БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Даужанова М. М.,
Академик Г. С. Сейтқасымов атындағы
индустриалды-экономикалық колледжі
Арнайы пәндер оқытушысы
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны, білім беру
жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы - ӛз жұмыс орнына
және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз ӛзгерістеріне бейімделе
алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру міндеті. Біліміне, біліктілігіне,
парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде
болып жатқан оң ӛзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-
маңызын түсінеді. Әлемдегі озық, бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына
еніп, ӛркениетті елдермен иық тіресе тұру міндеті, сайып келгенде, еліміздің
ертеңгі азаматтарының қолында.
Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда
кәсіптік білім беретін мекемелердегі бәсекелестік қабілеті бар болашақ
мамандарға әртүрлі ӛндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру
жағдайларымен анықталады.
Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік,ӛздік
жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі әлеуметтік сала
экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан тӛмендегідей шарттардың
орындалуын талап етеді:
- жүйелі ойлау;
- экологиялық, құқықтық, ақпараттық мәдениет;
- кәсіпкерлік мәдениет;
- ӛзін-ӛзі тану және басқаларға ұсыну;
- ӛз қызметін білімді талдау;
- кейбір ӛндірістік жағдайларда ӛз бетімен дұрыс шешім қабылдай алу;
- жаңа білімді меңгеру;
- әр іске жауапкершілікпен қарау[1].
Осыған орай, біздің қаржы-экономикалық пәндер мамандықтары бойынша
мемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыс
бағдарламалары, оның негізінде дайындалған оқу жұмыс бағдарламалары,
тақырыптық-күнтізбелік жоспарлар, оқу-әдістемелік кешендер, есептер
жинағы, кӛрнекілік альбомдар қолданылып келеді. Мұның барлығы маман
моделінің нарықта қажеттілігін тұрғызуға бағытталуы қажет. Ӛйткен себебі,
соңғы кездерде білім саласында біліктілік моделінен құзыреттілік моделіне
ауытқу кӛп қарастырылып жүр, яғни жұмыс берушіні кӛбінесе біліктілік емес,
құқық, ақпарат, әлеуметтік сала жағынан құзіретті мамандар қызықтырады.
Бірақ біліктілікке қосымша құзыреттілік бірге жүрген жағдайда маман моделі
жүйелі сипатталады деуге болады.
31
Экономикалық мамандықтарының мақсаты – ой - ӛрісі жаңашыл,
шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын,жан-жақты,қазіргі заман
талабына сай бәсекелестікке түсе алатын мамандар даярлау теория жүзінде
алған білімін тәжірибемен байланыстыра алатын маман даярлау санаймын.
Құзіретті маман даярлау мақсатында «Білім алушылардың білімділік
белсенділігін арттыру технологиясын» пайдаланамын.Бұл оқыту технологиясы
бойынша білім беру мақсаты - оқушыларға ӛндірістік ситуациялар беру арқылы
ӛз бетінше жұмыс жасау қабілетін, дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігін
қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті маман ретінде дамуына кӛмектесу.
Осы бағытта ӛзім сабақ беретін «Қаржылық есеп» пәнінен «Экономикалық
талдау және қаржы есебін талдау», «экономика негіздері», «Статистика» және
«Салық және салық салу» пәнінен «Кассалық операцияларды тексеру»,
«Еңбекақы аудитін жүргізу», «Тауарлы-материалдық құнылықтарды түгендеу»
тақырыптары бойынша берілген ӛндірістік ситуацияларды шешу барысында
оқушылардың ӛз бетінше жұмыс жасауы, дұрыс шешім қабылдай алу
қабілеттері артқанына кӛз жеткіздім. Сонымен қатар оқушылар барлық
шаруашылық операцияларды орындау барысында ҚР «Бухгалтерлік есеп және
қаржылық есеп беру» заңы және қаржылық есеп берудің халықаралық
стандарттарымен /ҚЕХС/ ӛз бетінше жұмыс жасап, қазіргі кезде бухгалтерлік
есептің басқару жүйесіндегі алатын орнын,типтік шоттар жоспарының талапқа
сай қолданылуы қажет екендігіне толығымен түсінгендерін байқадым[2].
Білім алушылардың іс-әрекетін белсендіруге және қарқындандыруға
негізделген технологиялардың бірі «Проблемалық оқыту».Ерекшелігі: білім
алушыны ӛз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық
икемділіктерін дамыту, білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықтарды
ашу әрі проблемалық міндеттер қою. Проблемалық оқытудың қалыптасу
тарихына
үңілсек,
Сократ
ӛзінің
шәкірттерін
логикалық
ойлауға,
зерттеулердлің нәтижелерін табуға бағыттап отырған.
Руссо білімді игеру үшін ситуациялар қою арқылы жүзеге асырған.
Проблемалық оқытудың ең керекті әрекеті ізденіс болса, соны ӛз тәжірибесінде
кеңіне қолданған ғалымдар қатарында Песталоцци мен Дистервегтің еңбегі зор.
Проблемалық оқытудың басқалардан айырмашылығы - білім оқушыларға
дайын күйінде хабарланбайды, керісінше олардың алдына ӛз бетінше шешуге
проблема қойылады. Іздену әрекеті барысында білімді оқушылардың ӛздері
табады.
Сол себепті, арнайы пәндерді оқытуда проблемалық оқыту технологиясын
қолдану тиімді деп ойлаймын. «Кәсіпорынның экономикалық талдауы» пәнінен
«Ӛнімді ӛндіру және ӛткізу үрдісін талдау» тақырыбы бойынша оқушылар
берілген тапсырмаларда екі кәсіпорынның ӛнімді ӛндіру, оны ӛткізу
жоспарының орындалу немесе орындалмай қалу мәселелерін қарастырды және
орындалмай қалу себептерін анықтап, оны шешуге тырысып, екі фирма
арасындағы тиімді қызмет жасайтын фирманы анықтап, оның жетістігін
дәлелдеді., Сабақ соңында байқалғаны, осы проблемалы тапсырмалар оқушы
сезіміне молырақ әсер етіп,олардың қызығушылығын, білімге іштей
32
құмартушылығын арттырды деп ойлаймын.Қызығушылық оқушыны ӛздігінен
ізденуге жетелейді. Ізденіссіз шығармашылық ойлау жоқ. Проблемалық
тапсырма нәтижесі оқушының ӛз бетінше еңбектенудегі дағдысы мен қабілеті,
іскерлігінің жетілген, ең жоғары дамыған саты деуге болады[3].
Кәсіптік құзіреттілікті жетілдіруде мамандық бойынша жүргізілетін тәрбие
жұмысы да ерекше роль атқарады.Сабақтан тыс ӛткізілетін іс-шараларда
оқушылар ӛз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып,болашақ маман ролін
жоғары деңгейде орындауға тырысады.
Атап айтқанда, әдістемелік комиссиясының апталығында оқушылардың ӛз
мамандықтарына
деген
қызығушылықтарын
арттыру
мақсатында
ұйымдастырылған «Бухгалтерлік есеп теориясы» пәні бойынша «Қазіргі заман
бухгалтері» сайысы. Бұл сайыста топ оқушылары берілген тапсырмалардың тез
шешімін табу, экономикалық сӛйлемдер құрау, шоттар байланысын типтік
шоттар
бойынша
корреспонденциялар
құру
сияқты
тапсырмаларды
орындап,мұның бәрінің соншалықты маңызды екендігін түсінді.
Әдебиеттер:
1. Осипова Г. М. Экономикалық теория негіздері. - Алматы, 2007.
2. Ќожамќұлов Т. Саяси экономика негіздері оќулыќ.-Алматы, 2006. - 93 б.
3 Мамыров Н.Қ.,Тілеужанова М. Макроэкономика. - Алматы, 2003. - 235б.
ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
-
БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ
ФАКТОРЫ
Есенгалиева Г. У,
Физика магистрі «Автоматтандыру және басқару»
бӛлімінің меңгерушісі, арнайы пән оқытушысы, АҚ
«Ақтӛбе политехникалық колледжі».Ю Ақтӛбе қаласы.
gulda83@mail.ru
Білім - теңіз, түбі де, шегі де жоқ.
Білім - адам баласының ортақ қазынасы.
Ж. Баласағұн
Мемлекетіміздің дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы
еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам ӛту қажеттілігін туындатуда. Осыған
орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының
қалыптасуына немесе ӛсуден тұрақты даму кезеңіне ӛтуге және саяси
бағыттардағы осындай ӛзгерістер ӛмірдің барлық саласындағы шығармашыл
тұлғаның мәртебесін кӛтеріп, мерейін үстем етуде.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында экономиканың индустриялық-
инновациялық даму міндеттерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім
мазмұнының құрылымын жетілдіру, білім сапасын арттыру талабы қойылып
отыр. Олай болса, әр оқу мекемесінің басты міндеті - еңбек нарығында бәсекеге
33
қабілетті, сұранысқа ие біліктілігі жоғары мамандарды дайындау. Біз енді
мамандарымызды Еуразиялық экономикалық одақ талабына сай етіп
дайындауымыз керек.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны, білім беру
жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы - ӛз жұмыс орнына
және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз ӛзгерістеріне бейімделе
алатын құзыретті маман тұлғасын қалыптастыру міндеті. Біліміне, біліктілігіне,
парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде
болып жатқан оң ӛзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-
маңызын түсіну қажет. Сондықтан, жүктеліп отырған аса жауапты міндет, білім
саласындағы реформалар, педагогикалық әдіс-тәсілдердің тың, мәнді, әрі
сапалы болуын талап етіп отырған осы бір айтулы кезеңде, педагогтың жылдар
бойы жинақтаған іс-тәжірибесін жаңа ақпараттық технологияға ұштастыруды
қажетті санайды.
Қазіргі уақытта білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім
беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика
теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі ӛзгерістерге байланысты болып
отыр: білім беру парадигмасы ӛзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа
кӛзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыруда педагог
құзыреттілігі, оқушыдан кәсіби құзыретті маман қалыптастыруды бәсекеге
қабілетті, білімді, азаматтар тәрбиелеуді жүктейді.
2013-2014 оқу жылында Ақтӛбе политехникалық колледжі «Техникалық
және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасы аясында Бүкіл әлемдік банктің
грант жеңімпазы атанып, Дүниежүзілік банктен 57 000 000 теңге кӛлемінде
қаржы оқытушылардың кәсіби біліктіліктерін кӛтеруге, оқытуда жаңа
технологияларды (оның ішінде модульдік оқыту технологиясын) енгізуге,
педагогикалық тәжірибе алмасуға және үйренуге, мамандықтың оқу
кабинеттерін заманауи материалдық-техникалық жабдықталуына мүмкіндік
берді.
Жоба Халықаралық қайта құру және даму Банкінің қаржыландыруымен,
«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту» жобасы аясында
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық
қолдауымен іске асырылды.
Колледжде 0902000 - «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша
институционалды даму жоспары жасалып, жұмыс берушілермен бірлесе
отырып жүзеге асырылатын, оқу үдерісін жаңғыртуға бағытталған колледжің
стратегиялық даму жоспарына негізделді. Оқушылардың кәсіби деңгейін
кӛтеру материалдық базаны жақсарту, құзыреттілік негізінде оқытудың
модульдік бағдарламаларын құру, білім беру үдерісін жаңа деңгейге кӛтеруде
басты стратегиялық мақсат - құзыретті, қоғамға және еңбек нарығына оңай
бейімделетін мамандар даярлауға негіздеу.
Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі
«құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз - тұлғаның бойында білім,
34
дағды, іскерлік, ерік, күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-
экономикалық жағдайдан аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге
қабілетті маманмен қамтамасыздандырады. Кӛптеген елдерде құзыреттілікке
жаңаша мән бере отырып, білімді жоғары дәрежеге кӛтергені мәлім.
Құзыреттілік еңбек нарығанда тұрақты ӛсіп отырған талаптармен, шапшаң
технологиялық ӛзгертулермен, соның ішінде білімдік және еңбектегі мобильдік
ӛсулермен негізделген. Құзыреттіліктің жеке компоненті - ол адамның алдына
қойған мақсаттарын орындауға кӛмектесетін сипаты мен икемділігі.
Нәтижеге бағдарланған оқыту, яғни құзыреттілік ең алдымен оқытушының
кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруды және дамытуды талап етеді. Кәсіби-
педагог құзыреттілігін жүзеге асыруда, педагогтан қабілеттілік пен даярлықты
талап етеді. Сонымен қатар кәсіби құзыреттілікке білімдер, іскерліктер,
дағдылар мен қатар тұлғаның кәсіби құнды сапаларын, оның іс-әрекетін де
қарастыруды талап етеді, олай болса педагогтың кәсіби жоғары деңгейі болуы
қажет.
Ендеше
бүгінгі
күні
білім
беру
саласында
оқытудың
озық
технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман тәрбиелеу мүмкін
емес.
Сонымен
қоса,
жаңа
технологияны
меңгеру
оқытушының
интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық т.б. қабілеттерінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
2014 жылы Дүниежүзілік Банк қаржыландырған «Техникалық және
кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту» жобасы аясында колледж оқытушылары
мен оқу шеберлері Германия, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясының
жоғарғы оқу орындарында білім қорларын толтырып, біліктілігін кӛтеруге
мүмкіндік алды.
Осы жоба негізінде Минск қаласында «Құзіреттілікке бағытталған
модульдік бағдарламаны дайындау және ендіру» тақырыбындағы курсында
модульдік оқыту бағдарламалары мен оны дайындау технологияларын
меңгеріп, оқыту үдерісінде қолдануда жаңа кӛзқарас берді.
Новосибирск қаласында «Объектінің электржабдықтары және оны
электрмен қамтамасыз ету» тақырыбында, Москва қаласында «Ӛнеркәсіптік
орындарда электр энергиясын тіркеу және тарату» тақырыбында «Электрмен
қамтамасыз ету» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушылары біліктілік
арттыру курстарынан ӛтті.
Мамандарды даярлау қазіргі заманғы оқу қондырғылары, механизмдері
және құралдарынсыз мүмкін емес. Біліктілігі жоғары мамандарды даярлаудың
негізгі факторларының бірі - қуатты және қазіргі заманғы материалдық-
техникалық базаның болуы. Ӛндірісте оқу орнының материалдық базасынан
озатын кешенделген қазіргі заманға материалды ӛндірісте қолдану
оқушылардың дайындау сапасына әсер ететін негізгі мәселелердің бірі болып
табылады. Стандартқа сәйкес колледж материалды-техникалық базасы қазіргі
заманғы
зертханалық
қондырғылармен,
комплектілі
компьютермен,
интерактивті тақтамен, оқулықтармен толықты. Нақты айтатын болса,
колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылуын жоспарлау, жұмыс
35
оқу жоспары мен мамандықтың модульдік оқу бағдарламасы дайындау,
әлеуметтік серіктестермен, яғни ЖШС «Технолинг LTD», ЖШС «Кернеу АТ»,
ЖШС «Трансэнерго» және «БатысСпецАвтоматика» ЖШС-мен бірлесе
ұйымдастырылады. Модульдік білім беру бағдарламасы оқушыларға электр
энергетикасы саласында терең теориялық және тәжірибелік білім береді.
Бағдарламаның мақсаты - «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы
бойынша білім беру бағдарламасын даярлау бағыты келешекте жұмыс
берушілердің талаптарына сай жеке және кәсіби қызметте табысты болуға
мүмкіндік беретін ӛз білімін құруды кӛздейді.
«Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының модульдік білім беру
бағдарламасы бойынша жоспарланған оқыту нәтижесі мен негізгі құзыреттілігі:
А. Электржабдықтардың элементтерін орын ауыстыру, бӛлшектеу және
қондыру жұмыстарын жүргізу.
В. Электржабдықтардың жұмыс жасау кезіндегі ақаулар мен істен шығу
себептерін анықтап, жӛндеу жұмыстарын жүргізу.
С. Электр жабдықтарын техникалық қызмет кӛрсету және пайдалану.
D. Электржабдықтардың элементтерін бӛлшектеу және қондыру, орын
ауыстыру, техникалық қызмет кӛрсету және пайдалану жұмыстарын
ұйымдастыру.
Модульдік бағдарламаны оқу үдерісіне енгізу келесі кезеңдерден тұрады:
1) Жұмыс тобы (жұмыс берушілермен арнайы пән оқытушылары)
функционалдық картаны әзірлеп, яғни аталған біліктілік маманының қызметіне
талдау жүргізу;
2) Білім, іскерлік және ресурстарды оқыту және бақылау әдістері кіретін
әрбір арнайы, қосымша және бейімдеуші модульдердің мазмұны, модуль
ерекшелігі, модульді орындауға басшылық, модуль түйіндемесін анықтау;
3) Әзірленген оқу модульдері негізінде әрбір модульді зерделеуге уақытты
анықтап, мамандықтың жұмыс оқу жоспарын құру;
4) Мамандықтың жұмыс оқу жоспары жұмыс берушілермен талқыланып,
теориялық және практикалық оқуға бӛлінген уақыт саны түзету.
5) 0902000 - «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы үшін модульдік
оқытудың эксперименталды үлгілік бағдарламасы негізінде барлық пәндер
бойынша модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеу.
Модульдік оқу бағдарламасының жалпы құрылымы:
Функционалдық карта (мақсаты, негізгі функциясы, функционалдық
модульдер). Құзіреттілік бейіні;
Арнайы модульдер;
Қосымша модульдер;
Бейімдеуге арналған модульдерден тұрады.
Функциональды карта оқу модульдерінен тұратын құзіреттілік сала
жиынтығынан тұрады. Әрбір модуль бойынша тӛмендегідей құжаттар
дайындалады:
Модуль ерекшелігі, модульді орындауға басшылық, модуль түйіндемесі;
Бағалауға арналған құжаттар;
36
Модульды орындауға арналған әдістемелік материалдар;
Оқу материалдары.
Бұл бағдарламада оқу модульдері үш құжат арқылы беріледі: модуль
ерекшелігі, модульді орындауға басшылық, модуль түйіндемесі.
«Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша жұмыс оқу жоспары
мен модульдік оқу бағдарламасы әлеуметтік серіктес мекемелермен бірге
отырып дайындалды.
Бүгінгі таңда жастарымызға сапалы білім беріп, ертеңгі жарқын
болашағымызды қамтамасыз етуіміз үшін халықаралық тәжірибелерді
қолданып, әлеуметтік серіктестермен бірлескен жұмысты күшейте түсуіміз
қажет.
Қорыта айтқанда, қазіргі кезде кәсіби біліктілігі мен дағдыларды,
іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына
мүмкіндік беретін кадрлар дайындауда оқытудың жаңа модульдік жүйесі
арқылы білім беру ӛте маңызды, әрі білім, ғылым, ӛндірістің - ӛзара
байланысын қамтамасыз ету арқылы техникалық және кәсіптік білім беру
жүйесінің сапасын арттыратынымыз сӛзсіз.
Әдебиеттер:
1. А.К.Маркова. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі//2009
2. М.И.Скаткин.Зерттеу мәдениеті-педагогикалық қабілет// 2008
3. Л.Горбунова Зерттеу туралы білімі, білік дағдысының болуы // 2007
4. И.Д.Богаева .Педагогикалық қызметтегі кәсіби шеберлік//2009
5. Г.К. Селевко. Педагогикалық технологияларды меңгеру факторы//2009
6. Ұстаздық шығармашылық - Б.А.Тұрғынбаева Алматы 2007
7. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары - К.С.Құдайбергенова Алматы
2007
БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІНІҢ
РЕФЛЕКСИВТІК КОМПОНЕНТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Б. М. Жамекова, Ж. М. Адилова,
Ақтӛбе гуманитарлық колледжі оқытушылары,
madikon_2009@mail.ru
Қоғамның қазіргі даму сатысында болашақ мамандарға білім беру
құзіреттілік қалыптастыру тұрғысынан қарастыру күн тәртібіне шығып отыр.
Құзіреттілік жеке тұлғаның оқу және әлеуметтенуі барысында іс-әрекетке ӛз
бетінше және белсене араласуы нәтижесінде пайда болатын белгілі бір істі
атқаруға дайындығы мен жалпы қабілеттерінің кіріктірілген сипаты ретінде
түсіндіріледі.
Кәсіби құзіреттілік маманның ӛз жұмысын атқаруға теориялық және
практикалық тұрғыдан дайындығын сипаттайды.
Құзіреттілікке бағытталған зерттеулерде оның құрылымдық компоненттері
де жеке тұлғаның кіріктірілген қасиеттерімен сәйкестендіріледі [2. 56].
37
1.
Танымдық (пәндер салалары бойынша білімдерінің жиынтығы);
2.
Іс-әрекеттік (іс-әрекет тәжірибесі);
3.
Технологиялық (оқу міндеттерін шешу іскерлігі мен дағдысының
жиынтығы);
4.
Тұлғалық (кәсіби іс-әрекет үшін маңызды жеке-психологиялық
қасиеттері, қабілеті, бағыттылығы т.б.);
5.
Құндылық-мотивациялық (құндылық бағыттылығы, дүниетанымдық
позициясы, қызығушылықтары);
6.
Рефлексивтік (іс-әрекетке, оның нәтижесіне болжам жасау, бағалау,
шығармашылық т.б.).
В. В. Абашина осылардан педагогикалық іс-әрекетке қатысты үшеуін
ерекше бӛліп кӛрсетеді: іс-әрекеттік (педагогикалық технологияларды
меңгеруі); коммуникативтік (педагогикалық қарым-қатынас іскерліктері мен
дағдыны меңгеруі) және рефлексивтік (балалардың және ӛзінің әрекетіне дұрыс
баға беріп, түзету іскерліктері).
Аталған компоненттердің арасында болашақ маманның кәсіби дамуын
қамтамасыз ететін шарттардың бірі ретінде рефлексивтік компонентті ерекше
атауға болады. Педагогикалық рефлексияға зерттеушілер бірнеше бағытта
сипатта береді:
- рефлексия оқушылармен қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыруға
кӛмектеседі. (Г.М.Коджаспирова, И.А.Тришкина). Г.М.Коджаспированың
пікірінше, рефлексия студенттерге «ӛзін және ӛзінің іс-әрекетін бағалауға
мүмкіндік беріп қана қоймай, педагогикалық қарым-қатынасқа түсушілердің
ӛзін қалай қабылдағанын түсінуіне де ықпал етеді». И.А.Тришкина
педагогикалық рефлексияның мұғалімге ӛзін оқушының кӛзімен бағалауға
мүмкіндік беретінін атап кӛрсетіп, жас мамандарды ӛзіне сенім тудырып,
жұмыс қабілетін арттыратын, рефлексияға үйрету қажет дейді.
- рефлексия ӛз әрекетін талдау мен бағалауға мүмкіндік береді (Б.З.
Вульфов, Т.А. Колышева т.б.) Педагогикалық рефлексия мұғалімнің ӛз іс-
әрекетіне, ӛзінің тәрбиеленушілерге әлеуметтік ықпалына, маман ретінде ӛзінің
дамуына талдау жасауы деп бағалайды. М.К.Меремкулова, В.Н.Харкин.
А.А.Бизееваның пікірінше «педагогикалық рефлексия мұғалімнің ӛз іс-
әрекетіне және ӛзіне оқушының дамуына ықпал ететін субъект ретінде сын
тұрғысынан талдау жасау, бағалау үшін белсенді зерттеу позициясына ену
қабілеті».
- О.Ф.Меженцев, В.И.Сластенин педагогикалық рефлексияны оқу әрекетін
құрастыру құралы ретінде қарастырады. «Педагогикалық рефлексия белгілі бір
іс-әрекет саласындағы кәсіптік сананың құрылымдық бӛлшегі, сондықтан
сананы білімге, педагогикалық процеске талдау жасап, баға беруге
бағыттайды» дей келіп, О.Ф.Меженцев рефлексиялық процестің кӛрінуінің 3
аспектісін бӛліп кӛрсетеді:
а) мұғалім мен оқушының ӛзара бірлескен әрекетінде кӛрініп, мұғалімнің
ӛзін, оқушының ойын, сезімі мен мінез-құлқын түсінуі мен реттеуіне ықпал
етеді;
38
ә) мұғалімнің оқушылардың іс-әрекетін жоспарлау барысында кӛрініп, оқу
мақсатын, қол жеткізуі тиіс жетістіктерді оқушылардың ерекшелігіне, даму
динамикасына сәйкестендіруге кӛмектеседі;
б) мұғалімнің іс-әрекеті мен іс-әрекет субъектісі ретіндегі ӛзіне ӛзіндік
талдауы мен ӛзіндік баға беруінде кӛрініп, оның шеберлігінің, құзіреттілігін
дамытуға септігін тигізеді.
Бұдан шығатын қорытынды педагогикалық рефлексия - педагогикалық іс-
әрекеттің құрылымдық компоненттерінің барлық саласын да жетілдіруге, яғни
педагогикалық құзіреттілікті қалыптастыруға тиімді ықпал ететін, талдау,
бақылау, бағалау, танымдық, болжамдық, шығармашылық қызмет атқаратын
кӛп қырлы процесс. Сондықтан студенттерді педагогикалық рефлексияның
әдістері мен тәсілдеріне үйрету - практика жетекшілері мен жеке пәндер
әдістемесі оқытушыларының педагогикалық практикалар барысында шешетін
негізгі міндеттердің бірі. Бұл күрделі процесті меңгеру студенттің білім
алуының барлық кезеңдерінде үздіксіз жүрсе ғана оң нәтиже береді деп
есептейміз. Сондықтан сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда, педагогикалық
практикалар барысында студенттерді педагогикалық рефлексияға үйрету дің
ортақ тәсілдеріне тоқталмақпыз:
Бірінші кезең. Студенттердің рефлексивті жұмыстарды жүргізудің
қажеттігі мен ерекшелігін меңгеру кезеңі (теориялық бағыты). Студенттерге
кез-келген іс-әрекетті жүзеге асыру үшін оның түрі, құрылымы, мазмұны, әдіс-
тәсілдері мен құралдары, оларға қойылатын талаптарды т.б. біліп оларды ӛзінің
және басқаның жүзеге асыру деңгейіне талдау жасау арқылы ғана жетілдіруге
болатыны түсіндіріледі.
Екінші
кезең.
Рефлексиялық
жұмыстардың
негізгі
бағыттарын
студенттердің ой елегінен ӛткізу кезеңі. Топта кез-келген іс-әрекеттің бағалану
кӛрсеткіштері анықталады. Мысалы сабақ жоспарын бағалау кӛрсеткіштері:
р
/с
Бағалау кӛрсеткіштері
Бағалық деңгейлер
Толық сәйкес
(жоғары
деңгей)
Ішінара сәйкес
(орта деңгей)
Сәйкес
келмейді (тӛмен
деңгей)
1
.
Таңдалған сабақ типінің
тиімділігі
2
.
Сабақ мақсатының
нақтылығы, мазмұнға,
оқушылардың жас ерекшелігі
мен дайындығына сәйкестігі
т.б.
Үшінші кезең. Рефлексивтік орта құру кезеңі. Белгіленген кӛрсеткіштер
бойынша педагогикалық іс-әрекет жоспары жасалып, ол топтың және әдістеме
оқытушысының бағалауына ұсынылады. Студент бағалау барысында ӛз
позициясын қорғайды. Нәтижесінде студенттер ӛзінің және басқаның іс-
әрекетін дұрыс бағалауға, негіздеуге жаттығады.
р/с
Бағалау кӛрсеткіштері
Ӛзіндік дәлел
(баға)
Топтың бағасы,
ұсынысы
Әдістеме
оқытушысының
бағасы, ұсынысы
39
1
.
Таңдалған сабақ типінің
тиімділігі
Меңгерілетін
материал күрделі
болғандықтан
жаңа
материалды
меңгеру сабағы
таңдалды.
Материал
мазмұнымен
қатар
оқушылардың
дайындығы да
ескеріліп, сабақ
типі
дұрыс
таңдалған.
Жаңа материалды
меңгеру
сабағының түпкі
нәтижесін
нақтылап,
оның
орындалғанын
анықтайтын
кӛрсеткіштерді
пайдалану керек.
Тӛртінші кезең. Коррекциялық (түзету) кезеңі. Ӛз жаспарына, басқалардың
жоспарына жасалған талдауды, айтылған ұсыныстарды ескере отырып,
ӛзгерістер енгізу.
Бесінші кезең. Іс-әрекетті жүзеге асыру кезеңі. Бұл кезеңде рефлексия
бірнеше бағытта қолданылады:
а) іс-әрекетті дұрыс атқара алатынына сенім туғызу (іс-әрекеттің алдында);
ә) іс-әрекетті туындаған жағдаяттарға байланысты тиімді басқару (іс-
әрекет барысында).
Баламалы және кӛп баламалы ойлауды талап ететін бұл бағыттағы
рефлексиялық іскерлігін дамыту үшін практикалық сабақтарда, консультация
барысында әр түрлі педагогикалық жағдаятттар ұсынылып, «олардың балама
шешімдерін табу» талап етіледі, сӛйтіп студенттерде шығармашылық ойлау
санасы қалыптастырылады.
Алтыншы кезең. Педагогикалық іс-әрекетке талдау және ӛзіндік талдау
жасау кезеңі. Бұл кезеңде педагогикалық іс-әрекеттің барлық құрылымдас
бӛліктеріне кешенді талдау жасалып, нәтиженің себеп-салдар байланыстары
анықталады. Бұл ӛз кезегінде студенттердің педагогикалық іс-әрекетті терең
танып, оны ӛзінің мүмкіндіктерімен сәйкестендіру, ӛзін жалпы талаптарға сай
жетілдіруіне ықпалын тигізеді. Сондықтан әрбір педагогикалық іс-әрекет
толық, терең талданып, студенттердің ӛзіндік талдау іскерлігін қалыптастыруға
ерекше мән берілуі керек. Іс-әрекетті педагогикалық, психологиялық,
әдістемелік тұрғыдан талдау үлгілері беріліп, біртіндеп кешенді талдауға
үйретілгені жӛн.
Жетінші кезең. Кәсіби тұрғыдан жетілу кезеңі. Бұл кезеңде алдыңғы
рефлексивтік жұмыстардың нәтижесінде (ӛзіндік талдау, ӛзіндік бақылау,
ӛзіндік бағалау, ӛзіндік есеп, соған сәйкес ӛзіндік позиция ұсыну т.б.)
студенттің
«Мен
мұғаліммін»
тұжырымдамасы
қалыптасады.
Бұл
студенттердің бойында қалыптасқан тӛмендегі қасиеттерден кӛрінеді:
- мұғалім эталонына ӛзінің жеке қасиеттерінің кәсіби сипатының сәйкес
келуіне талдау жасау және бағалау қабілеті;
- оқушылармен қарым-қатынасына, бірлескен әрекетіне талдау жасау, ӛзін
басқалардың кӛзімен кӛре білу қабілеті;
- ӛзі ұйымдастырған педагогикалық процеске талдау жасау және баға беру
қабілеті.
Бұл қабілеттердің қалыптасуы ӛзіндік бағалау парақтары, ӛзіндік талдау
үлгілері, тестік тапсырмалар арқылы тексеріледі.
40
Қорыта
айтқанда,
педагогикалық
құзіреттіліктің
рефлексивтік
компонентінің қалыптасу деңгейін анықтау - студенттердің кәсіби дамуына
ықпал етудің тиімді бағыттарының бірі. Әрбір пәнді оқыту барысында
меңгерілетін білім, іскерлік, дағдыны нақты практикалық іс-әрекетке жүзеге
асыру түрінде кӛрінетін бұл қабілетті қалыптастыру ӛте күрделі процесс,
оқытушы, әдіскерлердің әрбір студентпен мақсатты, жүйелі жұмысын талап
етеді.
Әдебиеттер:
1.
В.В.Абашина. К вопросу о профессиональной компетентности педагогов
дошкольных учреждений в условиях личностно ориентированной модели
обучения детей. Сборник научных материалов научно-практической
конференции в 2 ч. Сургут, 2004.
2.
Г.М.Коджаспирова. Формирование готовности учителя начальных
классов к професиональному самообразованию /Дис док-рс пед.наук.М., 1995.
3.
А.Петров Основные концепты компетентностного подхода как
методологической категории //народное образование, 2005 № 9.
Достарыңызбен бөлісу: |