Қарастырылатын сұрақтар:
Дін туралы түсінік. Алғашқы діннің пайда болуы жайындағы ғылыми тұжырымдар. Дін
және мәдениет. Діндегі теріс ағымдар
Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің
басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.
Ислам философиясының
түсіндіруінше, дін дегеніміз-әлемді байланыстыратын
күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу
сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы,
қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана
бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың
қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл
сенеді.
Осы
сенім
–
оны
жаман
істерден
тежеуші
және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін
жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын,
дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және
адамның
рухани
жетілуіне
мүмкіндік
жасайтын
әдіс-әрекеттер
мен
бүкілдүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі
ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық – елу мың жылбұрынғы палеолит кезеңінде
шыққан.
Аталмыш
кезеңнің
мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі
мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-
сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және
әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді. Діннің неғұрлым
ертедегі
көріністері
–сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу
культі
және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі
діндерден ислам, христиан,иудаизм діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес.
Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық
немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің
әрқайсысы
түрлі
ағымдар
мен конфессияларға бөлінеді.
Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттікағымдары, христиан дінінің католиктік, правосл
авие және протестанттық конфессиялары
бар.
Дүние
жүзі
халқының
дені,
негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиандық,будда) ұстанады. Сонымен қатар,
маркстік атеизм және бүкіл дін атаулыны теріске шығаратын басқа да көзқарастар жүйесі
ғылымда кейде шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталынады.
2.Қоғам өмірі мен рухани болмысы жайында ғылыми зерттеулер жүргізген философтар,
әлеуметтанушылар мен дінтанушылар алғашқы діни жүйелер жайында түрлі тұжырымдар
айтқан. Әр ғалым өзінің зерттеу нысанының шеңберінде дінге түрлі түсінік береді.
Нәтижесінде, алғашқы діни жүйе ретінде, ғалымдар анимизм, тотемизм, натуризм,
магия, фетишизм, паганизмдерді бөле-жара атайды. Аталмыш діндер негізінен көп
тәңірлік (политеистік) сенімнен тұрады. Ғалымдардың айтуы бойынша, алғашқы
қауымдық құрылыс уақыт өткен сайын мәдениеттілікке қол жеткізіп, соңында мәдениетті,
өркениетті елге айналғаны секілді, діндер де алғашқыда көп тәңірліктен бастау алып,
бертін келе, бір құдайға (монотеизм) сыйынудың қалыптасқандығын айтады. Ал
исламның бұл пікірге келіспейтіндігіне төменде тоқталып өтеміз.
Енді осы айтылған ғылыми тұжырымдамаларға келсек:
а) Анимизм – адамның өмірлік істеріне араласатын және адамға өз мақсатына жетуге
көмектесетін немесе кедергі келтіретін сансыз «рухани әлемдердің» болатындығына деген
сенім. Бұл тұжырымның мән-жайы Эдуард Тайлор еңбектерінде біршама қисынды түрде
талданады. «Анима» латынша «рух» деген ұғымды білдіреді. Яғни, анимизм дегеніміз
жанды-жансыз тіршілік атаулыда болатын рухқа табынушылық.
Тайлордың теориясы бойынша, жан ұғымы – жын шайтандар, түрлі рухтар және
рухани мәндер тобына ортақ есім. Алғашқы қауымдық кездегі адамдар үшін ұйқы мен
өлімнің маңызы зор еді. Олардың түсінігі бойынша ұйқы – рухтың тәннен шығып
серуендеуі және тәнге қайта оралуы болса, өлім – керісінше, серуендеуге шыққан рухтың
тәнге оралмауы болып табылады. Өлген адамдардың рухтарының ішінде жақсылары да,
жамандары да бар. Анимистік теория бойынша алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдар
жаман рухтардың жаманшылығынан сақтану үшін жақсы рухтардан жәрдем тілеу арқылы
рухтарға табынған. Нәтижеде «анимизм» деген «дін» пайда болған деген тұжырым
жасайды.
ә) Натуризм – французша табиғат деген ұғымды білдіретін «la nature» сөзінен шыққан.
Макс Мюллердің (1823—1900 ж.) тұжырымы бойынша, алғашқы дін – «натуризм».
Натуризм «діні» табиғатқа табыну, яғни қоршаған ортадағы заттарды құдайға
айналдырып, соған табынудан тұрады. Бұл тұжырым бойынша, адам табиғатпен
салыстырғандағы өзінің әлсіздігін сезініп, апаттардан, жаманшылықтардан құтылу үшін
күн, ай, от, тау, тас секілді түрлі заттарға сиынған.
б) Тотемизм – ру, тайпа, жануарлар мен өсімдіктердің кейбір түрлері арасындағы
туыстыққа сену. Тотемизм ру мүшелерінің кейбір жануарларға киелі деп табынуы немесе
әр алуан киелі нәрселерге тәуелді болуы. Тотемизм көбінесе егіншілік және аңшылықпен
айналысқан алғашқы қоғамдарда кезігеді.
Француз әлеуметтанушысы Э. Дюркгейм (1858—1917 ж.) 1912 жылы жазған «Діни
өмірдің қарапайым пішіндері» атты еңбегінде «Тотемизмді» алғашқы дін деп есептейді.
Ол австралиялық тұрғындар арасындағы тотемдік сенімнің кең тарағанын дәлел ретінде
алға тарта отырып, осындай тұжырым жасайды.
Шынтуайтында, Дюркгейм Австралияға арнайы зерттеушілік саяхат жасамаған, тек сонда
барып келген саяхатшылардан сұрастыру арқылы аталмыш тұжырымды алға тартады.
в) Магия – ұғымы әр түрлі салт-жоралар мен оған сәйкес наным-сенімдердің ортақ белгісі
болып табылады. Магиялық іс-әрекет – мақсаттылық бағыты бойынша емдеу магиясы
(тәуіптік), сақтаушы магия, зиянды магия (көз тию) секілді түрлері болады.
Ағылшын этнологы, алғашқы діндерді зерттеуші ғалым Джеймс Джорд Фрэзер (1854—
1941 ж.) 1890 жылы жазған «Золотая ветвь» (Алтын бұтақ) атты ауқымды еңбегінде
«магиялық өнерді» дін пайда болғанға дейінгі шынайылық қарым-қатынастың әмбебап
формасы болған дейді. Фрезер пікіріне құлақ түрсек, магия белгілі бір дәрежеде діннің
дамуына үлес қосқан болып шығады.
Адамзаттың алғашқы діні – Таухид діні
Ислам діні бойынша адамзаттың алғашқы діні – Таухид
[9]
діні. Себебі Хазіреті
Адам ата адамзаттың алғашқысы, әрі алғашқы пайғамбары. Ол Алланың әмірімен таухид
(бірлік) дінін уағыздаған. Алла Тағала оған 10 парақтан тұратын Өзінің діни заңдылықтар
топтамасын түсірді. Хазіреті Адам (а.с.) өзіне жүктелген пайғамбарлық қызметті балалары
мен немерелеріне айтып жеткізді. Осылайша жер бетіндегі алғашқы дін – «Таухид» діні
пайда болды. Хазіреті Адам дүниеден өткен соң оның ұрпақтары сауатсыздықтан,
шайтанның алдап-арбауымен таухид дінінен ауытқи бастады. Мұның түбі түрлі діни
сенімдер мен діндердің пайда болуына әкеп соқты. Өйткені, Аллаға құлшылық етпек
ниетімен түрлі нәрселерге табынған адамдар қалайша бұрыс жолға түскендіктерін
аңғармай қалады. Бірақ, адамдар таухид дінінен шығып, өзге нәрселерге табына
бастағанда Алла екінші бір елшісін жіберіп, пенделерін адасушылықтан тура, шынайы
жолға шақыртып отырады.
Ислам адамзаттың алғашқы діні жайында айтылған жоғарыдағы келтірілген
тұжырымдармен келіспейді. Алайда, ара-кідік болса да, Алланың шынайы дінінен шығып,
өз беттерінше жаңа бір діни сенім мен құдай жасап алған тайпалардың болғандығы рас.
Бірақ, бұл жерде олардың бәрі дерлік таухид (бір құдайлық) дінінен кейін пайда болғанын
ескеру керек.
Хазіреті Адам атадан кейін уақыт өткен сайын адамдар арасында әр түрлі көзқарастар
туды. Шынайы ұғымдар бұрмаланып, соның салдарынан түрлі діндер және бір діннің өз
ішінде әр түрлі ағымдар пайда болғаны тарихтан мәлім. Имандылықтан ажырау, оның
шарттарын шала түсіну ұрпақтың болмыстық, иләһи дінінің жоғалуына алып келді.
Әуесқойлық, дүниеқорлық, сауыққойлық сияқты жеңіл, келеңсіз құбылыстар көбейді.
Адам Жаратушы Ие алдындағы жауапкершілігін, қорқынышын жоғалтып, өзіне «Құдай»
жасап алып сиынды. Діннің орнына әр тайпада, әр елде өзіндік сенім, тек өзінің мақсат-
мұратына жету үшін жасалатын әрекеттер пайда бола бастады. Дінге ешқандай қатысы
жоқ бақсылық, балгерлік, шамандық, сиқырлық сияқты құбылыстарға да сенім күшейіп,
адамдар имандылықтан қиянатшылық жолына ауыса бастады.
3.Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Соңғы кездері
діни экспансия алаңына айналған елімізде «дініміз өзгерсе өзгерсін, мәдениетіміз
өзгермесін» (Дулат Исабеков, ҚӘ, №14, 18.04.2003 ж.) дейтін пікірлер де айтылуда. Осы
мәселеге байланысты ғылыми қорытынды жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең
маңызды ұстыны саналатын дін мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық.
Бүгінгі мәдениеттану, антропология және социология саласының теоретиктері дінді
мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі деп санайды (мысалға Э.Б. Тайлор, Леслие Уайт,
Радклифф Броун, Рут Бенедикт, Франц Боаз, Бронислав Малиновский, Уиллиам Хавиланд
қатарлы ғалымдардың еңбектерін айтуға болады – М.Б.). Дінсіз қоғам болмайтындықтан,
дінсіз мәдениет те болмайды. Дін әлеуметтік құбылыс һәм қоғамды қалыптастыратын
ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кейбір идеологиялар мен
саяси ағымдар діннің осы рөлін пайдаланғысы келеді. Бүгінгі күні дүниежүзінде орын
алып жатқан саяси, әлеуметтік, мәдени һәм экономикалық уақиғалардың негізінде діни
факторлардың бар екенін айту жаңсақтық болмас. Әсілі, дін осы салаларға бағыт-бағдар
беретін күштің бірі, тіпті ең бастысы. Қоғам құрылымының анатомиясында діннің алатын
орны ерекше. Қоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі осы
діннің
өзі
болып
табылады.
Заманауи әлеуметтану ғылымдарынан социология, психология, антропология,
мәдениеттану, философия, филология, саясаттану, өнертану дінді зерттеумен
шұғылданады. Бұлар дінге әлеуметтік феномен, қоғамдық уақиға және қоғамға пішін
беретін құдірет ретінде қарайды. Халық арасында кең таралған хұрафи сенімдер мен
ырым-секемдердің өзі қаншалықты әсерлі екені баршаға белгілі. Діннің мәдениетті
қалыптастырушы басты күш екеніне дау жоқ. Әсіресе, бүгінгі өтпелі кезеңде
азаматтардың өзін-өзі танып-білуі, ортақ ұлттық мұраны қалыптастыруы және ХХІ-
ғасырдағы халқымыздың өсіп-өркендеуінің басты құралы дініміз.
Маркс еңбектерінде идеология мәселесіне өзін жетектеген күштің дін болғанын
жазған. Мұндай жағдайды Людвиг Фейербахтың (Ludwig Feuerbach, 1804-1872)
еңбектерінен де табуға болады. Мысалы, Фейербахтың ой жүйесі сезім арқылы білінетін
нәрселердің ғана бар екендігіне негізделуші еді. Сол себепті Құдайдың барлығын
растайтын нақтылы дәлел болмайынша Оның барлығын дәлелдеуге болмайды деген
философ. Фейербах дін әкелген дәлелдерді ғылыми айғақтарға жатқызбай, жай қараңғы
сенім қатарына қосқан. Сөйтіп, ол Карл Маркс пен Фридрих Энгелске (Friedrich Engels,
1820-1895) қатты ықпал жасаған. Осы материалист-атеист Фейербах философиясының
әсеріне шалдыққан адамдар бізде де жеткілікті. Маркстің дінді «халықтың апиынына»
теңеуі және Гегельдің «құқық философиясына сын» атты мақаласы осы сарында
жазылғаны белгілі. Маркстің пікірінше дін адамды белгілі қағидалардың құлына
айналдырады, діннен ада болған адам осы алданыштан да азат болады. Мұнымен, Маркс
дін мен идеологияның арақатынасын мойындайды. Дегенмен Маркстің йаһұди (еврей)
және христиан қоғамда өскенін және оның пікірлеріндегі дін туралы ойлардың осы екі дін
төңірегінде шоғырланғанын айта кеткеніміз жөн.
Әлеуметтану ғылымдары ішінде ең көп дау-дамай туғызғандардың бірі
мәдениеттану. Мәдениет дегенде кейбіреулердің есіне тек Пабло Пикассо (Pablo Picasso,
1881-1973), Вольфганг Моцарт (Wolfgang Mozart, 1756-1791), Петр Чайковский (Petr
Chaykovskiy, 1840-1893) түседі. Ал, шындығына келгенде мәдениет ұғымы өте кең
ауқымды қамтиды. Әр қоғамның қоғамдық қасиеттерінің материалдық және рухани
тамырлары бар. Мәдениет дегеніміз осы дүнияуи және рухани қатынастардың ғасырлар
бойы етене араласуы нәтижесінде қалыптасатын нәрсе. Сондықтан, заман өзгеріп
мәдениеттің кейбір тұстары өзгеріске ұшырағанымен, қоғам өзінің мәдениеті мен оның
өзегін сақтап қалуға тырысады.
Ислам дінінің көшпелі һәм руларға бөлінген араб қоғамында пайда болғаны белгілі.
Дегенмен, ислам діні негізінен отырықшылықты, қалалық мәдениетті уағыздайды. Қазақ
халқының тарихына қарайтын болсақ, ірілі-ұсақты рулар мен тайпалардың басын қосқан
күш осы ислам діні болған. Ислам қауымдастығына қосылмаған түркі тайпалары болса
мүлдем басқа мәдениет тобына қосылып, мүлдем басқа қоғамдарға айналған. Бұған мысал
ретінде бұлғарларды, мажарларды, чуваштарды, сібір халықтарын т.т. айтуға болады.
Америкада
зорлықпен
шоқындырылған
қаралардың,
Африкадағы
отарланған
халықтардың, Оңтүстік Америкадағы қызылтерілілердің де тағдыры ұқсас. Демек, әр
халықтың мәдени ортасын анықтайтын басты фактор – дін. Мұсылман халқымыздың
басты қасиеттерінен меймандостық, ағайынмен тату болу, Ораза айт пен Құрбан айт
кезінде кешірімдесу, араағайыншылық, қайырымдылық ислам дінінің мұсылман үмметіне
уағыздаған
қасиеттері.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда ислам діні:
1) Қоғамға бағыт-бағдар береді,
2) Қоғамды біріктіреді,
3) Идеологиялық және мәдени ұғымдарды күллі қоғамға телиді,
4) Жеке тұлғаның және қоғамның мүдделерін қорғайды,
5) Этникалық негізден гөрі адами, рухани құндылықтарға мән береді.
Діннің мәдениеттің құрамдас бөлігі екені туралы тәжірибелік (эмпирикалық) дәлелдер:
1) Діннің жеке тұлға және қоғам өміріндегі нақты функциялары бар.
2) Дін әр адамға сол адам бағынышты болуға міндетті құдіреттің алдында жеке басының
сенімділігі сезімін береді.
3) Дін адамға өзінің төңірегіндегі әлемді түсіну тұрғысынан өзіндік жүйе ұсынады.
4) Дін қоғам қатынастарының қалыптасуында басты міндет атқарады.
Мәдениеттің күштілігі соншалық, мәдениеттер арасындағы қақтығыста жеңіске
жеткен мәдениеттің өзі жеңіліске ұшыраған мәдениеттің белгілі элементтерін сіңіріп алуға
мәжбүр болады. Нәтижеде аралас мәдениеттер пайда болады. Ислам діні мәдениеттердің
арасындағы парықтарды қабылдаған дін. Нәсілдер мен тілдердің, тіпті діндердің
әртүрлілігін ислам діні таниды. Құранда адамдардың тайпаларға, түстерге бөлінгендігі,
әркімнің діні өзіне екені туралы айтылған және Құран мұны Жаратушының шешімі
ретінде көрсеткен. Қоғамдар арасындағы парықтар адамдардың бірін-бірі танып-білуі
және қарым-қатынас орнатуы жағынан жағымды рөл атқаруы да мүмкін. Бұл біздің
қолымыздағы нәрсе. Сондықтан, ислам дініндегі жүйені толеранттылықтан да жоғары
қойған жөн. Тарихқа қарағанымызда сан жағынан аз мұсылмандардың үлкен
мемлекеттерді басқарғанын көреміз. Яғни, мұсылмандар басқа дін уәкілдерін де
қорғаумен шұғылданған. Мұсылмандар негізінен бір мемлекеттің туының астында
біріккен басқа тілдегі және діндегі халықтарға, олардың мәдениетіне хошкөрушілікпен
қараған.
Адамзат тарихында дінсіз мәдениет болмаған. Алғашқы қоғамдық құрылымнан
бері қарайғы уақытта пайда болған мәдениеттердің барлығы да діни сенім негізінде
қалыптасқан. Ал, сенім жүйесі ең жоғары деңгейдегі имани, фәлсәфи негіздерді қамтитын
ислам діні осы дінге қосылған халықтардың мәдениетіне орасан зор ықпал жасаған,
түбегейлі өзіндік қалыпқа салған...
Дін адамдардың іс-әрекеттеріне бірінші дәрежеде ықпал жасайтын құдірет. Ислам
діні мәдениеттің негізгі салаларымен шұғылданады да егжей-тегжейде адамға таңдау еркі
береді. Мәселен, исламият адамдардың киінуі мәселесінде негізгі қағидаларды белгілейді,
бірақ дәл қандай киім үлгісін киюге араласпайды. Ислам діні адамдардың халал
тағамдарды жеуін сұрайды, бірақ тамақты дайындау және қабылдау салтына араласпайды.
Мәселен, Қытайдағы мұсылмандар ағаш таяқшамен, Еуропадағы мұсылмандар қасықпен,
араб елдеріндегі мұсылмандар қолымен тамақ іше алады. Негізгі мәселе, халал, яғни
рұқсат
етілген
таза
тағамдарды
жеу.
Кейбір әдебиеттерде, мәселен Жоржи Зейданның (Джирджи Зейдан, Jurji Zeidan, 1861-
1914) «Ислам мәдениеті тарихы» атты еңбегінде мәдениет былайша сипатталған:
«Мәдениет дегеніміз бір қоғамды қоғам, жамиғатты жамиғат, ұлтты ұлт жасайтын, оны
өзге ұлттардан ажырататын өмірлік көріністердің топтамасы. Осы өмірлік көріністер әр
ұлттың өзіне тән болып келеді». Қысқаша қайырып айтқанда мәдениет «әр ұлттың өзіне
тән
ойлау
және
өмір
сүру
салтының
жүйесі»
болып
табылады.
Мәдениеттің негізгі қасиеттері мыналар:
1.Ұлттық сипатқа ие
2.Табиғилық және тірілік
3.Жалғастылық және тарихилық
4.Ұлттың ортақ мұрасы болып табылады
5.Өзегі өзгермейді
6.Үйлесімді тұтастық болып табылады
7.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.
Міне, осы қасиеттердің барлығын зер сала зерттегенімізде ислам дінінің қазақ
халқының мәдениетіндегі ең маңызды бөлік екенін көреміз. Ендеше, Қазақстан
мемлекетінің сыйлығын алған жазушы Дулат Исабеков (1942- ) ағамыздың «дін
мәдениеттің құрамдас бөлігі емес екен, дініміз өзгерсе өзгерсін, мәдениетіміз
өзгермесін...» деген сөздерінің ғылыммен үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны анық
болады. Ал, мәдениет пен өркениеттің парқы неде? Мәдениет ұлттық сипатта болғанымен,
өркениет дегеніміз халықаралық, ғалами сипаттағы нәрсе. Бір мәдениетті екінші
мәдениетке тұтастай аударудың мүмкін еместігін жоғарыда айтқанбыз. Өркениет болса
жалпы адамзатқа тән байлық.
Мәдениеттің негізгі факторлары мыналар:
1. Дін: Әр ұлттың өзіне тән иман және сенім жүйесі.
2. Тіл: Әр ұлттың өзіне тән сөйлеу және түсінісу құралы.
3. Өнер: Әр ұлттың өзіне тән сән, зауық және сезімдердің бейнеленуі және жасалуы.
4. Тарих: Әр ұлттың өзіне тән өмір сүру салтының, мәдени байлығының замана
ағымындағы көрінісі, іс-әрекеттердің даму барысы.
5. Әдет-ғұрыптар: Құқықтық-қалыптық құжат еместігіне қарамастан, қоғам тарапынан
есепке алынатын, іске асырылатын салт-дәстүрлер.
Қорыта айтар болсақ, қазақ халқының мәдениетінің жоғарыда көрсетілген
тармақтарының барлығында да ислам дінінің мызғымас әсерін, үлесін ешкім жоққа
шығара алмайды. «Дініміз өзгерсе өзгерсін» деген сөздің қандай мақсатпен айтылғанын
түсіну мүмкін емес
.
Секталардың адамдарды өзіне тартуы,ұйымдарына мүше қылып алу әдістері
және секталардың ықпалынан құтылу жолдары.
Өзіне тарту жолдары: Материалдық комек көрсетілуі мүмкін;Кітаптары;Дәрі
дәрмектері;Гипноз арқылы;Жиналыс өткізіледі,аптасына 5 рет. Жаңбырдан кейінгі
саңырауқұлақтай қаптаған секталарға тоқтау жасайтын жаңа заңды күткенімізге қай
заман. «Иегова куәгерлерінен» бастап ірілі-ұсақ дін атын жамылған ағымдарды санайтын
болсақ тіпті саусақ жетпейді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) пайымды хадисі мен Алланың ақ
жолы құраннан қол үзіп, адасып кетіп жатсақ ертеңгі тағдырымыз не болмақ? Сананы
жаулаған сансыз сұраққа жауап тапқым келді. «Мың естігенннен бір көрген артық»,
шамамның келгенінше зерттеп білгім келіп солай қарай бет алған едім.Маңдайшасына
«Иса мәсих миссенерлік орталығы» деген жазуы бар үлкен қорғанға имене басып кірдім.
Кімге жолығарымды білмей аңырып тұрғанымда қарсы алдымнан қазақ жігіті ұшыраса
кетті. Жөн сұрастым, осында Алматыда тұрады екен, есімі Бауыржан. Ол менің тасырлата
жаудырған сұрақтарыма тосылмай еркін жауап беріп жатты: «білесің бе, діндер көп, бірақ
Құдай жалғыз және Құдайдың баласы бар. Ол – Иса мәсих. Ақиқат тек осы жолда ғана.
Иә, барлық бауырларыма айтар едім өтіңдер деп. Айтпақшы, кеше бір досымды ертіп
келдім осында. Баста Исаға иланбаймын деген, кейіннен құлшылыққа қатынасып
ақиқатпен қауышты. Қазір ол бақытты, жұмысы да ілгері басуда. Солай, ал сіз айтқан
мұсылмандардың мешітіне кіріп көрмеппін, кИса мәсих ұйымының құрылғанына біраз
болған, өте кең тараған. Филалдары Түркияда, Германияда, Англияда т.б мемлекеттерде
бар көрінеді. Дін басыларын пастор деп атайды. Бұлардың қазіргі пасторлары Ким сан
кон. Ұлты кәріс. Еліміздің барлық қалаларына қоныс тепкен. Алматының өзінде 51
құлшылық жасайтын орындары бар. Бір өкініштісі 60 пайызы қазақтардан құралған.
Құлшылық жасайтын күндері жексенбі, дүйсенбі күндері екен. Шамалы уақыттан кейін
қазақша құлшылықтарының болатынын естіп, әдейі күтіп отырдым. Құдайым-ау, сіңірі
үзілгелі тұрған шалдан бастап, 7-8 жастағы сәбилерге дейін топырлап келе бастады. Өз
қазағымыз. Соңдарынан еріп келемін. Үлкен залға тірелдік. Қаз-қатар тізілген үстел үстіне
дастарқан жайылыпты. Барлығы арқа-жарқа болып амандаса келіп бұрышқа сап түзеп
тұра қалды. Қарсы алдарында музыкалық аспап тұр. Өздерінің айтуларынша Құдайға ән
салып бермекші. Құлшылықтарының бір түрі осы болса керек. Жүрегім шымырлап, аяғым
дірілдеген қалпымда шеткі орындыққа отыра кеткем, кенеттен улап-шулаған олар мені
тұрғызып жіберді. Құдайға ән айтып беріп жатқанда отыруға болмайды екен. Орта
жастағы жігіт ағасы микрофонды алып «қазір біз Иса мәсихке арнап ғибадат әнін айтамыз,
дайын болсаңыздар…» деді. Масқараның көкесі осы екен, бәрі хормен 7-8 әннің басын
қайырды.
Жаңа өмір сүргісі келетін бауырларымыздың саны күн санап артуда. Христиандық
адуынды ағымдардың аяғынан тік тұрған тағы бір ұйымы «жаңа өмір» деп аталады.
Бірінші Алматыдан ойып тұрып орын алған олардың бас кеңселерінде қитұрқы
құлшылықтың қазаны қыж-қыж қайнап жатады. Әдеттегідей қазақ жастары мұнда да өте
көп. Бұлардың айтары да сол жоғарыдағыға ұқсас. Қолдан жұмақ орнатқан жанкештілер.
Маңдайларын сәждеге емес, дуалға қойып дабыра жасаған олар гитарамен үлкен
сахналарында жұлқына жүріп билеп, ән салып жатады. Және бұлар шошқаның етін жеу,
зина жасау сынды харам нәрселерді қолдап, өздерінің қажеттілігіне айналдырған. «Біз дін
емеспіз, дін өтірік нәрсе, біз жаңа өмір сыйлаушылармыз» дейтін ұстанымдары бар.
Аптасына болатын құлшылықтары орыс, ұйғыр, ағылшын, қазақ
Дәріс 6. Адамның ішкі дүниесінің бірлігі
Достарыңызбен бөлісу: |