мәліметі бойынша бұл кезеңде экономикада мы-
надай сюжеттер көрініс алған:
Қазақстан –Кеңес одағының отарлық, шикізат перифериясы болды.
Экономиканың жекешелік басқарылу сипаты болмады.
Мұндай талдау және экономикалық өмірдегі даму деңгейі
экономикалық-әлеуметтік тұрғыдан алғанда соғыстан кейінгі кезеңдегі
жалпы Қазақстанның және оның аймақтарының агроиндустриялық
кеңістігіне сипаттама беруге мүмкіндік береді. ол 1946-1990 жылдар-
да мынадай сипатта болды:
1 республика және оның аймақтары КСРо-дағы даму мүмкіндігі
ең мол аймақтың бірі болып есептелді. Яғни ұлан-ғайыр, аз игерілген,
пайдалы қазбаларға бай, жұмыс күші арзан, соғыс жылдарында эваку-
ация нәтижесінде көбейген білікті жұмысшылар мен инженер-техник
мамандар бар аймақ;
2 қаланы қамтамасыз ететін дәнді дақылдардың көлемді егіс
алқаптарының әрі жыл сайын ұлғайып отыруы;
3 өнеркәсіп құрылымында ауыр индустрияның басым болуы;
өнеркәсіптің диверсификациясының әлсіз болуы;
4 экономиканың экстинсивті және ысырапқорлық сипаты;
одақтық саясатқа бағынышты болған республика жағдайында,
оның елеусіз назарында болған орал қаласы экономикасы үшін осын-
дай кемшіліктердің орын алуы заңды құбылыс еді. осы кемшіліктерге
қарамастан 1950-1990 жылдарда қала экономикасында едәуір
жетістіктерге қол жеткізілді. олар:
- Қала өнеркәсібінің өндіруші саласының дамуы, ірі өндіріс
ошақтарының салынуының қолға алынуы;
- жоспарлы экономикаға толық икемді болу;
- қалада құрылыс ісінің басталуы;
Сонымен соғыстан кейінгі 1946-1970 жылдар арасында қала
экономикасы біріншіден, қалпына келтіру, өндірісті жүйеге келтіру
міндетін жүзеге асырумен; екіншіден, одақ белгілеген соғыстан кейінгі
бесжылдықтар жоспарын орындау жолындағы жұмысшылардың
еңбегін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізумен сипатталса; 1960-1980
жылдар жаңадан өндіріс орындарының салынуымен, қалада өндірісті
техникалық тұрғыдан қайта жарақтау және қайта құру ісі кең көлемде
жүргізілуімен сипатталды.
52
53
1.2 Әлеуметтік жағдай және қала тұрмысының жаңаша
үрдістері
Соғыс аяқталғаннан кейінгі кезеңде жалпы одақ көлемімен
қатар оралда да қала құрылысы мен қаладағы әлеуметтік-тұрмыс
жағдайға да көңіл бөліне бастады. Қала құрылысы туралы КСРо халық
комиссариатының 1943 жылғы 29 қыркүйектегі №1064 қаулысы бой-
ынша архитектура ісінің арнаулы комитеті құрылады. Бұл комитет
әрбір қаланың бас архитектура мекемесін құру мәселесін алға қояды.
осыған орай орал атқару комитетінің еңбекшілер депутаттарының
қалалық кеңесінің шешімі бойынша қаланың архитектуралық
мекемесі құрылды. оның негізгі міндеті-қала құрылысына бақылау
орнату, тұрғын үй салу, тұрмыстық , қоғамдық құрылыстардың жоба-
ларын қарап, бекіту, олардың архитектуралық-сәндік сипатына, қала
көшелерінің әдемілігіне, көгалдандыру ісіне көңіл бөліп отыру болды.
осыған орай қаланың дамуы үшін қала құрылысының Бас жоспары
талқыланып, қабылданады. Жоспар сол кезеңдегі қала құрылысының
жетістіктері мен ірі орталықтарды жоспарлаудың тәжірибелерін ескере
отырып жасалады. Жоспарда қала тұрғындарының тұрмысы мен дема-
лысына жағдай жасауға, көшелерді, жасыл аймақтарды мүмкіндігінше
сәнді ұйымдастыру мәселелеріне баса назар аударылады. Сондай-ақ
техникалық-экономикалық жағдайлар, кәсіпорындардың, ғылыми
мекемелер мен оқу орындарының болашақтағы өсіп-даму мәселелері
де қаралады. Соғыс аяқталғаннан кейінгі кезеңде орал қаласының
құрылысы бір қабатты балшық үйлер шоғыры орналасқан Юбилейная
алаңынан Куренияға дейін созылып жатты. Қала көріксіз қарапайы
қалалардың бірі болды. 1946 жылы қалада 1280 коммунальдық
үйлер болды. Сондықтан жаңа өмірге аяқ басқаннан кейін бүкіл елде
көркейту, тұрмыс жағдайын түзеу мәселесі көтерілді. Бұл бағыттағы
алғашқы шаралардың бірі 1946 жылы қала үйлерін жөндеуге 677,8
мың сом ақшаның бөлінуі. оның 470,3 мың сомы –күрделі жөндеуге,
207,5 мың сомы ағымдағы жөндеуге бөлінген. Бірақ тиісті құрылыс-
жөндеу мекемелері, материалдардың болмауына, жұмысшылардың
жетіспеуіне орай қаржының тек күрделі жөндеу бойынша 43,8%,
ағымдағы жөндеуге бөлінгеннің 75,4% ғана орындалған.
Қаланың құрылысы мен оны көріктендіруде ерекше орын алған
көгалдандыру ісі болды. Қаланың кәсіпорындары мен мекемелері
көгалдандыру мақсатында 1947-1948 жылдарда 85 мың ағаш
отырғызған, бірақ дұрыс күтілмеудің салдарынан оның 40 мыңы өспей
қалған [33]. Ал 1950 жылы көгалдандыру ісіне 82,5 мың сом бөлінген,
көктем-жаз айларында қалада 92030 шаршы метр жерге гүлзарлар мен
газондар жасалған.
осы кезеңде қаланы көркейту ісіне арнаулы 411 мың сом қаржы
бөлінген. оның 69,1 мың сомы-қаланы көгалдандыруға, 55 мыңы –жол
шаруашылығына, 169,5 мың сомы –көпір салу ісіне, 117,4 мың сомы
–қаланың басқа да көріктендіру істеріне бөлінген.
Бірақ бұл қаржы тиісті дәрежеде игерілмеген, оның себептері
жұмысшы қолының, транспорттың, материалдың жетіспеуі,
басшылықтың жеткілікті көңіл бөлмеуі болды. Қаланы көгалдандыру
ісіне партияның шақыруымен сол кезеңде қала кәсіпорындары
қатыса бастаған. Мысалы, 1947 жылы сәуірде ворошилов зауыты
жұмысшылары 140 түп, «Қызыл таң» кинотеатры қызметкерлері 80
түп, орал кеме ісі жұмысшылары 700 түп ағаш отырғызған. осын-
дай істердің жүргізілгеніне қарамастан көркейту ісі баяу жүрді.
осыған орай КСРо Министрлер Кеңесі 22 наурызда 1948 жылы орал
қаласын көркейту мәселесі жөнінде кеңейтілген шешім қабылдайды.
Бұл шешім бойынша КСРо коммунальдық шаруашылық Министрлігі
орал қаласына 60 тонна цемент, 3 тонна төбе жабатын темір, 1 тон-
на бояу, 1000 шаршы метр әйнек беруге тиіс болды[90;6]. Бірақ
шешім уақытында толық орындалмайды да қаланы көркейтуді қала
тұрғындарының өзі мен қала кәсіпорындары жалғастыра берді. Мыса-
лы, 1948 жылы халық күшімен Киров атындағы мәдениет және демалыс
паркі қалпына келтіріледі. Жоғарғы жақтың көмегі болмағандықтан
қала өз бюджетінен қала құрылысына қаржы бөле бастайды. оның
дәлелі қаланың бас жоспарын жүзеге асыру үшін 1948 жылы қала
бюджетінен қала құрылысына мынадай мөлшерде қаржы жұмсаудың
белгіленгені:
1 Қаланы көркейтуге -1622,6 мың сом.
2 Тұрғын үй қорын жөндеуге-408,5 мың сом.
3 Көшелерге-300 мың сом.
4 Басқа шараларға-914,1 мың сом.
дегенмен қала құрылысы мен қаланы көркейту ісінің көкейтесті
мәселе ретінде бірнеше дүркін Жоғарғы Кеңес алдына қойылуы
1948 жылы 5 сәуірде ҚазКСР Министрлер Кеңесінің орал қаласын
көркейтудің арнаулы шараларын қарап, бекітуіне әкелді. Соның
нәтижесінде көркейту ісіне 2 миллион 200 мың сом ақша бөлінеді. Бұл
1947 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көп болды [98;36]. Мұның өзі
қала құрылысы мен көріктендіру ісін белгілі бір деңгейде жүргізуге
мүмкіндік берді. осындай қаржының бөлінуіне қарамастан қаладағы
тұрғын үй салу мен оны жөндеу мәселесі өте төмен дәрежеде болған.
1948 жылы 1-шілдеде күрделі жөндеуге бөлінген қаржының тек 26,2%
ғана игеріліп, Толкачев басқарған «Ремстройконтор» мекемесінің
тұрғын үй қорын жөндеу ісін тиісті деңгейде жүргізбей отырғанына
54
55
партия ұйымы тарапынан үлкен сын айтылған. Шын мәнінде бұл
мекеме жоғарыда көрсетілген тұрғын үй қорын жөндеуге бөлінген
қаржының тек 97,7 мың сомын ғана жұмсаған [98;41]. Қаладағы тұрғын
үй мәселесіне келсек 1947 жылы орал қаласында жекелей өз есебінен
және мемлекеттік кредит есебінен небары 34 үй ғана салынған[68;15].
Мұндай мөлшердегі құрылыс ісі қала құрылысының қарқынды түрде
дамуына мүмкіндік бермеген еді.
Сондықтан соғыстан кейінгі жылдарда ең қарапайым да, өткір
мәселе -халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету болды. Бұл кезеңде
тұрғын үйлер салатын арнаулы құрылыс кәсіпорны қалада болмады,
ал «Ремстойконтор» мекемесінің ауқымы мен жұмыс қарқыны баяу
болды, әрі соғыстан енді бас көтеріп келе жатқан елде қаражат жағы
да тапшы болды. Сөйтіп қаладағы арнаулы мекемелер жұмысының
баяулығына орай бұл кезеңде қала құрылысын жүргізу ісіне әсіресе
кәсіпорындар белсене қатысады. Мысалы, ворошилов зауыты жаңа
клуб, стадион, Землячка атындағы зауыт жұмысшылары 22 пәтерлік
тұрғын үй мен 70 адамдық 2 жатахана салған. Қала еңбекшілерінің
әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартудағы тұрғын үй мәселесі
мен қала құрылысы тек 1950-жылдардан бастап мемлекеттік тұрғыдан
қолдауға ие болады. Тұрғын үй мәселесін шешудің көмекші көзі ретінде
қалалық кеңес жеке меншік үй салушылар ниетін қолдап, көмектесіп
отырған. Бұл жылдардағы құрылыс материалдарының тапшылығына
байланысты үйлер негізінен саман тастардан салынған. 1950 жылдары
мемлекет тарапынан берілген кредитті пайдаланып, қала тұрғындары
жер учаскелерін алып, 1,2-ші жұмысшы поселкасы аудандарында қызу
үй салу ісі кеңінен жүзеге асырған.
Елуінші жылдардағы қаланың қоғамдық тұрғын үй қорының негізгі
проценті коммуналды үйлер болды. Мысалы, 1953-1954 жылдарда
қаланың тұрғын үй басқармасынан қала азаматтарына 172 коммуналдық
пәтер берілген. Бұлар адамдардың тұруы үшін өте тығыз болды. Жал-
пы бұл кезеңде қалалық тұрғын үй басқармасында есепте 76546 шар-
шы метрлік 3575 коммунальдық пәтер болған. 106 пәтер авариялық
жағдайда екені анықталған, оның 66-сы күрделі жөндеуге келмейтін,
есептен шығарылуға тиісті пәтерлер болды. Бес жылдың ішінде 24-
пәтерлік үй салынып, ол 1960 жылы мұғалімдер мен дәрігерлерге
берілген. Сонымен қатар осы кезде пәтер алу кезегінде 1216 жанұя
тұрған. оның 863-жалпы тізімде, 109-өкпе ауруларымен ауратын-
дар, 49-үйлері авариялық жағдайда тұрғандар, 33-өте қажеттіліктегі
жанұялар, 101-денсаулық қызметкерлері, 61-мұғалімдер жанұясы бол-
ды. Сондықтан қала әкімшілігі бесінші бесжылдық жоспарда тұрғын
үй салуға 116,7 миллион сом күрделі қаржы бөлген, оның 60,1 милли-
он сомы, яғни 56,5% ғана игерілген. оның себебі трестердегі құрылыс
техникасының төмен деңгейі, құрылысшы кадрлардың аздығы болды.
Сондай-ақ бесінші бесжылдық жылдарында тұрғын үй мәселесін ше-
шуге өз қаржыларын қосып, халықтың үймен қамтамасыз етілуінің
үлес салмағын арттыруға тырысқан кәсіпорындар да болды. олар во-
рошилов атындағы зауыт, СМо зауыты, теміржол бөлімшесі болды.
Партияның ХХ сьезінің қарарларында және КСРо Министрлер
Кеңесі мен КоКП оК 1957 жылғы 31 шілдедегі «КСРо-дағы тұрғын
үй құрылысын дамыту туралы» қаулысына сәйкес 10-12 жыл ішінде
тұрғын үй мәселесін шешу туралы міндеттер қойылды. Бұл шешім
қала басшылығының қолдауына ие болып, біраз оң нәтижелер берді.
оның дәлелі 5600 шаршы метрлік тұрғын үйлердің пайдалануға
берілуі. Негізінен бұл жылдардағы үйлер «Хрущев үйлері» деген
атқа ие болған 2-3 қабатты үйлер болды. Мұндай аз қабатты үйлер
құрылысы қымбат, әрі үлкен қиыншылықтармен жүрсе де оларды
салу тоқталмады. Үкімет тарапынан айтылған көп қабатты үйлер салу
туралы нұсқаулар аяқсыз қалып отырды.оның үстіне бұл кезеңдегі
тұрғын үй салу ісінің қарқынды дамуына кедергі келтірген ол қала
құрылысының құрылыс техникасымен, құрылыс материалдарымен на-
шар жабдықталуы және құрылысшылардың жаңашыл тәжірибелерінің
ескерусіз қалуы болды. осындай себептерге орай көп қабатты тұрғын
үй құрылысы баяу жүрді, оның есесіне қала шеттерінде жеке меншік
үйлер салу, жұмысшы поселкелеріндегі құрылыс шапшаң жүрді. 1950-
1966 жылдардағы қаладағы тұрғын үй құрылысының санын мына 10-
кестеден көруге болады:
10-кесте
Жылдар
Мемлекеттік және кооперативтік
ұжымдар
арқылы
салынған
тұрғын үйлердің жалпы көлемі
(мың шаршы метр)
Қала мен қала типіндегі жерлер-
де өз есебінен және мемлекеттік
кредит есебінен салынған үйлер
(мың шаршы метр)
1950
10 мың
-
1955
69
22
1960
145
66
1965
181
33
1966
164,3
36
1959-1964 жылдар арасында жеке тұрғын үйлер салу есебінен
56
57
қаланың тұрғын үй қоры 183 мың шаршы метрге өскен. Әсіресе мемле-
кет бұл жылдарда тұрғын үй құрылысы мәселесіне ерекше көңіл бөлді.
Мысалы, 1964 жылы мемлекеттік тұрғын үй құрылысына 12,8 млн сом
ақша бөлініп, соның есебінен қала тұрғындары 103 мың шаршы метр
үйді иеленіп, 10 мыңнан астам адам ыңғайлы пәтерлерге қоныстанды.
Бірақ мұнымен түпкілікті міндеттер толығымен шешілген жоқ, өйткені
ең алдымен басшылық орындар бұл мәселені тек талқылаумен аяқтап
отырды, әрі бөлінген құрылыс материалдарының сапасы да нашар бо-
лып келді. Нәтижесінде заман талабына сай келетін құрылыс, құрылыс-
монтаж жұмыстары, үйлерді көркемдеу жұмыстары тиісті дәрежеде
жүрмеді, сапасы төмен болды. Мұндай жағдай тек орал қаласында
ғана емес барлық Қазақстан қалаларына, тіпті одақтың Свердловск,
Минск сияқты қалаларына да тән болды. Сондықтанда бұл мәселеге
1960 жылы Москвада Бүкілодақтық қалалар құрылысы бойынша өткен
кеңесте де көп көңіл бөлу керек екендігі атап көрсетілген.
Сондай-ақ 1961 жылы КоКП ХХІІ сьезінде де елдегі күрделі
құрылысты өркендетудің жаңа міндеттері қойылды. Құрылыс
ұйымдарындағы коммунистер құрылысшылар арасында саяси-
мәдени, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, құрылысшыларды еңбекке
коммунистік көзқарас үшін қозғалысқа қатысуға шақырды. Сөйтіп
1960 жылдардан бастап үкіметтің жыл сайын күрделі қаржының
мөлшерін көбейтуіне орай қалада құрылыс жұмыстары қарқынды
дами бастаған. «Жилстрой» құрылыс басқармасының негізінде
көрші Ақтөбе қаласындағы «Актюбжилстрой» сияқты «Промстрой»
тресі құрылды. Құрылыс материалдарымен қамту үшін 1960 жыл-
дарда кірпіш зауыты іске қосылды. Қала бюджетінен тұрғын үй және
мәдени-тұрмыс мекемелерін салуға 2021 млн. сом қаржы бөлінген.
Яғни тұрғын үй құрылысымен қатар қалада халыққа қызмет көрсететін
мәдени-тұрмыстық обьектілер салу ісі шапшаң қарқынмен жүрді.
Мысал ретінде 90 және 140 орындықты балалар бақшасы, саңырау-
сақауларлар қоғамының клубтарын атауға болады [66;20]. Сөйтіп қала
құрылысында айтарлықтай өзгерістер болып, жақсы жабдықталған
тұрғын үйлері бар жаңа ықшам аудандар бой көтере бастады. 1970
жылы қаладағы тұрғын үй қорына келсек, қоғамдастырылған тұрғын
үй қоры -14781, оның 677 – жергілікті кеңестерге, 1538 – мемлекеттік
және қоғамдық мекемелерге қараған, ал азаматтардың жеке меншігінде
-125666 үй болған.
1970-жылдардағы КСРо-ның барлық республикаларындағы
құрылыс жұмыстарының өсуіне ықпал еткен «Әр жанұяға жеке пәтер»
деген бағдарламаға сай орал қаласында да тұрғын үй құрылысының
қарқынын күшейту мақсатында ірі панельді үй салу комбинатының
күш-қуатының арттырылуы болды. оның көмегімен жылма-жыл
қалада 10 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріліп отырған. Күрделі
құрылыс саласындағы бұл кезеңдегі маңызды жетістіктер жаңадан
«омега», «Металлист», «Союзлакрица», «Коммунзапчасть», Керамика
зауыттары сияқты ірі өндіріс орындары мен онкологиялық, өкпе ауру-
лары диспансерлері мен теміржол ауруханасының іске қосылуы болды.
Бірақ күрделі күрделі құрылысты дамытуда экономиканы басқарудың
әміршіл-әкімшілдік жүйесінің билік жүргізуінен бірсыпыра проблема-
лар туып отырған еді. Ең алдымен 1970-жылдардағы қаладағы күрделі
құрылыстағы негізгі кемшілік оның көлемінің үлкендігі мен оны
жүргізуге бөлінген қаржының шектеулігі арасындағы үйлесімсіздік
болатын, жобалау ұйымдарының құрылыстың жұмыс жобалары
мен сметаларын сапасыз жасауының, технологиялық қателіктердің
көптеген фактілері орын алды. Құрылыс экстенсивті негізде өркендеді,
обьектілер мен кәсіпорындарды салу мерзімі нормативтен шығып
кетіп отырды, аяқталмаған құрылыстардың көлемі жылдан-жылға
көбейе берді.
КоКП орталық Комитетінің және Министрлер Кеңесінің 1969
жылғы 28 мамырдағы №392-ші «Азаматтық тұрғын үй құрылысының
сапасын жақсартудың шаралары туралы» қаулысы мен Қазақ КСР Ми-
нистрлер Кеңесінің 1969 жылғы 22 шілдедегі №450-ші «Қазақстанда
құрылыс ісін дамыту туралы» қаулысына сәйкес тоғызыншы
бесжылдықта (1971-1976 жылдарда) қалада бірқатар игі істер
атқарылды. 1970 жылдардан бастап орал қаласы гүлденіп, дами ба-
стайды. Құрылыс ұйымдарының басшылығымен құрылысшылар 1970-
жылдарда «таңдап салу» әдісімен қалада бес қабатты үйлер салды.
олар 1975жылы №2,3 ықшамаудандарда (М.Ықсанов-Батурин көшесі,
достық-Ленин даңғылы, Құрманғазы-Фурманов пен М.Маметова-Мир,
Евразия-дзержинский, Мұхит-октябрь көшелерінің аралығындағы),
Транспорт көшесіндегі, «Айгүл» дүкені маңындағы, жөндеу зауыты
төңірегіндегі, Зачаганск поселкесіндегі салынған ғимараттар мен
бес қабатты үйлер. осылайша тұрғын үйлер салынып, көшелер саны
көбейіп отырған кездегі қаланың көше атаулары қаланың тарихы мен
халықтың әлеуметтік-мәдени ахуалын танытуға еш қатысы жоқ жал-
пылама зат есімдермен, мысалы, вокзальная, 2-завокзальный тупик,
Транспорт көшесі тағы басқаша аталған.
1980-жылдардан қаладағы құрылыс жұмыстарын «Уральсквод-
строй» тресінің ПМК-115, ПМК-116, «Кушумводстрой» тресінің ПМК-
48, «Казстальмонтаж» тресінің ПМК-сының жұмысшылары жүргізді.
Бұл кезеңде қалада көп қабатты үйлер құрылысына үлкен көңіл
бөлінген, оның жалпы құрылыстағы бесжылдық кезіндегі үлесі 25%
58
59
болды. 1976 жылы 24 қыркүйекте дзержинский көшесінде 12 қабатты
алғашқы үй бой көтерді. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге өндіріс орын-
дары да белсене қатыса бастайды. Мысалы, Гвардия көшесінің баты-
сын тұйықтайтын 96-пәтерлік «Үш жапырақ» (Трилистник) деп аталып
кеткен 12-қабатты үйді омега зауыты, Есенжанов көшесі бойындағы
9-қабатты үйлерді «Уральскводстрой» мекемесі тұрғызған. осы
кезеңдегі қала құрылысы жөнінде 1981 жылы оралда өткен Қазақстан
Архитекторлар одағының Пленумында «орал қаласының бет-бейнесі
өзгерген, үй құрылысы ерекше көз тартады» деп атап көрсетілген.
Бұл кезеңде құрылыс жұмыстарына қажет құрылысшыларды «Пром-
строй» тресі жанынан ашылған №78 училище даярлады. Бірақ эко-
номика мен мәдениетті көтеруге бағытталған қаржының бөлінуіне
қарамастан ХІ бесжылдықта ол толық игерілмеді, тек 85,6% ғана
игерілді. Нәтижесінде қалалықтар 63,5 мың шаршы метр тұрғын үйді
пайдалануға ала алмады.Тек 1985 жылдың өзінде төрт мың кв. мет-
рден астам тұрғын үй пайдалануға берілмеді.Тұрғын үй құрылысын
қаржыландыру лимиті жылдан жылға өсіп, ХІ бесжылдықтың соңында
22 млн сомға жеткеніне қарамастан оның жылдық орташа игерілімі
80% құраған. «Тұрғын үй -91» бағдарламасы бойынша 1987-1991 жыл-
дарда 24549 жанұяны тұрғын жаймен қамтамасыз ету белгіленген. Егер
ХІ бесжылдықта қалада 460 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы
жүргізілсе, 1987 жылмен 1988 жылдың 11 айында 259,3 мың шар-
шы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Мұндай бағдарламаны
орындау ісіне «Коммунзапчасть», «Казгипроводхоз» институты,
СМП-372, Жиһаз фабрикасы сияқты кәсіпорындар белсене қатысуға
міндеттеме алғанмен, бағдарламаны орындауда бірқатар кемшіліктер
орын алды. 1987 жылы жалпы көлемі 163 мың шаршы метр тұрғын
үйді пайдалануға міндеттеме алынғанмен тек 145 мың шаршы метрі
ғана пайдалануға берілген. Жыл тапсырмасы 18 мың шаршы метрге
орындалмады. оның басты себебі «Уральскпромстрой» мекемесінің
жоспардан тыс обьектілерде өз бетімен жұмыс жасап, ресурстарды
шығындауы мен оның барысында жоспардың бұзылуы болды. Жалпы
бұл кезеңде құрылыстың нормативтік мерзімдері көбінесе сақталмаған,
құрылыстың орташа ұзақтығының мерзімі 7 айдың көлемінде болса, ол
ХІ бесжылдық жылдарында 17 айдан асып отырған. Қаладағы құрылыс
жұмыстарына жауапты «Құрылыс пен архитектура ісі жөніндегі
бөлім»(Смирнов, Мутагаров), Күрделі құрылыс (С.д.демин), Жоба-
лау институты(Н.А.Шестаков) мекемелері мен тапсырыс берушілердің
өздері құрылыстың нормативтік мерзімідерінің сақталуына тиісті
дәрежеде көңіл бөлмеді. Құрылыс жұмыстарында кемшіліктер, сапа-
сыз жұмыстар орын алып отырды. Мысалы, «Құрылысшы» ықшам
ауданындағы 216 пәтерлік №9 тұрғын үй мен дзержинский көшесіндегі
48 пәтерлік тұрғын үй канализация, газ өткізгіші бойынша сапасыз
ақаумен аяқталған. оның зардабын кейін сол үйлерге қоныстанған
тұрғындар көрді. 1989 жылы тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық
комиссиясының тексеруі нәтижесінде тұрғын үй құрылысының жо-
спары бойынша құрылыс-монтаж жұмысына 3675 мың сом бөлінсе,
оның 3354 мың сомы, яғни 91% ғана орындалған. оның жеке салалар
бойынша қалай орындалғанын 11-кестеден көруге болады:
11-кесте
Салалар
Жоспарланғаны (мың сом) орындалғаны
Халыққа білім беру
420
175
Мәдениет
100
162
денсаулық сақтау ісі
200
15
Тұрғын үй көлемі
17692шаршы метр
15026
Мұның өзі тапсырманың орындалмағанын көрсетеді, оның
себебі басты құрылыс ұйымы «оралпромстрой» мекемесінің
құрылыс қаржысының жұмсалуына тиісті дәрежеде көңіл аудар-
мауы. Құрылыстың қарқынды жүргеніне қарамастан құрылыс
материалдарының тапшылығынан 1990-жылдарда құрылыс жоспары
орындалмаған.
Жалпы бұл кезеңдегі қала халқының сұранысын қарайтын болсақ
қалаға көп салалы аурухана, емдеу корпусы бар жедел жәрдем стан-
циясы, қалалықтардың спортпен шұғылдануын қамтамасыз ету үшін
3 стадион, 45 спорт залы, 27 футбол алаңы, 25 аула алаңы қажет
еді. Бала бақшамен қамтылу деңгейінің өзі тек 61% ғана құрады.
Мың жарымнан астам арыз қанағаттандырылмады. 1981-85 жыл-
дарда қала бюджетінің кірісі 8,7 млн. сомға өскенмен жоғарыдан
аталған қажеттіліктер қамтамасыз етілмеді. Өйткені бюджетті артық
шығындау мәселелері орын алған. 1985 жылы қаладағы 231 кәсіпорын
мен ұйымдардың штаттық-сметалық тәртібін тексерген кезде оның
10-да тәртіп бұзушылықтың орын алғаны анықталған, яғни өндіріс
қызметкерлерінің есебінен басқару аппаратында 249 штаттық бірлік
артық жұмыс істеген, 66 млн. артық ақша алған, 26 лимиттен тыс
қызмет және арнайы жеңіл машиналардың ұсталғаны анықталды. Жал-
пы 1985 жылы жалпы сомасы 711 мың заңсыз, артық қаржыландыру
ісі анықталып, ол толықтай бюджетке қайтарылды.
Бұл жылдарда қордаланған мәселенің бірі кадр мәселесі болды.
Кәсіпорындардың ұлғайып, салааралық маманданудың күшейе түсуі
60
61
сыңаржақтылау жүрді, жергілікті жердің ерекшелігі, ұлттық мамандар-
ды даярлау мен жетілдіру мәселесі ескерілмеді. Өндіріс орындарындағы
жоғарғы және орта білімді мамандар арасында қазақтар аз болды не-
месе болмады. Мысалы, 1988 жылдың 1 қаңтарындағы статистикалық
басқарманың мәліметтеріне қарасақ қазақ жұмысшылары мен
қызметкерлердің пайыздық үлес салмағы облыс бойынша 48,4%, оның
21,8%-өнеркәсіпте, 79,5%-ауыл шаруашылығында, 29,9%-транспортта,
45,4%-байланыс саласында, 17,9%-құрылыста, 41,3%-саудада,
40,4%-денсаулық сақтау саласында, 48,9%-білім беру ісінде, 58,8%-
мәдениет пен өнер саласында, 53,2%-шаруашылық басқару ісі мен
мемлекеттік органдарда болған. Әрине бұл мәліметтер 1977 жылмен
салыстырғанда облыстағы халық шаруашылығында қазақтардың үлес
салмағының 39,9%-ке өскенін көрсетеді. Соның ішінде өнеркәсіпте-
2,2, транспортта- 2,8, құрылыста-1,8 есеге өскен. Бірақ өндірістің же-
келеген салаларындағы қазақтардың үлес салмағы тең болмады. Мы-
салы, К.Цеткин атындағы тігін фабрикасында жатақхана болғандықтан
мұндағы тігіншілердің 51,9%-қазақтар, 40,8%-орыстар болған. Ал
«омега» зауытында жатақхана болмағандықтан мұндағы қазақтардың
үлесі -20% болды [105]. облыстағы жұмысшылар үлесі негізінен
ауыл шаруашылығында болды. Яғни жергілікті ұлт өкілдері қара
жұмыс күші ретінде ғана пайдаланылып, қазақ ұлтынан шыққан ма-
мандар шеттетілген. Басты өнеркәсіп салаларына бір орталықтан билік
жүргізіп отырған орталық жергілікті халықтан маман жұмысшылар
даярлаудың орнына мамандарды басқа жақтан әкелу тиімді деп есеп-
теген. Қазақ жастарын жұмысқа қабылдауға, оларды мамандығын
жетілдіру үшін қазақша оқытуға мүлдем көңіл бөлмеген. осы жылдарда
жүргізілген жарыстың көптеген түрлері мен жаңашыл бастамалардың
алдыңғы сапында болған жұмысшылар өнім түрлері мен сапасын арт-
тыруда аянбай еңбек еткен, бірақ олардың еңбегі жоспардағы жалпы
өнім өткізудегі көрсеткіштерді асыра орындаумен шектеліп, атақ, даңқ,
алдыңғы қатарлы орын үшін болған талас-тартыстың көлеңкесінде
қалып қойды. Мұның өзі өнертапқыштық пен жаңашылдықтың
өндіріс мәдениетін көтеруге, жұмысшылардың жағдайын жақсартуға
қызмет ете алмағанын да көрсетті. Елдің қоғамдық-саяси өмірінде
жұмысшы табы авангардтық рөл атқарған жоқ, ол тек партияның ішкі
саясаттағы бағыт-бағдарын жүзеге асырушы топ ролін атқарды. Сөз
бен істе бірліктің болмауы демократияның тежеліп, елдің тоқырауға
ұшырауына әкелді.
Соғыстан кейінгі кезеңде одақ тапсырмаларын орындау
барысындағы қала экономикасының дамуы халықтың әлеуметтік-
тұрмыстық дәрежесінің көтерілуіне азды-көпті ықпал етті. Халықтың
өзі де өздерінің әл-ауқатын жақсарту үшін аянбай еңбек етіп, ат салы-
сты. Әсіресе 1947 жылы желтоқсанда ақша реформасының жүргізілуі
мен карточка жүйесінің, яғни азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларын
нормалап қамтамасыз етудің жойылуы халықтың тұрмыс-тіршілігінің
артуында маңызды роль атқарды. Соғыс жылдарында құнсызданған
ескі ақшаны онға бір арақатынасымен жаңа ақшамен ауыстыру ақша
системасын және шаруашылық қызметін қалпына келтірді. Төртінші
бесжылдықта жаппай тұтынатын тамақ және өнеркәсіп тауарларының
бағасы үш есеге төмендетіліп, соның нәтижесінде халық бір жылға
шаққанда үлкен пайда келтірді. Бағаның төмендеуі сауда айналымының
өсуіне әсер етті. Мысалы, 1948 жылы сауда айналымы 1947 жылмен
салыстырғанда 29 млн. сомға өсті. Халыққа қызмет көрсету мақсатында
қалада 45 сауда нүктесі, 6 дүкен, 9 дүңгіршек, 2 асхана, 5 дәмхана
ашылған. олардың ірілері №11 гастроном, №54 даяр көйлектер дүкені,
№10,53 дүкендер болған. Мұндай қызмет көрсету жүйесінің кеңеюі ба-
рысында қаладағы сауда айналымының өсуі қарқынды жүрді. Мыса-
лы, 1950 жылы қаладағы 279 сауда мекемесі тексерілген кезде олардың
сауда айналымы мынадай деңгейді көрсеткен: І кварталда – 94,5%, ІІ
кварталда -97,9%, ІІІ кварталда -102,1%, ІҮ кварталда -98,3% болды.
Сауда қызметінің мекемелерімен қатар бұл кезеңде қалада 12 қоғамдық
тамақтандыру мекемесі халыққа қызмет көрсетті. Бұл уақытта КСРо-
ның ұлттық табысы да жылдан жылға көбейді. Төртінші бесжылдық
соңында ол 1940 жылмен салыстырғанда 64%-ке өсті. Ұлттық
табыстың өсуі азаматтардың жеке табысының өсіп отыруына жағдай
жасады. Мысалы, 1947 жылы ворошилов зауытындағы орташа еңбек
ақы 1946 жылмен салыстырғанда 25% -ке өскен. Мұндай өсім басқа да
өндіріс орындарында да болды.
Республика, қала экономикасының дамуы бюджеттің кірісінің
өсуіне де мүмкіндік берді. 1948 жылы бюджет кірісі 1945 жылмен
салыстырғанда 707 млн. сомға, яғни 40%-ке өскен. Бюджеттің өсуіне
сай бұл кезеңде мемлекеттің әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсайтын
қаржысы да жылдан жылға өсе түсті. ҚКСР-ның мемлекеттік бюджеті
бойынша әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмсалған шығын соғыс
жылдарындағы 441,4 млн. сомнан 4 бесжылдықта 930,5 млн. сомға
(58,8%) дейін немесе екі еседен астам өскен.
Мұның өзі республика еңбекшілерінің материалдық әл-
ауқатын арттыруға одақтық бюджеттен де қаржы бөле бастады. Бұл
қаржыдан орал қаласы да белгілі бір үлес алды. 1947 жылы ҚазКСР-
ның Жоғарғы Кеңесінің 9 сессиясы бекіткен облыстың жергілікті
бюджеті-77,536 мың сом болды, кейін Министрлер кеңесі кіріс-
шығыс есебінен оны 83,387 мың сомға өсірді. Бірақ қалалық қаржы
62
63
бөлімінің басшысы А.К. Махмудов қала бюджетінің тиісті дәрежеде
орындалуын дұрыс бақыламаған. Бөлінген қаражат тиісті дәрежеде
пайдаланылмаған. Мысалы, халыққа білім беру ісіне бөлінген-58 млн.
сомның тек 34,140 сомы орындалған. оның ішінде балалар үйіне-8
млн., бала бақшаға-3 млн., кітапхана, клуб, оқу үйлерін дамытуға
-2,811 мың сом, денсаулық сақтау ісіне-21,242 мың сом жұмсалған.
дегенмен қаржының толық жұмсалмағанына қарамастан бар
жұмсалған қаржының өзі қаланың әлеуметтік-мәдени жағдайының
едәуір дәрежеде дамуына ықпал етті.
Кәсіпорындар тез дамып, тұрғын үйлері мен халқының саны
көбейіп, қала территориясы еріксіз кеңейіп отырған кезеңде Қалалық
Кеңес коммуналдық шаруашылыққа 1950-жылдардан бастап ерек-
ше көңіл бөлді. Қала тұрғындарын сумен, жылумен, жарықпен
қамтамасыз ету күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселеге айнал-
ды. Қалалық партия комитеттері, қалалық атқару комитеттері қала
шаруашылығының жағдайы мен оның материалдық-техникалық база-
сын нығайту шаралары туралы мәселелерді үнемі талқылап отырды.
Мысалы,1955-жылы маусымда өткен қалалық кеңестің 5 сессиясы мен
қалалық атқару комитетінің жиналысында қаралған 12 мәселенің
7-і қала құрылысы мен коммуналдық шаруашылық мекемелерінің
жағдайына байланысты талданған мәселелер болған.
Соғыстан кейінгі жылдары республикада халық шаруашылығының
дамуы транспорттың барлық түрлерін дамытуды талап етті. Қала
халқына қызмет етудің бір түрі жолаушы тасымалы болса, 1954
жылы 79086 халыққа 17 автобус қызмет еткен. Қазақстанның
пайдаланылуындағы теміржол желісінің ұзындығы 1945 жылы 8112
шақырымнан 1970 жылы 13669 шақырымға дейін өсті. Темір жол
транспортымен қатар автомобиль, әуе және су жолы транспорты да
дамыды. Қатты табанды автомобиль жолдарының ұзындығы 1960
жылғы 11,2 мың шақырымнан 1970 жылы 41,1 мың шақырымға дейін
ұзартылды, яғни 3,7 есеге өсті. Цемент-асфальт-бетон жабылған
жетілдірілген жолдың және қара шоссенің ұзындығы 5 есе, яғни 1960
жылғы 4,1 мың шақырымнан 1970 жылы 21,2 мың шақырымға дейін
өсті. осының арқасында қалалардың ауыл-селолармен байланысы
жақсарды. Жаңа автовокзалдар мен автостанциялар салынды. Мыса-
лы, 1970 жылы Қазақстанда салынған төрт автовокзалдың біреуі орал
қаласында салынды. Автопарктер шапшаң қарқынмен өсті. Жөндеу
зауыттары іске қосылды. 1960-жылдар Қазақстанда біртұтас транс-
порт жүйесін жасау кезеңі болды.
Қаланы көркейтумен қатар көгалдандыру ісі де кеңінен жүрді 1021
ағаш, шыбық отырғызылып, 3043 мың шаршы метр жерге гүлзарлар
мен газондар жасалған. Көгалдандыру ісіне қаланың кәсіпорындары да
үлес қосқан. олардың көмегімен жол жөндеу, тротуар салу жұмыстары
жүзеге асырылған.
Халықтың материалдық әл-ауқатын арттыруда халыққа төленген
төлемдер мен берілген жеңілдіктердің зор маңызы болды. Бұл кезеңде
бір айдағы әртүрлі төлемдер мен жұмыс істейтін әр адамға берілетін
әр алуан жеңілдіктер 1940 жылғы 7,5 сом орнына 1950 жылы орта-
ша есеппен 18,2 сомға өскен. Соның нәтижесінде нақты еңбек ақы
көбейді. Қоғамдық қорлардан берілген төлемдер мен жеңілдіктерді
қосып алғанда жұмысшылар мен қызметшілердің айлық орташа еңбек
ақысы 1940 жылғы 40,6 сомнан 1950 жылы 82,4 сомға дейін көтерілді.
Еңбек ақы мөлшерінің өсуімен қатар әлеуметтік қамсыздандыруға
жұмсалатын қаржы көлемі де 1940 жылы 4,5 млн сом орнына, 1950
жылы 16,8 млн сомға өсті.
Соғыстан кейінгі уақыттағы бұл қаржы есебінен отан
соғысының мүгедектері, қаза тапқандардың семьялары пенсия-
лар алып, қартаюына байланысты, асыраушысынан айрылған
жағдайдағы, еңбекке уақытша жарамай қалғандарға берілетін пен-
сиялар тағайындалып, көп балалы жалғыз аналар мен балалар
жәрдем алды. 1946 жылдың қаңтарынан Ұлы отан соғысының І
топ мүгедектерінің материалдық жағдайын көтеру мақсатында ар-
найы жәрдемақылар тағайындалды. Жәрдемақының көлемі 250-300
сом болды. Бұл мүгедектердің мүгедектік зейнетақыларына 20%
көлемінде қосымша қаражат қосылды. 1947 жылы қалада Ұлы
отан соғысының мүгедектері мен 1952 қаза болған жауынгерлердің
жанұялары болған. осы жылдың тамызы мен желтоқсаны аралығында
қалалық Кеңестің ұйымдастыруымен 880 мүгедек жұмысқа оргала-
стырылып, қаза болған жауынгерлер жанұяларына көмек беру үшін 3
жалпы қалалық жексенбілік ұйымдастырылып, жиналған жарты мил-
лионнан астам ақшаға 336 пәтер жөнделіп, 123 пәтер берілген. Ал
1948 жылы әлеуметтік қамту органдары бойынша орал қаласындағы
Ұлы отан соғысы мүгедектеріне 7,5 млн. сом пенсия, майданда қаза
болғандардың жанұяларына 13 млн. сомдай, әскери қызметкерлер
жанұяларына 360 мың сом, көп балалы аналарға 3 млн. сомдай жәрдем
ақы төленген.
1950-1960 жылдардағы әлеуметтік жағдайдағы басты өзгеріс
1956 жылғы 14 шілдедегі КСРо Жоғарғы Кеңесінің «Пенсия туралы
заңы» болды. Бұл заң барлық кеңес адамдары сияқты орал қаласы
зейнеткерлерінің де жағдайының жақсаруына айтарлықтай әсерін
тигізді. осы заңды жүзеге асыру мақсатында қалалық әлеуметтік
қамсыздандыру бөлімі 1956 жылы қазанда зейнеткердің құжаттарын
64
65
қайта қарап, зейнетақының жаңа мөлшерін тағайындаған. Зейнеткер-
лермен қатар қаладағы тұрмысы төмен адамдар жағдайы да үкімет
назарынан тыс қалмайды. оларға арнайы ақшалай көмек белгіленіп,
беріліп отырған. Мысалы,1966 жылы тұрмысы төмендерге берілетін
ақшалай көмек мөлшері -161,6 мың сомға жеткен.
Экономиканың өсуіне орай еңбекшілердің де жалақысы өсіп от-
ырды. Бесінші бесжылдық жылдарында еңбекшілер жалақысы 39%-ке
өскен. Халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуда КоКП оК мен КСРо
Министрлер Кеңесінің «Қоғамдық тамақтандыруды одан әрі дамыту
және жақсарту туралы» 1959 жылы 20 ақпандағы қаулысының үлкен
маңызы болды. Бұл қаулы қоғамдық тамақтандыру ісін еңбекшілер үшін
қолайлы да, тиімді ету міндеттерін алға қойды. осы қаулыны жүзеге
асыру үшін қалада қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының саны
көбейтіліп, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту шара-
лары жүргізіліп, қызмет көрстеу саласы жақсартылады. Мысалы 1954
жылы қалада 35 қоғамдық тамақтандыру мекемесі, 19 асхана, мейрам-
хана, шайхана, 97 дүкен, 28 тұрмыстық қызмет көрсету шеберханасы
болған. Қоғамдық тамақтандыру орындарының саны 1960 жылы 152-
ге жетеді, оның 117-сі қоғамдық тамақтандыру мекемелері, 33-асхана,
2-мейрамхана. одан басқа 142 –дүкен, 15-тұрмыстық қызмет көрсету
шеберханасы болған. осындай істердің атқарылғанына қарамастан бұл
еңбекшілер мен қаланың сұранысын толық қамтамасыз ете алмады.
Себебі коммуналдық мекемелер, әсіресе санитарлық тазалық контора-
сы, электрстанциясы, көгалдандыру мекемесі, аурухана тағы басқалары
өте төмен деңгейде жұмыс жасаған. Қалада тұрмыстық қызмет
көрсетудің материалдық-техникалық базасын жақсарту, тұрмыстық
қызмет көрсету мекемелерінің жүйесін дамыту және халыққа қызмет
көрсету мәдениетін көтеру шаралары кейінгі жылдарда жүргізілген.
Х бесжылдықта қаланың барлық қаржыландыру көздерінен
тұрмыстық-коммунальдық шаруашылық пен мәдени-тұрмыстық
құрылысқа 85 млн. сом қаржы бөлінген. Нәтижесінде қаланың тұрғын
үй қоры 4 жылда 363 мың кв. метрге өскен. Бұл кезеңде қаланың
тұрғын үй қорының 52% су құбырымен, канализациямен, орталықтан
жылыту көзімен қамтылып, 54%-і газдандырылған.
ХІ бесжылдықта 313 млн. сом күрделі қаржы игеріліп, жалпы
көлемі 455 мың шаршы метр тұрғын үй, 1176 оқушыға арналған мектеп,
2120 орындықты 11 бала бақша, перзентхана, облыстық аурухананың
операциялық блогы, кинотеатр, вокзал салынған. Сондай-ақ ХІ
бесжылдықта тұрмыстық қызмет көрсету көлемі Х бесжылдықпен
салыстырғанда 1,5 есеге өскен және жоспардан тыс 400 мың сомға
тұрмыстық қызмет көрсетілген. Тұрмыстық қызмет көрсету саласына
3,5 млн. сом қаржының бөлінуі нәтижесінде тұрмыстық қызмет көрсету
мекемелерінің қатары 51-ге өсті. дегенмен бұл кезеңдегі тұрмыстық
қызмет көрсету саласындағы басты кемшіліктер қала тұрғындарының
тұрғын үйлерін жөндеу мен салу ісінен, жөндеу қызметтерінен, әсіресе
тұрмыстық техникалар мен радиоаппаратураларды, жиһаздарды
жөндеу істерінен көрініс алды.
Халыққа тұрмыстық көрсетудің бір түрі – сауда саласы, дүкендер
болып есептелетін болса, 1970-1980 жылдарда «Мелодия», «Трико-
таж» сияқты өнеркәсіп тауарларының дүкендері мен «Колос», «Ра-
хат», «Көктем» сияқты азық-түлік дүкендері жаңадан ашылған. осы
уақыт ішінде халыққа 762 млн сомның тауарлары сатылған, бұл
жоспарланған мөлшерден 5,2 млн сомға артық болып шыққан. Бөлшек
сауда айналымы ХІ бесжылдықта 1,4 есеге өскен. 1985 жылы жо-
спар 101,4%-ке орындалған. Сауда саласында өзіне өзі қызмет ету
әдісі енгізіліп, бұл әдіс арқылы сауда сату үлесі 60%-ке жеткен. осы
жылдарда халық сұранысын қамтамасыз ету мақсатында қаланың 9
өнеркәсіп кәсіпорынында азық-түлік товарларына алдын ала сұраныс
қабылдау столдары ашылған.
ХІ бесжылдық жылдарында коммуналдық шаруашылықты да-
мыту мен қаланы көркейтуге жергілікті кеңестер арқылы 15,5 млн
қаржы аударылған. Бұл қаржы жаңа суқұбырының құрылысын
іске қосуға, 360 орындықты қонақүй мен алты жер асты жолда-
рын салуға, 11 шақырымдық жылу жүйесін салуға мүмкіндік берді.
ХІ бесжылдықта 92 км қатты жол мен 326 мың шаршы метр троту-
ар жөнделіп, жасалған. Күрделі жөндеуден кейін жалпы көлемі 28
мың шаршы метр 25 үй пайдалануға берілді. Әсіресе ағарту, білім
беру саласындағы қызметкерлердің еңбек жағдайларына көңіл бөлу
мәселесі де көтеріліп отырды. 1985 жылы қала мұғалімдері 34 пәтер
алды. Сондай-ақ медициналық кадрларды тұрақтандыру үшін атқару
комитеті дәрігерлерге 1985 жылы 19 пәтер мен жатақханадан 7 орын
бөлген. Бюджеттің қаржыландыруы 1985 жылы -9,3 млн сом болса,
1986 жылы-11,2 млн сомға өсті.
Әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде ерекше роль ала-
тын транспорт пен байланыс мәселесі. Х бесжылдықтың төрт жылын-
да қаланың транспорт қызметінің дамуы үшін 20 млн. сом бөлініп, күн
сайын қоғамдық транспорт арқылы 140 мың жолаушы тасымалданған.
Ал ХІ бесжылдықта түнгі кезектегі жұмысшыларды тасымалдау үшін
бұрынғы екі маршрутқа қосымша жаңадан үш маршрут ашылып,
жұмысшылар мен қызметкерлерді тасымалдау үшін 36 арнайы марш-
рут қосылған.Жалпы қала бойынша 87 маршруттық бірлік жұмыс
жасаған. Бұл кезеңде жолаушы тасымалында «мурманск әдісі» деген
66
67
қолданылған, яғни «қарбалас» сағаттарында қалалық жолаушы тасы-
малына көмек ретінде ведомстволық автобустар шығарылып отырды.
ведомстволар мен автобасқарма автобустардың қозғалыс схемаларын
жасап осы арқылы қаладағы жолаушы тасымалын едәуір жақсартқан.
Қызмет көрсетуде байланыстың барлық түрі де маңызды орын
алатыны сөзсіз. 1980-жылдарда қала халқына 32 байланыс бөлімі
қызмет көрсетіп, қалалықтарға күніне 85 мың дана газет пен жур-
налдар, 10 мыңнан астам жеделхаттар мен хаттар тапсырылып от-
ырды. Телефон-телеграф станциясының қызметі жақсартылды. 1985
жылы байланыс көлемі 100,3%-ке 1984 жылмен салыстырғанда еңбек
өнімділігі 11%-ке орындалған. Тек 1983-1985 жылдардың ішінде 1700
жаңа нөмір орнатылған, оның 550-і –Ұлы отан соғысы ардагерлері
мен мүгедектеріне берілді.
1985 жылы қалалық атқару комитетіне әлеуметтік-тұрмыстық
мәселе бойынша қала еңбекшілерінен 10400 арыз түскен. оның 3856
- тұрғын үй мәселесі, 24-коммуналдық, 12- транспорт, 55-байланыс,
қалғандары әртүрлі мәселелер бойынша болған. олардың 2172-і
қанағаттандырылып, 2107-і түсіндіріліп, қалғандары кері қайтарылған.
1985 жылы 1 қаңтарына дейін кезекте тұрған 648 жанұяның 283-не
пәтер берілген.
1970 жылдарға дейін әлеуметтік салада алға жылжушылық
болғанмен, 1980- жылдардағы экономикалық дағдарыстан бұл сала
да шет қалмады. Халықтың әл-ауқатын көтеру мәселесі мемлекеттің
әлеуметтік саясатының ең басты мәселесінің бірі болса да, ол жүзеге аса
қоймады. 1971-1985 жылдары ең аз еңбекақы мөлшері 50,7%-ке, яғни
123,7 сомнан 186,5 сомға, соның ішінде жұмысшылардың жалақысы
133,9-дан 210,5 сомға (57,2%-ке) көтерілген. Зейнеткерлердің орташа
айлық зейнетақысы жасына қарай 52,1-ден 81,2-ге көтерілген. Бірақ
бұл шаралар жағдайды түзей алмады, себебі 1985 жылы сомның құны
1960 жылғы құнынан төмен болды. Көптеген товарлар қымбаттады,
әрі тапшы болып жетіспеді. Талондық жүйе енгізілді. Тұрғындардың
бірнеше сағаттар бойы кезекке тұруы әдетке айналды.
Әрине мұндай жағдайлар тек қарапайым тұрғындардың ғана ба-
сынан өтті, ал партия-кеңес қызметкерлерінің арнаулы дүкендері, ау-
руханасы, ательесі, санаториялары мен саяжайлары, бақтары болды.
Халыққа арналған дүкендерде сапасыз товарлар, іріктелініп қалған
көкөністер мен жемістер, су қосылған сүт-айрандар сатылды. Сөйтіп
саудада талан-тараждық, қоғамда енжарлық, қылмыс пен маскүнемдік
орын алды.
Халықтың тұрмыс дәрежесін арттыруда медициналық қызмет
көрсетуді жақсарту маңызды орын алды. Соғыстан кейінгі жыл-
дарда денсаулық сақтау саласы қиын жағдайда болды. Арнаулы
медициналық қызметкер мамандар жетіспеді.Мысалы, 1946 жылы
қала халқын қамтамасыз ету үшін 107 дәрігер қажет болған, оның тек
47 ғана қамтамасыз етілген, 60 штаттық бірлік жетіспеген. Мұның өзі
халыққа толық түрде дәрігерлік көмектің көрсетілмеуіне, аурулардың
алдын алуға толық мүмкіндіктердің болмауына әкелді. Сондықтан
жоғарыда аталған мекемелер толық түрде жұмыс жасау үшін
республикалық басшылық органдардың қолдауы керек болды. осыған
орай Кеңестік кезеңде емдеу орындарының, стационарлық аурухана,
амбулаториялық емхана, санаториялық-профилакториялық мекемелер
жүйесі кеңейтіледі. Егер 1916 жылы қалада небары 12 дәрігер, 4 фель-
дшер болса, 1952 жылы қалада 375 кереуеттік 3 аурухана, 75 кереуеттік
инфекциялық аурухана, 60 кереуеттік өкпе ауруларына қарсы диспан-
сер, 100 кереуеттік 1 перзентхана, 40 кереуеттік 1 тері ауруларының
диспансері жұмыс жасаған. 1954 жылы денсаулық сақтау жүйесінде
144 дәрігер, 341 орта білімді медициналық қызметкерлер жұмыс жа-
саса, 1967 жылы 410 дәрігер мен мыңнан астам орта білімді медицина
қызметкерлері жұмыс жасаған. дегенмен денсаулық сақтау саласында
да едәуір кемшіліктер орын алған. Соның бірі жас мамандарды тұрғын
үймен қамтамасыз етпеу. Бұл жас мамандардың тұрақтамауына,
кетіп қалуына әкелді. Мысалы 1959 жылы жұмысқа қабылданған 25
дәрігердің 19-ы осындай себеппен кетіп қалған . Кеңестік кезеңдегі
қаладағы денсаулық сақтау жүйесінің даму қарқыны мен ондағы
медициналық қызметкерлер санын мына в.1 -қосымшадан көруге бо-
лады [101;157]. Үкіметтің халыққа жасаған қамқорлығының бірі КоКП
оК мен КСРо Министрлер Кеңесінің 1960 жылғы 14 қаңтардағы №58
«КСРо тұрғындарының денсаулығын сақтау және оларға медициналық
қызмет көрсетуді одан әрі жетілдіру шаралары туралы» қаулысы болды.
осыған орай денсаулық сақтау ісін қаржыландыр- ісін қалалық партия
ұйымы өз тарапынан бақылауға алады. Егер 1966 жылы денсаулық
сақтау ісіне 2 миллион 739 мың сом жұмсалса, 1967 жылы 2 млн. 921
мың 200 сом, яғни 182 мың сом артық жұмсалған. Бұл қаржыларға осы
кезеңде қалада 100 кереуеттік инфекциялық аурухана, 100 кереуеттік
2-ші қалалық аурухана, 200 кереуеттік жүйке-неврологиялық аурулар
ауруханасы салынып, балалар ауруханасы 50 кереуетке, облыстық ау-
рухана -100 кереуетке кеңейтіледі.
Жалпы 1950-1970 жылдардағы қаладағы денсаулық сақтау ісінің
даму деңгейін А6-қосымшадағы мәліметтерден көруге болады. Бұл
мәліметтер денсаулық сақтау ісінің баяу да болса даму деңгейінің
көтерілгенін көрсетті. денсаулық сақтау қызметі біртіндеп санитарлық-
профилактикалық бағыт алып, ауруларды анықтау, диагностика жа-
68
69
сау үшін халықты диспансерлік тексеруден өткізу істері жүргізіледі
және ол кейінгі жылдар да жалғасын табады. Бұл атқарылған істердің
барлығы соғыстан кейінгі қырық жылдан астам уақыт ішінде қала
өмірінің жаңа бағытқа қарай өзгергенінің дәлелі болып табыла-
ды. Қала халқы жақсы өмір сүруге, өз тұрмысына игі жаңалықтарды
енгізуге ұмтылып отырды.
Сонымен соғыстан кейінгі уақыттан 1990 жылдарға дейінгі
уақыттаға қала халқының әлеуметтік-тұрмыс жағдайындағы
өзгерістерді былайша қорытуға болады.
1950 жылдардан басталған құрылыс индустриясының дамуы
негізінде қала келбеті толықтай өзгерді. Қала құрылысының дамуының
барысында қала территориясы ұлғайды, 1946-50 жылдарда қала
келбетін берген жатаған үйлер қатарында және жаңадан әсем де биік
ғимараттар мен көпқабатты үйлер бой көтерді, жаңа ықшам аудандар
қалыптасты;
Коммуналдық шаруашылықтың жолға қойылуы, көгалдандыру,
аббаттандыру жұмыстарының барысында қала қарапайым қалашықтан
көрікті ірі орталыққа айналды;
Қала халқының тұрмыстық қамтылу жағдайы 1946-1950 жыл-
дар мен 1970-1989 жылдарда төменгі көрсеткіште болып, халық
көптеген мұқтаждықтарды бастан кешсе, 1950-1970 жылдар арасында
тұрмыстық жағдайда бірқатар оң өзгерістер болды.
Достарыңызбен бөлісу: |