Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет9/33
Дата28.01.2017
өлшемі2,59 Mb.
#2869
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33

ӘДЕБИЕТТЕР

 
     Балғымбаев Ә. Бесiктен бейiтке дейiн  /Ә.Балғымбаев, 1904. 
     Балғымбаев Ә. Торғай уезiнiң ауыл мектептерiндегi оқу iсiн қамқорлыққа 
алып, оның жұмысын жақсарту шаралары /Ә.Балғымбаев, 1911. 
Ол туралы

 
     Балғымбаев Әбдiғали 

Әбуғали

 //Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. – Т.2. 
- Алматы

 «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1999.-108-109 б. 
     Балғымбаев  Әбуғали   

1866-1942

  //Қазақ  ССР.  Қысқаша  энциклопедия. 
Т.3. – Алматы, 1988. – 122 б. 
      Ламашев  Ә.    Ы.Алтынсарин  және  оның  орыс  достары  мен  iзбасарлары 
/Ә.Ламашев. – Алматы, 1988. 
 
 
Сәуір 
 29 жұлдыз 
 
 
Физика-математика  ғылымдарының  докторы,  профессор, 
әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  Университетінің 
ректоры 
(2001-2008
), 
Төлеген 
Әбдісағиұлы 
Қожамқұловтың туғанына  70 жыл (29.4.1946)   
    Қожамқұлов  Төлеген  Әбдісағиұлы    1946  жылы  29  сәуірде  Алматы 
облысы Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында туған.  
    1967  жылы  Қазақтың  мемлекеттік  университетін  (қазіргі  әл-Фараби 
атындағы  Қазақтың  Ұлттық  университеті),  1970  жылы  Ленинградтағы  
(Санкт-Петербург)  А.Ф.Иоффе атындағы физика-техникалық институтының 
аспирантурасын бітірген.  
     1970-1998  жылдары  ҚазМУ-де  (қазіргі  әл-Фараби  атындағы  Қазақтың 
Ұлттық  университеті)  ассистент,  аға  оқытушы,  доцент,  1989  жылдан 
профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1986 жылы докторлық 
диссертация қорғады. 1998 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік 
университетінің ректоры. 
    2001  жылдан  2008  жылға  дейін  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық 
университетінің   ректоры болды. 
     Т.Қожамқұлов  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  ғылым  және  техника  
қайраткері.  100-ден  аса  ғылыми  еңбегі,  соның  ішінде  3  монографиясы 
жарияланған.  
     Негізгі  ғылыми  еңбектері  атом  ядросы  мен  элементар  бөлшектер 
теориясына, кванттық хрододинамикаға арналған. 
     Т.Қожамқұлов    жарық  физикасы  саласында  «Торланған  калибрлік  өрісті 
стохастикалық кванттау» атты жаңа ғылыми бағытты қалыптастырды. 

61 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
         Қожамқұлов  Т.Ә.  Батырлықтың  негізі  даналықта:  Тарихта  Қаракерей 
Қабанбай,  Қанжығалы  Бөгенбай  батырлармен  қатар  аталатын  Шапырашты 
Наурызбай  батырдың  300  жылдық  мерейтойы  қарсаңында  өткізілген 
ғылыми-теориялық 
конференция 
материалдары 
/Т.Ә.Қожамқұлов 
//Шапырашты Наурызбай. – Алматы, 2003. – 5-9 б. 
       Қожамқұлов  Т.Ә.  Тамыры  терең  бәйтерек:  [ҚазҰУ-нің  70  жылдығына 
арналған] /Т.Ә.Қожамқұлов //Қарашаңырақ. –Алматы:Атамұра,2003. – 5-13 б. 
     Қожамқұлов  Т.Ә.  Елбасы  кітабында  ертеңге  деген  бағдар  бар: 
[Н.Ә.Назарбаевтың  «Сындарлы  он  жыл»  кітабы  жайлы]  /Т.Ә.Қожамқұлов 
//ҚазҰУ хабаршысы. Ақпарат сер. – 2003. - № 1 (10)7 – 8-9 б. 
       Қожамқұлов Т.А.  Кванттық механика / Т.Ә.Қожамқұлов, М.А.Жүсіпов, 
О.И.Имамбеков. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 358 б. 
     Қожамқұлов  Т.Ә.  Кванттық  механика  есептерінің  жинағы:  оқу  құралы 
/Т.Ә.Қожамқұлов, О.И.Имамбеков.–Алматы:Қазақ университеті, 2006.–156 б. 
     Қожамқұлов  Т.Ә.    «Кванттық  механика»  пәнінің  оқу-әдістемелік  кешені     
/Т.Ә.Қожамқұлов, О.И.Имамбеков.– Алматы: Қазақ университеті,2007.– 38 б. 
     Қожамқұлов  Т.Ә.  Қазақтың  рухы  Бетховеннің  әуенінен  емес,  бесік 
жырынан  басталады  /Т.Ә.Қожамқұлов  //Ғылым  көкжиегінде:  ғылыми-
көпшілік жинақ. – Алматы, 2006. – 5-20 б. 
      Қожамқұлов Т.Ә. Элитаға барар жол = Путь в элиту /Т.Ә.Қожамқұлов. – 
Алматы: Нұрлы әлем, 2006. – 208 б. 
      Қожамқұлов  Т.Ә.  Тамырынан  нәр  алған  ел  алысқа  ұзайды:  [  әл-Фараби 
атындағы  ҚазҰУ-дің  ректоры  Т.Ә.Қожамқұловпен  сұхбат]  /әңгімелескен 
М.Төлепберген / Т.Ә.Қожамқұлов // Егемен Қазақстан. – 2006. – 28 сәуір. 
     Қожамқұлов Т.Ә. Тәуелсіздікті тұғырландырудың қамы  Саннан – Сапаға                       
/ Т.Ә.Қожамқұлов //Ана тілі. – 2008. – 14-20 ақпан. 
      Қожамқұлов  Т.   «Адамды  адам  ететін  оның  рухани  байлығы»: 
[академик,  физика-математика  ғылымдарының  докторы,  профессор 
Т.Қожамқұлов  қазіргі  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  оқу  мәселесі  және 
ғылымның жағдайы туралы] / Т. Қожамқұлов // Заң газеті. - 2012. - 19 қаңтар. 
      «Адамды  адам  ететін  оның  рухани  байлығы»:  [академик,  физика-
математика  ғылымдарының  докторы,  профессор,  Қазақстанның  еңбек 
сіңірген  ғылым  және  техника  қайраткері  Төлеген  Қожамқұловпен  сұхбат] 
/сұхбаттасқан С. Орынбасарұлы // Заң газеті . - 2011. - №8. 19 қаңтар. 
Ол туралы: 
      Қожамқұлов  Төлеген  Әбдісағиұлы  //Қазақстан:  Ұлттық  энциклопедия. 
Т.6. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2004. – 14 б. 
     Қожамқұлов    Төлеген  Әбдісағиұлы    //Жетісу:  Энциклопедия.  –  Алматы: 
Арыс, 2004. – 411-412 б. 
     Қожамқұлов  Төлеген  Әбдісағиұлы  //Қазақстан  ғылымы:  Энциклопедия. 
Т.2. – Алматы, 2010. – 89-90б, 
     Физик-теоретик  Т.Ә.Қожамқұлов=Физик-теоретик  Т.А.Кожамкулов
– Алматы: Кітап, 2006. – 330 б. 
      

62 
 
Сәуiр 
29 жұлдыз 
Ғалым,  сазгер,  фольклоршы,  музыкатанушы,    педагог, 
қоғам  қайраткерi,  өнертану  ғылымдарының  докторы, 
профессор,  академик  Ахмет  Қуанұлы  Жұбановтың 
туғанына 110 жыл 

29.04.1906-30.05.1968


          Жұбанов  Ахмет  Қуанұлы  1906  жылы  29  сәуірде  Ақтөбе  облысы, 
Темiр  ауданында    дүниеге  келген.  1916  жылы  үш  жылдық  Уркачев  орыс-
қырғыз  училищесiн    бiтiредi.  1920  жылдан  бастап  оның  еңбек  жолы 
басталады.  Алғашқыда  ауылдық  кеңестiң  хатшысы  қызметiн  атқарады. 
«Шамшырақ»  қызыл  отау  үйiнде  меңгерушi  болады.  Осыдан  кейiн  халық 
мұғалiмi  курсында  оқып,  Темiрде,  кейiн  Ақтөбеде  ұстаздық  етедi. 
Жастайынан  музыка  өнерiне  бейiм  ол  көп  ұзамай  Санкт-Петербургтегi 
М.И.Глинка  атындағы  музыка  техникумына  оқуға  түсiп,  соңынан 
Н.А.Римский-Корсаков  атындағы    консерваторияға  түседi.  1932  ж. 
консерваторияны бiтiрісiмен, өнер  зерттеу академиясының музыка бөлiмiнiң 
аспирантурасына түседi. 
    А.Жұбанов  1933  жылы    Санкт-Петербургтен  Алматыға  шақырылып 
алынды. Ол 1933-1942 жж.  Алматыдағы музыкалық-драмалық техникумның 
оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi және  қазақтың Жамбыл  атындағы  мемлекеттiк 
филармониясының  директоры  және  көркемдiк  жағын  ұйымдастырушысы 
болды.  1934  ж.  Қазақ  мемлекеттiк  Құрманғазы  атындағы  академиялық  ұлт-
аспаптар  оркестрiнiң  ұйымдастырушысы,  алғашқы  дирижеры,  көркемдiк 
жетекшiсi болды. 
      А.Жұбанов  1944  жылдан  өмiрiнiң  соңғы  күнiне    дейiн  Алматыдағы 
Құрманғазы атындағы Мемлекеттiк консерваторияның ректоры болды. 
     1942  ж.  жарық  көрген  «Қазақтың  халық  композиторларының  өмiрi  мен 
творчествосы»  аталатын  еңбегiнде  Жұбанов  қазақ  халқының  бiр  ғасырлық 
музыкалық  мәдениетiнiң  тарихын  жүйелеп  шықты.  Осы  кiтабы  үшiн    1945 
жылы  А.Жұбановқа  өнертану  ғылымының  докторы  атағы  диссертация 
қорғамай-ақ  берiлдi.  1946  жылдан  академик.    Ол  Қазақстанда  музыкалық 
мамандар даярлауда ұзақ жылдар бойы үздiксiз еңбек еттi. 
      А.Жұбанов қазақ халқының қазiргi заманғы кәсiби музыкасының негiзiн 
қалаған  аға  буын  сазгерлердiң  бiрi.  Ол  ұлттық  өнер  мамандарын  тәрбиелеу 
iсiне  де  үлкен  үлес  қосты.  Қазақстандағы  музыкалық  педагогиканың 
iргетасын  қалаған ғұлама ғалым. 
     А.Жұбанов 
«Музыка 
әлiппесiн» 
шығарды. 
 
«Қазақ 
халық 
композиторлары»,    «Ғасырлар  пернесi»,    «Замана  бұлбұлдары»  атты 
монографиялық  еңбектердiң  авторы.    Өзi  қайтыс  болғаннан  кейiн  жарық 
көрген  «Ән-күй  сапары»,  «Өскен  өнер»  кiтаптары  -  қазақ    музыкасының  әр 
түрлi кезеңдерiн қамтитын iргелi зерттеулер. 
     Ахмет  Қуанұлы  Жұбанов  Қазақстан  Мемлекеттiк  сыйлығының  лауреаты, 
Ленин  орденiмен,  т.б.  ордендермен,  медальдермен  марапатталған.  Алматы 
қаласындағы  көшелердiң  бiрiне,  Республикалық  музыкалық  мектеп-
интернатқа Жұбанов есiмi берiлген. Алматыда ол тұрған үйдiң қабырғасына 
ескерткiш тақта орнатылған. 
 

63 
 
ӘДЕБИЕТТЕР

 
      Жұбанов А. Жастар, музыканы оқыңдар

 / А.Жұбанов //Қазақтың тәлiмдiк 
ой-пiкiр антологиясы.- Т.2. –  Алматы

 Рауан,1998.-  282-283 б. 
     Жұбанов  А.  Эстетикалық  тәрбие  және  музыкалық  ағарту  мәселелерi. 
Эстетикалық  тәрбиенiң  басты  саласы  /  А.Жұбанов  //Қазақтың  тәлiмдiк  ой-
пiкiр антологиясы.- Т.2. –  Алматы

 Рауан,1998.-  284-286 б. 
     Жұбанов  А.  Жас  буынға  эстетикалық  тәрбие  берейiк  /  А.Жұбанов 
//Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр антологиясы.- Т.2.– Алматы

 Рауан,1998.-  286 б. 
     Жұбанов  А.  Мұқан  Төлебаев

  очерк.  /  А.Жұбанов  -  Алматы

  Қазмембас, 
1963.-44 б. 
     Жұбанов А.Қ. Ән-күй сапары /А.Жұбанов. - Алматы: Ғылым,1976. – 478 б. 
     Жұбанов  А.  Құрманғазы  күйлерi  қалай  шыққан

  /А.Жұбанов.-  Алматы

 
Өнер, 1993. – 40 б. 
     Жұбанов  А.  Ғасырлар  пернесi:  Қазақстанның  халық  сазгерлерiнiң  өмiрi 
мен  шығармашылығы  туралы  очерктер  /А.Жұбанов.-  Алматы:  Дайк-Пресс, 
2002.- 326 б. 
      Жұбанов  А.  Замана  бұлбұлдары.  -  өңд.,  толықт.  2  бас.  /А.Жұбанов.  - 
Алматы

 Дайк-Пресс, 2001. – 440 б. 
Ол туралы

 
      Ахмет  Жұбанов 

1906-1968

  //Қазақтың  тәлiмдiк  ой-пiкiр  антологиясы.- 
Т.2. Алматы

Рауан,1998.-  281-282 б. 
      Ахмет  Жұбанов:  қазақ  халқының  ұлы  перзенті,  академик,  өнертану 
докторы, сазгер, белгілі қоғам қайраткері Ахмет Қуанұлы Жұбановтың (1906-
1968жж.) туғанына 100 жыл толуына арналады. – Алматы: Атамұра, 2006. – 
476 б. 
      Ахмет Жұбанов /құраст. Н.С.Кетегенова, А.Қ.Омарова. – Алматы: Өнер, 
2006. – 200 б. 
      Жұбанов  Ахмет  Қуанұлы  //Қазақстан:  Ұлттық  энциклопедия.  –  Т.4.  - 
Алматы

 «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2002. – 55-56 б. 
      Брусиловский  Е.Г.  Дүйiм  дүлдүлдер  /Е.Г.Брусиловский  /қазақ  тiлiне 
аударған  С.Байжанов.  -  Алматы

  Ана  тiлi.-  1995.-223  б.  А.Жұбанов  туралы 
14-28 б. 
      Ғасырлар пернесінің жыршысы: академик, композитор А.Қ.Жұбановтың 
100 
жылдығына 
арналған 
республикалық 
ғылыми 
конференция 
материалдары бойынша /жауапты шығарушылар: Р.Т.Компақова, И.И.Магай, 
Е.Д.Дүйсенбаев т.б. – Ақтөбе, 2006. – 114 б. 
     Ғизатов Б.  Академик Ахмет Жұбанов /Б.Ғизатов. – Алматы, 1972. 
     Жұмалиев Қ.  Ахмет Жұбанов  /Қ.Жұмалиев. – Алматы, 1966. 
     Рсалдин Ж.  Ахмет Жұбанов /Ж.Рсалдин. – Алматы, 1966. 
 
 
 
 
 

64 
 
1 мамыр - Қазақстан халқының 
бірлігі күні 
          Қазақстан халқының бірлігі күні - Қазақстанда жыл сайын тойланатын 
мереке. 
      
Мереке  1996  жылдан  бастап  тойланады.  1995  жылдың  18  қазанында 
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 
мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды. 
      
Бұл  күн  мемлекеттік  мейрам  болып  табылады  және  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Жарлығына  сәйкес  1996 
жылдан бастап атап өтіліп келеді. 140-тан астам ұлт өкілі тұратын Қазақстан 
үшін бұл мереке дәстүрлі де маңызды мейрамдардың біріне айналды. Себебі 
Тәуелсіз  Қазақстанның  басты  жетістіктерінің  бірі  -  оны    мекен  еткен 
халықтардың арасындағы келісім мен еліміздегі тыныштық. 
     
Осы күні еліміздің барлық өңірлерінде театрландырылған қойылымдар,  
мерекелік концерттер, фестивальдар мен көпшілік шерулер өтеді. 
     
Бұл  күнді  еліміздің  басты  мерекесіне  айналдыру  идеясына  Мемлекет 
басшысы  Н.  Назарбаев  бастамашылық  жасаған  болатын.        Көптеген  
ұлттардың  ортақ  шаңырағына  айналған  Қазақстан  бейбітшілік  пен  келісім 
арқылы әлемге үлгілік жолды нұсқап келеді. Әйтсе де, ұлтаралық келісім мен 
дінаралық татулықтың алтын бесігін тербету аяқ астынан туындаған немесе 
қазақ даласында өздігінен пайда болған дүние еместігі бесенеден белгілі. Ел 
иесі, жер иесі саналатын қазақ халқы алмағайып замандарда шартараптан бас 
сауғалаған,  тағдыр тәлкегімен босып келген басқа  жұртты  бауырына  басты. 
Өзінің тоз-тозы шыққанына қарамастан, басқаның қайғысына да ортақтығын 
танытты.  Кеңестік  жүйе  қыспағымен  қазақ  даласын  паналаған  бөтен  жұрт 
осында  мәңгілік  тұрақтап  қалды.  Тәуелсіздік  тұсында  да  қырықжамаудай 
болған ұлттық  құрамдағы осы  ерекшелікті  негізге  алғандар  «жаңадан  пайда 
болуы  ықтимал  үлкен  қақтығыстар  алаңы»  ретінде  қазақ  даласын  меңзеген 
еді.  Алайда,  қазақ  халқының  даналығы,  кеңдігі  мен  сыйластығы  этностық 
тегіне,  әлеуметтік,  діни  және  де  шығу  тегіне  қарамай,  жаңа  мемлекеттің 
барша азаматының ұйысуына себепші болды. 
     
Көпұлтты  Қазақстан  халқының  татулықпен,  бірлікпен  өмір  сүріп 
жатқаны  жайлы  танымдық  ойларын  дамытып,  барлық  ұлттардың  бір-бірін 
құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында «Ақпыз, қара, сарымыз – ағайынбыз 
бәріміз»  атты  тәрбие  сағатын  өткізуге  болады.  Тәрбие  сағатында  нақыл 
сөздерді,  көгершінді,  шарларды,  жалаушаларды  көрнекілік  ретінде 
қолданады.  Сабақ  екі  бөлімнен  тұрады:  1-бөлім  -  әдеб  –монтаж.  2-  бөлімде 
оқушылар  әр  ұлт  өкілдерінің  салт-дәстүрлері,  ұлттық  киімдері  мен  ұлттық 
тағамдарын көрсетеді және әр түрлі ұлттың биін билеп, әндерін орындайды. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
         
Әбдіғаппарқызы  Б.   Нұрсұлтан  Назарбаев:  Ұлтты  біріктіруші  басты 
фактор - қазақ тілі: [Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 
ХХ сессиясына қатысып, сөз сөйледі] / Б. Әбдіғаппарқызы //Ана тілі. - 2013. - 
25 сәуір - 2 мамыр. 

65 
 
         Досболов  Ә.   Бақ  берерде  елге  ырыс  қонады:  [Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының  ХХ  сессиясы  туралы]  /  Ә.  Досболов  //Егемен  Қазақстан.  - 
2013. - 20 сәуір. 
        Жанділдин  Ж.   Бойтұмардай  сақтайтын  мереке  1  мамыр:  [1  мамыр 
Қазақстан халқының бірлігі күні] / Ж. Жанділдин // Айқын. - 2014. - 1 мамыр.
 
         
 Иманбаева  П.  1  мамыр  –  халықаралық  достық    үні  /П.Иманбаева              
//  Бейнелеу  өнері-Изобразительное  искусство,  музыка  и  черчение.  –  2013.  -  
№ 1. – 25-26 б. 
        Құрманғали  А.   Ынтымақ  қайда  болса,  ырыс  сонда!:  [1  мамыр  - 
Қазақстан  халқының  бірлігі  күні]  /  А.  Құрманғали  //Заң  газеті.  -  2013.  -            
1 мамыр. 
       Мансұров  Б.   Бейбітшілік  -  біздің  ортақ  еңбегіміздің  нәтижесі:  [2015  - 
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы] / Б. Мансұров // Егемен Қазақстан. 
- 2015. - 20 қаңтар. 
       Мирзоев К.   Қазақстан қоғамындағы толеранттық және Қазақстан халқы 
Ассамблеясы / К. Мирзоев //Егемен Қазақстан. - 2012. - 24 қазан. 
      Молдахметұлы  Ж.   Ассамблея  -  бірлік  пен  татулық  айнасы:  [Қазақстан 
халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл] / Ж. Молдахметұлы //Айқын. - 
2015. - 19 наурыз. 
       Назарбаев  Н.   «Қазақстан-2050»  Стратегиясы:  бір  халық  -  бір  ел  -  бір 
тағдыр»:  [Қазақстан  халқы  ассамблеясының  ХХ  сессиясында  сөйлеген  сөзі]    
/ Н. Назарбаев // Ақиқат. - 2013. - № 5. - 5-9 б. 
         Пермұхамбетова 
Д
Тіл 
– 
білім 
мен 
достықтың 
кілті                                   
/ Д.Пермұхамбетова  //Мектептегі мерекелер. – 2013. - № 4. – 29-31 
        Самрат Ж.   Иә, солай! Иә, солай! Қазақ елі осындай!: [Астанада «Қазақ 
елі»  монументінің  алдында  1  мамыр  -  Қазақстан  халқының  бірлігі  күні 
мерекесі аталып өтті] / Ж. Самрат // Егемен Қазақстан. - 2013. - 2 мамыр

        
Тоғжанов  Е.   «Бірліктің  барар  жері  -  Мәңгілік  Ел»  :  [1  мамыр  - 
Қазақстан халқының бірлігі күні] / Е. Тоғжанов //Егемен Қазақстан. - 2013. - 
1 мамыр. 
         Халмұрадов Р.   Халықтық дипломатия арқауы - Ассамблея: [Қазақстан 
халқы  Ассамблеясы  туралы]  /  Р.  Халмұрадов  //Астана  ақшамы.  -  2014.  -          
1 мамыр. 
         Шегебай М.   Қазақстан халқы Ассамблеясы: этносаралық үнқатысудың 
ұтымды  ұйымы:  [Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  ХХ  сессиясы]                
/М. Шегебай // Егемен Қазақстан. - 2013. - 16 сәуір. 
        Ырыс алды ынтымақ. Астанада, еліміздің өзге өңірлерінде, Қазақстан 
халқы  Ассамблеясы  жылының  ашылуына  арналған  салтанатты  рәсім  болып 
өтті  // Егемен Қазақстан. - 2015. - 7 ақпан. 
 
 
 
 
 
 

66 
 
Мамыр 
1 жұлдыз 
Қазақ  тiлi  маманы,  қазақ  тiлi  әдiстемесiнiң  негiзiн 
салушылардың  бiрi,  педагог,  филология  ғылымдарының 
кандидаты Сейiл Сарықұлұлы Жиенбаевтың туғанына 120 
жыл 

1.05.1896-5.05.1945

 
         Жиенбаев  Сейiл  Сарықұлұлы   1896  жылы 1  мамырда  бұрынғы  Орал 
облысы Бөрте ауданы Жайық аулында дүниеге келдi. 
      Ол  1912  жылы  Бөртедегi  2  сыныптық  училищенi  бiтiрiп,  одан  кейiн 
Орынбор  қаласындағы  мұғалiмдер  даярлайтын  оқу  орнын  бiтiрiп,  мұғалiм 
болып  iстеуге  жолдама  алады.  1917-1921  жылдары  Ақбұлақ  уезiнiң  Талды 
болысының Сазды ауылында мұғалiм болды. 1921-1928 жылдар аралығында 
Орынбор  қаласындағы  қазақ  мектебiнде,  әскери  мектепте,  өлкелiк  кеңес-
партия,  үлгi-тәжiрибе  мектебiнде  және  оқытушылар  институтында, 
педтехникумдарда  қызмет  атқарды.  1928  жылы
 
Алматыға  келiп, 
оқытушылық,  ұстаздық  қызметiн  әрi  қарай  жалғастырып,  Қазақтың 
педагогикалық  институтында  сырттан  оқиды.  1929  жылы  Қазақстан  Оқу 
комиссариатының    аппаратына  ғылыми  қызметкер  болып  ауысады.  1931-
1939 
жылдары  Алматыдағы  ауыл 
шаруашылық, 
ұлт  мәдениетi 
институттарында  және  КСРО  Ғылым  академиясының  қазақ  филиалында 
ғылыми қызметкер болып еңбек етедi, 1938-1942 жылдары Қазақ КСРО Оқу 
комиссариаты  жанындағы  ғылыми  зерттеу  институтында,  Абай  атындағы 
педагогикалық  институтта  оқытушылық  қызметте  болады.  1942  жылы 
С.Жиенбаев КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының Тiл, әдебиет 
және  тарих  институтының  сектор  меңгерушiсi  болып  тағайындалады.  1942 
жылы  кандидаттық  диссертация  қорғап,  Мәскеудегi    Тiл  және  ойлау 
институты Ғылыми кеңесiнiң мүшесi болып сайланады. 
      С.Жиенбаев - қазақ тiлi программасы мен көптеген оқулықтардың авторы 
да  болған    әдiскер  ғалым.  С.Жиенбаев  –  зерттеушi  ғалым  ғана  емес, 
мұғалiмдердi тәрбиелейтiн «ұстаздың ұстазы», нағыз педагог болған. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
      Жиенбаев С. Бастауыш мектепте кiтап оқыту методикасы /С.Жиенбаев . – 
Алматы: Қазмембас, 1939. – 36 б. 
      Жиенбаев  С..    Грамматикалық  таблицалар  /С.Жиенбаев.  -  Алматы: 
Қазбiрмем-бас, 1942. 
      Жиенбаев  С..  Жаттығу.  Емле  мен  тiл  дамытудан  I-II  кластарға  арналған 
жаттығулар жиынтығы.- 4-бас. /С.Жиенбаев - Алматы: Қазбiрмембас, 1946. – 
76 б. 
        Жиенбаев  С..  т.б.  Қазақ  тiлi:  Учебное  пособие  для  самостоятельно 
изучающих. – 4-бас. /С.Жиенбаев – Алматы: Мектеп, 1966. – 199 б. 
       Жиенбаев  С.  т.б.  Қазақ  тiлi:  Учебник  казахского  языка  для  русской 
школы  для  VI-VII  класса.-  8-е  изд.  /С.Жиенбаев  -  Алма-Ата:  Казучпедгиз.-
1950.-148 б. 
       Жиенбаев 
С. 
Қазақ 
тiлi. 
Учебник 
казахского 
языка 
для 
взрослых/С.Жиенбаев. – Алма-Ата: Казогиз, 1947. – 129 б. 
       Жиенбаев С.. Қазақ тiлiнiң методикасы:  

орта мектеп оқушыларына 

67 
 
 және          педагогикалық      училище  студенттерiне  көмекшi  құрал

.–  2-бас. 
/С.Жиенбаев.  –  Алматы:  Қазбiрмембас,  1946.  –  116  б.    (Қазақ  КСР  Оқу 
министрлiгi.    Мектептердiң ғылыми-зерттеу институты). 
        Жиенбаев С. Аударманың тiлi туралы /С.Жиенбаев // Қазақ ССР Ғылым 
Академиясының хабарлары. Филологиялық серия, 1946. – 4 шығуы.– 30-36 б. 
         Жиенбаев  С.  Мазмұндама:    Орта  мектептерде,  рабфак,  техникумдарда 
педучилищелерде мазмұндамаға арналған мақалалар жинағы /С.Жиенбаев. – 
Алматы: Қазмембас, 1940. – 63 б. 
        Жиенбаев  С.  Үлкендерге  ана  тiлiн  оқытудың  методикасы.–  2-бас. 
/С.Жиенбаев  -  Қызылорда:  Қазбас,  1936.  –    48  б.  (Қазақстан  Халық  Ағарту 
комиссариаты). 
       Жиенбаев С..     Үлкендерге ана тiлiн оқытудың методикасы /С.Жиенбаев 
- Қызылорда: Қазбас, 1936. –  48 б. (Қазақстан Халық Ағарту комиссариаты). 
        Жиенбаев С. Грамматика талдауыш: Орта мектептiң V класына арналған 
/С.Жиенбаев. – Алматы: Қазмембас, 1936. – 60 б. 
        Жиенбаев  С.  Орысша-қазақша  сөздiк:  Орта  мектепке  арналған  құрал 
/С.Жиенбаев, Ш.Қоқымбаев. – Алматы: Қазбiрмембас, 1945. – 276 б. 
         Жиенбаев  С. Жаңалық: (Колхоз мектептерi үшiн  әлiппе) /С.Жиенбаев, 
Ш.Қоқымбаев. – Алматы: Қазбас, 1932. – 79 б. 
Ол туралы: 
      Сейiл Жиенбаев (1896-1945) //Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр антологиясы. –
Т. 2. /Құраст. Қ.Жарықбаев., С.Қалиев. – Алматы, 1998. –197-б. 
      Жиенбаев  Сейiл  Сарықұлұлы  //Қазақ  ССР.  Қысқаша  энциклопедия.  4-
том. – Алматы, 1989. – 663 б. 
     Жиенбаев  Сейiл  Сарықұлұлы  //Қазақстан:  Ұлттық  энциклопедия.  Т.3.  - 
Алматы

 «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001.- 685-686 б. 
      Жиенбаев  Сейiл  Сарықұлұлы    //Қазақ  тiлi:  Энциклопедия.  -  Алматы, 
1998. – 143 б. 
      Жиенбаев  Сейiл    //Сарыбаев  Ш.Ш.,  Сарыбаев  Қ.Ш.  Қазақ  тiлi  бiлiмi 
әдебиетiнiң  библиографиялық  көрсеткiшi.  –  6-шы  бөлiм.  –  Алматы,  1994.  – 
17, 43, 52, 191, 199, 207 беттерде. 
      Ұйықбаев И.  С.С.Жиенбаев  /И.Ұйықбаев   // Қазақ тiлi методикасының 
библиографиялық көрсеткiшi. – Алматы, 1965. – 20-36 б. 
     Есенов  Қ.  Ғалым  мерейi

Сейiл  Жиенбаев  туралы

  /Қ.Есенов  //Қазақстан 
мұғалiмi. – 1987. – 16 қазан. 
     Кәтембаева  Б.  Методист-ғалым

Сейiл  Сарықұлұлы  Жиенбаев  туралы

  
/Б.Кәтембаева //Қазақстан мұғалiмi. – 1986. – 1 мамыр. 
      Сарғожин Р. Ғалымға арналды /Р.Сарғожин //Қазақ әдебиетi. – 1986. – 22 
тамыз  (Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясы  Тiл  бiлiмi  институтында  өткен 
С.Жиенбаевтың 90 жылдығына арналған мәжiлiс туралы). 
      Ысқақов А.  Iрi ғалым-методист:       

С.Жиенбаевтың еңбектері жайлы] 
 /А.Ысқақов,  Б.Кәтембаева // Қазақстан мектебi. – 1980.- № 6. – 74-76 б. 
 
  
 

68 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет