2. 2 Қаладағы білім беру жүйесі мен мәдени өмір өзгерістері
Қаладағы білім беру ісіне келсек Ұлы отан соғысы жылдарында
мектептердің қалыпты жұмыс жасау тәртібі бұзылған еді. Бұл кезде
майданға әскерге алынуға байланысты мұғалімдердің саны қысқарып,
оқу құралдары мен оқулықтар жетіспей мектеп саны мен оқушылар
контигенті азайды.
Соғыс аяқталып, бейбіт өмірге көшу кезінде білім беру ісі де
жолға қойыла бастады. Қаланың халыққа білім беру саласының
қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдар соғыс кезінде басқа мақсаттарға
пайдаланылған мектеп үйлерін қайтарып алып, оларды жөндеп, қайта
жабдықтайды.
Бұл кезеңде Қазақстан мемлекеті мектеп ісін, әсіресе қазақ
орта мектептерін нығайтуға, олардың санын көбейтуге және қазақ
жастарының онжылдық орта мектеп көлемінде толық білім алуы үшін
қажетті жағдайлар жасауға аз да болса көңіл бөле бастады. осыған орай
Қазақстан Компартиясының оК 1946 жылы желтоқсанда «Қазақ орта
мектептерін нығайту туралы» қаулы қабылдап, қазақ мектептерінде
орыс тілін оқытуды жақсарту жөнінде шаралар қолданады. Соғыс
туғызған қиыншылықтарға қарамастан ағарту ісіне арналған қаржы
артып, оны пайдалану ісі бақыланып отырды.
орал қаласы да соғыстан кейінгі бейбіт өмірге көшу кезінде 1946
жылға арналған қалалық бюджетті бекіткен кезде, халыққа білім беру
ісіне – 5206,1 мың сом бөлген. Ал 1947 жылы қалалық бюджеттен
халыққа білім беру ісіне – 58 мың бөлінген. 8 ай ішінде оның 34,140
мың сомы жұмсалған. 1946 жылдан бастап мектептерде әрбір оқушы
бір карточкаға күніне 100 гр. нан, 30 гр. жарма, 20 гр. қант алып
отырған. Мұндай шаралар мектеп асханаларында ұйымдастырылған.
Қалалық оқу бөлімі мектеп жасындағы балалар тізімін алып, бала-
ларды оқумен қамту ісін ұйымдастырып отырған. 1946-1947 оқу жы-
лында қалада 7-14 жас аралығындағы 9141 бала болса, оның 9057
оқыған, жыл аяғында оның саны 9313-ке жеткен. оның ішінде орта
мектептерде -4698, жетіжылдық мектепте – 1346, бастауышта – 3269
оқыған. Қаладағы 18 мектеп 2 кезекте, 8 мектеп – 3 кезекте, 2 мектеп
– 4 кезекте оқыған.
Бұл мектептерде орынның жетіспеуімен байланысты болды.
Мектептерде 337 мұғалім сабақ берген, оның 22-і ғана қазақ болды.
Мектептерді дамыту ісінде кадр мәселесі осы кезеңде үлкен қиындық
туғызып отырған. Мысалы, 1946-1947 оқу жылының өзінде мек-
тептерге 2 математика, 1 физика, 20 бастауыш сынып мұғалімдері
жетіспеген. Сондықтан соғыстан кейінгі жылдарда білім беру
ісінде мектеп орындарының, мұғалім кадрлардың жетіспеуі сияқты
мәселелер кең орын алды. осыған орай соғыс жылдарында ақсап
қалған білім беру ісін жолға қою үшін 1947 жылы қарашада ҚазКСР
88
89
Министрлер Кеңесі «ҚазКСР-де жоғарғы және орта дәрежелі білім
беру ісін өркендету туралы» қаулы қабылдады. осы қаулыны орындау
мақсатында орал қаласындағы білім беру жүйесінде өзгерістер жүріп,
оқу орындары мен мектептер ашылды. Білім беру ісін жолға қою үшін
қалалық бөлімдерде арнаулы инспекторлар тағайындалды.
1949-50 оқу жылынан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей
міндетті жеті жылдық, ал облыс орталықтарында –он жылдық білім
беруге көшу барлық жерде бірдей басталады. Жалпы соғыстан кейінгі
кезеңдегі қала мектептері мен ондағы оқушылардың өсу деңгейі мы-
надай көлемде болған(12-кесте):
12-кесте
№
Жылдар
Бастауыш
мектеп
Жеті жылдық
мектеп
орта
мектеп
оқушы
саны
1
1945-1946 14
2
9
8003
2
1946-1947 14
3
10
10577
3
1947-1948 15
3
10
9314
4
1948-1949 15
5
8
11225
5
1949-1950 15
5
9
13274
1947-48 жылдары бір ғана қазақ мектебі болса, 1948-49 жылы
2 қазақ мектебі болған. Сондай-ақ жұмысшы жастарды оқытуға
арналған кешкі мектептер де болды. ондағы оқушылар саны 1947-
1948 жылғы 193 оқушыдан, 1950 жылы 694-ке жеткен. Сондай-ақ
қаладағы мектеп жүйесі 1946-1947 оқу жылынан бастап даму кемістігі
барларға арналған ерекше режимдегі 2 мектептің іске қосылуымен
толықты. ол 18 оқушысы бар соқырлар мектебі және 27 оқушысы бар
саңыраулар мектебі болды.
Бұл кезеңдерде қала мектептерінде оқу сапасына, сабақ өткізу
әдістеріне көп көңіл бөліне бастады. оқушылармен сыныптан тыс
жұмыс жүргізу, үйірме жұмысы жақсы жолға қойыла бастады. Үздік
мұғалімдер ретінде в.З.Истомина, А.Е.Ивакина ерекше көзге түскен.
Мектептерді оқу құралдарымен жабдықтау үшін қалалық оқу бөлімі
азды-көпті орталықпен байланыс жасап отырған. Мысалы, 1949-
50 оқу жылында қаладағы 5 орта және 4 жеті жылдық мектептерге
Астрахань және Саратов қалаларының оқу-көрнекі құралдар комбина-
тынан 66 мың сомға оқу-көрнекілік құралдар алдырылған . Қаланың
бірқатар мектептерінде оқушылардың күшімен ақылы концерттер
қойылып, одан түскен қаржыдан жаппай білім беру қорын жасап,
жетім балаларды киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етіп, материалдық
көмек көрсетіп отырды.
Бұл кезеңдегі білім беру саласындағы маңызды жағдай мектептің
өндіріспен байланысы болған еді. осыған орай жалпыға бірдей білім
беру заңын жүзеге асыру мақсатында қосалқы шаруашылықтар мен
жекелеген кәсіпорындар жанынан оқу филиалдары ашылды. олардың
мақсаты – мектептерге көмек көрсету болды. олар көмек көрсетумен
қатар жаппай білім беру қорын, жетімдер мен мұқтаж балаларға көмек
беру қорын жасау жөнінде де арнайы жексенбіліктер ұйымдастырған.
Мектептерді шефке алу мәселесінің Қазақстан бойынша бастама
көтеруіне орай орал қаласында да бұл мәселе қолдау тапты. Мы-
салы, Землячка атындағы зауыт №4, Бидай даярлау мекемесі №16
мектептерді шефтік көмекке алған. Бірақ бұл мәселе соғыстан кейінгі
уақыттарда төменгі деңгейде болған. Мысалы, 1947 жылы Армату-
ра зауыты (директоры донсков), қалалық отын бөлімі (дир. Жуков),
облыстық байланыс бөлімшесі (дир.Клановицкий) мектептерге шефтік
көмек беруді міндеттеріне алғанмен, ешқандай көмек бермеген.
осындай кемшіліктердің орын алғанына қарамастан соғыстан
кейінгі жылдарда бүкіл Қазақстан аймағы сияқты орал қаласында
да халықтың, кейбір мекемелердің белсене қатысуымен бала-
ларды міндетті түрде оқыту заңы табысты түрде жүзеге асты.
облыстың орталығы болғандықтан шалғайдағы мал шаруашылығы
аудандарындағы тұрғындардың балаларын оқыту үшін, жетім ба-
лаларды қамқорлыққа алу үшін мектептер жанынан жатақханалар
салынған.
1950-1970 жылдардағы қалалық Кеңестегі алдыңғы кезектегі
міндеттер:
жалпыға бірдей тегін және политехникалық білім беру;
қалаларда онжылдық білім беруге көшу үшін күрес.
осы міндеттерге орай халыққа білім беру бөлімдері мектеп
жасындағы балалардың тізімін қайта жүргізіп, оларды мектепке тарту
істерін жүргізді. Мұндай жұмыстар нәтижесінде киімге мұқтаж бала-
лар, бетімен кеткен балалар анықталған. осыған орай халыққа білім
беру мәселесі Атқару Кеңестерінде қарала бастаған.
Соғыстан кейінгі жылдардағы жалпы білім беру ісіндегі ең
ықпалды құжаттар 1950 жылғы шілдедегі Қазақстан Компартиясының
орталық Комитетінің Ү Пленумының «Республикада халыққа білім
90
91
беру ісін одан әрі жетілдіру туралы» шешімі мен 1957 жылдың
7 желтоқсанындағы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының
«ҚазССР-індегі балаларды жаппай міндетті оқыту туралы»
Жарлығы болды. Бұл құжаттар бойынша 7-15 жас аралығындағы
балалар жеті жылдық білімді міндетті түрде алуға тиісті болды,
ал 15 пен 20 жас аралығындағы жетіжылдық білім алмағандарға
жұмысшы және село жастарының мектебінде, кешкілік мектептер-
де оқуға мүмкіндік берілді. Кешкілік мектептер жұмысшылардың
білімін жетілдірудің, кейін кәсіби шеберліктерін шыңдауға же-
телеген кәсіптік-техникалық оқуларға дайындаудың алғашқы
баспалдағы болды. Жергілікті өкімет кешкі мектептердің
материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қолда бар
мүмкіндіктерін толық пайдаланып, мұғалім-кадрлармен қамтып от-
ырды. 1959 жылы Ақтөбеде 4 кешкі мектеп, онда 713 оқушы болса,
оралда 1954 жылы 5 кешкі мектеп, онда 1183 оқушы болған. Кешкі
мектептердің және ондағы оқушылардың жалпы санының қандай
болғанын мына көрсеткіштен көруге болады: 1950-1951жылдарда
-5 мектеп, онда 1015 оқушы, 1960-1961 жылдарда – 6 мектеп, 1214
оқушы, 1965-1966 жылдарда-10, 1456 оқушы, 1966-1967 жылдарда
-10, 2315 оқушы, 1967-1968 жылдарда -10, 2237 оқушы болған.
Бұл кезеңде республиканың кәсіптік-техникалық білім беру
жүйесінде елеулі ілгерілеу кезеңі болды. 1954 жылдан бастап білікті
кадрлар даярлау үшін техникалық училищелер ашыла бастады,
оларға негізінен орта білімді жастар қабылданды. Бұл техникалық
училищелер әмбебап станоктарда метал жонатын токарлар мен
фрезершілер, кран жүргізушілер, экскаваторшылар, күрделі құрылыс
машиналарының машинисі сияқты мамандықтары бар жұмысшылар
даярлап шығарды. Мысалы, орал қаласындағы арнаулы кәсіптік
білім беретін оқу орындары ретіндегі ауыл шаруашылық технику-
мында -567, гидротехникумда-414 оқушы болды. Техникумның,
училищенің мыңдаған түлектері құрылыс алаңдарында қаланың
өсіп-өркендеуіне қомақты үлес қосып отырды.
Республикада жұмысшылардың мамандығын арттыру
жұмысының үнемі кең түрде жүргізілуіне орай жылма-жыл 280
мыңнан астам адам жаңа мамандық алуды үйреніп, республиканың
барлық жұмысшы табының 11% астамы өздерінің мамандықтарын
арттырған. Бұл мәселе орал қаласында 1960-жылдардан бастап
қолға алынған. Мысалы 1960-жылдардағы кадрларды даярлау мен
қайта даярлықтан өткізу деңгейін 13-кестеден көруге болады:
13-кесте
Жылдар
Жаңа кадрлар даярлау
Білімі жоғарлатылғандар
барлығы
жұмысшылар барлығы
жұмысшылар
1960
5,7 мың
5,4
6,6
6,1
1965
7,7
7,5
9,6
7,7
1966
8,1
7,8
9,7
6,9
1967
7,8
7,4
13,1
9,6
1968
6,6
6,5
12
9
1969
8,3
8,2
11,6
8,5
1958 жылы 24 желтоқсанда КСРо Жоғарғы Кеңесі мен 1959
жылғы наурыздағы ҚазКСР «Мектептің өмірімен байланысы және
КСРо-дағы халыққа білім беру жүйесінің одан әрі дамуы туралы»
заңы қабылданады. осы заңға сай барлық жерлердегі сияқты орал
қаласында да міндетті сегізжылдық жалпы білім енгізілді және
осы міндетті жүзеге асыруды қамтамасыз ету шаралары жүргізілді.
«Жалпы сегізжылдық оқытуды жүзеге асыру мен мектеп пен өмірдің
байланысын нығайту туралы» заңды жүзеге асыру мемлекеттік
органдардың, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналардың басты наза-
рында болуы керек деп есептелінді. Өйткені бұл мемлекеттік міндет,
оны сәтті шешу республика еңбекшілерінің мәдени деңгейін одан әрі
көтерумен байланысты болды.
Білім беру мәселесін шешу тек мәдени ғана емес мемлекеттің
экономикалық саясаты үшін де маңызды болды. Себебі білім алмай-
ынша өндірісті сәтті жүргізу мүмкін емес еді, өйткені жалпы білімі
жоқ жастар өндіріске түседі де білімі болмағасын өндіріс тетігін иге-
ре алмай олардың көбі өндірістен кетіп қалды не еңбек өнімділігін
төмендетті.
Қазақстандағы жалпыға міндетті сегізжылдық оқуды жүзеге
асырудың өз ерекшеліктері де, қиыншылықтары да болды. Алғашқы
ерекшеліктердің бірі бұл жылдарда өнеркәсіп кәсіпорындарының тез
қарқынмен өсуіне, тың жерлерді игеруге байланысты халық мигра-
циясына сай халық құрамының өзгеруі тек бір мектепте ғана емес бір
сынып та бірнеше ұлт өкілдерінің оқуы. Әсіресе қазақ мектептеріне
деген сұраныстың, әрі оны ашуға деген талпыныстың болмауынан
қазақ балалары орыс мектептерінде оқыды. Мұның қайшылығы
жалпыға бірдей білім беруде бір ұлттың мәдениетіне нұқсан келтірсе,
екінші жағынан интернационалдық достықты, бірлікті нығайтты.
Жалпыға бірдей сегізжылдық білім берудегі ең басты міндет
7-15 жас аралығындағы мектеп жасындағыларды есепке алу, олардың
92
93
мектепке баруын бақылау, интернат ашу, оқушылардың тамағын
ұйымдастыру тағы басқалары ең алғашқы кезектегі мәселелер бол-
ды. Бұл мәселелерді сәтті шешу жолында жүргізілген жұмыстар
1950-жылдардың аяғында жалпы білім берудің мәселелерін шешуге
мүмкіндік берді. Әсіресе 1959 жылы мектеп жасындағыларды есеп-
ке алу жаңа нұсқау бойынша Кеңестердің жергілікті атқару комитеті
мен статистика органдары арқылы жүргізілді. Мұндай есепке алу ісі
оқушылардың мектепке бару деңгейін, оқушылардың шығып қалу
себептерін анықтауға мүмкіндік берді. депутаттар Кеңесі жанынан
мектептердегі депутаттар тобы, жаппай оқыту постылары құрылып,
оған мектеп өкілдері, квартал комитеттерінің, ата-аналар қоғамының
өкілдері енді. Әсіресе постылар ата-аналар арасында түсіндіру
жұмыстарын жүргізіп, материалдық көмекті қажет етуші оқушыларды
анықтап, оқушыларды білім алуға тарту шараларын жүргізді.
осыған сәйкес 1950-1970 жылдарда орал қаласының маңызды
көрсеткіштерінің бірі – қаланың білімділік деңгейі мен денсаулық
сақтау ісі және мәдени өмірінің жағдайы болды. Жоғарыда атаған
заңдар мен бұйрықтарға орай қаладағы білім беру бөлімі мектептерді
қайта құру және өндірістік оқуды енгізу бағытында бірқатар жұмыстар
жүргізген. 1954 жылдың 1 қаңтарында қалада 30 мектеп болған, оның
тек біреуі ғана қазақ мектебі болған, онда 13830 оқушы оқыды. 1954–
1964 жылдар арасында қалада №31,32,40,39 мектептер мен вокзал ау-
данында мектеп – интернат ашылды. 1963 жылдың өзінде қалада 32
мектеп жұмыс жасап, оның ішінде 11 мектеп өз жұмысын өндірістік
оқумен ұштастырды. Бірақ осы кезеңдегі қала халқының өсуі мен
қаланың қажеттілігінің өсуіне мектептер сай болмады.
Сондықтан жаңа мектептер салу мен жұмыс жасап тұрған
мектептерді кеңейту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 1961жылы та-
мызда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы «Республикадағы бала-
ларды емдеу –профилактикалық мекемелерін, мектеп құрылысының
жағдайы мен оны жақсарту шаралары туралы» қаулы қабылдады. Бұл
Кеңес органдарын денсаулығы нашар, ақыл-ой, физикалық жетілу
жағынан кемістігі бар балаларды оқытуға көңіл бөлуге, санаториялық
типтегі мектептерді ашуға міндеттеді. Сөйтіп арнаулы мектептер
ашыла бастады. Егер 1959-1960 оқу жылында республикада 15 арнау-
лы мектеп (онда 1400 оқушы) болса, 1963-1964 оқу жылында ол екі
есеге өсіп, 30-ға жетті, ал оқушы саны 4100 болды.
Жалпы 1950–1951 жылдарда республикада 8668 мектеп, оның 4054
қазақ мектебі болса, орал қаласында 29 мектеп болған, оның 1 ғана
қазақ мектебі болды. Қаладағы барлық мектепте 548 мұғалім жұмыс
жасаған. олардың білімділік деңгейінің қандай дәрежеде болғанын
мынадан көруге болады: 190-жоғарғы педагогикалық мамандығы
барлар; 57-толық емес жоғары білімді; 72-мұғалімдер институтында
сырттай оқитындар; 196-орта педагогикалық білімі барлар, 12-жалпы
орта білімі барлар, 21-орта білімі барлар. Әсіресе математика, физика,
шет тілдері мамандары жетіспеді. Бұл кезеңде қаладағы мектептерді
дамыту ісіне республикалық бюджеттен арнаулы қаржы бөлініп от-
ырды. Мысалы, 1950 жылы 1миллиард 465 миллион сом бөлінсе,
1957 жылы 2 миллиард 207 миллион сом бөлінген. Бірақ ол толықтай
тиісті дәрежеде игерілмеген. 1953-1954 жылдары облыста 537 мектеп
болса, 1953 жылы қалада –29 мектеп жұмыс жасап, онда 12570 оқушы
оқыды. Бірақ оның тек 1 қазақ мектебі болып қала берді.
1955–1956 жылдарда республикада– 9420 мектеп болса, оның
3395 қазақ мектебі болған, ал 1960–1961 жылдарда –9017, оның
3031 ғана қазақ мектебі болды. Сонымен 1950-1951 жылдары қазақ
мектептері жалпы білім беретін мектептердің 47% құраса, 1960-1961
жылдары тек 34 % құраған, ал орал қаласында қазақ мектебі бір
мектеп қалпында қалды, жаңадан қазақ мектебі ашылмады. Мұндай
өзгеріс, яғни орыс мектептерінің санының басым болуы, ең алды-
мен сол кезеңдегі одақтық мемлекет басшысы болған Н.С.Хрущевтің
біздің республикадағы тың жерлерді игеру жөніндегі арнайы саясаты-
мен байланысты болды. осы кезеңдегі әсіресе Батыс Қазақстандағы
білім беру ісінің жағдайы туралы мәселе 1961 жылы қарашада
Минпрос коллегиясында қаралғанмен бұл қазақ мектептерін ашуға
қатысты мәнді шешім. Ал 1966 жылғы 10 қарашада СоКП орталық
Комитеті мен КСРо Министрлер Кеңесі «Жалпы білім беретін орта
мектептің жұмысын одан әрі жақсарту шаралары туралы» қаулы
қабылдап, онда «кеңес мектебі алдағы уақытта да жалпы білім беретін
еңбек және политехникалық мектеп болып дамуға тиіс, оның басты
міндеттері оқушыларды ғылым негіздерімен тиянақтап қаруландыру,
жастарды өмірге, мамандықты саналы түрде таңдауға даярлау болуға
тиіс» деп көрсетілген
.
Сөйтіп қала мектептері оқушыларды оқыту
мен оларға идеялық-адамгершілік тәрбие берудегі зор жетістіктерімен
қатар еңбекке баулу жүйесін жетілдіруде де айтарлықтай табыстарға
жетті. Мұның өзі тек оқу-тәрбие тұрғысынан ғана емес практикалық
тұрғыдан да маңызды әрі қажет болды, өйткені мектеп бітірген
оқушылардың аз ғана бөлігі жоғарғы оқу орнына түсті де, ал дені
өндіріске жұмыс істеуге барды.
Білім беру жүйесінің дамуы ең алдымен қаржыландыру
мәселесіне тікелей байланысты екені түсінікті. Мысалы, 1953 жылы
білім беру ісіне – 8 818 000 сом ақша бөлінсе, 1965 жылы қаладағы
ағарту ісіне–3 240 000 ақша бөлінген. Қаржыландыру ісінің аз да
94
95
болса мұндай өсімі мектеп ісінің алға басуына мүмкіндік берді. Жал-
пы 1950-1970 жылдардағы қала мектептерінің өсу динамикасын в.2
-қосымшадан көруге болады.
Бұл кезеңде мектептермен қатар мектепке дейінгі мекемелер
жүйесі де өсе бастады. Төртінші бесжылдық жылдарынан бастап ана-
лар мен балаларға қамқорлық жасалып, түрлі жәрдемдер беріле ба-
стайды. Соның бірі осы балалар мекемесінің көбеюі. Мұндай балалар
мекемесінің көбеюі өндіріс жұмысшыларының еңбек жағдайының
қалыптасуына жағдай жасау талабынан туындаған еді. Мысалы, 1953
жылы қаладағы бала бақшаларда 370 бала тәрбиеленсе, 1963 жылы 50
балалар мекемесі болып, онда 4432 бала тәрбиеленген, ал 1965 жылы
қалада 60 мектепке дейінгі мекемеде 7 мың бала тәрбиеленген. Бірақ
бұл игі істің өкінішті жағы бұл мектепке дейінгі балалар мекемесінің
қазақ тілінде болмауы. Бұл мемлекет ұйымдарының жергілікті қазақ
ұлтының ерекшелігімен санаспау саясатынан туындаған жағдай еді.
Халықтың санасын оятып, сауатын ашатын білім беру орындарының
мұндай бір бағытта дамуы жергілікті қазақ ұлтының ерекшелігін,
оның ұлттық белгісін ескермеуінен қаланың білім беру ісінің жап-
пай орыстандырушылық бағыттаа дамуын көрсетті. Ұлттық тілдегі
оқу мекемелерін, балаларды тәрбиелеу орындарын ашу бағытында
ешқандай шаралар жүргізілмеді. орыстандыру саясаты тек білім беру
ісінің барлық сатысында да орын алды.
Қаланың білімділік деңгейінің маңызды көрсеткішінің бірі – орта
арнаулы және жоғарғы оқу орындары болып табылады. 1950-1970
жылдар жоғары мектеп пен орта арнаулы оқу орындарын да дамы-
ту кезеңі болды. 1953-1954 жылдарда қалада 7 техникум, онда 2733
студент оқыды. Ал Жоғарғы оқу орны педагогикалық институт және
жоғарғы оқу орны санатындағы мұғалімдер институты болды, 1953-
1954 жылдары онда оқыған студенттер саны мынадай болды:
1953 1954
Педагогикалық институт 78 1121
Мұғалімдер институты 409 210
Білім беру ісін дамытудың бір жолы мектеп мұғалімдерінің
саны мен сапасын арттыру болды. Мұғалімдерді даярлауда орал
педагогикалық институты ерекше орын алды. 1947 жылы онда 770
студент оқыса, оның 325-і қазақ болды. Соғыстан кейінгі жылдар-
да мұғалім кадрларды даярлаушы педагогикалық институт пен осы
кезеңде мұғалімдер даярлауды өзіндік орны болған Мұғалімдер ин-
ститутын бітірушілер саны мынадай көлемде болды:
14-кесте
Бітірген
жылдары
Педагогикалық
институт
Мұғалімдер
институты
Барлығы
Күндізгі Сырттай Күндізгі Сырттай
1946/47
83
3
53
12
151
1947/48
78
32
94
26
230
1948/49
93
46
106
46
291
1949/50
118
23
114
42
297
Жалпы орта білім алуға көшуге орай 5-7 сыныптар үшін мұғалімдер
даярлаған мұғалімдер институты 1954 жылы жабылады, осы уақытқа
дейінгі аралықта бұл оқу орнын 2 мыңдай мұғалім бітіріп шықты. Ал
1937-1947 жылдар арасында педагогикалық институттан 1200 мектеп
мұғалімдері даярланған, оның 500-і қазақтар болды.
1946-1961 жылдар арасында орал педагогикалық институтының
күндізгі бөлім бойынша 3568, сырттай бөлім бойынша 1642
мұғалім даярланды. Бұл істе о.И.Гришина, Қ.Ж.Сүйінішалиев,
М.М.Тілеужанов, Х.К.Кенжеғұлов сияқты ұстаздар еңбегі ерекше
орын алды. Зиялы қауымды әлеуметтік қорғау саласында 1949 жылы
мектеп мұғалімдерінің жалақысы арттырылып, еңбек еткен жылдары
үшін төленетін пенсия ұлғайтылды.
Қаладағы жоғарғы оқу орнының қатары 1963 жылы
ауылшаруашылық институтының ашылуымен толықты. Бұл жал-
пы Батыс Қазақстан аймағын ауыл шаруашылығы мамандарымен
қамтамасыз ететін бірден бір оқу орны болды.
