Пробл ем ы ис то ри и каза хс тан а



Pdf көрінісі
бет19/19
Дата21.01.2017
өлшемі1,63 Mb.
#2386
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 
142 
 
Даулы  дəлелді  болса,  комиссия  жерін  босатып  берді,  Егер  ол  комиссияда  қолы  теңдікке  жетпесе 
обласной приеутствиялан сұранып көріп, онан қалса жер министріне һəм думаға дейін толық дəлелдермен 
ізденуге жол бар»[4, 116,117,11866.]. 
Сонымен, XX ғасырдьің алғашқы он жылдығының орта тұсында империя көлемінде қоныстандыру 
ісі белгілі бір жүйеге түсті. 1904 жылы Петербургте қоныс аудару жəне жерін орналастыру Бас басқармасы 
қүрылды.  Мемлекет  тарапынан  үлкен  жəне  нақты  қолдау  алған  бұл  мекемелердің  құқықтық  статусы  да 
жоғары  бояды  жəне  олардың  негізгі  міндеті  «артық»  жерлерді  анықтап,  ол  жерлерге  ішкі  Ресейден  орыс 
шаруаларының көшіп келіп орналасуына жағдай жасау еді. 
Патша  өкіметі  отарлау  саясатын  жоспарлы  түрде  күшейте  түсті,  өлкенің  байьрғы  тұрғындары  ата 
қоныстарынан  қуылып,  тау  -  тас,  шөлді  жерлерге  ығыстырылды.  Ол  іс  қалайша  жүзеге  асырылғанын 
төмендегідей  мəліметтерден  анық  байқай  аламыз:  -  «І891жылғы  Ережеден  кейін  жасалған  алғашқы 
қадамдардың  бірі  1895  жылы  құрылған  Ф.А.  Щербинаның  экспедициясы  еді.  1896  -  1899  жылдары 
аралығында  Торғай,  Ақмола  жəне  Семей  облыстарынын  12  уезін  аралап,  зерттеу  жұмыстарын  жүргізген. 
Ф.А.  Щербинаның  пікірі  бойынша,  аталғап  облыстардың  8  уезіндегі  қазақтардың  иелігіндегі  жер  көлемі 
45.889.000  десятина  болган.  Щербина  есебі  бойынша,  бұл  жердің  23.297.000  десятинасы  (51%)  қазақтарға 
қальш, ал қалған 22.592.000 десятинасы (49%) артық жер есебінде нерсселен мекемесі қарамағына көшуге 
тиіс. 
Егіншілік  министрлігі  бұл  ұсынысты  қарап,  1901  жылғы  5  наурыздағы  №11  жарлығы  бойынша 
қазақтардың  жер  көлемін  29.121.000  десятинасы  (63%)  көтереді»[5:33,34бб.],  осымен  байланысты 
қарапайым есеп  бойыпша қалған 16.768.000 десятина (37%) жер көлемі мəеселен мекемесінің  қарамағына 
көшетін болып шеішілді. 
Егер  1893  жылдан  1905  жылға  дейін.  яғни  12  жылдың  ішінде  қазақ  халқының  4  млн.десятинадан 
астам  жерлері  тартылып  алынганы  аздық  еткендей  одан  кейінгі  7  жылдыц  ішінде  1906  жыл  млн  1912 
жылдардың аралығында 17 млн. десятинадан астам жер тартып алынды. 
Патша  өкіметі  қазақ  халқының  мүддесімен  есептеспестен,  ескерместен  шұрайлы  жерлерді 
иемденіп, қазақтарды ығыстыра берді, соңғы жылдарда қазақ иелігіндегі егіндік пен шабындық жерлердің 
көлемі күрт төмендеді. 
Осындай жағдайда А. Жанталин ары қарай күнелтуінің қалай болмағы жайындағы қазақ халқының 
ойлары үшке бөлінгенін айтады. Соның біріншісі(көп бөлігі): «бөлінген нормаға риза болуға ар нешік қазақ 
болып бір ыңгайлы жерлерге иелік құрудың шарасын ғана ойлап, түгеліміз бір ауыздан табан тіреп тұрсақ 
соңғы норманы ғұмырлық қылмай қайта берер деген үмптегілер»[4:109б.]. 
Екінші  жағының  пікірі  мынау:  «көшпелі  қазаққа  құмдық,  таулықтан  басқа  ұлтарақтау  жер 
берілмейді,  осыны  көріп  тұрып  жақсы  жерлерімізді  мужикке  беріп  өзіміз  қақ  далага  қарай  қуылып  жүре 
бергенімізше  азда  болса  ата  қонысымыздан  крестьян  нормасымен  ғұмірлік  қылып  жер  алып  қайықта 
деседі» [4,1106.]. 
Үшінші жағының пікірі мынау. «осы түнгі бір басып жүрген «Сары Арқаның» қара топырағы жерін 
қазақ баДасына крестьян болмай тіпті де бермейді, ал енді бұл жерде крестьян болып қалай күнелтеміз деп 
«Ауған»  мен  «Бухара»  халықтарының  шекараларында  болған  «Жиделі  Байсын»  дегн  жерге  көшіп  барсақ 
байымыз  жұрттан  асады,  жарлымыз  байды  деп  артықша  ақиқат  қылысып  жүрген  жайылары  бар 
көрінеді»[4, 1106.]. 
Сонымен  XX  ғасыр  басындағы  Қазақ  елінің  қасіреті  жер  мəселесі  жайында  пікірі  үшке  бөлінген 
елдің ойына анализ жасап, кімнің бұрыс, ненің тура екенін айтып жол көрсеткен 1913 жылғы «Айгақтың» 
-  санында  «Тағы  да  күнелтуіміз  турасында»  деген  А.  Жанталиннің  мақаласынан  өз  дəуірінің  əлеуметтік 
процестерінен бай ақпарат алуға болады, 
Жер мəселесінің қашан да қазақ ұлтының тағдырындағы орны ерекше екеніп түсінген ұлттың зиялы 
қауымымен бірге А. Жанталин де түсініп, осы мəселе бойынша өз ойларын білдіріп, патша өкіметінің жер 
мəселесі жөніндегі саясатының мақсатын əшкерелеп отырды. 
А. Жанталин қазақ халқының патша билігінің айтуы бойынша тез арада көшпенді тұрмысты тастап, 
отырықшы өмір салтына өтуіне қарсы болды. Ғасырлар бойы жердің  табиғи ерекшеліктеріне  бейімделген 
халықтың  отырықшы  өмір  салтына  өтуі  жайлы  «біздің  жұрттың  өз  еркімен  крестьян  өлшеу  нормасына 
келуін мен тіпті ұнатпаймын. Оған шыбын жаныммсн шырылдап қарсы тұрғым келеді. Неге десеніз «жер» 
бөлудің сиында біз үшін бек коп қорқыныштар сезіледі. 
 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 
143 
 
Ең басы қырғыз - қазақ баласы жерді бөліп алып, қала болса үкімет тарапынан ешқандай көмек жоқ 
соры қайнап қу кедей болмай һэм Ресейдегі ашаршылық біздің басымызға айналмай қайтеді деп қорқамын» 
деп.  Менің  ойымша:  біздің  жұрттың  10  -І5  жылдан  соң  екі  танауына  қолын  тығып  отыруы  деген  сөз»[4, 
896.]. 
А.  Жанталин  осыған  орай  өзіндік  ыңғайлы  жоба  ұсынады.  Ол  бойынша:  «Қоныстас  (райондас) 
ауылдардың  əрбірінде  жерлес  (группалас)  ауылдардың  бірнешесінде  нормадан  артылған  жерлері  болса, 
артық  жерді  əр  группадан  шығарып  ауыл  басына  бір  қаладан  қылмайынша,  бəлки  бір  райондагы  ақсақал 
біткен жиналып шығарып беріп өздері қазақ болып бірыңгай қалмақ керек»[4:92б.]. Яғни, А. Жанталиннің 
көздеген  мақсаты  қазақ  халқының  орыс  мұжықтарымен  араласып  ассимилиацияга  түсіп  кетуінен 
сақтанадыру  еді.  Оған  қоса  осылай  бірнеше  ауыл  осы  план  бойынша  бір  жағын  мужикке  беріп,  екінші 
жағына бір жерге өздері жиналып қыстаса, қала болмасаңдар олай жиналмаңдар деген бұйрық жоқ екенін 
айтып. ал егерде крестьян қылмай қазаққа шыққан норманы бсрмейміз десе. осы отырған қалпымызбен қала 
бола  салармыз.  Оған  кейін  əртүрлі  тіршілікке  үйренерміз,  көнігіп  жер  алатындар  да  көбейер»[4,  92,9366.] 
дейді. 
А. Жанталин қазақ елінің отырықшы тұрмысқа көнуін халқымыздың ерекшеліктеріп ескере отырьп, 
көпсатылы əрі ұзақ мерзімде өту керектігін ұсынады: 
өз жерлерін қолына алып, қазақтардын мұралық жерлерді иелену құқығын мəңгілікке заңдастыру; 
жерді сатуды тоқтату; 
жергілікті  тұрғындарды ата - бабалары бұрыннан тұрып келе жатқан  жерлерден күштеп қууды тоқтату [4, 
126.]. 
Қоныс аударушыларга көптеген көмектер берілді: 
30 десятина көлемінде ең құнарлы жерлер; 
15 жыл салықтан, түлі міпдегкерліктерден босатылу; 
мұқтаж отбасыларына 100 сомга дейін қарыз берілу; 
4-5 жылдан кейін тағы да бір қосымша жер кестіріп алу мүмкіндігі. 
Ал қазақтарга мұндай көмектер болган жоқ. Норма бойынша əр адам басына 15 десятина жер алуға 
ғана мүмкіндігі болды, мұның өзі тау - тас құнарсыз жерлерден. 
Қоныс  аударушыларға  көптеген  көмектер  бола  тұрса  да  біз  олардың  еліне  қарай  қайтқанын 
байқаймыз, Ол туралы А. Жанталин «1908-ші жылда жүзден 1, 1909-шы жылда 12, 1910-шы жылда жүзден 
36,  өткен  1911-  ші  жылда  тап  жарты  (50  пайызы)  пайызының  қайтуы  қазақ  жерінің  жалғыз  егінмен  ғана 
күнелтуге жарамды емес екендігін ашық көрсете алмаса екен»[4, 896.]. 
Осыған орай  А.  Жанталин  қазақ  жұртының отырықшы өмір садтына өту туралы ой  -  пікірін 1912 
жылғы  «Айқантың»  10  -  саиындағы  «Қазақ  халқының  түпкілікті  орналасуының  жол  -  жобасы»  атты 
мақалада  ұсынады.  Ол  жоба  бойынша:  «-  Мужиктердің  бір  қатары  күнелте  алмай  елдеріне  қайтып  жатыр 
деді - бұл сөз тек бір көңіл жұбату. бұлардың кері көшумен қазаққа тиіндей пайда жоқ. Олар кетті десекте 
мужикке кесілген жер иесіз қалып қазақ өз жеріне өзі ие болып, еш уақытта мужикті келтрмеу жолын ойлау 
керек; ол жол баяғы қазақтардың жер алып отырықшылыққа айналуы деген сөз болады, 
Олардікі  егін,  біздікі  мал  өсіру  ата  кəсібіміз.  Қала  бол  деген  сөз  мал  өсірме  деген  шықпайды.  Қызылжар 
маңында  қала  болуға  жазылған  қазақ  ауылдарының  тұс  -  тұсынан  мал  бағуға  жерлер  қалдырылып  жатыр; 
сол  жерге  оброк  төлеп  қазақтар  мал  бағып  пайдаланады  екен.  Жəне  де  мал  бағып,  күні  келсе  егінмен  де 
саудамен де қазақ тіршілік ете алады. 
9 - шы ноябрь законынан қорқады: қазақтар аз уақытта бар жерін сатып өздері жерсіз қалар еді. Бұл сөзі бір 
сыпыра  дұрыс,  бірақ  кіндік  кескен  жерден  көз  көре  қол  көтеріп  шығуға  тек  бұл  ғана  толық  себеп  болып 
жетпейді. 
Көз алдымызда тұрған башқұрт халқынан өнер алуға  болады ғой. Өнер білімнен  қала болғанда ұзақтайды 
деген  сөз  түбірімен  қатар,  қай  халық  болса  да  өнер  білімді  көшіп  жүріп  таппаған;  бəлке  отырақ  болып 
медресе, мектептер салып тəртіп, тағылым көру арқасында тапқан, бұған тарих төреші»[4:97,99бб.]. 
Қазақ  халқының  жері  мен  табиғи  байлығын  отарлау  формасындағы  тонаушылыққа  жол  ашқан 
заңдар бірінен соң бірі қабылданып жатқаны мен қатар соның негізінде жүйелі түрде осы мақсатта қызмет 
атқаратын  мекемелер  құрылып  байлығымызды  тонаушылық  ісі  аздық  еткендей  оған  қоса  Торғай,  Орал, 
Ақмола,  Семей,  Сырдария  жэне  Жетісу  облыстарын  басқару  жайындагы  положсниепің  V-  бөлімінде  (о 
нравах киргизов) 243 бабында - «қырғыздар (қазақтар) Ресей империясының əрбір село тұрғындарының 
 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 
144 
 
құқықтарымен  теңестіріледі  делінсе,  келесі  247,  248  баптарында  шоқынған  қырғыздар  қалауы 
бойынша өз орнында қала алады немесе қалаған қала не селога (орыс, қазак демей) барып тұрып, олардьң 
жергілікті  қауымынан  немесе  басқару  органдарынан  рұқсат  алмай  сонда  тіркеле  алады»[6:339]  -  делінгені 
тағы бар. Бұл дегеніміз отарлаудың тек  жерге, байлыққа немесе географиялық орналасуының  тиімділігіне 
ғана  бағытталуы  емес,  ұлт  ретінде  тіршілікті  жоюга  бағытталуы  болып  табылады  емес  пе?!  Жерді  заңды 
түрде Ресейге тиесілі деп жариялады, жүйелі отарлауға кірісті, қазақтан жер алып орысты қоныстандырды 
оны өзінің «Даладағы» тірегі етті, оған қоса жұрттың жерін, малын алып қайыстыра алмаған елдің тірегі - 
жергілікті  ұлттық  рухы  мен  діни  санасына  шабуыл  жасап  қазақтан  өзіне  тірек  іздеді.  Болып  жатқан 
құбылыстарды нақты түсініп отырған ұлттың зиялылары барынша жағдайды өзгертіп бағуға тырысуы ұлт 
тарихының мақтан тұтарлық беті. 
Оның үстіне А, Жанталин ашаршылыққа ұшыраған оңтүстіктегі Жетісу, Сырдария облыстарыньщ 
қазақтарын  Арқаға  көшіру  жайлы  ойын  1917  жылғы  Жас  Азаматтың  50-нөмірінде  жариялаған.  Ондағы 
оның ойы солтүстік өңірлерді келімсектердеп сақтауда  бар. Ағайымдарға көмек  пен  Арұаның  жерін  қазақ 
алса,  келушілерге  жер  азаяр  еді,  ол  аркылы  жерді  де  елді  де  сақтаудың  мүмкіндігі  ұлғаяр  еді  деген  ой 
болатын. 
Ресей империясы қазақтың кең - байтақ жерін тек экономикалық жағынан ғана емес, идеологиялық 
жағынан да орыстандыру, шоқындыру саясаты арқылы толық билеп, бағындырып алуды алдына мақсат етіп 
қойды.  Қиын  да  күрделі  оқиғаларга  толы  XX  ғасырдың  басында  тарих  сахнасына  шығып  өздері  ұсынған 
бағыттары  мен  көкейкесті  ойларын  ортаға  сатып,  сол  арқылы  ел  тəуелсіздігі  үшін  күресуді  өздерінің  аза 
маттық борышы ретінде санаған ұлттың зиялылар қауымы - бұл қозғалыстың негізгі үйытқысы бола білді. 
Ұлт зиялыларының белсенді тобының бел орғасынан табылган тұлғаның бірі - Ахмет Жанталин болды. 
Ағартушының,  ел  қайраткерінің  қаламынан  шыққан  мақалаларды  зер  салып  қарап  отырсаңыз,  ол 
тиек етпеген мəселе жоқ екен. Жер мəселесі, қазақ мектебін ашу, қазақ тілінде газет шығару, жер - су, дін 
мəселесі  жəне  тағы  басқалары  сол  кездегі  өзге  қазақ  зиялыларының  да  секілді  А.  Жанталиннің  де  жанын 
ауыртып, оған үкімет назарын аударуға тырысқан. 
Жер  мəселесінің  қашанда  қазақ  ұлтының  тағдырындағы  орны  ерекше  екенін  түсінген  ұлт 
зиялыларымен  бірге      А.  Жанталинде  түсініп,  осы  мəселе  бойынша  өз  ойларын  ашып  айтып,  отаршыл 
жүйенің озбыр саясатының мəнін əшкерелеп, елге түсіндіріп отырды. 
А.  Жанталиннің  мақалаларын  оқи  отырып,  отарлық  езгіде  болған  қазақ  халқының  жағдайын, 
отаршыл  империялардың  қазақ  халкына  көрсеткен  зорлық-зомбылығын,  отарлық  езгіге  түсіп  жаншылған 
ұлтымыздың жан айқайын ести аламыз. Сондықтан қазақ  үшін орны ерекше жер мəселесінде шыбын жаны 
шырылдаған зиялыларының бірі - Ахмет Жанталиннің ұлт мүддесіне сіңірген еңбегін келер ұрпақ əр қашан 
жадында сақтағаны дұрыс. 
ойгелдиев М. . Есіл бойындагы азатты, ,озғалысы.// СолтHстік  аза,стан. - 2009. - 21 
,азан. 
ойгелдиев  М. .  Сталинизм  и  репрессии    в  Казахстане  1920  -  1940-х  годов,-  Алматы:  Искиндер,  2009.  - 
448с. 
« аза,» газеті // Бас редактор 0. Нысанбаев. - Алматы: « азак энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. - 
ЗбОбет. 
Жанталина А.А. Мудростью отца восхищаюсъ. - Алматы: 'Гамыр, 2005. - 144 с. 
ойгелдиев М.  Алаш ,озғалысы. - Алматы, Санат, 1995. - 368бет. 
Положение  об  управлении  Акмолинской,  Семипалатинской,  Семиреченской,  Уралъской  и  Тургайской 
областями:  (25  марта  1891  года)  Древний  мир  права  казахов:  Материалы.документы  и  исслед.  /Гл.  Ред. 
С.З. Зиманов. —Алматы, 2005. - Т.5. ■ -С.518 
Резюме 
В  данной  статье  рассматриваются  взгляды  казахского  интеллигента  Ахмета  Жанталина  по 
земельному вопросу в Казахстане в конце ХІХ –начале ХХвека. 
 
Summary 
 
This article discusses the views of the Kazakh intelligentsia Ahmet ZHantlina on the land issue in Kazakhstan in the 
late XIX early XX-ies 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет