2.Мағынаны тану-жаңа сабақты бекіту процесі. Бұл кезеңде алушы
ақпараттармен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар
орындайды. Берілген жаттығуларды, мәтінді оқып, тақырып бойынша жұмыс
жасауға кӛмектесетін стратегиялар бойынша жұмыс жасайды.
3.Ой-толғаныс-сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде үйренуші
не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану
керектігін үйренеді. «Синквин», «Венн диаграммасы», «Эссе» сияқты страте-
97
гиялар тақырыпқа сай қолданылады.
Қызығушылықты ояту
кезеңі
Мағынаны тану
Ой толғаныс (рефлексия)
Ротация
Ассоциация
Топтастыру
Эссе
Блум кестесі
Семантикалық карта
Тірек кестесі
Класстер
Ротация
Түртіп алу
Ішкі және сыртқы
Кубизм
Блум кестесі
Жигсо1,2
Болжау кестесі
10 мин Эссе
Инсерт
Ротация
Ассоциация
Топтастыру
Ішкі және сыртқы
Кубизм
Эссе
«Т» кестеі
«Венн диаграммасы»
«Жуан»
және
«жіңішке» сұрақтар
«Ассоциация» әдісі
Арыз жӛнінде біз не білеміз?
“Арыз”
Жеке құжат түрі Кең тараған іс-қағаз Адамның қалауын, ниетін
кӛрсететін құжат түрі
* Арыз қандай құжат ?
* Арыз қай жағдайларда жазылады?
* Арызды толтырған кезде қандай құжаттарды басшылыққа алу керек?
*Арыздың қандай түрлерін білесіңдер?
«Түртіп алу» әдісі
1 қадам - Мәтінді оқиды.
« V» - маған таныс; (Ресми іс жүргізу стиль бойынша құжаттағы факті дәл
және нақты кӛрсетіледі)
«+» - мен үшін жаңа; (Ресми іс жүргізу стилі үш түрге бӛлінеді) Бір-бірінен
айырмашылықтары қандай екен?
« - » - мен білетін түсінікке сәйкес келмейді;
«?» - бұл туралы тереңірек білгім келеді. (Күнделікті іс жүргізу стилі
бойынша тереңірек білгім келеді)
2 қадам - ӛз бетінше оқыған мәтіннің нәтижесін әуелі жұпта, сосын топта
талқылау.
Класстер» әдісі бойынша
Акт
Ақпараттық-
анықтамалық
құжаттар
Іскерлік хаттар
хаттар
Баяндама хат
Қызметтік
хаттар
Анықтама
98
«ББҰ» сызба әдісі
- «Бұйрықтар түрлері, деректемелері» осы тақырыпқа байланысты
мынадай кесте сызып толтырамыз.
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Мекеме
басшысы
шығаратын құжат.
Маңызды
мәселелерді
шешу
мақсатында
шығарылатын
ӛкілеттік
құжат түрі.
Бұйрықтың қандай түрлері
бар,
олар
қалай
толтырылады?
Негізгі және жеке құрам
бойынша бұйрық түрлерін
ажырата
аламын
және
толтырамын.
Студенттер дәл осындай кестені дәптерлеріне сызып алады. Оқытушы
сабақ тақырыбын айтқан соң, бұйрық туралы не білетіндерін еске түсіріп, 1-
бағанды толтыруын сұрайды. «Бұйрық» жайында ақпарат бӛлісіп, (білемін)
бағанасын бағанасын толытып шығады. Оқытушы 2-бағанға не белгісі
келетіндерін жеке толтырып шығуын сұрайды және сабақтың соңында осы
тақырып бойынша не үйренгендерін үшінші бағанаға жазады.
“Болжау” әдісі. Оқушылар тақтадағы кестені толтырады.
Не?
Неге?
Аргумент?
Қызметтік
хаттар.
Неге?
Қызметтік хаттарды
жазуне үшін қажет?
“Ротация” әдісі.
1 қадам - сұрақтар дайындау: сұрақтарды номерленген ватмандарға
жазып қою.
−
Арыз не мақсатта жазылады және оның қандай түрлері бар?
−
Нотариус куәландыратын арыздар қандай жағдайларда жазылады?
−
Арыздың құрылымы?
−
Арызды толтыру ерекшелігі қандай?
2-қадам - топты 4, 8 жанұяға бӛлу, әр топқа түрлі түсті маркер беру
(оқушылар әуелі жеке, сосын топта жауап береді)
1- топ: тұрғын үйді ауыстыруға келісім бергендегі арыз түрін жаз;
2- топ: туыстық жақындықты растау үшін арыз түрін жаз;
3- топ: мұрагерлік құқығына ие болу куәлігін алу үшін арыз түрін жаз;
4- топ: үйді немесе басқа мүліктерді сыйға тартқанда арыз түрін жаз;
3-қадам - белгілі уақыттан соң, оқушылар сұрақтарын (орындарын)
алмастырып отырады және 5 минут шамасында ӛзге топтың сұрағы мен
жауабын оқып, сол сұраққа ӛз жауаптарын жазады. Осылайша ӛз орындарына
қайтып келгенше дейін жалғаса береді.
4-қадам - Барлық топтардың жауаптары талқыланып, ақырғы пікір
шығарылады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін:
−
Студенттердің ойлануына, ойын ашық айтуына рұқсат беру;
−
Студенттердің белсенді іс-әрекетін қолдау;
−
Студенттердің пікірін талқылауға айналдыру;
99
−
Студенттердің бір-бірінің жауабына, жасаған сындарының дәләлді, анық
болуын талап ету;
Студенттердің осыған байланысты сенімділікпен жұмыс жасауға,
пікірлерді тыңдауға, құрметтеуге бар ынтасымен оқуға беріледі. СТО
бағдарламасының қазіргі таңда алған білімді білгенін ӛмірде пайдалана алатын
шәкірт тәрбиелеудегі алатын орны ерекше. Оның бұрынғы дәстүрлі оқу
технологиясынан айрықша ерекшеліктері бар. Олар мынадай: білім
алушылардың интеллектуалды дамуының аз ақыт ішінде қабылдануы; білім
алушы мен мұғалімнің белсенділігінің сай болуы; мұғалім мен шәкірттің ӛзара
қарым-қатынасында жауапкершілік пен сенімділіктің болуы. Сын тұрғысынан
ойлау сабақтары білім алушылардың ӛз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға
келу, құбылыстар арасынан тиімді жолды таңдай білу, мәселені шеше білу,
пікірталас жүргізе білу, басқалармен қандай деңгейде болса да қарым-қатынас
жасай білу, топ алдына шығып ӛз кӛзқарасын, ӛз тұжырымын айта білу және
қорғай да білу қабілеттерін дамытады. Бұл, әрине, ізденіс нәтижесі болмақ.
Осының бәрі әрбір оқушының ӛздігінен білім ала білуін, сын тұрғысынан ойлау
іскерлігін, зерттеу жұмыстарын жасай білуге жол ашады. Мұнда студент тек
білім ғана алып қоймайды, сонымен қатар ұжымдағы қарым-қатынасты
қалыптастырады. Бірін-бірі сыйлау, тыңдап сӛйлеу, ӛзіндік жұмыс істеу
қабілеті дамиды. Сын тұрғысынан ойлаудың тек студенттің ғана емес, оқытушы
үшін де кӛп пайдасы бар. Оқытушы жаңа материалды іздеу барысында ӛзінің
даму кӛкжиегін кеңейтеді. Студент пен оқытушы арасында ӛте жақсы
ынтымақтастық орнайды. Бұл талаптар оқытушылардың кәсіби деңгейі мен
білім, білік дағдыларының жоғары болуын қажет етеді.
Оқытушының сүйенетін негізгі дидактикалық қағидалары:
1. Жоғары қиындықта оқыту оқыту қағидасы. Қиындатылған тапсырма
беру, сол арқылы баланың санасына серпін беру керек, проблемалар туғызу
шарт.
2. Теориялық білімнің жетекші ролін арттыру.
3. Барлық оқушының дамуына жағдай жасау, яғни оқу просесін білім
алушының ӛзі сезіне білуі қажет.
4. Білім алушы ӛз-ӛзіне сын кӛзбен қарап, қорытынды жасай білуге, ӛз
жұмысына баға беруге үйрету.
Жалпы «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясын қолдану барысында
оқушыларға еркін ойлауға мумкіндік беріледі. Студенттердің шығармашылық
қызығушылығы, танымдық белсенділігі артады, ӛз бетінше ізденеді, білім
алады, ақыл-ойы, тіл байлығы дамиды. Қорыта келе, мен «Жаңа технология
инновациялық әдістер» жобасын тек қана жаңа әдістемелік бағдарлама
ұғынабай, оны оқыттудың, дидактикалық, тіпті, кеңірек алғанда ӛмірлік сын
философия деп қабыладймын. Оған куә - менің ӛмірге деген кӛзқарасымның
ӛзгергені. Бұрынғымен салыстырғанда мен қазір басқаларды түсінуге, ӛзімді
олардың орнына қоюға ұмтыламын. Ұстаздың даналығы - шәкіртін дамыта
отырып, оның ақыл-ойын кеңейте отырып, ӛздігінен білім алу жолдарын,
тәсілдерін үйрету емес пе?! Мен жаңа технология әдістерін ӛз сабақтарымда
100
қолданғаннан кейін не сезіндім? Оқушыларымның жұмысы мен сабаққа
қанағаттандым. Бойымды бір күш билегендей, оқушылармен бірге жұмыс
талпынысым арта түсті. Ӛмір ертең немесе жарқын болашақта басталмайды, ол
міне қазір осы шақта ғана ӛрбиді; тек осы ӛмірді толыққанды қабылдай біл.
Міне, менің және студенттерімнің де ойы осындай. Бұл күні бәріміз де
ізденістеміз.
Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор
тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл ӛз қызметіне шығармашылықпен қарайтын,
жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс.
Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру
барысында ӛзін-ӛзі дамытады және ӛзін-ӛзі қалыптастырады. XXI ғасырда
болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру
мәселелері - кезек күттірмейтін ӛзекті қоғам талабы. Әрбір педагогтің
инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары:
инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-
әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары;
инновацияны практикада дұрыс қолдану.
Әдебиеттер:
1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. - //Қазақстан мектебі, №4, 2006.
2. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. - А.,
2004
3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі - сапалы білім. - //Қазақстан
мектебі, №4, 2008
4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. - А.:Ӛркен,
2007
5. Кӛшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын кӛтеруде
пайдалану мүмкіндіктері. - А.: Білім, 2008.
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ТҰРҒЫДА ДАМУЫ
-
БІЛІМ САПАСЫНЫҢ НЕГІЗІ
Шудабаева Мира Асқарқызы,
Ақтӛбе қаласы, Ақтӛбе гуманитарлық колледжі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы,
магистр, mira_8601@mail.ru
Тәуелсіздік туын мәңгілік тұғыры еткен егемен еліміздің болашағы, оның
әлемдік ӛркениеттегі, ғаламдық мәдениеттегі ӛз орны, ең алдымен, білім мен
тәрбиенің бастауы саналатын ұстаз қолында. Бұл ретте Елбасы Н.Ә.
Назарбаевтың «Болашақта еңбек етіп, ӛмір сүретіндер - бүгінгі мектеп
оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.
Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ӛте ауыр» - деген еді. Ендеше білім
беруде мұғалім білігі мен біліміне қойылар талап деңгейі жоғары болмақ.
101
Ғасырлар қойнауында ұлы бабалардың ұлы арманы болған тәуелсіздікке
ХХІ ғасыр ұрпағы қол жеткізді. Алайда оның алдында сол елдің ұлылығын, ұлы
тарихын жаһанға мойындату міндеті тұр. Жас ұрпақтың жеке тұлға ретінде
қалыптасуында осы міндетті бойына сіңдіру - бүгінгі ұстаздар алдындағы басты
парыз.
Білім сапасы - мұғалімдер қызметінің сапасы. Мұғалім оқушыны «қалай
оқыту керек?» деген сауалға жауапты үнемі іздеп жүруі керек. Бұл сауалдың
жауабын тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, ӛз ісін кәсіби түрде жоспарлай
алуынан, сонымен қатар нақты мақсаттарды болжап, кӛре алуынан, баланың
әрекетін ұйымдастыра білетін шеберлігінен іздеу керек.
Қазақтың XX ғасырдағы белгілі ағартушысы Ж.Аймауытов «Қазіргі қазақ
мектебіне қажеттісі - тек білім беруші мұғалім ғана емес, ….баланы ӛмір сүруге
үйретуші ұстаз!» -деген еді.
Ал А.Байтұрсынов 1914 жылы «Қазақ газетінде» жарық кӛрген «Мектеп
керектері» деген мақаласында: «… Ең әуелі мектепке керегі - білімді,
педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім» - деген екен.
ХХ ғасырдың басында қазақ ағарту қоғамы үшін жарық жұлдыз болған бұл
тұлғалардың сӛздері арада бір ғасыр ӛтсе де тағылымдық мәнін жойған жоқ.
Бұдан бұрын қазақтың бас ақыны А.Құнанбаев: «Ұстаздық еткен жалықпас
үйретуден балаға» деп, шын мәнінде мұғалім қалай болу керектігін нақты
айтып кӛрсетіп кеткен еді.
ХХІ ғасырдың бәсекеге қабілетті тұлғасын дайындауда білім сапасын
кӛтеру мақсаты басты назарда келеді. Бұл істің игілігі ӛз кезегінде мұғаліммен
тікелей байланысты.
Осыған сәйкес білім саласын Стратегиялық дамыту жоспарында тӛмендегі
бағыттар белгіленді:
1.
Қандай да бір ел ӛзінің адами ресурстарының дамуын ұзақ мерзімді даму
стратегиясының аса жоғары басымдылығы ретінде айқындайды.
2.
Сауатты адамдарсыз заманауи инфрақұрлымды дамыту, тиімді
мемлекеттік аппаратты құру, қолайлы бизнес ортаны қамтамасыз ету мүмкін
емес.
3.
Білім беру жүйесін жетілдіру, ең алдымен оның сапасын арттыру -
мемлекеттің таяу онжылдықтағы басты басымдықтарының бірі болып
табылады.
Сонымен қатар, «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік Бағдарламасында» білім сапасын қамтасыз ету басымдылық
ретінде белгіленіп отыр.
XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры болады деп
күтілуде. Сондықтан бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер
беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне
шығуға, қатаң бәсеке жағдайында ӛмір сүріп, еңбек етуге дайындауы тиіс. Бұл -
ақпараттар ғасырының талабы. Ӛз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім
балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық.
Сондықтан ХХІ ғасыр мұғаліміне керекті бірінші талап - жан-жақты болу.
102
Жан-жақтылық мұғалімде дарынды мұғалім моделін қалыптастыруда
жетекші роль атқарады. Бұлай дейтін себебіміз, қазіргі заман тәсілінің негізгі
ерекшелігі, оқушылардың алған білімдерін игеріп қана қоймай, оларды орынды
жерінде дұрыс қолдана білуіне басты назар аударып отыр. Пән мұғалімдері
ӛздеріне тапсырылған міндеттемелерге жауапкершілікпен қарап, оқушының
білім сапасы мен дағдысын дамытуға ғана кӛңіл аударып қоюмен шектелмей,
білімін барынша жетілдіріп,баланың бойында қалай оқу керектігін үйренуді
қалыптастыру арқылы оны жеке тұлға ретінде дамытуға икемділік танытылуы
тиіс.
Осы мақсатта мұғалімді оқыту ортасын құру керек, соның арқасында
оқушылар оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Негізгі алғышарт
мұғалімдердің ӛздігінен реттелетін оқуын дамытуға ықпал ететіндігі болып
табылады.
Екінші талап - мұғалімінің кәсіби шеберлігі, біліктілік деңгейі.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа
дайындық барысында, іс- тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып
тәрбиеленеді.
Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал
біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған.
«Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық
дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы
жетілдіріп отыруы қажет.
Білім сапасының арттырудың кілті педагог қолында десек, оның білімін
жетілдіру басты роль атқармақ. Егер педагог мамандардың біліктілігін жүйелі
арттырса, онда үлкен жетістікке қол жеткізуге болары анық. Мұғалімдердің
біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:
1. Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді ӛзгерту, яғни басты
қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін
шығармашылықпен үйлестіру.
2. Білім беру асында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін
күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.
Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бӛліп
алуға болады:
1. Қызметтік (мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және
нәтижесі);
2. Мазмұндық (әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана
білуге жағдай туғызу;
3. Басқарушылық (талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу).
Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман ӛз қызметіне талап
деңгейінде қарайтыны белгілі.
Қазіргі нарық жағдайындағы мұғалімге қойылар үшінші талап - бәсекеге
қабілеттілігі.
Жаңа ғасырдың жеке тұлғасын қалыптастыру бағытында білім беру
мәселесі басты назарда болып отырғандықтан, елімізде білім берудің жаңа
103
жүйесі жасалып, білім беру мазмұнының түбегейлі ӛзгеруі, оның әлемдік білім
кеңістігіне енуі мұғалімдер алдына жаңа талаптар, жаңа міндеттер қойып отыр.
Бұл ретте Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ғасыр мақсаты - қоғамның нарықтық қарым-
қатынасқа кӛшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды
жеңіп шыға алатын, ізгіленген ӛмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке
тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деген болатын.
Тӛртінші талап - мұғалімнің «ӛзіндік жаңалығының» болуы. Ғылым
жаңалығын түрлендіруде ӛз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы
ӛзгелердің тәжірибесін толық кӛшірмей, жаңа ортаға икемдеп, ӛзіндік іс- әрекет
жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек. Яғни
жаттандылыққа жол берілмеуі тиіс. Инновациялық технологияларды сабақ
мақсатына сай орайластыруымен қатар, оқушыға берілер білімнің сапасын
басты назарда ұстауы қажет. Қазіргі кәсіптік-педагогикалық қызмет қандай
мұғалімді талап етеді деген сұрақтың жауабын іздестірер болсақ, мұғалім
оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-
мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді
басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму
заңдылықтарын, компьютерлік оқыту ӛнерін терең меңгерген жан-жақты
дамыған шығармашыл тұлға болуы міндетті.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқынды дамуы білім беру
жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы - ӛз жұмыс орнына
және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз ӛзгерістеріне бейімделе
алатын құзыретті маман тұлғасын қалыптастыру міндетті. Біліміне,
біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру
жүйесінде болып жатқан оң ӛзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына
сай мән-маңызын түсінуі хақ. Сондықтан, жүктеліп отырған аса жауапты
міндет, білім саласындағы реформалар, педагогикалық әдіс-тәсілдердің тың,
мәнді, әрі сапалы болуын талап етіп отырған осы бір айтулы кезеңде,
педагогтың жылдар бойы жинақтаған іс-тәжірибесін
жаңа ақпараттық
технологияға ұштастыруын қажетті санайды.
Техникалық және кәсіптік білім беруде оқу орындары мен әлеуметтік
серіктестіктердің
байланысының
жақсарғандығын
осы
секілді
игі
бастамалардан аңғару қиын емес.
Теориялық білім тәжірибемен ұштасқанда ғана маман кәсібіне тӛселіп,
кӛш ілгері жұмыс атқаруға қабілеті артады. Осыған байланысты, ӛндірістік
тәжірибеге тарту жұмысына да елеулі кӛңіл бӛлініп отыр.
Білім жүйесін жаңғырту аясында дуальды кәсіби білім беруді дамыту,
жұмысшы кадрларының зәрулігін еңсеру үшін қолданбалы мамандықтардың
заманауи орталықтарын құру міндеттері қойылды. Дуальды жүйенің негізі оқу
орны мен ӛндірісте қатар оқыту болып табылады. Бұл кәсіптік-техникалық
білім берудегі басты проблема - оқу орнындағы теория мен заманауи ӛндіріс
практикасы арасындағы алшақтықты жоюға мүмкіндік береді.
Бұл ӛз кезегінде нарықтық қоғам сұранысына сәйкес тұлға тәрбиелеуде
маңызды роль атқарады.
104
Ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл- Фараби: «Ұстаз ... жаратылысынан ӛзіне
айтылғанның бәрін жете түсінген, кӛрген, естіген және аңғарған нәрселердің
барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын ...
алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., меніңше шешен, ӛнер-білімге құштар
қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат
адамдарына да әділ ..., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізеттілік кӛрсетіп ...
қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" дейді.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі -
рефлекцияға қабілетті, ӛзін-ӛзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық,
зерттеушілік,
дидактикалық
-
әдістемелік,
әлеуметтік
тұлғалы,
коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары
деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді,
сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы
аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық
технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға
бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты
білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде ӛзіндік іс- әрекетке енуге және
жеке ӛміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады.
Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Болашақтың бәсекесіне қабілетті, әлемдік ӛркениет талаптарына жауап
бере алатын XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының назарынан
ешқанаш тыс қалмауы тиіс. Бұл міндетке сай ХХІ ғасыр ұстазы - ең алдымен,
ізденімпаз-ғалым, шебер психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы,
жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот
болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты
дамыған,
шығармашылығы
жоғары
жеке
тұлғаны
қалыптастырып,
тәрбиелейтінімізге нық сене аламыз.
Бабалар аманаты - бабалар тәрбиесін қолдан шығарып алмау үшін,
аманатқа қиянат жасамау үшін де қастерлі саналатын ұстаздық деген киелі атты
шын мәніндегі лайықты дәрежесінде, толыққанды түрде кӛрсету білу - бүгінгі
жаңашыл ұстаздың басты міндеті.
Әдебиеттер:
1.
Н.Ә.Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауы.
2.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жж дейінгі «Білім беруді дамыту
бағдарламасы».
3.
12 жылдық білім журналы №5 2005ж
4.
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.»
ЖШС, 2010
жыл
5.
Е.Дүйсенбаеыв Педагогикалық шеберлік деген не? http://erkin.ucoz.kz/
6.
Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті
арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет
105
Достарыңызбен бөлісу: |