Қаңтар
2 жұлдыз
Ақын, педагогика ғылымдарының кандидаты Әдiбай
Табылдиевтың туғанына 90 жыл
2.01.1926
.
Табылдиев Әдiбай 1926 ж. 2 қаңтарда Жамбыл облысы, Тұрар
Рысқұлов ауданы «Жаңа тұрмыс» ауылында дүниеге келген. 1944-1968 жж.
ауыл мектептерiнде пионервожатый, оқытушы, оқу iсiнiң меңгерушiсi
болды, 1950-1957 жж. мектеп директоры, 1968-1972 жж. «Қазақ совет
энциклопедиясының»
Бас
редакциясында
педагогика,
тiл-әдебиет
редакцияларының меңгерушiсi, 1980-1995 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ
мемлекеттiк ұлттық университетi педагогика кафедрасының доцентi. 1995
жылдан берi Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-де жалпы педагогика және
этностық педагогика кафедрасында этнопедагогика, педагогика және оқыту-
тәрбиелеу әдiстемелерi бойынша дәрiс берiп келедi. 1995 ж. профессор
ғылыми атағы берiлдi.
1959 жылы жарық көрген «Бөбекке сөз» кiтабынан бастап 2001 жылғы
«Қайырлы таң, балалар» атты таңдамалы жинағына дейiн балаларға
арналған 31 кiтап шығарды. Үлкендерге арналған
«Ана – жүрек»,
«Жырлайды жүрек», «Қой бағу оңай ма
», «Мен кiммiн, бiлесiң бе
», «Жыр
23
өмiр» кiтаптары жарық көрдi. Көптеген ертегi пьесалары республикалық
қуыршақ театрында қойылды. «Ұлттық тәрбие иiрiмдерi», «Қазақ
этнопедагогикасы», «Қазақ этнопедагогикасын оқытудың әдiстемесi»,
«Қазақ этнопедагогикасындағы құқық тәрбиесi»атты оқу құралдары
шыққан. «Әдеп әлiппесi» атты оқу құралы қазақ мектептерiнде жеке пән
ретiнде, тәрбие құралы ретiнде кеңiнен пайдаланылады. Ғалымның «Халық
тағылымы», «Тағылым», «Қазақ этнопедагогикасының методологиясы мен
мәдениеттану мәселелерi» т.б. ғылыми-монографиялық еңбектерiн жоғары
мектеп оқушылары оқу-тәрбие iсiне пайдаланып жүр.
Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегерi болды. Қазақ КСР оқу
iсiнiң озаты, КСРО халық ағарту iсiнiң озаты, бiрнеше медальдар мен
Құрмет Грамоталарының иегерi.
ӘДЕБИЕТТЕР
Табылды Ә. Мектеп сахнасы: [мектеп сахнасына арнап жазылған
скетчтер, пьесалар, қойылымдар, интермедиялар] / Ә.Табылды . – Алматы:
Орнак, 2013. – 336 б.
Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы
оқу құралы /Ә.Табылдиев. -
Алматы
Санат, 2001. – 320 б.
Табылдиев Ә. Әдеп әлiппесi
1-4 сыныпқа арналған оқу құралы
/Ә.Табылдиев. - Алматы
Рауан, 1997. – 150 б.
Табылдиев Ә. Тәрбие өрнектерi /Ә.Табылдиев. - Алматы
Мектеп, 1989. –
144 б.
Табылдиев Ә. Халық тағылымы
Жаңылтпаш, санамақ, жұмбақ, мақал,
мәтел, терме /Ә.Табылдиев. - Алматы
Қазақ университетi, 1992. – 200 б.
Табылдиев Ә. Әдеп және жантану
Ұлттық тәлiм-тәрбие /Ә.Табылдиев. -
Алматы
Атамұра-Қазақстан, 1994. – 143 б.
Табылдиев Ә. Көңiлдi кештер
репертуарлық постановка, ертегi-пьесалар,
инсценировкалар жинағы /Ә.Табылдиев. - Алматы
Мектеп, 1971. – 100 б.
Табылды Ә. Қайырлы таң, балалар
таңдамалы өлеңдер жинағы
/Ә.Табылдиев. - Алматы
Әл-Фараби, 2000. – 296 б.
Табылдиев Ә. Ұлттық тәрбие иiрiмдерi /Ә.Табылдиев. - Алматы
Қазақ
университетi, 2001. – 91 б.
* * *
Табылды Ә. Өзіңсің елім, тірегім: [өлең] / Ә.Табылды // Алаш айнасы. –
2013. – 13 желтоқсан.
Табылды Ә. Ұлттық тіл – тәрбие құралы /Ә.Табылды //Қазақстан
мұғалімі. – 2013. – 29 қараша.
Табылдиев Ә. Мектептiң қазiргi жағдайы мен болашағы толғандырады
/Ә.Табылдиев //Алматы ақшамы. – 1997. – 27 қазан.
Табылдиев Ә. Ұлттық педагогиканың қайнар бұлағы /Ә.Табылдиев
//Отбасы және балабақша. – 1997. - № 1-3. – 44-47 б.
Табылдиев Ә. Халықтық тәрбиенiң қайнар бұлағы
мектепке дейiнгi
педагогика/Ә.Табылдиев//Отбасы және балабақша.– 1997.- № 10-12.– 23-25 б.
Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы - ұлттық мәдениеттiң негiзi
/Ә.Табылдиев //Қазақстан мектебi. – 1999. – №10. – 34-36 б.
24
Ол туралы
Әдiбай
Табылдиев
Биобиблиографиялық
көрсеткiш
/құраст.
А.Б.Қоразова. - Алматы
Қазақ университетi, 2001. – 39 б.
Әдiбай Табылдиев //Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиетi. -
Алматы
Мектеп, 1976. – 147-148 б.
Табылды Әдiбай //Қазақстан жазушылары
ХХ ғасыр. Анықтамалық. -
Алматы
Ана тiлi. – 2004. – 296 б.
Табылдиев
Әдiбай
//Советтiк
Қазақстан
жазушылары
биобиблиографиялық анықтамалық. - Алматы
1987. – 594-595 б.
Табылдиев Әдiбай //Казақ ССР. Қысқаша энциклопедия. Т.4. – Алматы,
1989. – 683 б.
Табылбиев Әдібай //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. –
Алматы: Аруна, 2005. – 490 б.
Панзабеков К. Әдібай Табылдиев – ғылым докторы /К.Панзабеков
//Қазақстан мұғалімі. – 2004. – 15 желтоқсан.
Ақпан
16
28
жұлдыз
Қазақ поэзиясының алыбы, ұлы жыршы Жамбыл
Жабаевтың туғанына 170 жыл
1846-1945
.
Жамбыл Жабаев 1846 жылы ақпан айында осы күнгi Алматы облысы
Жамбыл ауданында Ыстыбай баласы Жабаның отбасында туған.
16 жасының өзiнде-ақ ол қазақ даласына белгiлi болды. Оның қазақ,
қырғыз ақындарымен айтысы қазақтың халық ауыз әдебиетiнiң алтын қорына
ендi.
Жамбылдың балалық, жастық, бозбалалық, карттық шақтары ХIХ
ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас шенiнде өттi. Ұлы ақынның Қазан
төңкерiсiне дейiнгi өлең жырларында байлар мен билердi, олардың
сойқандық қылықтарын әшкерелеп, жарлы-жақыбайлардың мұң-мұқтажын
жырлады.
Қазақ төңкерiсiне дейiнгi айтыстары мен өлеңдерiнiң көбiсi дерлiк
сақталмаған. Тек ұрпақтан ұрпаққа, ауыздан ауызға көшкен бөлiгi ғана бiзге
келiп жеттi.
Ж.Жабаев 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа белсене атсалысқан ақын.
Ол өзiнiң өлеңдерiмен халық рухын көтерiп, ел-жұртты жiгерлендiруге
үндедi.
1917 жылы Қазан төңкерiсi болып, жаңа заман орнағанда Жамбылдың
жасы 70-тен асқан болатын. Ол әр құбылысқа өлеңiмен үн қосып,
жаңалықтарды шалқыған шабытпен жырлады.
1919 ж. Жамбыл Жетiсу ақындарының слетiне қатысты. 1934 жылғы өнер
шеберлерiнiң 1-республикалық съезiнде Жамбыл өзiнiң шынайы халық
ақыны екенiн танытты, тоқсандағы ақынның тасқынды өлеңдерi қазақ
поэзиясын тағы бiр биiк шыңға көтердi. 1936 жылы Мәскеудегi қазақ
көркемөнерiнiң декадасына қатысты. Сөйтiп, ол Бүкiлодақтық ұлы
импровизатор-интернационалист ақын атанды.
25
Ұлы Отан соғысы жылдары Жамбыл жырлары халықты жеңiске
жiгерлендiрдi. Мәселен оның «Ленинградтық өренiм» өлеңi қоршаудағы қала
қорғаушыларына үлкен рух, сенiмдi серпiн бердi.
Ақынның 100 және 125 жылдық мерейтойлары одақ көлемiнде аталды.
Жүз жасаған ұлы жыршы ХХ ғасырдың Гомерi деген атпен халық жүрегiнде
мәңгi қалды. Ақынның туғанына 150 жыл толуы ЮНЕСКО шешiмi бойынша
әлемдiк деңгейде мерекелендi.
Ақынның еңбегi жоғары бағаланып, Ленин, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет
белгiсi» ордендерiмен марапатталды.
Қазақстандағы
бiрқатар арнаулы оқу орындары, Республикалық
жасөспiрiмдер кiтапханасы Ж.Жабаевтың есiмiмен аталады, сонымен қатар
Қазақстанның көптеген қалалары мен селоларында Ж.Жабаевтың атындағы
көше бар.
ӘДЕБИЕТТЕР
Жамбыл. Таңдамалы шығармалар
екi томдық
/Жамбыл Жабаев
құраст.
Н.Айтов ж.б. - Алматы
Ғылым
Т.1. – 1996. – 310 б.
Т.2. – 1996. – 382 б.
Жамбыл. Балаларға
Өлеңдер /Жамбыл. Алматы
Жалын, 1980. – 17 б.
Жабаев Ж. Ел қадiрiн бiл, балам
Шығармалар, естелiктер, күнделiктер
жинағы /Жамбыл /құраст. Н.Төреқұл. - Алматы
Жалын, 1996.–542 б.
Жамбыл. Жүз жасаған жүректен. Өлеңдер /Жамбыл. - Алматы
Балауса,
1996. – 23 б.
Жамбыл. Одақ /Жамбыл. - Алматы
Жалын, 1983. – 8 б.
Жамбыл Жабаев. Өлеңдер, айтыстар, дастандар / құрастырған, алғы сөзiн
жазған С.Садарбаев /Жамбыл. - Алматы
Мектеп, 1989. – 144 б.
Жамбыл. Өсиет
Жалғызбын деп жүрмесiн
өлеңдер
/Жамбыл //Қазақстан
мектебi. - №2
мұқаба және 3 бет
.
Жамбыл. Ұлы заң
өлеңдер
/Жамбыл. - Алматы
Жазушы, 1983. – 96 б.
Жамбыл. Менiң өмiрiм
өлең
/Жамбыл //Қазақстан мектебi. – 1996. - № 2.
Ол туралы
Дастан ата
Ж.Жабаев туралы естелiктер
. - Алматы
Жазушы, 1989. –
416 б.
Жайсаң жандар
.
Жамбыл Жабаев
1846-1945 жж..
//Қазақтар: Көпшiлiкке арналған 9
томдық анықтамалық. Т.2. Тарихи тұлғалар. – Алматы, 1998. - 127-128 б.
Жамбыл Жабаев //Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. Т.3. - Алматы
Қазақ
энциклопедиясы, 2001. – 507-510 б.
Жамбыл Жабаев //Қазақ әдебиетi: Энциклопедия. – Алматы
Бiлiк, 1999. –
244-245 б.
Жамбыл //Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Анықтамалық. – Алматы:
Ана тілі, 2004. – 392 б.
Жамбыл менiң жай атым…
Жамбыл туралы естелiктер
/құраст.
Н.Төреқұлов. - Алматы
Санат, 1996. – 224 б.
26
Жолдасбеков М. Жүз жыл жырлаған жүрек
Ж.Жабаев творчествосын
зерттеу
. - Алматы
Жазушы, 1992. – 317 б.
Жыр тәңiрi
өлеңдер жинағы
/құраст. Ғ.Қайырбеков. - Алматы
Өнер,
1996. – 158 б.
Заманының айнымас айнасы. Жамбыл Жабаев (1846-1945 жж.) //Дала
даналары. – Алматы: Қазақстан даму институты, 2001. – 640 б.
Нұршайықов Ә. Жамбылға хат
Әскери естелiктер. - Алматы
Атамұра,
1996. – 143 б.
Сұртайұлы Т. Абыз ақын
Деректi хикаят
Ж.Жабаевтың өмiрi мен
жырларының қалай туғаны жайында
. - Алматы
Ана тiлi, 1996. – 208 б.
Төреқұл Н. Алатау асарында жыр асырған
жыр алыбы Жамбыл
жайында ғұмырнамалық эссе
//Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi
- Ғылым Академиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер
институты. - Алматы
Ғылым, 1996. – 319 б.
Ұлы жыршы туралы ұлағат
Ж.Жабаев жайында
/құраст. М.Сүндетов. -
Алматы
Ана тiлi, 1996. – 79 б.
Ысмайылов Е. Жамбыл және халық ақындары /құраст. Қ.Сейдеханов. -
Алматы
Санат, 1996. – 239 б.
* * *
Алыбаева С. Жамбыл - жыр алыбы:[Жамбыл Жабаевтың туған күніне
арналған тәрбие сағаты] / С. Алыбаева //Тәрбие жұмысы: мектепте және
мектептен тыс мекемелерде. - 2013. - № 2. - 23-24 б.
Байболова Ж. Өлең сөздің даңғылы – бар қазақтың Жамбылы
/ Ж.Байболова //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2006. - № 6. –
26-29 б.
Байжан К. Дүлдүл жырдың бұлбұл жыршысы. Ақын ұрпақтары
Жәкеңнің
165
жылдығын
дүркіретіп
өткізді
/К.
Байжан
// Егемен Қазақстан. - 2011. - 1 наурыз.
Дәмдібаева Б. Ж.Жабаев: «Жаныс ақынға»:[ақынның өмірі туралы
мағлұмат беру.Ақын өлеңінің мағанасын ашу] / Б. Дәмдібаева //Қазақ
әдебиеті және мемлекеттік тіл. - 2012.- № 9. - 13-б .
Әбдiлдаұлы О. Жүз жыл жырлаған жүрек
28 ақпан - жыр алыбы
Жамбыл Жабаевтың туған күнi
/О.Әбділдаұлы //Заң газетi. – 2005. –
25 ақпан.
Жамбыл және халық ақындары: [Абай атындағы Қазақ Ұлттық
педагогикалық университетінің профессоры Бекен Ыбырайыммен осы
университетте ашылған Жамбылтану және халық ақындары ғылыми-зерттеу
институты туралы] // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 24 ақпан - 1 наурыз.
Жаналиева М. Жамбыл және бүгінгі ұрпақ: [Қызылорда қ. № 172
мектептің кітапханасында Ж.Жабаевтың жырын насихаттау туралы]
М.Жаналиева //Мектептегі кітапхана. – 2006. - № 4. – 10-11 б.
Кубайдарова Ж. Ұлы Отан соғысы жылдардағы қазақ балалар әдебиеті
/ Ж. Кубайдарова // Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте. - 2011. - № 10. -
10-12 б.
27
Қалижан У. Абыз: [Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы туралы]
/ У. Қалижан // Жетісу. - 2012. - 3 наурыз.
Қапалбекұлы Н. Ұлылар үндестігі: [Жамбыл Жабаевтың туғанына 161
жыл толу қарсаңында] /Н.Қапалбекұлы //Президент және халық. – 2007. – 23
ақпан.
Қасқабаев С. ХХ ғасырдың ұлы жырауы: [ұлы ақын Жамбыл Жабаев
туралы] /С.Қасқабаев //Егемен Қазақстан. – 2007. – 28 ақпан.
Құдайбергенова
М. «Жүз жыл жырлаған жүрек»:[жыр алыбы
Жамбылдың
шығармашылығын
оқыту]
/М.
Құдайбергенова
// Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте. - 2013. - № 4. - 24-б.
Махамбетиярова К. Ж.Жабаев: менің өмірім /К. Махамбетиярова
// Қазақ әдебиеті және мемлікеттік тіл. - 2012. - № 10. - 26-б.
Нахметова А.М. Қазақ әдебиеті (5 сынып. Ж.Жабаев) / А. М. Нахметова
// Средняя школа Казахстана=Қазақстан орта мектебі. - 2012. - № 9. - 27-30 б.
Садырбайұлы С. Аты аңызға айналған алып
Жамбыл Жабаев туралы
өзге
ұлт
жазушыларының,
қазақ
қаламгерлерiнiң
естелiктерi
/С.Садырбайұлы //Егемен Қазақстан. – 2001. – 27 ақпан
Тебегенова А. Жамбыл - қазақ тұрмысының жыршысы
Жамбыл Жабаев
шығармалары
/А.Тебегенова //Ұлт тағылымы. – 2000. - № 6. – 75-80 б.
Тұрысбек Р. Өмірі өрнекті өнері өрісті: [Жамбыл-165] / Р. Тұрысбек
// Егемен Қазақстан. - 2011. - 26 ақпан.
Ыбырайым Б. Жамбыл туралы бірер ауыз сөз: [Жамбыл Жабаев
туралы] / Б. Ыбырайым //Мәдени мұра=Культурное наследие. - 2012. - № 6. -
44-49 б.
Ақпан
19 жұлдыз
Азамат соғысының ардагерi, белгiлi ғалым-педагог Шарафи
Есмұханұлы Әлжановтың туғанына 110 жыл
19.02.1901-
1937
.
Әлжанов Шарафи Есмұханұлы 1901 жылы 19 ақпанда бұрынғы
Көкшетау облысының Еңбекшiлдер ауданында дүниеге келген.
1918 ж. Шортандыдағы бастауыш училищені бітірген. 1920 жылы
Қызыл Армия қатарында, 1922 жылы Ақмола уезi атқару комитетiнiң
төрағасының орынбасары, 1924 ж. уездiк милиция бастығы, 1925 жылы
Орынборда әскери мектептiң оқытушысы болды. 1925 жылы Мәскеудегi
әскери-педагогикалық курста оқиды, 1932 жылы сондағы Ұлттар ағарту
институтының педагогика мамандығы бойынша аспирантурасын бiтiрдi. Ол
1932-1938 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты
педагогика кафедрасының меңгерушiсi және педагогика факультетiнiң
деканы қызметiн атқарды. 1934 жылы оған профессор атағы берiледi. Осы
қызметiне қоса ол Қазақ АҚСР Оқу халық комиссариатына қарасты мектеп
ғылыми-зерттеу институтының директорлығына тағайындалды.
Педагог Ш.Әлжанов өзiнiң қысқа өмiрiнде жоғары бiлiмдi мамандарды
әсiресе ұлт кадрларын дайындауға зор мән бердi.
28
Сонымен
қатар
көптеген
педагогикалық-психологиялық
ғылыми
еңбектердiң авторы. Мәселен «Ауыл мектептерiн политехникаландыру
жолдары», «Ұлт мектептерi қазiргi кезеңде», «Абайдың педагогика туралы
көзқарасы», «Ес және есте қалдыру мәселелерi», «Ой мәселелерi» т.б.
еңбектер жазды. Өз еңбектерінде бастауыш, орта және жоғары мектептердің
Қазақстан дамуына сәйкес мақсат-міндетін, ұйымдастыру мен басқару
мәселелерін ғылыми негізде қарастырды.
Ш.Әлжанов «халық жауы» деген жаламен ұсталып, КСРО Жоғары соты
әскери коллегиясы жылжымалы сессиясының 10.11.1938 ж. Үкімімен
атылды. КСРО Жоғары соты әскери алқасының 30.07.1959 ж. Шешімімен
ақталды.
ӘДЕБИЕТТЕР
Әлжанов Ш. Ауыл мектептерiн политехникаландыру жолдары. -
Қазақстандағы ұлттық мәдениет проблемалары және ғылыми-зерттеу
педагогика институтының алдындағы кезектi мiндеттерi. – Абайдың
педагогикалық көзқарасы /Ш.Әлжанов //Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр
антологиясы. Т.2.
ХХ ғасырдың 20-жылдарынан 1995 жылға дейiнгi кезең
.
– Алматы, 1998. – 230-235 б.
Әлжанов Ш. Ес және есте қалдыру мәселелерi. Ой мәселелерi. Дағдылану
мәселелерi /Ш.Әлжанов //Халық ағарту қызметкерлерiнiң бiлiмiн көтеру
жайында басты материалдардың жинағы. - Қызылорда, 1936. – 88-95 б.
Әлжанов
Ш. Ауыл мектептерiн политехникаландыру жолдары
/Ш.Әлжанов. - Қызылорда
Қазбас, 1934. – 31 б.
Әлжанов Ш. Маркс-Ленин педагогика хрестоматиясы /Ш.Әлжанов. -
Кызылорда
Қазбас, 1935. 1 кiтап – 114 б.
2 кiтап – 147 б.
Ол туралы
Әлжанов
Ш.Е. //Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия.- Т.3.-
Алматы,1988.–108 б.
Әлжанов Шарафи Есмұханұлы //Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. Т.1.
Алматы, 1998. – 668 б.
Әлжанов Ш.Е. //Мадин Б. Қазақстанда совет дәуiрiндегi педагогикалық
ой-пiкiрдiң дамуы. – Алматы, 1979. – 9-11 б.
Шарапи Әлжанов
1901-1938
//Калиев С. Қазақ этнопедагогикасының
тарихы
Кеңестiк дәуiр - 1920-1999
. – Алматы, 1999. – 91-94 б.
Шарапи Әлжанов
1901-1937
//Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр антологиясы.
2-шi том
ХХ ғасырдың 20-жылдарынан 1995 жылға дейiнгi кезең
. –
Алматы, 1998. – 229-230 б.
Шәрапи Әлжанов //Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы. –
Алматы, 1996. – 131-133 б.
Әлжанов
Шарафи
Есмұханұлы
//Қазақстандағы
бiлiм
мен
педагогиканың даму тарихы
VI-XX ғғ.
II бөлiм. Библиографиялық
әдебиеттер көрсеткiшi. - Алматы
Зият Пресс, 2004. – 14-15 б.
29
Алтынбекова М. Көрнектi ғалым, абзал азамат
қазақтың педагогика
ғылымдары саласындағы алғашқы докторы Шарафи Әлжанов туралы
/М.Алтынбекова, Қ.Жарықбаев //Қазақстан мұғалiмi. – 1968. – 18 шiлде.
Жарықбаев Қ. Комиссар. Ұстаз. Профессор
Шарафи Әлжанов туралы
/Қ.Жарықбаев //Оңтүстiк Қазақстан.- 1970. – 20 наурыз.
Жарықбаев Қ. Ғибраты мол ғалым еді: [қазақ педагогикасының алғашқы
профессорының бірі – Шәрапи Әлжанов (1901-1938)] /Қ.Жарықбаев
// Алматы ақшамы. – 2001. – 23 қазан.
Нұрланова
В.С. Шарапи
Әлжановтың
мұраларындағы
тәрбие
мәселелері:[Қазақ педагогика ғылымының тұңғыш профессоры Ш.Әлжанов
жайлы] / В. С. Нұрланова // Педагогика және өнер=Педагогика и искусство. -
2011. - № 5. - 14-18 б.
Наурыз
1 жұлдыз
Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан
Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының және
Халықаралық инженерлiк академияның академигi,
ҚазМУ-
дің ректоры (1970-1986), Өмiрбек Арысланұлы
Жолдасбековтың туғанына 85 жыл
1.03.1931-23.07.1999
Жолдасбеков Өмiрбек Арысланұлы 1931 жылы 1 наурызда Оңтүстiк
Қазақстан облысы, Шымкент ауданы
қазiргi Сайрам ауданы
, Қызылсу
ауылында туған. 1954 ж. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу университетiнiң
механика-математика факультетiн бiтiргеннен кейiн, Шымкент қаласындағы
Қазақ технология институтының математика және механика кафедрасының
оқытушысы, аға оқытушы, механика факультетiнiң деканы болып жұмыс
iстедi. 1961 ж. Мәскеу тоқыма институтының аспирантурасын бiтiрiп, осы
институттың оқытушысы болып жұмыс iстеуге қалдырылды. 1962-1964 жж.
Қазақ политехника институтының доценті, кафедра меңгерушісі, деканы
1970 жылға дейін оқу жұмысы жөніндегі проректоры болып қызмет атқарды.
1970-1986 жж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiнiң
қазiргi әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
ректоры, 1986
жылдан - Ұлттық Ғылым академиясының механика және машинатану
институтының директоры болды. 1991 ж. Ө.А.Жолдасбеков дүние жүзi
мойындаған ғалым ретiнде Халықаралық инженерлiк академияның вице-
президентi болып сайланды. 1993 ж. Ислам елдерi инженерлiк академиялары
федерациясының вице-президентi, 1997 ж. Америка инженер-механиктер
қоғамының мүшесi болып сайланды. Қазақстан Республикасы Инженерлiк
академиясының негiзiн қалап, оның тұңғыш президентi болды.
400-ден астам ғылыми еңбектiң авторы, оның iшiнде 18 монография, 30
оқу құралы, 120 авторлық куәлiк пен шетелдiк патенттiң авторы. Ол
машинатану жөнiндегi тұңғыш қазақ терминологиясын жасады, механизмдер
мен машиналар теориясы туралы және университеттер мен жоғары оқу
орындары үшiн теориялық механика жөнiнде қазақ тiлiнде тұңғыш
оқулықтар жазды.
30
Ө.А.Жолдасбеков 24 ғылым докторы және 90-нан астам ғылым
кандидаттарын дайындады.
Ө.А.Жолдасбеков Қазақстанның еңбек сiңiрген ғылыми қайраткерi,
Республика Жоғары Кеңесiне алты рет депутат болып сайланды, 1996
жылдан өмiрiнiң соңына дейiн Қазақстан Республикасы Парламентi
Мәжiлiсiнiң депутаты, әрi ондағы Әлеуметтiк-мәдени даму жөнiндегi
комитет төрағасы болды.
Қазақстан Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, Ленин орденiмен, 2 рет
Еңбек Қызыл Ту орденiмен, көптеген медальдармен, оның iшiнде
Халықаралық және Ресейлiк ғылыми-инженерлiк бiрлестiктердiң Г.В.Шухов
атындағы алтын медалiмен, Халықаралық инженерлiк академияның күмiс
медалiмен марапатталған.
Механика және машинатану институтына, ҚазҰУ қалашығындағы
Студенттер сарайына, университет мұражайына, сондай-ақ, Алматы және
Шымкент қалаларындағы көшелерге Ө.А.Жолдасбеков есiмi берiлген.
Достарыңызбен бөлісу: |