М.Өтемісов атындағы БҚму ғалымдарының ғылыми еңбектерінің сериясы / Тарих


нысанның қайта жоспарланып іске қосылуына   сәйкесті 51 дүкен, 14 офис, 5 мейрамхана, 14 дәмхана, 9



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата22.01.2017
өлшемі1,88 Mb.
#2422
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
 нысанның қайта жоспарланып іске қосылуына  

сәйкесті 51 дүкен, 14 офис, 5 мейрамхана, 14 дәмхана, 9 автокешен, 3 

тіс оңдайтын бөлме, 3 дәріхана, 2 сұлулық салоны , 3 шаштараз, 2 сауда 

және 1 қонақ үй жұмыс жасайды.

1990-жылдардың аяғында қала экономикасының оңға басуына қала 

бюджетіне түсетін кірістің өсуі де ықпал етті. 1 қала 990 жылдардың ба-

сында қала бюджетінің кірісі 70% болса, 1999 жылы ол 97,9 % құрады. 

оған ең алдымен ықпал еткен салық түсімдері болды. Мысалы, заңдық 

тұлғалардан  -171313  млн.  теңге,  жеке  адамдардан  -4,85  млн.  теңге, 

меншік салығы – 121,1% , кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін төленетін 

салық-100%, айыптар, әкімшілік санкциялардан түскен салық -63,8%, 

жалпы кіріс -732613 триллион теңгені құрады. Сондай-ақ Қарашығанақ 

жобасының іске асуы да қала кәсіпорындарының жұмысының жолға 

қойылуына ықпал етті. Қаладағы 38 кәсіпорын өндіріс көлемін 53%-

ке, 20 өңдеуші өнеркәсіп өндіріс көлемін 0,44%-ке өсірді. Транспорт, 

құрал-жабдықтар  өндірісі  77,1%  болды.  2000  жылдың  қаңтар-ақпан 

айларында қала бюджеті 83%-ке орындалды.

Егемендік алғаннан кейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының 

тұтас  даму  арнасында    қала  тұрмысында  елеулі  өзгерістер  болды. 

Алғашқы өзгерістердің бірі қаланың саяси -әкімшілік құрылымындағы 

өзгеріс болды. Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 13 қаңтардағы 

«Жергілікті  басқару  және  халық  депутаттарының  жергілікті  Кеңесі 

туралы»  заңына  сай  1992  жылы  15  ақпандағы  №1  бұйрық  бой-

ынша  қалалық  еңбекшілер  депутаттарының  кеңесінің  өкілеттілігі 

тоқтатылып, орал қалалық әкімшілігі құрылды. Қала әкімшілігі қала 

өмірін өзінің 8 бөлімі арқылы бақылап, басқарды. 


122

123


осындай  саяси  құрылымдағы  өзгерістермен  қатар  қаладағы 

маңызды  өзгеріс  ең  алдымен  әрбір  адамға  кәсіппен  шұғылдануға 

мүмкіндіктің  тууы  болды.  Әлеуметтік  жағдайды  жақсарту,  экономи-

каны  дамыту  және  оны  тұрақтандыру,  өмір  талабына  сай  жоғарғы 

еңбек  ақыны,  зейнетақыны  және  жәрдем  ақыны  арттыру  міндеттері 

тұрды.  Сондай-ақ  1995  жылғы  30  тамызда  қабылданған  Ата  заңның 

өзінде  де  «қоғамның  басты  құндылығы  халық,  яғни  адам»  деп  атап 

көрсетілді  [160].    Сондықтан  Үкімет  жергілікті  халыққа  барынша 

жағдай жасауды, олардың тұрмысын жақсартуды жергілікті әкімшілік 

орындарға  тапсырды.  осыған  орай  өндірістегі  үлкен  қиындықтарға 

қарамастан қалалық әкімшілік әлеуметтік   саланың жұмыс жасауына 

азды-көпті көңіл бөліп отырды. Әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге 

бюджеттің 90% бөлінді. 1993 жылғы бюджет жобасы бойынша кіріс 

1 млрд 105 млн. сомды, шығыс – 4 млрд 766 млн. сомды құрады. 3,5 

млрд жетіспеушілік болған, ал оны жабатын мүмкіндік болмады. ХХ 

ғасырдың 90-жылдарының бас кезіндегі  республикадағы бюджеттік 

дағдарыс қаланың әлеуметтік саласына да әсер етті. Сондықтан 1993 

жылдан бастап қала әкімшілігі қаржы тапшылығына орай әлеуметтік 

сала  шығындарын,  коммунальдық  шаруашылық  шығындарын 

қысқартты.  Мұның  өзі  халықтың  тұрмыс  жағдайының  төмендеуіне 

әкелді.  Өте  қиын  жағдайда  қалған  халықтың  қорғалмаған  бөлігі, 

зейнеткерлер,  мүгедектер,  көп  балалы  жанұялар  болды.  Сондықтан 

қалалық әкімшілік қалыптасқан жағдайда қарап отырмай халықтың осы 

топтарының жағдайын жасауға, оларға әртүрлі көмектер беруге әрекет 

жасады. Қалалық азық-түлік дүкендеріне әлеуметтік жағдайдың 18 ка-

тегориясы бойынша  20 мыңнан аса азаматтарды тіркеп, олар төмен 

бағамен азық-түлік алды.  Жағдайы төмен  3200 жанұяға тегін және 

жеңілдік  бағамен  отын  берілген,  оның  ішінде  1140  мүгедекке  отын 

тегін  берілді.  Халықты  ауыл  шаруашылық  өнімдерімен  қамтамасыз 

ету  үшін  33  мың  жанұяға  бақша  учаскелерін,  38  мың  жанұяға  бау-

бақша  учаскелерін  берді.  осылайша  халықтың  әл-ауқатын  қолдау 

жұмыстары жүргізілді.

Халықтың  басым  бөлігінің  тұрмыстық  деңгейінің  төмендеуіне 

бірден-бір  әсер  еткен  осы  жылдардағы  инфляцияның  өсуі  болды. 

Бұл төлем дағдарысымен, халық тұтынатын даяр өнімді шығарудың 

төмендеуімен,  өндіріс  орындарының  дағдарысқа  ұшырауымен 

түсіндірілді. Мысалы,1993 жылдың сегіз айында қала кәсіпорындары 

1 млрд. 366 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімін шығарған, бұл алдыңғы 

жылдың деңгейімен салыстырғанда 417 миллионға аз болды. осының 

өзі халықты қамтамасыз ету деңгейінің төмендегенінің дәлелі болып 

табылады.

Экономикалық реформалар процесі тереңдеп, еңбек рыногындағы 

жағдай шиеленіскен кезеңдегі ең күрделі мәселе халықты жұмыспен 

қамту мәселесі болды. Бұл мәселе ең өзекті мәселенің біріне айналды. 

КСРо ыдырағаннан кейін көптеген өндіріс орындарының жұмысының 

тоқталып қалуы немесе қысқартылуы жұмыссыздар қатарын көбейтті.

Бұл  кезеңдегі  қаладағы  жұмыссыздар  қатарының  көбеюі  өндіріс 

орындарындағы жұмыс орнының қысқартылуы мен ауылдан келген-

дер есебінен өсті. Өйткені жаңа қоғамдық қатынастар жағдайындағы 

қаланың жағдайы, урбанизация мәселесінің ескерілмеуі ауылдан кел-

ген халықтың дағдаруына әкелді. оның үстіне облыста газ өндіру са-

ласын дамыту қолға алынып, шетелдік компаниялар келгенмен олар 

жергілікті  халықты  жұмысқа  алмай  жұмыскерлерді  өздері  әкелді. 

осыған орай бұл кезеңдегі қаладағы ең бір күрделі жағдай кедейшілік 

пен  жұмыссыздықтың  өсуі  болды.  Үкімет    елдегі  қалыптасқан 

қиын  жағдайдан  шығу  үшін  республиканың  барлық  жерлерінде  де 

халықты еңбекпен қамтитын орталықтарды құрды. олардың мақсатты 

жұмыссыздарды  тіркеп  мүмкіндігінше  еңбекпен  қамту,  көмек  беру 

болды.  Мысалы,  1992жылы  еңбекпен  қамту  орталығына  қаладағы 

жұмыссыздардың  9517-сі  тіркелген,  оның  3  мыңдайы  еңбекпен 

қамтылған. осы жұмыссыздардың 77%-і әйелдер болып келген. 

1993-1994 жылдары қаладағы еңбекпен қамту орталығына 3209 

адам келген, 792 адам тіркелген, оның 283-і көмек алған. Жұмыссыздар 

қатарында әсіресе әйелдердің үлесі басым болған. Жұмыссыздықтың 

кең етек алып отыруына орай жергілікті басшылар халықты жұмыспен 

қамту  үшін  әртүрлі  шаралар  ұйымдастырған.  Мамандығы  жоқ 

адамдарға  жұмыспен  қамту  орталығы  жанынан  арнайы  осы  заманға 

қажетті мамандықтар бойынша курстар ұйымдастырған. Мысалы, ком-

пьютермен жұмыс жасау, аспаз, шаштараз, слесарь, сварщик т.б. Бұл 

кезеңде аталмыш орталықпен тығыз байланыста жұмыс жасаған «Ан-

дас» оқу орталығы, бұрынғы №1 кәсіптік училищенің негізінде маман-

дар даярлайтын курстары бар оқу орталығы құрылды. Жұмыссыздық 

қазіргі кезеңде де орын алып отырған қоғамдағы келеңсіз жағдайдың 

бірі.  1999  жылы  4296  жұмыссыз  болса,  соның  1093  ғана  жұмысқа 

орналастырылды.  Ал  2000  жылы  6038  жұмыссыздың  5%  ғана 

қамтамасыз етілді. Сондықтан тәуелсіз мемлекет болғанға қарамастан 

жұмыссыздық мәселесі әлі де толық шешімін таппаған мәселе екендігі 

қала өмірінен көрініс алып отыр.

Жұмыссыздықпен  қатар  орын  алған  күрделі  де  келеңсіз  жағдай 

кедейшілік  болды.  1992  жылғы  тексеру  барысында  облыс  бойынша 

6  мынан  астам  адам  кедейшілік  халде  күн  кешіп  отырса,  қаланың 


124

125


өзінде  оның  3361-і  болды.  Сондықтан  осы  категориядағы  адамдар 

үшін  қайырымдылық  асханалары  ашылып,  тегін  түстікпен  600  адам 

тамақтандырылды. 

Жұмыссыздық  пен  кедейшілікпен  күрес  қала  әкімшілігінің  на-

зарынан тыс қалмаған мәселе, ол кейінгі жылдарда да жалғасын тау-

ып  отырды.  Жыл  сайын  «ваканттық  бос  орындарға  жәрмеңкелер» 

ұйымдастырылып,  жұмыспен  қамту  мәселелерн  ішешу  жұмыстары 

жүргізіліп  отыр  Мысалы,  2011  жылы  қалалық  жұмыспен  қамту 

мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жұмысқа орналастыру бойын-

ша 5611 адам өтініш жасаған, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 23,3% 

кемігендікті  көрсетеді.  Тіркелген  жұмыссыздар  саны  934  адамды 

құрайды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 251 адамға өскен, 2677 

жұмыссыз жұмысқа орналастырылған.

2011  жылдың  есепті  кезеңінде  4657  жаңа  жұмыс  орындары 

құрылды (жоспар - 4841 орын). оның ішінде сала бойынша: өндіріс 

саласында –500 жаңа жұмыс орны, ауыл шаруашылығында – 301, сау-

да саласында - 511, көлік және байланыс саласында - 138, білім сала-

сында - 145, денсаулық саласында - 349, коммуналдық шаруашылық 

саласында - 501, басқа салаларда –1002, уақытша жұмыстарда - 1210 

жұмыс орны құрылды.

Қала  бойынша  экономикалық  белсенді  халық  саны  2011  жылы 

120,3 мың адам құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 2,5% өсті. 

Бір  жұмысшының  2011  жылы  орташа  еңбек  ақысы  69401  теңге 

құрады,  алдыңғы  жылмен  салыстырғанда  9,6%  өскендікті  көрсетеді 

(анықтамалық: ҚР бойынша - 85255 тенге, облыс бойынша - 84080 тен-

ге). Есепті кезеңде барлық экономикалық қызмет түрлеріндегі жалда-

малы қызметкерлер еңбекақысының артқаны байқалды: өндіріс сала-

сында - 73566 теңге (125,1%), көлік саласында- 144871 теңге (124,0%), 

қаржы саласында- 108299 (115,7%), байланыс саласында 90611 теңге 

(102,8%).

дегенмен әлі де болса ең төменгі еңбек ақы білім беру, ауыл, ор-

ман және балық шаруашылығы салаларында орын алып, сәйкесінше 

53677 теңге(127,1%) және 38793 теңгені (96%) құрап отыр.

2011  жылы  күнкөріс  деңгейінің  шамасы  16032  теңгені  құрады, 

бұл 2010 жылмен салыстырғанда 17,1% өскендікті көрсетеді.

Қазақстанның  әлеуметтік  саласындағы  басты  мәселелердің  бірі 

–зейнетақымен қамтамасыз ету ісі болды. Экономикадағы тұрақсыздық 

жағдай  халықтың  ең  қорғалмаған  тобына,  яғни  эейнеткерлер  мен 

тұрмысы  нашар  жанұяларға  қатты  әсер  етті.  Қаладағы  халықты 

әлеуметтік  қамту  ісімен  айналысу  үшін  халықты  әлеуметтік  қамту 

басқармасы  құрылады.  Халықты  әлеуметтік  қамту  басқармасы  өз 

жұмысында Қазақстан Републикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы 

«Қазақстан  Республикасындағы  мүгедектердің  әлеуметтік  қорғалуы 

туралы» заңы мен Үкімет қаулыларын басшылыққа алып отырды. Бұл 

кезеңде қалада зейнетақы мен көмек алатын 47146 адам болды, оның 

30991-і жасының толуына қарай, 5800-і көп балалы және жалғыз басты-

лар, 724-і тұрмысы нашар жанұялар ретінде көмек алды. Бұлар алатын 

зейнетақы  мөлшері  -261  теңге,  бала  кезінен  мүгедек  ретінде  алатын 

зейнетақы мөлшері -247 теңге болды. Мұндай мөлшердегі зейнетақы 

тұрмыстық  жағдайды  қамтамасыз  етуге  жеткіліксіз  еді.  Сондықтан 

әлеуметтік қолдау бағытында 1994 жылдың 1 қаңтарына дейін қалада 

10 мың адам жеңілдік алып отырды.

Бірақ республика Президентінің «1994 жылғы республика бюджеті 

туралы» Жарлығына  сай 1 сәуірден ай сайынғы компенсация түрінде 

әлеуметтік жеңілдік берудің жаңа механизмі енгізіледі. Жеңілдік тек 

соғыс ардагерлері мен мүгедектерге ғана қалдырылды. Ал 1 тамыздан 

бастап ай сайынғы компенсация да тоқтатылды. Бірақ осы белгіленген 

ай сайынғы компенсацияны уақытында берудің мүмкіндігінің болма-

уы компенсация төлеудегі қарызды туғызды. Бұл кезеңде І,ІІ топтағы 

мүгедектерге компенсация төлеу қарызы тек 1994 жылдың шілде айын 

қоса алғанда 1,5 млн теңгеге жетті.

осы жылдарда  әлеуметтік қамту бөліміне әлеуметтік жағдайына 

байланысты  6  мыңнан  астам  көп  балалы  аналар  есепке  тұрып, 

гуманитарлық  көмек  алды.  Сонымен  қатар  әлеуметтік  жағынан 

қамтылмағандарға  көмек  ретінде  «Парыз»  мемлекеттік  мекемесінің 

бөлімдері арқылы жеңілдік бағамен азық-түлік берілді. Сондай-ақ «ве-

теран» дүкені азық-түлікті төмен бағамен сатты. осындай жеңілдіктер 

нәтижесінде  жыл  басынан  33,4  млн.  теңгенің  товары  сатылған 

[138;24]. Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі бойынша берілген көмек 

түрлерінің мөлшерін, қанша тағайндалғанын, қаншасы төленгенін С.2-

қосымшасынан  көруге  болады.  Бірақ  қала  әкімшілігі  экономикалық 

қиын жағдайда кедейшілік пен жұмыссыздықпен күрес бағдарламасын 

жүзеге асыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарғанмен ол аяғына 

дейін жеткізіліп, толық дәрежеде шешімін таба алмады.

Қала  өмірінің  барлық  саласын  дерлік  қамтыған  дағдарыстың 

бір  көрінісі  –  қаржы  тапшылығы  болды.  Яғни  қаладағы    халықтың 

тұрмысына  байланысты  мәселелердің  шешілмеуі  ең  алдымен  1990 

-  жылдардағы  қала  бюджетіне  байланысты  болды.  Бұл  кезеңде  қала 

бюджетінің  тапшылығына  орай  туындап  отырған  жағдайды  шешу-

ге толық мүмкіндік болмады. Өйткені экономикадағы дағдарыс қала 

бюджетіне де нұқсан келтірді. Бюджеттің кіріс бөлігі тиісті дәрежеде 

орындалмағандықтан  қаржы  тапшылығы  орын  алды.  Мысалы,  1993 



126

127


жылы қаржының жетіспеуі 520 млн. сомды құраған. Мұндай қаржы 

қорының жетіспеуінің басты себебі қала бюджетінің реттелген кірісінің 

негізгі  бөлігінің  облыс  бюджетіне  түсуінен  қала  бюджетінің  аз  ғана 

бөлікті иеленуі  болды. оны мына 17-кестеден көруге болады:

17-кесте

Кіріс көздері

Қала бюджетіне облыс бюджетіне

1.Қосымша құн салығы

2.Кіріс салығынан

3.жанбасы салығынан

30%

10%


50%

70%


90%

50%


1994  жылдың  сегіз  айында  қалалық  салық  төлеушілерден 

187,5млн  теңге  кіріс  алынса,  қала  бюджетіне  тек  71,5  млн.  теңге 

алынған. Сондай-ақ  кәсіпорындардан бюджетке түсетін қаржылардың 

уақытында  түспегені анықталған. Мысалы, 1992 жылы «арақ-шарап 

зауыты» 8,1 млн. сом ақшаны бюджетке аудармай коммерциялық іске 

пайдаланғаны  тексеру  барысында  анықтады.  осы  жылдарда  мұндай 

жағдайлар жиі көрініс алып отырды.

1994жылы  бюджеттің  50%-і  шамамен  80,6  млн  теңгенің  47,6 

млн  теңгесі  қаланың  әлеуметтік  саласын  дамытуға  жұмсалған

.

  Қала 



бюджетін толықтыру ісімен тікелей айналысушы салық инспекциясы 

үнемі  тексеру  істерін  жүргізіп,  тиісті  шараларды  қабылдап  отырған. 

Әлеуметтік  қорғау  бөлімінде  де  бірқатар  жұмыстар  атқарылды. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылдың 12 тамызындағы 

№128  «Зейнеткерлер  мен  халықтың  аз  қамтылған  тобын  әлеуметтік 

қорғау  жөніндегі  аймақтық  қайырымдылық  қорларын  құру  туралы» 

жарлығына орай бұл іс қала кәсіпорындары арасында  қолдауға ие бо-

лып «Қазақгаз» (Е.Р.Әзербаев), «Астық» АҚ (Б.И.Өскембаев),  Кред-

соцбанк  (в.Н.Кариянов)  1 млн. теңгені қорға аударды.

2000  жылдың    бірінші    жартысында  309  мүгедектің  үйіне  тек-

серу  жүргізіліп,  оның  82-не  көмек  беріліп,  18-і  интернат-үйіне  тап-

сырылды.  Халықтың  тұрмысы  төмен  тобын  қамтамасыз  ету  үшін 

берілетін  көмектер  осы  кезеңде  де  жалғасын  тауып  отырды.  Қала 

бюджетінің  өсуіне  орай  1990  жылдардың  аяғы  мен  2000  жылы 

қаладағы  мүгедектерді  қорғау  ісі  жүзеге  асырылды.  ҚР  Үкіметінің 

1996 жылдың 12 сәуіріндегі №437 «Тұрмыс жағдайы төмен адамдарға 

тұрғын  үй  көмегін  беру  тәртібі  туралы»  шешімі  мен  БҚо  әкімінің 

1999  жылдың  7  қазанындағы  №200  «Тұрмысы  төмен  азаматтарға 

адрестік  материалдық  көмек  беру  туралы  Ережеге»  сәйкес  қалалық 

еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау Басқармасында «Тұрғын үй» 

бөлімі жұмыс жасайды. Бұл бөлім 2000 жылдың 4 айында орташа 1200 

теңгеден 20 миллион 818 мың сомға 5891 жанұяға тұрғын үй көмегін 

берді.  Жалпы 1999 жылдың аяғы мен 2000 жылдың басында қаладағы 

2087  адамға  5211450  теңге  адрестік  көмек  бөлініп,  оның  2000000 

теңгесі  төленді.  оның  қандай  көлемде  болғанын  д1-қосымшадан 

көруге болады. Мысалы, 1999жылдың 20 қарашасы  мен 2000 жылдың 

1 маусымы  арасында 540 адамға тегін тамақ берілген, оған «Казком-

мерцбанк» АҚ 1 млн 781 мың теңге аударды. Әлеуметтік көмек беру 

ісіне қаланың көптеген өндіріс орындары қатысқан. «водоканал» ААҚ 

130 зейнеткерге ұн, 22000 теңге, «диана»тігін кәсіпорны 546 зейнет-

керге киім, 344500 теңге ақша берген. Сондай-ақ 2087 адамға 5211450 

теңге  адрестік  көмек  берді.  Жалпы  2000  жылдың  І  кварталында  21 

мекеме –кәсіпорындардан 2000 зейнеткерге 2266030 теңгенің көмегін 

көрсетті.

Нарықтық қатынастар кезіндегі қала өмірінің ажырамас бөлігі –ба-

зар болды. Базар – бір жағынан, «жұмыс орындарын» беруші, екінші 

жағынан, қала бюджетін толықтыру көзі болды. Мысалы, 1994 жылы 

орталық  азық-түлік  базарында  сауда  орындарының  саны  950  болса, 

1996 жылы 1950-ге жетті. Ал зат базарында 1994 жылғы 1318- орын 

1996  жылы  2377-ге  жеткен.  Мұның  өзі  қаладағы  жұмыссыздардың 

едәуір  бөлігінің  осы  базарда  күн-көріспен  айналысқанын  көрсетті.  

Базардың  қала  бюджетін  толықтырушы  көз  екенінің  дәлелі  осы  зат 

базарынан  1996  жылдың  1  қарашасында  қала  бюджетіне  8  миллион 

961 мың, азық-түлік базарынан 10 миллион 677 мың  теңгенің түсуі. 

Сондай-ақ бір мезгілдік талон беру есебінен екі базардан 41,1 миллион 

теңге кіріс түсті.

Бірақ халыққа қызмет етудегі базардың өзіндік көлеңке жақтары 

да  көрініс  алды.  ол  өлшегіш  құралдардың,  таразылардың  дәл  бол-

мауы, стандартқа сәйкес келмеуі. Мысалы, тексеру кезінде 576 базар 

таразысының  171-нің  жарамсыздығы  анықталған  жағдайлар  орын 

алған. Мұндай жағдайлар қаланың нарықтық экономикасының көлеңке 

жақтары болды.

Жалпы  алғанда  тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  кезеңдегі  орал 

қаласы экономикасының даму барысын қарастыра отырып оның да-

муын екі кезеңге бөлуге болады. оның біріншісі, 1991-1998 жылдар 

қала экономикасының құлдырау мен дағдарысты бастан кешіру кезеңі; 

екіншісі, 1999 жылдан кейінгі кезең нақты шаралардың қабылдануы 

мен инвестицияның келуі нәтижесінде экономиканың жандану кезеңі. 

Тәуелсіздіктің осы екінші кезеңінен бастап қала экономикасының 

дамуының қарқыны өсе бастайды. Бұл кезеңде қаланың дамуы нарық 



128

129


механизімін  игеру,  кәсіппен  айналысу  мен  өмір  сүру  жолдарын  табу, 

жаңа  өндіріс  салаларының  дамуы  сияқты  бірқатар  жаңалықтар  мен 

өзгерістерден  көрініс  алды.  1999  жылдан  бастап  жекешелендірудің 

төртінші кезеңі іске асуда. Бұл кезеңде мемлекеттік меншікті басқару 

және  онымен  айналысу  мәселелері  бойынша  мемлекеттік  мекемелер  

арасындағы өкілеттіліктерді бөлуге жаңа көзқарас қолданыла бастады. 

Жоғарда  келтірген  мысалдардан  көргеніміздей  тәуелсіздіктің  

алғашқы  жылдарындағы  орал  қаласының  экономикалық  және 

әлеуметтік саласының  дамуындағы жаңа тенденцияларды  айқындалып, 

қаланың одан арғы даму мүмкіндіктері  көрсетілді.

Қаладағы  өткір  мәселенің  бірі  –тұрғын  үй  мен  комммуналдық 

қызмет  көрсету  мәселесі  болды.  Халықтың  тұрмыс  жағдайының 

төмендеуі  комммуналдық  қызмет  төлемін  үнемі  кешіктіруге  әкеліп, 

1994 жылы халық қарызының 5,2 миллион теңгеге жеткізді. Әсіресе 

«Алаугаз» АҚ газын пайдалану қарызы 2,2 млн. теңгеге жетіп, осы се-

бептен тұрғындарға уақытында газ берілмеген жағдайлар орын алды.

Құрылыс мәселесі де назардан тыс қалмады. 1992 жылы 80 мың 

шаршы  метр  тұрғын  үй    пайдалануға  берілген.  Бұл  1991  жылмен 

салыстырғанда  25  мың  шаршы  метрге  артық  болған.  1992  жылы  ет 

комбинаты ауданында 1296 оқушыға арналған мектеп, 6-шы ықшам ау-

данда 280 орынды, тері комбинаты ауданында 140 орынды бала бақша 

салынған. Бірақ осы жылдарда қала халқының өсуіне орай оқушыларға 

мектептер жетіспеді. Әсіресе Зачаганск, 6-шы және солтүстік-шығыс-2 

ықшам  аудандарында  мектепке  қажеттілік  жоғары  болды.  Бұл 

мектептерді салу үшін миллиардтан астам қаржы, ал коммунальдық 

обьектілерді  салу  үшін,  жылу  магистральдарын  жөндеп,  қайта 

жабдықтау үшін ондаған миллион қаржы, өте қиын жағдайда тұрған 

28 тұрғын үйді жөндеу үшін 100 млн. сом қажет болды.  Қиын болса да 

қалалық әкімшілік өндіріске қажет обьектілерге көңіл бөлді.

Халықтың    ең  басты  мұқтажы  тұрғын  үй  мәселесіне  келсек, 

1994 жылдың басында қалалық бюджет есебінен тұрғын үй салу мен 

халықтың  жеңілдіктегі  категориясын  тұрғын  үймен  қамту  мәселесін 

шешуге 2,5 млн. теңге бөлінді. 1994 жылы  кәсіпорындар мен халық 

күшімен 19,2 мың шаршы метр тұрғын үй салынған, бұл 1993 жылы 

салыстырғанда 19,3 % аз  болды.

оның  үстіне  бұл  осы  кезеңде  қалалық  тұрғын  үй  бөліміне 

тіркелгендердің барлығының мәселесін шешуге жеткіліксіз еді. Өйткені 

бұл кезеңде қалалық тұрғын үй басқармасында кезекте тұрғындар 1994 

жылы 1-қыркүйегінде мынадай көлемде болды:

Ұлы отан соғысы мүгедектері мен қаза болғандар жанұялары- 263,

ҰоС қатысушылар мен интернационалист жауынгерлер – 589,

Запастағы әскери қызметкерлер – 105,

Көп балалы жанұялар мен бала кезінен мүгедектер -347,

Ауыр науқаспен ауратындар – 262,

Жетім балалар үйінің тәрбиеленушілері -38,

Жалғыз басты аналар – 290,

Чернобыль қасіретіне қатысушылар – 38 болды.

Мұндай мөлшердегі қажеттілік үлкен қаражатты талап етті. 1994 

жылы бөлінген 491,3 миллион, 1995 жылғы -709,6 миллион теңге инве-

стиция қоры бұл сұранысты толық қанды өтей алмады. Ал 1998 жылдан 

тұрғын үй құрылысына инвестиция  бөлінбеді. Сондықтан да тұрғын 

үй құрылысы көлемі тез қысқарды.  Егер 1991 жылы 159,3 мың шаршы 

метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 1993 жылдан бастап бұл көрсеткіш 

төмендеп отырды. Мысалы, 1994 жылы -50,6 мың шаршы метр, 1997 

жылы -33,8 мың шаршы метр, 1999 жылы - 15,9 шаршы метр тұрғын 

үй пайдалануға берілді. оның ішінен 73 пәтер Ұлы отан соғысының 

мүгедектері мен соғысқа қатысушыларға берілді. Мемлекеттік  тұрғын 

үй  құрылысы  дағдарысқа  ұшырап,  тоқталып  қалды.  оның  орнына 

тұрғын үйдің мемлекеттік емес жүйесі, жеке тұрғын үй салу секторы 

қалыптасты. Егер 1990 жылы тұрғын үйдің 78% мемлекеттік құрылыс 

есебінен тұрғызылса, 1999 жылы тұрғын үй құрылысының 90% жеке 

сектор  есебінен  тұрғызылды.  Әрине  тұрғын  үй  құрылысының  жеке 

секторының  дамуы  қаладағы  баспанасыз  адамдардың  мәселесінің 

шешілуінде үлкен қиындықтар туғызды. Өйткені қаладағы баспанасыз 

адамдардың барлығының бірдей үй салуға шамалары жетпеді. осыған 

орай Қазақстан Республикасы үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі № 

437  шешіміне  сай  қалада  әлеуметтік  жағдайлары  төмен  азаматтарға 

тұрғын үй жәрдемақысы берілген, ол кейінгі жылдарда да жалғасын 

тауып отырды. Мысалы, 2000 жылдың  төрт айында орта есеппен 1200 

теңгеден 5891 жанұяға 20 миллион 818 мың теңге тұрғын үй көмегі 

берілді.

Жалпы  тұрғын  үй  қорына  келсек  1991жылы  облыста  9071  мың 

шаршы  метр  болса,  қалада  4111,4  шаршы  метр,  оның  890,5-  жеке, 

322,9-  мемлекеттік  секторға  тиесілі  болды.  Ал  1999  жылы  облыста 

9547,4 мың, соның ішінде қалада 4719,4 мың шаршы метр тұрғын үй 

қоры, оның 4591,1-жеке,128,3 – мемлекеттік секторға тиесілі болды. 

Қаланың  экономикасының  өсуі  демографиялық  ахуалдың  

жақсаруына  да  өз  әсерін  тигізді.  Кеңес  одағы  жылдарында  қала 

халқының  негізгі  құрамы  әр  ұлтты  орыс  тілді  халықтардан  тұрды. 

1897 жылғы  ресми санақта белгілі болғандай  қалада 45,5 мың адам 

өмір  сүрсе,  одан  кейінгі  100  жылдың  ішінде  қала  халқының  саны  6 

есеге өсіп, негізгі қала халқының құрамын  басқа ұлт өкілдері құраған. 



130

131


Ал  1997  жылғы  ресми  статистикалық  мәліметтер  бойынша  қала 

халқы 239,2 мың  адамға өскен. дегенмен,  негізгі тұрғылықты  қала 

тұрғындарының арасында басқа ұлт өкілдерінің өз елдеріне қоныс ауда-

ру процесі белең алсада, ауыл тұрғындарының  қалаға  көшіп келуінің 

есебінен, қала халқының саны өсіп, ұлттық құрамы да  өзгерді. Мыса-

лы, 1989 жылғы жалпы облыс халқының 42,4 пайызын құраған қала 

тұрғындарының  ішіндегі  қазақтардың  үлесі-12,  орыстар-25,2,  басқа 

ұлт өкілдері-5,3 пайызды құраса, 1999 жылғы ресми санақ бойынша 

облыс халқының 40,8 пайыздық үлесінде қазақтар-16,2, орыстар-20,6, 

басқа  ұлт  өкілдері-4  пайызды  құраған.  Қала  халқының  құрамында 

қазақтардың  пайыздық  үлесінің  өсуіне  бірден-бір  ықпал  еткен 

маңызды  факторлардың  біріншісі,  тәуелсіздік  жылдарында  ауылдың 

қалаға қарай көшу процесі болса; екіншісі алыс және таяу шетелден 

қазақтардың туған жерге оралу процесі болды. 

Сондықтан қала халқының өсуіне байланысты тұрғын үй мәселесі 

одан әрі өткір мәселеге айналып отыруына орай 2011 жылы тұрғын үй 

құрылысына  6555,7  млн.  теңге  немесе  облыстық  жалпы  инвестиция 

көлемінің 74,4% бағытталды.

Барлық  қаржыландыру  көздері  есебінен  алаңы  93969  шаршы 

метр  920  пәтер  іске  қосылды,  бұл  өткен  жылдың  деңгейіне  96,8% 

құрайды,  cоның  ішінде  жұртшылық  қорлар  есебінең  55249  шаршы 

метр. Қала әкімшілігінде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін 

алуға  53282  азамат  кезекте  тұр.  осыған  орай  бүгінгі  таңда  қалада 

мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй құрылысына, әлеуметтік 

нысандар  құрылысына  жер  учаскелерінің  тапшылығы  өзекті  мәселе 

болып отыр.

Бас жоспар түзету жөніндегі жұмыстардың аяқталды. Бас жоспарға 

сәйкес қаланы дамыту батыс (деркөл к. жағы) және солтүстік-шығыс 

бағытында  (Трекин  а.  және  Новеньки  а.  жағы),  қаланың  орталық 

бөлігіндегі  тұрғын  үй  қорларын  қайта  құралымдаумен  жоспарла-

нып отыр. Бас жоспар мен қала дамуының бағдарламасын іске асыру 

шенберінде  2011  жылы  орындалды:  Әйтиев  атындағы  тынымбақты 

абаттандыру,  Қонаев  атындағы  тынымбақты  абаттандыру,  жана 

спорт  алаңдарының  орналастыру,  Киров  атындағы  саябақтағы  жаяу 

жүргіншілер көпірі және 5-шағынауданда Салтанат үйінің құрылысы 

басталды.  Қазіргі  уақытта  деркөл  кентінде  ТЖЖ  дайындалып  жеке 

тұрғын үй құрылысына арнап 1300-ге жуық жер учаскелерін беру ба-

сталды. 


Мұның  өзі  тұрғын  үй  саласында  жеке  сектордың  басым  бола 

бастағанын көрсетті. Бұл мәселе қаладағы демогрфиялық жағдаймен 

байланысты.  Мысалы  қала  халқының  саны  2010  жылдың  өзінде 

3,7%  көбейіп,  262,8  мың  адамды  құрады.  Бұл  тұрғындар  санының 

миграциялық  өсуіне  негіз  болып  отыр,  өйткені  ауыл  тұрғындары 

көбінесе  тұрғылықты  тұратын  жері  ретінде  орал  қаласының  облыс 

орталығын  таңдайды.  орал  қаласының  негізгі  миграциялық    донор-

лары  жақын  аудандар  Зеленов,  Ақжайық,  Теректі  болып  саналады. 

Ең белсенді және сыртқы миграциялық айырбас бұрынғыдай Ақтөбе, 

Атырау, Алматы, Маңғыстау, оңтүстік Қазақстан облысы және Алма-

ты мен Астана қалалары арқылы жүзеге асырылып отыр.

Халықтың табиғи өсімі 2011 жылдың соңында 1933 адам құрады, 

бұл  алдыңғы  жылдың  тиісті  кезеңімен  салыстырғанда  116,6%  бо-

лып  отыр.  Ал  2011  жылдың  екі  айына  АХАЖ  органдарында  3817 

туылған  нәресте  тіркелген,  бұл  алдыңғы  жылдың  тиісті  кезеңімен 

салыстырғанда 106,1% болып отыр. Өлгендер саны 1884 адам құрап, 

алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өлім 3% азайды. де-

генмен халықтың өлу себептері құрылымында бұрынғыша қан айна-

лым жүйелері арурулары басым болып қалып отыр.

Күрделі  де  қиыншылық  кезеңде  қала  халқын  азық-түлік 

өнімдерімен  жекелей  қамтамасыз  ету  мақсатында  коллективтік 

бақшашылық үшін 514,6 гектар жер бөлініп, 39693 қалалық жанұяларға 

бау-бақша учаскелері берілді. Бұл кезеңде қала халқын қамтамасыз ету 

үшін 5085 тонна картоп, 3731 тонна көкөніс қажет болды. Ал қаланың 

сауда ұйымдары тек 2837 тонна картоп пен 456 тонна көкөніс даярлай 

алды. Мұның өзі азық-түлік тапшылығын күшейтті.

Сөйтіп  1991-1996  жылдарда  экономикалық  дағдарыс  құбылысы 

өндірістің барлық саласын қамтып, халықтың жағдайын күйзелтті.

дегенмен 1997 жылдардан бастап өндіріс көлемінің өсуімен қатар 

инвестицияның келуімен халыққа қызмет көрсету саласы да дамыды. 

Бұл кезеңде қызмет көрсету саласының құрылымы мынадай көлемде 

болды:


Білім беру ісі - 2%

дәрігерлік қызмет -4%

Тұрмыстық қызмет -4%

Байланыс қызметі -10%

Тұрғын үй сақтандыру -6%

Үй-жай қызметі -43%

Жолаушылар көлігі -19%

Банк қызметі -2%

Құқықтық қызмет -2%

Басқалары -8%.

Қызмет  көрсету  саласында  ерекше  орын  алған  сауда  болды. 

Бұл  кезеңде  сауда  жүйесінде  200-ден  астам  әртүрлі  тауарлар  сата-



132

133


тын дүкендер, 7 ірі сауда үйі, 75 кафе мен асханалар, 15 ашық және 

павильондық  түрдегі  базарлар,  26  шаштараз,  5  киім  тігу,  жөндеу 

ательесі,  20  аяқкиім  шеберханасы,  «Гарант»  телеательесі  мен 

тұрмыстық техниканы жөндеу шеберханасы болды. 1997 жылы  жал-

пы тауар айналымының 40% (21,8 млн) экспортқа, қалғаны импортқа  

тиесілі  болды.  Сыртқы  саудада  қаланың  негізгі  серіктестері  Ресей 

(80%),  Белорусь,  Қырғызстан,  Өзбекстан,  Украина,  Молдова,  ал 

европалық  елдерден  –Ұлыбритания,  Греция,  Италия,  Чехия,  Фран-

ция, Азиядан –Түркия, Сауд Аравиясы, Қытай  болды. Шеттен келетін 

негізгі тауар түрлері –резина бұйымдар, дәрі-дәрмек, қант, алкоголь, 

тоқыма, түрлі химиялық өнімдер болса, сыртқа –тері, шикізат, жүн, ұн, 

ет өнімдері шығарылды.

Ал  2000  жылдың  9  айында  қала  кәсіпорындары  6  млрд  теңгеге 

өнім шығарып, бұл 1999 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,3% 

артық өнім шығаруды көрсетті. «Зенит», «Аяз» акционерлік қоғамдары 

мен  «Аист»,  «Надежда»  Жауапкершілгі  Шектеулі  Серіктестіктер 

қаланың тұрмыстық жағдайын көтеру мақсатында Қарашығанақ кен 

орнын игеруші шетелдік фирмалармен белгілі бір жұмыс түрін атқару 

үшін  немесе  қызмет  көрсету  үшін  шарт  жасасты.  1990-жылдардың 

ортасына дейін қала халқы өте үлкен тұрмыстық ауыртпалықты бастан 

кешіргенмен, 1990-жылдардың аяғынан қала халқына өмір сүрудің сан 

алуан көздері ашылды. оны С.3- қосымшадан көруге болады.

Сөйтіп  тәуелсіздік  жылдарында  қала  әкімшілігінің  көлеңкелі 

жайттарды жою шараларын жүзеге асыру барысында халыққа қызмет 

көрсету  салалары  ретке  келтірілді.  Нәтижесінде  халықты  толық 

қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылдың 1 қазанына қала бойынша 

халыққа қызмет көрсету саласында 1345 дүкен мен сауда үйлері, 28 ба-

зар, қоғамдық тамақтандырудың 344 объектілері, 183 шаштараз, киім 

тігу мен жөндеу бойынша 21 ателье, 85 авто шеберхана, 135 дәріхана, 

47 автозаправкалық станциялар, аяқ киімді тігу мен жөндеу бойынша 

48 шеберхана, 33 монша мен сауналар жұмыс істейді.

Қала халқына қызмет етудің бір түрі жолаушы тасымалы болып 

табылады.  Кеңес  кезінде  қалада  12-13  маршрут  болып,  100  шақты 

автобус  жолаушыларды  тасымалдаса,  нарық  заңы  жаңа  өзгерістерді 

әкелді.  1993-94жылдарда  қалада  күніне  50  автобус  халыққа  қызмет 

көрсетті. Бұл қажетті мөлшердің 60% ғана болды. Сондықтан бұл са-

лада да халық қажеті толық өтелмеді. Тек 1999 жылдарда ғана жолау-

шылар тасымалдау ісі жолға қойылып, қаланың барлық бағыттарына 

жолаушы көліктері шығарылып, 2000 жылы 52 маршрут 500-ге жуық 

автобус халыққа қызмет көрсетті.

Негізінен 1990 жылдардың аяғында қаладағы автокөлік түгелдей 

жекешеленді. Жолаушыларды жекеменшік көлікпен тасу қызметі дами 

бастайды. Жолаушыларды тасумен айналысатын автобус парктері де 

нарықтық  қатынастар  жағдайына  көшіп,    акционерленіп,  маршрут-

тар тендер боынша қызмет көрсете бастады. «Автопарк» кәсіпорны, 

«дилижанс»  АҚ  құрылып,  оның  жұмыстары  жолға  қойылды.  Жол 

мәселесіне қатысты мәселелермен қалалық жолды пайдалану мекемесі 

айналысып, 1990 жылдардың аяғында қаланың 379 шақырым жолын 

асфальттаған. Қаладағы 34 мыңнан астам автокөліктің 25% 5 тоннаға 

дейінгі жүктерді таситын көліктер болды, олар жыл сайын 71 миллион 

тонна жүк тасымалдап отырған. 

Қазіргі таңда қаланың жүк автомобиль көлігі қызметін «Эра» ӨК, 

«Авто»  ӨК,  «Амрита»  ЖШС,  «оралавто»ЖШС,  «Мөлшер»ЖШС, 

«Пластикавтотранс»  ЖШС,  «Uniserv»  ЖШС,  «Казавтотранс»  АҚФ, 

«Avto-Trast-Contract»  ЖШС,  «Қазавтотранс-Батыс»  ЖШС,  «Транс-

агенство»  ААҚ,  «Автокомбинат»  ЖШС,  «Казросимпорттранс» 

ЖШС, «КК орал-Камаз» ЖШС, «дат-Көлік» ЖШС, «Темірат» ЖШС 

кәсіпорындары  ұсынады.  Қоғамдық  көлік  бойынша орал  қаласында 

7 кәсіпорын 35 қала маршруты  және 14 саяжай маршруты бойынша 

қызмет көрсетеді. Жол желісіне күніне 6автобус және 172 шағын авто-

бус, ал саяжай маршрутына-14 автобус және 1 шағын автобус шығады. 

Мұның  өзі  қала  халқының  көлік  қызметімен  қаматамасыз  етілгенін 

көрсетеді.

Халыққа қызмет көрсетудің келесі түрі –темір жолға келсек  орал 

қаласының темір жолы Привольжск және Батыс Қазақстан темір жолы 

магистраліне қызмет етті. Темір жол құрылымын жетілдіру бағытында 

1997 жылы 31 қаңтарда  ҚРҮкіметінің  қаулысымен Алматы, Тың және 

Батыс  Қазақстан  темір  жол  бөлімдері  біріктіріліп,  республикалық 

мемлекеттік  «Қазақстан  темір  жолы»  кәсіпорны  құрылды.    Ал  2002 

жылы бүл кәсіпорын «Қазақстан темір жолының ұлттық компаниясы» 

жабық акционерлік қоғамға айналды. Темір жол көлік қатынасының 

барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігін, жол 

жүретін адамдардың үштен бір бөлігін өз үлесіне алады. Темір жолдың 

Локомотив  паркі  иелігіндегі  57  тепловоздың  27-сі  жүк  тасымалына, 

1-і  маневр  жасауға,  17-сі  жолаушылар  тасуға  арналған.  Темір  жол 

желіліерін қайта жаңғырту ісі, жаңа бағыттарды енгізу ісі қолға алы-

нып отыр. Автомобиль, темір жол көліктерімен қатар әуе жолы қызметі 

де жолға қойылған. Қала сағатына 200 жолаушыны қабылдап, өткізе 

алатын  уақыт  талабына  сай  жабдықталған  аэровокзалды  иеленумен 

қатар,    1993  жылы  орал  қаласының  әуежайы  «халықаралық»  деген 

статус алып, Ганновер, Лондон, Алматы, Ақтау тағы басқа бағыттағы 

ұшақтарды қабылдады.



134

135


1990-жылдардың басында қаланың мәдени өмірі де дағдарысты 

бастан кешірді,  әсіресе халыққа білім беру ісі, интеллигенция жағдайы 

қиындады,  олар  «жаңа  кедейлер»  қатарын  толықтырды.  Мұғалім 

еңбегінің құнсыздығы, оның үстіне жалақының кешіктіріліп берілуі пе-

дагог кадрлардың білім беру саласынан кетіп қалуына әкелді. Мысалы, 

1993-1994 оқу жылында қалада 330 мұғалім педагогтық жұмыстан кет-

кен, оның 137-сі басқа жаққа көшті. Өйткені мұғалім жалақысы оның 

тұрмыстық  жағынан  қамтылуына  жетпеді.  Мысалы,  орташа  еңбек 

ақы мөлшері 8334 теңге болып отырған кезде 1998 жылы мұғалімнің 

жалақысы 6946 теңге болып, ең төменгі жалақы мөлшерін құрады.

1994  жылдың  басында  қаланың  білім  беру  басқармасының 

жүйесінде  37  жалпы  білім  беретін  мектеп  пен  1  жұмысшы  жастар 

мектебі, онда 33979 оқушы болса, 1999 жылы 55 жалпы білім беретін 

мектеп,  онда  40784  оқушы  болған.  дағдарыс  кезеңінде  қиындыққа 

ұшырап  қысқарған  мектепке  дейінгі  балалар  мекемесі  болды.  Қала 

бойынша 1991 жылы 93 мектепке дейінгі балалар мекемесі, онда 15772 

бала  тәрбиеленген  болса,  1997  жылы  33  мектепке  дейінгі  балалар 

мекемесі, онда 5673 бала, 1999 жылы 28 бала бақша, онда 4418 бала 

тәрбиеленген және 17 мектептен тыс мекемелер болды.

осы  кезеңдегі  бала  бақша  мекемелерінің  қысқаруы  оның 

ғимараттарының көпшілігін мектеп үйлеріне берумен де байланысты 

болды. Мысалы, 4-ықшам аудандағы «Тұлпар» балалар бақшасы №24 

мектепке, «Елочка» бала бақшасы №42 мектепке берілді. Бірақ қала 

халқының  өсу  жағдайында  мұндай  орын  босату  ісі  мектеп  пен  мек-

тепке дейінгі мекемелерге деген сұранысты қамтамасыз ете алмады. 

Қала халқының өсу қарқынына орай мектептерде орындар жетіспеді, 

оқу өте қолайсыз жағдайда жүргізілді, мектепке дейінгі мекемелерге 

ұзақ  уақыт  бойы  кезекте  тұруға  тура  келді,  тіпті  кейбір  балалардың 

орынның жетіспеушілігінен бала бақшаға баруға мүмкіндігі болмады. 

дегенмен  тәуелсіздік  жылдарындағы  мемлекеттің  стратегиялық 

даму жоспарларынан бұл мәселеде шет қалмай, бала бақшамен қамту 

мәселесі де біртіндеп жолға қойылып, бала бақша 1999ж.33-ке, 2008ж. 

39-ға, 2011ж. 43-ке жетіп, мектеп алды даярлығын жүзеге асыру үшін 

мектептер жанынан шағын орталықтар ашыла бастады.

дағдарыс кезеңінде мектептердегі күрделі мәселелерді шешу үшін 

мектеп пен рынок байланысы орнатылып, «Школьник» деп аталатын 

кооператив құрылып, ол 1994 жылдың І жарты жылдығында 84 мың 

теңгенің  өнімін  шығарып,  өткізді.  Нарықтық  қатынастар  бағытында 

№5,16,17,21  мектептердің  оқу  шеберханалары  жақсы  тәжірибелерді 

жүзеге асырды. олар 1994 жылдың он айының ішінде 53,4 мың теңгенің 

өнімін  жасап,  өткізді.  Бұл  жылдарда  дағдарыс  қысымшылығына 

қарамастан мектептердің барлығы сақталып, көптеген трестер мен ме-

кемелерге қараған бала бақшалар балансқа алынды. Бірақ мектептегі 

ең күрделі мәселе еңбек ақының төмен болуы. Бұл жылдарда орташа 

жалақы мынадай көлемде болған:

Мектеп директоры – 1393 теңге;

Мұғалім – 760 теңге;

Тәрбиеші – 319 теңге;

Төменгі жалақы – 150 теңге.

1994  жылы  бюджеттің  60%-інің  шамамен  80,6  млн.  теңгенің  

халыққа  білім  беру  ісіне  -38,5%  жұмсалған.  Қала  бюджетінен  тиісті 

дәрежеде  қаржының  бөліну  мүмкіндігінің  жоқтығына  орай  мек-

тептер  жыл  сайынғы  жөндеу  жұмыстарын  базалық  мекемелердің, 

демеушілердің,  ата-аналардың  есебінен  жүргізген.  осылайша 

мәдениеттің қайнар көзі –мектеп ісі 1990 жылдардың аяғына дейін өте 

үлкен қиыншылықты бастан кешіріп, бұл қаладағы білім беру ісінің 

төмендеуіне әкелді. Тек 1990 жылдардың аяғынан бастап қалаға келген 

инвестиция мектеп өміріне де өз айшығын берді. Мектеп ісі жанданып, 

мектептер заманға сай компьютерлендіріліп, жөндеу жұмыстары қолға 

алынды.  Тіл  мәселесінің  көтерілуі  мен  жергілікті  ұлттың  үлесінің 

қалада басым орын ала бастауы қазақ тіліндегі мектептердің ашылуы-

на мүмкіндік берді.

1991  жылы  қалада  45  мектеп,  оның  2  ғана    таза  қазақ  мектебі, 

онда 33107 оқушы болса, 1999 жылы 55 мектеп, онда 40784 оқушы, ал 

2000 жылы 41312 оқушы оқып, 1999/2000 оқу жылында -2879 мұғалім 

жұмыс жасаған. Қазақ мектептерінің қатары 10-ға жетіп, 5 аралас мек-

теп жұмыс жасады.         

Өтпелі кезеңнің қиыншылығына қарамастан тәуелсіздік алғаннан 

бастап  білім  беру  ісінде  маңызды  өзгерістер  жасалды.  Жалпы  орта 

білім беретін мектептер 2000-2011 жылдары шетел компанияларының 

қолдауымен жаңа үлгіде №10,42,44, Н.Ә.Назарбаев интеллектуальдық 

мектептерінің,  есту  қабілеті  нашар  дамыған  балалар  мектебінің 

қосымша ғимаратының жаңа құрылыстарымен толықты.

Жоғарғы оқу орындарына келсек 1992 жылы. қалада 3 жоғарғы 

оқу орны болған, онда 8470 студент оқыған, оның 2393-і қазақ болды. 

Ал 8 орта арнаулы орнында 7325 оқушы оқыған, оның 1339-ы қазақ 

болған.  1999  жылы  қалада  филиалдарымен  қоса  алғанда  15  жоғары 

оқу орны, оның 6-ы мемлекеттік болып, онда 12,9  мың студент оқыған 

болса, 2009 жылы 4, оның 2-і мемлекеттік оқу орын болды. Тәуелсіздік 

жылдарында қаланың Жоо дамуының басты көрінісі ғылыми зерттеу 

орталықтарының  қалыптасуы  мен  ғалымдар  қатарының  өсуі  болды. 

Мысалы, 2003 ж. 6, 2008ж. 10 ғылыми зерттеу ұйымдары, 2003 ж. 5 



136

137


ғылым докторы,40 ғылым кандидаты, ал 2008ж. 28 ғылым докторы, 

187  ғылым  кандидаты  болды.олардың    қатарында  М.М.Фартушина, 

Т.З.Рысбеков, 

Б.Қ.Бірімжаров, 

М.Н.Сдықов, 

И.Н.Кенжалиев, 

П.Р.Букаткин,  Б.Ғ.Шынтемірова  ,  Х.И.Қожабергенова,  Қ.К.Бозымов 

т.б  тәуелсіз  Қазақстанның  маман  кадрларын  даярлауда  елеулі  үлес 

қосты.  Ғылыми-зерттеу  ұйымдарының  ішінде  2002  жылы  құрылған 

Батыс  Қазақстан  тарих  және  археологиялық  орталығы  (дир.т.ғ.док. 

М.Н.Сдықов) қала мен облыстың тарихи-мәдени ескерткіштерін зерт-

теуде маңызды орын алып отыр.

Білім  беру  ісімен  қатар  жүретін  Мемлекеттің  әлеуметтік 

саясатының  негізгі  бағыттарының  бірі  –халықтың  денсаулығын 

қорғау мәселелері. Адамның денсаулығын қорғау мәселесі кез келген 

өркениетті қоғам мен мемлекеттің басты міндеті, әрі борышы болып 

табылады.  Қазақстан  республикасының  Ата  заңының  29-бабында 

республиканың  әр  азаматының  өз  денсаулығын  қорғауға,  сақтауға 

құқығы  бар  екені  де  атап  көрсетілген  [160;18].  осы  маңызды  сала 

-денсаулық  сақтау  ісіне  келетін  болсақ  өтпелі    кезеңде  бұл  саланың 

жағдайы да мәз болмады. Бұл кезеңде қалада 785 кереуетке есептел-

ген  6  аурухана  мекемесі  мен  поликлиникалар,  120  кереуеттік  бала-

лар  үйі  мен  жедел  жәрдем  станциясы  болды.  1993ж  10  мың  адамға 

38,8  кереуеттен  келсе,  1994жылы  1  августіне  31,8  кереуеттен  кел-

ген.  Қаржыландырудың  қиындығынан    облыстың  барлық  балала-

рына  хирургиялық  көмек  беретін  қалалық  балалар  ауруханасында 

100, перезентханада 65 кереует қысқарған[167;13].  Басқа бюджеттік 

мекемелердегі  қызметкерлер  сияқты  денсаулық  саласында  істейтін 

дәрігерлер мен медбикелердің қатары да еңбек ақысының аздығына, 

денсаулық  сақтау  мекемелерінің  қысқаруынан  азайды.  Мұның  өзі 

дәрігерлік  көмек  көрсетудің  төмендеуіне  әкелді.  Мысалы,  облыс 

пен  оның  орталығы  қалада  дәрігерлік  көмек  көрсету  1991жылмен 

салыстырғанда 1994 жылы 10 мың адамға кеміген. Бұл бүкіл облысқа 

хирургиялық  көмек  көрсетудің,  босанатын  әйелдерге  көмек  берудің, 

туылу деңгейінің төмендеуіне әсер етті. Мұның нәтижесінде қаладағы 

жас балалар өлімі көбейіп, өкпе, инфекциялық аурулар күшейді. Мы-

салы, 1993 жылы бір жасқа дейінгі 33 бала өлсе, 1994 жылдың өзінде 

54 бала өлген.       

денсаулық саласын жетілдіру, қаржыландыру жүйесін түпкілікті 

өзгерту  мақсатында  1994  жылдың  1  сәуірінен  қалалық  денсаулық 

сақтау мекемелері (инфекциялық аурухана мен балалар үйінен басқасы) 

сақтандыру медицинасына көшеді. Бұл мемлекеттік бюджет пен меке-

мелер мен ұйымдардың емдеу мекемелерінің диагностика, емдеу мен 

профилактикалық жұмыстарға шығынын қамтамасыз ету үшін бөлген 

төлемдерінің  есебінен  жасалған  ерекше  ақша  қоры  ретіндегі  жаңа 

сақтандыру полисі болды. Мұнда қаржыландыру жұмыс беруші меке-

мелер мен кәсіпорындардың төлемі есебінен ұлғайтылды.

Сөйтіп  үкімет  тарапынан,  жергілікті  әкімшілік  тарапынан 

жүргізілген  шаралар  қаланың  денсаулық  сақтау  ісінің  жұмысын 

біртіндеп  жолға  қоюға  мүмкіндік  берді.  Егер  1991  жылы  қалада  97 

денсаулық сақтау мекемелері болып олар 1995 жылы  58-ге қысқарды. 

1995  жылдан  бастап  денсаулық  сақтау  ісіне  де  инвестицияны  тар-

ту  ісі  қолға  алынды.  Қаладағы  денсаулық  сақтау  саласына  1995жы-

лы- 7,5 млн, 1996ж. – 23,1 млн теңге инвестицияның келуінің бары-

сында дәрігерлік мекемелер орындары жөнделіп, жаңа медициналық 

құрал-жабдықтар алынып, жаңа қосымша ғимараттар салына бастады. 

Үкімет денсаулық саласын қалпына келтіру үшін 1997 жылы 17 мау-

сымда «ҚР-ның азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» арнаулы 

заң қабылдады. осы заңда жүзеге асыру мақсатында 1998 жылы 18 ма-

мырда елбасының «ҚР азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту» 

жөніндегі  бірнеше  кезеңдік  шараларды  бекіту  туралы  жарлығы  жа-

рияланды.  Жарлық  бойынша  республикадағы  қалыптасқан  күрделі 

эпидемиологиялық  жағдайды  ескеру,  дәрігерлік  қызмет  көрсету 

және денсаулық сақтау ісі қызметкерлерінің санын көбейту  көзделді 

[137;31].  осындай  шаралар  нәтижесінде  90-жылдардың  аяғында 

қалада 65 мемлекеттік емдеу-поликлиналық мекемесі, 12 аурухана, 3 

ішкі істер басқармасының медициналық мекемесі, онда 1083 дәрігер, 

2391орта  дәрігерлік  қызметкерлер  жұмыс  жасап,  халыққа  қызмет 

көрсетті.  Қаладағы  денсаулық  сақтау  саласында  атқарылған  істер 

республикадағы  салауатты  өмір  сүру  салтын  насихаттаудың  басты 

негізі ретінде жүзеге асты.

Қала  өмірінің  барлық  саласын  ұйымдастырушы  қала  әкімшілігі  

өзіне келіп түскен барлық шешімдер мен нұсқауларды, заңды бақылауға 

алып, жүргізіп отырған. Мысалы, 1999 жылы келіп түскен 78 шешімнің 

63-і  бақылауға  алынып,  37-сі  орындалып,  4-і  бойынша  шаралар 

жасалған. 2000 жылдың І жартысында қала әкімі аппаратының жалпы 

бөліміне 1796 құжат келіп түскен, оның  ішінде 4-Президиум бұйрығы, 

31- Үкімет  Қарары, 46-облыс әкімінің шешімі, 1708-мекемелер мен 

ұйымдардан  келіп  түскен.  Бұл  документтер  мынадай  мәселелерді 

қарастырған: 108- тұрғын үй мәселесі бойынша,57- құрылыс, күрделі 

жөндеу,  құрылыс  үшін  жер  учаскелерін  бөлу,  29-  коммунальдық 

мәселелер,  көріктендіру,  жол  жөндеу,  44-  транспорт  пен  байланыс 

мәселесі, 53- сауда мәселесі, 58- әлеуметтік қамту мәселелері, 1330 – 

басқалай мәселелер туралы болған [169;5].



138

139


Жалпы  қала  әкімшілігінде  мынадай  көлемде  шешімдер 

қабылданған:

Жылдар                             Жазбаша                            ауызша

1998 ж.                                   1797                                 424

1999 ж.                                   1438                                 845

2000 ж.                                   1838                                 998

Мұндай  шешімдердің  орындалуы  қатаң  бақылауға  алынып  от-

ырды.  Мысалы,  1999  жылы  қала  әкімінің  62  шешімі  мен  нұсқауы 

бақылауға алынған, онда нақты тапсырмалар мен орындалу мерзімі де 

нақты көрсетілді. Неғұрлым сапалы ақпаратты берушілер Білім беру 

басқармасы (БисембаеваС.И.),  Экономика басқармасы(Алиева К.А.), С

анэпидемстанция(КуяниченкоА.Н.) болды. Қаладағы басты көкейтесті, 

маңызды  шешімін  табуға  тиісті  мәселелер  қала  әкімшілігінің  арнау-

лы  мәжілістерінде  қаралып  отырған.  Мысалы,  жанұя  мен  әйелдер 

ісі  жөніндегі  мәселе,  жасы  ұлғайған  адамдар  жылын  өткізу  тағы 

басқалары.

Сондай-ақ  облыс  көлемінде  өршіп  отырған  туберкулез  ауруына 

қарсы  күресу  үшін  1998  жылдың  15  қазанында  қала  әкімшілігі  жа-

нынан координациялық кеңес, СПИд-пен күрес орталығы құрылған, 

Қазақстан Республикасы үкіметінің 1992 жылғы 22 желтоқсанындағы 

№1778  «Семей  ядролық  полигонындағы  ядролық  сынақтан  зардап 

шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңын жүзеге асыруға 

сай 1999 жылы қалалық әкімшілікте 5 рет мәжіліс өткізіліп, 29 куәлік 

берілген [138;18].

Қаланың қоғамдық-саяси және мәдени өмірінің белсенді ұйтқысы 

«Факел»,  «Арай»,  «Ровесник»  сияқты  мәдени-ағарту  бірлестіктері 

мен  кітапханалар  жанындағы  «Адам  және  Заң»,  «Контакт»,  «Заман-

дас»  клубтары  болды.  олар  көптеген  әңгімелер,  кездесу  кештерін 

ұйымдастырып, салауатты өмір салтын насихаттаған.

Қоғамды  қайта  құру,  қоғамдық-саяси  ахуалды  жандандыру  ба-

рысында  әртүрлі  ұлттар  арасындағы  қайшылықтардың  күшеюі 

орал  қаласында  да  өз  көрінісін  тапты.  Бұл  ең  алдымен  қазақ  тілі 

мәселесіне байланысты болды. Егемендігін еншілеп, еңсесі көтерілген 

республикамыздың күнделікті өмірінің көкейтесті мәселесіне айналған 

қазақ тілінің орал қаласындағы жай-күйі қандай деген мәселеге келсек 

тұрғындардың көбі тек ауызекі сөйлесіп, күнделікті тұрмыстық тілмен 

шектелетіні орын алған. Мысалы, 1999 жылғы санақ бойынша 221855 

қала халқының 120361-і қазақ тілін мүлде білмейтіндер, 101494- қазақ 

тілін білетіндер, 37899-қазақ тілін оқып жатырғандар болған [168,30].

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде еркін орныға алмауына се-

беп болған жағдайлар:

ұзақ  жылдар  бойы  қазақ  тіліндегі  қалалық  мектеп  пен  бала 

бақшаның болмауы;

ұлт өкілдерінің қазақ тілін толық мойындамауы. 

Қос тілділік мәселесінің ұзақ талқыға салынуы. 

Мектептерде  ұзақ  уақыт  бойы  қазақ  тілінің  тиісті  дәрежеде 

оқытылмауы және тіл маманымен қамтамасыз етілмеуі.

Мысалы,1991-93жылдарда қаланың орыс мектептерінде 23 қазақ 

тілі пәні мұғалімі жетіспеген, бұл пәнді орта арнаулы білімді немесе 

басқа мамандық иелері жүргізген [75;9].

Мұндай  жөнсіздіктерді  түзету  мақсатында  қаладағы  балалар 

бақшасының жанынан қазақ топтары құрылады, қазақ мектептерінің 

саны көбейтіледі, орыс мектептерінде қазақ тілі пәнін оқыту енгізіледі, 

жоғарғы және арнаулы оқу орындарында қазақ топтары ашылып, орыс 

топтарында қазақ тілі пәні оқытыла бастайды. Нәтижесінде 1999 жылы 

қалада 10 қазақ мектебі жұмыс жасайды.

Республиканың  барлық  аймақтарында  азды-көпті  орын  алған 

демографиялық  өзгеріс  орал  қаласында  болды.    Нарықтық  эконо-

мика  кезіндегі  қиыншылықтарды  жеңе  отырып,  дамып,  өркендеген 

орал  қаласы    1990-жылдарда  халықтың  қоныстануының  негізгі 

орталықтарының  біріне  айналды.  1997  жылы  қала  халқының  саны 

241,0  мың  адамға  жетіп,  қала  тұрғындары  мынадай  құрамда  болған: 

ересектер -112 мың, 7 жасқа дейінгі балалар -29 мың, оқушылар -39,6 

мың, орта арнаулы оқу орындарындағы студенттер -7,7 мың, жоғарғы 

оқу  орындарындағы  студенттер  -6,9  мың,  зейнеткерлер  –  45,8  мың. 

Қала халқының ішінде еліміздің, соның ішінде орал қаласының өтпелі 

кезеңде бастан кешкен қиындықтарына шыдамай басқа ұлт өкілдері басқа 

аймақтарға қоныс аударды. облыс бойынша  ТМд елдеріне көшкен 678 

эмигранттардың 446-сы, яғни 66% орал қаласының тұрғындары болған. 

Мысалы, облыс бойынша басқа ұлт өкілдерінің санына тоқталсақ, 1999 

жылғы санақ мәліметі бойынша облыста 399030 қазақ, 174018 орыс, 

19634 украин, 3577 белорус, 2434 немістер болған.  Қалада  222,9 мың 

адам тұрған, оның 81897-қазақ, 119532-орыстар, 5676-татарлар, 7870-

украиндар, 1362-немістер, қалғаны басқа ұлт өкілдері болған [98;32]. 

осындай мөлшердегі қала халқын қамтамасыз ету үшін 37 қалалық, 10 

қала маңындағы, 33 аудан аралық, 5 халықаралық маңыздағы маршрут-

тар шығарылған.  осы жылдардағы қала халқының өсуі мен азаюына 

бірден-бір әсер еткен фактор таяу және алыс шетелден келген халық 

миграциясы  мен  оралмандардың  келуі    болды.  Мысалы,  1996  жылы 

қалаға 5452 адам келсе, 4816 адам кеткен. Ал 1999 жылы 2969 адам 

келіп,  7049  адам  кеткен,  оның  ішінде  алыс  және  таяу  шетелден  447 

адам келіп, 5515 адам кеткен[154;36-37].  



140

141


1990-жылдардағы ең бір өткір мәселе – жастар мәселесі болды. 

облыс  бойынша  жастар  халықтың  жалпы  санының  57,2%  құраған. 

1993  жылы  облыстың    халық  шаруашылығында  246217  адам  еңбек 

еткен,  соның 25,4% 30 жасқа дейінгі жастар болған. 1993 жылдың І 

жартысында еңбек биржасына 1356 жас тіркелген, соның ішінде 1992 

жылы оқу бітіргендерден 96-сы –КТУ түлегі, 92-техникум, 30-жоғарғы 

оқу  орнын бітіргендер болған. Сонымен жастар мәселесінде ерекше 

орын  алған  бірінші,  жұмыс  пен  кәсіпкерлік  іс,  екіншісі  –тұрғын  үй 

мәселесі болды. 1993 жылдан бастап тұрғын үй мәселесін шешу үшін 

жастарға несие беру ісі жүргізілуде. 1993 жылдың І жартысында несие 

алған  1209  жастың  867-сі  несиені  үй  салуға,  176-сы  үй  сатып  алуға 

алған [170]. 

Елдегі  дағдарыс  кезеңінде    жастар  кәсіпкерлік  іспен  айналы-

суды  өздерінің  әл-ауқатын  арттырудың  көзі  деп  есептеп,  өздерінің 

көзқарастарын  өзгерте  бастайды.  оның  дәлелі,  егер  1992  жылы 

қаңтарда жастардың тек 18% кәсіпкерлікпен шұғылданса, 1993 жылы 

ол  57%-ке  жеткен.  Сондай-ақ  осы  кезде  жастардың  «Ақ  жаңбыр», 

«Посткриптум» сияқты шығармашылық ұйымдары құрылып, жұмыс 

жасайды.

Әлеуметтік мәселелердің ішінде шешімі өте қиын, кедергісі көп 

мәселе – экологиялық жағдай. Кеңестік кезеңде бұл мәселе назардан 

тыс, декларативтік сипатта қалған мәселе еді. Тек 1991 жылы 18 мау-

сымда тұңғыш рет республика тарихында «Қазақ КСР-де айналадағы 

табиғи  ортаны  қорғау  туралы»  заң  қабылданып,  қоршаған  ортаны 

қорғау  мәселесі  көтеріле  бастады.  Қоршаған  орта  адам  денсаулығы 

мен  болашақ  ұрпақты  аман  сақтаудың  ортасы  екені,  сондықтан  оны 

тиімді  пайдаланып,  қорғау  қажеттігі  республикалық  экология  және 

биоресурстар министрлігі тарапынан қолдауға ие бола бастады. осы 

кезден бастап бұл өкілеттік орган қоршаған ортаны қорғау ұйымдары 

мен  одақтарына    мүше  бола  бастады  және  олардың  ұсыныстарын 

қолдауға тырысты. 1994 жылдан бастап Үкімет экологияға, қоршаған 

ортаны қорғауға қатысты көптеген заң жобаларын қабылдай бастай-

ды. Мысалы, 1995 жылы таза ауа, ауыз сумен қамтамасыз ету туралы 

заңдар, 1997 жылы 15 шілдеде «қоршаған ортаны қорғау» туралы заң 

қабылданды.  осы  заңның  14-ші  бабында  «Табиғи  ресурстарды  иге-

ру табиғатты пайдаланушы жек және заңды тұлғалар келісім шартқа 

отырып,  экологиялық  талаптарды  орындауға  тиіс»  деп  көрсетсе,  29-

бабында  «Қоршаған  ортаны  ластағаны  үшін  төленетін  ақы  ластай-

тын  заттарды  шығарғаны  және  оны  тастағаны,  өндіріс  пен  тұтыну 

қалдықтарын орналастырғаны үшін ұйымдар мен азаматтардан алы-

нады» деп аталған. Ал бұл төлемдер мөлшерін әрбір облыс әкімінің 

шешімімен облыс мәслихатының сессиясы бекіткен [171;19]

1990-жылдардан бері қарайғы уақыттың ішінде облыс аймағымен 

қатар қаланың да экологиялық жағдайы күрделеніп отыр. облыстың 

қоршаған ортасын ластаудың басты көзі –Қарашығанақ кен орны. Бұл 

кен орнындағы өндіріс процесі кезіндегі атмосфераға шығаратын улы 

заттарының мөлшері 1997 жылы 4,3 мың тоннаны құраған. Бұл улы 

заттар ауа арқылы таралып облыс халқының денсаулығының нашарла-

уына, адамдардың өмір жасының ұзақтығының азаюына әкеліп отыр. 

облыс пен оның орталығы қаланың ауасының ластануының тағы бір 

көзі – автокөліктер. 90-жылдардың екінші жартысынан бастап облыс, 

қала  экономикасының  өсуі  автокөліктердің  көбеюіне  әсер  етті.  1999 

жылы облыс бойынша 53 мыңдай автокөлік тіркелген, олар жыл сайын 

шамамен 45 мың тонна улы қалдықтарды атмосфераға таратып отыра-

ды. Мұның өзі облыс пен қалада түрлі аурулардың күшеюіне әкелді. 

1996-1997 жылдары Батыс Қазақстан облысында тері аурулары -34,5 

есе, анемия болып туғандар -30,7 есе, есту мүшелерінің кемістігімен 

ауратындар – 23,5 есе, асқазан ауруларымен ауратындар – 18,5 , аст-

ма  аурулары  -14,7,  гипертониялық  аурулар  -9,7,  туберкулез  2  есеге, 

психикалық аурулар -2,3 есеге өскен[68;48].

осындай экологиялық жағдайдың зардаптарын азайту мақсатында 

облыста  да,  қалада  да  жергілікті  әкімшілік  санитарлық-экологиялық 

айлықтар  ұйымдастырады.  Мұндай  айлықтар  кезінде  қала  аумағы 

лас-қоқыстардан  тазартылып,  ағаштар  отырғызылып,  көгалдандыру 

жұмыстары  жүргізіледі.  Мысалы,1998  жылы  қалада  жүргізілген 

сенбілікте 251,2 гектар жерге ағаш отырғызылған[169;28]

орал қаласында қалалық әкімшіліктің шешіміне орай 1998 жыл-

дан  бастап  әр  аптаның  бейсенбісі  санитарлық  күн  деп  белгіленген. 

Қоршаған  ортаның  тазалығын  сақтау  мен  қорғау  ісін  қаладағы 

санитарлық-эпидемиялық  станция,  экологиялық  полиция  бөлімі 

тексеріп отырған.

орал  қаласы  творчестволық  ұйымдарды  тартқан  орта  бол-

ды.  Тәуелсіздікті  алу    нәтижесінде  қала  мәдениетпен  өнердің  биік 

дәрежесіне жетті. оның дәлелі кеңестік кезеңде жабылып қалған қазақ 

драма театрының қайтадан ашылуы, орыс-қазақ драма театрларының 

қатар  өмір  сүруі.  Бұл  кезеңде  қалада  халыққа  мәдени-саяси  бағытта 

қызмет көрсетуші филормония, 6 кинотеатр, 4 мұражай, 11 мәдениет 

сарайлары мен клубтар, 1 миллион том кітап қоры бар  24 кітапхана 

болды.  Қаланың    мәдени  келбеті  ретінде  жұртшылыққа  танымал 

әртістер Қ.Қожақов, в.Попов, С.Таудаева, Ж.Рахимова, Ш.Есенғұлова 

тағы  басқалары  болса,  өнер  ұжымдары  ретінде  қалыптасқан  «Ақ 

жайық» ансамблі, «Адажио» балет студиясы тағы басқалары болды.

Адамдарды салауаттылыққа тәрбиелеу  мақсатында қалада спорт-

туризм ісі де дамыды.



142

143


Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев елдің әлеуметтік даму стратегиясын 

нақты көрсетті. Бұл стратегияның негізгі бағыттары.

Еңбекке қабілетсіз және дәулеті аз топтарды, яғни зейнеткерлерді, 

мүгедектерді, көп балалы отбасыларды, оқушы жастарды мемлекеттік 

қолдау және әлеуметтік жебеу жүйесін құру;

Ғылымға,  мәдениетке,  білім  беруге  және  денсаулық  сақтауға 

мемлекеттік қолдау;

Жұмыссыздықпен күрес, әлеуметтік мәселелер жиынтығын шешу, 

кедейшілікті жою, экологиялық қауіптің алдын алу;

- Ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелеріне көңіл бөлу бо-

лып табылған еді [149;18].

осыған орай  1990 жылдардың аяғынан республиканың маңызды 

орталықтарының  бірі  ретіндегі  орал  қаласы  әкімшілігі  мемлекеттік 

бағдарламалар бағыттары бойынша жұмыстар жүргізуді қолға алды. 

Бұл  бағдарламаларды  жүзеге  асыруда  инвестицияның  орны  ерекше 

болды. Әсіресе 2000 жылдардан кейінгі инвестицияның жүйелі тарты-

луы нәтижесінде қаланың дамуы қарқынды жүрді. Негізгі капиталға 

салынған  инвестиция көлемі 2005ж. 91859,9; 2008 ж. 225963,4 млн 

теңгеге  жетсе,  оның  салалар  бойынша  бөлінуі  мынадай  сипатта 

жүрген: 


2005 ж.

2008 ж.


Білім беру саласы

9007


42441

денсаулық сақтау

17289

28358


Әлеуметтік және коммунальдық қызмет

4406


39228

Құрылыс монтаж жұмыстары

4558834

800193


Ал  2010-2011  жылдардағы  негізгі  капиталға  тартылған  қала 

инвестициясының  көлемі  25626,1  млн.  теңгені  (алдыңғы  жылға 

128,6%) құрады, соның ішінде: бюджет қаражаты есебінен – 13004,8 

млн.теңге (146%), ұйымдар мен кәсіпорындардың қаражаты есебінен 

– 11159,9 млн. теңге (124%), шетел қаражаты есебінен – 1461,3 млн. 

теңге (73%).

Бұл  қаражатқа  қалада  150  төсекке  арналған  онкологиялық 

диспансердың  құрылысы  аяқталды,  «Самал»  шағын  ауылында  360 

орындық  балабақша,  Зашаған  кентінде  110/35кв  подстанциясының 

құрылысы және канализациялық тазартқыштың құрылысы жалғасып, 

жергілікті бюджеттен Круглоозерное кенттінде амбулатория салынды.

Негізгі  капиталға  тартылған  барлық  инвестицияның  25,9%-ға 

жуығы өнеркәсіп саласына (6634,9 млн.теңге), білім саласына – 8,2% 

(2090,1млн.теңге), саудаға – 4,4% (1130,9 млн.теңге), көлік саласына – 

13,6% (3488,8 млн.теңге) бағытталды.

Жалпы 2010-2011 жылдарда қаланың құрылыс салушыларының 

жұмыстарының барысында нақты құны 6013,1 млн. теңгені құрайтын 

130  нысан  іске  қосылды,  соның  ішінде:  жалпы  алаңы  3043  шаршы 

метр болатын 36 сауда дүкендері, 2340 орындық кафе және асхана, 2 

сауда үйі, 3 автотұрақтар, спортзал, авто жуу және т.б.

Сонымен біз жоғарыда нақты тарихи құжаттар арқылы дәлелдеп 

көрсеткеніміздей  тәуелсіздік  жылдарында  қаланың  инфрақұрылымы 

мен  мәдени  өмірі  айтарлықтай  өзгерді.  Алдағы  уақытта  да  қаланың 

жан-жақты дамуы осы бағытта жүзеге асса онда қала республиканың 

алдыңғы  қатарлы  дамыған,  көрікті  қалаларының  біріне  айналатыны 

сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет