Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет11/38
Дата29.01.2017
өлшемі3,48 Mb.
#2937
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38

КЕТБҰҒЫ. Махамбет ақынның атақты «Айналайын Ақ Жайық» 

деп басталатын толғауында:



Керт бұғыдай билерден 

Ақыл сұрар күн қайда?! – 

деген  жолдар  бар.  Ақынның  біраз  кітабында  осылайша  неме-

се  Кертбұғыдай  түрінде  жазылып  жүр.  Көп  басылымда  бұл  сөзге 

«бұғының бір түрі» деп түсініктеме беріліп келді. Бұл түсіндірменің 

жаңсақтығы контекстің өзінен де көрініп тұр: Кертбұғыдай билерден 



ақыл сұрау- дегеннен кейін Кертбұғы сөзінің адам есімі екені өзінен-

өзі танылуға тиіс. Ал осы сөздің дұрысы, біріншіден, Кертбұғы ма, 

екіншіден, ол кім? Біздіңше, бұл есім Кетбұғы болып жазылуы ке-

рек.  Екіншіден,  ол  Махамбет  сияқты  сауатты,  өткен-кеткен  рухани 

дүниеден хабардар ақын – Кетбұғының кім екенін біліп айтып отыр 

дейміз. Махамбеттің меңзеп отырғаны XIII ғасырдағы атақты Аталық 

жырау  немесе  Ұлығ  Жыршы  болар  ма?  Араб  тарихшысы  Ибн  әл-

Асирдің шежіресінде ауызға алынған «Жошы өлімін естірту» деген 

20 жолдық өлең тексімен жеткен, найман тайпасынан шыққан Аталық 

жырауды  (араб  тарихшысының  атауы  бойынша  Ұлығ  Жыршыны) 



Кетбуқа деп те атаған. Бұл есімді біз түркі-монғол тайпалары тари-

хынан аз кездестірмейміз.

Монғол  империясының  Хулагу  ханы  тұсындағы  армиясының 

штаб  басшысы  найман  Кит-Буқа  нойон  деген  адам  болған  (әрине, 

бұл жерде жалқы есім орысша таңбалануынша келтірілген, түркіше 

не монғолша Кетбұға/ Кетбуғы/Кедбуқа т.т.болуы керек) (Гумилев. 

Поиски...  210,  214,  215).  С.Аманжоловтың  мәліметіне  қарағанда, 

қазақ шежірелерінің бірінде найманның Тоқпан, Ел Ата, Өкреш деген 

үш ұлы болады. Ел Атадан Келбұғы, Кетбұғы тарайды (Аманжолов, 

56, 59). Қазақ күйшілерінің тарихын жүйелі түрде зерттей бастаған 

ғалым А.Сейдімбеков: «Кетбұға – Шыңғысханның замандасы... ша-

мамен 1150-1230 жылдар аралығында ғұмыр кешкен адам. Ауызша, 

жазбаша деректерде Кетбұға ұлы жыршы, дәулескер күйші, көріпкел 

бақсы, тіптен Шыңғысханның хат таныған шежірешісі ретінде баян-



99

далады... XV ғасырда ғұмыр кешкен Доспамбет жырау Кетбұғыны би 

ретінде аузына алып, оның даналығына құрмет көрсетеді:

Кетбұғыдай билерден 

Кеңес сұрар күн кайда! – 

дейді.  Арада  үш  ғасыр  өткенде,  басына  күн  туған  Махамбет 

Өтемісұлы да:



Кетбұғыдай билерден

Ақыл сұрар күн қайда! – 

деп  армандайды»,  –  деп  жазады  (А.  Сейдімбеков  Кетбұға  //Халық 

кеңесі). Зерттеушінің Кетбұғыдай билерден ақыл сұрау деген образ 

сонау Доспамбет жыраулардан сақталып келіп, Махамбет ақын тіліне 

оралған деген пікірі – жанды сөз, өйткені Махамбет – өзіне дейінгі 

сан  ғасырлық  ауызша  тараған,  қазақтың  авторлы  әдебиетін  жақсы 

білген, содан сусындаған ақын.

Енді бұл жалқы есімнің тұлғалануы жайында. А.Сейдімбеков бұл 

есімнің  Кетбұға,  Кербұға,  Кербұқа,  Кетбұқы,  Құттыбұғы  болып 

әртүрлі айтылып келе жатқанына назар аудартады. Бұл, біріншіден, 

осы  есіммен  аталған  адамның  өте  ертеде  өткендігінен  атының  да 

түрленіп, өзгергендігінен болса, екіншіден, осы есімді құрап тұрған 

сөздердің  де  жеке-жеке  мағыналарының  қазақтар  үшін  ұмытылып 

кеткендігінен  деп  санаймыз.  Біз  түркі  тілдерінің  тарихы  мен 

дыбыстық заңдылықтарына сүйеніп, мынадай этимологиялық талдау 

ұсынамыз. Сөздің екінші сыңары бұға /бұғы /буга /бүке /бүгө /бөге /

бөгу  варианттарында  келіп,  көне  түркі тілдерінде үш  түрлі  мағына 

айналасына  топтасады:  бөге  тұлғасы  және  оның  фонетикалық  ва-

рианттары  «батыр,  күшті  адам»  дегенді,  бөгу  тұлғасы  (және  оның 

варианттары)  «дана,  данышпан»  деген  мағынаны,  ал  бұғы  кәдімгі 



бұғы  (жануар)  мағынасын  білдіреді.  Бұл  тұлғалардың  қай-қайсысы 

да  –  мағына  жағынан  жалқы  есім  жасауға  қатыса  алатын  сөздер, 

әсіресе, «батыр», «дана, данышпан» мағыналарын беретін тұлғалар 

адам есімін, оның ішінде лақап аттарын, құрметті есімдерін беруге 

өте бейім болған сөздер.

Біздіңше, бұл күндерде де қойылатын Бұғыбай, Бөгебай, Бүкібай, 



Бөгембай,  Бұғыбек,  Бағыбек  тәрізді  кісі  аттарындағы  бірінші 

сөз  сыңары  –  жануар  атын  білдіретін  бұғы  сөзі  емес,  «батыр,  ер» 

мағынасындағы  бөге  сөзі  немесе  «дана,  данышпан»  ұғымындағы 

бүгі, бұғы деген көне түркі сөздерімен түбірлес деп топшылаймыз. 

Бұл  мағыналар  өздерінің  эпитеттік  (суреттеушілік)  қасиетімен  кісі 

атын жасауға актив пайдаланылады. Ал егер адам аты жануар бұғы 

атауына  қатысты  қойылған  болса,  бұл  мағына  да  өзінің  тотемдік 

мәнімен қатыса алады.


100

Кетбұғы дегендегі кет сөзі де көне түркі тілдерінде кед /кей /кез 

тұлғаларында келіп, не «күшті, мықты» дегенді, не «ерекше, айрықша» 

дегенді білдірген. Сонда Кетбұғы /Кетбегу /Кетбөге /Кедбұғы сөзі 

«күшті күшті», «мықты мықты» деген ұғымдағы қосарланған сөздер, 

яғни плеоназм я болмаса «ерекше күшті, айрықша батыр, асқан ер» 

деген мағынадағы есім болып шығады.

Сөйтіп, Махамбет ақынның атап отырған Кетбұғысы – жоғарыдағы 

Аталық жыраудың образға айналған есімі, не тіпті осы есімді кейінгі 

дәуірлерде  ақын  жасаған  өлкеде  болған  атақты  билердің  болуы 

мүмкін.  Сірә,  «Кетбұғыдай  билерден  кеңес  сұрайтын  күн»  обра-

зы  ертеде  қалыптасып,  Махамбет  соны  пайдаланған  деген  ойды 

қостаймыз. Қайткенде де, біріншіден, ол – Кертбұғы емес, Кетбұғы, 

екіншіден, бұл сөз бұғының бір түрі емес, адам есімі болып танылуы 

керек.


КЕШЕСІ. «Қыз Жібек» жырында:

Айдың өткен нешесі,

Ай қараңғы кешесі, – 

деген жолдар бар. Мұндағы кешесі сөзі – «бұдан бір күн бұрын өткен 

күн,  яғни  кеше»  деген  мағынадағы  сөз  емес.  Көне  түркі  жазулары 

мен орта ғасырлардағы түркі ескерткіштерінде кечә/кече сөзі «түн» 

мағынасын білдірген.

Орта ғасыр жазба үлгілерінде кече күндіз тіркесі – қазақша осы 

күнгі күні-түні дегеннің баламасы. Ал кечә бірлә, кечесі – «түнде» 

деген үстеу мәнінде қолданылған сөздер. Сонда ай қараңғы кешесі 

деген тіркес «айсыз қараңғы түнде» дегеннің көне варианты болып 

табылады.  Бұл  сөздің  қазақ  жырында  кездесуі,  сірә,  ортағасырлық 

түркі  жазба  әдеби  тілдерінің  әсері  болуы  да  мүмкін  немесе  қазақ 

халқын  құраған  ру-тайпалардың  тілінен  сақталған  жұқана  (реликт) 

болуы да ықтимал.

Кечә («түн») сөзі қазақ тілінде кеш тұлғасында түннің өзі емес, 

оның бір шағының атауы ретінде жұмсалғандығы мәлім (кешғурым, 



кешкісінкештетіп деген сияқты сөздердің құрамында).

КИЕҢКІ.  Мұхтар  Әуезовтің  «Қарақыпшақ  Қобыланды»  атты 

пьесасында: «Тек келінің киеңкі болмағай-ақ та... Және бір жерінде: 

Жер соқтырар күн болса, киеңкінің киесі» деген сөздер бар. Мұндағы 

киеңкі сөзінің дәл мағынасын бұл күнде екінің бірі тап басып айтып 

бере  алмайды.  Бүгінгі  қазақ  білетін  киеңкі  сөзі  «жылқыда  болатын 

құрт ауруының атауы, ол ауруды қарақаптал деп те атайды» дегенді 

қазақ тілінің түсіндірме сөздігі көрсетеді (ҚТТС, V, 31). Л. Будагов, 



101

В.  Радловтардың  сөздіктерінің  көрсетуі  бойынша,  Қазан  татарла-

ры  тілінде  (осы  авторлардың  терминдері  бойынша:  наречиесінде) 

кийенки «бедеу әйел» деген мағынадағы сөз: кийенки қатын – бала 

көрмеген әйел (Радлов, Т. II, 2, 1345).

Демек, М. Әуезов бұл сөздің туыс тілдегі мағынасын алып қол- 

данған.  Бұл  пьесада  жазушы  осындай  көптеген  сөздерді  әдейі 

келтіреді.

КӨБЕ,  КІРЕУКЕ.  САУЫТ.  Бұлар  –  мағыналары  бір-біріне 

жуық сөздер. Олар адам денесін оқ, қылыш, найза тәрізді қарулардан 

қорғану  үшін  киетін,  көне  замандардан  бар  жауынгер  киімдерінің 

атаулары.  Қазақ  энциклопедиясының  түсіндіруіне  құлақ  ассақ, 



көбе – батырлар киетін сауыт, оның екі түрі болады: бірі – жүректің 

тұсын,  білекті,  тізені,  иықты  садақтың  оғынан,  қылыштан  қорғау 

үшін жалпақ темірден жасалған сауыт, екіншісі − бүкіл денені қорғау 

үшін тырнақ көбесіне ұқсас қола не мысты қатпарлап тізіп немесе 

металл шынжырларды (шығыршықтарды) біріктіріп, көйлек тәріздес 

етіп жасалған түрі. Кейінірек көбенің жеңіл көкірекше түрі шыққан. 

Батырлар мінетін аттың да арқасы мен жонын, қабырғасы мен мой-

нын түгелдей жабатын көбелер де жасалған (ҚСЭ, V, 642-643).

Ал  сауыт  –  садақ,  қылыш,  найза  сияқты  қару-жарақтардан 

қорғануға арналған киім. Ол ұсақ темір шығыршықтарды бір-бірінен 

өткізіп  тоқылған  тордан  қысқа  жеңді  жейде  түрінде  жасалады. 

Сауыттың дулығасы, мойынды жабатын далбағай сауыт, қол сауыт, 



аяқ сауыт жеке тоқылады (ҚСЭ, X, 63). Бұған қарағанда, сауыт − 

көбенің екінші түрін атайтын сөздің бірі, яғни көбе сөзінің синонимі.



Кіреуке – ерте замандардағы соғысқа киетін сауыт. Оның басқа са-

уыттардан айырмасы – кеудесінде, арқасында, білек үстінде темірден 

немесе  көзеден  істелген  шарайнасы  болған  (ҚСЭ,  VI,  181).  Бұл 

түсіндірмелер, біздіңше, дұрыс. Ал XV-XIX ғасырлардағы қазақ по-

эзиясы мен эпостарында бұлардың қолданысы жайында мыналарды 

айтуға болады: бұл үш сөз қатар, бірінің орнына бірі қолданыла бер-

ген. Мысалы, Доспамбет жырауда:

Кілең бұздай кілшейтіп, 



Көбелер киген өкінбес. 

Шалкиіз бен Махамбетте:

Көн садақтың ішінде 

Көбе бұзар жебе бар. 

Батырлар жырларында:

Бадана көзді берік сауыт

Баса үстіне киеді («Қамбар батыр»),



102

Бадана көзді кіреуке

Мұны саған береді,

Баса келіп кисейші («Ер Тарғын»).

Шығыршықты көк сауыт

Бекіте киіп алады («Төрехан»).

Зырқырай оғы кетеді,

Көкірек қысқан көбеден

Қалмады қапыл жебеден («Ер Тарғын»).

Бұлардағы бадана көз, шығыршықты деп отырғаны – шығыршық- 

тардың тізбесі, оны кейде шөже көз деп те атайды. Мысалы, «Қыз 

Жібекте»:

Алтынды сауыт шөже көз 

Түймеден кетті дегейсің.

Демек, келтірілген үзіктердегі кіреуке де, сауыт та, көбе де – шы- 

ғыршықтардан тізіліп жасалған қорғаныш сауыттар. Бұлар тепе-тең 

бір-бірінің  баламасы  (эквиваленттері)  ретінде  бірінің  орнына  бірі 

қолданыла  беретіндігімен  қатар,  кейде  тіпті  қатарынан  қосақталып 

та жүреді:

Үстіңе баса киіп ал

Алтынды сауыт көбені («Қыз Жібек»).

Үстімдегі ақ сауыт,



Ақ кіреуке бек сауыт («Ер Қосай»).

Сауыт  сөзі  кей-кейде  көбенің  үстінен  салатын  шарайна  мағы- 

насында да қолданылған. Шарайна – парсы тілінен енген сөз, мағы- 

насы «сауытқа қабаттаған, төрт бөліктен тұратын металл көкірекше» 

(Будагов, II, 455). Шарайнаны, яғни оқ өткізбес металл пластинканы 

қабаттап салатын болған. Мысалы, «Ер Тарғын» жырында:

Бадана көзді кіреуке

Шарайнасы бес қабат, – 

деп  суреттейді.  Қазақ  халық  поэзиясы  тілінде  шарайна  қабатын 

көбінесе тоғызға апарады. Мысалы, Төлеген інісі Сансызбайға:

Бадана көзді кіреуке 

Тоғыз қабат көк сауыт 

Саған арнап соқтырып, 

Будырып кеттім кілемге, – 

дейді. Бұл мысалдардағы сауыт сөзі – «шарайна» мағынасында. Осы 

мәнде кейде торғауыт сөзі де ұшырайды:

Тоғыз қабат торғауыт 

Сегізінен өтеді («Ер Тарғын»).

Сауыттың бір түрі жалаңқат аталған:



103

Мінуге керек қазанат,

Беліне керек шарболат,

Денеге керек жалаңқат («Қобыланды»).

Мұны «Батырлар жырын» бастырып шығарушылар «киім, жеңіл 

шапан» деп түсіндіреді (Батырлар жыры, 1963, I, 44). Әрине, бұл – 

қате. Жалаңқатты Ә. Қайдаров «сауыттың астынан киетін шарайна» 

деп табады (Қайдаров, 28). Шындығында, жалаңқат та – сауыт. Оның 

сауыт екендігі контекстен де көрініп тұр. Мысалы, «Қобыланды ба-

тыр» жырында:

Денеге оқты дарытпас 

Дәуіт соққан жалаңқат, – 

деп  келеді.  Сірә,  жалаңқат  шарайнасы,  яғни  металл  пластинкасы 

жалаң қабат кіреуке болу керек. Жалаңқат сөзінің компоненттерінің 

өзі осы мағынаға меңзейді: жалаң сөзі түсінікті («дара, жалғыз»), ал 

қат сөзі – «қабат» мағынасындағы сөз.

Көбе  –  көне  сөз.  Махмұт  Қашқари  сөздігінде  күбе  йарық 

түрінде хатқа түскен, мағынасы «металл сауыт» (ДС, 322). Бұл сөз 

орта  ғасырлардағы  түркі  сөздіктерінен  де  табылады,  мағынасы 

қазақ  тіліндегідей  (Құрышжанов,  150).  Сөздің  көнелігі  мен  сирек 

кездесетіндігінен  кейде  ол  қате  түсіндіріліп,  кейде  тіпті  өзгертіліп 

жазылып та жүр. Мысалы, бұл сөздің кебе деп жазылғаны кездеседі. 

Осыған  қарап,  Ә.Қайдаров  кебені  де  «шарайна,  сауыт»  деп 

көрсетеді. Бірақ кебе мен кебенеккебенекебентай сөздеріне негіз 

болған көбе сөздерін екеуін екі бөлек түбір деп таниды (Қайдаров, 

31).  Шындығында,  «сауыт»  мағынасындағы  деп  көрсеткен  кебе 

тұлғасының дұрысы – көбе болса керек.

Қазақтың ауыз әдебиеті мен солармен дәстүрлес ақын-жыраулар 

тілінің  көркемдеу  қазынасында  белгілі  бір  ұғымды  бейнелеп,  өзге 

сөзбен атау жиі кездесетіні мәлім. Бұл тәсілден сауыт-сайман атау-

лары да құр емес. Мысалы, берік сауытты (көбені, кіреукені) берен, 

шарболат  деп  атаушылық  бар.  Бұрынырық  айтылды,  берен  –  көп 

мағыналы  сөз,  оның  бір  мағынасы  –  «асыл  болат,  берік  металл». 

Осы  мағынасынан  ауыстырып,  денеге  қару  дарытпас,  мықты  ме-

талдан жасалған сауытты да берен немесе шарболат деп атағанын 

жырлардың тілінен байқаймыз:

Жеңсіз берен киінді,

Лашын құстай шүйілді («Ер Тарғын»).

Белгілі батыр бұл болар

Айғайлап жауға тиетін,

Шарболатты киетін («Қарабек батыр»),


104

Сол  сияқты  кіреуке  деген  сауытты  «қымбат  бағалы,  әсем  тон» 

мағынасында  ауыстырып  жұмсау  да  бар.  Мысалы,  хандар  киген 

кіреуке дегенде немесе Алпамыс батыр Құлтай ағасына:

Жігітіңде жүруші ең 



Кіреуке тонды жамылып, – 

дегенінде,  кіреуке  сөзі  сауыттан  гөрі  «қымбат  киім  тон»  дегенді 

аңғартады.

КӨБЕГЕН.  КӨРПЕШ.  КӨРПЕЛДЕС.  Көбеген  сөзін  айта 

қалсақ, әрбір қазақтың аузына:

Базарбайдың Төлеген

Ерте туған көбеген, – 

деген  «Қыз  Жібек»  жырындағы  жолдар  ілігеді.  Мұндағы  көбеген 

сөзін осы жырды бастырушылар «ерте туған қозы» деп түсіндіреді. 

Оған осы жырдың келесі бір жеріндегі:

Мен едім Базарбайдың Төлегені 

Қозының ерте туған көбегені, – 

деген жолдар да себеп болса керек.



Көбеген,  көбдік  сөздерінің  о  бастағы  мағынасы  малға,  оның 

ішінде  қойға,  қозыға  байланысты  болған,  ал  бірақ  жырларда  және 

ауызекі  тілдегі  қолданысында  көбеген  сөзі  «жас  бала,  балдырған» 

деген ұғымды береді. Өткен ғасырдағы қазақтың ауызекі сөйлеу тілі 

материалдарын  пайдаланған  Н.И.Ильмннский  өзінің  1861  жылғы 

сөздігінде:  көбеген  –  балдырған,  балақан  (дитя,  ребятушки)»  деп 

көрсетеді  де,  бұл  сөзді  көбінесе  балаларға  әжелері  айтады  дейді 

(Ильминский,  198).  Е.Жанпейісов  көбеген  сөзін  монғол  тіліндегі 

«бала, ұл» мағынасын білдіретін хобөгүн сөзімен төркіндес деп таба-

ды (Жанпейісов, 78).

Қобыландының әкесі:

Өлгенде көрген көбеген

Ел тілегін тілеген, – 

дейді.  Мұндағы  көбеген  деп  тұрғаны  да  –  «бала».  Бұл  сөз  «Қозы 

Көрпеш-Баян сұлу» жырында да бірнеше рет кездеседі. Қозы тазша 

болып келгенінде «азырақ сөйлессеңіз қайтер екен?» – деп алдынан 

қыздар жүгіріп шығады, сонда Қозы – «тазша қойшы»:

Аягөз қарамаймын терегіне, 

Қыз Баян үкі таққан желегіне. 

Қодар мен тоқсан алып тұрған шақта



Көбеген таз сендерге керегі не? – 

дейді. Мұндағы көбеген сөзі «жас бала» деген мағынада келген.



105

Сөйтіп,  көбеген  «жас  бала,  буыны  қатпаған  балдырған»  деген 

сияқты ауыспалы мәнде де жұмсалған. Ауызекі тілде көбінесе қар- 

таң  әйелдер,  әжелер  жас  балаларын,  немерелерін  құлыным,  ботам 

дейтіні  сияқты,  көбегенім  деп  те  атағаны  байқалады.  Көркемсөз 

шеберлері бұл сөзді «бала» ұғымында жұмсайды. Сәбит Мұқановтан 

келтірілген:

Сонда дағы өлген жоқ, өсті Алтай 

Торсық шеке, ақ сазан көбеген боп,– 

деген  мысалда  осы  сөздік  түсіндіргендей,  «шыдамды,  төзімді, 

мықты»  деген  мағынаны  беріп  тұрған  жоқ,  «бала»  деген  ұғымды 

білдіріп тұр.



Көбеген сөзінің этимологиясын (түптөркінін) жасаған Ш. Сары- 

баев  бұл  сөздің  түбірі  көбе(н)  болуы  керек  дейді.  Көбе/көбей/көпе/



кепе деп қазақ тілінің әр жерінде ерте туған қозыны не басқа малдың 

төлін айтатынын көрсетеді, ал -ген кішірейткіш мағына беретін -қан/ 



-кен, -қана/-кене жұрнағының өзгерген түрі деп танытады. Сонымен 

қатар зерттеуші қазақ тіліндегі көрпеш, көрпелес сөздері де көбе/кепе 

сөзімен  төркіндес  болу  керек  деп  топшылайды,  өйткені  көне  түркі 

тілінде көрпе сөзі «кеш туған қозы» дегенді білдіргенін XI ғасырдағы 

Қашқари сөздігі көрсетеді. Көрпе сөзіндегі р дыбысының түсіп қалуы 

– түркі тілдерінде жиі кездесетін құбылыс екенін ескертіп, көрпе де-

геннен  көпе/кепе  тұлғалары  пайда  болған  дегенді  айтады  (Этимол. 

сөздік. 102-103). Бұл – дұрыс этимология.

Көне түркі тілдерінде көрпе сөзі жалпы «жас» дегенді білдірген. 

Мысалы, көрпе от «көк шөп» (свежая трава) (ДС, 318). Сонда көрпеш 

сөзі «жас бала» дегенді білдірмек. Қозы Көрпеш есімінің түбірі – осы 

көрпе – «жас» сөзі.

Көбеген,  көрпеш  сөздерімен  түбірлес  сөздің  тағы  біреуі  – 

көрпелдес /көрпілдес. Бұхар жыраудың бір толғауында:

Байдың ұлы көрпелдес 

Шұбалаңқы тартады 

Айдап жүрген малдан соң, – 

деген  өлең  жолдары  бар.  Мұндағы  көрпелдес  сөзіне  мұраны 

ұсынушылар  «күпілдек»  деген  сөз  деп  түсініктеме  береді  (XVIII-

XIX ғ. ..., 34). Ал «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында: «Мен секілді 

көрпілдес неге керек?» деген өлең жолындағы көрпілдес сөзіне «бұл 

не ескі сөз, не болмаса жазбаның шатағы ма, әйтеуір ұғылмады» деп 

түсініктеме берілген. Әрине, бұл түсіндірмелер – қате.

Көрпілдес  сөзінің  де  түбірі  –  көрпе.  Бұл  сөз  алдыңғы  сөздердің 

талдауында айтылды, көне түркілердің тілінде «жас, балғын» деген 



106

мағынаны берген: көрпе оғул − көктемде туған бала (ДС, 318). Бұл 

жердегі тіркестің мағынасы дәл қазақ тіліндегідей.

Көрпелдес/көрпілдес сөзі бұл күнде көбінесе мал баласына қарата 

айтылатын  сияқты,  сондықтан  түсіндірме  сөздік  оның  мағынасын 

«жүндес, ет алған марқа қозы» деп анықтайды, ал көрпеш сөзін «ерте 

туған қозы» деп түсіндіреді. Шындығында, көрпеш, көрпілдес – бір 

мағынадағы сөздер. О баста оның «жас, балғын» мағынасы малға да, 

адамға да жанастырыла айтылса керек.



КӨКТЕП ТІГУ. Бұл күрделі етістіктің негізгі сөзі − көкте-нің 

көсемше түрі. Ол парсы тілінің көк «әр жерден бір іліп, сирек түскен 

тігіс»  деген  сөзінен  алынған.  Көктеу  немесе  көктеп  тігу  қазақ 

тілінде осы мағынада қолданылады. Бұл сөздің түсті білдіретін көк 

пен өсімдікті атайтын көк сөздеріне қатысы жоқ.

КӨР СОҚЫР. «Алпамыс» жырында балаға зар болған Байбөрі:

Көретін көзім көр болды, 

Бір перзентке асық боп, – 

дейді. Көр – парсы тілінде «соқыр, соқыр адам» деген сөз. Демек, көр 

болу – «соқыр болу». Ал көр соқыр тіркесі – бір мағынадағы әр тілдік 

екі сөздің қатар қолданылуы болып танылатын плеонастық құбылыс. 

«Соқыр»  мағынасындағы  көр  сөзі  көрбала,  көрбілте  сөздерінің 

құрамына да қатысқан.



КӨШЕ. Бұхар жыраудың Абылай ханға айтқан өлеңінде:

Өзің болған күніңде 

Бір көшеге сыймайды 

Азаткер де құлыңыз, – 

деп жазылған жолдар бар. Осы үзік «Алдаспан» кітабында «бір көшке 

сыймайды»  болып  жазылған.  Дұрысы  –  соңғысы  болар.  Дегенмен 



көше  сөзі  ертедегі  үлгілерде  кездеседі.  Мысалы,  «Қамбар  батыр» 

жырында:


Алтын менен жауһарды 

Әзімбайдың атасы 



Көшесіне шашады, – 

деген  жолдарды  кездестіреміз.  Мұндағы  көше  парсы  тіліндегі  

«1) қаланың (шаһардың) көшесі, орамы, 2) жол» мағынасындағы сөз. 

Демек, жоғарғы жолдарды «Әзімбайдың атасы алтын мен жауһарды 

орданың  (қаланың)  көшесіне  шашты»  деп  те  немесе  «адамдардың 

жүретін жолына шашты» деп те түсінуге болады.



107

Көше  тұлғасы  көшелі  сөз  деген  тіркес  құрамында  да  бар,  бірақ 

бұл көше – алдыңғы көше-ден басқа мәндегі сөз. Бұл жердегі көше 

де – парсы сөзі, ол мұнда «астарлы сөз» деген ауыспалы мағынаны 

білдіреді.  Оны  -лі  жұрнағын  жалғап,  сын  есім  етіп  және  сөз  деген 

сөзді тіркестіріп, мазмұнын сәл өзгертіп («байсалды, мәнді, ақылды 

сөз»)  қолданатынымыз  байқалады.  Тіпті  бара-бара  бұл  ауыспалы 

мағына адамның өзіне қатысты да айтылатын болған: көшелі адам, 

көшелі жігіт.

КҮДЕРІ/КӨДІРЕ. Махамбет ақын бір өлеңінде:

Көдіреден бау тағып, 

Сауыт киер күн қайда? – 

дейді, Осы жолдар ақын шығармаларының 1974 жылғы басылымын-

да  күдеріден  бау  тағып  болып  жазылған.  Енді  бір  кітаптарда  осы 

тіркес  күдіре  бау,  күдіреден  бау  тағып  болып  келеді.  Тіпті  мұның 

көдере  варианты  да  кездеседі.  «XVIII-XIX  ғасырлардағы  қазақ 

ақындарының шығармалары» атты жинақты бастырушылар бұл сөзді 



көдіре деп жазады да, оған «көдіре – төзімді нәрседен жасаған бау» 

деп түсінік береді (XVIII-XIX ғ. ақындары..., 394). Ал, дұрысында, 



күдері  сөзі  «төзімді  нәрсе»  дегенді  емес,  «жұмсақ  иленген  тері» 

дегенді  білдіреді.  Н.И.Ильминскийдің  сөздігінде  күдері  –  иленген 

түйе терісінен жасалған портупея (ал портупея дегеніміз – қару асыну 

үшін иықтан асыра тағып жүретін немесе белге байлап жүретін аспа 

не тартпа бау)». Сірә, бұл сөздің ХІХ ғасырдағы дәл мағынасы осы 

болар, өйткені Ильминский бұл анықтаманы сол кездегі қазақтардан 

ауызба-ауыз сұрап, жазып алған материалдары бойынша беріп отыр.

Бұл сөз қырғыз тілінде де бар: күдөрү – жұмсақ иленген қайыс 

(Юдахин,  458).  Күдері  –  сирек  қолданылатын,  көбінесе  күдеріден 

бау тағу, күдері бау тіркестерінде келетін сөз. Мағынасы ұмыт бола 

бастағандықтан, қате түсіндіріліп, оның үстіне екі-үш (тіпті одап да 

көп) түрлі етіп жазылып жүргені байқалады.

Кудрага  (күдері)  сөзі  монғол  тілінде  де  бар,  қазіргі  беретін 

мағынасы – «шілейке, өмілдірік». Сөйтіп, өткен кезеңдердегі қазақ 

әдебиеті текстерінде кездесетін күдері бау тіркесі «жұмсақ иленген 

теріден  жасалған  бау»,  тіпті  дәлірегі  «түйе  терісінен  иленген  бау» 

деген  мағынаны  білдіреді.  Ертедегі  жырлардың  бірінде  «күдіредей 

бойы созылып» деген сөйлем кездеседі («Шайыр», 1910). Мұнда да 



күдіре – «икемге көнгіш, созылған нәрсе» дегенді білдіреді. Қырғыз 

тілінде  өте  жұмсақ  нәрсені  күдөрүдөй  деп  айту  бар,  тіпті  аяғын 

жұмсақ  басатын  сұлуды  суреттегенде,  күдөрүдей  былқылдап  деп 


108

бейнелеу бар. Бұл жоғарыдағы қазақша күдерідей созылып дегенмен 

әуендес. Екеуінде де күдері (күдөру) сөзі «жұмсақ, иілгіш» (демек, 

«жұмсақ иленген») деген мағынаны қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет