5. der Zwinger Der Zwinger ist ein
Gebäudekomplex mit Gartenanlagen in Dresden. Das unter der Leitung des Architekten Matthäus Daniel Pöppelmann und des
Bildhauers Balthasar Per Moser errichtete Gesamtkunstwerk aus Architektur, Plastik und Malerei gehört zu den bedeutenden
Bauwerken des Barocks und ist neben der Frauenkirche das bekannteste Baudenkmal Dresdens. Der Zwinger entstand ab 1709
als Orangerie und Garten sowie als repräsentatives Festarea.
12)
Das 4 Thema Feste und Bräuche (видеофильмдер көрсетіледі)
In dieser Aufgabe sehen sie einen Film über die Festen und Bräuche der BRD.
Sie müssen erraten, über welchem Fest oder über welche Bräuche dieses Film ist
11)
Weihnachten
12)
Ostern
13)
Nikolaustag
14)
Pfingsten
15)
Karneval oder Fasching
13)
Das 5 Thema Die großen Städte (тест жұмысы орындалады)
Hier ist die Testarbeit. Sie müssen richtige Variante finden. Sie müssen auf alle Fragen volle Antworten geben.
26.
In welcher Stadt befindet sich die bekannteste Gemäldegalerie? B) Die
bekannteste Gemäldegalerie befindet sich in Dresden
27.
Wodurch ist die Stadt Bremen bekannt? C) Die Stadt
Bremen ist durch „Bremer Stadtmusikanten“ bekannt
28.
Welcher Stadt nennt man „Elbflorenz“? B) Die Stadt
Dresden nennt man „Elbflorenz“
29.
In welcher Stadt befinden sich die alte und die neue Pinakothek? D) Die alte und die
neue Pinakothek befinden sich in München
30.
Welche Hafenstadt nennt man „Tor zur Welt“? B) Die Stadt
Hamburg nennt man „Tor zur Welt“
Der Lehrer: Unsere Jury zählt die Punkte und wir danken unseren Teilnehmer für die heutige gute Arbeit.
Ihr habt sehr schön gearbeitet, und wir sind froh, dass ihr solche hohe Ergebnisse gezeigt habt. Danke schön, liebe
Kinder! Jetzt unsere Jury macht uns bekannt, wer Sieger ist. Wir gratulieren den
Gewinnern!
* * * * *
ОҚУШЫЛАРДЫҢ КЕДЕРГІЛЕРІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖОЮ
Қарағанды облысы. Жезқазған қаласы. №11 орта мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі Сердалинова Гульмира Химиевна. 3-деңгей
Жалпы мақсаты: Оқушының оқуында туындауы мүмкін кедергілерді және олардың оқуға деген ынтасын сақтап қалу
мақсатында оқушыларға қолдау көрсету әдістерін анықтау
Түйінді идеялар: Өздерінің оқуға қабілетті екендігіне сенімді оқушылар материалды тез әрі жақсы игереді. Олар ойларын
оңай жинақтайды, терең ойланады, оқудан ләззат алады, ішкі бақылау жұмыстары мен сыртқы тексерістерде жоғары
нәтижеге қол жеткізеді. Оларға оқу оңай, олар оқу үдерісінен рахат алады. Оқушылардың ынтасын басқара алатын
мұғалімдер оларды дамыту жолдарын белгілеуде негізгі рөл атқарады. Болашақты болжауға болмайды, бірақ оның
қалыптасу белсенділігі қазірден басталады және қазіргі кезде не істеліп жатса да, жастардың қабілеттерін дамытуға ықпал
етеді. Сондықтан мұғалім оқу қабілеттерін қалыптастыратын немесе шектейтін күштерді белгілей отырып, белгілі бір
педагогикалық амалдарды таңдап, жастарға өз әлеуеттерін ашуға, сол арқылы ең үздік оқушы болуға көмектесуге тиіс.
Оқу нәтижелері: Оқудағы кедергілер зияткерлік, әлеуметтік және эмоциялық сипатта болатынын түсіну.
Жаңа форматты сабақ жоспарын оқушыларымды сыни тұрғыдан ойлауға, көшбасшылыққа үйретуге негіздеп
жасадым. Сабақтың оқыту мақсаты мен міндеттерін, оқушылардың табысқа жету критерийлерін оқушылармен бірлесе
отырып көрсетуді жоспарладым. Жаңа тақырыпты таныстыруда таныстырылымдар дайындауды көздедім.
Таныстырылымдар арқылы оқушыларға тақырыптың мәнін ашуға ықпал етіп отырдым. Сабақтағы кедергілерді жою үшін
оқытудың мақсаты пен міндетін айқындадым. «Тиісті тақырып астына өзіңіз білетіннің барлығын жазыңыз»,«Ойлан –
Жұптас– Бөліс», «Табиғат көрінісінің графикалық органанайзері» стратегияның әдіс-тәсілдерін таңдадым. Сабақтарды
жалғастыра өткізу кезінде сабақта оқушылардың ынтасын арттыру барысында«Басбармақ», «Смайликтер»,«Өзін – өзі
бағалау»,«Топбасшысы бағалау» әдістерін қолдандым. Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауда оқушылардың сабақ
барысында білімді өз бетінше іздену, жеке, жұпта, топта бірлесіп сенімділікпен жұмыс жасау және өз ойының, пікірінің
мәнділігіне түсіну, бар ынтасымен оқу, көптеген пікірлерді тыңдап, оларға ілтипатпен қарау, өзі айтқан зерделі ойына, өз
пікіріне есеп бере алу сияқты іс-әрекеттерін ұйымдастыруды мақсат еттім.
213
№
Тақырыб
ы
мен
қолданыл
а
тын
модульдер
Сабақтың
мақсаты
мен
міндеттері
Оқытуда
қолданыла
тын әдіс-
тәсілдері
Оқы
туда
кезде
сетін
кеде
ргіле
рді
жою
Оқу
нәти
же
лері
Бағалау,соның
ішінде оқыту
үшін бағалау
Оқушыла
рдың
барлығын
сабаққа
қатыстыр
у
Негізгі
дереккөзд
ер мен
құралдар
1
Ы.Алтын
сарин
«Өзен»
Оқытудағ
ы және
оқудағы
жаңа
тәсілдер.
Сыни
тұрғыдан
ойлауға
үйрету.
Оқыту
үшін
бағалау
және
оқуды
бағалау.
Оқыту мен
оқуда АКТ
пайдалану.
Талантты
және
дарынды
балаларды
оқыту.
Оқушылар
дың жас
ерекшелік
теріне
сәйкес
оқыту
және
оқу.Оқыту
дағы
басқару
және
көшбасшы
лық.
Ыбырай
Алтынсар
ин
шығармас
ы
ның
мазмұнын
ың
негізгі
ойын ашу ;
Бұрын
оқылған
ақпараттар
ды жаңа
және
нақты
жағдайлар
да
мәселелер
ді шешу
үшін
қолдану;
Табиғатты
аялау
қажеттігін
түсінуге
бағыт
беру;
(төрттік
топпен)
Комплимент
«Қар лақтыру»
Топқа бөлу
«жыл мезгіл
дерімен»
«Ой қозғау»
« Елестету»
стратегиясы
Бейнеролик
тамашалау
«Өзен»
Топтық
жұмыс
«табиғат
көрінісінің
графикалық
органанайзері»
стратегиясы
(постер)
1.«Табиғат
және адам»,
2. « Табиғат -
менің өз
үйім»,
3.«Табиғатты
аялау, қорғау»,
4.«Табиғат –
менің досым».
Сергіту сәті
«Көңілді
балапан»
“Ментальді
карта “
«Тиісті
тақырып
астына өзіңіз
білетіннің
барлығын
жазыңыз»стра
тегияы
Рефлексия
Сені
мді
қары
м –
қаты
наст
ың
болм
ауы;
Оқу
шыла
рдың
мінез
дерін
ің
ерек
шеліг
інен;
Ішкі
уәжді
ң
болм
ауы;
Ыбыр
ай
Алты
н
сарин
шыға
рма
сыны
ң
мазмұ
нын
ашад
ы;
Топт
ық
әңгім
еге
қауіп
сіз
орта
құры
лады;
Оқуш
ыларғ
а
әңгім
е
құруд
а, өз
бетін
ше
және
өзара
қолда
у
көрсе
тіледі
;
Білім
және
түсіні
к
негізі
н
бірле
сіп
құрад
ы;
Ынталандыру:
-Жарайсың!
-Бәрекелді!
Рефлексия
«2 жұлдыз, 1
тілек».
А
«Өзен»
туралы
эссе
жазып,өз
ойын
тиянақты
жеткізуге
тырысады;
В
Ы.Алтынс
арин
нің
өмірбаяны
жайлы
айтады;
С
бейнероли
ктен
көруі
бойынша
өзеннің
суретін
салады;
Нұсқаулық
Оқулық
(Мерсер,
Сөздер
мен
Саналар,
2000)
Топ
ұстанымы
Интербелс
енді тақта;
Бейнероли
к
Флипчатта
р;
Таратпа
материалд
ар;
Бағалау
парақшала
ры;
214
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУЫ ЖӘНЕ
СЫНЫПТАСТАРЫНЫҢ БІРІН-БІРІ БАҒАЛАУЫ
Қарағанды облысы. Жезқазған қаласы. №11 орта мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі Байгабулова Зинагуль Жасынбековна. 3-деңгей
«Әлем өзгергендіктен, сіз өзгересіз, және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Сіз өзгересіз, себебі сіз
білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт
беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз
де, олар да өзгеруі қажет» С Бич, 2012
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім саласына ықпал етті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан халқына жолдаған жолдауында білім мәселесіне нақты тоқталып, алдымызға міндеттер қойды. Дамыған
мемлекеттердің қатарынан көрінуіміз үшін біз сауаттылығы жоғары мамандар дайындаумыз керектігін айтты.
Еліміздің білім беру жүйесіндегі даму іс-әрекеті — білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім беруде жаңаша педагогикалық
көзқарас қалыптастыру.
Ұлы қазақ педагогы Ы.Алтынсарин: «мұғалім — мектеп жүрегі болса, оның оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған
сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді» деп мұғалім ролін
ерекше бағалаған.
Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Кембридж университетінің білім факультеті арасындағы бірлесіп жасаған үш айлық
бағдарламаның негізгі идеясы сындарлы оқыту теориясына негізделген. Сондықтан да оқушылардың ойлау қабілеті,
қалыптасатын білімдері жан-жақтан жинаған (мұғалімнен, достарынан, интернеттен, кітаптан, т.б.) ақпараттарына
негізделеді. Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері механикалық түрде есте сақталынып, кейбір жерде ұтымды
пайдаланылады, бірақ, мәні терең меңгерілмегендіктен оқушылар оны өмірде тиімді пайдаланбайды. Сол себептен,
оқушылардың қалай оқу керектігіне, түсіну қабілетін дамытып, оны керек кезде пайдалана білетін, ойын нақты жеткізе
алатын, көзқарасы дамыған, жігерлі тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету — аталмыш теорияның негізгі мақсаты.
Оқушыны қандай мақсатта, не үшін, қалай бағалаймыз? Бағалау кезінде мынадай мақсаттар болуы мүмкін: оқытудың
қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткендегі кері байланыс, уәж, болжау, стандарттарды бақылау, бағдарламаның мазмұны
мен стилін бақылау. Бұл келтірілген барлық бағалаудың түрлерінде бақылау, интерпретациялау, қорытындылауды қамтиды.
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі білім беру, оқыту үдерісіндегі әдіс-тәсілдердің барлық түрлерімен
байланыста болады. Бұны меңгеру үшін қалған модульдердің мазмұнын игеру қажет, болжау, сұрыптау, бақылау, жоспарлау
әдістерін меңгеру керек. Оқушылардың алға қарай даму мақсатында жұмыс нәтижелерін, өз-өздерін бағалай білуі керек.
Оқуды бағалаудың мақсаты — оқушылардың оқып білгенін жинақтау. Бірақ, маңызды мәні бар тест жүйесі арқылы
оқушылардың білімін бағалау оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assesstment Reform Group, 2002 b.).
Мұғалімнің оқушыларды бағалауы — ол оның білімін топтау, белгілі бір шаблонмен салыстыру. Мұғалімнің іс-әрекеттеріне
қарай, шеберлігіне қарай оқушыларды бағалауда бірнеше әдістерін қолдана алады: жеке, жұптық, топтық, жиынтық, қателер
талдауын, салыстырмалы түрде, өздерін-өздері, кері байланыс, т.б. Оқушының мұғалімге деген сенімі артады, көзқарасы
өзгереді.
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бағдарламаның басқа модульдерімен тығыз байланысқан. Бұл модульді
пайдаланғанда барлық жаңа тәсілдердің мазмұнын дұрыс игеру керек, орынды пайдалану керек. Оқыту үшін бағалау мен
оқуды бағалау модулі оқушылардың білім деңгейін анықтауға, алдағы жұмыстарды қалай жоспарлау керектігі, алға қойған
мақсатқа жету алгоритмін құру керек. Барлық модульдер бір-бірімен өте тығыз байланысқан. Сабақ беру кезінде бір
модульді пайдаланға басқа модульдің міндетті түрде кірістірілетінін сеземіз. Екінші жағынан, кез келген модульді
пайдаланғанда оның нәтижесін біліуіміз керек, яғни қаншалықты сабақ беру кезінде таңдап алынған модульді
пайдаланғанымызды бағалауымыз тиіс.
Қазақстан Республикасының үшінші педагoг қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (негізгі) деңгей
бағдарламасы бoйынша білім берудің жаңа әдіс – тәсілдерін қалай іске асыру керектігін жақсы түсіндім, онда өзара бір-
бірінен ажырамайтын жеті модуль қызмет атқарады. Соның ішіндегі 2 модуль «Oқыту үшін бағалау және oқуды бағалау»
мoдулі бойынша мәлімдеме жасауды таңдадым. Менің бұл модулді таңдау себебім: мектептегі тәжірибе кезеңіне келгенге
дейінгі 1 сынып оқушыларының бойында өзін ғана ойлайтын,сыныптастарынан асып озғысы келетін оқушылар бар болатын
және де ата-аналар арасынан да баласының бағасына келіспей жататындығы көптеп кездесетін. «Oқыту үшін бағалау және
oқуды бағалау» мoдулі негізінен екі түрде жүзеге асырылады.Oлар фoрмативті бағалау мен жиынтық бағалау. Фoрмативтік
бағалаулардың кейбіреулерін критерийлер арқылы жүзеге асырғандықтан критериалды бағалау деп те айтамыз.
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» мoдулі оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауын саналы және
оймен қабылдауын қарастырады, «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінде келтірілген әлеуметтік-сындарлы тәсілдерді
және түрлі жастағы балаларға білім берудің сараланған тәсілін қолдануды (5 және 6-модульдер) тұжырымдайды. Өзім ойға
алған бағалаудың мақсатын жүзеге асыру үшін «Оқытудың қиындықтарын анықтау, кері байланыс, уәж, болжау және
сұрыптау,стандарттарды бақылау және орындау, оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау»
арқылы өздерінің көзін жеткізетіндей,өз бағасына дәлел таба алатындай, өзін-өзі бағалайтын оқушылар дайындау болды.
Мектептегі тәжірибеде дүниетану пәнінен «Өсімдіктер» тарауы бойынша сабақтар өткізілді.Онда «Өсімдік топтары,
мүшелері және олардың атқаратын қызметі», «Көкөніс,тұқым,жеміс», «Өсімдіктердің көбеюі», «Өсімдіктердің жануарлар
тіршілігіндегі маңызы» тақырыптары қамтылды. Шағын топтарда оқушылар мәтінді оқып, мағынасын ашып, талдау
жұмысын жүргізді. Оқушылар бірін-бірі постерге түсірген суреттерін бағалайтын «Екі жұлдыз,бір тілек» стратегиясы
бойынша бағалады. Оқушы жауаптары: «Бірінші топтың салған суреттерінен өсімдіктің неше топқа бөлінетінін жақсы
көруге болады. Суретті әдемі салған және қайта-қайталанбаған. Өсімдік топтарының атын жазып қойса»-деген тілек
білдірсе.Екінші топтың мүшелері келесі топқа «Сурет салуға барлық оқушы қатысқаны көрінді.Постердегі өсімдіктер саны
көп. Бір-ақ ретсіз салынғандықтан олардың тобы анық емес»-деп формативті бағаларын ұсынды. Келесі топтың бағасы
«Өсімдік топтары,олардың мүшелері жақсы салынған. Тапсырманы әрқайсысы бөліп алғаны көрінді. Келесі де суретті бір
бағытта салсаңдар тіпті жақсы болатын еді» деген ұсыныстарды әр топ жақсы қабылдады. Өзімнің тарапымнан да постерді
215
таныстырған спикерлерге де,бір-біріне формативтік бағалау берген оқушыларға да «Жарайсың!Бәрекелді!Топта сен ерекше
белсенділік таныттың!» формативтік бағалаулар берілді.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес.Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қoю жолымен
бағалайды.Олар қолданатын кез келген нысанның артында oбъективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нoрмалар
мен стандарттар ғана емес,сондай-ақ баланың дамуы,oқуы және ынтасы туралы түсінік,сoнымен қатар өзін-өзі бағалау
қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александер ,2001).
«Көкөніс,тұқым,жеміс» тақырыбы бойынша жүргізілген сабақта өзін-өзі бағалау кесте бойынша жүзеге асырылды. Онда
«Өсімдіктердің ұқсастығын анықтау.Мысал келтір» тапсырмасы берілген. Оқушылардың әрқайсысы өздерін
«білемін,білдім,білгім келеді?» кестесі бойынша бағалады.А оқушы өзінің кестесін «Біздің қалада өсетін көкөніс,жемістерді
білемін», «Көкөністердің тек бақшада өсетінін,ал жемістердің бауда өсетінін білдім», «Бізге таныс емес өсімдіктер туралы
білгім келеді?»-деп толтырған. В оқушы: «Жеміс түрлері ағаштарда өсетінін білетінмін», «Жеміс түрлерінің көпшілігі бұта
тобында кездесетінін енді білдім», «Өсімдік түрлерінің қайсысында адам өміріне көп пайда беретін дәрумендер бар екенін
білгім келеді?»-деген. С оқушы: «Өсімдіктерді білемін, олар тірі табиғатқа жатады», «Қауын,қарбыз көкөніске жататынын
білдім», «шөптесін тобына жататын жемістер бар ма екен?»-деп өздерінің білімін реттей бастағандарын көрсетті.
Барлық сабақтарда фoрмативті бағалау түрлері және әдіс- тәсілдері cыныптың психологиялық ахуалын қалыптасыру
кезінде және оқушылардың көңіл- күйлерін сұрау барысында, сонымен қатар сабақ кезеңдерінде оқушылардың
тапсырмаларды пікір алмаса отырып орындауында , талқылауында кеңінен қолданылды. Оқушылар нәтижеге жету үшін
күш жігерін жұмсап, жауап беруге ынталанады. Cабақтың әрі қарай кезеңдерінде де тапсырмаларды орындау барысында
критерийлер бойынша бағалау арқылы пікір алмасты, cыни тұрғыдан ойлауы , білімге деген құштарлығының артуы және
бір- бірінен білмегендерін үйренуі, сoнымен бірге басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуі, білімдерін бағалауы диалог
арқылы жүзеге асырылып отырылды.
Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір-бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге,
бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін-бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз
жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін
жауапкершілігін арттыруға бағытталады.
«Баға қоюдан» басқа оқушыларды өзара бағалау үдерісіне тартудың көптеген тәсілі бар. Өзін-өзі бағалаудың барлық
стратегиясына ортақ нәрсе түрлі критерийлердің қолданылуы.
Жазбаша жұмысты өзара бағалауға келер болсақ, ол мұғалім жұмыстарды тексеруді толығымен тоқтатады деген сөз емес;
мұғалімге жұмыстарды қарап шығып, өзінің пікірлері мен ескертулерін айту қажеттігі сөзсіз. Жұмыстың белгілі-бір бөлігін
мұғалімнің бағалауына дейін өзара бағалау болады немесе кей кездері мұғалімнің тексеруінің орнына өзара бағалауды
қолдануға болады. Дегенмен де, бұл үдерістің мақсаты мұғалімді алмастыру емес, оқушыларды өз жұмысын жақсарту
жолдарын тануға көмектесу болып табылатындығын ұмытпау керек.
Қазіргі уақытта осы өзін-өзі реттейтін дарынды оқушы, яғни көшбасшылық танытып отырған оқушылар келешекте
сыныптастарын оқытуға және де С деңгейіндегі оқушылар көпіршелер арқылы оқуын жақсартуға жұмыс жасауға
бейімделуде. Жером Брунердің «Орманды өсіру» дегенін тұжырымын алсам біз, мұғалімдер, «рефлексивті агент» болсақ,
біздің өсіріп жатқан «орманымыз» – оқушыларымыз. Біз реттелетін болсақ, оқушыларымыз да өздігінен реттеледі деген ой
мені жиі мазалайды.Келешекте сабақты жүргізу барысында,сабақтан соң,өзіндік талдауды жүзеге асыру өте тиімді екенін
есте ұстаймын.
* * * * *
216
МАЗМҰНЫ
1.
ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ . Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
өңірлік мемлекеттік университеті, п.ғ.к. Елеусинова Гүлім. Қазақстан, Ақтөбе
2.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:МЕНІҢ ТУҒАН ЖЕРІМ. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы А.С. Пушкин
атындағы №1 мектеп - гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шалдарбекова Гульшат Беккеновна
3.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ОТБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕСІ. Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылы Хамидолла
Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Махмутова Алия Серажиденқызы
4.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ШАБУЫЛҒА ШЫҒУДЫ ЖЕТІЛДІРУ. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы №132
орта мектебінің Дене шынықтыру пән мұғалімі Жукенов Клыш Санашевич
5.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: МӘТІН ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы №132 орта
мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Төлеутаева Аягөз Серікбайқызы. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Оразбаева
Жаңагүл Шөмшекбайқызы
6.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: АКРОБАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР. Ақмола облысы Атбасар ауданы Мариновка қазақ
орта мектебінің Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Байдилдаева Нұрбиби Канайбекқызы
7.
ТАҚЫРЫБЫ: «ШОҚАН УӘЛИХАНОВ - ҚАЗАҚТЫҢ АСА КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМЫ ӘРІ АҒАРТУШЫСЫ»
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Батыр ата елді мекені «І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоғары санатты, тарих пәнінің мұғалімі Сүлейменова Гүлзакира Саққызы
8.
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗУ ЖОЛДАРЫ. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ. САПА МЕНЕДЖМЕНТІ
ЖҮЙЕСІ. Оңтүстік Қазақстан облысы. Шардара қаласы. № 16 КОЛЛЕДЖ МКҚК. Математика – жаратылыстану
пәндер әдістемелік бірлестігі Автор: Қожахметова Күлімхан Әжібекқызы
9.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Ш - ДЫБЫСЫ МЕН ӘРПІ. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Батыр ата
Достарыңызбен бөлісу: |