орта және жоғарғы мектеппен қатар қаланың білім беру сала-
сында өзіндік орын алған орта арнаулы оқу орындары болды. олар
педагогикалық училище, фельдшерлік мектеп, музыкалық училище,
ауылшаруашылық техникумы болды. Бұл оқу орындары қала мен
облыс аудандарына қажетті мамандарды даярлады. Мысалы, 1946/
47 оқу жылында бұл оқу орындарын мынадай көлемде түлектер
бітірген: педучилище-240 (107 қазақ), фельдшерлік мектеп -297, ауыл
шаруашылық техникумын -267 оқушы бітірген. Бұл түлектер орал
қаласы мен облыстың халық шаруашылығының маңызды салаларын-
да еңбек еткен. орал қаласындағы жоғарғы және орта арнаулы оқу
орындары мен ондағы студенттер санының деңгейін в.3-қосымшадан
көруге болады. Қаладағы екі жоғарғы оқу орындарындағы студенттер
96
97
саны 1970/71 оқу жылындағы 8642-ден 1976/77 оқу жылында 9439-ға
өскен, ал 8 орта арнаулы оқу орындарындағы студенттер саны 6635-
тен 7456-ға өскен.
СоКП ХХІV сьезі жастарға білім және тәрбие беру жүйесін одан
әрі жетілдіру қажеттігін де атап көрсетті. оныншы бесжылдықта
қаланың ағарту бөлімі жалпыға бірдей орта білім беруге көшуді
аяқтай отырып, айтарлықтай жетістіктеге жетті. 1976-1980-жылдарда
қаладағы білім беру жүйесі 1176 орындықты екі жалпы білім беретін
мектептермен, 2680 орындықты 11 балалар бақшасымен толыққан.
1980-жылдардың басынан бастап жоғарғы және орта арнаулы оқу
орындарында қазақ бөлімдері ашылып, мектеп түлектерін қабылдай
бастайды. Бұл бір жағынан өлке халқының білім алуға ұмтылысын
арттырса, екінші жағынан оқу орындарындағы студенттер қатарының
көбеюіне, қаланың білімділік дәрежесінің артуына әкелді.
Миллиондаған еңбекшілердің жасампаз еңбекке көшуі елдің
бүкіл өмірін, оның ішінде мәдени-рухани және идеологиялық өмірін
қайта құрумен де байланысты болды. 1945 жылы Қазақ КСР Халық
комиссариаты жанында мәдени-ағарту мекемелерінің істері жөніндегі
комитет құрылады, ол кейін киноматография, өнер істері жөніндегі
комитетпен бірге республикалық Мәдениет Министрлігінің құрамына
енеді. Соғыстан кейінгі жылдарда осы мекемелер негізгі мәдени-ағарту
жұмыстарын бақылап, жүзеге асырды.
Жалпы соғыстан кейінгі уақытта енді ғана бас көтерген елде
материалдық жағдай ақсап, қаржы тапшылығы кең орын алып от-
ырды. осындай қиындықтарға қарамастан елдің бейбіт жағдайға
көшуіне орай халықтың жаңа өмірге ынтасын арттырып, жағдайын
көтеру мақсатында үкімет бірқатар шараларды қолға алады. Соның
бірі қаладағы мәдени-ағарту органдарының жұмысын жолға қою,
оларға соғыстан кейінгі ел алдындағы бесжылдық жоспарды орын-
дау міндеттерін жүзеге асыруды жүктеу болды. Мұны 1946 жылы
орал қаласының мәдениет бөліміне бекітілген 14 клуб пен кітапхана
жүзеге асырды. олардың жұмысының негізгі бағыттары – төртінші
бесжылдық жоспарды үгіттеу, насихаттау болды Сондықтан соғыстан
кейінгі жылдарда осы мекемелер өз алдарына қойылған міндеттемені
түрлі жұмыс түрлері мен бағыттары арқылы жүргізген. Жүргізілген
жұмыстардың негізгі формалары – лекциялар, баяндамалар оқу, кино-
концерттер қою болды. Мысалы, 1946 жылы ол мынадай деңгейде бол-
ды. Лекциялар мен баяндамалар-72, Концерттер мен қойылымдар -55,
киносеанс-60. Мұның өзі соғыстан кейінгі кезеңде 1947-1948 жылдары
орал қаласы мен қала төңірегіндегі елді-мекендерді қамтыған мәдени-
бұқаралық жұмыстардың 4 түрлі бағытта жүргенін көрсетеді. олар:
1.баяндамалар мен дәрістер оқу бағытында;
2.клубтар мен қызыл бұрыштардағы жұмыстар бойынша;
3. кітапханалар жұмысы арқылы;
4. көркемөнерпаздар үйірмесінің жұмыстары бойынша. 1947
жылы қаладағы мәдени-ағарту жүйесінде 60 мекеме, яғни 23-клуб,
23-кітапхана, 14-қызылбұрыш болған. 1947 жылы мәдени-ағарту
мекемелері арқылы 115 қойылым көрсетіліп, 23450 адамға мәдени
қызмет көрсетілген. Соғыстан кейінгі кезеңдегі қаланың мәдени-ағарту
жұмыстарына қаладағы өндіріс орындары мен оқу орындары, мекеме-
лер түгелге дерлік қатысқан. Мысалы, 1947 жылы қаладағы мәдени-
ағарту жұмысына қатысушылар мен олардың жүргізген жұмыстары
мынадай болды:
15-кесте
Өндіріс орындары
Атқарылған жұмыстар
Лекция кеш
концерт
киносеанс
Землячка зауыты
4
8
6
1
ворошилов зауыты
7
2
2
-
Арматура зауыты
8
3
3
-
Мемлекеттік банк
6
3
3
2
Нан комбинаты
5
1
1
-
Ет комбинаты
9
5
-
32
Мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізген мекемелердің ішінде
неғұрлым белсенділері ворошилов зауыты, Кірпіш зауыты, Арма-
тура зауыты мен ет комбинаттарының клубтары болса, «Землячка»
зауытының, №13 диірменнің, тері зауытының тағы басқа клубтарының
жұмыстары төмен деңгейде болды.
Жалпы еңбекшілердің клуб жұмыстарына қатысуы халықтың
бейбіт өмірге деген құлшынысын көрсетті. дегенмен мәдени-ағарту
мекемелерінің жұмыстарында бұл кезде едәуір кемшіліктер орын
алды. олар:
партия, кәсіподақ, комсомол ұйымдарының басты ұйымдар ретінде
мәдени қызмет ісіне араласпауы, тиісті дәрежеде көмек бермеуі;
кәсіпорын жұмысшыларының, жалпы еңбекшілер тобының
кеңінен мәдени-ағарту жұмысына қатыстырылмауы.
Сондықтан халықты жаңа өмірге тартудың басты құралы
98
99
ретіндегі мәдени-ағарту жұмыстарын жолға қою мәселесі Қалалық
Кеңесте маңызды мәселелердің бірі ретінде көтеріледі. 1948 жылы
15 мамырда қалалық КП(б) комитеті жанындағы кәсіподақ кеңесінде
«Қаладағы мәдени-ағарту жұмыстары және кәсіподақ ұйымдарының
міндеттері туралы» мәселе қаралды. Бұл кеңестің шешімі бойынша
1948 жылы ҚазКСР Мемлекеті мемлекеттік бюджеттен әлеуметтік-
мәдени шараларға 2,024 миллион сом, соның ішінде орал қаласына
1946 жылмен салыстырғанда 256% көлемінде, ал облысқа – 3 млн.
445 мың сом қаржы бөлді. Мұндай мөлшерде қаржының бөлінуі
мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесінің өсуіне алып келді. Мысалы,
1948 жылы қаладағы мәдени-ағарту жүйесінде 23-клуб, 30-кітапхана,
21-қызыл бұрыш жұмыс жасады. Бірақ 23 клубтың 5-і арнайы еңбек
ақы алатын қызметкерлердің басқаруы арқылы жұмыс жасаған, ал
қалған 18-і партия, кәсіподақ, комсомол ұйымдарының тапсырмала-
ры бойынша жұмыс жасаған. Бұл мәдени-ағарту мекемелерінде 1948
жылдың 1-қаңтары мен 1-мамыры аралығында 68-лекция оқылып, 411-
концерт, кино қойылып, 13 рет үгіт бригадалары селоларға шықты. Бұл
жұмыстарды жүзеге асыруда №15 РУ, облпромсоюз клубтары ерекше
көрсеткіштерімен көзге түсті.
Ал 1949 жылы мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесінде 24 клуб, 31
кітапхана, 9 қызыл бұрыш жұмыс жасады. олар барлығы 488 лекция
мен баяндамалар оқыған, оның ішінде 65-і халықаралық тақырыпта,
68-і саяси тақырыпта, 107-сі тарихи тақырыпта болды. Сондай-ақ
71 көркемөнерпаздар үйірмесі халыққа қызмет көрсеткен, оған 110-
қазақ, 913 орыс және басқа ұлт өкілдері қатысып және олар 575 кон-
церт пен қойылымдар көрсетті. Мұның өзі қаладағы мәдени-ағарту
мекемелерінің жағдайының айтарлықтай түзеліп, соғысқа дейінгі
деңгейінен әлдеқайда көтерілгенін көрсетті. Бірақ мәдени-ағарту
мекемелерінің жұмысындағы кемшілік олардың маусымды жұмыс жа-
сауы, мереке-мейрамдарға ғана қатысты қызмет көрсетуі, көпшілігінің
арнаулы жетекшілерінің болмауы болды.
Мәдени-ағарту мекемелерінің бірі ретіндегі кітапханалар ісіне кел-
сек, 1948 жылы 1-қаңтарда орал қаласындағы облыстық кітапханада
45787 дана кітап болды. оның 14754-кітабы қазақ тілінде болған, оның
өзі де ескі әріптермен жазылды. Ал қалалық кітапхана қоры -6285
кітап, қалалық балалар кітапханасы қоры – 3167 кітап қоры болды. Ал
жалпы қаладағы 23 кітапханада – 188330 мың дана кітап болды. Бұл
кітапханалар қалалық қаржы бөліміне қарады. оның үстіне соғыстан
кейінгі кезеңде кітапханалардың материалдық базасы өте төмен болды,
құрал-жабдықтар, сөрелер жетіспеді, комсомол, кәсіподақ ұйымдары
кітапхан ісін ұйымдастыруға тиісті дәрежеде қатыспады, көмек те
бермеді. Кейбір кітапханалардың орындары талапқа сай болмады. Әрі
бұл кезеңде әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерді өтеуге қала бюджетінен
бөлінген қаржы мәдени-ағарту мекемелерінің жұмысын қамтамасыз
етуге аздық етті. Әсіресе мәдени-ағарту қызметкерлерін даярлау
мәселесі күрделі мәселелердің бірі болды. осыған орай 1948 жылы 14-
желтоқсанда Қазақстан КП оК бюросы «Кітапханалар жұмысының
жағдайы мен жақсарту шаралары туралы» шешім қабылдады, онда
кітапхана жұмысын түбірінен қайта құрудың нақты жолдары атап
көрсетілді. Мұның өзі мәдени-ағарту жұмысын жақсарту жолындағы
нақты шешім болды. Егер қазан төңкерісіне дейін қалада 3 800 кітабы
бар 1 кітапхана болса, 1950-жылдардан бастап кітапханалар саны
да, оның қорлары да өсе бастады. Мысалы, 1954 жылы қалалық
кітапханада 22 012 кітап қоры, ал 1965 жылы – 99 546 кітап қоры бол-
ды. Ал 1970 жылы 288672 данаға жетті. 1968 жылы 1 қаңтарда қалалық
кітапханалардағы оқырман саны 85 мыңға жетті [80;5]. Жалпы 1970-
жылдардан бастап қала еңбекшілері ағарту, саяси, білім беру бағытында
18 қызмет ету аймағына бөлініп, әрбір кітапханаға белгілі бір қызмет
ету аймағы бекітілді. Мұның өзі кітапханалар жұмысын жолға қойып,
халықты оқырман болуға тартуға ықпал етті. Нәтижесінде оқырмандар
саны 4492 адамға, кітап беру ісі 115027 данаға өсті. 1970 жылы 1
қаңтарда кітапханалар жүйесіндегі кітап қоры 1651922 данаға өсті.
Әрбір қала оқырманына орташа есеппен 17 кітаптан, әрбір тұрғынға
12 кітаптан келді. Кітапханалардың кітап қорын толықтыру үшін 1972
жылы кітап алуға 33 мың сом, соның ішінде қалалық бюджеттен 30
мың сом, орталық қордан 3 мың сом, қалалық кеңес жанынан қосымша
2,2 мың сом ақша бөлінді. Мұның өзі кітап қорларының өсуіне ықпал
етті. оны мына цифрлар дәлелдейді.
1972жыл 1973жыл 1974жыл 1975жыл
Кітап қорының өсуі 1634581 1776697 1899582 2010204
Әрбір кітапхана кеңестік құрылыстың ісіне, мемлекеттің жо-
спарлары мен нұсқауларының іске асуына көмектесуші идеологиялық
орталық болғандықтан кітапханалардың ең маңызды міндеті –қызмет
көрсетуді жақсарту және оқырманға рухани жағынан өсуге көмектесу
болды. осыған орай кітапханада үгіт-насихат жұмыстары, саяси
оқуларды, кітап көрмелерін ұйымдастыру, қызықты адамдармен кезде-
сулер жүргізіліп отырды.
Сондықтан мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізіп, мәдениет са-
ласында қызмет етіп жүргендердің білім деңгейін жетілдіру үшін
қоғамдық негізде кеңестер, слет, семинарлар ұйымдастырылады.
Мұның өзі мәдени-ағарту жұмысының жандануына жаңа серпін
туғызды. Мәдени-ағарту жұмыстарына алдыңғы қатарлы зиялы қауым
100
101
өкілдері де қатыса бастады. 1947 жылы еліміздің алдыңғы қатарлы
ғалымдары, қоғам қайраткерлері творчестволық зиялы топ өкілдерінің
басшылығымен саяси және ғылыми білімдерді халыққа кеңінен та-
рату жөніндегі «Білім» қоғамы құрылады. осы қоғамның филиалда-
ры 1948 жылдан бастап Қазақстанның қалаларында жұмыс істей ба-
стайды, саяси үйірмелер, партия мектептерін ұйымдастырады. осы
қоғам ықпалымен 1948 жылдың 1-қаңтарынан 15 наурызына дейінгі
аралықта орал қаласында халықаралық қатынастар бойынша -11,
ғылыми-жаратылыстану тақырыбында -17, саяси тақырыпта -9, тарихи
тақырыпта -3, басқа тақырыптарда -8, барлығы 48 баяндама мен дәріс
оқылған. Жалпы 1948 жылы қалада 44 саяси үйірме, 120 - вКП(б)-ның
қысқаша курсын оқу жөніндегі үйірме жұмыс жасады.
Мәдени-ағарту жұмыстарының ішінде көркемөнерпаздар
үйірмесінің жұмыстарын ерекше атап көрсетуге болады. 1947 жылы
64 көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс жасаса, оның 60-орысша,
4-қазақша болып, оған 661 адам қатысқан, ал 1948 жылы оның саны
84-ке жеткен, оның 8-і қазақша болып, жалпы 1142 адам қатысты, 1950
жылы 94 болды . Мұның өзі халықтың мәдени өмірге белсене араласа
бастауының, халық энтузиазмінің көрінісі болып табылды.
Үкімет
пен
жетекші
ұйымдардың,
партия-комсомол
ұйымдарының басшылығы арқылы бұл жылдарда қаладағы мәдени-
ағарту мекемелерінің жүйесі үнемі кеңейіп отырды. Мысалы, қалалық
мәдени-ағарту бөлімінің бастығы Быстровтың мәліметі бойынша 1950
жылдың аяғына таман қалада 79 мәдени-ағарту мекемелері жұмыс жа-
сап, қала кітапханалары 233429 дана кітап қорымен халыққа қызмет
көрсетті. Бұл 1949 жылмен салыстырғанда 8,1% өсімді көрсетті.
Көркемөнерпаздар коллективі 1949 жылы -39 болса, 1951 жылдың
басында - 45 болып, олар халыққа 289 концерт беріп, ал клубтар мен
кітапханалар 405 дәріс оқыды. Мәдени-ағарту мекемелерінің ішінде
киноқұрылғыларды ерекше атап өтуге болады. Кеңестік кезеңде кино
«коммунистік тәрбие берудің» маңызды құралы болып есептелді.
Бұл кезеңде оралда 3 кинотеатр болды, оның ішінде «Заря», «Крам»
кинотеатрларының материалдық жағдайлары жан ауыртар жағдайда
болып, өте қолайсыз орналасты, жабдықтары жетіспеді. Сондықтан
1947 жылдан бастап кино қызметін атқарған негізінен киноқұрылғылар
болды. Сөйтіп соғыстан кейінгі кезеңде халықтың өмірге ұмтылысы
мәдени-ағарту мекемелерінің жұмысының жандануына өз ықпалын
тигізді.
Бұл жылдарда қаланың мәдени-ағарту саласындағы ақсап жатқан
сала-мұражай ісі болды. Мұражай жұмысындағы басты кемшілік
ұлттық кадрлардың қызмет істемеуі, тіпті қазақтардың мұражай ісі
басқарушыларының қатарында ғана емес техникалық және қамту
қызметкерлерінің қатарында да болмауы еді. Қазақ қызметкерлерінің
болмауынан мұражайдағы жәдігерлерге қазақша түсініктеме берілмеді,
кейбір жәдігерлер ескерусіз қалды. Бұл жағдайлар Қаз КСР-і Халық
Ағарту Комиссариатының қорытынды баяндамаларында да айтылды.
Бірақ мәселе қағаз жүзінде ғана қалып отырды.
Халықтың материалдық жағдайын жақсартудың бір көрінісі
ретіндегі еңбекшілердің мәдени демалысын ұйымдастыру ісі де 1950–
жылдардан бастап жолға қойыла бастады. Егер қазан төңкерісіне дейін
қалада 40 трактир мен сырахана болса, 1952 жылы қалада жұмыс
жасаған «Қызыл таң», «Заря», Фурманов атындағы бақтағы киноте-
атр, Чапаев атындағы затондағы тұрақты кинокөрсеткіш және жыл-
жымалы кинотеатрларда 988 мың көрермен 6710 сеанс көріп, қала
бюджетіне 3105 мың сом кіріс түсірді. 1965 жылы қалада 7 кинотеатр,
16 клуб, 30-ға жуық қызыл бұрыш, 3 жазғы би алаңы, А.И островский
атындағы орыс драма театры, 49 кітапхана, 38 киноқұрылғы жұмыс
жасап, халыққа мәдени қызмет көрсетті. 1960–жылдарда қаладағы ки-
нотеатрлар қатары 260 орындықты Ленин комсомолы атындағы, 312
орындықты «Аврора», 500 орындықты «Мир» кинотеатрларының
салынуымен толықты. 1967 жылы қалада 9 кинотеатр, 100 әртүрлі
кітапхана, 16 клуб еңбекшілерге қызмет көрсетті. Әсіресе өнеркәсіп
орындарының көпшілігінде кітапханалар ұйымдастыру кең етек ала-
ды. Бұл кітапханалар жұмысы оқырмандарды тартумен қатар түрлі
көрмелер ұйымдастыру, әдеби кештер, кездесулер өткізу бағытында
жүрді.
Халық арасында мәдени-ағарту жұмыстарын кеңінен насихат-
тау үшін 1958 жылдан бастап қоғамдық негізде мәдени универси-
теттер ашылып жұмыс жасайды. Мұндай мәдени университеттердің
мақсаты жұмысшыларды, қызметкерлер мен зиялы қауым өкілдерін,
жоғарғы және арнаулы оқу орындарының студенттерін мәдениет
пен өнердің дамуының жалпы мәселелерімен, негізгі міндеттерімен
таныстыру. онда оқылатын баяндамалар деректі-хроникалы филь-
мдер көрсету, суретшілер шығармаларына көрме ұйымдастыру
және орыс, қазақ композиторлары мен ақындарының таспаға жазып
алынған шығармаларын тыңдаумен үнемі толықтырылып отырған.
Бұл университеттің жұмысына қаланың мәдени-ағарту мекемелерінің,
музыкалық оқу орындарының мұғалімдері, «Білім» қоғамының лектор-
лары қатысты. Алпысыншы жылдары мәдени университеттер қатары
саяси және ғылыми білімдерді насихаттайтын халықтық университет-
тер жүйесімен толықты. 1963 жылы штаттан тыс лекторлар мен «Білім»
қоғамының мүшелерінің қатысуымен партия мен үкімет шешімдерін
102
103
насихаттау бағытында 1174 лекция оқылды. Жалпы қаладағы барлық
бұқаралық-саяси және мәдени-ағарту жұмыстарына басшылық жа-
сап отырған еңбекшілер депутаттарының қалалық Кеңесінің ролі
артып, мәні күшейеді. оған шаруашылық және мәдени құрылыстың
міндеттерін жүзеге асыруда мыңдаған қала еңбекшілерін біріктірген
820 қоғамдық ұйымдар үлкен көмек көрсетті.
КоКП орталық Комитетінің 1954 жылғы ақпан Пленумының
қаулысына сәйкес кәсіподақтардың жұмыстарын қайта құру мен
жақсарту бойынша бірнеше шаралар жүзеге асты. «Кеңестік
кәсіподақтар туралы» жаңа ережеге сәйкес облыстағы кәсіподақтар
іріленді, облыстық кәсіподақтар кеңесінде шаруашылық салалар бой-
ынша нұсқаушы топтар мен техникалық инспекциялар қалыптасты.
Кәсіподақ ұйымдарының құрамындағы мүшелер саны да өскен. 1960
жылдан бастап кәсіподақтар құзырына барлық шипажайлар мен дема-
лыс үйлерін басқару берілген. Мысалы, 1960-1961 жылдары кәсіподақ
ұйымдарының жолдамасы бойынша қаланың 7500 жұмысшылары мен
қызметкерлері шипажайларда дем алып, емделген, 8 мың бала пионер
лагерінде демалды.
Қаланың мәдени-ағарту жұмыстарының қол жеткен табы-
старына клуб мекемелерінің қосқан үлесі зор болды. Бұл кезеңде
кітапханалармен қатар клубтар да 998 әртүрлі мәдени шаралар өткізіп,
184 спектакль мен концерт қойды. Клутар концерттер, лекциялар, кез-
десулер, әр түрлі тақырыптық кештер өткізе отырып, халық талантта-
рын табуда да көп жұмыстар атқарды. Бұл кезеңдегі клуб жұмысының
негізгі бағыттары үйірмелік жұмыстар мен көркемөнерпаздар жұмысын
ұйымдастыру болса, 1960-жылдардан бастап клубтар үйірмелік
жұмыстан бірте-бірте мәдениет үйлерін, студиялар, халық театрларын,
филормонияларды ұйымдастыруға көше бастайды. 1950- жылдар-
да көркемөнерпаздардың 43 үйірмесі еңбекшілерге қызмет көрсетті.
Әсіресе № 2 автобаза, байланыс бөлімшесінің клубтары жақсы
жабдықталуымен және жұмыстарының кең көлемде болуымен ерекше
көзге түсті. Ал 37–дЭУ, музыкалық училище клубтары өз жұмыстарын
тиісті дәрежеде жүргізбей, өз аттарына партия комитеті тарапынан сын
алды. олар көбіне тек кинофильмдер көрсетумен шектелді. Негізінен
1960-жылдарда халыққа мәдени қызмет көрсетудің ең көп тараған,
әрі көпшілікті қамтитын түрі – кино көрсету болды. 1967 жылы орал
қаласында 9 кинотеатр болды . Кинотеатрлар кинофильмдерді сапа-
лы көрсетумен қатар өте ауқымды тәрбие жұмыстарын да жүргізіп
отырды. Кинотеатрларда киноклубтар, кинолекториялар жұмыс жа-
сап, тақырыптық фильмдер, кештер, көрермендер конференциясы
жиі өткізіліп тұрды. Бірақ барлық жұмыс орыс тілінде жүргізілді.
Кинотеатрлардың
көрермендермен
ұйымдастыру-бұқаралық
жұмыстарын өте жақсы жүргізгендері үшін, киноаппараттарын үлгілі
дәрежеде ұстап, кинодан түсетін жоспарын асыра орындау жұмысының
қорытындысы бойынша 1967 жылдың І кварталында «Мир» кинотеа-
тры ІІІ сыйлыққа ие болған (директор Баймуханов), ал ІІІ кварталда
Гагарин атындағы кинотеатр алды (директор Портянов). Бұл киноте-
атрлар № 6,40 мектептер мен Землячка атындағы зауытпен, К. Цеткин
атындағы фабрикамен үнемі байланыс жасап отырды. Бұл бір жағынан
кинотеатрларға өз көрермендерінің қатарын толықтыруға мүмкіндік
берсе, екінші жағынан, еңбекшілердің, оқушылардың өз демалысын
ұйымдастыруға мүмкіндік берді. 1981жылы қала кинотеатрлары қала
халқына мынадай түрде фильмдер көрсеткен (16-кесте):
16-кесте
Кинотеатрлар
Көрсетілген фильм саны
Мир
107
Гагарин атындағы
120
«Чапаев»
115
Ленин комсомолы атындағы
168
Аврора
160
Бұл кинотеатрларда көрсетілген фильмдердің көпшілігі халықты
патриотизмге, интерноционалдық рухқа тәрбиелеген кеңестік филь-
мдер болған.
Негізі 1968 жылдан бастап мәдени-ағарту мекемелерінің
жұмыстары ХХІІІ сьездің шешімдерін насихаттауға бағытталды.
осы жылдан бастап бескүндік жұмыс аптасына көшуге орай қалалық
мәдениет мекемелері еңбекшілердің демалысын ұйымдастырудың
нақты шараларын жасады. Қалалық демалыс паркінде 16 мереке
өткізіліп, 327 концерт қойылды. 1960-жылдарда әлеуметтік-мәдени
шараларға Қаз КСР Мемлекеттік бюджетінің жұмсаған шығыны 743,4
млн сом болды. осындай қаржыдан орал қаласы да өз үлесін алып,
мәдени-ағарту шараларын жүзеге асырды.
1965жылы барлық қалалардағы сияқты орал қаласы комсомолда-
ры да өндіріс мәдениетін көтеру үшін жарысқа шықты олар өндіріс
орындарының тазалығы мен өнім сапасы үшін күрес жүргізді. орал
қаласы жастары «Бесжылдыққа жастардың шеберлігі мен ізденісі» деп
аталатын бүкілодақтық жарысқа қатысты.Жастар арасында «Қаланың
104
105
үздік токары», «Жас және үздік маман жұмысшы» атақтарын алу
көптеген жарыстар өткізілді. Жас аспаздар, құрылысшылар жары-
сы өткізілді. Сондай-ақ 1970 жылы Қазақстан әйелдерді қоғамдық
өндіріске тарту жөнінде одақта 8 орында болды. Әйелдер үлесі
1957жылы 37,5% болса, 1973 жылы 44,4% болды . Әйелдер еңбегінің
дәстүрлі салалары жеңіл және тамақ өнеркәсібінде жұмысшы
коллективтерінің басым бөлігі әйелдер болды. Негізі республикада
өндірісте жұмыс жасауға қабілетті әйелдер саны көп болды, бірақ
олар толық дәрежеде қамтылмады. оның негізгі себебі балалар жүйесі
мекемелерінің жеткілікті салынбауы, тұрмыс қызметі өнеркәсібінің
нашар дамуы, көп балалы аналар үшін толық емес жұмыс күні мен
үйге жұмыс беруді тиісті дәрежеде пайдаланбау болды.
Сегізінші бесжылдық жылдарында Қаз КСР-нің өмірінде айтулы
оқиғалар көп болды. 1967жылы Ұлы октябрь революциясының 50
жылдығы, 1970 жылы Ұлы отан соғысының жеңісінің 25 жылдығы,
ҚазССР-і мен Қазақстан Компартиясының құрылуының 50 жылдығы,
түрлі мерекелер болды. осы мерекелер мен айтулы шараларға қала
халқы белсене қатысты.
СоКП ХХІV сьезінің шешімдері халық шаруашылығындағы
ғылыми-техникалық пргресті жеделдету үшін қуатты фактор болды.
Бесжылдық жоспарда алға қойған міндеттер ойдағыдай жүзеге асы-
рылып, бұл жылдарда жұмыстың жоғарғы сапалылығы үшін күрес,
шығынды аз жұмсап, көп жұмыс атқаруға ұмтылу, шаруашылық
есепті, еңбектің озық әдістерін (бригадалық мердігерлік т.б.) енгізу
еңбек коллективтерінің ұранына айналды.
1970-1985 жылдарда мәдениет саласының материалдық-
техникалық негізін нығайтуда біраз жұмыстар атқарылып, 1970 жыл-
дарда қалалық мәдени-ағарту мекемелері едәуір жетістіктерге жетті.
Мәдени-ағарту мекемелері халыққа мәдени қызмет көрсете отырып
өндіріс коллективтерінің шаруашылық және мәдени құрылыстағы
міндеттерін шешуге ықпал етті. Бұл кезеңде қалада 400 оқушыны
қамтыған музыкалық училище, 450 баланы қамтыған 3 музыкалық
мектеп, 6 тұрақты кинотеатр, 3 клуб, 6 мемлекеттік стационарлық,
17 кәсіподақтық киноқұрылғы, драма театры, облыстық филормония
болды.
Әрбір кинотеатрдың көрерменмен жұмысының негізгі фор-
масы ретінде - кинофестивальдар, кездесу, кино-премьералар,
фотокөрмелер, кинолекторийлер өткізді. Балаларға арналған Гагарин
атындағы кинотеатрда «Буратино», «Малыш» киноклубтары жұмыс
жасады. Сондай-ақ мәдениет үйлері мен өндіріс мекемелері жанын-
да клубтар, көркемөнерпаздар үйірмесі де ұйымдастырылды. Мыса-
лы, ворошилов атындағы зауыттың мәдениет үйінде 7 үлкендерге,
13 балаларға арналған үйірмелер, Механикалық зауытта жоғарғы
сынып оқушылары үшін «дружба» клубы, «Ұн-жарма» комбинатын-
да «Уралочка» халықтық би ансамблі жұмыс жасады. Бұл кезеңдегі
мәдени-ағарту мекемелеріндегі үгіт-насихаттың тиімді әдістерінің
бірі - өндіріс коллективтерінің жетістіктерін насихаттау, мәдени-
бұқаралық жұмыстың алдыңғы қатарлы тәжірибесімен алмасу болған.
Бұл бағытта еңбек пен мәдениет эстафетасы, еңбек мерейтойлары
өткізілді. Мысалы, 1974 жылғы еңбек эстафетасына ворошилов зау-
ыты, Механикалық зауыт, ұн-жарма комбинаты, Темір жол мекемесі,
Землячка атындағы зауыт, ет комбинаты қатысты. С.Августинович
басқарған қалалық мәдениет бөлімі ҚазКСР Министрлер Кеңесінің
«Бұқаралық демалысты ұйымдастыруды жақсарту мен халыққа мәдени
қызмет көрсету шаралары туралы» шешімін орындай отырып көптеген
бұқаралық мәдени шараларды өткізді. Соның бірі 1974 жылы Киров
атындағы паркте 8 театрландырылған көріністің өткізілуі. Сондай-ақ
облыстық филормонияда 1401 концерт беріп, 3450000 адамға қызмет
көрсетіп, жоспардағы 2750000 орнына 32 кіріспен 5200 пайда алса,
«Ән қанатында», «орал толқыны» эстрадалық бригадалары да тек
қала емес селоларға да мәдени қызмет көрсетті.
1980-жылдарда орал қаласындағы екі аудан Өнеркәсіп және Ле-
нин аудандары өздеріне тиесілі өнеркәсіп орындарының жұмысын
бақылап, жүргізумен қатар халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету
шараларын жүзеге асырып отырды. Әр ауданның мәдени-әлеуметтік
комплекстері Мемлекеттік банкте арнаулы есепшот ашып, оған әр
ауданның кәсіпорындарынан ақша аударылып отырған. Мысалы, 1986
жылы Өнеркәсіп ауданының есебіне – 22 мың сом, Ленин ауданының
есебіне- 27 мың сом түскен. осы қаржыға сай әр аудан мәдени-демалыс
шараларын өткізді. Бұл кезеңде қалада жалпы 27 клуб, 2 мәдениет үйі,
104 кітапхана, 2 өнер мекемесі, 2 методикалық орталық, 3 музей, көрме
залы, 6 кинотеатр болды. Бұл мәдени мекемелер осы кезеңде қалада
өмір сүрген – 218400 адамға мәдени қызмет көрсетті.
Қалалық мәдениет бөлімі партияның ХХҮІІ сьезінің шешімдерін
жүзеге асыру мақсатында мәдени шаралар қызметін жақсартудың
жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіруге, барлық мәдени мекемелердің
комплесті қалалық мәдени-бұқаралық шараларды өткізу жұмыстарын
реттеуді жақсартуға ерекше көңіл бөле бастады. Бұл кезеңде мәдени
жұмыстардың жаңа формалары енгізіліп, дәстүрлі түрлері қайта жан-
дандырылды. Мысалы, әзіл-сықақ кештері, ақындық кештер, халық
шығармашылығының фестивальдары өткізіліп, КвН командаларының
кездесулері жаңартылып, қалалық 14 үгіт бригадасы 14 ауданды ара-
106
107
лады. осы кезде қалада 78 жаңа коллектив пайда болды. олардың
қатарында орыс халық аспаптар оркестрі, фольклорлық-этнографиялық
топтар тағы басқалары құрылды. Қалада қолданбалы көркемөнер
көрмелері, еңбек коллективтерінің рапоттары, көркемөнерпаздар
коллективтерінің есептері, жанұялық ансамбльдердің байқау - жары-
сы, облыс аудандарының күндері өткізілді. Мысалы, 1985 жылды во-
рошилов атындағы мәдениет сарайында 40 жанұялық ансамбльдердің
жарыс-сайысы өткізіліп, онда Жалпақтал ауданынан Мерғалиевтер,
Сырым ауданынан – досқалиевтер, орал қаласынан – Савельевтер
ерекше көркемөнер топтары ретінде көзге түсті. Тек 1988 жылдың
өзінде қалада 4 ірі театрландырылған спорттық - көркемөнер
мерекелері: «Қаланың 375 жылдығы», «Наурыз», «орал қаласының
ерлікпен қорғанысының 70 жылдығы» және Жаңа жыл мерекесі
өткізілді. Сондай-ақ достас республикалар музейлерінің көрмелері
дәстүрге айналып, орал тұрғындары орынбор, Қазан, Калининград,
Черкасск, Наманган музейлерінің көрмелерімен танысты. облыстағы
ірі өндіріс ошағы ретіндегі Қарашығанақтың игерілуіне орай өлкетану
музейі Қарашығанақ жөніндегі материалдарды жинақтап, 1989
жылы қыркүйекте «Қарашығанақ –достық құрылысы» деген көрме
ұйымдастырды. Халықты мәдени-эстетикалық бағытта тәрбиелеу
мақсатында 1988 жылдың өзінде 1 миллион сом қаржы бөлініп,
жұмсалды. Қала кәсіпорындары мен мекемелерінің шаруашылық
есеп пен өзін-өзі қаржыландыруға көшуіне орай мәдени орындар да
өзін-өзі қаржыландыру жолдарын іздестіріп, жаңа жағдайға бейімделе
бастады. 1988 жылдан бастап қаланың мәдениет үйлері өзін-өзі
қаржыландыруға көшіп, олар халыққа ақылы қызмет көрсетудің мына-
дай түрлерін ұсынып, жүзеге асырды:
жастардың би кештері, жаңа жыл, көктем, күз мерекесі балдары;
жасы келген адамдар категориясына арналған «отыздан
асқандарға», «Жақсы көңіл-күй», той тағы басқа ақылы кеш шарала-
ры өткізілді.
1981-1984 жылдар арасында мәдени шараларға қаржы бөлудің
нәтижесінде 21 мың сомға екі жаңа атракцион тұрғызылып, 900 мыңнан
астам қаржы кітапханалар қорын толықтыруға жұмсалды. Бұл жыл-
дарда орталықпен мәдени байланыстар жүргізіліп қала еңбекшілеріне
өнер көрсету үшін әйгілі әртістер Л.Лещенко, Е.Рахмадиев және
фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер, «отырар сазы» сияқты
коллективтер келіп, сондай-ақ жергілікті «Бипыл», «Уралочка» сияқты
халық коллективтері де өнер көрсетті.
1981-1984 жылдар арасында қалада кітапханалар саны 102-ден
109-ға, клубтар мен мәдениет үйлері 19-дан 21-ге дейін өсті. 1984-1985
жылдары қалада қалалықтардың спортпен айналысуы үшін 3 стадион,
45 спорт залы, 27 футбол алаңы, 25 аула алаңдары болды. Халықтың
демалысын ұйымдастырудың бір жолы – аула клубтарын ұйымдастыру
болды. 1988-1989 жылдарда қалада «Ровесник», «Романтик», «Проме-
тей», «Факел» сияқты 7 аула клубтары жұмыс жасады. Әрине мәдени-
ағарту жұмыстарын жүргізуде кемшіліктер де орын алды. Бұл ең ал-
дымен қаланың екі өнеркәсіпті ауданға бөлінуімен байланысты болды,
өйткені әр аудан бойынша мәдениет бөлімдері құрылмады, штаттар
бөлінбеді. Мұның өзі жұмысты кең көлемде жүргізуге кедергі жаса-
ды. Қаланың мәдени жұмыстарының басты бағыттарының бірі – орақ
ору кезінде диқандарға үгіт бригадаларын жіберу болды. осыған орай
1984 жылдың өзінде 2 үгіт поезд бен 6 үгіт бригадасы Камен, Зеленов,
Казталовка аудандарына барып, 18 концерт қойып, 12 лекция оқыды.
Жалпы осы жылда селоға 112 концерт қойылып, 89 лекция оқылды.
орал қаласы – тарихи қала болып есептеледі. Сондықтан қала та-
рихын бейнелейтін тарихи ескерткіштер де мәдениет бөлімі назарынан
тыс қалмады. 1981жылы тарихи ескерткіштерді есепке алып, құжаттау
ісі жүргізілді. Бұл жұмыстың нәтижесінде 38 ескерткішке есеп кар-
точкасы жасалып, мемлекеттік қорғауға алынған, ал 48 ескерткіштің
тізімі ғана жасалды. Бұл жылдарда тарихи ескерткіштерді қорғау ісіне
оқушыларды тартуға ерекше ден қойылды. осыған сай кейбір мектеп-
терде археологиялық бағытта үйірмелер ашылды. Әсіресе №6 мектеп
оқушылары орал педагогикалық институтымен бірге археологиялық
экспедицияларға қатысты.
Сондай-ақ бұл кезеңде қала кәсіпорындарындағы мәдени-
тұрмыстық шаралар мен еңбекшілер демалысын ұйымдастыру шарала-
рына да қалалық еңбекшілер депутаттарының Кеңесі ерекше мән беріп
отырды. 1981 жылғы 27 маусымдағы №377 «Құрылыс ұйымдарындағы
жұмысшылардың еңбегі мен тұрмысын ұйымдастыру жөніндегі
жұмыстардың жағдайы» туралы шешіміне орай қаладағы құрылыс
кәсіпорындарында 169 көркемөнерпаздар коллективі құрылып, жұмыс
жасады.
Қаланың мәдени-рухани өмірінің бір саласы – ғылым. Қаланың
ғылыми өмірінде ерекше орын алған облыстың, қаланың дамуы үшін
үлкен маңызы бар деп есептелген басты кен орны –Қарашығанақ пен
батыс өңірдегі мұнай-газ қорын зерттеу ісі болды. 1975-1986 жыл-
дары облысты басқарған М.Б.Ықсанов орал өңірінде геологиялық-
барлау жұмыстарын жүргізуге едәуір қаржы бөліп отырды. Кенішті
одақтық деңгейге көтеру мақсатында ғалымдар орал мұнай-газ барлау
экспедициясының бастығы С.М.Камаловтың басшылығымен одақтың
108
109
әр түкпірлеріндегі ғылыми-зерттеу институттарымен байланыс жа-
сай отырып, 1986-1989 жылдарда 1500 ғылыми зерттеу жұмыстарын
жүргізді. Мұның өзі аймақта үлкен кен қорының барын анықтады.
Кеңестік кезеңде ұлттық мәдениет пен дәстүрлердің дамуы
шектеліп, ұлттық сана имперлік саясат шеңберінде тұншықтырылып
келген болатын. Клубтар, мәдениет кешендері мен кітапхана
қорларының басым бөлігінің орыс тілді болуы ұлттық мәдениеттің да-
муына басты кедергі болды. Сондай-ақ білім беру жүйесіндегі мектеп-
ке дейінгі мекемелердің қала халқын бала бақшамен қамту деңгейінің
61% құрауы, бір жарым мыңнан астам өтініштің қанағаттандырылмауы
сияқты жағдайлар мәдени өмірдің дағдарысқа ұшырап, осы жылдар-
да шешімін таппаған мәселелер қатарының көбейіп отырғанының бір
дәлелі болды. 1980-жылдардың ортасына дейін қалада 2 ғана қазақ
мектебінің, С.Сейфуллин атындағы мектеп-интернат пен Сауықтыру
мектеп-интернатының ғана болуы ұлттық мәдениет пен тілдің дамуы-
на жол берілмегенінің басты куәсі болды. Бұлардың өзі де облыстық
деңгейдегі мектептер болды, қалалық бірде-бір қазақ тіліндегі мек-
теп пен бала бақша болмады. Сондай-ақ 1980-жылдардың ортасына
қарай қалада жұмыс жасаған 29 клуб, 3 мәдениет үйі, 110 кітапхана, 2
өнер мекемесі, 3 музей мен 6 кинотеатрдағы жүргізілген жұмыстардың
да басым бөлігі орыс тілінде болды. Мұның бәрі қалалық партия
комитетінің бақылауымен және тікелей нұсқауымен жүзеге асырылды.
Сонымен қатар мәдени ошақтардың ұйымдық-басқарылу жүйесінің
ведомстволық түрі оның бытыраңқылық сипатта болуына әкелді. Мы-
салы осы жылдарда қаладағы 28 клуб пен 2 мәдениет үйі 5 ведомствоға,
110 кітапхананың 21-і мен 1 мәдениет үйі ғана қалалық Кеңеске қарады.
Сондықтан ведомстволар арасындағы келіспеушіліктер, бытыраңқы
жұмыс жасау мәдени жұмыстардың дамуына кедергі жасады. Тек 1980
жылдардың екінші жартысында басталған қоғамдық-саяси өмірде
жүзеге аса бастаған қайта құру мәдени-реакрациялық жүйеге де оңды
өзгерістер әкеле бастады.
Сонымен аталмыш жылдар аралығында қаладағы білім беру
жүйесі де және мәдени-ағарту саласының дамуы да идеологияның
ықпалында болғанына, орыстандырушылық бағытта болғанына
қарамастан айтарлықтай өзгерістерге қол жеткізді. Мысалы, қалада
1963 жылы ауыл шаруашылық институтының ашылуы облыс үшін
жақсы жаңалық болды. Сондай-ақ мектеп аралық оқу комбинаттары
құрылып, оқушыларды кәсіпке бағдарлауда табысты жұмыс жаса-
ды. Мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесі, олардың қызметі қалпына
келтірілді.
Достарыңызбен бөлісу: |