налистік қызметін 1929 жылы Павлодар округінің «Кеңес туы», аудан-
ДЫҚ «К олхоз» газеттеріне хат-хабар жазудан бастады. 1935-39 жыл-
дары Семей облысы «Екпінді » газетінде істеді. 1942 жылы Қазақ мем-
лекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. 1942-45
жылдары Қостанай облысы «Болыиевиктік жол» газетінің редакторы.
1 9 4 5 -4 7 жылдары өзі оқыған университеттің журналистика факуль-
тетінің аға оқытушысы, деканы болды. 1948 жылдан журналистика ка-
федрасының меңгерушісі. Ол «Айқап» журналын зерттеуде көп еңбек
сіңірген ғалым. Бекхожин 60-тан астам ғылыми мақала мен «Қазақ бас-
пасөзінің даму тарихы» атты монографиялық кітаптың авторы» [56].
Ғалымның жастық шағы туралы оның туған інісі ақиық ақын Қали-
жан Бекхожин өзінің «Жазушы» баспасынан 1986 жылы басылып шық-
қан «Өлең өткелдері» деп аталатын әдеби ет хақындағы ойлар, толға-
ныстар мен естеліктерінде.* «Сірә, мен алты жасымда хат таныған шы-
ғармын. Мені әкем сол алты жасар кезімнен ескіше хат тануға баулы-
ды да, жалдамалы молдасымақтарға діни оқуға берді. Ал менен үш
жас үлкен (мен 1913 жылы д үниеге келіппін) Қайыржанды араб әліппесін
үйреніп, хат білгеннен кейін, орыс мектебінде оқытты. Әкем Қайыр-
жанды өзінің жанынан артық көріп:
Нургожа бас жігіттің болган бірі,
Тарқаган қалам алса көңіл кірі.
Қудайга қазір алса ризамын,
Артымда Қайыржаным қалса тірі.
-
т
деп өлең де арнады. Мен жас кезімде осы бір жылы сөзді Қайыржан-
нан іштей қызғанатын да едім. Баласына білім, өнер іздеуді мүрат ет-
кен әке Қайыржанға былай деп өсиет етеді:
Кел, балам, гылым оқы, өнер серік,
Хақ жолга ықтихатың болсын берік.
Ізденіп, талпынып бақ, көзім барда,
Мақсудың ден сау болса тапсын ерік.
Әкенің бүл өсиетін Қайыржан ақтады. Оқып, білім алғанның арқа-
сында кейін тарих ғылымының докторы, КазГУ-дің профессоры бол-
ды», - деп жазды [57].
Ал, ғалымның туған жеріне келетін болсақ, қазіргі көзі тірі ақса-
қалдар мен Қалижан ағаның қосағы Зәйдахан апамыздың айтуларына
қарағанда Қайыржан да, Қалижан да Баянауыл басында туып, Қали-
жан үш жасқа толған жылы Нүрғожа ақын балаларына жан-жақты білім
беру мақсатымен Павлодар қаласына қоныс аударады. Осыған және
әкесінің жеке басына байланысты Қалижан ақын жоғарыда аталған кіта-
бында: «Баянауылдағы балташының баласы Нүрғожаның жасынан
білімге, өлеңге ынтасы болса керек, дәулетті ағайындар ескіше хатқа
жүйрік Нүрғожаны сонау Троицк қаласындағы Зейнолла ишанның мед-
ресесіне оқуға жіберіпті, сол медреседен діни терең білім алған Нүрғожа
кейін өзінің бір өленіңде «Үстаздан оқыдым мен семинария», - деп
мақтанады. Бүл кісі діндарлығынан гөрі ақындықты тәлім еткен еді.
Нүрғожа сол өнерімен бүкіл Арқаны аралап, сонау Жетісуға, Маман-
Түрысбек ауылына дейін барғанын кейін жүртқа жыр ғып айтатын.
Қазанда өз кітабын шығарған Мәшһүр Жүсіптей күрделі ақын болма-
са да Нүрғожаның атақты Ақан серімен, сол Мәшһүр Жүсіптің өзімен,
орақ тілді Исамен қақтығысуына қарағанда, кейбір топас болыстарды
шенеуіне қарағанда бүл кісіге өлең өнері дарығандығы шексіз», - де-
ген пікірді көлденең тартады [58].
Ендігі әңгімеміз тікелей Қайыржан Бекхожиннің ғалымдығы төңіре-
гінде болмақ. Жоғарыда біздер Қ.Бекхожин 60-тан астам ғылыми ма-
қала мен «Қазақ баспасөзінің даму жолдары» атты монографиялық
кітаптың авторы болды дедік. Міне, осы еңбектерді жазу ғалымға оңай
түсті ме? Кешегі «қызыл империя» түсында халқымызға өткен тари-
хымызды, оның ішінде сол заманның «көзі, қүлағы, үні» болып есеп-
телген баспасөз тарихын өз күйінде жеткізудің сәті түсті ме, жоқ әлде
өзіндік қиыншылықтары болды ма деген сауалдар туындайды.
Қ.Бекхожин 1949 жылы ең алғаш рет «Дала уалаяты» газеті тақы-
рыбына кандидаттық диссертация қорғады. Бірақ, көп өтпей осы еңбек-
ке орай «Социалистік Қазақстан» газетінің 1951 жылғы 17 қараша-
Дағы санында Б.Қорқытов пен Ә.Досбаевтың «Қазақ баспасөзінің та-
рихын зерттеудегі өрескел қателер» атты көлемді мақалалары жария-
ланды. Онда Б.Кенжебаевтың «Қазақ баспасөзінің тарихынан» атты
кітабы мен Қ.Бекхожинның жоғарыда аталған «Дала уалаяты» - қазақ-
тың түңғыш газеті» деген кандидаттық диссертациясы сыналды.
Бүл кез жалпы қазақтың тарихына, оның әдебиеті мен мәдениеті-
не «отқа май қүйғандай» уақыт болатын. М әселен, Ж.Сәрсеков өзінің
«Тарихи шындық бүрмаланбасын» деген мақаласында.* «Революция-
Дан
бүрынғы қазақ басп асөзін ің б әр і дерлік реакцияшыл, байшыл-
үлтшыл бағытта болды, сондықтан оны зерттеудің қажеті жоқ», — де-
ген сыңаржақ пікірді үсынды [59].
Өкінішке орай, арада қырық жылдан астам жылдар өтсе де, өткен
көлеңкесінен үркіп, әлікүнге дейін 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі
Қазақ басылымдары патша өкіметінің саясатын насихаттаудан аспаған
немесе сол баяғы байшыл-үлтшыл, реакцияшыл болған деген ой-пікірден
асып кете алмай жүрген «зерттеуші», «ғалымдарымыз» жоқ емес.
Сөйтіп, осындай жан-жақты қысымнан соң қос ғалым да өздерінің
Қазақ баспасөзін зерттеудегі «қателіктерін » мойындауға мәж бүр бо-
лып, оны түзету жолында, яғни бірізділікке салу жөнінде біраз еңбек-
тенген. Соның нәтижесінде Б.Кенжебаев жоғарыда аталған кітапшасын
түзетіп (сынға іліккен түстарын) 1956 жылы «Қазақ баспасөзінің тари-
хынан мәліметтер» деген атпен қайта бастырып шығарса, ал Қ.Бекхо-
жин 1958 жылы «Қазақ баспасөзі совет өкіметі орнау жылдарында» атты
пышақтың қырындай 12 беттік кітапшасын оқырмандарына үсынды.
Бірақ бүл қос ғалымның майдан алдындағы барлау, қансонар ал-
дындағы із кесу сияқты алдын-ала дайындық жүмыстары болатын.
Өйткені, арада біраз тыныштық орнап, «жеке басқа табынушылық» пен
«үлттық сарынға қарсы күрес» науқаны саябырси бастағаннан-ақ, іштей
бір ортақ шешімге келген қос ғалым ғылым майданына білек сыбана қай-
тадан араласып кетті. Қүрметті оқырман, Бейсағаң (Б.Кенжебаев) тура-
лы басқа бір баспасөз мәселесіне арналған еңбегімізде жеке сөз болған-
дықтан ендігі әңгіме тек Қайрекең (Қ.Бекхожин) жайында болмақ.
Ақыры 1964 жылы сол кездегі Қазақ мемлекеттік баспасынан Қ.Бек-
хожиннің 13 баспа табақ көлеміндегі «Қазақ баспасөзінің даму жолда-
ры» (1 8 6 0 -1 9 3 0 жылдар) деген монографиялық кітабы жарық көріп,
ақтүйенің қарыны ақтарылды. Себебі, бүл қазақ баспасөзінің 70 жыл-
дық түтас тарихына арналған түңғыш көлемді де, қүнды еңбек бола-
тын. Бірақ автор алғашқымын деп асып-таспады. Қайта ол кітабының
алғы сөзінде: «Қазақ баспасөзінің бағыт-бағдарына алғаш баға бер-
гендердің бірі - жазушы-академик С әбит Мүқанов. Ол өзінің 1932
жылғы «XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» деген кітабында қазақ баспа-
сөзіне біраз талдау жасайды. Сол сияқты профессор Қ.Жүмалиев пен
профессор Е.Исмаиловтың 1941 жылғы «Қазақ әдеби еті» деген оқу
қүралында, «Қазақ ССР тарихында» (үш рет басылуында), Қ.Бейсен-
биевтің 1961 жылғы «Қазақстанда XIX ғасырдың аяқ шенінде ж әне
XX ғасырдың басында болған саяси-идеялық ағымдар» деген кітабын-
да қазақ баспасөзі туралы сөз болады» [60], — деп өз еңбегінің тақыр
жерден шықпағанын ескерте отырып, одан әрі: «Қазақ баспасөзінің
тарихын зерттеуге бүрын-сонды басылып шыққан библиографиялық
көрсеткіштер жеңілдіктер береді. Бүл жөнінде Алектровтың («Указа-
тель книг, журналных и газетных статей и заметок о киргизах». Ка-
зань, 1900), Седельниковтың («Библиографический указатель по ка-
захскому устному творчеству». Выпуск 1. 1771-1916. Алматы, 1951),
Сәбитовтың («Библиографический указатель материалов по истории
Казахстана» Алматы, 1947, «Қазақ әд еб и ет ін ің библиографиялық
көрсеткіші» (1 8 6 2 -1 9 1 7 ), сондай-ақ академик Ә.Марғүлан мен про-
фессор Е.Исмаиловтың басшылығымен Ү.Сүбханбердинаның («Айқ-
ап» бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар». Алматы, 1961, «Қазақтың
революциядан бүрынғы мерзімді баспасөздегі материалдар». Алматы,
1963) қүрастырған бибилиографиялық көрсеткіштерді атап көрсетуге
болады [ 6 1 ] ,- деген сияқты ғылыми қүнды материалдың бастауы қай-
да жаткандығын көрсетеді де, ақыр соңында: «Қазақстанда комму-
нистік баспасөзінің туып, дами бастаған дәуірдегі қызметін жинақтап,
баяндау үшін Х.Имашевтің «Зарождение коммунистической печати в
Казахстане». 1961, Б.Кенжебаев пен Т.Қожакеевтің «Қазақ совет бас-
пасөзі тарихынан». 1962 кітапшалары ж әне басқалардың еңбектері -
қосымша қүнды материал болғанын автор арнайы атап өтеді», - деп
өзінің басқа да ғалым, зерттеушілерге деген ыстық ықыласын білдіреді.
Еңбек «Қазақтың мерзімді баспасөзінің пайда болуы», «Буржуазия-
лық - демократиялық революция дәуіріндегі қазақ баспасөзі (1905-1907
жылдар)», «Қазақ баспасөзі революциялық жаңа дүниежүзілік империа-
листік соғыс жылдарында (1910-1917 жылдар)», «Қазақ баспасөзі Үлы
Октябрь социалистік революциясы жеңуі және совет өкіметінің орнату
үшін күресте (1917 жылдың марты - 1918 жылдың июні)», «Қазақ бас-
пасөзі шетел соғыс интервенциясы мен азамат соғысы дәуірінде (1 9 1 8 -
1920 жылдар)», «Қазақ баспасөзі республикалық халық шаруашылы-
ғын қалпына келтіру үшін күресте (1 9 2 1 -1 9 2 5 жылдар)», «Қазақ бас-
пасөзі социалистік индустрияландыру үшін күрес және ауыл шаруашы-
лығын жаппай коллективтендіру ісін әзірлеу дәуірінде (1926-1929 жыл-
Дар)» дсген басты-басты алты тарауға бөлінген. Ал, тараулар болса сол
түстағы тарихи кезеңдерге байланысты қазақ баспасөзінің пайда болу,
қалыптасу, даму жолдарына орай іштей бірнеше тақырыпшаларға тара-
тылып берілген.
I
: •.
^
у
-Н.
М әселен, «Қазақтың мерзімді баспасөзінің пайда болуы» деп ата-
латын алғашқы тарау іштей «Қазақ публицистикасы мен баспасөзінің
негізін салушылар» ж әне «Қазақ тілінде шығарылған алғашқы газет-
тер» деген екі тақырыпқа бөлініп берілген. Алғашқы тақырыпта Ш .Уә-
лиханов, Ы.Алтынсарин, А.Қүнанбаевтардың публицистикалық мүра-
ларына терең талдау жасалынуы арқылы, олардың не себепті қазақ
баспасөзінің негізін салушылар қатарына жатқызылатындығы дәлел-
Денсе, екінші тақырыпта қазақ тілінде алғаш шығарылған «Түркістан
уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» туралы түңғыш ба-
тыл пікір айтып, оның ресми емес бөлімінде көтерілген мәселелерге
көңіл аударған да, Ө.Бөкейхановтың «Қыр баласы» деген бүркеншек
атпен халық ауыз әдебиеті хақында материал жариялап, полемика ту-
дырғанын, М.Ж.Көпеевтің, Р.Дүйсенбаевтің ж әне тағы да басқа ол кезде
аттары ауызға алына бермейтін ғүламалар туралы дерек беріп, сөз ас-
тарына коп мән беру арқылы бүл екі газеттің де халқымыз үшін сар-
қылмас қазына-бүлақ екендігін айтып кеткен. Соның бір куәсі соңғы
жылдары Ү.Сүбханбердинаның тікелей маңдай терімен жарыққа шы-
ғып, рухани байлығымыздың бір белгісіне айналған «Дала уалаяты га-
зетінің» 5 томдық толық мәтіні берілген библиографиялық көрсеткіші.
Екінші бір көңіл аударарлық мәселе — кітаптың үшінші тарауында
X X ғасырдың басында еркін ойлы, биресми түрғыда шығып түрған де-
мократиялық, прогрессивтік бағыттағы «Қазақстан» газеті мен «Айқап»
журналына деген автордың өзіндік көзқарасы, үстанған позициясы.
«Қазақстан» газеті туралы автор ә, дегеннен-ақ: «1910-1914 жыл-
дардағы революциялық қозғалыстың жаңа өрлеуі Қазақстан жүмыс-
шылары мен шаруаларына ғана емес, сонымен қатар қазақ арасында
жалпы демократиялық, мәдени-ағартушылық қозғалыстың жандануы-
на үлкен әсер етті. Мысалы, Орда қаласында алдыңғы қатарлы қазақ
107
интеллигенциясы- мұғалімдер, дәрігерлер, т.б. қызметкерлер жасырын
кәсіпшілік одақ ұйымдастырады. Одақтың көздеген шаруашылық, сая-
си мақсаты болды.
Осы ұйым баспахана сатып алу ұшін елден ақша жинап, жиналған
қаржыға А.Н.Шелкованың меншікті баспаханасын ашуға көмектеседі.
(«Екпінді құрылыс »газеті.1936, 14 маусым.Орал қаласы.) «Қазақстан»
газетінің алғашқы нөмірлері осы баспаханада шығарылады. (Труды
института философии и права АН КазССР. 1962,) 6-том 256 с. Бүл
көңіл аударарлық, әлі жете зерттелуін қажет ететін жәйт», - деп бүл
басылымға өзінің іш тартатындығын сездіреді [63].
Бүл тегіннен-тегін емес еді. Әттең, заман басқа болды. Ғалым жи-
наған мол мұрасын еркін пайдалана алмады. Сондықтан, бүтін дүниені
жартыкеш қып беруге тура келді. Кезінде Е.Бүйрин, Ғ.Қарашев, Б.Қа-
ратаев, С.Меңдешев сияқты авторлары болған, жер, ел тағдыры, та-
рих, әдебиет, мәдениет күйі, отарлау саясаты туралы қайсыбір жайды
ашық жазуға дәрмені жеткен басылым туралы «Қазақстан» қазақ бас-
пасөзінің тарихынан прогресшіл-демократиялық бағыттағы газеттерін-
де орын алады» деуден артыққа бара алмады.
Қ.Бекхожиннің бүдан кейінгі зерттеу объектісі «Айқап» журналы-
| ның шығуы. Ол қазақтың түңғыш қоғамдык-саяси және әдеби журналы
болды. «Айқап» өзінің сипаты женінен жалпы демократиялық болғаны-
мен, іс жүзінде Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсаринның, А.Қүнанбаевтың
ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қоғамдық ой-
пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демо-
кратиялық дәстүрлерін жалғастырған, ілгері дамытқан журнал болды.
Алайда, бүл журнал туралы әртүрлі пікірлер айтылып келді. Кей-
біреулер «Айқап», оның редакторы М.Сералин орыс шаруаларының
Қазақстанға қоныс аударып келуіне қарсы болды, оның бетінде бур-
жуазиялық-үлтшыл, панисламшыл элементтердің мақалалары жария-
ланып отырылды, сондықтан ол кертартпа журнал болды деп көрсетті.
Бүл пікірлердің қате және дүрыс емес екенің филология ғылымдары-
ның докторы Б.Кенжебаев өзінің монографиясында дәлелдеді («Қазақ
халқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары». 1958, 89-98
беттер). «Айқап» жалпы алғанда демократияшыл, ағартушы бағыттағы
журнал болды деп тұжырымдады»,- деп жаза келіп, «Айқаптың» бірқа-
тар оң істерін дүрыс ашып көрсете білген [64].
Сөйте түра кітап авторы бүл арада «Айқап» пен «Қазақ» газетінің
арасында жер мәселесі туралы болған айтысқа дүрыс баға бере алма-
ған, әрі «Айқаптың» жабылуын: «Буржуазияшыл ұлтшылдар «Қазақ»
газетінің мерейін үстем ету үшін «Айқап» журналының қыр соңынан
қалмай қудалап, жамандап, ақыры оның бұқара алдында беделін түсірді.
Біздіңше, журналды алдырушылардың азайып кетуіне «Қазақ» газетінің
кесірі тиген.
Көп ұзамай «Қазақ» газеті шын сырын өзі ашты: «Қазақ тілінде
шыгып тұрған бір газет, бір журнал екеуінің бірі жабылып қалған соң
екінш ісін күшейтуге көмек етуш ілер болыңқырады деп мұртын ши-
ратты», - деп «Қазақ» газетінен көрген [65].
Әрине, бұл жерде біздер белгілі себептерге байланысты кітап ав-
торын кінәлау емес, қайта сондай кезеңде бұл басылымдар туралы өрелі
ой айтып, халықтың игілігіне айналдыруға тырысқандығы үшін алғыс-
тан басқа айтарымыз жоқ.
Кітаптың екінші бөлімі «Қазақ совет баспасөзі» (1 9 1 7 -1 9 3 0 ),- деп
аталады. Мұндағы алғашқы көңіл аударарлық жай: «Тіршілік» газеті-
не байланысты материалдар. Бұл басылым туралы автор: «1917 жыл-
ДЫҢ күзінде «Алаш» партиясы, «Алашорда» үкіметі, жер-жерде оның
комитеттері қүрылды. «Қазақ» газеті алашордашылардың ресми газе-
тіне айналды. Онда «Алаш» партиясының бағдарламасы дәріптелді,
буржуазиялық қүрылтай жиналысына жіберілетін делегаттардың тізімі
жарияланды.
1918 жылы 18 қаңтарда Орынборды большевиктер алғанда Алашор-
даның, оның газеті «Қазақтың» басшылары контрреволюцияшыл ата-
ман Дутовтың әскерімен бірге қаладан қашып шығып, Семейге қарай
жөнейді. Оған орай «Қазақ» газеті екінші түрге боянып шыға келеді,
редакторы екі жүзді, үлтшыл Әбділхамит Жүндібайүлы деген бола қала-
ды. «Қазақ» газеті 1918 жылғы 27 (14) ақпандағы бас мақаласында Орын-
борда Совет өкіметінің орнағанын мақүлдаған бола отырып, Ревкомның
оны басқарған большевиктердің жүзеге асыра бастаған шараларын ас-
тарлы пікірлермен мүқата, қүбыжық ете көрсетеді. Сондықтан да боль-
шевиктер Орынборды алғанда Ә.Жанкелдин «Қазақ» газетінің Советке
қарсы бағытта шыққан нөмірінің таралуына тыйым салған болатын.
Қазақ арасынан шыққан больш евиктерді алашордашылдар «Са-
рыарқа» (1 9 1 7 -1 9 1 9 жылдары алашордашылардың С ем ейде шығып
түрған газеті) газетінің бетінде де жамандады. Осы газеттің 1918 жы-
лғы з марттағы нөмірінде буржуазиялық үлтшылдар «Біздің қазақты
капиталист, буржуй жүмыскер деп бөлуге болмайды деп соқты. Олар
Совет өкіметінің аграрлық саясатына қарсы шықты.
С.Сейфуллин айтқандай, бөкейліктердің «Үран» (1917 жылы сен-
тябрьден 1918 жылғы майға дейін Орда қаласында шығып тұрды) га-
зеті де «Қазақтың» ықпалында болды. Кейде газет қазақ халқын про-
гресс, өнерлі елдер қатарына жетуге шақырғанымен тұрақты бағыт
ұстай алмады.
Бұл кезеңде тек қана «Тіршілік» газеті дұрыс жолда болып рево-
люцияшыл-демократиялық бағыт ұстады. Ол буржуазиялық ұлтшыл-
дардың баспасөз органдарының кертартпалық контрреволюциялық әре-
кеттерін батыл әшкерелеп отырды» [66], - дей келіп дәлел ретінде
С.Сейфуллиннің: «Бұл газеттер «Тіршіліктен» басқасының бәрі, бір
беткей болды. Бәрі Орынбордағы «Қазақ» газетінің ықпалымен жүрді.
Бәрінің қүлақ күйін «Қазақ» газеті бұрап беріп, нұсқау беріп отыра-
тын болды. Газеттердің бәрі көз жұмбай үлтшыл болды. Бәрінің орта-
лық туы «Қазақ» газеті болды», - деген деректі көлденең тартады [67].
Әрине, бүған Кеңес өкіметі түсында бәріміз имандай сендік. Көзіміз
көрмесе де «ұлтшыл» басылымдарды іштей кінәладық Өйткені, саясат
та, басқа да соған итермелеп сендірді. Бірдеңеге күдік келтіруге бол-
мады. Бағымызға орай ол заман қазір кетті. Басқадан қиналсақ та, өз
халқының өткен тарихын көрем, білем деушілерге жол да, мүмкіндік
те ашылды. Қайыржан сияқты үлтжанды ағаларымыздың қолы жете
алмағандарын зерттеп, айта алмай қүса болып кеткендерін кейінгі
үрпаққа жеткізуге біздердің еншімізге қалды. Жанған оттай лапылдап
түрған «қызыл империяның» қиын-қыстау жылдары нда бастарын
өлімге тігіп, тарихтың қойнауын ақтарып, шындықтың түбіне жетуге
тырысқан аға ұрпақтан біздің неміз артық, иә кем.
Бұдан әрі автор кітабында ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
және өнеркәсіпті индустрияландыру жолдарында Қазақстанда шығып
тұрған «Ауыл тілі» және «Жұмысшы» газеттеріне арнайы тоқталып,
бұл басылымдардың сол кездегі шаруалар мен жұмысшы кадрларын
дайындау жолындағы игілікті істеріне кеңінен тоқталады. Мәселен,
кітап авторы «Ауыл тілі» газеті туралы: «Бұл газетте Сәкен Сейфул-
лин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, Жақан Сыз-
дықов, Қалмақан Әбдіқадыров, Аманғали Сегізбаев сияқты көрнекті
жазушылар мен журналистер белсене қатысты. Олар халыққа түсінікті
тілде қара сөзбен де, өлеңмен де, әңгіме, очерк, сықақ, фельетон жа-
зып, ескіні сөгіп, жаңаны дәріптеді...», - деп жазса [68], «Жүмысшы»
газеті хақында: «Жүмысшы» газеті 1930 жылға дейін шығып түрды.
Бүл уақыттың ішінде ол бүрын өнеркәсібі болмаған Қазақстанда жаңа
г
110
өнеркәсіп орындарының көптеп ашылуына, онда қазақ жүмысшыла-
ры санының көбеюіне байланысты олардың мәдени-білім дәрежесінің
өсуіне ат салысты. Республикамызда маман жүмысшы кадрларын да-
ярлауға қолқабыс етті. Сөйтіп, өзіне жүктелген абыройлы да зор сенімді
толық ақтай алды» [69], - деген Т.Қожакеевтщ «Жүмысшы, шаруа га-
зеттері» атты мақаласынан үзінді келтіреді.
Келесі сөз Ташкентте шыққан қазақ тіліндегі газет-журналдар ту-
ралы болмақ. Автор еңбегінде 1920-1925 жылдар аралығында осында
жарық көрген «Ақ жол» газеті оған қосымш а ретінде ш ығарылған
түңғыш сықақ журналы «Ш аншарға», сондай-ақ «Шолпан», «Сана»
журналдары мен «Жас қайрат» газетінің шығу тарихына тоқталып,
олардың әрқайсысына өз кезеңінің биігінен объективті түрде баға бе-
руге тырысады.
>
•,,>
Өкінішке орай, Қ.Бекхожиннің «Қазақ баспасөзі тарихының очеркі»
деп аталатын екінші бір монографиялық еңбегі өзі қайтыс болып кет-
кеннен соң 1981 жылы «Мектеп» баспасынан 13 баспа табақ көлемін-
де толықтырылып, өңделіп қайта басылып шықты. Бүл монография
біздің назарымызды аударған «Қазақстан баспасөзі Үлы Отан соғысы
жылдарында» және «Қазақстан» баспасөзі соғыстан кейінгі бесжыл-
дықтар кезінде (1945-1958) деп аталатын соңғы екі тарау болды.
Алғашқы тарауда Үлы Отан соғысы жылдарында қазақ тіліндегі май-
дандық газеттер туралы егжей-тегжей мәліметтер береді. Мәселен, ол:
«Қазақ тілінде шығарылған майдандық газеттер қазақ баспасөзінің та-
рихынан елеулі орын алады. Бүл газеттерді шығару ісіне Ахмет Елшібе-
ков,Үмітбай Балқашев, Қасым Ш әріпов, Өбу Сәрсенбаев, Қалмақан
Әбдіқадыров. Жүбан Молдағалиев, Әнуар Ипмағамбетов, Қүрманбек
Сағындықов, Мүса Дінішев, Төлеутай Ақшолоқов, Сағынғали Сейітов,
Жекен Жүмаханов, Зейнолла Түрарбеков, Әбдірашит Бектемісов, Мүза-
фар Әлімбаев, Қалижан Бекхожин сияқты жауынгер-журналистер мен
жазушылар редактор, газет қызметкерлері, тілшілер болып қатысты. Олар
жалынды создерімен жауынгерлердің жүрегіне жол тапты», - деп май-
дангер журналистердің еңбектерін жоғары бағалады [70].
Ал, бүл кітаптың соңғы он бірінші тарауында болса соғыстан кейінгі
бесжылдықтар кезеңіндегі (1945—1958) қазақ баспасозінің откен жо-
лына, тындырған істеріне шолу жасалып, баға беріледі.
|