Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н


  Ж А М Б Ы Л Д Ы   Е М Д Е Г Е Н   Д Ә Р ІГ Е Р



Pdf көрінісі
бет13/33
Дата26.01.2017
өлшемі17,27 Mb.
#2758
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33

21.  Ж А М Б Ы Л Д Ы   Е М Д Е Г Е Н   Д Ә Р ІГ Е Р  
(Хабиб  Барлыбаев)
Кезіндегі  В.М.  Молотов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  медицина 
институтының  профессоры,  ғылымға  еңбек  сіңірген  қайраткер  Ха- 
биб  Ақтайүлы  Барлыбаевтың  өмірі  туған  халқына  қажымай,  талмай 
қызмет  етудің  үлгісі  болып  табылады.  Ол  қысқа  да  болса  мағыналы 
өмір  жолында  нағыз  талантқа  тән  еңбек  жолынан  өтті.  Хабиб  Ақтай- 
үлының  білімге  деген,  туған  халқына  деген  махаббаты  сонау  бала
кезінен-ақ  байқалған.
Х.А.  Барлыбаев  1898  жылдың  1-наурызында  бүрынғы  Шығыс
Қазақстан  облысы,  Баянауыл  ауданының  №  3  ауылында  шаруа-мал- 
шының  отбасында  дүниеге  келген.

*
138
Ауыл  мектебінің  біліміне  көңілі  толмаған  ол  таныс  мұғалімдердің 
көмегімен  Павлодар  қаласындағы  2  сыныптық  орыс-қырғыз  училище- 
сіне  түседі.  Оны  бітірген  жасөспірім  енді  оқуын  жалғастыру  үшін  Ом- 
быдағы  ауылшаруашылығы  училищесіне  қүжаттарын  тапсырады.  Осы 
оқу  орнын  бітірген  Хабиб туған  жеріне  келіп,  алған  білімін  ауылшаруа- 
шылығында  тәжірибе  жүзінде  жүзеге  асырады.  Ауылда  1919  жылға 
Дейін  жұмыс  істеген  ол  Омбы  қаласына  педагогикалык  курсқа  барып, 
оны  бітірген  соң  ауыл  мектебінде  мүғалім  болады.  Бүл  жерде  ол  ке- 
ңестік  оқу  жүйесін  насихаттаушылардың  бірі  болады.  Ең  алдымен  жас 
мүғалім  мектепке  шаруалар  мен  кедейлердің  балаларын  тартуды  қолға 
алады.  Өзінің  қарапайымдылығымен,  білімділігімен  ол  барлық  ауыл 
түрғындарының  ыстық  ілтипатына  бөленді.
Хабиб  Ақтайүлы  мүғалім  болып  жүріп —ақ  дәрігерлік  кітаптарды 
оқуды  үнататын:  ол түрғындар  арасында  медициналық білімнің таралуы- 
на  үйытқы  болды,  оқушылардың  арасында  тазалықтың  болуын  қадаға- 
лады.  Ол  адамдардың арасында түрлі  аурулардың таралуының және одан 
өлімнің көп болуының куәсі  болды.  Ал бақсы  мен балгерлердің емі  әрқа- 
шан  дәру  болмайтын.  Бұл  оны  дәрігер  болуға  жетеледі.  Үзақ  та  тиянақ- 
ты дайындықтан  соң  жас  жігіт  Омбыдағы  медицина  институтына түседі. 
Болашақ  дәрігер  оқу  мен  қоса  істеген  жұмысының  қиындығына  қара- 
мастан  Омбы  институтының  қоғамдық  істеріне  белсене  қатысады:  ол 
«Казземлячества»  бірлестігін  ұйымдастырушылардың  бірі,  сондай-ақ, 
Батыс  Сібір  мемлекеттік  музейінің  үлттық  бөлімін  үйымдастырушысы 
да.  Хабиб  Ақтайүлы  медицина  институтында  тек  өзіне  қажетті  білімді 
алып  қана  қоймай,  ғылымға деген  көзқарасын  қалыптастырып,  творчест- 
волық  ойлау  қасиетін  де  меңгерген.  Ол  өз  қызметін  институтта  санитар 
жүмысынан  бастады.  Осы  жерде  оның  ауруларға  деген  жанашырлығы, 
дәрігерлік  көмекке  мүқтаж  адамға  деген  ықыласы  ашылды.
Х.А.  Барлыбаев  4-5  курс  студенті  болып  жүріп-ақ,  бірқатар  ғылы- 
ми — танымдық  жүмыстар  жазған.  «Адам  мен  малдың  қүтыруы  және 
оның  алдын  алу»,  «Қазақ  тұрғындарының  арасында  қүрт  ауруымен 
ауыратындардың  кейбір  статистикалық  көрсеткіштері  және  онымен 
күрес»  және  т.б.  Олар  өз  кезінде  профессорлар  тарабынан  жақсы  ба- 
ғаланып,  тұрғындар  арасында  кеңінен  тараған.
Хабиб  Ақтайұлын  5  курста  оқып  жүргенде  профессор  Борман  бас- 
қаратын  хирургиялық  клиника  кафедрасына  бекітіп  қояды.  Ол  оқуды 
бітірген  соң  Қазақстанға  жүмысқа  жіберіледі.  Қу  аудандық  аурухана- 
сының  меңгерушісі  болып  істейді.  Мүнда  үлкен  сауықтыру  жүмыста-

139
.
рын  ұйымдастырған  оның  ұжымы  республикадағы  ең  бір  үлгілі  ауру- 
ханаға  айналды.
1931  жылы  ол  В.М.  Молотов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  медици- 
на  институтына  оқытушылық  қызметке  шақырылып,  сонда  өмірінің 
соңына  дейін  жүмыс  істейді.  Анатомия  кафедрасына  ассистент  болып 
қабылданған  ол  осы  ғылымға  біржолата  ден  қояды.
Арада  екі  жыл  өтпей-ақ  Х.А.  Барлыбаев  осы  кафедра  доцентінің 
міндетін  атқарады.  Осы  кезде  ол  қазақ  тілінде  «Анатомия  және  адам- 
ның физиологиясы» деген оқулықты  медицина техникумдары  мен орта
мектептерге  арнап  аударады.
Осы  оқулық  бойынша  қазір  де  мыңдаған  қазақ  студенттері  мен
оқушылары  білім  алады.  Бүл  кітаптың  маңыздылығын  оның  жеті  рет 
қайталанып  басылғанынан  аңғаруға  болады.  Ол  В.М.  Молотов  атын- 
дағы  қазақ  мемлекеттік  медицина  университеті  қалыпты  анатомия  му- 
зейі  кафедрасының  музейін  үйымдастыруға  зор  үлес  қосты.  Оның 
кейбір  препараттары  әлі  күнге  дейін  музейде  сақтаулы.
Хабиб  Ақтайүлын  емші — дәрігер  болу  ойы  ешқашан  бей-жай  қал- 
дырмайды. Осы ойын жүзеге асыру мақсатында ол аурудың ішкі мүше- 
лерін  емдеу  кафедрасына  ауысып,  өмірінің  соңына дейін  сонда жүмыс
істейді.
Ол  бүл  кафедрада  жүмыс  істей  жүріп  тек  жақсы  практик  болып 
қана  қоймай,  теорияны  жақсы  меңгерген  мықты  педагог  та  болып 
шығады.  Осы  жерде  оның  ғылыми  белсенділігі  де  ерекше  байқалады. 
Бүл  кезде  дәрігер-ғалым  бірнеше  маңызды  еңбектер,  әсіресе,  «Тубер- 
кулез»,  «Бешенство»  деген  зерттеулер  жазды.  Х.А.  Барлыбаев  барлық 
қиындықтарды  жеңе  отырып,  әрдайым  өзінің  білімін  жетілдіруге  ты- 
рысқан.  Ешқашан  қол  жеткен  табысқа  масаттанбайтын.  Ол  тәжірибе 
мен  ғылымның  өзара  байланысына  көп  көңіл  аударғандықтан,  кафед- 
радағы  қызметін  Қазақ  ССР  Совнаркомының  ауруханасында  кеңесші — 
дәрігер  жүмысымен  үштастырады.  Хабиб  Ақтайүлы  мүнда  өзін,  өз  ісін 
жақсы  білетін  іскер  дәрігер  ретінде  көрсете  алды.  Ол  тез  арада  осын-
дай  қасиеттерімен  халық  арасына  кең  танылды.
Х.А.  Барлыбаевтың  осындай  дәрігерлік  қасиеттеріне  қанық  Қазақ-
стан  үкіметі  оған  қазақ  халқының  үлы  ақыны  Жамбылдың  денсаулы-
ғын  арнайы  қарайтын  дәрігер  етіп  тағайындайды.  Әрине,  бүл  іске  ол
өзіне  тән  ыждахаттылықпен  бар  ынта-ықыласымен  кірісіп  кетеді.  Ха-
биб  Ақтайүлы  үлы  ақынды  бар  жүрегімен  жақсы  көріп,  оның  денсау-
лығын  үнемі  бақылап  отырды.

140
Ол 
Жамбылмен  ортақ 
тіл  табысып,  оны  өзінің 
парасаттылығымен, 
шыншылдығымен  тәнті  етеді. 
Сондықтан 
да  болар 
үлы  ақын 
оған  өз 
туғанындай 
сеніп,  екеуінің  арасында 
нағыз  достық  қарым-қатынас 
ор- 
наған.  Ол  өзін  емдеген  дәрігерге  арнап  мынадай 
өлең 
шығарған:
Қазақта 
көптен  жүрген  мен 
бір  тәуіп 
Шырагым 
емдеіш ісің  емін 
шауып.
Қаттырақ  жаурынымды  қыса  туссе 
Журекке  болмас  на  екен  үлкен  қауіп!?
Емделмей  ерлік  етіп  жүре  берсем,
Кетпей  ме  түла  бойым  түгел  жасып.
Хабиб  Актайүлы  өзінің  ғылыми-практикалық  қызметін  үнемі  қоғам- 
дык  жүмыстармен  де  үштастырып  отырды. 
Ол 
Алматы  облыстық  атқа- 
ру  комитетінің  дәрігерлік-саннтарлық  қоғамы 
президумының 
мүшесі, 
гылыми  қызметкерлер  секциясының 
мүшесі, 
Қазақ  мемлекеттік 
меди- 
цина  институты  жергілігті  комитетіиің 
мүшесі  болды.  Оган 
жүктедген 
қандай  да  бір  тапсырма  болмасын  уақытында  әрі  сапалы 
орындалатыи.

А.  Барлыбаев  ерекше  еңбекқор 
болатын.  Оның 
каламынан  23- 
тен  астам  ғылыми  енбектср  шыкқан.  Өіінің 
жүмысыиың  ауырлыгына 
қарамастаң  ол  кабинетінде  жазу  столының  басында  түннің  бір  уақыт- 
тарына  шейін  қозғалмастан  отыратын.
Дорігер-ғалым 
е і  
елін, 
жерін  өте  жақсы  білетін. 
Ол 
қызмет  бабы- 
мен  республиканын 
түпкір-түлкіріи  аралап  көрген,
1937 
жылы 
Шынгыстауга 
дәрігерлік  экспедицияның  басшысы  бо- 
лып  барды.  Олар  гүрғындар  арасында  дәрігерлік  санитарлық  жүмыс- 
тар  жүргізіп  кана  коймай 
жергілігті  дәрігерлердін  мамандыгын  артты- 
руга  да  көп  үлес  қосгы  және 
бүкіл 
ауылдарда 
болып.  колхоэиіыларды 
жүмыстан  бөлмей,  денсаулықтарын 
түзетуге  жүмылдыра  білді.
Экспедиция  гылыми-эерттеу  сипаттағы 
моселелермен  айиалыскан. 
Маселен;  іш  ауруларын  жүктыру,  кышыма, 
котыр 
аурулары, 
олармеи 
күресу, 
алдын  алу 
жолдары, 
бруцеллеэ,  туберкулеі  ауруларыиа  жол 
бермеу.  Экспедицияға  жүктелеги  осындай  тапсырмалардын  барлығы 
да  абыроймен  орынджлды. 
Осы 
жүмыс 
үшіи  Х.А.  Барлыбаеа  Шынгыс* 
тау  аудандық  атқару 
комитеті 
және  Қазақ 
ССР 
Денсаулық 
сактау  ко- 
миссариатыныи  тарапынаи 
марапатталды. 
Оның 
үйымдастыруымен 
осындай  жспедициялар  Қазакстанның  баска 
да  жерлеріиде-  Қостанай, 
Ертісте  жүіеге  асырылды.
1937  жылы  Хабиб  Актайүлы  үшіи  үмытылмас  жыл  болды.  Осы 
жылы 
ол 
кандмдаттык 
диссертация  қорғайды.

141
Ол  медицина  институтында  қызмет  істей  жүріп  СССР  Ғылым  Ака- 
демиясының  қазақ  филиалында  өлкелік  патология  институтын  үйым- 
дастыруға  белсене  ат  салысады.  Әрі  сол  институттың  директорының 
орынбасары  да  болады.  Көп  үзамай  бүл  мекеме  35  адамнан  және  4 
сектор,  2  лабораториядан  түратын  қуатты  орталыққа  айналды.
Өмірінің  соңында  Хабиб  Ақтайүлы  докторлық  диссертация  жазуға 
отырған  болатын.  Оның  адамның  ішкі  қүрылыстарын  зерттеу  туралы 
еңбегін  Москва,  Киев  ғалымдары  қолдап  академик  Богомолец,  Сергеев 
және  басқалар  өте  жоғары  баға  берген.  Бірақ,  Ұлы  Отан  соғысының 
басталып  кетуі  және  денсаулығының  нашарлауы  оған  бүл  жүмысты
соңына  жеткізуге  мүмкіндік  оермеді.
Республиканың еңбек сіңірген дәрігері, Қазақ ССР ғылымына еңбек 
сіңірген  қызметкер,  «Еңбек  Қызыл  Ту»  ордені  мен  «1941-1945  жыл- 
дардағы Ұлы Отан соғысы кезінде сіңірген еңбегі үшін» медалінің иегері 
Хабиб  Ақтайүлы  Барлыбаев  1946  жылы  бүл  дүниеден  озады.

142
Е К І Н Ш І   Б Ө Л І М  
С О Ң Ы Н А   Ө Ш П Е Й Т Ү Ғ Ы Н   С Ө З   Ң А Л Д Ы Р Ғ А Н  
1. Д А Н А Л А Р Д Ы Ң   Д А Н А С Ы  
(Бүкар  жырау  Ңалңаманүлы)
Қазақ  халқы  да  басқа  халықтар  сияқты  поэзияға  бай,  сөз  өнерін 
ерекше  қадірлей  білген,  көркем  сөз  қүдіретін  қастерлеп,  оған  үлкен 
міндет  жүктеп  келген  ел.  Адам  баласының  шыр  етіп  дүние  есігін  аш- 
қан  сәттен  бастап,  ең  соңғы  демі  таусы лғанға  дейінгі  өмір  жолы, 
тіршілік  қадамдары  түгел  дерлік  поэзияға  қарыздар.
Заманалар  жасаған  көркем  сөз  кестелері,  асқақ  арман,  үшқыр  қиял 
жемістері — халық  өнерпаздары  жасаған  өлмес,  өшпес  асыл  қазына. 
Әрбір  өнер  туындыларының  өз  шебері,  жасаушы  өнерпаздары  бола- 
тыны,  ешбір өнер туындысының  көктен даяр  күйінде түспейтіні  әркімге 
ақиқат.  Сондай-ақ,  қазақ  поэзиясын  жасаушылар  да  өз  халқының  ара- 
сында  туып-өскен  халқының  талантты  перзенттері.  Оларды  халық 
әртүрлі  атаулармен  атап,  аса  қатты  қадірлеген.  Қапияда  сөз  тауып,  өз 
сөзінің  жүйелі-логикалы  күшінің  арқасында  асқынған  дауды  шешкен, 
бітіспес  жауды  бітім ге  ж үгін дірген ,  күлместі  күлдіріп,  ж үрместі 
жүргізген  өнерпазды  халық  шешен  деп  атап,  олардың  билігін  өділқа- 
зылық  деп  үққан.  Заманының  қоғамдық  атын  жүйелеп,  түйінді  пікір 
айтып,  асыл  сөз  термелеп,  афористік  ақылға  тола  жыр  шығарған  сөз 
өнерпаздарын  жырау  деген  атауларға  ие  еткен.  Көркем  сөз  онерінің 
көркем  шеберлерін  қазақ  халқының  жырау  деп  атап  келгені  белгілі. 
Жыраулар  поэзиясының  өріс  алған  кезеңі  ХІУ-ХУІІ  ғасырлар.  Олар 
шығарған  әдебиет  үлгілері  негізінен  замана,  қоғам,  өмір  туралы  ойлы-

сырлы  толғаулар,  ақыл-өсиет  түріндегі  шешендік  сөздер,  макал  маз- 
мүндас  түспалды-дидактикалық  термелер,  сондай-ақ,  елді  жеңіске  бас- 
таған  батырлардың  ерлігін  жырлаған  ерлік  эпосы,  ел  қожаларын 
дөріптейтін  мадақ  жырлар  немесе  қара  қылды  кақ  жарған  әділ  қазы, 
ия  болмаса табан  асты  тапжылмастан  сөз  бастап,  терең  ойымен  жүртты 
үйытқан  ақыл  иелерін  қасиет  түтар  арнаулар  болатын.
Жырау -   өз  тайпасының  рухани  тірегі,  ақылгөй  ақсақалы.  Сондық- 
тан,  ол  албаты  сөйлемейді.  Ол  тынымсыз  көш пенділер  арасында 
күнделікті  болып  түратын  дау-кикілжің  оқиғаларға  араласпайды,  күйкі 
өмірдің  камы  туғызған  отбасы,  ошақ  қасының,  кара  қазанның  жайы  да 
жырау  назарынан  тыс  жатады.  «Халық  мүддесін  білдіруші  жырау  топ 
алдына  сирек,  аса  қажет  ж ағдайларда  ғана  шығады.  Одан  халық 
бүліншілік  шыққан,  немесе  ел  шетіне  жау  келген  кездерде  ғана  кеңес 
сүрайтын  болған», -   деп  жазады  академик  Ә.Марғүлан  жыраудың
коғамдық  рөлі  жөнінде  [80].
XVIII  ғасырда  өздерін  толық  жырау  санатында  танытқандар  -
Бүқар  мен  Ақтанберді  болды.
XVIII  ғасыр  әдебиеті  көрнекті  өкілдерінің  бірі  -   Бүқар  жырау -  
Абылай  хан  заманында  өмір  сүрген.  Әкесі  Қалқаман -   белгілі  батыр. 
Бүқар  өмірін  зерттеушілердің  бір  бөлігі  ақынның  өлеңдеріне  сүйеніп,
оны  кедей  шаруа  тобынан  шыққан  деп  жүр.
С.Сейфуллиннің  айтуы  бойынша  «Бүқар  жырау  Абылай  ханның  за-
манында ханның бірінші жыршы-шешен ақылшысы  болған.  Моласы Баян-
ауылдағы  Далба  тауының  ішінде».  Бүқар  кедей  болса  да,  жоқшылық  зар-
дабын  тартып,  байларға  мойын  үсынбаған,  ата  даңқымен  болсын,  не  өз
өткірлігімен  болсын,  әйтеуір  тәуелсіз  ерен  адам  болса  керек!  Бүқардың
өлеңдері,  өзі  түстас  ақындармен  салыстырғанда  кейінгі  үрпаққа  молырақ
жеткен.  Оның  Абылай  туралы  өлеңін  жазып  алып,  алғаш  пікір  айтқан
Шоқан  еді.  Одан  кейін  жырау  өлеңдерін  жинап,  ол  туралы  мәлімет  бер-
ген -   белгілі  фольклорист,  ақын  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев.
Бүқар  жырау  қазақ  жеріне  ертеден  мәлім.  Оның  бізге  жеткен  ар-
нау,  терме,  толғаулары  негізінен  әлеуметтік,  қоғамдық  мәселені  көте-
реді.  Көп  жайтты  ол  өзінің  заманы  санасы  түрғысынан  шешеді.  Хан-
дық  қүрылысты  нығайту  мәселесін  көздейді.  Соған  қоса  жыраудың
кейбір  толғаулары  адамгершілікке,  бейбітшілікке,  әділеттікке  үндейді,
үстамды  моральдық  пікірлер  үсынады.  Абылай  ханның  сыртқы  саяса-
тына  араласып,  ақыл  береді.  Оның  кейбір  ісіне  наразылық  білдіреді.
Абылайдай  тынымсыз  жорык  жасап,  ел  берекесін  кетіріп  жатқан  ханға

144
айтқан  жырау  ақылдарының  ең  тиімдісі  қазақтың  өзара  бірлігін  сақ- 
тауға,  одан  кейін  көрші  елдермен  алыс-беріс  жасап,  жауласпай  тату 
өмір  сүруге  үндеу  болса  керек.  Ақын  бірауызды  ынтымағы  күшті  елді 
армандап,  сондай  елдің  ғана  болашағы  мол  болатындығына  сенім 
білдіреді.  «Ағайын  тату  болса,  жат  жаныннан  түңілер»  деген  халық 
мәтелін  қоштай  сөйлеп,  ол  тату-тәтті  өмірді-аңсайды.
Бүқар  өмір  сүрген  дәуірдің  үлы  бір  оқиғасы -   жоңғар  қалмақтары- 
ның өктемдігі, олардың қазақ жеріне баса-көктеп енуі. Қалмақтарға қарсы 
үрыс  басталған  шақтан  аяғына  дейін  бар  ауыртпалықты  Бүқар  елмен 
бірге  көрген.  Ол  әсіресе,  өзі  туған  өлкесін  азат  ету  күресіне  тікелей  ара- 
ласып,  қолбасшылармен  бірге  ақылшы,  үгітші  болып  белсенділік  көрсет- 
кен.  Абылай  Бүқармен  осы  түста  санасқан.  Қарт  жырау  жауға  қарсы 
батырларды  жорыққа  аттандырып,  оларды  жан  аямай  жауға  бөріше  тиі- 
суге  үндеп,  өз  батасын  беріп,  халықты  сөздерімен  рухтандырған.
Ойшыл  Бүқар  қазақ  халқының  өмірлік  мүдделері  үшін  оны  орыс 
халқымен  достық  қатынас  орнатуы  қажет  екенін  түсінді.  Алайда,  ол 
кез  де  «Зеңбіректен  соң  Пушкин»  (О.Сүлейменов)  оңай  келе  қойған 
жоқ-тын.  Қазақ  хандары  мен  сүлтандарды  Ресейге  қарағандықтары  ту- 
ралы  ант  берісімен-ақ,  патша  үкіметі  өзінің  түпкі  мақсаты -   отарлау 
саясатын  жүзеге  асыруға  кірісті.
Бекіністер  мен  қалалар  салынып,  патша  үкіметінің  отарлау  мақса- 
тының  тірек  пункттеріне  айналды.  Мемлекет  қайраткері,  дипломат  бүл 
бекініс шептері  мен қорғандардың не үшін салынып жатқандығын бірден 
сезеді.  Осы  орайда  айтылған  толғаулары  Бүқардың  замана  ағымын  те- 
рең  түсінген  адам  екендігін  аңғартады.  Патша  үкіметінің  қазақ  даласы- 
на  сүғынып  енуі  Бүқарды  шошындырады.  Алайда,  бүған  қарсылық 
көрсетуге,  бөгет жасауға  қазақтардың әлі  келмейтінін  жырау тағы  біледі. 
Сондықтан,  ол  халық  ақылындағы  қой  үстіне  бозторғай  жүмыртқалаған 
елмен  «Жер  үйық»,  «Жиделі-Байсынды»  еске  алады.
Арқалы  жырау,  қабырғалы  би  Бүқар  өз  түсындағы  қазақ  ханды- 
ғының  бас  идеологы  болады.  Ісімен  де,  жырымен  де  Абылай  хан  саяса- 
тын  мейілінше  қолдайды.  Хандықтың  нығаюы,  хан  үкіметінің  берік 
болуы жолында күреседі. Өз шығармаларында Абылайды сырт жауларға 
қарсы  күресте  айырықша  қайрат  көрсеткен  қайтпас  батыр,  ел  қамын 
жеген  көреген  көсем  ретінде  бейнелейді.  Тәуелсіздік  жолындағы  соғыс- 
тарда  ерлігімен  дараланған  батырларды  мадақтайды.
Бүқар  өзінің  таңдаулы  шығармаларында  қазақ  қауымы  үшін  мәні 
зор  әлеуметтік мәселелерді  көтереді.  Бүлардың ең бастысы -  ел  бірлігін 
қорғау,  оны  ту  етіп  тік  көтеру,  ішкі-сыртқы  жаулардың  қандайымен

болса  да  бітіспес  күреске  үндеу.  Бүқар  Абылайға  арнаған  және  халық 
атына  қарата  айтылған  толғауларында  Цин  империясының  түпкі  сая- 
саты -   қазақ  даласын  жалмап  жеу  екендігін  ашып  көрсетеді.
Ел  шетіне  енген  шүршіт  әскерлеріне  қарсы  аяусыз  күрес  қажетін 
насихаттайды.  Шүршіт басқыншыларының осының алдында ғана еңбек- 
теген  балаларынан  еңкейген  кәрісіне  дейін  түгел  қырып,  Жоңғар  мем- 
лекетін  жер  бетінен  қалай  жалмағанын  мысалға  келтіреді.  Цин  саясат- 
шыларының  алдамшы  сөзіне  сенбеуге,  тәуелсіздік  үшін  ақырына  дейін 
шайқасуға  шақырады.  «Шүршіт  келсе  жарамас -   Ай-түйіңе  қарамас», -  
дейді  жырау.
Сонымен  қатар  жырау  өз  шығармаларында  Ресеймен  жауласпау, 
онымен  тату  көршілік  сақтау  керегін  насихаттайды.  Алайда,  Бүқар 
патша үкіметінің түпкілікті  мүратын -  отаршылық  екенін  де  нақты  пай- 
ымдаған  болатын.  Бүл  кезде  Бүқар  ханның  соғысу  ниетін  өзі  де,  елі  де 
жақтамайтынын  ескертіп:
Орыспенен  согысып
,
Басыңа  моншақ  көтерген 
Жүртыңа  жаульщ  сагынба!..
  -
деп,  ханның  алдында  тайсалмай  сақ  сөйлеп,  ақ  пікірін  еркін  айтып,  елі 
атынан  хан  пиғылына  қарсы  шығады.  Орыспенен  дос  болып,  оған  арқа 
сүйеп,  бейбіт  өмір  сүр, -   дейді.  Бүқардың  «Керей  қайда  барасың?» 
деген өлеңі де ханға қарсылық еткен рулы елді келіске келтіру жөніндегі 
билік  сөзі  ел  бірлігін  жақтаған  жалынды  жыры  боп  табылады.
Бүқар  шығармаларынан  жыраудың  өзі  өмір  сүрген  қилы  заман  кел- 
беті  айқын  танылады.  Хан-сүлтандардың,  ірі  феодалдардың  әр  жүзде, 
тіпті  жекелеген  руларда  өз  билігін  жүргізбек  болған,  үлттық  мүддеге 
қайшы,  баққүмар  саясаты,  руаралық  тартыстың  күшеюіне,  заманның 
өзгеруіне  байланысты  адамдардың  санасындағы  қүбылыстар — міне, 
осының  бәрі  де  белгілі  мөлшерде  жырау  өнернамасынан  көрініс  тапты.
Бүқар  қазақ қауымының ежелгі түйықтан  арылуға бет алғаның көне 
патриархалдық  қатынастар  бүзыла  бастағанын  көреді,  осының  бәрі 
болаш ақта  жүзеге  асар  түбегейлі  өзгерістердің  басы  ғана  екенін 
түсінеді.  Алайда,  жырау  мүндай  қүбылыстардың  көбін  үнатпайды,  оған 
сенімсіздікпен  қарайды.  Тіпті,  туған  халқының  болашағына  күманда- 
нады,  пессимизмге  беріледі.
Енді,  бір топ  өлеңдерінде  Бүқар  өмір  мен  болмыс,  заман  және  адам 
туралы  толғанады.  Табиғат  бір  қалыпта  түрмайды  дейді  жырау.  Ол 
үнемі  өзгеріп,  жаңарып  отырады.  Адам  табиғаты  да  сондай.  Оның

146
өзгеруіне,  мінез-қүлқының,  моральдық  қағидаларының  өзгеруіне  орай, 
қоғам  да  өзгеріп  отырмақ  дегенге  мезгейді.  Ой  тереңдігінен,  өз  зама- 
нының  көкейкесті  мәселелерін  көтерумен  ғана  емес,  көркемдік  сапа- 
сымен  де  өзгеше.  Бүқар  шығармалары  ғақлия  толғаныстар,  нақыл, 
афоризмдер  түрінде  келеді.  Бейнелі  суретке  бай,  үлттық  бояуы  қанық, 
көркемдігі  кемел.  Міне,  осының  бәрі  Бүқар-жырауды  көне  қазақ  поэ- 
зиясының  ең  түлғалы  өкілдерінің  қатарына  көтерді.  Бүқар  өнернама- 
сы  әлденеше  ғасырлақ  тарихы  бар  жыраулар  поэзиясының  қорытын- 
ды  түйіні  іспеттес  болды.
Қазақ  хандығы  дәуірінде  жасалған  мол  мүраның  шағын  бөлігі  ғана 
біздің  заманымызға  жетті.  Алайда,  қолда  бар  үлгілердің  өзі  халқымыз- 
дың  сөз  өнері  биік  деңгейде  болғандығын  көрсетеді.  Хандық  дәуірдегі 
әдебиет төрт ғасыр  бойы  сан  қилы  оқиғалардың сәулесін  бойына  сіңіріп, 
өзіндік  үн,  өзгеше  бояу-нақыш,  айқын  үлттық  сипатта  қалыптасты.
Қашанда  ел  өміріндегі  оқиғаларға  үн  қосып,  өз  заманының  көкей- 
кесті  м әселелерін  көтеріп  отырды.  Өткен  күн,  озған  дәурен,  көне 
тірш ілік  шежірешісі  болды.  Үнемі  халық  жағынан  табылып,  елдің 
бүгінгісі  ғана  емес,  болашағы  үшін  де  аса  мәнді  идеялардың  үраншы- 
сы  қызметін  атқарды.
2.  Ш Е Р   З А М А Н Н Ы Ң   Ж Ы Р Ш Ы С Ы
( К ө т е ш   а ң ы н )
Қазақ  әдебиеті  тарихында  өзіндік  үлес  қосқан  ақын-жазушы,  жыр- 
шы-жыраулар  өте  көп.  Олар  артына  еңбекке,  оқуға,  бірлікке,  достыққа 
үндейтін  мол  мүра  қалдырып  кетті.  Сол  мүралардың  бірсыпырасы  сақ-

147
талса,  көпшілігі  жоғалып  кеткен.  Соған  қарамастан  артындағы  үрпағы 
арғы  аталарының  еңбеғін  ардақтап,  жинақтап,  кітап  етіп  бастырып, 
әлі  күнге  шейін  үлкен  ықыласпен  оқиды.  Сондай  ақын-жазушылардың 
бірі -   Көтеш  ақын.
Көтеш  ақын  1745  жылы  Баянауыл  аймағында  туып,  сонда  өседі. 
Алғаш  рет  он  жеті  жасында  Абылайға  қарсы  бас  көтерген  Мейрам  на- 
мысын  жыртқан  өлеңі  арқылы  аты  шығады.  Жарлы  отбасында  дүниеге 
келген ол өмір бойы жоқшылық тауқыметін тартып өседі. Алайда, ақын- 
дық  арын  саудаға  салмаған.  Көтеш  қартайған  шағында  иен  далада  кісі 
қолынан  1818  жылы  қаза  табады.  Ақын  ажалы  Жолбасар  үрыдан  ке- 
леді.  Ал,  енді  бір  деректер  қазаға  ақын  әжуасын  кек  түтқан  әлдебір 
бай  себеп  болды  деп  көрсетеді.
Ақын  шығармашылығына  келсек,  оның  өлеңдерінің  біразы  ғана 
бізге  жеткен.  Бірақ,  сол  аз  өлеңдерінің  өзі  мол  ғибрат,  өнеге,  өсиетке 
толы.  Тілі  жеңіл.  Жазылуы  қарапайым.  Оқуға  әсерлі.  Мәселен:
Лргы  атамды  сурасаң,  Сексен  жүйме,
Райымбек  Сексеннен  туган  үл  ма  ?
Райымбек  сен  де  еш  қоя  алмайсың,
Райымбек  би  болса,  Рай  қүл  ма?, -
деген  өлең  жолдары  ауызекі  сөйлеуде  қолданылатын  сөйлемдерге 
үқсайды.
Көтеш  ақынның  өлеңдерінің  бір  ерекшелігі  тақырыбы  жоқ  (сол 
түстағы  көп  ақын-жазушылардың  бүл  жазу  тәсілдері  іспеттес).  Оның 
өлеңдерінің  алғашқы  шумағындағы  бірінші  жолын  өлең тақырыбы  етіп 
аламыз.  Мысалы,  «Абылай,  Ботақанды  сен  өлтірдің»,  «Күркелінің  ба- 
уыры  күнде  дауыл»  және  т.б.  Енді  соның  кейбіреуін  талдап  көрелік.
Көтеш  Абылай  хандық  қүрған  түста  өмір  сүрген  ақын.  Ол  ханның 
әр  ісін  бетіне  өлеңмен  тура  айтып,  кемшілігін  бетіне  басып  отырған. 
Оған:  «Абылай,  Ботақанды  сен  өлтірдің»  атты  өлеңі  дәлел  бола  алады. 
Мәселен:
Абылай,  Ботақанды  сен  өлтірдің,
Есіл  ер,  жазыгы  жоқ,  неге  өлтірдің?
Хан  басың  қарашаңмен  даулы  болып,
Үстіне  Ақ  орданың  қол  келтірдің,
  -
деген  жолдарынан  Абылай  хандық  дәрежесіне  сүйеніп  жазықсыздан- 
жазықсыз  Ботақанды -   асыл  ерді  өлтіргендігін,  ел  даулы  болып,  Ақ 
орданың  үстіне  қол  келтіргендігін  айтады.

148
Ал,  осы  өлеңінің  екінші  шумағында  бүгін  босатпасаң  Жанайды, 
ертеңгі  күні  қатын-балаң  бірі  жесір,  бірі  жетім  қалатындығын  айтып 
сақтандырады.  Бүл  өлеңі  былай  өрнектеледі:
Абылай,  куйіп  кетті  салган  залаң,
Мейрамга  не  еді  сенің  жапқан  жалаң?
Жанайды  дәл  бугін  кун  босатпасаң
  ...
Болады  ертең  жесір  қатын-балаң!!!
Қартайған  шағында  ауырып,  төсек  тартып  жатқан  адамның  көңілін 
сүрасаң  қатты  риза  болады  ғой.  Көтеш  те  қартайғанда  ауырып  жатқан- 
да  Сексеннен  тараған  көп  үрпақтың  бір  де  біреуі  келіп  көңілін  сүрама- 
ғанда  қатты  налиды.
Ақын  жаны  нәзік.  Сәл  нәрсеге  ашуланып,  уайымдап,  ренжіп  нали- 
тын  ақынға  бүл  ауыр  тиеді.  Мүны  төмендегі  өлең  жолдарынан  айқын 
байқаймыз: 
- '
Куркелінің  бауыры  кунде  дауыл,
Көтеш  қалды  ауылында  жалгыз  ауыл.
Ауырып  жатқан  көңілімді  бір  сурамай,
Шьін  Сексеннің  баласы  қара  бауыр.
Бір  жанымның  қамы  ушін  журдім  саяқ,
Не  қылайын  малды  жаннан  аяп.
Ауырып  жатқан  кунімде  бір  қайырылмай,
Ет  дегенде  қалмапты  майлы  таяқ.
Ақын  шығармалары  өсиет-өнегеге  толы.  Олар  достыққа,  бірлікке 
үндейді.  Ата-анаңды  сыйла,  қүрметте  деп  үйретеді.  Бүл  туралы  арқа- 
лы  жырау: 
-  ,
Арқа  ойылдың  қуба  жон  тусер  қақтар,
Су  ішуге  сол  қақты  қулан  жақтар.
Атадан  алтау,  жетеу  туганменен,
Соның  ішінде  біреу-ақ  сутін  ақтар,  -
деп  толғанады.
Бала -   адамның  бауыр  еті  деген.  Бүл  тақырыпқа  ақындар  ерекше 
мән  берген.  Көтеш  өлеңдерінен  де  бүл  сарынды  байқауға  болады.  «Таз 
да  болса  балаңды  үрса  берме»  кейін  малыңды  бағатын  сол  болады  де-
генді  аита  келіп:
«Бала -   бала  деуменен  мақалымыз, 
Баладан  болар  білем,  ажалымыз»,  -
деп,  астарлап  сөилеиді.

149
Кейбір  зерттеушілердің  айтуынша  және  өз  өлендерін  оқи  отырып, 
ақын  қартайған  ш ағында  келіні  тұрм ақ  өз  кем пірінен  де  қысым 
көргендігін  сеземіз.  Оған  өлең  жолдары  куә:
Қартайганда  қатының  дүилпан  болды,
Келін  деген  бір  дүшпан  тагы  шыгып.
Біреуі  іштен,  біреуі  тыстан  болды,
Қартайганда  қатының  қазба  дейді.
Келін  менен  балага  жазба  дейді.
Ат  болса,  айгыр  болса,  солар  мініп,
Шолақ  байтал  қақбасқа  аз  ба  дейді.
Баламызга  жалынсақ  жан  сақтар  ек,
Келін  деген  даяр  түр  тажалымыз.
Егемендік  алып,  еңселерін  көтеріп  қалған  қазақ  халқы  демократия- 
ның,  қайта  құрудың  арқасында  көп  нәрсеге  қолы  жетіп  қалды.  Соның 
бірі -  қазақ тілінде,  өз  ана тіліне  байланысты  жайлар.  Тіліміздің  мемле- 
кеттік  статус  алуына  байланысты  ұмытыла  басталған  әдет-ғүрып,  салт- 
дәстүрлер  соңғы  кезде  ортамызға  қайтып  оралуда.  Мүны  айтып  отыр- 
ған  себебіміз -   қазақ  халқы  өз  ана  тілін  бүрыннан  сақтап,  қорғап,  бас- 
қа тілмен  шүбарланып  кетпеуін  қадағалап  отырған.  Оны  біз  сол  заман- 
ның  айнасы -   ақын-жазушы  шығармаларынан  анық  байқаймыз.  Көтеш 
ақын  да  қазақ  тілін  өз  өлеңіне  арқау  еткен.  Мәселен,  оның:
Ай  қараңгы,  кун  булт,  тун  демеңіз,
Біреу  жарлы,  біреу  бай  кундемеңіз.
Ата  тілін  алмаган  арам  улды,
Ауызы  тукті  кәпірден  кем  демеңіз.
Ай  қараңгы,  кун  булт,  кун  демеңіз,
Біреу  жарлы,  біреу  бай  кундемеңіз.
немесе,
Ата  тілін  сыйлаган  адал  улды,
Хат  оқыган  молдадан  кем  демеңіз...
Жумыскер  есіктегі  тынышы  кетер, 
Қожайын  төрде  отырган  қазба  болса,
  -
деген  жыр  жолдарынан  даналық  ойды  байқаймыз.  Ол,  егер  төрдегі 
қожайын қазба болса,  ондағы  есіктегі жүмыскердің мазасын  алып,  оның
тынышы  кетер  дегенді  айтады.
Адам  өмірге  келген  қонақ.  Үнемі  жас  болып,  қуанып,  күліп-ойнап
жүре  бермейді.  Өз  уақыты  келгенде  қартайып,  күші  кетер.  Сөйтіп,

мәңгілік  о  дүниелік  болып  кете  барады  дегенді  айтады.  Мысалы,  бүл 
туралы  ол: 
н
Кәрілік  жылы-жумсақ  ас  жарай  ма,
Қазы-қарта,  жал-жая,  бас  жарай  ма  ?
Кәрілік,  муньің  бәрін  жақтырмайсың,
Үйілген  топырақ,  қамаган  тас  жарай  ма  ? -
деп  толғанады.
Міне,  Көтеш  ақын  шығармаларының  дені  осындай.  Пессимизмге
ш
салынбай  үнемі  жадыраңқы  жүр  дегенді  айтады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет