Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н


ындады,  алашорда  тобына  қосылғанына  өкінді  дегендей  емеуірін



Pdf көрінісі
бет17/33
Дата26.01.2017
өлшемі17,27 Mb.
#2758
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33

ындады,  алашорда  тобына  қосылғанына  өкінді  дегендей  емеуірін 
білдіреді.  Бірақ,  осы  шығарманы  толық  күйінде  алып  көрсек,  толып
жатқан  қайшылықтар  кездеседі.
Ең  алдымен  ақынның  өлең  сонында  мойындап  отырған  адасуы  қай 
адасу?  Одан  алашордаға  қосылып,  жаза  басып  жаңылғанына  өкінеді 
деген  үғым  туа  ма,  олай  деуге  қандай  дәлеліміз  бар?», -   деп  сүрақ 
қояды  [108].
Ы.Дүйсенбаевтың  С.Торайғыровтың  шығармалары  туралы  мүндай 
кереғар  пікірімен  Б.Кенжебаев  мүлде  келіспейтіндігін  білдіріп,  өз
әріптесінің  атына  мынадай  сын  айтады:
«Ы .Д үйсенбаев  Сүлтанмахмүттың  «Сарыарқаның  жаңбыры» 
(1917)  атты  өлеңін  тексеру  барысында  көптеген  түсінбеушілікке  бар- 
ған.  Осыдан  барып  тағы  да  не  үшін,  кім  үшін  деген  күдікті  сүрақтар, 
тағы  да  көрмеді,  білмеді,  ашып  айтпады  деген  әдеттегі  сөздер,  тағы  да 
сенеді,  сенбейді  деген  екіүшті  қорытындылар»  туындаған.
Немесе,  Ы.Дүйсенбаев  Сүлтанмахмүттың  «Жас  жүрек»  (1917)  атты 
өлеңін  өз  сөзімен  айтқанда:  «Айрықша  мән  беріп,  жекеше  талдау  жа- 
сайды.  Сонда  тек  бір  абзац  қана  жазады,  бір  шумақ  сөз  бір  даулы  пікір
ғана  айтады...
Жоқ,  бүл  ерекше  мән  беріп,  жекеше  талдау  емес,  тіпті  әдеби  тал- 
дау  емес.  Қатал  болса  да  айтпасқа  амалымыз  жоқ:  бүл  тырнақ  астынан 
кір  іздеу,  өлеңге,  ақынға  қалайда  бір  мін  тағу  үшін  шығарманың  өңін
айналдыру,  теріске  жору»  [109].
Біз бүл жерде Торайғыров тану ғылымының атасына айналған Бей-
с е к е ң -  Бейсенбай  Кенжебаевтың  өз  әріптесінің  С.Торайғыров  мүра- 
сын  зерттеуге  жеңіл-желпі  қарап,  терең  ғылыми,  іздестіру  жүргізбеді 
деген  пікірлеріне  қосыла  отырып,  Ы.Дүйсенбаевтың  «Сүлтанмахмүт 
Торайғыров»  атты  еңбегінде  жазған:  «Біздіңше,  «Жас  жүрек»  өлеңі 
Сүлтанмахмүттың  атышулы  «Алаш  үраны»  атты  таза  үлтшылдық  са- 
рынмен  жазылған  жырына  көшетін  баспалдақ  тәрізді.  Қайталап  айт- 
сақ,  оның  (өлеңнің)  солай  екендігі  кейінгі  басылу  кезінде  түсіп  қал- 
ған  шумақтардан  да  айқын  көрініп  түр»  немесе  «ал,  енді  «Алаш 
үраны»  атты  шығармасының  өзі  турасында  не  айтуға  болар  еді?

Сүлтанмахмүт  зор  талант  иесі  болғандықтан  адасқан  күннің  өзінде  де 
теріс  бағыттағы  өлеңін  де  зор  шабытпен  жазып,  шын  мәніңдегі  гимн 
дәрежесіне  көтерген.  Бірақ,  бүл  шығарманың  мазмүны  кертартпа,  иде- 
ясы  зиянды  екенін  ашып,  айтқанымыз  қажет.  Ұлтшылдық  сөзімен  улан- 
ған  ақын  алаш  туралы,  Алаш  туы  астында  ғана  Сарыарқа  (бүл  жерде 
бүкіл  қазақ  даласының  синонимі)  көгереді  дейді де:  «Бір  кезде  елімізді 
қүрт  ауруындай  жайлаған,  қүртуға  ойлаған,  қанымызға  тоймаған, 
жерімізді  шимайлаған»  залымдардың  қарасы  өшті  дей  келе,  әрбір  шу- 
мақтарының  соңынан  «Жасасын,  алаш,  жасасын!»  деп  қайталап  отыра- 
ды.  Бүкіл  өлеңнің  өн  бойынан  бір  ғана  сарын  еседі,  ол  үлтшылдық  са- 
рын, халық тілегіне жат, зиянды сарын. Осы өлеңді оқығанда оны Сүлтан- 
махмүт  қалай  жазды  екен  деп  таңданасыз,  ақынның  мықтап  адасқаны- 
ның  бүлжытпас  куәсінің  бірі  осы  өлең  екеніне  ешбір  күмән  жоқ.  Бүл 
жерде  Сүлтанмахмүтты  арашалаудың  қажеті  бола  қоймас.  Керісінше, 
демократ  ақынның  сара  жолдан  тайып,  жаза  басқанын,  осы  шақта  оның 
үлтшылдар  сойылын  соққанын  ашып  айту  жөн», -   деген  бет  қаратпас 
қорытындыларынан-ақ  көп  нәрсенің  сырын  үққандай  боламыз.
Ы.Дүйсенбаевтың  бүл  пікірі  Сүлтанмахмүтты  желкелеп,  жерлеуді 
мақсат  еткенімен  бүл  күнде  керісінше  оның  бүрынғыдан  да  еңсесін 
көтеріп,  үлылығын  таныта  түсуіне  қызмет  ете  бастады  десек  оғаш  айт- 
қанымыз  болмас.
Біздер  көбіне  өткен  тарихты  зерттеуші  ғалымдардың  көпшілігі 
туралы  заман  солай  болды,  айтуға  мүмкіншіліктері  болмады,  немесе 
қуғын-сүргінге  үшырады  деп  жатамыз.  Ал,  сонда  Б.Кенжебаев  сияқты 
қиыншылықтың  ащы  дәмін  татса  да,  арын  сатпай,  шындық  үшін  арпа- 
лысып  өткен,  халқының  адал  перзенттерінің  іс-қимылдарын  немен 
түсіндіреміз.
Азамат  соғысының  алғашқы  күндерінен  бастап  Сүлтанмахмүт 
денсаулығының  нашарлауына  байланысты,  яғни  1918  жылдың  мау- 
сымынан  бастап  ел ін е  -   Баянауыл  жаққа  к ет ед і.  С онда  ж үріп 
мүғалімдік қызметпен айналысып, таза жазу ісіне ден қояды. Осы кезде 
ол  «Социализм»  деген  мақаласын,  «Осы  да  әділдік  пе?»,  «Неге  жа- 
саймын?»,  «Адасқан  өмір»,  «Кедей»,  «Өң  бе,  түс  пе?»,  «Дауылдағы 
әбігер»,  «Ғайса  кім?»,  «Соғыстың  кесірі»,  «Мүңдылардың  жалыққа- 
ны»,  «Ақ  сәуле»,  «Таныстыру»  сияқты  бір  топ  маңызды  шығарма- 
лар  жазады. 
