Программалау тілдері оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет5/24
Дата28.01.2017
өлшемі1,6 Mb.
#2918
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

кес тік (жолдық) типі  String апострофтарға алынған сөз тір-
кесінен тұрады. Тіркестің немесе жолдың ұзын дығы деп оның 
құрамындағы символдар санын айтады. Егер тіркестік констан-
та символ 
дарының ішінде апострофтың өзі кездессе, ол қатар 
орналасқан екі апостроф түрінде жазылады. Тіркестің ұзындығы 
0-ден 255 символға дейін болады.    
Айнымалы – бұл белгілі бір мəнге берілген атау. Ол айныма-
лы идентификаторы арқылы белгіленеді. Стандартты типтегі ай-
нымалылар соған сəйкес константалар үшін көрсетілген мəндер 
диапазонын қабылдайды.
3.5 Мəліметтер типтері
Паскаль тіліндегі программада əрбір айнымалы мен конс-
тантаның берілген бір өзіндік типі болады. Тип сол объектіге 
қолдануға болатын операциялар жиынын анықтайды жəне сол 
операциялардың орында 
луынан шыққан нəтиженің де типін 
айқын дайды. Типтердің стандарт ты жəне тұтынушы анықтаған 
түрлері болады.
Программада пайдаланылатын барлық айнымалылар солар-
ды жариялайтын VAR  сипаттау бөлімінде төмендегідей болып 
көрсетілуі тиіс. 
VAR <идентификатор> [,<идентификатор>,…]: <типі>;
 [<идентификатор> [,<идентификатор>,…]
: <типі>;…]
мұнда тік жақша ішінде тұрған элементтерді жазбай кетуге 
рұқсат етілген, яғни оларды пайдалну міндетті болып саналмай-
ды. 
Мысалы,
         VAR  A : INTEGER;
         B,C: REAL;
Бұл жерде бүтін типтегі А айнымалысы жəне нақты типтегі В, 
С айнымалылары сипатталған.
Тип, өз кезегінде, алдын ала типтерді сипаттай алатын TYPE 
бөлігінде төмендегідей түрде анықталуы мүмкін. 
TYPE <тип идентификаторы> = <типі>;
Мысалы,
TYPE  I = INTEGER;
      R = REAL;

52
Мұндай типтерді жариялау жолдарынан кейін А, В жəне С ай-
нымалыларын төменде гі дей етіп сипаттауға болады:
    VAR A: I; 
        B,C: R;
Реттелген стандартты тип мəндердің шектелген жиында-
ры тізбегін белгілейді. Оларға əдетте бүтін сандар типі, байттық, 
символдық жəне логикалық типтер жатады. 
Саналатын тип – белгілі бір мəндердің реттелген жиынын 
анықтайды, сол мəндердің идентификаторлары нақты түрде 
тұрақты сияқты жақша ішінде ретімен тізіліп көрсетіледі. Осын-
дай əрбір элемент үшін компьютер жадынан бір байт орын 
бөлінеді. Реттелген мəндер жиым (массив) индекстері тəрізді 
нөлден бастап нөмірленеді. 
TYPE  
<тип идентификаторы> 
= (<идентификатор>  
  [,<идентификатор>,…]
);
Интервалдық (аралық) тип берілген айнымалы қабылдай 
алатын мəндер жиынын анықтайды. Мұнда реттелген типтің ең 
кіші жəне ең үлкен мəндері көрсетіледі. Компью 
тер жадынан 
əрбір элемент үшін бір байт орын бөлінеді.
TYPE <тип идентификаторы>= <константа>..<константа>;
Константалар ретінде нақты сандық типтен басқа кез келген 
қарапайым тип қолда ныла алады.
Мысалы,
TYPE  GR =(DS101, DS102, DS201, DS202, DS301, DS302);
   
SPEC = DS101..DS302;
   
DIGIT = 0..9;
VAR  A: DIGIT;
   
B: SPEC;
   
D: 100..200;
Тіркестік (жолдық) тип ұзындығы 0 мен 255 символдар 
аралығындағы сөз тіркес терін сипаттау үшін қолданылады. Сөз 
тіркесінің мүмкін болатын ең үлкен (максимальді) ұзын дығы тік 
жақша ішінде көрсетіледі. Егер ол көрсетілмесе, тіркестің макси-
мальды ұзындығы 255 болып саналады. Компьютер жадындағы 
тіркестік айнымалылар көлемі, тіркестік константалар сияқты, 
сол сөз тіркесінің байтпен берілген максимальді ұзын 
дығына 
1 байт (нөлдік байт) қосқанға тең болады. Нөлдік байт сол 

53
тіркестік айнымалының ұзындығын есте сақтау үшін керек. Тур-
бо Паскальдің маңызды бір ерекшелігі – берілген сөз тіркесінің 
əрбір символын соның реттік нөмірі арқылы жекелеп өңдеуге бо-
лады. 
TYPE 
<тип 
идентификаторы> 

String[<максимальды 
ұзындығы>];
Мысалы,
 
TYPE    
TSTRING = STRING[100];
             TS = STRING;
   VAR     
S,S1: TSTRING; 
             S2: STRING[20];
             SS: TS;
Жиым (массив) – қасиеттері ұқсас болып келетін бір типтегі 
айнымалылардың реттелген жиыны. Элементтер арасындағы 
олардың реттілігі жиым индекстері арқылы анықталады. 
Жиымның əрбір элементіне бір немесе бірнеше индекс сəйкес 
келеді. Егер əрбір элементке бір индекс сəйкес келетін болса, онда 
ол – бірөлшемді жиым (вектор). Жиым элементі екі индекспен 
анықталатын болса – ол екіөлшемді жиым (матрица), мұндайдағы 
бірінші индекс – жол нөмірі, ал екіншісі – сол элемент орналасқан 
бағана нөмірі.
TYPE <тип идентификаторы> = ARRAY [<индекстер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
            типтері тізімі>]
 OF <типі>;
        <индекстер типі 
> :: = <қарапайым тип>
       <қарапайым тип
>:: = <тип          
       идентификаторы>|<идентификатор> 
 
 
 
 
[,<идентификатор>] 

<константа>
..<константа>
Индекс типі ретінде нақты сандық типтен басқа кез келген 
қарапайым тип қолданыла ала 
 
ды. Көбінесе индекстерде бүтін 
тип арқылы жазылған интервалдық типтер пайдаланы лады. 
Мысалы,
 TYPE 
 
T1 = ARRAY [-10..20,1..30] OF BYTE;
 
 
T2 = ARRAY [0..50] OF BOOLEAN;
 
 
T3 = ARRAY [BYTE] OF INTEGER;
 VAR A,B: 
T1;
  
C: 
T2;
 
 
Z: ARRAY[1..100] OF REAL;
 
 
MAS: T3;  

54
Мұнда типтерді сипаттау бөлігінде жиымдардың үш түрлі типі 
келтірілген. T1 – екіөлшемді жиым, оның жолдарының нөмір- 
лері –10-нан 20-ға дейін, ал бағаналар нөмірлері 1-ден 30-ға дейін 
өзгере алады. T1 типті жиым элементтері 0 мен 255 аралығында-
ғы таңбасыз бүтін сан мəндерін қабылдай алады. T2 типі – 
логикалық типтегі бірөлшемді жиым элементтерін анықтайды, 
оның элементтерінің нөмірлері 0 мен 50 аралығында өзгереді. T3 
типі – таңбасы бар бүтін сандар типіндегі элементтерден тұратын 
бірөлшемді жиымды анықтайды, оның индекстерінің өзгеру диа-
пазоны 0 мен 255 аралығында болады. Айнымалыларды сипат-
тау бөлігінде T1 типіндегі А жəне В айны малылары анықталады. 
С айнымалысының типі – Т2, ал MAS айнымалысының типі – 
Т3 болып сипатталған. Кейбір типтерді алдын ала сипаттамай-
ақ, мысалы, Z жиымы тəрізді, бірден айнымалыларды сипаттау 
бөлігінде оның атауын да, индексінің өзгеруін де, типін де қатар 
көрсетуге болады. 
Жиым элементтерін пайдалану индексті айнымалылар арқылы 
жүзеге асырылады. Индексті айнымалының индекстерінің саны 
сол жиымның элементтері санына тең болады. Индекстер мəндері 
бүтін сандар арқылы, қарапайым айнымалылар көмегімен неме-
се арифметикалық өрнектер мəндерін есептеу жолымен анықтала 
береді. Егер берілген екі жиымның сипаттамалары бірдей болса, 
онда олардың мəндерін бірінен біріне мынадай меншіктеу В:=А 
арқылы көшіруге болады
.
Мысалы,
          …
         S:= S+Z[I];
         P:= P*A[I][J];
         C[6]:= TRUE;
         P:= P*A[I,J];
         R:= B[I+5,J];
         MAS[I]:= MAS[I-1]*MAS[I];
                …
Жиымдарды сипаттаудың əр түрлі тəсілдерін қарастырайық.
Элементтері бүтін сан болып келген, 10 жолдан жəне 50 
бағанадан тұратын A матрицасын сипаттау керек болсын делік. 
Осы мысалды үш тəсілмен орындайық.

55
1)  CONST  N = 10;
           M = 50; 
  TYPE TMATR = ARRAY[1..N,1..M] OF INTEGER;
  VAR  A: TMATR;
 
2)  TYPE TSTR = ARRAY[1..50] OF INTEGER;
          TMATR = ARRAY[1..10] OF TSTR;
  VAR  A: TMATR;
 
3)  VAR  A: ARRAY[1..10,1..50] OF INTEGER;
    VAR  A: ARRAY[1..10] OF ARRAY[1..50] 
              OF INTEGER;
Айнымалылар – программа орындалуы барысында өз 
мəндерін өзгерте алатын белгілі бір атаумен белгіленген мəндер. 
Оларды жария лау да программаның сипаттау бөлігінде орнала-
сады, айнымалыны сипаттау кезінде оның идентификаторымен 
қатар типін де көрсету қажет (3.7-сурет). Айнымалыларды пай-
далану да олардың идентифика торларын, яғни аттарын көрсету 
арқылы орындалады. 
Айнымалы типі оның мүмкін болатын мəндерін, компьютер 
жа дын дағы алатын орнын жəне осы айнымалымен орындалатын 
опера циялар жиыны анықтайды
3.5-суретте Паскаль тілінің Турбо Паскаль нұсқасындағы 
айнымалылар типтерінің жіктелуі, яғни классификациясы көр-
сетілген. Соған сəйкес айнымалылар типтері қара 
пайым жəне 
құрылымды болып екіге бөлінеді екен. 
Қарапайым немесе скалярлық типтер мəндердің реттелген 
жиындарын сипаттайды. Олар реттелген жəне нақты болып екіге 
бөлінеді. 
Реттелген типтер тобы мəндер жиыны шектелген айныма-
лылар типтерін біріктірсе, нақты типтер тобы – мəндер жиыны 
шартты түрде шексіз болып саналатын айнымалылар типтерін 
біріктіреді. 
Айнымалылардың реттелген типтері стандартты, саналатын 
жəне кесінді болып бөлінеді. Стандартты түрде төмендегі типтер 
бекітілген:
• 
бүтін типтер – 3.2-кестені қараңыз; 

56
• 
Boolean бульдік типі екі-ақ мəн қабылдайды – false (0) жəне 
true (1), бірақ компьютер жадында ол толық бір байт орын алады; 
• 
Char символдық типі ASCII кестесінде (2 қосымшаны 
қараңыз) көрсетілген символдар жиынын анықтайды. Кесте-
де барлығы 255 код көрсетілген, олардың көбісінің символдық 
бейнесі тағайындалған. Символдар, мысалы, латын, орыс, қазақ 
əріптері, цифрлар жəне нүкте, үтір, т.б. арнайы таңбалар. 
3.5-сурет. Типтердің жіктелуі
3.7-сурет. Типтерді жариялаудың синтаксистік диаграммасы
3.6-сурет. Айнымалыларды сипаттаудың синтаксистік диаграммасы

57
Стандартты емес (бейстандартты) реттелген типтерді айны-
малы ларды сипаттау (3.6 сурет) кезінде көрсету керек.
                                  
      3.2-кесте
Аты
Белгіленуі
Мəндер диапа-
зоны
Ішкі бейнелену 
ұзындығы, байт
Бүтін сан
Integer
-32768 .. 32767
2 (таңбасы бар)
Қысқа бүтін 
сан
ShortInt
-128 .. 127
1 (таңбасы бар)
Ұзын бүтін 
сан
LongInt
-2
31
.. 2
31
– 1
4 (таңбасы бар)
Байт
Byte
0 .. 255
1 (таңбасыз)
Машиналық 
сөз
Word
0 .. 65535
2 (таңбасыз)
Саналатын тип типтерді жариялау кезінде програм малаушы 
анықтаған мəндер бойынша қалыптасады. Мəн дер тізімін жай 
жақша ішінде үтір арқылы бөліп жазады, мысалы:
Var D:(Mon,The,Wed,Thu,Fri,Set,Sun);... { D айнымалы 
 
 
      көрсетілген мəндерді ғана қабылдай алады } 
Ескерту. Компьютер жадында саналатын тип мəндері 
нөлден басталған бүтін сан 
дармен кодталады. Мысалы, Mon 
идентификаторына 0 сəйкес келеді, The – 1 жəне т.с.с.
Саналатын типті жариялау кезінде алдымен жаңа типті 
анықтап алып, сонан кейін осы типтегі айнымалыны сипаттауға 
болады, мысалы:
Type Day = (Mon,The,Wed,Thu,Fri,Set,Sun); {жаңа 
типті жариялау} 
Var D: Day;... {осы типтегі айнымалыны сипаттау} 
Кесінді түріндегі айнымалы типі бұрын анықталған тип 
мəндерінің диапазоны ретінде көрсетіледі. Оны сипаттау кезінде 
де типтерді жариялау конструкциясын пайдалануға болады, 
мысалы:
Type 
Data 

1..31; 
{бүтін 
типтердің 
бірінің 
диапазоны}
Var DataN: Data;... 
немесе типті жеке сипаттамай-ақ, сол айнымалыны мынадай 
түрде жарялауға болады:
Var DataN: 1..31;... 

58
Нақты типтер бөлшегі бар аралас сандарды бейнелеу үшін 
қолданылады. Компьютер жадында (ішкі көрсетілімде) нақты 
сандардың мантиссасы мен дəрежесі бөлек сақталады, ондағы 
мантисса мен дəрежеге бөлінетін разрядтар көлемі сол санның 
типімен анықта 
лады. Соған сəйкес компьютердегі нақты сан-
дарды өңдеу жұмысы мантиссаға бөлінген екілік разрядтар 
санына байланысты белгілі бір дəлдікпен ғана орындалады. 
Санның дəрежесін жазуға бөлінген разрядтар көлемі сол типке 
байланысты сандардың бейнелену диапазонын анықтайды. 
3.3-кестеде тілдің Турбо Паскаль нұсқасындағы нақты сандар 
типінің сипаттамалары келтірілген.
Ескерту. Мыналарды есте сақтаған жөн:
• 
Real типінен басқа нақты сандар типімен жұмыс істеу кезінде 
компиляциялаудың айрықша режимін орнату керек ({$N+} ди-
рективасын енгізу немесе компилятор дың осыған сəйкес опция-
ларын енгізу); 
• 
Real типі үшін ең жай істейтін арифметика қолданылады. 
Мəліметтердің құрылымдық типтері кейін қарастырылады. 
Инициалданған айнымалылар. Турбо Паскаль тілінде 
бастапқы мəндері берілген айнымалыларды сипаттау мүмкіндігі 
бар. Мұндай айнымалылар инициалданған деп аталады жəне 
оларды арнайы const конструкциясы арқылы жариялайды 
(3.8-сурет).
3.3-кесте
Аты
Белгіленуі
Ондық 
цифрлар 
саны
Дəреженің 
өзгеру 
диапазоны
Ішкі 
бейнелену 
ұзындығы, 
байт
Нақты
Real
11..12
-39..+38
6
Бір еселі 
дəлдікпен 
Single
7..8
-45..+38
4
Екі еселі 
дəлдікпен 
Double
15..16
-324..+308
8
Кеңейтілген Extended
19..20
-4951..+4932
10
«Үлкен 
бүтін»
Comp
19..20
-2
63
 + 1.. 2
63
 – 1
8

59
Ескерту. Тілдің идеологиясы бойынша инициалданған ай-
ны малылар ды  const нұсқауында жариялау дұрыс болып 
саналмайды. Сол себепті тілдің кейінгі нұсқаларында бұл сəйкес-
сіздік дұрысталды.
Программадағы инициалданған айнымалыларды жай айны-
малылар тəрізді өзгертуге болады, мысалы:
Const a: 
real=5.6;...
  
a:=(n-1)/k;... 
Қабаттасқан айнымалылар. Кейде компьютер жадының 
нақты физикалық адрес 
терінде орналасқан айнымалыларды 
программаның басқа айнымалылары тұрған жерде де қатар 
жариялауға тура келеді. Осындай қабаттастыра жарияланатын 
айныма лыларды сипаттау да absolute түйінді сөзін қосу арқылы 
var конструкциясы көмегімен жүргізіледі. 3.9-суретте ай 
ны 
ма-
лыларды қабаттастыра орналастырудың да екі нұсқасы бола-
тынын көрсететін толық синтаксистік диаграмма келтірілген.
1. Абсолюттік адрес бойынша қабаттастыру. Мұнда absolute 
сөзі нен соң қос нүктемен ажыратылған word типіндегі екі сан 
орналасады. Бірінші сан сегмент адресін, ал екінші сан – оның 
ығыстырылуын көрсетеді (7.1-ді қара). Мұндай жариялау айныма-
лыны жəне компьютер жадының осы көрсетілген адреске сəйкес 
аймағын физика лық түрде байланыстыру болып табылады.
Мысалы:
Var A: word 
absolute $0000:$00FF;
L:array[1..2] of char 
absolute 128:0;... 
Осы нұсқа, мысалы, операциялық жүйе кестелерін пайдалану 
үшін қолданылады. 
1. Бұрын анықталған айнымалымен қабаттастыру. Мұнда ab-
solute сөзінен соң бұрын анықталған айнымалы идентификаторы 
3.8-сурет. Инициалданған айнымалыларды жариялаудың 
синтаксистік диаграммасы 

60
орналасады. Осы арқылы absolute сөзінде сипатталған айнымалыға 
одан кейін тұрған идентификаторға сəйкес айнымалы адресі 
меншіктеледі. Сонымен, компьютер жадында əр түрлі атаулары 
бар (олар əр түрлі типте де болуы мүмкін) мəліметтерді біріктіру 
ісі жүзеге асырылады. Мысалы: 
Var c:byte;
a:real absolute с;... 
3.9-сурет. Айнымалыны жариялаудың толық синтаксистік диаграммасы
Осылай қабаттастыру нəтижесінде кез келген сəттегі бір 
айнымалыны өзгерту оның екіншісінің де мəнін өзгертуге се-
бепші болады. Absolute арқылы байланысқан айнымалы лардың 
компьютер жадындағы ішкі орналасу аймағының көлемдері 
(ішкі орналасуы) жо 
ға 
рыдағы мысалда көрсетілгендей бірдей 
болмай қалса, нəтиженің дұрыстығы тексеріл 
мейді. Осылай 
қабаттасу əрекетіне 5.5 параграфта мысал келтірілген. 
3.6 Арифметикалық жəне логикалық өрнектер
Меншіктеу операторы барлық тілдерде пайдаланылатын 
негізгі оператор болып табылады. Математикадағы қарапайым 
теңдеу тəрізді айнымалыларға сандық (символдық та болуы 
мүмкін) мəн беру өрнегін мұнда меншіктеу опера торы деп атайды.
Меншіктеу операторы жазылған өрнектердің мəнін есептеп, 
оны айнымалыға тағайындау үшін қолданылады. Өрнек мəнінің 
типі айнымалының типіне міндетті түрде сəйкес келуі тиіс. Кейде 
нақты сан түріндегі айнымалыға бүтін сан мəнін меншіктеуге бо-
лады, ондайда бүтін сан нақты санға айналып кетеді. Меншіктеу 
операторының жазылу ережесі (форматы) төмендегідей болады:
<айнымалы атауы>:=<өрнек>;

61
мұндағы <айнымалы атауы> – айнымалы идентификаторы, := – 
меншіктеу белгісі, яғни айнымалының мəні өрнектің есептелген 
сан мəнін қабылдайды; <өрнек> – ариф ме ти калық өрнек, яғни 
формула немесе сан. Өрнек деп арифметикалық операциялардың, 
яғни амалдардың таңбаларымен бірік тірілген айнымалылардың
функциялардың, тұрақты лардың жиынын айтады. Өрнектердің 
есептелу барысында амалдардың орындалу реті жақшалар 
дың 
көмегімен өзгертіледі. Өрнек операция таңбаларымен жəне 
жақшалармен біріктірілген операндтардан тұрады. Операндтар 
рөлін айнымалылар, тұрақтылар (константалар) жəне функциялар 
атқарады. Өрнек операторлар құрамына кіретін негізгі объект 
болып табылады.
Жалпы арифметикалық өрнек:
⎧⎪⎪
⎪⎪⎪
= ⎨⎪
⎪⎪⎪
⎪⎩
E
тұрақты,
айнымалы атауы,
функция,
өрнек,
түрлерінің бірінде берілуі мүмкін. Жалпы өрнек тек айны 
ма-
лылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүм кін. 
Мысалдар:
(5+7*х)/1.8 , (sіn(x)+5*cos(2+x))/ln(x), .т.с.с.
Төмендегі өрнектердің математикада жəне программалау ті-
лін де жазылулары қатар келтірілген.
x
a b
( a b ) / ( a b )
e
exp( x
)
a-b
+
+ → +


+
1
1
b
a
exp( b* ln( a ))
x
sqrt(
sqrt( x ))

+

+
1
1
3
(
) / ( * )
exp(ln( ) / 3)
a b
a b
x y
x
x
xy
+ → +

)))
ln(
*
)
1
exp((
*
)
exp(ln(
1
b
x
a
a
x
b
+

+
Меншіктеу операторы екі міндет атқарады:
1. Айнымалылардың белгілі мəндері бойынша арифмети ка-
лық өрнектің сандық мəнін есептейді;

62
2. Табылған мəн айнымалы атауына меншіктеледі (телініп 
жа зылады), яғни анықталған мəн сол айнымалыға сəйкес компь-
ютер жады ұяшығына орналасады. Мұнда əдеттегі теңдік “=” 
белгісімен программалау тіліндегі меншіктеу “:=” белгісін ша-
тастырмау қажет. Олар тек түр жағынан ғана емес мағынасы жа-
ғынан да өзгеше. Мысалы, х=5 өрнегі х-тің мəні 5-ке тең дегенді 
білдіреді де, x=x+3 өрнегінің дұрыс мағынасы жоқ. Ал х:=5 өрнегі 
х айнымалысына арналған ұяшыққа 5 санын жаза 
мыз дегенді 
білдіреді. Ал, енді x:=x+3 өрнегі де дұрыс, өйткені бұл бұрынғы 
х ұяшығында тұрған санға 3 санын қосып х ұяшы 
ғына қайта 
орналастыру дегенді білдіреді. Төменде меншіктеу операторының 
синтаксис тік диаграммасы келтірілген (3.10-сурет).
3.10-сурет. Меншіктеу операторының синтаксистік диаграммасы
Меншіктеу операторына мысалдар:
і:= і+1;
x:=5.35; 
x1:= (-b+sqrt(b*b-4*a*c))/(2*a);
a[2,3]:=m-n;
fun:=false; {fun айнымалысының типі–boolean}
с:=2*pі*r;
R:=19.36;
M:=’завод’; 
Y:=sqrt(sqr(x)+1);
Y1:=3.5+sіn(x);
Меншіктеу операторы тек арифметикалық өрнектер үшін 
ғана емес логикалық жəне символдық өрнектер үшін де пайда-
ланылады. Мысалы, егер К := А AND В, мұнда А-ақиқат, ал 
В-жалған болса, онда К жалған мəн қабылдайды, К-ақиқат мəн 
қабылдау үшін А жəне В мəндері бірдей ақиқат болуы қажет
өйткені AND сөзі ЖƏНЕ деген ұғымды білдіреді.

63
Символдық мəн əрқашанда апостроф ‘ ішіне алынып жазы-
лады. Мысалы: В := ‘ Т ‘; В5 := ‘9’.
Паскальдағы операциялар орындалуының реттілігі (прио-
ритеті) олардың басымдылық деңгейлерінің төмендеуі бойынша 
төмендегідей болады:
•  
бірорындық минус; 
• 
NOT (ЕМЕС) логикалық операциясы; 
• 
көбейту тəрізді операциялар тобы ; 
• 
қосу тəрізді операциялар тобы; 
• 
салыстыру (қатынас) операциялары. 
Бірорындық минус арифметикалық түрдегі операндтарға 
қолданылады.  NOT  операциясы – логикалық типтегі операнд-
тар үшін қажет. Егер өрнекте приоритеттері бірдей бірнеше 
операция тұрса, олар солдан оңға қарай орындалады. Олардың 
приоритеттерін жай жақшалар арқылы өзгерте аламыз. Логикалық 
өрнектерде приоритет типтеріне байланысты түсінбеушілік бол-
дырмас үшін жақшалар қойылып отырады. 
Мысалы, егер мынадай өрнекте  … (X > 5)  AND  (Y > 10) … 
жақшалар қойылмаса, онда синтаксистік қате шығады, өйткені 
AND операциясының приоритеті қатынас операциясынан (>) 
жоғары болады.
             <көбейту тəрізді операциялар> :: = * | / | div | mod | and
         <қосу тəрізді операциялар> :: = + | – | or | xor
      <қатынас операциялары> :: = = | <> | < | > | <= | >= | in
Қатынас операциялары барлық стандартты қарапайым тип-
терге қолданыла береді. Оның нəтижесі əрқашанда логикалық 
тип болады.
Мысалы,      (5 + 6) < (5 – 6) = TRUE орындалу нəтижесі – 
FALSE, ал NOT(8.5 < 4) нəтижесі – TRUE.
Сөз тіркестерін салыстыру солдан оңға қарай əрбір символ 
бойынша жүргізіледі. Салыстыру кезінде қысқалау сөз тіркесінің 
оң жағына босорын таңбалары қойылады. 
Əдетте өрнек ішінде бірсыпыра операциялар атқарылады, 
олар да төмендегі сияқты өз приоритеттілігі бойынша орындала-
ды (3.4-кесте):
• 
арифметикалық операциялар: + (қосу), – (азайту), * (көбейту), 
/ (нақты сандарды бөлу), div (бүтін сандарды бөлу), mod (қалдық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет