аңсаған, жаңаны мойындамаған, үлтшылдықты армандайтын жазушы
ретінде талай сыншының оңай олжасына айналды.
Жазушының өнер мен өлеңге бағытталып жазылған тағы бір ша-
ғын мақаласы «Өлең һәм айтушылар» деп аталады. Мүнда автор «за-
манның айдауымен күн асқан сайын қазақшылықтың шылығы жыл-
жып, кетіп бара жатқанын» айтып қана қоймай «Көрдің бе, ең арты
домбыра-сауық, тәтті-тәтті әндерім ізге дейін азайып қара күңгірт
қапаға булыққан заманға қарай дедектеп барамыз», - деп халықты «бір
халықтың әні кетсе, әдебиет жесір қалады, сәні кетсе, жаны кетеді.
Қазақты жансыз ағаш қылып, отқа жаққыларың келмесе, әнді сақтау-
дың қамын қылыңдар», - деп көпшілікті ойлануға, әдебиеті мен өнер,
мәдениетін жоғалтпауға шақырады.
Сөйтіп, С.Торайғыровтың 1913 жылы «Айқап» журналының бірне-
ше санында жарияланған мақалаларына қысқаша болса да тоқтап өттік.
Ендігі қалғаны жазушының жүртқа біршама таныс «Ауырмай есімнен
жаңылғаным» атты шағын очеркі. Бүл шығармасында автор өзінің бір
әділетсіздік іске еріксіз куә болғандығын күйінішпен әңгіме етеді.
Көңілде көмескілеу тартқан жері болса еске түсірейік...
Ғалия күйеуінен жастай қалып, алты жыл бойы ешбір көлденең сөзге
ермей балаларын тәрбиелеумен күнін өткізеді. Содан алданышы алты
жасар үлы қызылшадан өледі де туыстары «енді бізге қарайлайтын
нәрсесі қалмады, бір күні орнын сипап қалармыз, қызға алданып отыр-
мас» дейді де оны қайын атасының інісі саңырау Жақыпқа атастырады.
Міне, жазушы осы кейіпкерінің тағдыры арқылы әйел теңдігі мәселесін
шығармасына арқау қылып, басқаларға сабақ болсын, мүндай өрескелдік
енді қайталанбасын деген игі ниетпен жазғандығы байқалады.
С.Торайғыровтың бай мүраларының бірі — оның хаттары. Хатта-
рының саны аз [6] әрі қысқа болуына қарамастан мазмүны бай, халық
қамын ойлаған дүниелер. Бүған оның «Айқап» басқармасына хат»,
- «Елден.Усть-Каменогорск уезден» хаттарын жатқызуға болады. Ал-
ғашқысында қазақты білімге, оны таратушы мүғалім, оқытушыларға
қүрмет көрсетпейтінін, мүның өзі бүл халықтың надандығын байқата-
тынын жазса, екінші хатында әйел теңдігі мәселесінің қазақтардың
арасында да оң көрініс таба бастағандығын нақты мысалдар арқылы
үлгі ретінде жариялаған.
Ақын, жазушы, публицист С.Торайғыров жөнінде зерттеушілер
пікірі мен архив материалдарына қосымша ол туралы жазылған есте-
ліктерден де көп мәлімет, дерек алуға болатындығына көз жеткізген
сияқтымыз.
Мысалы, С.Торайғыров туралы Әлкей Марғүланның естелігінде
мынадай сөздер барі «Сүлтанмахмүт ауылында жүргенде дәйім адам-
ның мінезін, психологиясын сынап, көңіліне жақпаған адамдар туралы
отырған жерінде бір-екі ауыз өлең жазып қалдырып отыратын. Сүлтан-
махмүттың бүл тәрізді жазған өлеңдерінің көбі оның шығармаларына
кірмеген сияқты» немесе «Сүлтанмахмүттың дүниеде жек көргені бай
мен залым болыстар еді. Бір жылы жаз күні, мен әлі күні үмытқаным
жоқ, менің ауыл мектебінде оқып жүрген бала кезім еді. Махмүтты көруге
186
бір көршілес ауылға бардым. Онда Махмүттың менімен ісі жоқ, тек
жиналған халықтың алдында империалистік соғыс жайында оларға әңгіме
айтып отырғанын көрдім. Бір уақытта Махмүт пен біз қарайтын елдің
болысы өзінің шабарманынан хат жіберіп, «біздің үйге келіп, қала жайы-
нан әңгіме айтсын», - деп Махмүтты шақырыпты. Махмүт хатты оқып
болған соң болыстың шабарманына ашуланып қарады да:
-
Мен Поштай ауылына барып сауын айтатын шапқыншы емеспін,
әңгіме іздеген кісі өзі келер! — деді», — деген сөздерінен көп нәрсені
үғып, түсінуімізге болатын сияқты.
Сондай-ақ, Шәйбай Айманов Сүлтанмахмүт туралы өз естелігін-
де: «Сөйтіп, аса қадірлі замандасым, әрі туысым Сүлтанмахмүт 1920
жылы 21 май күні түстен кейін дүние салды да, ойлаған мақсатына
жете алмай, бастаған шығармаларын аяқтай алмай арамыздан кетті.
Ол өзінің «Кім жазықты?» романың да қайта жазбақшы еді, мүнысы да
орындалмады.
Мен осының бәріне кейін күйініп те жүрдім. Сүлтанмахмүттың:
«Қала ақыны мен дала ақынын» бітіре алмай барамын. Әр ақынды өз
қалпында, өз ниетінде, өз сөзімен сөйлетпек едім. Бірақ, менің қала
ақыны деп отырғаным да совет ақыны емес, капиталистік қаланың
ақыны еді. Поэманың соңында екеуін де техникаға жүгіндірмекші едім,
жиған-тергенімді тапсырғанда, осы жайды қадағалай айтарсың», - де-
ген өлер алдындағы сөзі әлі есімде», - деп, кейбір істің оң жақтарынан
хабар береді.
187
6. С У Р Е Т К Е Р , Д Р А М А Т У Р Г , Ғ А Л Ы М
(Жүсіпбек Аймауытов)
Жүсіпбек Аймауытов әдебиетіміздегі аса ірі түлғалардың бірі. Ол -
ақын, прозашы, драмашы, сыншы, публицист, аудармашы. Әдебиеттің
әр алуан жанрларында белсенді қызмет ете отырып, Жүсіпбек Қазан
төңкерісіне дейін де және одан кейін де туған қазақ әдебиетінің негізін
салушылардың алғы легінде болды. Көптеген ірі шығармаларымен жаңа
жанрлардағы ізденістерді орнықтырды.
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Семей губерниясының Павло-
дар уезіндегі Қызылтау болысының бірінші ауылында (қазіргі Павло-
дар облысының Баянауыл ауданында) туған. Бүл жөнінде академик
С.Қирабаев өзінің «Жүсіпбек Аймауытов» деген зерттеу кітабында:
«Жазушы өзі «Қызылтаудың баурындағы Қараның адыры деген жер-
де Дәлдебай ауылында тусам керек. Руым — Сүйіндік. Оның ішінде -
Күлік, Айдабол - Күлік бір туысады. Сүлтанмахмүт Айдаболдан. Еке-
уіміз сегізінші атадан қосыламыз дейді», — деп жазады [113].
Кейбір деректерде жазушының арғы аталары ауқатты болған де-
седі. Бірақ Жүсіпбектің өз әкесі Аймауыт та, оның әкесі Дәндебай да
шағын шаруалы адамдар болған. Жүсіпбектің 15 жасқа дейінгі өмірі
өз ауылында өтеді. Ол ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. Үзіп-
жүлып әр қилы молдалар (өз айтуынша, Жүніс қожа, Шәймерден қожа,
Қожахмет молда, Қапар қажы, Мүхамеджан) алдын көріп, ескіше едә-
уір білік алады. Содан кейінгі аз уақыт өзі молдалық қүрып, бала оқыта-
ды. «Қартқожа» романындағы суреттелетін бала молда өзі екенін жа-
зушы мойындап жазған.
188
1907 жылы Жүсіпбек молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс
мектебіне түседі. «Оспанның (Аймауыттың інісі) Серебрянннков дейтін
тілмашы мені тәуір көруші еді. Баянда соның үйінде жаттым. Баянда
бір қыс оқып, екі бөлімін бітіріп, келер жылы Керекудегі қазыналық
ауылшаруашылық школына барып, емтихан үстадым», - дейді ол.
Бірақ, ауылшаруашылық мектебінде үзақ оқи-алмайды. Бір айдай ауыл-
шаруашылық жүмысына қатысып, одан кейін екі ай ғана мүмкіндік алған
Жүсіпбек мектеп режимі мен әділетсіздікке қарсы бой көтерген бала-
лардың қатарында оқудан шығып қалады.
Осыдан кейін біраз уақытын ол ауылда бала оқытумен, Баяндағы
мектептің үшінші класында оқуын жалғастырумен өткізеді. Содан 1911
жылы Керекуге келіп, екі класты орыс-қазақ мектебіне орналасады.
Әуелі сол мектепте, кейін интернатта білім алып, 1914 жылы Семей-
Дегі мүғалімдер семинариясына түседі. Оны 1919 жылы бітіреді. Осы
кезде Ж. Аймауытов «Алашорда» үкіметі мен «Алаш» партиясымен
араласып, оны дамыту, нығайту жолында біраз уақытын жүмсайды.
Сонымен қатар ол 1918 жылы М.Әуезовпен бірге «Абай» журналы-
ның негізін қалап, шығара бастайды.
1919 жылы Жүсіпбек алашорданың, жала жабылып қудалануына
байланысты алашордадан бөлініп, жүмысын жалғастыру үшін Комму-
нистік партияның қатарына өтеді. Семейде, Павлодарда партия, Со-
вет жүмыстарын атқарады. 1920 жылы Қазақстан советтерінің Қүрыл-
тай съезіне делегат болып қатысады. Содан кейін Қазақ АССР Халық
ағарту комиссариатында басшылық қызметте қалады. 1921 жылы Се-
мей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болып ауысады. Кейін
«Қазақ тілі» газетінің редакторы болып, 1924-1926 жылдары Ташкент-
те шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында қызметтер атқарады.
1926-1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының дирек-
торы болады. Ара-түра сол кездегі саяси науқандарға араласады. 1922
жылы Торғай уезіндегі ел аштыққа үшырығаны белгілі.
Біраз қазақ зиялыларымен бірге Ж үсіпбек сол ашыққан елге
жәрдем қолын созып, халықтан азық-түлікке мал жинайды. Жинал-
ған малды (2668 сиыр, 1931 жылқы, 264 түйе) шағын бақташы топ-
пен Торғайға айдап барып, талай ауылды төніп түрған ажал тырнағы-
нан арашалап, алып қалады. Көп үзамай «Жүсіпбек малды өзі пайда-
ланып кетті» деген домалақ арыз бойынша қылмысты іс қозғалады.
Елге жасаған жақсылығының өзіне жамандық болып тигеніне жазу-
шы қатты күйзеледі. Екі жыл әуре-сарсаңға салған сот ісі 1926 жылы
189
бітіп, Жүсіпбек толық ақталып шығады. Бірақ, бүл қуаныш үзаққа
созылған жоқ. Содан 1929 жылы Қазақстандағы үлтшылдық үйым-
мен байланысы бар деген сылтаумен қайта түтқынға алынады.
«ОГПУ» органдары істі тергеп-тексеруге тиісінш е қылмысты іс
қозғау жайында қаулы қабылдамастан-ақ бірден айыптау мақсатына
кіріскен. Сол кездегі 14 адамның бәрі де түтқындау үшін жеткілікті
негіз боларлық айыптары жоқ болса да, прокурордың санкциясысыз-
ақ қамауға алынған. Тергеу бір жылдан астам жүргізілген және заң-
сыз түтқында үсталған осынша үзақ мерзім ішінде сол 14 айыптау-
шылардың қылмысын дәлелдерлік бірде-бір объективті дерек табыл-
маған. Контрреволюциялық үйымның болғандығына дәлел жоқ, он-
дай үйымның программасы, уставы, әлдебір алға қойған практика-
лық мақсаттары мен соларды жүзеге асыруға тырысқан іс-әрекет-
тері жөнінде тергеушілер ешқандай нақты дерек жинай алмаған. Со-
ған қарамастан айыптау қорытындысы жасалғанда, ешкімнің бекі-
туінсіз-ақ соттан тыс органның қарауына берілген. Айыптаушылар
іс материалымен таныстырылмаған, ешқайсысына да өздерін қорғау
үшін мүмкіндік туғызылмаған.
Міне, осылардың қатарында Ж.Аймауытовтың өмірі 1931 жылы, 42
жасында нағыз творчестволық толысқан кезінде қыршынынан қиылды.
Ж үсіпбектің әдебиетке қүмарлығы жастай оянған тәрізді. Өзі
«Ауылдағы өзім қүрбы балалардан хатты ерте таныдым, қисса, өлең
кітаптарды көп оқушы едім. Қадыкеш апамның бір сандық хиссасы
бар еді. Қыстың үзақ кештерінде алғашқыда Қадыкешке, соңынан Ақат
екеуімізге әкем хисса оқытқызып отырушы еді», - дейді, С.Садуақа-
совқа жазған (хатында) жауабында.
Сол жауабында Жүсіпбек алғаш өлең жазумен әуестенуі 13 жас-
тан басталғанын жазады. «Дүғалық жазатын кішкене қарашолақ кітап-
шама тіленші шалға есігін ашпаған бір кемпірді, көшкенде байталға
мінбеймін деп әкесін ренжіткен қызды (ол Жәмікен деген апам ғой)
өлең қып жазып қойғанымды әкем көріп, маңдайымнан иіскегені әлі
есімде. Содан соңғы өлең жазғаным 19-20 жастар кезі болса керек.
Бір бала молдамен айтысып, өлең жазғаным бар. 1912 жылы жаз-
ған өлеңдерім ескі дәптерімде әлі сақтаулы. Абайға еліктеппін. Ең ал-
ғаш басылған с ө з ім - 1913 жылы болса керек, бір ақымақ алыпсатар-
дың болыс боламын деп, елге бір месте шай апарып, елдің қулары бо-
лыс қоямыз деп, шайларын алдап алып, бос қайтқанын жазған едім.
Бүл хабар «Қазақ» газетінде басылды. Сол хабардың басылуы қалам
үстауыма үлкен себеп болды. 1916 жылы қазақтан жүмысшы алудың
артынан пьеса жаза бастадым», - дейді.
Жүсіпбектен қалған мүра аса бай. Оның ішінде «Қартқожа», «Ақ-
білек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі мен көптеген әңгіме-
лері, «Рабиға», «Мансапқорлар», «Ел қорғаны», «Қанапия мен Шәрба-
ну», «Шернияз» атты пьесалары, өлеңдері^мен «Нүр күйі» поэмасы,
балаларға арналған ертегі кітапшалар, оқулықтар бар. Өз кезіндегі га-
зет-журналдар бетінде Жүсіпбек жазған мақалалар да бірсыпыра.
Жазушының ең бір сүйікті шығармасы 1926 жылы Қызылорда қала-
сында жеке кітап болып шыққан «Қартқожа» романы. Роман XX ғасыр
басындағы қазақ даласының саяси хал-ахуалдары мен халықтың түрмыс-
тіршілігін реалистік түрғыдан суреттеген көркем туынды ретінде қүнды.
Басты кейіпкері Қартқожа арқылы қос революция тоғысын, таптар тар-
тысын, патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен империалистік со-
ғыстың зардабын, ақ гвардияшылардың ауылдарға салған ойранын
көреміз. Шығарманың композициялық қүрылымы да қызық. Тарам-та-
рам оқиғалар шағын-шағын тақырыпшаларға бөлініп баяндалады.
Ықшам, етек-жеңі жинақы туынды оқуға да жеңіл. Ондағы Қартқожа,
Андрей образдары сол кездегі әдебиеттегі соны түлғалар еді.
Жазушының және бір көлемді көркем шығармасы - «Ақбілек» ро-
маны. Жалпы Жүсіпбектің прозалық туындыларына тән ортақ бір қаси-
ет бар. Ол - басынан аяғына дейін түтастай терме, жыр, секілді желдір-
ме, шешен сөзге байлығы. Мысалы, «Өскеменнің ар жағында, Бүқтыр-
маның оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен қүбы-
ла жаққа қүлай аққан, қүлай ағып Ертіс түскен күр-күр еткен Күршім
бар» деп қүйылып басталатын «Ақбілекті», «Күнікейдің жазығын» да,
өлең-роман деп есептеуге болады. Баспасөз бетінде («Әйел теңдігі»
журналы) бір бөлімі ғана жарияланған «Ақбілек» романы жоғалып кетіп,
қайта табылды. Қолжазба балапан басына, түрымтай түсына заманы
туғанда Ілияс Жансүгіровтің тартпасында жатып қалған екен. Ал, Ілияс-
тың жары Фатима Ғабитова «Ақбілекті» елу жыл бойы аялап, сақтап,
кейін Қазақ ССР Орталық архивіне тапсырыпты...
«Елес», «Боранды болжаған әулие», «Қарабақсы» әңгімелері сол
түстағы ел түрмысын, заман тынысын дөп басып, дәл суреттейтін
қүнды дүниелер. «Қарабақсы» қара сөзбен жазылған бақсы сарыны
секілді әуезді әңгіме. Бүдан жазушының техникалық шеберлікті терең
меңгергенін аңғарамыз.
«Елес» әң гім есін д е Ж үсіпбек кейіпкері арқылы былай дейді:
«Бүгінгі шенқүмарлық, ата-ру намысы, губерния намысы, орынға та-
190
191
ласу, жіктесу қандай күйде? Кім не үшін күресіп жатыр? Бүларды жа-
зуға тісі батқан жазушы бар ма?» - деп сол күннің шындығының бет
пердесін айқара реалистік түрғыдан ашып көрсеткен.
Ж.Аймауытовтың драматургиялық шығармалары кезінде театр,
клуб сахналарынан түспеген. 1926 жылы қазақтың үлт театрының ре-
пертуарын жандандыру мақсатымен Білім ордасы бәйге жариялады.
Бәйгеге түскен 32 пьесасының ішінен Ж.Аймауытовтың «Шерниязы»,
М.Әуезовтың «Қаракөзінен» кейінгі жүлделі екінші орынға ие болып-
ты. Дарынды драматургтың қазір қолымызда оннан астам пьесалары
бар. Негізгілері - «Шернияз», «Рәбиға», «Қанапия-Шәрбану», «Ел
қорғаны», «Жебір болыс», «Мансапқорлар».
Ол А.С.Пушкиннің «Тас мейман», «Сараң сері» секілді шағын пье-
саларын қазақшалаған. Жалпы, Жүсіпбек таланты аударма саласында
жаңа бір қырынан жарқырап көрінді. Әлем, орыс әдебиетінің інжу-
маржандарын тәржімалауға Сәкен, Ілияс, Мүхтарлармен бірге белсе-
не ат салысты. Өз творчествосына үлгі-өрнек іздей жүріп Р.Тагор, Джек
Лондон, Мопассан, А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, М.Горькийді аудару
үстінде көп нәрсені үйренгені анық.
Әдеби жолын ақын ретінде бастаған Жүсіпбек соңына мол поэзия-
лық мүра қалдырған. Ол негізінен тол туындылары мен тәржімадан
түрады. Өлеңдерімен қатар әдебиет, мәдениет, тіл, оқу-ағарту, музы-
ка, жазу-сызу, түрмыс-тіршілік, экономика мәселелерін қозғап, өз мәнін
осы күнге дейін жоймаған публицистикалық туындыларын жинасты-
рып, жеке жинақ етіп шығару мәселесі түр алда.
Ж.Аймауытов психолог-ғалым ретінде 1924-1929 жылдар арасында
кеңінен танылады. Мектеп мүғалімдері мен педагогикалық оқу орын-
дарына арнап түйдек-түйдек оқулықтар жазатыны да осы түс. Атап
айтқанда «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі және өнер
таңдау», «Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері».
Оның осы психологиялық еңбектерінің ішінде Москвадан жарық
көрген «Жан жүйесі және өнер таңдау» кітабының орны ерекше. Қазақ
тіліндегі психологиялық терминдердің алғаш жүйеленіп, бір қалыпқа
түсуі де Аймауытов есімімен байланысты. Сентименталь, нервный, клет-
ка секілді ғылыми үғымдардың баламасын аянышжанды, күйгелек, шілтер
деп қазақтың байырғы бай қорынан алуы да қүптарлық қадам.
Ж.Аймауытов бүкіл түркі тектес халықтар ішінен шыққан түңғыш
психолог-ғалым. Қырқыншы жылдарға дейін әзірбайжан, өзбек, қыр-
ғыз, түркімен, қарақалпақ, башқүрт т.б. тілдерінде үлттық психология-
лык еңбектердің жарык көрмегендігін ескерсек, Жүсіпбек туындыла-
рының шоктығы биіктей түседі.
Ол сонымен қатар ойлы публицист те еді. 1917 жылы ақпан
төңкерісі болып, патша тақтан түскенде Жүсіпбек «Түр бүқара, Жиыл
кедей, Ұмтыл жастар!» деген макала жазыгі, «Жасыратын қылық жоқ -
бостандық, теңдік күштіге, жемқорға келгең^теңдік емес, бүл өзі қара
бүқараға, кедейге келген теңдік, қолы жете алмай жүргендерге беріл-
ген бостанлык», - деп жар салған еді. Содан өмірінің соңғы шағына
дейін ол жалынды публицистік қаламын қолынан түсірген жоқ.
Ж үсіпбек адамның қоғамдық-әлеуметтік ортамен байланысын,
әркімнін өз ортасында қоғамға пайдалы іс істеуге тиістігін көтерді.
«Кісі туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, кызметке икем болып туады, бас-
қаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет яки зе-
ректік болады.
Біреу бала окытуға, біреу етік тігуге, біреу әкім болуға, біреу мал
бағуға, біреу саудаға, біреу сөзге, біреу дауға ыңгайланып жаралады.
Өмірде түк жүмысқа икемі жоқ жан еирек болады...Кімде-кім өзіне
біткен ынгайына карай өз жолымен жүріп, қызмет етсе, ез басына да,
әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. «Өз орнында» істеген адамның
жүмысы да өнімді, берекелі болмақ. Қайғы сол ез жолын шу дегеннен
тауып алатын адамдар сирек болады. Адамның кебі ана жолға бір, мына
жолға бір түсігі, өмір бойы өз сокпаган таба алмай, сенделумен күні
өтеді... Әлеумет те, мемлекет те әр адамның еңбегі берекелі, пайдалы
болуын тілейді», - деп жазды ол «Неге арналсаң, соны істе» атты ма-
каласында. Макала жастарды мамандыкка баулудың, мамандық таң-
даудың проблемаларын ойлы көзбен шола білумен қүнды.
Ж.Аймауытов көптеген сын мақалалар да жазған. Олардың ішінде
М.Әуезовпен бірігіп жазған «Абайдан соңғы ақындар» (1918), «Мағ-
жанның акындығы туралы » ( 1 9 2 3 ) , «А удар м а туралы » (1 9 2 5 ),
«Сүңқар жыры» (1925) атты еңбектері автордың әдебиет жоніндсгі,
оныи ерекшеліктері туралы, жазушы шығармашылыгын түсінудін
принциптері жайындагы үғым-түсінігін, кезкарасын көрсете алатын
елеулі туындылар.
Оның сыншылык көзқарасында жазушы не акын шығармашылы-
ғын онын өзі өмір сүрген дәуірдін көкейкесті проблемаларымен, өнер
адамына тән ерекшеліктерімен есептесе отырып талдау концепциясы
бірінші орында түрады. Ол Мағжан Жүмабаев шығармаларына осы
түрғыдан баға береді. Онда Магжан туыл-өскен ортанын кайшылык-
ты шындығының ақын өлеңдеріндегі көрінісі, революциялық дүмпу-
лер кезіндегі ақындық ізденісінің әрқилы беталысы нанымды талдана-
ды. Сөйтіп, сыншы Мағжан ақынның табыстары мен қайшылығын дәл
тауып көрсетеді.
«Сүңқар жырын» Максим Горький шығармаларының қазақшаға
Достарыңызбен бөлісу: |