і
Бірақ,  үзақ  жылдар  бойы  осы  шығармалардың  төңірегінде  айтыс, 
тартыс,  ақынды  айыптау  жүмыстары  қатар  жүргізіліп,  Сүлтанмахмүт

179
шығармаларының  бар  қасиетін  көрсетуге  қолбайлау  болғандығын  бүгін 
ашық  айтқанымыз  жөн.  Мысалы,  С.Торайғыровтың  «Ғайса  кім?»  деген 
өлеңінің  төңірегінде  көп  сөз  болған.  Осы  жөнінде  кезінде  Н.Жандилдин 
өзінің  «Сүлтанмахмүт туралы  сапасыз  кітап»  атты  мақаласында:  «Б.Кен- 
жебаев  Сүлтанмахмүттың  «Ғайса  кім?»,  «Өң  бе,  түс  пе?»,  «Дауылдағы 
әбігер»  деген  өлеңдерін,  әсіресе  «Ғайса  кім?»  Колчак  түсында  жазыл- 
ды,  осыдан  пікірі,  геройы  бүркеліп  айтылды  дейді,  онысы  дүрыс  емес. 
Пікірін,  геройын  ашып  айта  алмаса,  ол  қандай  жазушы?», -   деп  жазды.
Ал,  «Қуырдақтың  көкөсін  түйе  сойғанда  көрерсің»  демекші, 
Ы.Дүйсенбаев  бүл  өлең төңірегінде нағыз қандыбазар туғызып:  «Екінші 
бір  топ  өлеңдер  («Өң  бе,  түс  пе?,  «Дауылдағы  әбігер»,  «Ғайса  кім?», 
«Ағайынның  азғындығы»,  «Дін»)  Сүлтанмахмүттың  демократтығын 
күшейте  түсуге,  оның  көзқарасын  бізге  бір  табан  болсын  жақын  етуге 
әдей  ойлап  шығарылған  ба  деп  қаласыз»  немесе  «Ақынның  бойында 
жоқ  кейбір  қасиеттерді  уағыздау  үшін  «Ғайса  кім?»  деп  аталатын  дүда- 
мал  өлең  төңірегінде  қүрғақ  сәуегейлікке  салынып,  босқа  даурығудың
қажеті  қанша?»,»-  деп  даурықты.
Кейін  бүл  туралы  Б.Кенжебаев  өзінің  «Сүлтанмахмүт  Торайғыров- 
ты  зерттеу,  тану  мәселесі»  деген  еңбегінде:  «Сонымен  тағыда  айтамыз: 
Сүлтанмахмүттың  «Ғайса  кім?»  атты  өлеңі  туралы  ой-пікірді  Ы.Дүй- 
сенбаев  С.Мүқанов  пен  Н.Жандилдин  жолдастардан  алып,  иемденді. 
Әділдік  үшін  айта  кетейік,  Дүйсенбаевтың  оған  өз  түсынан  қосқаны  ол 
«Ғайса  кім?»,  «Өң  бе,  түс  пе?»,  «Дауылдағы  әбігер»  деген  өлеңдері  Кен- 
жебаев  ойлап  шығарды  дегенге  дейін  барды», -  деп  көрсетіп,  бүл  өлең- 
дердің  авторы  тек  С.Торайғыров  қана  екендігін  ғылыми  түрғыда  нақты
мысалдар  келтіру  арқылы,  тамаша  дәлелдеп  шықты.
Қалай  болғанда  да  біздің  ойымызша,  Сүлтанмахмүттың  бүл  шы- 
ғармаларынан  кезінде  оқырмандарына  тигізер  әсері  өте  мол  болған. 
Сонымен  қатар  қазіргідей  тарихымыз  бен  әдебиетімізге  және  мәдени- 
етімізге  жаңа  көзқарас  қалыптасып,  тың  түрен  салынып  жатқан  кезде 
өз  заманында  үлтшыл,  байшыл  атанып,  кеңес  үкіметінің  саясатынан 
аластатылған  асылдармыз  «Социализм»  деп  аталатын  жаңа  өмірдің 
халқымыздың  болашағына  балта  болып  шабылатынын  алдын-ала  сез-
ген-ау  деген  дүдәмал  ойға  берілесің.
С.Торайғыровтың мақалалары  мен  очерктерінің саны  едәуір.  Әсіре- 
се>  1913-1914  жылдары  «Айқап»  журналында  қызмет  істеп  жүрген 
кезінде  өндірте  жазған.  «Қазақ  тіліндегі  өлең  кітаптары  жайынан», 
«Өлең  және  айтушылар»,  «Қазақ  ішінде  оқу,  оқыту  жолы  қалай?»  ма-

180
қалалары  мен  «Ауырмай  есімнен  жаңылғаным»  очеркі  және  1918  жыл- 
дың  наурыз  айында  «Абай»  журналының  3  санында  басылған  «Социа- 
лизм»  мақаласы.
Міне,  Сұлтанмахмұттың  ұзақ  жылдар  бойы  байшыл,  ұлтшылдар- 
дың  қатарына  қосылып,  «революция  жасауға  түбірімен  қарсы»  атан- 
ған  кезі  осы  «Социализм»  мақаласына  байланысты  болатын.  Бүл  тура- 
лы  М.Әуезов,  С.Мүқанов,  С.Айтмүқанов,  Е.Ысмайылов,  Ж.Сәрсеков, 
Қ.Бекхожин  т.б.  жазды.
Осылардың  барлығынан  да  Ы.Дүйсенбаев  асып  түсті.  Ол  бертінде, 
1967  жылы  жазған  «Сүлтанмахмұт Торайғыров»  деген  монографиясында 
«Социализм»  мақаласы  туралы  былай  деп  даурықты:  «Өзінің  зор  маңы- 
зынан  гөрі  қайсы  бір  зерттеуш ілердің  даурықпа  сөздер і  арқылы 
көпшілікке  мәлім  болған  Сүлтанмахмұттың тағы  бір  еңбегі  «Социализм» 
деп  аталатын  мақаласы.  Бұл  мақала төңірегінде шу  көтеру былай түрсын, 
оны  жазушының таңдамалы  шығармаларына  енгізуге де  болмайды.  Олай 
деуге  екі  себеп  бар:  біріншісі,  мақаланың  социализмді  сөз  ететін  екінші 
бөлігі  жоғалып  кеткен,  екіншісі  сақталып,  басылып  жүрген  тарауында 
қате  пікірлер  көп.  Бүл  жерде  ол  қателерді  теріп  жатудың  қажет  бола 
қоймас.  Өйткені,  бүл  мақалада  «Социализм»  аты  болмаса,  ол  жөнінде 
бір  ауыз  сөз  жоқ.  Жазушы  адамзат  қоғамының  басынан  кешірген  тари- 
хын  айта  келіп,  ендігі  үрпақтың,  оның  ішінде  қазақ  тәрізді  артта  қалып 
қойған  елдердің,  адам  баласының  миллиондаған  жылдар  бойындағы 
тәжірибесін  пайдалана  отырып,  тез  арада  мәдениетке  ие  болатындығы- 
на  сенім  білдіреді.  Демек,  автордың  бүл  мақаласы,  ең  жақсы  дегенде, 
ағартушылық  идеясы  көлемінде  ғана  жазылған.  Ал,  С.Торайғыровтан 
сол  кездің  өзінде  социализмді  терең  ұғынып,  трактат  жазуды  талап  ету 
қандай  орынсыз  болса,  ақынның  жазбағаның  жазды  деп  босқа  даурығу- 
дың  қажеті  жоқ.  Өйткені,  Сұлтанмахмүт  тәрізді  үнемі  ізденуде  болған 
жас  қайраткердің  Ұлы  Қазан  революциясын,  оның  әкелген  жаңалықта- 
рын  бірден  және  дұрыс  түсіне  қоюы  оңай  емес  еді.  Ендеше,  «Социа- 
лизм»деп  аталатын  мақалаға  баға  бергенде  де  асыра  сілтемей,  шындық 
шеңберінен  шықпауымыз  керек  [110].
Осыдан  тура  бір  жыл  өткен  соң  белгілі  Сүлтанмахмұттанушы 
Б.Кенжебаевтың  баспадан  «Сұлтанмахмүтты  зерттеу,  тану  мәселесі» 
атты  еңбегі  шықты.  Онда  автор  үлтшылдар  ықпалында,  өсерінде  бол- 
ды  деген  кездің  өзінде  Сүлтанмахмүт  демократтық-революциялық  ба- 
ғыттағы  саяси-әлеуметтік  мәселелер  жөнінде,  тіпті  социалистік  идеяға 
жуық  тамаша  ойлар  айтты  дей  келіп,  тағы  да  даулы  мақала  «Социа-

181
лизм»  туралы  сөз  қылады:  «Мысалы,  Сүлтанмахмүттың  «Социализм» 
деген  мақаласын  алайық.  Ол  мақаласында  ақын  социализм  туралы 
түсінік  бермейді  (мақаланың  социализм  туралы  жағы  жарияланбай  қал- 
ған),  оқу,  мәдениет,  ғылым,  техника жайлы,  қазақ халқының ілгері дам-
уы,  мәдениетті  ел  болуы  туралы  сөз  етеді.
Сүлтанмахмүт  дүниедегі  ғылым-білімді  екі  жікке  айырып  үғады: 
бірі  дене  азығы,  екіншісі -   ар  азығы,  дене  азығы -   әділдік  деп  біледі.
Қазір  Еуропада  дене  азығы  әбден  жетілді,  ар  азығы  әлі  жетіле  ал- 
май  отыр.  Сол  ар  азығы  жетілмегендіктен  дене  азығы,  адамды  бақыт- 
ты  етеді  деген  қүралдар  адамды  бақытсыз  етуге  жүмсалып  жатыр. 
Осыдан  Жан-Жак  Руссо,  Лев  Толстой  секілді  данышпандар  «Мәдени-
етті  жер  жүтса,  е  демеймін», — деп  отыр.
Ал,  ар азығы  ер жеткенде дене азығы  адамды  бақытты  етуге жүмса- 
лады, адам жеңіл күн көретін болады. Адамның ақыл-оймен, күш-қуаты- 
мен  жасалған  қүралдар -  дене  азығы  адам  қоғамын  гүлдендіруге,  адам-
ды  бақытты  етуге  жүмсалады», — дейді  ақын.
Яғни,  Сүлтанмахмүт  ғылыми-техниканы  екі  түрлі  жолмен  пайда- 
лануға  болатынын,  капиталистік  жолмен,  социалистік  жолмен  пайда- 
лануға  болатынын  аңғарды.  Алдыңғы  жолды  даттады,  кейінгі  жолды
дәріптеді,  арман  етті.
Сонан  соң,  Сүлтанмахмүт  мақаласында  Еуропаның  қазір  біз  сүқта-
нып  жүрген  оқу  өнеріне,  ғылым-техникасына  қазақ  халқы  жете  ала
ма?  Жете  алса,  қанша  уақытта  жетеді? -   деп  сүрақ  қояды.  Оған  өзі:
қазақ  халқы  Еуропаның  оқу  өнеріне,  ғылым-техникасына  жетеді,  жет-
кенде  көп  емес,  аз  жылда,  берісі  15-20,  арысы  30-40  жылда  жетеді
деп  жауап  береді.
Себебі,  қазір  революция  болды.  Қазақ  жастарының  жаппай  оқуына
жол  ашылды.  Олар  енді  жабыла  жүмылып  оқиды,  үйренеді.  Еуропа-
ның  қазіргі  оқу-өнерді,  ғылым-техниканы  жасауда  көрген  қиыншылы-
ғын,  іздену,  адасуын  көрмейді.  Оның  піскен  астай  даяр  түрган  оқу-
білімін,  ғылым-техникасын  тез  үйреніп  алады, -   дейді.
Осылай  Сүлтанмахмүт  «Социализм»  деген  мақаласында  өзіне 
үлтшылдықты,  алашорданы  емес,  революцияны,  әділеттік  қоғамды 
медеу  етті,  қазақ  халқын  революцияға,  әділеттік  қоғамға,  Еуропаның 
оқу-өнерін,  ғылым-техникасын  тез  үйренуге  шақырады».
Енді,  осы  «Социализм»  мақаласы  туралы  біздің  де  айтарымыз  бар. 
Біріншіден,  мақала  түсініп  оқыған  адамға  көп  нәрсені  аңғартқандай. 
Мүнда  отарлау  саясатын  да,  қазақ  халқының  білім,  ғылымға  деген

қызықпаушылығы  да,  социализм  мәселесі  де,  қазақтардың  ар  азығы- 
ның  тапшылығы  туралы  да  мәселелер  айтылған.
Екіншіден,  тарауларда толып  жүрген  «қате  пікірлер»  жайында.  Әлде 
осы  сөзді  айтқан  зерттеуші  өзінше  мыналарды  «қате  пікірлерге»  жат- 
қызды  ма  екен?  Ол  үшін  енді  жазушының  жазғанына  назар  аударамыз. 
Алғашқы  мысал:  «Енді  қазақтың  алдында  «адам  боламын»  деп  үшып 
түра  келгенде,  желкелеп  жығып,  ортаға  лақтыратын  Николай  түсының 
чиновниктері  жоқ.  Солай  болған  соң  тегіс  жүмыла  іске  кіріссек,  20-30 
жылда  Еуропаның  білгенін  біліп,  Еуропа  қатарына  қосылып,  кете  алуы- 
мызға  тарихтан  жапондар  мысал  бола  алса  керек.
Мүнан  58  жыл  бүрын  1860  жылдағы  жапондар  жайының  осы  күнгі 
біздің  қазақтың  жайынан  неменесі  артық  еді?  Қайта  ол  кездегі  жапон- 
дардың  есуасы  болса  да  атадан  баласына  мирас  болып  көшір  отыра- 
тын  даймнос  (губернатор)  шогундеріндей  (наместник)  кесел  біздің 
қазақта  аз.  Жапондар  осындай  халінен  3 5 -4 0   жылда  ержетіп  Еуропа 
халіне  кірді.  1895  жылында  Қытайды  шалқасынан  түсірді.  1904  жылда 
«бөрікпен  үрып  жығамын»  деген  Руссияны  шалқасынан  түсірді.  Әри- 
не,  жапондар  осы  халіне  Еуропаның  пісулі  астай  даяр  өнерін  алумен 
жылдам  жетті.  Біздің  де  солай  жылдам  жетуіміз  үшін  тегіс  жүмыла 
үйренуге  кірісуіміз  керек.  Солай  болған  соң  мектеп,  медресе,  газет, 
журнал,  кітаптарының  көбейіп,  Еуропадағы  адам  баласының  ауыр  күн 
көрісінен  қүтылып,  бақытты  болуына  себеп  болатын  ғылымдарды  үйре- 
те  беруі  керек.  Осыдан  зерттеуші  қате  пікірді  қай  жерінен  тапты  екен?
Екінші  мысал  мынадай:  Сүлтанмахмүттың  өз  сөзімен  айтқанда: 
«Мысалды  алыстан  іздемей-ақ,  кешегі  Николай  түсындағы  чиновник- 
тердің  өзімізге  не  қылғанын  еске  түсірсеңдер  жетеді.  Арқаларымызда 
қамшыларының  табы  әлі  де  түрған  шығар.  Қазақты  көргенде  жылан- 
ды  көргендей  қүшырланып  үратын,  яки  үрғысы  келетін  саятқылы 
приставтар,  маңдайындағысы  жалмауыздың  жалғыз  көзіндей  жарқы- 
рап,  «тақсыр»  деп  қүлдық  үрып  түрғанда  да  қан  ішер  түсін  бүзып,  бір 
минут  қазақ  бетіне  қарамайтын  төрелер,  қазақтың  мың  игі  жақсысы- 
ның  мойнына  бүршағын  салып  айтқан  мың  ауыз  сөзінен  жалғыз  арақ- 
қор  тілмаштың  айтқанын  шын  көріп,  соған  қарап  үкім  қылатын 
әкімдердің  елесі  әлі  көз  алдымыздан  неге  кете  қойсын.  Осының  бәрін 
қазақ  «соған  лайық  жазығым  бар  деп»  көнген  жоқ,  «көнбесек  бізді 
қырып  тастайтын  қолдарында  қару,  өнері  бар»  деп  көнді.  М іне, 
көршіміз  Русь  жүртында  бізден  гөрі  өнердің  ер  жеткендігінен  тапқан 
пайдамыз.  Русьтың  не  қыл  дегеніне  көніп  түру  болатын».  Осыдан  зерт- 
теуші  қате  пікірді  қай  жерінен  тапты  екен?!

183
Келесі  мысал:  «Міне  ғажап!  Өмірін  дамылсыз  жүмыста  өткізген  99 
яки  999  кісі  неге  өлгенше  тамаққа  жари  алмай  кетеді  де,  дәнеңе  істе- 
мей  жүрген  біреуіне  мыңдап,  миллиондап  пайда  келеді.  Бүл  туралы 
төменде  социализм  мәселесіне  кірген  уақытта  жазармын  немесе  соңғы 
мысал:  «Ар  азығынсыз  қүр  өнердің  өсуімен  басқалардың  бақытты  бола 
алмағаны  секілді,  келешекте  қазақ  та  бақытты  бола  алмайды.  Ілгері 
кеткен  жүрттардың  тарихының  қатесін  енді  ілгерілейтін  деп  түрған 
жүрттар  істесе,  көре-біле  отқа  түскендік  болады.  Тарих  ғылымының 
пайдасы  да  алдыңғының  қатесін  кейінгінің  істемеуінде»  [111].
Осылардан  зерттеуші  қате  пікірлерді  қай  жерлерінен  тапты  екен. 
Жалпы  біздің  «Социализм»  мақаласына  көз  қарасымыз  осындай.  Бүл 
мақаланың  маңызы  қазақ  халқы  үшін  әлі  күнге  дейін  жоғалмаған  деген
пікірді  де  осыған  байланысты  айта  кеткіміз  келеді.
С.Торайғыровтың  келесі  мақаласы  1913  жылы  «Айқап»  журналы- 
ның  12  санында  жарияланған  «Қазақ  ішінде  оқу,  оқыту  жолы  қалай?» 
деп  аталатын  шығармасы.  Мүнда  автор  өзінің  бала  оқытудан  жинаған 
мол  тәжірибесіне  сүйене  отырып,  сол  кездегі  мүғалімдердің  алдынан 
кездесетін  көптеген  кедергілерге  тоқталады.  Мысалы,  екі-үш  ауылдың 
балаларын  бір  жерге  жинап  оқытудың  қиыншылығы.  Екіншіден,  20—
 
30  баланы  топ-топқа  бөліп  оқытудың  ауыртпалығы.  Үшіншіден,  ата- 
аналардың  балаларды  жастарына,  алғырлығына  қарай  бөлуге  қарсы-
лық  көрсетіп,  орынды-орынсыз  талаптар  коюы.
Міне,  осының  барлығы  да  балаларға  сапалы  білім  беруге  кедергі
болған.  Автор  мақаласында  осы  проблемаларды  халыққа,  оқырмандар- 
ға нақты  мысалдар  арқылы  түсінікті түрде  жеткізе  отырып,  оларға  «осы 
жүкті  жеңілдету»  жағын  қарастыру  керектігін  естеріне  салады.
С.Торайғыровтың  келесі  бір  мақалалар  тобы  өнер,  өлең,  әдебиет 
мәселесіне  арналады.  Соладың  ішіндегі  мәнді  де  көлемдісі  «Қазақ 
тіліндегі  өлең  кітаптары  жайынан»  деп  аталатын  мақаласы.  Бүл  мақа- 
лада  сол  1913  жылы  «Айқап»  журналының  бірнеше  санында жариялан- 
ған.  Жанры  жағынан  осы  мақаланы  әдеби  сын  мақала  қатарына  жат- 
қызуға  болар  еді.  Ал,  мазмүнына  келетін  болсақ  онда  автор  алдымен
ескі  әдебиет  нүсқалары  хақында  сөз  етеді.
Онда:  «Белгілі  мұнан  бес-он  жыл  бұрын  хат  біледі-міс  деген  қазақ-
тардың  қолдан-қолға  тұсірмей,  құлқынын  құртып,  құмартып  оқитын 
кітаптары:  «Зарқұм»,  «Сал-сал»,  «Алпамыс»  тағы  солар  секілді  «қыр- 
ды-жойды»,  «киратты»,  «жеті  бас»,  «айдаһар»,  «пері»,  «жалмауыз 
кемпір»,  «дәу»  дегендей  ұшы-қиыры  жоқ  түпсіз  өтірік,  қисынсыз

184
—  
<  ■■■ 

 ■  1 
—  

■■■■■■■■ 
.......... —— — 
- і и і І.ді.ІІ= =е=яаж =5язаееІ „, ц,.і„  тя в я к в ш к а д
хиқаяттар  еді.  Міне,  бұған  қазақ  отағасылары  көздерін  жұмып,  нанып, 
мейірлері  қанып,  кеңкілдей  түсіп,  бас  шүлғысып,  мүлгісіп  отырғаны 
еді»,  -   дей  келе  жаңа  әдебиеттің  көріне  бастауына  байланысты  сол 
қазақтар  бұрынғы  «Зарқұмдарын»  құмға  көміп,  «Сал-салдарын»  суға 
лақтырып,  пері  қыздарын  аспанға  үшырып,  ақырындап  ескі  достары- 
на  хош  айтыса  бастады.  Сонан  бері  қарай  беттері  бермен  етпеттеу- 
де», -   деп  қуаныш  білдіреді  [112].
Сөйте  түра  жазушы  жаңа  дегеннің  өзінің  көбінесе  көңілге  қона 
бермейтін  қүранды  дүниелер  екеніне  де  былай  деп  баға  беруден  жас- 
қанбады:  «Бет  бері  қарап,  қол  оң  жайылғаннан  бері  қарай  жыл  сайын 
бестеп,  ондап  «жас  иіс»  жаңа  талап  рисалар  (кітапша)  да  туып  түрды. 
Бірақ,  бұларды  туды  деп  құр  туғанына  ғана  сүйінбесе  (екеу-үшеуін 
былай  қойғанда)  «осы  қарағым  ер  жетіп,  ернім  аққа тиер-ау» деп үмітке 
кіріп  түшіркенерлік  біреуі  жоқ,  «қой  бүты,  қозы  саны»  дегендей  қүра- 
ған,  сұраған  бірдеңелер».
Бұдан  әрі  мақала  авторы  осы  жаңа  дүниелердің  көпшілігінің  тіл 
жағынан  мүкістеніп,  кейде  мүдіріп,  кейде шолжаңдап, жығылып-сүрініп 
жүргенін  әңгімеге  арқау  етіп,  жеке-жеке  мысалдар  келтіреді:
«Қолыңа  ал  қаламыңды,
Қайгырып  хал  мустапқал  заманынды.
Намуне  әр  нәрседен  көшіргіиі  ал,
Яза  бер,  ойың  алган  кәләміңді».
Осындай  не  тіл,  не  мазмұн,  не  үйқас  жоқ  шатпақтарға  қарсы: 
«Басқаларға  қарағанда,  пайғамбардың  жүрегінен  қүйылған  қүрандай, 
соқыр  кісі  сыбдырынан  танырлық  аққүла  ашық  түратын»  Абайдың 
өлеңдерін  көлденең  тартады.
Сүлтанмахмұт  осыларды  айта  отырып,  «Мұның  аты,  тіліміздің 
орнын  сипап  қалуға  бейімделіп  бара  жату  болады», |   деп  дабыл  қаға 
біледі.  Бірақ,  бұл  жазғандары  кейін  оның  өзіне  таяқ  болып  тиді.  Ескіні 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет