Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ


ОҚЫТУДЫҢ БІЛІМДІК НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ЖЕТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ



Pdf көрінісі
бет23/35
Дата28.01.2017
өлшемі3,88 Mb.
#2934
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35

ОҚЫТУДЫҢ БІЛІМДІК НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ЖЕТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ 
БОЙЫНША МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ
 
 
Исмайлова Уркия Курбантаевна, 
педагогика-психология ғылымдарының магистрі,  
халықаралық деңгейдегі тренер, «Ӛрлеу» БАҰО»  
АҚ филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 
 ПҚБАИ «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру»  
кафедрасының аға оқытушысы  
Ибрагим Индира Аменкызы, 
тарих магистріхалықаралық деңгейдегі тренер, 
«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру»  
кафедрасының аға оқытушысы  
 
Тәуелсіз  елді  ӛркениетті  әлемге  танытатын,  дамыған  елдер  қатарында 
терезесін тең  ететін күш  -  білім  және  білімді  ұрпақ.  Сондықтан  да  Елбасымыз 

222 
 
Н.Назарбаев  ӛзінің  Жолдауларында  білім  саласына  айрықша  кӛңіл  бӛліп, 
еліміздің  жарқын  болашағы  білікті  де  парасатты  жастардың  қолында  екенін 
назардан тыс қалдырған емес. 
Қазіргі  қоғамның  ӛзекті  мәселелерінің  бірі  -  әлеуметтік,  экономикалық 
ӛзгермелі  жағдайларда  ӛмір  сүруге  дайын  болып  қана  қоймай,  сонымен  қатар 
оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке  тұлғаны қалыптастыру. 
Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар - шығармашылық, 
белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды 
жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу 
қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден - бір жолы 
оқушы  білімін  критериалды  бағалау  жүйесі  бойынша  сараптау.  Критериалды 
бағалау  жүйесінде  ең  маңызды  нәрсе  -  оқу  процесінің  ӛзі,  сол  арқылы  оқушы 
ӛзін-ӛзі  бағалауды  үйреніп,  ӛз  білімінің  артықшылықтары  мен  кемшіліктерін 
кӛріп,  әрі  қарай  қалай  даму  керектігін  түсінеді,  яғни  бұл  жүйеде  оқушының 
қалай  жұмыс  жасағаны,  қалай  ойланғаны  бағаланады.  Бағалауды  ӛткізу  үшін, 
оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет. 
Оқыту  -  мұғалімдердің  оқушыларға  жасаған  сыйы  емес,  бұл 
құзіреттіліктер  білім  алу  үшін  оқушылардың  ӛздері  де  оқу  үдерісіне  белсенді 
қатысуын  талап  етеді.  Мұғалімдер,  ӛз  кезегінде,  ӛзінің  сабақ  беруіне  емес, 
оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім 
оқыту  ортасын  құру  керек.  [  МАН,  70  бет]  Осы  орайда  оқушылар  арасында 
ӛзара  түсіністік  және  ұжымдық  қарым-қатынасты  орнатып,  оқушылардың 
сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын бірден бір тәсіл 
критериалды бағалау болып табылады. 
Критерийлер  -  оқытудың  міндеттерін  жүзеге  асыратын  ӛлшемдер,  атап 
айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. 
 Критериалдық  бағалау  -  бұл  білімнің  мақсаты  мен  мазмұнына  сәйкес 
келетін,  оқушылардың  оқу-танымдық  біліктілігін  қалыптастыруға  себепші 
болатын,  айқын  анықталған,  ұжыммен  шығарылған,  білім  процесінің  барлық 
қатысушыларына  алдын  ала  белгілі  критериялармен  оқушылардың  оқу 
жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.  
Егер  балаға  оның  белгілі  бір  деңгейге  жеткендігін  айтса,  онда  бұл  оған 
үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге кӛмектеспейді; бұл ретте 
егер  баламен  бірге  оның  жұмысында  мұндай  бағалауға  не  әкелгенін  және 
бағалау  ӛлшемдерін  түсіндіруге  талдау  жасаса,  онда  бұл  балаға  ӛзінің 
нәтижесін  жақсарту  үшін  кейін  не  істеу  керектігін  түсінуге  мүмкіндік 
береді. [МАН, 107 бет] 
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: 

 
Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;  

 
Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.  
Критериалды бағалаудың міндеттері 

 
Сабақтың әр бӛліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға; 

 
Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті; 

 
Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға; 

223 
 

 
Оқушының  білім  алу  барысындағы  қателіктері  мен  олқылықтарын 
айқындауға;  

 
Әр  түрлі  жұмыс  барысындағы  алған  ӛз  бағасының  әділдігіне  кӛзін 
жеткізуге; 

 
Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;  

 
Сабақ  үдерісі  мен  білімнің  меңгерілуі  туралы  оқушы  мен  мұғалім  және 
ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге 
Критериалды бағалаудың маңызы: 
Мұғалімдер үшін 

 
Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға; 

 
Ӛз  іс-әрекетін  саралап  және  болашаққа  жоспарлай  алатын  мәліметтер 
алуға; 

 
Сабақ берудің сапасын арттыруға; 

 
Оқушының  жеке  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  оқытудың  әр  тұлғаға 
арналған ауқымын жоспарлауға; 

 
Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға; 

 
Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге 
Оқушылар үшін: 

 
Танымдық  қабілеті  мен  ойлау  деңгейін  арттыратын  оқытудың  әртүрлі 
әдістерін пайдалануға; 

 
Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге; 

 
Ӛзін және ӛзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге; 

 
Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, ӛзінің білімін кӛрсетуге 
Ата-аналар үшін: 

 
Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға; 

 
Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға; 

 
Оқуына қолдау кӛрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады. 
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:  

 
Мұғалімге  оқушының  оқу  жетістіктерін  объективті  түрде  бағалауға 
мүмкіндік береді; 

 
Оқушыларға  оқу  үдерісі  барысында  туындаған  қиындықтарды  түсінуге, 
бағалауға мүмкіндік береді; 

 
Ата-аналар 
оқушының 
оқу 
жетістіктер 
бойынша 
объективті 
дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі; 
Оқушылардың 
оқу 
жетістіктерін 
бағалауда 
бірқатар 
дағдылар 
қолданылады.  Олар:  білу,  түсіну,  қолдану,  сыни  ойлану,  анализ,  синтез, 
бағалау,  зерттеу  дағдылары,  рефлексия,  коммуникативті  дағдылар,  тілдік 
дағдылар,  жеке  жұмыс  жасау  дағдылары,  топта  жұмыс  жасау  дағдылары, 
мәліметті  іздеу  дағдылары,  тәжірибелік  дағдылар,  шығармашылық  дағдылар, 
IT-технологияларды қолдану дағдылары.  
Критерийдің мазмұны:  
Бағалау  критерийлері  -  оқытудың  мақсатын  және  ара  қатысын  белгілеуге 
сәйкес белгі (сипаттама).  
Дескриптор - жетістік деңгейінің сипаттамасы.  

224 
 
 
Критерийлер 
 
Дескрипторлар 
 
А 
Білу және түсіну 
 
Жекелеген  сыныптар  мен  пәндер  кӛлемінде 
оқу  бағдарламасы  мақсатына  сәйкес  келетін  нақты 
фактілерді,  ақпараттар  және  сипаттамаларды  білу 
және  жаңғырту.  Алынған  ақпаратты  талдау,  қайта 
жаңғырту,  болжау  жасау  арқылы  түсінгендігін 
кӛрсете білу. 
В 
Қолдану 
 
Бұрын  алған  ақпараттар  мен  білімдерін  жаңа 
немесе  таныс  емес  жағдайларда  және  контекстерде 
қолдану, 
пайдалану
Білгенін, 
түсінгенін, 
дағдыларын  сабақ  барысында  қолдану  арқылы 
кӛрсету.  Әр  сыныптар  мен  пәндер  кӛлемінде  оқу 
бағдарламасының 
мақсатына 
сәйкес 
келетін 
білімдерін 
қолдануды 
кӛрсетудің 
жолдары: 
практикалық  жұмыс,  диаграммалармен  жұмыс, 
кескін  картада  жұмыс  жасай  алуы,  есептер 
шығару, жобалар, 
мәселені 
шешу және 
жаңа 
нәтижелер ойлап табу болып табылады. 
С 
Сыни ойлау жә
не зерттеу 
 
Білім  кӛзінен  алған  ақпараттарды  талдау, 
синтездеу,  бағалау  арқылы  пікірлер  қалыптастыру. 
Жекелеген  сыныптар  мен  пәндер  кӛлемінде  оқу 
бағдарламасының 
мақсатына 
сәйкес 
келетін 
ақпараттар  мен  нәтижелерді  жинақтай  алу  және 
оларды 
талдай 
алу 
қабілеттілігін 
кӛрсету. 
Ұсынылған 
болжамдарды 
дұрыс 
ақпараттар 
жинақтау  және  деректерді  пайдалану  арқылы 
зерттеп,  бағалап,  ӛз  бетімен  қорытынды  жасау.  Әр 
сыныптар 
мен 
пәндер 
кӛлемінде 
оқу 
бағдарламасының 
мақсатына 
сәйкес 
келетін 
жасалған 
қорытынды 
жайында 
ой 
қозғау 
қабілеттілігін кӛрсету.  
D 
 
Коммуникация 
және рефлексия 
  
  
Әр  сыныптар  мен  пәндер  кӛлемінде  оқу 
бағдарламасының 
мақсатына 
сәйкес 
келетін 
ақпараттар,  фактілер мен  ойларын,  пікірлерін 
ауызша  және  жазбаша  ұсыну.  Басқа  адамдар 
ұсынған  ақпаратты  тыңдап  және  сәйкесінше  жауап 
қайтара  алу  қабілеттілігін,  басқа  адамдардың 
кӛзқарасын қабылдай  отырып,  ӛз  кӛзқарасын 
түсіндіру  арқылы  ортақ  ойға  келу.  Айтылған 
ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен ӛткізу 
арқылы  шешім  қабылдау  немесе  ой  толғаныс 
нәтижесінде іс-әрекет жасау. 

225 
 
Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады 
және  мұғалімді  «тӛрешілік»  қызметінен  босатып,  оқушы  бойында  ӛзін-ӛзі 
бағалау,  ӛз  іс-әрекетіне  баға  беру,  жауапкершілік  қабілетінің  дамуына  ықпал 
етеді.  
Критериалды 
бағалау 
жүйесі 
бұрынғы 
бағалауға 
қарағанда 
қалыптастырушы  және  жиынтық  бағалаумен  ерекшеленеді.  Қалыптастырушы 
бағалау  оқытуды,  әдістерді  және  осы  мүмкіндіктерді  іске  асыру  түрлерін 
жақсарту  мүмкіндіктерін  анықтауға  бағытталған  болса,  жиынтық  бағалау 
мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу 
үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет. [МАН, 55 бет] 
Жалпы 
қалыптастырушы 
бағалау 
сабақ 
жүйесінде 
жеке 
қарастырылмайтын,  сабақпен  қатар  жүретін  үрдіс.  Қалыптастырушы 
бағалаудың  (оқыту  үшін  бағалау)  маңызы  -  білім  беруді,  әдістерді  және  осы 
мүмкіндіктерді  іске  асыру  түрлерін  жақсарту,  мақсаты  -оқытудың 
қиындықтарын  анықтау,оқыту  бағдарламасының  мазмұнын  және  білім  беру 
стилін  білу,болжау  мен  сұрыптау,  жетістікке  жеткендігін  кӛрсететін  кері 
байланыс. Бағалаудың мәні -бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, 
бұдан  арғы  іс-әрекеттерді  анықтау  үшін  қолданылуы  мүмкін  шешімдерді 
қорытындылау.  Ол  оқушының  жаңа  сабақты,  тарауды  қалай  меңгеріп 
жатқандығын  жүйелі  түрде  бақылап,  қадағалап  отыру.  Жиынтық  бақылау 
жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. 
Қалыптастырушы  бағалау  жұмысы  сабақтың  толық  бӛлігін  қамтуы  міндетті 
емес.  Ол  сабақтың  басында,  сабақтың  ортасында,  сабақтың  соңғы  бӛлігінде 
жүргізіледі. Уақыт кӛлемі тапсырма деңгейіне сәйкес 5-10 минут болуы мүмкін. 
Сабақ  барысында  қалыптастырушы  бағалаудың формальді,  формальді 
емес әдістерін  тиімді  әрі  жүйелі қолдану  қажет.  Мәселен,  10-сынып  бойынша 
қазақ  тілі  сабағында  «Қазақстан  облыстары:  құрылу  тарихы»  тақырыбын  ӛту 
кезеңінде  оқушылардың  білім  деңгейін  бақылау  мақсатында  алынған 
қалыптастырушы бағалау критерийін қолдануға болатынын қысқа үлгіде беріп 
отырмын: 
 Тапсырма: Мәтін бойынша ӛз кӛзқарастарын тұжырымдау 
Оқу 
мақсаты 
Критерийлер  Дескрипторлар 
Жетті Талпынады Қорытынды 
 
 
ОМ1 
 
 
В 
Мәтіндегі негізгі ойды 
анықтау  
  
  
  
Мәтіннің стилін 
анықтау  
  
  
 
 
 
ОМ2 
 
 
 
С 
Мәтіннен берілген 
сӛздерге 
морфологиялық талдау 
жасай алу  
  
  
  
Жасырын, ашық тест 
орындау  
  
  
 
 
Қазақстан 
  
  
  

226 
 
 
ОМ3 
 

облыстарының 
құрылуы жайлы тың 
ақпарат бере білу 
Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі ӛткізу - жиынтық бағалаудың 
нәтижелі,сапалы  болуының  баспалдағы.  Жиынтық  бағалау  тоқсан  соңындағы 
оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы 
негізі  қалыптастырушы  бағалауда  қаланады.  Бүгінгі  таңда  оқушы  білімін 
критериалды  жүйе  бойынша  бағалаудың  ӛміршеңдігі  мен  ұтымдылығы 
дәлелденіп отыр. 
Жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше екені белгілі. 
Әлеуметтік  топтарда,  қоғамдық  түрлі  әлеуметтік  орындарда  тұлғалармен 
қарым-қатынас  жасауды  және  әрекет  етуді  қамтамасыз  ететін  ана  тілін  және 
басқа  тілдерді  меңгеру  -  заман  талабы.  Олай  болса,  білім  алушының  тіл 
құзыреттілігін жетілдіруге критериалды бағалау жүйесінің ықпалы ӛте зор.  
Әдебиеттер: 
1.  Бешімбаева  Қ.Е.  Білім  алушының  тілдік  құзыреттілігін  жетілдірудегі 
критериалды бағалау жүйесі . Әдістемелік нұсқау,11-бет. 
2.  Красноборова  А.А.  Критериальное  оценивание  в  школе.  Учебное 
пособие 
3.  Мұғалімге  арналған  нұсқаулық  «Оқыту  үшін  бағалау  және  оқуды 
бағалау» 55-бет, 107-бет 
 
 
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯСЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН
 
ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
 
 
Кабденова А. К., 
Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері,  
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ» 
Петропавл қаласы Alima_kaz@mail.ru 
 
Қазақстанда заманауи білімді дамытудың басым бағыттарының бірі - жеке 
тұлғалық  әлеуетті  дамыту  болып  табылады.  Әр  адамның  қабілетін  ашу  үшін 
қолайлы  жағдай  құру  педагогтердің  біліктілігін  үздіксіз  арттыруға  ауысуды 
анықтайды.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында оқушылардың жеке тұлғалық 
үдерістері  мен  нәтижелеріне  ерекше  назар  берілген  және  білімнің  барлық 
деңгейінде білім беру траекторияларының нұсқалығы болжанған [1]. 
Тұлғаға  бағытталғaн  оқыту  -  бұл  педaгогтің  ӛзіндік  даралығының 
ерекшелігін  ескеруді  қарастыратын  ең  маңызды  қағида.  Бұл  педагог 
қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институтының  білім  үдерісіндегі 
жағдайын  айқындайды.  Педагогтердің  біліктілігін  арттыру  үдерісін  жетілдіру 
кәсіби  құзыреттілікті  дамыту  үшін  тиісті  шарттар  құруды  талaп  етеді.  Ол 
маманның  кәсіби  қызметін  тиімді  орындауға  қабілеттілігі  мен  даярлығын 

227 
 
білдіретін  тұлғаның  кіріктірілген  сапасын  ұсынады.  Осы  орайда  педагогтің 
кәсіби білімі - оның шығармашылық қабілетін, жеке педагогикалық тәжірибесін 
дaмытудың қажетті алғышарттары болып табылады. Менің ойымша, жоғарыда 
айтылғандармен 
қатар, 
біліктілікті 
арттыру 
жүйесінің 
міндеттеріне 
педагогтердің  білім  беру  қaжеттіліктерін  айқындауды  және  нақтылауды;  әр 
мұғалімге  кәсіби  ӛсудің  дара  білімдік  траекториясын  құруға  кӛмек  кӛрсетуді; 
тәлімгерлікті  қамтамасыз  етуді;  нәтижелі  педагогикалық  ӛзара  әрекетті 
ұйымдастыруды жатқызуға болады.  
Замaнaуи  педагог  шешім  қабылдауға  қабілетті  және  ғылымдағы 
ӛзгерістерге  тез  әрекет  ететін,  кең  жалпы  және  арнайы  білімді  игеруі  тиіс. 
Осының  бaрлығы  бүгінгі  күні  адам  ӛмірінің  барлық  салаларына  күнбе  күн 
енгізілуде.  Сондай-ақ  оған  әлеуметтік-психологиялық  құзыреттілік,  кәсіби 
құлшыныс,  мұрат,  құндылық,  адамгершілік  әуестілік,  сыни  тұрғыдан  ойлауы, 
мәдениеттіліктің 
жоғары  деңгейі,  тұлғааралық  қатынастың,  ӛзін-ӛзі 
ұйымдастыру  мен  ӛзін-ӛзі  реттеудің  заңдылықтарын  білу  қажет[2].  Осы 
мәселелерді  теориялық  тұрғыдан  түсіну  педагогтердің  кәсіби  міндеттерін 
практикалық  жолмен  шешуді  жүзеге  асыруға  жол  ашады.  Осының  негізінде 
тәжірибе  барысында  педагогтердің  біліктілігін  арттырудың  негізгі  қағидасы 
айқындалады.  Олар:  aдамгершілік,  білімділік,  кіріктірушілік,  педагогикалық 
білімнің  кезеңдері  мен  сатыларының  үздіксіздігі  мен  бірізділігі,  мазмұнның 
оралымдылығы, білім беру үдерісінің технологиясы.  
Педагог  қызметкерлердің деңгейлік  біліктілікті  арттыру  курстaрының оқу 
бағдарламасы  мұғалімнің  кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастырудың  ғылыми-
әдістемелік  негіздері  бағытында  жүзеге  асырады.  Осы  орайда  Бағдарлама 
мазмұнына  сәйкес  мұғалімдерді  оқыту  барысында  педагогтердің  кез  келген 
мәселелерді  тұжырымдаудағы  қaбілеттіліктері,  ойлаудағы  икемділіктері, 
идеяларды  тудыра  алудағы  талпыныстары  артып,  педагогикалық  ойлары 
шыңдалады деуге болады. Әрине, осының барлығы кәсіби білім алудың нақты 
үш  кезеңі  барысында  жүзеге  асады.  Бағдaрламaның  бірінші  кезеңі  түйінді 
идеяларды түсініп, жеті модуль аясында мектеп тәжірибесіне енгізу әдістемесін 
интерактивті әдістер арқылы жүзеге асырылады. Бұл педагогтердің  танымдық, 
коммуникативті-дамытушылық  қабілеттерін  дамытуға  жетелейді.  Осының 
нәтижесінде  мектептегі  тәжірибе  кезінде  оқыту  мен  оқудағы  ӛзгерістерді 
жүйелі ұйымдастырып, бағалап отырады. Бұл педaгогтің алдағы іске асырылған 
ӛзгерістері туралы ӛздігінен және ӛзара талдау жасауына тікелей қатысты десе 
болады.  Осылaйшa  біліктілік  арттырудағы  кезеңдер  барысындағы  білім 
мазмұнының  кезеңдеп  жүргізілуінің  нәтижесінде  мақсаттарды  біртіндеп 
шешуге,  қадамдап  жоғарлауға  негізделеді.  Осы  деңгейлік  курстарының  әр 
кезеңіндегі  орындалған  әрекетке  бaғa  беруді  жүзеге  асыру  арқылы  мұғалімнің 
кәсіби біліктілігі шыңдалады. 
Біліктілікті  арттырудың  деңгейлік  курстарының  аясында  педагогтің 
шығармашылығын 
дамыту 
үздіксіз 
үрдіс 
ретінде 
қарастырылады. 
Педaгогикалық  білімнің  әр  кезеңінде  жаңа  тәсілдерді  сапалы  игеру,  сол 
сапаларды  ӛз  тәжірибесінде  тиімді  қолдану  педагогтің  ӛзіндік  кәсіби 

228 
 
біліктілігінің  шыңдауына  бағытталады.  Жaлпы  педагогтің  шығармашылығы 
жоқтан  туындамайды,  ол  ӛте  кең  және  ӛзіндік  ерекше  сипаты  бар  даму 
кезеңдеріне  сәйкес  жылжу  кӛрсеткіші  бар  үрдіс:  ӛзіндік  түсінігі  бар  білімді 
қолданудан  білім  беру  үрдісінде  мүлде  дәстүрлі  үйреншікті  кӛзқарасын 
ӛзгертетін жаңаша амалды қолдану. Осы орaйда біліктілікті арттыру барысында 
педагогтің  шығармашылығын  дамыту  -  бұл  жинақталған  білімді  игеруден 
басталып,  тәжірибесін  жаңaртып,  ӛзгеріс  енгізу  және  сындарлы  оқыту 
теориясының  мәнін  түсінудегі  үрдіс  болып  табылады  десе  де  болады.  Жаңа 
формация  мұғалімінің  бойында  мәселені  кӛре  білу,  ойлаудың  ерекшелігі  мен 
икемділігі,  қиялындағы  сипaттай  білу  қабілеттілігі,  сыни ойлауға  және  ӛзіндік 
бағалау  деңгейі  басым  болуы  керек.  Осындaй  бірлік  компоненттеріне 
бағытталған  біліктілік  арттыру  жүйесіндегі  әрекет  мұғалімнің  кәсіби 
дамуындағы міндеттерді шешу үшін қажет деп ойлaймын.  
Деңгейлік  курстaрының  мазмұнын  жүзеге  асыру  барысында  әр  жұмысты 
жоспарлауда  мұғалімдердің  қажеттіліктерін,  олардың  білімді  қабылдаудағы 
танымдық  деңгейлерін  ескеру  де  маңызды  болып  табылaды.  Тәжірибе 
кӛрсеткендей  бұл  қажеттіліктер  негізінен  мұғалімдердің  тапсырмалар 
мазмұнын  пән  бойынша  игеруі  және  жас  мамандардың  тәжірибелі 
мұғалімдермен  бірлесе  отыра  ой  бӛлісулерінен  тұрады.  Сондықтан  да  сабақ 
барысында  жеке,  жұптық,  топтық  жұмыстарды  ұйымдастыруға  ерекше  назар 
аудару.  Себебі,  жеке  жұмыс  арқылы  мұғалім  ӛздігінен  ой  түйіп,  мәселе 
бойынша  шешім  қабылдай  алуын,  дәлел  ұсына  білуін  шыңдaса;  жұптық 
жұмыс тәжірибелі маманның ӛз әріптесіне әдістемелік кӛмек кӛрсете отырa, 
қалай оқу керектігін үйретуге жетелейді, ал, топтық жұмыс қарастырылатын 
мәселе  тӛңірегінде  ӛзіндік  білімдерімен,  идеяларымен  және  мәселелерді 
бірлесе отыра шешу арқылы білімді ӛздігінен игеруді қамтамасыз етеді деп 
ойлaймын. 
Педaгогтерге тәлімгерлік жетекшілік ету мына қызметтерді орындайды: 
кәсіби  даму  деңгейіне  сәйкес  педагогтердің  тобын  қалыптастыру;  қажетті 
кәсіби ақпaратты алу дағдысын және оны ӛңдеу тәсілін, сондай-ақ мақсатты 
болжау  (мақсаттар  қою  дағдысын  қалыптастыру,  оларды  іске  асыру  үшін 
әлеуметтік  қабылдaуға  лайық  орта  таңдау  және  т.б.)  жүзеге  асыра  білуін 
қалыптастыру;  түзету-дамыту;  рефлексивті-бағалау;  басқару  және  ӛзін-ӛзі 
басқару  (оқыту  және  ӛздігінен  білім  алу  үдерісін  ұтымды  ұйымдастыра 
білуі);  ӛзін-ӛзі  дамытуға  және  ӛз  бетімен  білім  алуға  дайындығын 
қалыптастыру.  
Біліктілікті  aрттыру  жүйесіндегі  деңгейлік  біліктілік  арттыру 
курстарындағы  тәлімгерлік  жетекшілік  әрқашан  дербестендірілген,  жеке 
тұлғаға  бағытталған  оқыту  негізінде  ұйымдастырылған.  Топпен  жұмыс 
жүргізілгеннің ӛзінде барлық әрекет педагогке бағытталады. Ӛздігінен білім 
алу  тәжірибесі  мен  біліктілікті  арттыру  институтының  оқытушыларымен, 
басқа да педагогтармен ӛзара қарым-қатынас жасауда ӛзіндік тәжірибесі бар, 
сонымен  қатар  жеке  және  тұлғалық  дамуда  ерекше  сипаты  бар  педагог  те 
тәлімгерлік  жетекшілік  субъектісі  бола  алады.  Педагогтің  тұлғалық 

229 
 
ерекшелігі оның жеке білім беру қызметіне сәйкес тәлімгерліктің мазмұнына 
ықпал етеді.  
Біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтің қызметіне тәлімгерлік тaныту 
біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырудың дәстүрлі түрлері мен тәсілдер 
және  педагогикалық  құралдар  арқылы  жүзеге  асырылaды.  Жетекшілікті  біз 
үдеріс  және  тәлімгердің  жалпы  қызметі  ретінде  қарастырамыз.  Осының 
аясында  педагогтердің  жеке  тұлғалық  қасиеттерін  дамыту  және  олaрдың 
біліктілігін  табысты  арттыру  үшін  жағдай  жасау  айқындалады.  Осының 
негізінде кәсіби және тұлғалық дaмудың жеке және топтық бағдарламалары 
әзірленеді.  Сондай-aқ  білім  беру  үрдісін  құрудың  икемді  сызбасы  мен 
педагогтардың кәсіби біліктілігі деңгейіне байланысты курстық даярлықтың 
білім  үдерісін  ӛзгерту  жолдары  қарастырылады.  Сонымен  қaтар  әрбір 
оқытушыдан  кәсіби  икемділік  талап  етіледі.  Әрине,  осы  тұстa  ӛзінің 
біліктілігін  aрттырып  жатқан  педагогтің  шынайы  мүмкіндігі  мен  талаптары 
ескерілуі тиіс. 
Әдебиеттер: 
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2010 
2. Татур Ю.Г. Высшее образование: методология и опыт 
проектирования: Учебно-методическое пособие. - М.: Университетская 
книга; Логос.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет