Қарастырылатын негізгі сұрақтар


Педагогтың өзін-өзі жетілдіруінің кезеңдері



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата28.01.2017
өлшемі0,66 Mb.
#2924
1   2   3   4   5   6

  Педагогтың өзін-өзі жетілдіруінің кезеңдері 

Педагогтың  өз  бетімен  білім  жетілдіру  қызметі  әр  түрлі  мазмұндық  және 

функционалдық  қурамдас  бөліктерден  тұрады.  Мазмұндық  құрамдас  бөлікке  жалпы 

мәдениеттілік,  пәндік,  психологиялық  –  педагогикалық  және  әдістемелік  жағынан  өз 

білімін  көтеруі  жатады.  Педагогтың  жалпы  мәдениеттілік  білім  көтеруі  жалпы 

педагогикалық  құндылыққа  толы  ақпаратты  қабылдау,  соған  ие  болуға  арналған.  Ал,  өз 

білімін  психологиялық  –  педагогикалық  жағынан  көтеруі  —  педагогикалық  және 

психологиялық  әдебиеттермен  тереңірек  танысып,  оқып  үйрену  болып  табылады.  Осы 

бағытты  арнайы  зерттеу  мен  одан  алынған  нәтижелерге  сүйене  отырып,  бұл  аспектінің 

білім  көтерудің  өте  бір  әлсіз  буыны  екеніне  көзіміз  жетті.  Мұғалімнің  әдістемелік 

жағынан  білім  көтеруі  пәннің  оқытылу  әдістемесін  одан  әрі  тереңдету,  нақтылау,  өңдеу, 

кеңейту болып табылады. Бұл арнайы әдістемелік әдебиетті, оқулықтарды, педагогикалык 

тәжірибені  оқып  үйрену  арқылы,  өз  кызметін  талдап  қорыту  арқылы  жүзеге 

асырылады. Бұл 

бағыт 

көптеген 



мұғалімдерде 

жиі 


байқалады, 

бірақ 


бар- 

лық жағдайда бірдей алынған ақпарат саналы түрде шығармашылық тұрғыдан өңделмей, 

сын  тұрғысынан  талданбай,  тек  еліктеушілік  сипатта  қала  береді. Кәсіби  шеберлігі 

шыңдалып  қалыптасқан  муғалім  үшін  бұл  да  оның  өмірінің  кәдімгі  үйреншікті  тірлігіне 

айналады.  Кәсіби  перспективтік  өздігінше  білім  алу  —  бұл  муғалімнің  өзінің 

педагогикалық  қызметінің  нәтижесін  талдау  негізінде  пайда  болған  белгілі  бір  психолог 

иялык,  —  ледагогикалық  немесе  әдістемелік  мәселе  төңірегінде  ұзақуақыт  бойы  жұмыс 

істеуі. Өзектілік  тұрғысынан  педагогикалық  өздігінше  білім  алу  дегеніміз  —  бұл  тез 

шешім қабылдауды қажет ететін педа-гогикалық қызметтегі кейбір елеулі, маңызды, бірақ 


жекелеген  қиындықтар-мен  жұмыс.  Мұғалімнің  өз  бетінше  кәсіби  білім  алуының 

мазмұндық  компоненттерінің  әрқайсысы  әртүрлі  деңгейде  қалыптасқан  болып,  соның 

нәтижесінде  барлық  өзбетінше  білім  алу  қызметі  көл  деңгейлі  білім  алу  ретінде  көрінуі 

мүмкін.                  Қазіргі  заман  талаптарына  сай  мүгалімдерді  даярлауда  жаңа  мақсат  – 

міндеттер  қойылып отыр. Мұғалімнің кәсіби білім мен біліктілігі жоғары деңгейде болып, 

окушылардың  тұлғалық  қасиеттерін  дамыту  проблемаларын  шешуге  шығармашылық 

қабілеттері  болуға  тиісті.  Мүғалімнің  кәсіби  даярлығын  жетілдіруде  екі  негізгі  міндетті 

орындау  кджет:бірінші  мәселе;  ұстаз  қызметінде  тәрбие  беру  мәселесі; екінші  мәселе  -

дидактикалық  даярлығын  арттыру;Мақсатты  және  бағдарламалық    мақсаты  тәсілдерді 

дамьпу  педагогикалық  оқу  орындарының  муғалімнің  тәрбиелік  міндеттерінің  көбеюі 

(кәсіби  қажетті  білім,  дағды,  мүмкіндіктерінің  ауқымын  кеңейту)  және  оқу  орын 

қабырғасында  жүрген  осы  қажетгіліктер  ауқымын  нақты  игеру  мүмкіндіктерінің 

арасындағы  қайшылықтарды  жоюға  бағытталған.  Болашақ  мүғалім  —  тәрбиеші 

жүмысының,  мазмүндық  және  міндеттік  қырларын  нақтылау  факультет  пен  мамандық 

ерекшелігі  ескеріліп,  кджетгі  және  сьтомс  маліметгерді  таңдап  алу  негізіңде  жүргізілу 

қажет.  Негізгі  педагогикалық  ережелерді  ғылыми  пайдалану  дәрежесін  артгыру, 

педагогикалық  қызметті  игерудің  сапасын  жетіддіру  де  осы  мақсатка  қызмет  етуге 

тиісті.Дидактикалық  дайындық  —  кәсіби  –  педагогикалық  даярлықтың  негізгі  жөне 

маңызды  саласы.     Дидактикалық  даярлықты  қалай  түсіну  керек?  Мұғалімдердің 

дидактикалық  даярлыгына  жататындар:  олардың  оқыту  үрдісінің  теориясы  мен 

практикасы  бойынша  игерген  білімдері,  педагогикалық  қызметке  деген  ынтасы  мен 

мүмкіндіктері.  Нақты  айтқанда,  оқытудың  мақсаты  мен  мазмүны  оны  үйымдастырудағы 

қолданатын  тиімді  әдіс  —  тәсілдерді  жете  біліп,  іске  асырудың  жолдарын  меңгеруді 

дидактикалық  даярлықты  аньгқтайтын  белгілер  деуге  болады.  Осыған  орай, 

педагогикалық  қызметті  атқаруға  қажет  мұғалімнің  бойында  мынандай  дидактикальгқ 

қабілеттер болуы қажет: оқыту үрдісін жоспарлай білуі, оны мақсатты турде ұйымдастыра 

алуы,  жүйелі  түрде  бақылау  мен  бағалау  ісін  орындап  отыруы.   Мектсптсгі  оқыту 

дидактикалық  үрдіс  болғандықтан,  болашақ  мүғалім  оның  өзіне  тән  психологиялық, 

педагогикалық  ерекшеліктерін  білуі  өте  қажет.  Оқыту  үрдісінің  басты  компоненті  — 

оқытудың мақсаты мен мазмұны. Оқушылардьгң рухани дамуына, ең алдымен, оқытудың 

гыльгми  мазмүны  мен  гуманитарлық  бағыты  орасан  зор  ықпал  етеді. Психология, 

педагогика  ғылымдарын  оқыту  барысында  болашақ  мүғалімдердің  дидактикалық 

білімдері  мен  дағдыларын  арттыру  мақсатында  педагогикалық  қызметтің  кәсіби 

қүрылымы  мен  оның  моделі  туралы,  сондай  –  ақ,  мектептегі  оқушылардын  танымдық 

әрекетін  қалыптастырудың  психологиялык,  жөне  әдістемелік  құралдары  мен  тиімді 

жолдары  туралы  жан   жақты  білім  беру  міндеті  туындайды.   Жас  мүғалімдердің 

қызметіндегі  дидактикалық  қиындықтар  негізінен  олардың  мынандай  іс  —  әрекетінен 

байқалады:                                                          

 

ұстаздық  қызметтің  мазмұны  мен  кқрылымдык,  жағына  байлан|ыс  іс-



әрекетінде;                                                                                                                 оқушы

лардың танымдық орекетін қалыптастырудағы іс — әрекетінде; 

 

дарынды  балалармен,  үлгермейтін  оқушылармен  дара  жүмыс  істеудсгі 



әрекетінде;                                                                                                   

 

Жас  мұғалімдердің  үстаздық  қыз.мет-ке  тән  іс-әрекеттің  негізгі  түрлерін  (қүрамды 



бөліктерін) жете меңгере алма-ғандыгын емір көрсетіп отыр.               

Оған  мыналар  жатады:  ұстаз  қызмегіңцегі  мақсат  қоя  білу  ісі;  білімнің  мазмүнын 

игеру  ісі;  оқушылардың  білім  алуға  деген  мүмкіндіктері  мен  психологиялық  ерек-

шеліктерін анықтау (диагностикалау) ісі;  сабақ өткізудің әдістемелік жагын үйымдастыра 

білу  ісі; оқушылармен  жақсы  қарым-қатынас  жасай  білу  ісі  (коммуниактивтік 

орекет); оқушыларды  білімге  ынталандыру,  қызықтыру  іс-әрекеті; оқушылардың  білім, 

дағдыларын бақылау жоне бағалау іс — әрекеті. Жас мүғалімдердің қызметінде кездесетін 


дидактикалық 

қиындықтардың 

көбірек 

орын 


алатьндары 

мыналар:                                                                                       

оқыту  үрдісінде  оқушылардың  танымдық  әрекетін,  логикалық  ойлау  қабілетін 

қалыптастырудағы қиындықтар;  

оқушылардың оқу өрекетінің дағдыларын қалыптастырудағы киьшдықтар;  

дарынды  балалармен  және  үлгермейтін  оқушылармен  жекелеп  жүмыс  істеудегі 

қиыңдықтар.     

 Мұғалімдері  қандай  болса,  когамы  да  сондай  деген  бұлжымас  заңдылық  ерте 

уакыттардың  өзінде  –  ақ  белгілі  болды.  Адамзат  өркениетінің  даму  тарихында  жақсы 

мектебі  мен  мүғалімдері  бар  мемлекеттер  гана  алга  озып  шыққан.  Мүғалімнің  рөлін 

томендету  кашанда  болмасын  мемлекетті  аздырып,  әдет  –  ғүрыптарды  нашарлататын 

кынжытарлық жагдайлармен аяқталып отырған.                        

Инновацияның  мазмұндық  құрылымына  кіретіндер  —  білім  беру  —  тәрбиелеу 

үрдісінде,  оқу  —  тәрбие  жұмысын  және  оларды  меңгеріп  алу,  зерттеу,  мектептегі  оқу  – 

тәрбие үрдісіне енгізу.                                                 

 

 



Педагогтың "Мен" тұжырымдамасы – адамның өзі жайлы біршама тұрақты, азды-

көпті мәні бар түсініктерінің жүйесі. 

"Мен" тұжырымдамасы негізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас жасап, өзіне деген 

көзқарасын  қалыптастырады. 

Адам

 бойындағы  “мендік”  қасиет  адамның  іс-әрекеті  мен 



әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасады. Кез келген адамның 

өз  “менін”  айыра  алуы  тұлғалық  қасиеттің  өзекті  белгісі  болып  табылады.  "Мен" 

тұжырымдамасы  әлеуметтік  өзара  іс-қимылдың алғышарты мен салдары бола  тұра, 

әлеуметтік тәжірибе барысында анықталады. 

Оны құрайтындар: 

-

 

шынайы “мен” (осы шақтағы өзі туралы түсінік), 



-

 

идеалдық  “мен”  (өзінің  пікірі  бойынша,  субъектінің  моральдық  нормаларға  бағдар 

алғанда қандай болуға тиіс екендігі), 

-

 

серпінді “мен” (субъектінің қандай болғысы келетіндігі туралы ниеті), 



-

 

фантастикалық 

“мен” 

(егер 


мүмкін 

болса, 


субъектінің 

қандай 


болуды 

армандайтындығы), т.б. 

Педагогтың  "Мен"  тұжырымдамасының  қалыптасуы  адамдар  арасында  қызмет  алмасу 

жағдайында  жүріп,  оның  барысында 

субъект

 “басқа  адамға  айнадағыдай  көрінеді”  және 



сол арқылы өз менінің бейнесін сақтап, айқындайды және түзетеді. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Дәріс 11. Кәсіби қарым-қатынас 

 

Қарастырылатын сұрақтар: 

Кәсіби  қарым-қатынас,  тәлімгерлік-педагогтың  кәсіби  өзін-өзі  тануының  және 

дамуының  кұралдары  ретінде.  Педагогтың  кәсіби  жетістіктерді  жинақтау  әдістемесі. 

Педагогтың  гуманистік  позиңиясы-оқушылардың  өзіндік  дамуы  және  өзін-  өзі  тануын 

педагогикалық қолдауды жүзеге асырудың негізі ретінде.  

 

Педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік. Әрбір адам әлеуметтік   ортада  өмір   



сүргендіктен   басқа  адамдармен   ақпарат 

алмасады,  тәжірибесімен  бөліседі,  бірігіп  ынтымақтастық  қарым-қатынастарды  сақтауға 

тырысады. Яғни, қарым-қатынас үнемі әлеуметтік, ұжымдық сипатта болады. Сондықтан 

қарым-қатынасты адамның әлеуметтік ортаға бейімделуінің негізгі факторларының бірі 

деуге  де  болады.  Олай  болса  қарым-қатынас  -  айнала  қоршаған  дүниемен  адамдар 

арасындағы байланысты тұрақтандырушы. 

Жалпы ойланып қарасақ қарым-қатынасты орнату өнерін жақсы меңгерген адам өмірде де 

көп  жетктіктерге  жете  алады,  жұмысында  да  беделі,  абыройы  жоғары  болып  қоршаған 

адамдардың сый-құрметіне бөленеді. 

Соңғы  жылдары  қарым-қатынас  мәселесі  көп  ғылымдардың  зерттеу  пәніне  айналды. 

Онымен 


философтар, 

әлеуметтанушылар, 

мәдениеттанушылар, 

экономистер, 

саясаттанушылар,  заңгерлер,  психологтар  мен  педагогтар,  менеджерлер  тығыз 

айналысуда. Әр ғылым бұл феноменді өз мақсаттары мен міндеттері тұрғысынан зерттеу 

үстінде. 

Ғылым  аралық  ұғым  ретінде  қарым-қатынас  -  өзара  іс-әрекеттер  қажеттіліктерінен 



туындайтын  және  ақпараттармен  алмасуды,  өзара  түсінісуді,  қабылдауды  қамтитын 

адамдар  арасындагы  байланыстарды  орнатудың  және  даытудың  күрделі  процесі 

ретінде қарастырылады. 

Педагогикалық  іс-әрекетте  де  қарым-қатынастың  алатын  орны  өте  жоғары,  себебі 

педагогтың негізгі атқаратын қызметтері болып  табылатын  тәрбиелеу,  оқыту,  білім  беру 

дамыту қалыптастыру процестерін қарым-қатынассыз көз алдына елестету мүмкін емес. 

Педагог  мамандығына  байланысты  кәсіби-педагогикалъқ  қарым-қатынас  ұғымы 

қолданылады.  Жәй  қарапайым  күнделікті  тұрмыстық  қарым-қатынас  пен  кәсіби-

педагогикалық  қарым-қатынастың  айырмашылығы  өте  көп.  Мысалы,  адам  өзінің  жақын 

танысымен  кездесіп  қалып  бір  мәселе  жайлы  сөйлесіп  тұрса  ол  жәй  тұрмыстьтқ  қарым-

қатынас  болады.  Егер  мұғалім  балалар  алдында  сабақ  беріп  тұрса  -  бұ_л  мүлде  басқа 

қарым-қатынас. Екінші жағдайда мұғалім қарым-қатынасты оқушылар ұжымымен арнайы 

күнтізбелік жоспардағы бір тақырыпқа байланысты сабақ жоспары бойынша ойластырып 

ұйымдастырады. 

В.А.Сластенин педагогикальқ қарым-қатынас деп педагог пен оқушылардың арасындағы 

өзара  әрекеттерінің  мақсаты  мен  мазмұнынан  туындайтын  қатынастарды  орнатып 

дамытуды, өзара түсінушілік пен әрекеттестікті ұйымдастырудың күрделі процесін атайды. 

Педагогикалық  қарым-қатынаста  педагог  жетекші  рөль  атқарады,  себебі  ол  баламен 

болатын  қарым-қатынасты  ұйымдастыру  үшін  алдын  ада  көптеген  педагогикалық 

міндеттерді  анықтайды,  сол  міндеттерді  шешудің  тиімді  жолдарьн  іздестіреді.  Қарым-

қатынасқа байланысты қойылатын міндеттер коммуникативтік міндеттер деп аталады. 

Педагогика  ғылымында  коммункативтік  міндеттерді  шешудің  негізгі  кезеңдері 

анықталған: 

қарым-қатынас 



жағдайын 

бағдарлау 

кезеңі 

(мұғалім 



сыныптың 

мандай 


екенін, 

олармен 


қандай 

стильде 


сөйлесу 

керек 


екенін, 

қандай 


оқушыларға сөйлеудің қандай әдістерін қолдану керек екенін анықтайды); 

өзіне  көңіл  аударту  кезеңі  (пауза,  сөз



 

арқылы  көңіл  аударту,  қимыл 

арқылы - кесте көрсету, көрнекілік құралдар көрсету, тақтаға жазу, т.б.); 


-

 

тыңдаушылардың  қарым-қатынасқа  даярлығын  анықтау  кезеңі  (тыңдаушылар 

аудиториясындағы қарым-қатынаста жағымды психологияльқ ахуалдың барын не жоғын 

анықтайды); 



-

 

вербальдық қатынасты орнату кезңі (ақпаратты ең тиімді жолмен ұғынықты, логикалъқ 

жүйелі түрде сөйлеу); 

-

 

мазмұнды  және  эмоционалды  іскері  байланысты  ұйымдастыру  кезеңі  (тіл  құралын 

дұрыс  қолдану,  ацпаратты  баяндаудың  логикалыығы,  монологтың  орнына  диалогтық 

қатынас  орнату,  сұрақтар  қою  арқылы  аудиторияның  зейінін  тақырып  көлемінен 

алшақтатпау,  цызыцты  проблемалъщ  сүрацтар  цою,  оцушылардың  түсінген  не 

түсінбегенін, қабылдау деңгейлерін анықтау). 

В.А.Кан-Каликтың  зерттеуінше  педагогикалық  қарым-қатынастың  өзіндік  даму 

динамикасы бар, ол түрлі сатылар бойынша іске асырылады. 

1. 

Сабақты 


не 

іс-шараны 

өткізуге 

Дайындалу 

процесінде 

болатын 


қарым-қатынасты жобалау сатысы {жоспаp құру, қарым-қатынастың моделін құру); 

2. 

Қарым-қатынасты  тікелей  ұштастыру  сатысы  (қарым-қатынастың    алғашқы 



кезеңі, «коммуникативтік шабуыл» жасау). 

3. 


Қарым-қатынасты  басқару  сатысы  (оқушылардың  танымдық  іс-әрекеттерін   

басқару,      ойларын    жвтектеу,      іс-әрекет      түрлерін  ауыстырып  отыру  қарым-

қатынасқа бөгет болып тұргған психологиялық кедергілерді азайту). 

4.  Педагогикалық  қарым-қатынастың  барысын  және  нәтижелерін  талдау  сатысы 



(қорытынды сатысы, кері байланыс арқылы қарым-қатынас нәтижесін бағалау, қарым-

қатынастың тигімділік деңгейін анықтау). 

Тәжірибеде  бұл  қарастырылып  отырған  педагогикалық  қарым-қатынас  сатыларының 

ұйымдастырылу  ұзақтығы  іс-әрекет  мақсаты  мен  мазмұнына  байланысты  созылмалы 

немесе тым қысқа болуы мүмкін. 

Педагогикалық  қарым-қатынас  барысында  мұғалімнің  жалпы  мәдениетінің  бір  қырын 

байқауға  болады.  Қарым-қатынас  орнатуда  мұғалім  тек  сөйлеуші  емес  сонымен  қатар 

жақсы  тыңдаушы  да  бола  алуы  керек.  Мұғалімдердің  өз  шәкірттеріне  үлкен  құрметпен 

және  сеніммен  қараулары,  оқу  процесінде  балалар  жауабын  тыңдауда  оларды  қолдап, 

құптап,  олардың  ойларына,  жауаптарына  ризашылығын  білдіріп  отырса,  педагогикалық 

қарым-қатынас әсерлі де тиімді болып, табысты нәтижесін көп күттірмейтін болады. 

Сондықтан  әр  болашақ  мұғалім  педагогикалық  қарым-қатынас  түрлерін,  оны 

ұйымдастыру  сатыларын,  оның  кәсіби  іс-әрекеттегі  маңызды  ерекшеліктерін  арнайы 

зерттеп үйренгені абзал. 

Педагогикалық  қарым-қатыныс  түрлері.  Адамның  күнделікті  өмірінде  қарым-

қатынастың  сан-алуан  түрлері  кездеседі.  Психологиялық-педагогикалық  іс-тәжірибеде 

мұғалімдер  мен  оқушылар  арасындағы  қарым-қатынастар  мынандай  негізгі  төрт  түрге 

бөлініп қарастырылады: 

1.

 

Вербальды қарым-қатынас. 



2.

 

Вербальсыз қарым-катынас. 



3.

 

Интерактивті қарым-қатынас. 



4.Перцептивті қарым-қатынас.  

 

 



 

 

 



 

Сурет  1.  Педагогикалық  қарым-

қатынас түрлері. 

 

Педагог



икалық 

қарым-


қатынас 

 

Вербальды 



қарым-

қатынас 


Вербальсыз 

қарым-


қатынас 

Интерактивтіқарым-

қатынас 

Перцептивті  қарым-

қатынас

 

  



Вербальды  қарым-қатынас  -  бір  адамнан  екінші  адамға  не  болмаса  бір  топ  адамдар 

арасындағы  сөз  арқылы  ақпараттармен  алмасу  процесі.  Сөз  адамдарға  ғана  тән,  аса 

маңызды құдіретті күш және вербальды қарым-қатынастың негізгі құралы. Сөздің қадірін 

халық даналығында сақталған мынандай мақалдармен атап көрсетуге болады: 



«Өнер алды қызыл тіл», 

«Жақсы сөз -жай азыгы», 

«Жақсы сөз - жарым ырыс», 

«Жанды жаралайтында сөз, емдейтін де сөз», 

«Айтыған сөз, атылган оц», 

«Білетініңді айта берме, бірақ  не айтатыныңды біл» т.б. 

Адамның  сөйлеу  шеберлігі  арқылы  оның  дүниетанымының  кеңдігін,  ақылдылығын, 

мәдениеттілігін,  тәрбиелілігін,  тіпті  мінезін  де  байқауға  болады.  Сондықтан  көптеген 

адамдардың  сөйлеу  шеберліктерінің  жетіспеушілігі  олардың  осал  жерлері  болып 

табылады. 

Сөздік қарым-қатынас адам миының үлкен жарты шарларының жұмысымен байланысты. 

Адамның  әрбір  сөзі  бір  нәрсені  білдіреді,  яғни  оның  мазмұны  бар.  Қарым-қатынасқа 

қатысушы  адамдар  айтылған  сөзді  жақсы  түсініп  қабылдаулары  үшін  олар  бір  тілде 



(қазақ,,  агылшын,  орыс  т.с.с.)  сөйлесулері  керек.  Сонымен  қатар  әрбір  айтылған  сөз 

ұғынықты,  анық, әсерлі болуы маңызды. Сөздің қысқа да нұсқа болғаны дұрыс себебі әр 

адамның үлкен көлемді ақпаратты кабылдауънда, оны меңгеріп санасына сіңіруінде өзіндік 

ерекшеліктері болады. 

Сонымен  қатар,  мұғалімнің  сөйлеу  мәдениетінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  тілдің 

байлығы  мен  тазалығы,  оны  басқа  тілдермен  араластырмай,  алаламай  сөйлеуі  кұлаққа 

жағымды естіледі, және педагогтың абыройы мен беделін жоғарлатады. 

 

Кейбір адамдарда сөйлеу барысында қисынсыз бір сөздерді қыстырып сөйлеу әдетке 



айналып  кеткен.  Мысалы,  «яғни»,  «әрине»,  «демек»,  «ана  барғой»,  «жалпы»,  т.б. 

сөздердің  орынсыз  қайталана  беруі  тыңдаушыларға  жақсы  әсер  береді  деп  айту  қиын. 

Керісінше бұндай сөздердің көп қайталануы адамның сөз қорының аздығын немесе сөйлеу 

мәдениетінің  төмендігін  аңғартады.  Сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыру  үшін  адам  арнайы 

жаттығуы қажет.  

 

Сөздік  (вербальдық)  қарым-қатынас  арқылы  ғылыми  ақпараттарды  бала  санасына 



жеткізуде  нақты  тәжірибеден  алынған  мысалдар,  қызықты  фактілер,  орынды  мақал-

мәтелдер  тыңдаушылардың  қызығушылықтарын  арттырып,  олардың  назарын  такырыпқа 

шегелей түседі. Вербальды қарым-қатынас екі түрге бөлінеді: аксиалды және ретиалды. 

Аксиалды  қарым-қатынас  -  ақпаратты  бір  адамнан  екінші  бір  адамға  жеткізу  процессі 

(мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қарым-қатынас). 



Ретиалды  қарым-қатынас  -  ақпаратты  бір  адамнан  бір  топ  адамға  жеткізу  процесі 

(мүгалім және сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынас). 



Вербалъсыз қатынас - мимика, ым-ишара, пантомимика аркылы сөзсіз қарым қатынас. 

Мимика - адам бетінің бүұшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық 

жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі. 



 

Ым-ишара  (жест)  -  қарым-қатынас  барысында  адамның  психикалық  көңіл-күйіне 

байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары 



Пантомимика  -  қарым-қатынаста  адамның  қолының,  денесінің,  аяқтарының 

кимылдарының қатысуы. 

Бір  қарағанда  сөзсіз  карым-қатынастың  болуы  мүмкін  емес  сияқты,  бірақ  айналаға  зейін 

қойып көңіл бөлсек ақпараттармен алмасудың қаншама сөзсіз тәсілдері қолданылатынын 

аңғаруға  болады.  Біз  ана  тілімізден  басқа  бірнеше  тілдерді  үйренуге  талпынамыз, 

компьютер  тілін  үйренеміз,  солармен  қатар  барлық  халықтарға  белгілі  ым-ишара,  іс-

қимылдар тілдері белгілі. Бұл тілді меңгеруде өмірдің өзі көптеген сабақтар береді, бірак 

кеп назар аудармағандықтан біз барлығымыз оларды бірдей толық меңгере бермейміз



Вербальды  қарым-қатынасқа  қарағанда  вербальсыз  қарым-қатынастан көбірек ақпараттар 

алуға болады. Өмірде естуге қарағанда адам көру арқылы көбірек ақпарат алады екен.   

Сөйлеу  барысында  адамның  мимикасы,  іс-қимылдары  да  қатысып  тұратыны  белгілі. 

Қарым-катынас  барысында  адамның  бет-әлпеті,  әсіресе  көзі  көп  ақпарат  береді.  Көзі 

арқылы  да  адамның  қандай  көңіл  күйде  екенін  түсінуге  болады.    Халықта  «Көз  -  адам 

жанының  айнасы»-  деп  тегін  айтылмаған.  Қоршаған  дүние  туралы  ақпараттың  80%  адам 

көру  арқылы  ала  алады.  Сөйлесу  барысында  адамның  көзін  көріп  тұрмасақ  бізге  

әңгімемізді  жалғастыру  қиынырақ.    Мысалы  сіздің  әңгімелесушіңіз  көзіне  қап-қара 

көзілдірік киіп отырса сіз оның көзін көрмегендіктен бір ыңғайсыздықты сезінесіз. Немесе 

мынандай мысалдарды салыстырып көрейік. 

1)

 



Мұғалім өзі оқитын лекциясын магнитофонға жазып аудиторияға әкеліп қосып кетсін. 

1)

 



  Мұғалім өзі аудиторияда тақта алдында лекция оқып тұрсын. 

3) 


Мұғалім тақта алдында емес, артқы парта жақта тұрып лекциясын оқысын. 

4) 


Мұғалім өзі лекция оқып тұр, бірак көзінде қап-қара көзілдірік киіп алған болсын. 

Қай  жағдайда  лекция  жақсы  қабылданады?  Неліктен?  Өз  жауаптарыңызды  түрлі 

мысалдармен негіздеңіздер. 

Көзқарастардың  өздері  әр  түрлі  болып  ажыратылады.  Мысалы:  төмендегідей 

көзқарастарды әр адам күнделікті қарым-катынаста кездестіреді: 

-

 



Көзді үлкен ашып қарау - таң қалғанда, қуанғанда кездеседі. 

-

 



Тура  қарау  -  адамға  деген  қызығушылықты,  құрметті,  онымен  сөйлесуге  дайындығын 

көрсетеді. 

-

 

Қабақты түйіп қарау - ашуланғанда, ренжігенде, бір нәрсегс ызасы келгенде. 



-

 

Алысқа қарау - ойлау, бір нәрсеге күмәндағанда байқалады. 



-

 

Қиғаш көзқарас - бақылап қарау, бір нәрсеге риза болмағанда кездеседі. 



-

 

Көзін көрсетпей, темен қарау – кінәлі болғанда, бағынышты болғанда. 



    -Жоғарыдан 

төмен 


қарау 

менсінбеу, 



өзін 

жоғары 


санау. 

        Сонымен    қатар    адам    көзінің    бұлшық  еттерінің    қимылы  да  басқаларға  ол  туралы 

көп  ақпарат  береді.  Қабақты  түю,  тесіле  қарау,  бір  көзін  қысу,  көзді  жұму,  кірпікті 

жыпылықтату  т.е.с.  адам  бетіндегі  мимикалық  өзгерістер  қарым-қатынас  барысында 

қосымша  мәлімет  беріп  тұрады.  Мінеки,  осылардың  барлығын  мұғалім  бала  бетінен  оқи 

алатын болса оған қарым-қатынастың  кез келген түрін жүргізу қиын емес.  

Мұғалім еңбегінде тактика деген ұғым да көп роль атқарады. Ол ешқандай сөзсіз баланың 

басынан  сипау,  колынан  ұстап  жазуын  түзету,  иығынан  қағьп,  қолпаштап  қою, 

пиджагының  жағасын  түзетіп  қою,  қолын  беріп  құттықтау,  қол  алысып  сәлемдесу  т.б  қол 

қимылдары  арқылы  жасалатын  жақын  тарту  белгілері.  Үлкендердің  мұндай  жағымды 

қимылдары  кейбір  кіші  жастағы  балаларға  өте  жақсы,  жылы  әсерін  тигізеді.  Мысалы, 

оқушы  қайта-қайта  артқы  партаға  бұрылып  сөйлссіп  отырса,  сабақ  түсіндіріп  тұрған 

мұғалім  оған  орнынан  тұрып  айқайлап  ескерту  жасаудың  орнына  баланың  қасына  келіп 

ақырын ғана оны иығынан ұстап өз партасына бұрып қойып, сабағын одан әрі жалғастыра 

берсе бұндай тактикалъқ тәсіл әлдеқайда ұтымды нәтиже береді. 

Қарым-қатынас жасауда адамның өз денесін тік ұстауы да маңызды. Басын жоғары ұстап, тік 

жүретін  адамдар  үнемі  өз  күштеріне,  біліміне  сенімді,  жұмысқа  деген  құштарлығымен 

ерекшеленеді. Егер адам үнемі басын төмен салбыратьш, еңкейіңкіреп жүретін болса ондай 

адамның ішкі әлсіздігі, жұмысқа зауқының жоқтығы байқалады. 

 

Интербелсенді қарым-қатынас адамдардың өзара тығыз әрекетте болуларын, тығыз 

байланыста, көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуін қарастырады. Интербелсенділік 

қарым-қатынас қазіргі педагогикалық технологиялардың негізін құрайды, оның барысында 

оқушылардың да, педагогтардың да өздерін дамытуға, іске асыруға тиімді, қолайлы жағдай 

жасалуы көзделеді. 

Өзара әрекеттесу барысында тұлға аралық қатынастардың бекуі, өзара түсінісуі, көпшілік 

арасында  адамның  жеке  қабілеттерін  таныта  алуы  маңызды.  Барлық  ұжымдарда  аса 

беделді мүшелері болады, бірақ оған қарамастан оқушылардың барлығының белсенділігін 


арттыруға мұғалім колайлы жағдай жасауды көздейді. Өзара қарым-қатынастары бекіген, 

ауызбіршіліктері  бар  ұжым  өте  ұйымшыл  больтп  келеді,  және  әрқашан  да  бірі  бірімен 

ынтымақтастықта жұмыс істеуге бейімделеді. 

¥жым ішінде бір адамның екінші адамға оң, жағымды көзқарасының қалыптасуы симпатия 

деген  ұғыммен  анықталады.  Ал  антипатия  -  бір  адамньң  басқа  адамға  теріс  көзқараста 

болуы, жақтырмауы. 

Әр адамға топ ішінде, ұжым ішінде жұмыс істегендіктен басқаларға үнемі жақсылық жасау, 

бір-біріне деген сенімділік, түсінушілік, сыйластық орнатуға үйрену керек. 

Осындай қарым-қатынасқа балаларды мектеп жасынан бейімдеу үшін мұғалім сыныптағы 

оқушылардың бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастырудың ерекшеліктерін жете зерттеп оны 

ұйымдастыра алуы керек, Әрқашанда балалардың жақсы жақтарына, оң қылықтарына көп 

көңіл бөлініп, көпшілік алдында оқушының жағымды қасиеттері бағаланып отырса, ондай 

бала басқаларға үлгі көрсете отырып одан әрі жақсы жетістіктерге жетуге ынталанады. 

Интерактивті  қарым-қатынастың  негізгі  ерекшелігінің  бірі  ретінде  оның  бір  топтағы 

адамдардың ортақ мақсатқа жетудегі бірлескен іс-әрекеттерін қарастыруға болады. Яғни, 

бұл жерде адамдардың өзара әрекеттестігі маңызды болып көрінеді. Интербелсенді қарым-

қатынастың екі түрі болады: 

2.

 

Кооперация  -  топ  ішіндегі  адамдар  бір-біріне  көмектесе  отырып  ортақ  мақсатқа 

жетуді көздейді. 

3.

 

Конкуренция  -  топ  ішіндегі  адамдар  бәсекелестік  жағдайында  бірі  біріней  озып 



шығуға  тырысады.  Бұл  бәсекелестікке  таласуды  шиеленіске  бармайтындай  қылып 

ұйымдастыру мұғалімнің құзырында. 

Интербелсенді  қарым-қатьнасты  ұйымдастырудың  мақсаты  -адамдар  арасындағы  қарым-

қатынас  құлықтарын  жақсарту.  Ал  қарым-қатынастар  тек  жақсылық  жасау  арқылы 

жаксарады,  сондыктан  топ  ішінде  өзара  көмек,  өзара  сыйластық,  өзара  қолдау,  өзара 

түсіністік сияқты ізгі әрекеттердің көп орындалуы табысты нәтижеге жетудің кепілі. 

Бұл  қатынастарды  дұрыс  басқара  алу  үшін  мұғалім  оқушылар  ұжымының  құрылымын, 

даму  сатылары  мен  ерекшеліктерін  терең  зерттеп,  олардың  темперамент  типтерін 

(меланхолик, сангвинник, холерик, флегматик) жетік білгені абзал. 

Перцептивтік  қарым-қатынас - басқа адамның ішкі жан дүниесін сезіне алу (perceptio - 

қабылдау,  сезіну,  психикалық  түйсіну  қызметі).  Перцепция  -  сезім  органдары  арқылы 

алынған  ақпараттарды  өңдеу  мен  танудьң,  түйсінудің  психикалық  қызметі.  Әрине,  даму 

үстіндегі  тұлғаның  ішкі  жан  дүниесін  түсіну  күрделі  процесс.  Бұл  қабілет  көбінесе 

психологтарда,  дәрігерлерде,  педагогтарда  байқалады.  Адамның  өзін  басқаның  орнына 

қоя алып оны сөзсіз түсіне алуы, сезінуі эмпатия деп аталады. Әсіресе мұғалім мен шәкірт 

арасындағы қарым-катынаста эмпатия арқылы балалардың тұлғалық қасиеттерін бағалауға 

болады.  Сонымен  педагогикалық  іс-әрекеттегі  эмпатия  -  мұғалімнің  өз  шәкіртінің  ішкі 

жан  дүниесн  сезіне  алуынан,  өзін  оның  орнына  қоя  алуынан  байқалады.  Педагогтың 

эмпатиялығы  оқушылармен  тығыз  қарым-қатынастағы  кикілжің,  шиеленіс  жағдайлардан 

тиімді  жол  тауып  шығуына  көп  септігін  тигізеді.  Ал  адамның  өзін-өзі  түсінуі,  өзін 

басқалардың  қалай  қабылдайтыны  жайлы  өзін  талдап  бағалауы  рефлексия  деп  аталады. 

Адамның «Мен қандаймын?», «Мені басқалары қалай қабылдайды екен?» деген сұрақтарға 

жауап іздеуі рефлексиялық процесс болып табылады. 

Перцептивті қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін окушылардың психофизиологиялық, жас 

және  дербес  ерекшеліктерін  меңгеру  қажет.  Неғұрлым  мұғалім  шәкірттерін  түсінуге 

ұмтылған сайын оқушылар да  мұғалімге түсінушілікпен қарайтын болады. Бұл жағдайда 

педагогикалық процестің екіжақтылық сипаты байқалады. 

Өкінішке  орай,  өз  әрекеттеріне  рефлексиялық  талдау  жасай  алмайтын  мұғалімдер  де 

кездеседі. 

Ондай  адамдар  педагогикалык  процестегі  кез  келген  сәтсіздікте  тек  оқушыларға  кінә 

тағады  және  үнемі  өзінің  іс-әрекеттерін  дұрыс  деп  есептейді.  Олар  бала  жанын  түсінуге 

тырыспай,  оның  пікірлерімен  санаспай,  керісінше  оның  айтқандарьн  елеп-ескермей, 


сөздерін  аяғына  дейін  тыңдамай,  өз  еріктері  бойынша  шешім  қабылдай  береді.  Бұл 

жағдайда  бала  педагогикалық  іс-әрекеттің  субъектісі  емес,  тек  объектісі  ретінде  қала 

береді. 

Сонымен  педагогикалық  қарым-қатынастың  тұлға  дамуындағы  маңыздылығын  атай 

отырып  оның  атқаратын  мынандай  негізгі  қызметтеріне  (функцияларына)  тоқталып 

өтейік: 


/. Қарым-қатынастың коммуникативтік қызметі арқылы ақпараттармен алмасу процессі 

іске  асырылады.  Оқушыларды  тәрбиелеу,  оқыту,  олардың  тұлғаларын  дамытып 

қалыптастыруда маңызы зор. 



 



Қарым-қатынастың интербелсенділік қызметі арқылы оқушылардың өзара бірлескен 

ынтымақтастық іс-әрекеттерін ұйымдастыру, реттеу, басқару іске асырылады. 



 

Қарым-катынастың перцептивтік қызметі 



аркылы 

оқушылардың 

психикалық жағдайын сезіне алу, олардың көңіл-күйін түсіне білу іске асырылады. 

Қарастырылып отырған қаръм-қатынас қызметтері нақты педагогикалық іс-әрекетте өзара 

бір-бірімен  тығыз  байланысып  жатады.  Себебі  ақпараттармен  алмасу  барысының  өзінде 

мұғалім  оқушылардың  ішкі  жан  дүниесін  сезініп  және  олардың  өзара  бірлесіп  оқу-

танымдық жұмыстарға қатысуын іске асыра береді. 

 

Педагогикалық қарым-қатынас стильдері. Мұғалім тәжірибесінде орын алатын 

педагогикалық  қарым-қатынастың  түрлерімен  қатар  оның  негізгі  стильдерімен  танысып 

өтейік. Педагогикалық қарым-қатынас стилі - педагогтың өз шәкірттерімен әрекеттесуінің 

дербес-психологиялық  ерекшеліктері.  Әр  мүғалімнің  балалармен  қарым-катынас 

орнатуында  өзіне  ғана  тән  ерекшеліктері  болады.  Осы  ерекшеліктеріне  байланысты  әр 

мүғалімнің кабинетке кіруімен бірге оқушылар сыныбында әр түрлі психологиялық ахуал 

орын алады. 

Педагогика,  психология,  әлеуметтану  ғылымдарында  қарым-қатынастың  мынандай 

стильдері топтастырылған: авторитарлык, либералдық, демократиялық, 

1.

 

Қарым-қатынастың 

авторитарлық 

стилінде 

мұғалім 


оқушылардың 

қызығушылықтарын  ескерусіз  өзі  ғана  шешім  қабылдайды,  мұнда  мұғалім:  «Менің 

айтқаньм заң», «Мен бұйырамьн, сендер орындайсыңдар» деген позицияны ұстанады. 

2.

 

Қарым-қатынастың либералдық стилінде мұғалім өз бетінше шешім қабылдаудан бас 

тартып, жауапкершілікті оқушыларға, әріптестеріне ысырады. Мұғалім «Сен тимесең, мен 

тимеймін», «Қалай болса, солай болсын» деген позицияны ұстанады. 

3.

 

Қарым-қатынастың  демократиялық  стшінде  оқушы  мен  мүғалім  педагогикалык 

қарым-қатынастың  тең  құқылы  субъектілері  ретінде  қарастырылады.  Бұл  стиль  бойынша 

жұмыс  істейтін  мұғалім:  «Бәріміз  бірге  жоспарлаймыз,  бірігіп  орындаймыз,  бірігіп 

жетістікке жетеміз» деген позицияны ұстанады. 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет