың бек кетеді.

шауып жүріп Күреңмен тартып кетсе,

Байталдан алты құлаш жалп етеді.

Қодардай Баян қарап сүймесіне,

Ашуланып келмейді дүние есіне.

Тырайғанын Қодардың көргеннен соң,

шүкіршілік қып қайтады күймесіне.

Күреңді Қозы мінген сонда баптап,

Баянды қосқан екен лайықтап.

Әлгі атқан оқ өтіпті қара саннан, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет