Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет30/33
Дата28.01.2017
өлшемі9,52 Mb.
#2929
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
ТЕМА УРОКА: ЗИМА. ЗИМНИЕ ЗАБАВЫ
город Шымкент. №52 общеобразовательная средняя школа
Учительница русского языка и литературы Шамансурова Мазлума Шарабеддиновна
Тема урока: Зима. Зимние забавы
Цели урока: а) Развивать глухие и звонкие согласные, умение делить слова на слоги, производить фонетической разбор 
слова.
б) Развивать у детей устную речь, употреблять пословицы и поговорки в речи.
в) Воспитывать экологическую культуру и умение видеть красоту зимней природы любовь к ней, вызвать живой интерес к 
изменением происходящим в неживой природе.
202

Тип урока:
урок формирования знаний
Вид урока:
нестандартный урок – игра 
Методы:
словесный, иллюстрированный, частично – поисковой 
Формы: групповая, парная
Оборудования: картинки на тему: «Зима», «Времена года», карточки
Ход урока:

Организационный момент. Психологический настрой
Вступительное слово учителя.- Здравствуйте ребята!
- Давайте поприветствуем гостей, друг друга и пожелаем всем мирного безоблачного мира над головой.
Коллобер. среды 
Здравствуй солнце золотое!
Здравствуй небо голубое!
Здравствуйте мои друзья!
Очень рад вас видеть я.
Предлагаю ученикам разделиться на группы: при помощи разноцветных конфет.
 Стратегия: Актуализация знаний    Опрос домашнего задания
Блиц – опрос:
2.
Назовите времена года?
3.
Назовите названия месяцев?
4.
Какое время года наступило?
5.
Докажите, что сейчас зима?
Возможные ответы: Зима потому что холодно.  Снег. Люди тепло одеты.
На дом было задано выучить стихотворение «Зима», или выучить стихотворение, которое вам понравилось.
Написать названия времена года. 
Работа в парах. Обменяйтесь с соседом по парте и проверьте друг у друга выполнения домашней работы.

Ознакомление с новым материалом.
Преподаватель рассказывает о зиме, и о зимних забавах.

Словарная работа
Зима – 
Қыс
Қиш
 
Снег – 
Қар
Қор
Холодно – 
Суық
Совуқ
Лыжи – 
Шанғы
Чанғи
Санки – 
Шана
Чана
Сделали – 
Жасады
Ишламоқ, ясамоқ
Снеговик – 
Аққала
Қор бобо
Катается – 
Сырғанақ тебу
Учмоқ, юмаламоқ

Физ. минутка

Фонетическая игра.
Задание 1.
Зима
Снег
Мороз
Холодно
Найдите гласные и согласные буквы.
Разделите на слоги.
Составьте предложения.

Пословицы и поговорки. Задание 2.  Какие пословицы вы знаете про зиму?

Стратегия критического мышления. Диаграмма Венна. Задание 3. 
             Явление Зимы 
   Зимние забавы

Работа по картинке. Задание 4.
Составьте 2 – 3 предложения по картинкам 
1 – группа: Зима
2 – группа: Зимние забавы

 Загадки про зиму. Задание 5

Дидактическая игра: «Играли не играли». Задание 6

Стратегия: «Мозаичное чтение»
Итог урока.
- Что нового сегодня мы узнали?
- С какими словами употребляются лыжи, санки, коньки?
- В какие игры можно играть зимой?
Оценивание учащихся.
Домашнее задание: Упр. №2, стр. 98. Выучить стихотворение   Упр. №6, стр. 99. Составьте предложения.
* * * * *
203

«АРА БАЛЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ»
Қызылорда облысы. Жаңадария  ауылы №203 орта мектеп
Авторы: 5-сынып оқушысыТұрақ  Аружан
Жетекшісі: Тұрмаханова Әсия Сапабекқызы
Жетекші пікірі 
Жаңадария  ауылы №203 орта мектептің 5–сынып оқушысы        Тұрақ  Аружанның  “ Ара балының құндылығы” атты  
ғылыми   жоба   жұмысында   оқушы   өте   жақсы   зерттеп   ізденген.             Оқушының“   Ара   балының   ”     құндылығы  
тақырыбындағы   бұл   жоба   жұмысында   бал   арасының   адам   баласына   сыйлаған   пайдасы,   адамзаттың   денсаулығына  
әкелер шипасы,ара балының құнды қасиеттері туралы жазылған. Балдың емдік қасиеттері     туралы   жақсы   жеткізе  
білген.    “Ара   балының    құндылығы” ғылыми жоба жұмысын әрі  қарай жетілдіре  зерттеп.,өзім деп сенетін  оқушы  
келешекте мемлекетіміздің жақсы азаматы болады деп сенемін.
 
Аннотация 
Жобаның мақсаты: Ара балының жалпы қасиеттеріне тоқтала отырып,оның құрамы туралы мәліметтер жинау.Табиғи  
балдың түрлерімен танысып,оның адамға тигізетін жағымды әсерлерін зерттеу.    Мен “Болашақта бәсекелестікке  
қабілетті халықтың қалыптасуына бағытталған аса маңызды жобалардың біріне айналатынына сенемін деген  
президентіміздің болашаққа деген үлкен сенімі екендігін түсіну ,оған үлесімді қосу. 
Аннотация  
Цель проекта:Раскрывая общие свойства пчелиного мёда собирать сведения о его составе.Знакомясь видами природного  
мёда, исследовать положительные стороны оказывающие   благоприятные воздействия  организму человека.
 Как сказал наш президент с большой надеждой на будущее:“Я верю что такие важные проекты помогут достигнуть  
цели напровленные на формирование конкуренции нашего народа.”И  яв свою очередь  готова понять и внести свой вклад. 
Кіріспе 
Табиғаттың адам баласына сыйлаған пайдасы, байлығы жетерлік. Сонау ерте замандардан бері адамзат баласы  
табиғат байлығын өз пайдасына, игілігіне жаратуда. Біз күнделікті өмірде көріп жүрген ара адамдарды шағып, зиянын  
ғана тигізіп қоймай, пайдасын да тигізеді. Оның пайдасы – балында. Ара балының адам ағзасына тигізетін пайдасы  
туралы толық білгім келіп, мен осы зерттеу жұмысымен айналыстым. «Ара балының құндылығы» тақырыбында  
жазылған зерттеу жұмысында ара балының құнды қасиеттері туралы жазылған. Бал арасы туралы жалпы түсініктеме  
беріліп, түрлері туралы кеңінен зерттелген. Зерттеу бөлімінің үшінші бөлігінде балдың емдік қасиеттері туралы толық  
мәліметтер келтірілген
Жұмыстың мақсаты:
Ара балының жалпы қасиеттеріне тоқтала отырып, оның құрамы туралы мәліметтер жинау. Табиғи балдың түрлерімен  
танысып,   оның адамға тигізетін жағымды әсерлерін зерттеу. 
Жұмыстың міндеттері: 
 1. Табиғи балдың түрлерімен танысу;
 2. Балдың емдік қасиеттерін зерттеу
Жұмыстың өзектілігі : 
 Ара балының құнды  қасиеттерін , оның табиғаттағы, адам өміріндегі алатын орны. 
Болжамы: Араның адам баласына тигізетін зиянын ғана қарастырмай, оның балының құндылығын тереңірек түсінуге  
болар еді. 
Жұмысшы бал арасының гүді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі – қоймалжың тәтті сұйықты бал деп  
атайды.Және де бал арасынан электротехникада пайдаланылатын органикалық зат – балауыз алынады.Аралардан  
прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы биологиялық белсенді заттары бар және емдік әсері өте күшті сүт  
дайындалады.Бал арасының   тіршілігін бақылау адамды табиғатты жақсырақ білуге байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке  
баулиды. 
Бал арасының үш тобы. Ара – ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара деп үшке бөлінеді. Жұмысшы араның дене тұрқы  
кішілеу, өңі қара, басы, кеудесі және жонында сұрғылт сары нүктелері болады. Ара патшасының денесі ұзын, қанаты  
қысқа, көбею органы ерекше жетілген. Ара патшасы мен еркек араның ауыз қуысы кішкене келеді. Ара топтасып тіршілік  
етеді. Ара үйірі бір ғана ара патшасы мен бірнеше жүздеген арадан және он мыңдаған жұмысшы аралардан құралады.  
Ара патшасының бірден бір міндеті – жұмысшы араларға гүл тозаңын және бал жинату, балауыз шығарту, ұя салдыру,  
балапан құрттарды, ара патшасын, еркек араны бағу, ұяны тазалау сондай – ақ, қорғау міндетін атқарады. 
Табиғи балдың түрлері 
1.Түйебұршақ балы. Балдың бұл түрі қантқа бай. ішек ауруларына пайдалы. 
2. Шайқурай балы. Жасыл сары түсті сұйық болады. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараға пайдаланылады. 
3. Жөке балы. Бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ,  
тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.
4. Шабындық  балы. Бұл бал арқылытыныс алу,жүйке,жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады. 
5. Таңқурай балы.  Түсі ақ болады. Балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады. 
6. Қарақұмық балы.  Қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Қарақұмық балы түрлі қан ауруларын емдеуге 
пайдаланылады. Тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады. 
Ара балының басты ем болатын аурулары мен оны емге қолдану тәсілдері мынандай: қол-аяқ жансызданғанда, тері  
қышымасына, ыстық, суықтан тіс қақ-сағанда, балалар кіндігі сыртқа шығып кеткенде, іш қатуға, улы жәндіктер  
шаққанда, шиқан, сыздауық шыққанда, ауызға ауыздық, қотыр шыққанда, жеңіл күйікке, құлақ ауруларына, улы жәндіктер  
шаққанда,  қан қысымы өрлегенде, ұйқысыздықтан құтылу үшін суық тигенде, тұмауратқан кезде, асқазан, ішек  
науқасына шалдыққанда,  жөтелді басу үшін, жүрек аураларында. Мысалы: тістің түбін бекемдеп, тісті ағартуға бал  
мен уксусты қосып тісті 3-4 рет жуса, тістің түбі бекемделеді, тіс аппақ болады. 
Ұйқысыздықтан құтылу үшін жасалатын әртүрлі ем бар. Солардың ішіндегі ең тиімдісі – бал жеу. Жатар алдында 1 шай  
204

қасық балды 1 стақан жылы суға араластырып ішсе, жүйкеге жайлы әсер етіп, тез ұйықтауға көмектеседі. Моншада  
емен жапырақтарымен шабыну да жақсы ұйықтауға септігін тигізеді. Суық тигенде, тұмауратқан кезде балды ыстық  
сүтке, немесе лимонның шырынына қосып ішкен дұрыс. 
Қорытынды.      Осы зерттеу жұмысының нәтижесінде, мен ара балының бағалы қасиеттері туралы  біліп,  табиғатты 
аялай білудің маңызын түсіндім. Оның түрлерімен танысып, әрқайсысының адамға тигізетін  пайдасын зерттедім. Емге 
қалай пайдалануға болатынын үйрендім. 
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Дүниетану оқулықтары. 
2. Интернет желісіндегі материалдар. 
3. «Денсаулық » журналы.
4.Егемен   Қазақстан газеті,2013ж 
* * * * *
МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАРҒА 
РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ РОЛІ
Муханова Айнұр Лұқпанқызы
Атырау қаласы №35 мектеп-гимназиясының 
I-ші санатты кітапхана меңгерушісі
I.Кіріспе  Оқушылардың бойына рухани – адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру.
II. Негізгі бөлім. Ұлтымыздың жас ұрпақтардың  бойына адамгершілік қасиеттерді дарытуға, ізгілікке, имандылыққа, 
адалдыққа тәрбиелеуге мектеп кітапханасының ролі. Мектеп кітапханасында оқушыларға рухани – адамгершілік тәрбие 
беруде әртүрлі қызмет түрлері.
III. Қорытынды. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір.
Кіріспе. Рухани адамгершілік тәрбиесі – адамзат қоғамын үнемі толғандырып келе жатқан күрделі мәселелердің бірі. 
Сондықтан да адамгершілікке жеке тұлғаны тәрбиелеуде мектептің алатын орны зор. Адамның адамгершілігі – оның 
жоғарғы қасиеті. “Адамгершілік” – адамның санасындағы, оның ішкі дүниесіндегі асыл қасиеттердің жиынтығы немесе 
биік шыңы. Адам баласында адамгершілік қасиеті қараптан – қарап туындамайтын қасиет. Ол қасиет отбасында, мектепте, 
айналадағы адамдармен қарым – қатынасындағы қоғамдық тәрбиелермен қалыптасады. Халықта “Ұяда не көрсең, ұшқанда 
соны ілесің” деген мақал бар. Тәрбие болмаған жерде адамгершілік болуы мүмкін емес. Адамның адамгершілік қасиеттері, 
ең алдымен, дұрыс амандаса білу,айналасындағылармен жақсы қарым –қатынаста болу, үлкенге ізетті, кішіге қамқор болу. 
Өз қолыңнан келгенше көмегінді аямау, біреудің жақсылығын бағалау, оны қанағат тұту.
    Адамгершілік қасиет қоғамның тарихына байланысты қалыптасып отырады. Заман өзгеріп отырған сайын, адам да 
өзгереді. Бірақ әркім өскен ортасында адамгершілік қасиетін берік ұстауы тиіс.
“Көргендінің қылығы көңіл марқайтады”, - деп қазақ халқымыз тегін айтпаған. Әр адам өзін мәдениетті ұстаса, өз 
ортамыздың көңілін марқайтады. Адамның бойындағы жақсы қасиеттер оның істеген қылығынан, сөйлеген сөзінен 
көрінеді. Ең бастысы – адамгершілікті бойға сіңіре білу.Қазір адамдардың компьютер дәуірінде өмір сүріп жатқанын бәріміз 
білеміз. Бірақ  рухани адамгершілік адамның бойынан толық көріне бермейді. Сондықтан да білім берудің барлық 
кезеңдерінде рухани адамгершілік тағылымдарын негізге алған жөн. Сонда мінез – құлқы жетілген, саналы адам 
қалыптасады. Жетілген мінез – құлық үш нәрсенің: жүректің, ақылдың, қолдың келісімі.Бала өзінің жүрегін тыңдауға 
үйренсе, жүрегінің ғана айтқанын орындаса, өмірден өз орнын таба алады деп сенемін.
Мұндай тәрбие әуелі отбасында, мектепте, тәрбиелік іс – шараларда, ойындарда қойылымдар арқылы жүзеге асуы тиіс.
     Елбасы Н. Назарбаев “Оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда біз 
рухы дамыған Отанымыздың гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз” – деген болатын.
Мектеп кітапханасының оқырмандарға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі ролі
Қазақстан-тәуелсіз мемлекет.Тәуелсіз елдіөркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш-
білім мен білімді ұрпақ.Білімді ұрпақ егеменді елдің берік тірегі.Біз білімді ұрпақ,білімді тұлға дегенде рухани жан дүниесі  
бай, білім мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең,салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз.
Адамның   рухани   қажеттерін   қалыптастыру   мен   арттыра   түсу,   оның   адамгершілік   келбетіне   белсене   ықпал   ету   ұлттық 
мәдениеттің аса маңызды қызметі.
Жаңару   заманы   қоғамымызға   ірі   өзгерістермен   бірге   ұлттық   сананы,   ұлттық   қадыр   қасиетімізді,   табиғи   даралық 
белгілерімізді жандандыруға жол ашты.Жалпы қоғамның рухани-дамуын қолға алмай тұрып, экономикалық-материалдық  
саланы   жолға   қою   мүмкін   емес   екені   белгілі.Ал   рухани   байлық   беруде   ұстаздармен   қатар,оқу   орындары,  
кітапханашылардың   да   қосар   үлесі   зор.   Кітапханашы   әрбір   оқушының   талабын   ескеріп,   жан-жақты   дамытудағы,  
ұйымдастырушы бірден-бір тұлға.
Қоғамымыздың   дамуы   ақпараттың   кең   таралуымен,   мәдениет   мәйегін   халыққа   тереңдетіп   түсіндіру   мәселелерімен 
тиянақтала түседі.Осындай маңызды істерге шамшырағы жарқыраған аралдай, оты өшпеген қара ошақтай, қараңғы түнде 
алдан   жарқыраған   жарық   сәуледей   жол   нұсқайтын-   мектеп   кітапханасы.Рухани   тарихын,ата-бабаларымыздың   салт-
дәстүрлерін,әдет-ғұрпын тануда кітаптың берер көмегі ұшан теңіз.Тәрбие мәселесінде ұлы ақынымыз Абайдың «Атаңның  
баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы көпке ортақ,пайдаң еліңе халқыңа тисін»деген гуманистік ой-пікірлермен жас  
ұрпақты өзінің еліне,халқына зор махаббатпен қарап,адамгершілік қасиеттермен тәрбиелеуіне зор мән беру бүгінгі күннің  
өзекті   мәселесі.   «Еліміздің   ертеңі   бүгінгі   жас   ұрпақтың   қолында,ал   жас   ұрпақтың   тағдыры   ұстаздың   қолында»-деп  
Н.Ә.Назарбаев  атап өткен.  Елбасы  ұрпаққа  жан-жақты тәрбие  беруде  ұстаздар  қауымына   зор  міндет жүктеп отыр.  Әл-
Фараби бабамыз  айтқандай,шәкіртімізге   білімнен  бұрын  тәрбие   беру  ұстаздардан  терең  білім   мен тәрбиенің  сан  алуан  
205

қырын игеруді талап етеді.Жаманнан жиреніп,жақсыға үйреніп,болашағына бағыт-бағдар беріп,әр шәкірттің жүрегінен орын  
таба білетін ізгі жан-өзіміз. 
Ұлтымыздың жас ұрпақтарының бойына адамгершілік қасиеттерді дарытуға,ізгілікке,имандылыққа,адалдыққа тәрбиелеуге, 
халқымыз ерекше көңіл бөліп отырған.
Мектеп кітапханасында оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде әртүрлі қызмет түрлері қолданылады.
Ауызша түрі:

дәрістер,оқу кештері,факультативтік сабақтар:

библиографиялық шолулар,сұхбаттар,кеңестер;

оқырман конференциялары;

шығармашылық, әдеби-музыкалық,тақырыптық кештер;

танымал тұлғалармен кездесу кештері;

диспуттар,дөңгелек үстелдер,пікірсайыстар;
Көрнекілік түрі:
     -  аралас көрмелер

стендтер
Баспа басылымдары:
-библиографиялық шолулар,библиографиялық көрсеткіштер;
-жарнама материалдар: хабарландыру,шақыру, қағаздары және т.т.
Кешенді түрі:
-әртүрлі үлгідегі (ауызша,көрнекі,баспа)кітапханалық сабақтар
(апталық,онкүндік, айлық), экскурсия.
Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде кітапханашыларда нақты жағдаймен алғы шарт болуы қажет,оған мыналар  
қатысты:
-оқушылардың талаптарын жақсы білу;
- рухани–адамгершілік тәрбие беру мақсатында оқушылардың қызығушылығын арттырудағы іскерлік,
-кітапханада   жақсы   анықтамалық-библиографиялық   ақпараттың   болуы.Жас   ұрпақты   тәрбиелеуде   халқымыздың   сан 
ғасырлық тәжірибесі бар. Сондықтан сол мол тәжірибені пайдалануға тырысып,ең бірінші жаны таза, адамгершілігі мол, 
парасатты,халқына  пайдасын тигізетін адам тәрбиелеуді мақсат етіп қоюымыз керек.Адамгершілік тәрбиесі –белгілі бір 
мақсатқа   негізделген   көзқарасты,сенімді,парасатты,мінез-құлық   дағдылары   мен   әдеттерді   қалыптастырудағы   және 
адамгершілік  сезімді,  ұлттық  сананы,қарым-қатынасты дамытуда,жалпы адамзаттық  құндылықтарды тиімді  пайдалануға 
бағытталған тәрбиенің құрамдас бір бөлігі.
Біз рухани-адамгершілік тәрбие беруде алдымызға мына мақсаттарды қоюымыз керек:
-халықтың   ғасырлар   бойы   жинақтап,іріктеп   алған   озық   тәжірбиесі   мен   ізгі   қасиеттерін   жас   ұрпақтың   бойына   сіңіру,  
баланың   қоршаған   ортадағы   қарым-қатынасын,   дүниетанымын,өмірге   көзқарасын   және   оған   сай   мінез-құлқын 
қалыптастыру.
-жас   ұрпаққа   халқымыздың   асыл-дәстүрі   мен   салтынан   мағлұмат   дәрежесі   биік,мәдениетті,парасатты,ар   ожданы   мол 
еңбекқор,бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу;
-біртұтас әлем туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру;
-оқушыларды жалпы азаматтық құндылықтарға тарту,сол құндылықтарға сәйкес мінез-құлық қалыптастыру.
-Ұлттық мәдени байлығымызды танып білуге тәрбиелеу.Өз Отанының
және халқының мәдени мұраларын игеру;
-Жалпы   адам   қоғамы   жинақтаған   адамгершілік   мораль   нормаларын,қатынас   мәдениетін,тәрбиелілікті   игеру.Ішкі   ар 
бостандығын   дамыту   өзінен-өзі   баға   беру,өзін-өзі   басқара   білуге   үйрету.Қоғам   заңдарын,ұжымдық   өмір 
нормаларын,азаматтық-әлеуметтік жауапкершілікті орындауға тәрбиелеу;
-Еңбек  ету ең жоғары  байлық  екенін айта   отырып,еңбек  ете  білуге  тәрбиелеу;  адал  өмір  сүруге,жақсы  отбасын құруға 
тәрбиелеу.
Кітапханада өткізілетін жұмыс түрлерін дайындау және өткізудің өзіндік ерекшеліктері бар.Шараны дайындау мен өткізу үш 
сатыда қарастырылған,олар; дайындау өткізу,өткізілген шараның тиімділігі және оны насихаттау болып табылады.Оларды 
өз кезінде мына сатыларға бөлуге болады.
Бірінші саты-тақырып таңдау,оқырманның таңдауы мен мақсатын айқындау.
Екінші саты-алынған тақырып бойынша материалды зерттеу.
Үшінші   саты-интернет   және   әртүрлі   дерек   көздері   арқылы   қажетті 
мәліметтерді жинау.
Төртінші саты-қызығушылық танытқан оқырман тобын  анықтау.
Бесінші саты-жарнамалық жұмыс.
Алтыншы   саты-шараны   өткізудің   жолдарын   ойластыру,сценарийлерін 
жазу.
Жетінші саты-көрнекті құралдар жинақтау.
Сегізінші саты-шараға қатысушыларды дайындау.
Тоғызыншы саты- өтетін жерді анықтау.
Оныншы саты – шараны өткізу оны тіркеу.
Он бірінші саты- шараның тиімділігін зерттеу.
Он екінші саты – өткізілген шараны талдау,оның жетістігі мен  кемшілігін 
анықтау.
Он үшінші саты- өткізілген шараны насихаттау.
«Қазақтың тағдыры,келешегі,ел болуы да мектебінің қандай негізде   болуына  барып тіркеледі»,-деп Мағжан Жұмабаев  
айтқандай,ғасырлар   бойы   қалыптасқан   ұлттық   рухани   мұраны   жас   ұрпақтың   бойына       қалыптастырудағымектептің 
206

ролізор.Осыған орай №35мектеп-гимназиясы   кітапханасының   оқулықтар     мен көркем әдебиет қорын толықтыра түсу  
жолында тынбай еңбекетіліп келеді.Бүгінгі мектеп кітапханасында 7945 кітап қоры , соның            ішінде 6255 оқулық бар.  
Қорды пайдалана отырып,тәрбие  жұмысының түрлі әдіс-тәсілдері ұйымдастырылып келеді.
 «Аңызға айналған ғұмыр» Бауыржан Момышұлының жан беріп жан алысқан қанды шайқаста көрсеткен бірегей батырлық  
ерлігі мен қанды көйлек майдандас жауынгерлер тағдырын суреттеумен ерекшеленетін айрықша мәні бар шығармаларына  
тәрбиелік шара өткіздім.Бұл шараның мақсаты : 
Оқушыларды отаншылдыққа баулу, патриоттық тәрбие беру. ҚаҺарман батырдың ерлік істерін оқушы бойында дарыту.
Кіріспе сөз
І бөлім – Бауыржан Момышұлының жастық шағы «Ұшқан ұясы»
ІІ бөлім – 1941 жылы Москва түбіндегі қанды шайқаста көрсеткен теңдесі жоқ ерлігі .«Москва үшін шайқас» 
ІІІ бөлім – Б.Момышұлының қаламынан шыққан шығармаларымен таныстыру.
ІV бөлім – Батырдан қалған өсиет «Қанатты сөздері»
V бөлім – Бауыржанға арналған ақындардың өлеңдері
Майдан даласында арнаулы тапсырмамен жау шегіне жіберіліп , жау тылындағы партизандардың өжет қимылдарын көзбен 
көріп , тікелей араласқан қөркем шығарма иесі Қазақстанның халык
  қаһарманы Қасым Қайсенов ағамыздың өмірімен 
творчествасына жалпы шолу және оның ерліктеріне тағзым етіп ,өскелең ұрпаққа үлгі ету , шығармаларын насихаттау, «Жау 
тұлындағы бала» кітабынан оқырман конференциясы өткізілді.Конференцияның басты мақсаты: «Жау тылындағы бала»  
кітабын   таныстыру.Оқырманға   ұлы   жеңістің   қаншалықты   қиыншылықпен   келгенін   түсіндіру.Елін,   жерін,Отанын 
қорғауға,ұлтжандылыққа,   патриоттыққа   тәрбиелеу.Оқушылардың   есте   сақтау,ойлау   қабілетін,рухани   мәдиниетін 
дамыту,жазушы шағармашылығына деген қызығушылығын арттыру.
Бұл кітапты роман,толғау, хикая деседе болады.Кітаптағы әрбір әңгіме қай жанрдың да талабын көтере алады.Оқиғалары  
ойдан шығарылмаған, бастан кешкен өмір шыңдығы .Кітапта жеке адамдардың кітаптардың ішкі сезімін ой толғанысын 
совет елінің патриоттық, интернационалдық рухының мызғымас бірліктігін , жас өспірім балалардың ерліктерін.Серік пен 
Бористың достығын . Серіктің қазақ ханына сіңген қырағылығын , ештенеден тайсалмайтындығын көрсете білген.
Талқылау төмендегі сұрақтар бойынша
1.Кіріспе сөз
2.Жазушының өмірімен танысу 
І бөлім.  Повесть неліктен «Жау тылындағы бала» деп аталған?
ІІ бөлім. Бұл шығарманың басты кейіпкерлері
ІІІ бөлім. Шығармадағы оқиғаның басталуы. Жол үстіндегі сұмдық.
ІV бөлім. Серіктің анасының қазаға ұшырауы.
V бөлім. Анасынан айрылған баланың жағдайы
VI  бөлім.  Деревнядағы оқиға
VII бөлім Балалардың партизандарға қосылуы
VIII бөлім Әкесімен табысуы
Қазақстан   халықтары   тіл   мерекесіне   орай   ұйымдастырылған     «Ана   тілім-ажарым,   асыл   мұрам»   әдеби-композициялық  
кештіңде мақсаты: жас оқырмандардың қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, тілді-біздің ертеңіміз,  
тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру, тәрбиелеу болды. “Тіл-ұлттың қасиетіміздің тірегі” атты көрме ұйымдастырылды. 
Қазақ   халқының   мақтанышы,   терең   ойлы   оқымысты   ғалым,жазушы,ұстаз,қоғам   қайраткері   Ахмет   Байтұрсынұлының 
туғанына 120 жыл толуына орай «Алаштың ардақты ұлы»атты әдеби кеш өткізілді. 
Мақсаты: Ұлтымыздың ұлы ұстазы, қоғам қайраткері,ғалым ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен 
шығармашылығын насихаттау, өлеңдерін мәнерлеп оқуға үйрету,кітапханаға оқырмандар тарту.
А.Байтұрсыновтың   қаламынан   туған   аударма   мысалдардан   тақырыбы   мен   кейіпкерлері   сан   алуан   болғанымен,  
аудармашының   оларды   аударудағы   мақсаты   біреу-ақ.Ол   халыққа   ғибратты   ойлар,нақты   насихат   айту.Адамдарды 
адамгершілікке,ынтымақ-бірлікке,   жаман   әдеттерден   арылуға   шақыру.   ХIХ   ғасырдың   аяғы   мен   ХХ   ғасырдың   басында 
ағартушылар мен түркітанушы ғалымдар жазу-сызуды реформалау қажеттілігіне айрықша назар аударып, демократиялық 
бағытқа қарай бетбұрыс жасауды көздеді.
Талқылау төмендегі сұрақтар бойынша болды:
Кіріспе сөз
I бөлім-жазушының өмірбаянымен танысу.
IIбөлім. «Алаштың ардақты ұлы» атты көрмені таныстыру.
IIIбөлім. Қаламынан туған аудармаларын талқылау.
Ivбөлім. Шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастауы.
V бөлім. А.Байтұрсыновтың өлеңдері.
VIбөлім. Ахмет атамызға арнау өз шығармаларынан 7
в
-сынып оқушысы А.Аманғалиевтың оқуы.
          Мектеп   кітапханасы   оқырмандарға   кітаптың   сарқылмас   рухани   қазына   екенін,   білімнің   кітап   арқылы   берілетінін,  
кітаптың  адам  өміріндегі   маңызы  ғылым  мен  білімнің пайдасы  жайлы  түсіндіруді,   тапсырмалар  арқылы  оқушылардың  
сөйлеу тілдерін, ой – өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамытуды, олардың кітапқа деген қызығушылығын арыттыруды, 
кітапты күтіп ұстауға тәрбиелеуді мақсат етеді.
         Кітапхана-оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Бір ғажабы, осы заманғы ақпарат тасымалдаушы технология  
жүйесінде де кітапхана маңызды буын болып саналады.
         Мектеп кітапханасынан мектеп бөлек өмір сүрмейді және мектеп кітапханашысының өз ерекшеліктері бар. Өйткені 
мектеп кітапханашысы – ол библиограф та, әдістемеші де, педагог та бола алады.
         Мектеп жұмысы – кітапханашының да жұмысы, сондықтан педагогтармен қатынас үздіксіз жүргізіледі. Бұл қатынас  
кітапханашыға да, педагогтарға да, ең бастысы, оқушыларға да көмектеседі.
«Кітап – білім бұлағы» демекші, мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен,атқарар қызметі үлкен. Рухани   жан дүниеңе  
демеу беріп, адамның адами қасиетін арыттыратын да – осы кітап. Осыдан барып кітапсыз өмірімізді елестету де қиын 
207

екенін түсінеміз. Сан ғасырлық тарихымыз бізге хатқа түскен кітаппен жеткен жоқ па?
Соған қарап біз өткен өмірімізді көз алдымызға алып келеміз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет