Мұқағали Мақатаев (1931-1976)



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата27.01.2017
өлшемі2,31 Mb.
#2834
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Тауда өстім 
      Тайсалмай басып тастарын, 
Алқынбай асып асқарын. 
Құзына шығып, қомданып, 
Ылдиын тәмен тастадым. 
Төбемді көкке жеткіздім, 
Төсіне шықтым көп құздың. 
Қорқытып бура бұлттарды, 
Қойныма әтір сепкіздім. 
Талай да талай шынды астым, 
Тастағы гүлмен мұндастым. 
Қарағайлармен құрдаспын, 
Қайыңдармен сырласпын. 
Тайсалмай өзім тауда өстім, 
Таласар, қане, бар ма ешкім 
 
Таудай болғым келеді 
    Өлмесін деп берген ғой тауды маған. 
Мен күрсінсем, күңіреніп тау жылаған. 
Көңілімде бір құйын көтерілсе, 
Тауларымда тұрады қарлы боран. 
Аласартып асуын, өткелдерін, 
Астыма әкеп төсейді көк белдерін. 
Алып тауды бесік қып өсіпсің ғой, 
Ғұмырым, керемет ең неткен менің! 
Тербетіліп тауымның аясында, 
Өсіппін ғой шыршаның саясында. 
Өмірсіз де көңілсіз өкінішті, 
Қоймайсың ба, тағдырым, қоясың ба? 
Әлде, тағы алдыма жаясың ба? 
Тау менің несібіме тиіпті сирек, 
Мендегі шаттық бөлек, күйік бөлек. 
Ақсақалдар: - Таудай бол! -дейтін 
Таудай болғым келеді, биік керек. 
 
Таудағы көктем 
      Сай-саланы, 
Аймалады, 
Жоталардан жел есті. 
Көк қарағай. 

Көп баладай, 
Күбір-күбір кеңесті. 
Қасқа бұлақ, 
Тастан құлап, 
Бара жатыр шапқылап. 
Шықылдаған, 
Сыбырлаған, 
Айқай жастар - саққұлақ. 
Бір жүрекпен, 
Дір-дір еткен, 
Жасыл талдар - жас талдар. 
Еміренген, 
Тебіренген, 
Ақбас Ата - асқарлар. 
Күннен - бөркі, 
Гүлден - көркі, 
Тау - тамаша, тау - алып. 
Қатпар басын, 
Шатқал тасын, 
Көрген сайын жаңалық. 
Айналаңа, 
Сайға қара, 
Шыңға қара ақ маңдай. 
Бала шағың, 
Болашағың, 
Көктеп келе жатқандай. 
 
Таудағы нөсер 
      Алыста, 
Сонау аспанда, 
Атыстар, сірә, басталды. 
Жай түсіп жатыр тастарга, 
Жайратып жатыр асқарды. 
Дірілдеп біраз тұрды да, 
Гүрілдеп ала жөнелді. 
Аспанды құдай ұрды ма? 
Айырар ма екен төбемді! 
Жарқ етті алды кезімнің, 
Өртене жаздап, басылдым. 
Отым ба, әлде, езімнің!? 
Оты ма, әлде, жасынның!? 
Жанымды болып қорғамақ, 

Жалтарып, тұра қашқан ем. 
Төбемнен төмен сорғалап, 
Сөндірді нөсер, басты әрең... 
 
Тауға келсең 
        Тауға келсең, қыста емес, 
Күзде келгін! 
Қарсы алдыңнан табылар іздегенің. 
Жапырақтың көресің әлі-дағы, 
Тіршіліктен күдерін үзбегенін. 
Ойландырар шақ қой бір - күз дегенің. 
Ойландырар күз деген - кіші бесін, 
Күн төбеңнен ауғанын түсінесің. 
Ескі жұртты көргенде жайлаудағы, 
Құлын да жоқ желіде байлаудағы, 
Шыдап баққын, бір сәтке мүсірерсің! 
Жазынды еске жабығып түсірерсің. 
Жадыда кеп жалпақ жаз, бақ - мекенің, 
Түсінесің думанды шақ та өтерін. 
Құлақ түріп, қурайдың ызыңына, 
Ұғынасың өмірдің тәтті екенін. 
 
Тағдырмен бетпе-бет 
      Хабар жоқ саған кеткен елшілерден, 
Ей, Тағдыр! 
Сөйлесейік, келші бермен. 
Қаншама соқпақтарға бастасаң да, 
Сенімен сөйлесуді ерсі көрмен. 
Білесің бе? 
Мен саған бағынбаймын! 
Бар ма тағы беретін зарың, қайғың?! 
Көлденеңдеп жолымда тау боп тұрсаң, 
Мен - мұнартқан басыңда сағымдаймын! 
Сондықтан да жібер деп жалынбаймын. 
Heгe жаның ашымай тірі адамға, 
Heгe сала бересің бұралаңға? 
Өз тағдырым - өзіме ана емес пе ең, 
Жұбатпайсың неге сен жылағанда? 
Жақсылықтың қимайсың қалдығын да, 
Қарғысың ба, қалдырған жарлығың ба? 
Мен дегенде жыландай жиырылып, 

Керісінше істейсің барлығын да... 
 
Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн 
          Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн, 
Уысында тағы да мен ұйқы дейтін тұзақтың, 
Ой-хой, шіркін, тағы да бір күзді, міне, ұзаттым, 
Өмірімнің есейгенін сезінемін күзде мен, 
Алдағыма асығамын, өткенді әсте іздемен, 
Ой-хой, шіркін, болашаққа құмармыз ғой біз деген. 
Жүрші, жаным, қоңыр күзде серуендейік жырақта, 
Қайтқан құстың әуенімен қоштасайық қыратта, 
Күз өткенге кейімеймін, сағынамын бірақта. 
Қайтып бара жатыр, әне, сағыныштар-тырналар, 
Ақ қайыңдар, тал, теректер... алтын сары сырғалар, 
Туған жердің кеудесінде тұнжырайды жылғалар. 
Қайда кеткен жасыл алқап, жасыл орман, жасыл 
маң? 
Қайда кеткен жақұт гүлдер паң далаға шашылған? 
Қайда кеткен, қалай өткен, кімге барып бас ұрған?! 
Қалай біздер қапелімде аңғара алмай қалғанбыз?! 
Әттеген-ай, неткен аңқау, неткен аңқау жандармыз? 
Келіп қапты-ау сағыныштай сап-сарала арман-күз... 
 
Тағы да Майгүлге 
      Қайтсем сенің құтылам елесіңнен?! 
Отырасың қасыма келесің де. 
Сен өлгенсің, жаным-ау, мен тірімін, 
Мен тірімін. 
Тірімін! 
Көресің бе!!! 
Көнген жаным жазаға, қазаға да, 
Өкпелеме, 
Сен енді жазалама. 
Шын болса, табысармыз ахиретте, 
Әзірще, жаным, мені мазалама!.. 
Мен деген - тірі жанмын, 
Сен - елессің. 
Білесің ғой, өлтірген мен емеспін, 
Мен үшін артық емес сенен ешкім, 
Бірақта, сен - елессің, 
Сен - елессің! 

Араша тұра алады кім өлімге, 
Жата бер мені күтіп түнегіңде. 
Әзірге тірі жүрсем бұл өмірде, 
Сенің орның оңаша жүрегімде. 
Майгүлім, гүлім менің, көгім менің! 
Жүрегін қияр дейсің өлімге кім. 
Сен - менің жүрегім ең. 
Дегенменен, 
Елессің, енді маған көрінбегін... 
Бір күні, 
Бір жылдары, 
Бір заманда, 
Уақыт қуатымды ұрлағанда, 
Шабыттың ақ бастауы құрғағанда, 
Шынымен қалам алып, жыр жазам ба! ? 
Жүректе от, 
Ойда жасын қалмағанда, 
Тағы да жыр жазам деп қарманам ба?! 
Жастықта жазып кеткен жырымды оқып, 
Таңданам ба, кім білсін, алданам ба?! 
О, Муза! 
Мәңгі жастық! 
Қайраи досым! 
Қай күні ауар екен сайран досым. 
Поэзия - жастық қой жалын ұшқан, 
Жас күнде жазғаныңдай қайдан болсын. 
О, Жастық! 
Сен өлгенде, мен өлемін, 
Сенсіз мен қиылған бір бөренемін. 
Көнеремін, білемін,көнермін. 
Көгере бер мәңгілік сен, өлеңім!.. 
Жырсыз менің өмірге не керегім, 
Жырдан басқа жұртыма не беремін. 
 
Таң алдында 
         Айдың да кеткісі жоқ көк бетінен, 
Табандап жатып апты етпетінен. 
Күн түнге таңнан хабар айтып еді, 
Жұлдыздар үркіп кетті бет-бетімен. 
Асылып - ақ Шолпанға түн құшағы, 
Қалуға таңмен бірге тырмысады. 
Жердегі емес, көктегі ғұмырлар да 

Қалайды-ау, сірә, бәрі Күнге ұсауды... 
 
Токарьдің соңғы сөзі 
        Төсектес көрші,ғажайып жанды көрдім мен, 
Қатыгез сырқат қос жанарын да сөндірген. 
Жауынгер жорық басталыпты да Шығыстан, 
Аяңталыпты Батыста жатқан Берлиннен. 
Қиналып жатыр,өмірді қиып кете алмай, 
Көрік кеудесі көтеріледі от алмай! 
Бір түйір ет жоқ.аяқ пен қолы сом сүйек, 
Станогында өзі өңдеген металдай. 
«Қаншама металл қолымнан өтті, балтадым, 
Ағыздым нелер ақ бодаттың да ақ қанын. 
Мінеки, енді ажалдың сүп-сұр токарі 
Қарашы,- дейді,- 
Мені кеп жонып жатқанын». 
Бір жұтым суын - бір тәулік бойғы қорегі, 
Ауа жетпейді-ау, кеудесін сипай береді. 
Демі таусылып, әлсіреп бара жатқанда, 
Сыбырлап өтер ғазиз жан былай деп еді: 
«Кім ұрлап кетті, кім ұрлап кетті ауамды?» 
...Бардым да жұмдым ашылып қалған жанарды. 
Мен де айтып тұрмын ол беріп кеткен сауалды, 
Кім алып келді, жаңағы тірі адамды? 
 
Толғау 
         Таң атты. 
Келіп қалды ғажайып жыл, 
Кел, ақын, керемет бір жазайық жыр. 
Томырық лирика, тоқтай тұршы, 
Толқынды толғау неге азайып жүр? 
Кел, ақын, керемет бір жазайық  жыр. 
Осалдан емес еді шарық-шамаң, 
Дайда үнің қыран болып қалықтаған? 
Кідіріп, кібіртіктеп баса алмайсың, 
Шопанның шауқарындай арықтаған, 
Қайда үнің қыран болып қалықтаған?! 
Шықшы бір Ілиястай саңлақтанып, 
Отыршы өз орныңа таңдап барып. 
Бұйығы үн, бұлақ - сезім аулақ қалып, 
Төңкеріл толқын болып, аунап барып. 

Шықшы бір Ілиястай саңлақтанып. 
Шабыттансаң шарқ ұрып кетерің шын, 
Жырыңнан жалын лаулап, от өрілсін. 
Тізгінін тежемеген Ілияс - жыр, 
Мінбеге Тайыр болып көтерілсін. 
Үнінен жалын лаулап, от өрілгін. 
Кел, ақын ойлан, ақын; толған, ақын. 
Шын ақын шын қырандай қомданатын. 
Кезің келді Сәкен боп ұран тастап, 
Қасымдай жүрегімен толғанатын, 
Қаламын қаруындай қолға алатын. 
Олар жоқ, бәрі бір-бір дастан еді, 
Қондырған алақанға асқар елі. 
Болса егер Сәкен, Ілияс, Қасым, Тайыр, 
Жұртын бір желпіндіріп тастар еді, 
Осынау жыр бәйгесін бастар еді. 
Оқушым, мынау неге бөсті деме, 
Жыр қалып, әңгімеге көшті деме. 
Есімі есіл біздің ақындардың 
Елі ескірмей, сірә да, ескіре ме? 
Оқушым, неге орынсыз бөсті деме! 
Олар да осынау жылды армандаған, 
Оттың басын күйіттеп, алданбаған. 
Кезінде оқ боп, от боп жанған қалам, 
Толқынды толғау жырдан  арланбаған. 
Қолыма беріңдерші, ағайындар, 
Қайда жүр аруақтардан қалған қалам?! 
Кернеуіндей көмейлері күмбірлеген, 
Тулаған тұлпарларды кім білмеген. 
Жазайын жырларыңның жалғасын мен, 
Жазуға жарқындарым үлгірмеген... 
Жыл келді ғажайып бір ақ таңымен, 
Бақ таңымен, ақ ұлпа ақ қарымен. 
Көркем екен, мынау жыл көрікті екен, 
Парағын жылнаманың ақтарып ем. 
Дүние, тойлайды екен шаттанып ел. 
Ал, ақын, ақтара гөр халқыңа сыр, 
Бөле жырға, еліңнің даңқын асыр. 
Бір отауы - Отанның Қазақстан, 
Іргесін көтергелі жарты ғасыр, 
Сен соны мадақтай біл, даңқын асыр. 
Жеткіз жұртқа бүгінін, өткендерін, 

Қысын, күзін, жазы мен көктемдеріп. 
Жадында тұтсын ұрпақ, жасырмай айт: 
Ақтабан шұбырынды өткелдерін, 
Аруды арам жандар өпкендерін, 
Боз інген ботасы өлген бой жаза алмай, 
«Елім-ай» 
Аруана шөккен жерін. 
Өлшесін бүгінімен өткендерін! 
Көре алмай Жерұйықтың көк белдерін, 
Көрсет Асан запыран төккен жерін. 
Түсінсін де тұшынсын бақытты үрпақ, 
Бабалары не жаңа шеккендерін! 
Октябрьді айт бұрқанған, дауылдаған, 
Қазақ жері құшақтап, қабылдаған. 
Октябрьді - бүгінгі бақытыңды айт, 
Меке барса бабалар табылмаған. 
Қара бұлты басынан арылмаған, 
Қалай менің өзгерді тауым, далам. 
Октябрьді айт. Октябрь - бауыр маған. 
Келді биыл елуге елім менің 
Ауыр бұлтым арылды, жеңілдедім. 
Октябрьді айт! 
Кешегі қазақ елі 
 
Толғау 
         Таң атты. 
Келіп қалды ғажайып жыл, 
Кел, ақын, керемет бір жазайық жыр. 
Томырық лирика, тоқтай тұршы, 
Толқынды толғау неге азайып жүр? 
Кел, ақын, керемет бір жазайық  жыр. 
Осалдан емес еді шарық-шамаң, 
Дайда үнің қыран болып қалықтаған? 
Кідіріп, кібіртіктеп баса алмайсың, 
Шопанның шауқарындай арықтаған, 
Қайда үнің қыран болып қалықтаған?! 
Шықшы бір Ілиястай саңлақтанып, 
Отыршы өз орныңа таңдап барып. 
Бұйығы үн, бұлақ - сезім аулақ қалып, 
Төңкеріл толқын болып, аунап барып. 
Шықшы бір Ілиястай саңлақтанып. 
Шабыттансаң шарқ ұрып кетерің шын, 

Жырыңнан жалын лаулап, от өрілсін. 
Тізгінін тежемеген Ілияс - жыр, 
Мінбеге Тайыр болып көтерілсін. 
Үнінен жалын лаулап, от өрілгін. 
Кел, ақын ойлан, ақын; толған, ақын. 
Шын ақын шын қырандай қомданатын. 
Кезің келді Сәкен боп ұран тастап, 
Қасымдай жүрегімен толғанатын, 
Қаламын қаруындай қолға алатын. 
Олар жоқ, бәрі бір-бір дастан еді, 
Қондырған алақанға асқар елі. 
Болса егер Сәкен, Ілияс, Қасым, Тайыр, 
Жұртын бір желпіндіріп тастар еді, 
Осынау жыр бәйгесін бастар еді. 
Оқушым, мынау неге бөсті деме, 
Жыр қалып, әңгімеге көшті деме. 
Есімі есіл біздің ақындардың 
Елі ескірмей, сірә да, ескіре ме? 
Оқушым, неге орынсыз бөсті деме! 
Олар да осынау жылды армандаған, 
Оттың басын күйіттеп, алданбаған. 
Кезінде оқ боп, от боп жанған қалам, 
Толқынды толғау жырдан  арланбаған. 
Қолыма беріңдерші, ағайындар, 
Қайда жүр аруақтардан қалған қалам?! 
Кернеуіндей көмейлері күмбірлеген, 
Тулаған тұлпарларды кім білмеген. 
Жазайын жырларыңның жалғасын мен, 
Жазуға жарқындарым үлгірмеген... 
Жыл келді ғажайып бір ақ таңымен, 
Бақ таңымен, ақ ұлпа ақ қарымен. 
Көркем екен, мынау жыл көрікті екен, 
Парағын жылнаманың ақтарып ем. 
Дүние, тойлайды екен шаттанып ел. 
Ал, ақын, ақтара гөр халқыңа сыр, 
Бөле жырға, еліңнің даңқын асыр. 
Бір отауы - Отанның Қазақстан, 
Іргесін көтергелі жарты ғасыр, 
Сен соны мадақтай біл, даңқын асыр. 
Жеткіз жұртқа бүгінін, өткендерін, 
Қысын, күзін, жазы мен көктемдеріп. 
Жадында тұтсын ұрпақ, жасырмай айт: 

Ақтабан шұбырынды өткелдерін, 
Аруды арам жандар өпкендерін, 
Боз інген ботасы өлген бой жаза алмай, 
«Елім-ай» 
Аруана шөккен жерін. 
Өлшесін бүгінімен өткендерін! 
Көре алмай Жерұйықтың көк белдерін, 
Көрсет Асан запыран төккен жерін. 
Түсінсін де тұшынсын бақытты үрпақ, 
Бабалары не жаңа шеккендерін! 
Октябрьді айт бұрқанған, дауылдаған, 
Қазақ жері құшақтап, қабылдаған. 
Октябрьді - бүгінгі бақытыңды айт, 
Меке барса бабалар табылмаған. 
Қара бұлты басынан арылмаған, 
Қалай менің өзгерді тауым, далам. 
Октябрьді айт. Октябрь - бауыр маған. 
Келді биыл елуге елім менің 
Ауыр бұлтым арылды, жеңілдедім. 
Октябрьді айт! 
Кешегі қазақ елі 
Шуақ болып космостан төгілгенін, 
Дүниеге дән болып себілгенін. 
Барлығын айт. 
Бірін де жасырмағын, 
Есептелсін алтынмен асылдарың. 
Тұтқанын айт қазақтың қара бұлтты, 
Электр боп әлемге шашылғанын. 
Түн бойы батып, таң болып ашылғанын. 
Мақтанып айт фашисті жеңгеніңді, 
Барлығын да майданға бергеніңді. 
Қойшы болып аттанып Атбасардан, 
Жеңімпаз боп Берлинге төнгеніңді, 
Қолбасы фюрердің «алтын» басы, 
Қойшыбаевқа олжа боп, өңгерілді. 
Жиырма бес, мінеки, жыл өтіпті, 
Жиырма бес... 
Дүние жыр етіпті. 
Біз жеңген жиырма бес жылдан бері 
Европа тастады құл-етікті. 
Жеңісті айт, 
Қазақ қанын аямаған, 

Отанды айт, 
Өз баласын аялаған, 
Қазақтың даласын айт, 
Бүкіл Одақ 
Сая ғып сын сағатта саялаған. 
Биылғы жыл барлығы келеді еске: 
Екіталай жеңгенім ерегесте, 
Одаққа оқ атқанда, 
Қазақстан, 
Кеудесін оққа қосқан сен емес пе ең?! 
...Биыл той Ленин деп басталады, 
Ленин-дүниенің тас қамалы. 
Әр жылда біздің әрбір қуанышты, 
Ильичтің өзі келіп басқарады. 
Ильич деп күннің аты басталады. 
 
Тоқта, ботам 
      Тоқта, ботам! 
Атаң келеді артыңда! 
Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға. 
Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын 
Айырбастап ала алмай жүр алтынға. 
Тоқта, ботам! 
Атаң келеді артыңда! 
Жүзе жүріп, жүз құбылған сағымда, 
Жастық дейтін көктеменің шағында, 
Өскен едік сенің анаң екеуміз 
Осы қарттың мәпелеген бағында. 
Қарттың бағын жайлайтынбыз иен тегін, 
Тыңдайтынбыз алуан-алуан ертегін. 
Жинап алып жүрер еді жарықтық 
Күллі ауылдың елтеңі мен селтеңін. 
Ей, болашақ! 
Қарт келеді зиялы, 
Кейімесін ата-қыран ұялы. 
Сен сыйласаң, сәби шақтың бір сәтін, 
Атаң саған ұзақ өмірін қияды. 
Ақылына айырбаста күлкіңді, 
Қайтесің сол күлкі дейтін шіркінді?! 
Бейқам күліп өспеген соң өз басым, 
Бос күлкіні ұнатпаймын бір түрлі... 
Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда. 

Дария шалқар даналығын ал, тыңда! 
Сенің сәби сәттеріңнің мысқалып 
Айырбастап таба алмай жүр алтынға. 
Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда! 
 
Туған жерге 
       Таныс өлке, 
Таныс аймақ, 
Таныс маң: 
Анау жерде - құрбылармен алысқам, 
Анау жерде - құрбы жанмен табысқам. 
Алба-жұлба ақша бұлттар жарысқан, 
Таулар әне, ұйықтап кеткен данышпан, 
Жолдар анау, шұбатылып шаңы ұшқан, 
Таныс өлке, таныс аймақ, таныс маң. 
Шабындықтар, 
Егістіктер, 
Тоғайлар. 
Төбелердің төбесінде - көк айдар. 
Ақ сағыммен араласып, аулаққа, 
Сағым болып бара жатыр көп ойлар. 
Бір тынбайды шегірткенің шырылы, 
Жел қозғаған ақ шилердің сыбыры, 
Бәрі таныс - кісінеген құлыны 
Ін аузында шаңқылдаған суыры. 
Айналайын! 
Атамекен, Ақ мекен! 
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?! 
Туған өлке тәтті екен ғой, 
Тәтті екен! 
 
Түйсік 
      Киген киім, асқа ырза күндегі ішкен, 
Жалықтым-ау, осы бір күн көрістен. 
Үмітім де үзіліп бара жатыр, 
Мына құрғыр мандышай жүрген істен. 
He боп барам осы мен күннен-күнге?! 
Тіршіліктің мәнісі күн керу ме?! 
Ұйықтап кетсем маужырап, қайтер едім, 
Мандыта алмай ештеңе жүргенімде?! 
Өмір өтіп барады ертеңменен, 

Қайтем оны?! 
Жанбаған, өртенбеген. 
Өзімнен-өзім бүгін жеркенемін, 
Өмірде еш нәрседен жеркенбеп ем. 
Қараймын жеткеніме, өткеніме, 
Өмірім осылайша кеткені ме?! 
Алдыма ақ қағазды жайып қойып, 
Пышырап құры отырмын текке, міне. 
Жырым да, сырым менің кімге керек? 
Болмады күткенімнен бір де дерек. 
Жан таппай, жарық іздеп түнге қарай, 
Мен-дағы отқа түскен бір көбелек... 
 
Түнгі Алматы 
      Түнгі Алматы тұманы ашылғанда, 
Алатауға ай келіп асылғанда 
Нұр жанады, аспанның жұлдыздары, 
Алматының үстіне шашылған ба?! 
Сүйіседі көшелер көшелермен,. 
Бір рақат сезесің еселенген. 
Осы сиқыр қалада өскеніңмен, 
Таңданасың туристей кеше келген. 
Емен, терек еркімен қауышады, 
Қайың менеи қарағаш танысады. 
Алатаудан басталған ақ бұлақтар, 
Алматыға жеткенше жарысады. 
Алматыға жеткенде аң-таң болып, 
Арықтармен ақырын тартар жолын. 
Ашуланып бір сәтте тұра қалып, 
Ағылады аспанға фонтан болып. 
Судың аты - су ғой, ол бұғына ма, 
Тау бұлағы көлшікке тығыла ма?! 
Су сәулеге ұмтылып, сәуле суға, 
Айналады ғажайып шұғылаға, 
Сонда Алматы ұқсайды Құбылаға. 
Ұзатылар қыздайын үлпілдеген, 
Шақырасың назыңмен, күлкіңменен... 
...Жоқ! 
Алматы - жүрегі Алатаудың! 
Тау ұйқыға кеткенде бүлкілдеген. 
 

Түсіме тау кіреді... 
       Ұйықтасам түсіме ылғи тау кіреді, 
Тау жайлап, тау қыстаған.шал жүреді. 
Басында ақ қалпағы, жүннен шекпен, 
Астында балпаң басқан Сал-күреңі. 
Сөйлесуге, менімен сырласуға, 
Шақырады, кім білсін, мұңдасуға, 
Енді жете бергенде, ғайып болып, 
Отырады басқа бір қыр басында. 
Шақырады, отырып қыр басында. 
Шыбындаған күреңі тұр қасында. 
Тағы жете бергенде, ғайып болып, 
Отырады басқа бір шың басында. 
Өліп-талып, оған да жетемін де, 
Көз салам таудың алыс етегіне. 
Шалым кетіп барады өз жәйімен, 
Ер-тоқымсыз күреңі жетегінде... 
Қалып қойдым, түсе алмай, шың басында, 
Кеш те келді, айналды түн басуға. 
Шың басынан түсе алмай әуреленем, 
Бір минутым тең болып бір ғасырға... 
Ұйықтасам түсіме ылғи тау кіреді. 
Түсінбеймін неғылған тағдыр едің?! 
...Тауда жортқан тағыдай алғыр едім, 
Алғырлығым қай жақта қалды менің?.. 
 
Тұлпарларыммен біргемін 
      Іздесең мені кімде-кім, 
Қаладан іздеп жүрмегін! 
Үйіме де іздеп кірмегін! 
Аязды боран, ақ таудың 
Арасында өмір сүргемін. 
Солармен мәңгі біргемін. 
Жетелеп мені ілгері, 
Күндерім менен түндерім, 
Төсек caп қардан бір керім, 
Қарыма құрық ілгемін. 
Іздесең мені кімде-кім, 
Сол жерден келіп бір көрін! 
Ақ түтек ашық ақпанда, 
Ақ сайда жылқы баққанда, 

Құрықты шаншып ақ ңарға, 
Аспанға қарап тұрам мен, 
Құс жолы - Болашақтарға, 
Қар теуіп жылқым жатқанда, 
Рахат одан шақ бар ма?! 
Керек қой күзет өмірге 
Дүние ұйықтап жатқанда... 
Ақ қырау шалып тұлымын, 
Кісінеп қойса құлыным, 
Кетеді бойым жылынып, 
Бүлк етіп менің жұлыным, 
Айтамын, айтам қайталап, 
Тұлпарлы жердің ұлымын! 
Ракетадан кем емес, 
Шаншылған менің құрығым! 
Сондықтан асау ңылығым... 
Қашырар құтын ұрының! 
...Іздесең мені кімде-кім, 
Бұл жерден іздеп жүрмегін! 
Аязды ақ қар түндемін, 
Ақ тозаң боран күндемін, 
Тұлпарларыммен біргемін, 
Іздесең мені кімде-кім, 
Сол жерден келіп бір көрін! 
 
Тұнжыраған ояу бақ 
     Жапырақтар түсіп жатыр, 
Түсіп жатыр... 
Неліктен?! 
Айрылып бара жатыр ағаш біткен көріктен. 
Көргенсіз де, 
Жүгенсіз де, 
Күздің бұзық бораны, 
Бала-бақтың, дала-қарттың, 
Шашын түтіп желіккен. 
Жапырақтар ұшып жатыр, 
Түсіп жатыр, 
Аяулы-ақ... 
Емін-еркін тапап келем, 
Кешіп келем жаяулап. 
Сыйдым-сыйдым бұтақтары. 
Жебесіндей садақтың, 

Мені көздеп тұр ма деймін, 
Тұнжыраған ояу-бақ... 
 
Тұрсын солай, болсын солай бәрі де 
      Тұрсын солай, болсын солай бәрі де, 
Білем, менің қосылмайсың әніме. 
Сенің көңлің қайда екені белгісіз, 
Менің көңлім сенікінен әріде. 
Сенің көңлің қайда екенін біле алмай, 
Мекен тауып,шыққан болар құмардан. 
Бар поезды жетелеген рельстей, 
Барлық жанды жетелемес бір арман. 
Болсын солай,тұрсын солай,солай ғой... 
Әрбір адам бір-бір жыныс тоғай ғой. 
Ну орманнан шыққаннан да жол тауып, 
Еркін келіп, еніп кету - оңай ғой. 
 
Төлегенге 
    I 
    Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның, 
Қызарып батты ертеңгі шығатын күн. 
Торғай-өлең шырылдап бара жатты 
Аузында ажал дейтін сұрапылдың. 
Торғай-өлең өлмеді, аман қалды 
Әкетті ажал... 
Жыр емес, адамды алды. 
Бір өмірдің дастаны басталды да, 
Шорт үзілді, 
Шоп-шолақ тамамдалды. 
Қаралы лек. 
Бозғыл шаң шұбатылды. 
Бара жатыр жерлеуге шын ақынды. 
Маржан - жырдың мөп-мөлдір бір түйірі 
Құмға түсіп кетті де, уатылды. 
Тұңғыш көрдім қайтқанын шын ақынның, 
Қаталы-ай жыл дейтін сұрапылдың! 
Сұңқар - төсі томпиып қарсы қарап, 
Қаршығадай қылшылдап тұратын кім?! 
Енді жоқ азаматым, аймаңдайым, 
Жоқ болды құмға сіңген айрандайын. 
Асығыс, ылғи жортып жүруші еді, 

Бетпақтан су іздеген жайрандайын... 
    II 
    Бармаңдар ақынды жұрт жерлегенде, 
Көрмеңдер көрдің аузы жабылғанын. 
Көтеріп сендер оны келмегенде, 
Көмусіз қалмайды ғой бауырларым! 
Көмбеңдер! 
Топырақты тастамаңдар! 
Жабыла толтырыңдар кұмды ұдаиы. 
Ақынды көмсін білмес басқа жандар, 
Басына бармаңдар да, құрбылары! 
Ет жүректің езілмес кезі ме бұл... 
Жылай білсең, шын жыла! 
Жасыма тек, 
Кезек күтіп тұрғандай сезіне біл, 
Алдыңдағы апанның басына кеп. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет