Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҢТҮстік қазақстан облысы бойынша өкілдігі



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата29.01.2017
өлшемі0,52 Mb.
#2987
1   2   3

1.3. Ислам этикасы (ахлақ)

Ислам  этикасы  ізгілік,  адамгершілік  мінез-құлық 

нормалары  мен  ұстанымдарының  жиынтығынан  тұрады. 

Ол  –  мейірімділік,  төзімділік,  ықыластылық,  шыншылдық, 

тазалық,  жомарттық,  бауырмалдық,  кеңпейілдік,  аманатқа 

қиянат  жасамау,  ар-намысты  сақтау,  уәдеде  тұру  сияқты 

көптеген жалпы адамзаттық құндылықтар- ды қамтиды.

ІІ. Ислам, зайырлы мемлекет және зайырлы қоғам

Мемлекет  –  жанымызды,  дүние-мүлкімізді,  дінімізді, 

ар-ождан  мен  қадір-қасиетімізді  ішкі  және  сыртқы 

дұшпандардан қорғайтын жоғарғы саяси институт. Мемлекет 

болмаса  жеке  адам  өзін  дұшпандардан  қорғай  алмайды. 

Анархияға жол беріліп, әділетсіздік орын алады. Ондай кезде 

адам құқығы аяққа тапталады. Мемлекетсіз ұлттың мәртебесі 

сақталмайды.

Зайырлы    мемлекет    ұғымы    «дінсіз    мемлекет»    деген  

түсінікті  білдірмейді.

Кез-келген 

зайырлы 


мемлекетте 

дін 


жоққа 

шығарылмайды.  Керісінше,  мемлекетті  мекен  еткен 

азаматтардың  діни  ұстанымына  еркіндік  беріледі.  Сенім 

бостандығына 

нұқсан 

келтірілмейді. 



Азаматтардың 

таңдауына  сәйкес,  діни  ұстанымдары  заңмен  қорғалады. 

Зайырлы  қоғамда  ұлттар  мен  ұлыстардың  діни  сенімі 

бойынша бөлінуіне жол берілмейді.

Құранда  да  зайырлылықтың  белгісі  көрініс  тапқан. 

«әл-Бақара» сүресінің 256-аятында: «(Пенде баласын) дінге 

мәжбүрлеп кіргізуге рұқсат жоқ...», – деп бұйырылған. Бұл 

аятта  әрбір  адам  баласына  ар-ождан  бостандығы  берілгені 

жайлы баяндалады.

Дініміз мемлекет алдында өтелуге тиіс мына міндеттерді 

орындауға шақырады: салық төлеу, заңдарға құрмет көрсету, 

халықтың  амандығы  үшін  және  бейбіт  (рахат)  өмір  сүруі 

үшін құзіретті органдар бекіткен қағидалар мен ережелерге 

мойынұсыну,  әскер  қатарында  борышын  өтеу,  міндетті 

зайырлы орта білім алу, қоғам мүлкіне аманат ретінде қарау, 


14

адал еңбекпен мемлекетке қызмет ету.

Ислам түрлі ұлт пен дін өкілдерінің тұрағына айналған 

зайырлы қоғамдағы азаматтардың әртүрлі діни сенімдеріне 

құрметпен  қарауға  үндейді  және  мұсылман  қауымын  соған 

тәрбиелейді.  Пайғамбарымыз  Мұхаммед  (оған  Алланың 

салауаты  мен  сәлемі  болсын)  мұсылман  үмбетін  өзге  дін 

өкілдерінің сенімі мен ғибадатханаларына құрмет көрсетуге 

шақырған.

ІІІ. Ислам, Отан және әскери қызмет

Ислам діні Отанды, туған жерді, халықты, мал-мүлікті 

қорғауды  қасиетті  борыш  деп  санайды.  Дін  және  Отан  – 

қасиетті ұғымдар. «Отанды сүю – иманнан»,

 

– деген қанатты 



сөз  туған  жерді  аялауға,  адам  бойында  отансүйгіштік 

сезімдерді оятуға жетелейді.

Хадисте  Алла  Елшісі  (оған  Алланың  салауаты  мен 

сәлемі  болсын):  «Біз  Ухудты  жақсы  көреміз,  Ухуд  та  бізді 

жақсы көреді», – деген. Ислам діні адам баласын туған елдің 

тауы мен тасына дейін жақсы көруге шақырады.

Мемлекет  алдындағы  маңызды  міндетіміздің  бірі  – 

әскери борышымызды өтеу. Әскерге бару – діни әрі ұлттық 

борыш.  Әскер  Отанымызды  ішкі  және  сыртқы  жаулардан 

қорғайды.

Тағы  бір  хадисте:  «Екі  түрлі  көз  ақыретте  тозаққа 

күймейді:  біріншісі  –  күнәсына  өкініш  білдіріп,  оңашада 

егіліп жылаған көз, екіншісі – Отанды қорғап шекара күзеткен 

көз», – делінген. Ислам тек құлшылықтар діні ғана емес, ол 

Отанды қорғап, елді сүюге, адамзатқа адал болуға, қоғамға 

пайдалы іс жасауға тәрбиелейді. Туған жердің тұғырын биік 

ету – адамдық әрі мұсылмандық борыш.

ІV. Ислам және ұлт

Ислам  діні  әрбір  ұлт  өкіліне  құрметпен  қарап, 

адамзатты  ұлтына,  нәсіліне  және  жынысына  бөлмейді. 

Құдай Тағала адамзатты бірін-бірі тануы үшін түрлі ұлттарға 

бөліп  жаратқан.  Бұл  туралы  Құран  Кәрімде:  «Әй,  адам 

баласы!  Шүбәсіз  сендерді  бір  ер,  бір  әйелден  (Адам  ата 

мен  Хауа  анадан)  жараттық.  Сондай-ақ,  бір-біріңді  тану 

үшін ұлттар мен ұлыстарға бөлдік. Расында, Алла алдында 



15

ең  абыройлыларың  –  ең  тақуаларың  (Алладан  шынайы 

түрде қорыққандарың). Алла барлық

 

нәрсені толық білуші, 



барлығынан хабардар» («әл-Хужурат» сүресі, 13-аят), – деп 

баяндалады.

Пайғамбарымыздың  (оған  Алланың  салауаты  мен 

сәлемі болсын) хадисінде:

«Әй, адамдар! Естеріңде болсын! Раббыларың – біреу, 

ешбір араб араб еместен, араб емес арабтан діндарлығынан 

басқа ешбір артықшылығы жоқ. Күмәнсіз Алланың алдында 

ең мәртебелілерің –  діндар болғандарың», –  деп ескертілген.

Ислам  діні  өз  ұлтын  сүюді  құптайды.  Бірақ  шектен 

тыс ұлтшылдыққа жол бермейді. Адамдар қауымдасып өмір 

сүретіндіктен бір-бірімен тату-тәтті, жақсы мәміледе болып, 

бір-бірінің құқықтарына құрметпен қарауы керек.



V. Ислам, дінаралық қарым-қатынас және толер

анттылық

Мұсылмандар тек өз дініндегі бауырларымен ғана емес, 

басқа  дін  өкілдерімен  де  жақсы  қарым-қатынаста  болған. 

Сондықтан,  ойлары  мен  сенімдері  бізден  өзгеше  кісілерге 

толеранттылық танытылады.

Исламда  дінаралық  толеранттылықтың  орны  ерекше. 

Алла  Елшісі  (оған  Алланың  салауаты  мен  сәлемі  болсын) 

Меккеден  Мәдинаға  һижрат  еткеннен  кейін  де  ешбір 

адамды  Ислам  дінін  қабылдауға  мәжбүрлеген  емес.  Өзге 

дін  өкілдерімен  жақсы  мәміледе  болуды  насихаттаған. 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) 

көршілермен  қандай  мәміледе  болу  керектігі  туралы  өз 

хадисінде:

«Егер  көршің  өзге  дін  өкілдерінен  болса,  онда  сенің 

мойныңда  бір  ақысы  бар.  Ол  сенің  көршің  болғаны  үшін. 

Егер көршің мұсылман болса, екі міндетің бар. Ол – бірінші 

көршің,  екінші  мұсылман  болғаны  үшін.  Ал  егер  көршің 

мұсылман-туысқаның болса, үш міндетің бар. Ол – көршің, 

мұсылман  әрі  туысқаның  болғаны  үшін»,

 

-  деген.  Осы 



хадиске  назар  аударсақ,  қоғамда  бізбен  бірге  өмір  сүріп 

жатқан барлық азаматтардың әр нәрседе өз құқықтары бар. 

Ол қандай дінде болсын, онымен жақсы мәміледе болу керек. 

Алла  Елшісі  (оған  Алланың  салауаты  мен  сәлемі  болсын) 



16

өзге  діндегілердің  құқығын  бұзбауды  және  олармен  жақсы 

мәміледе болуды өсиет еткен.

VI. Ислам және салт-дәстүр

Ислам  –  тек  араб  халқына  емес,  жер  жүзінің  барлық 

халықтарына  тұтастай  жіберілген,  Бір  Аллаға  сеніп, 

құлшылық  жасауды  бұйыратын  монотеистік  дін.  Шариғат 

сан  түрлі  халықтардың  ерекшеліктері  мен  қасиеттеріне 

құрмет  көрсетеді.  Ислам  ұлттық  мәдениетті,  ұлттық  әдет-

ғұрыптарды  және  дәстүрлерді  жою,  ұмыттыру  үшін  емес, 

сақтау, дамытуды мақсат етеді.

Халық  ұстанған  дұрыс  әдет-ғұрыптар  Ислам 

заңнамасындағы құқықтық нормалардың бастауларының бірі 

болып саналады. Алла Тағала «Ағраф» сүресінің 199-аятында: 

«Кешірімді  бол,  ғұрыппен  әмір  ет  және  надандардан  теріс 

айнал», – деп бұйырған.

Шариғат  үкімдері  басты  қайнарын  Құран  Кәрім  мен 

Пайғамбар  (оған  Алланың  салауаты  мен  сәлемі  болсын) 

сүннетінен  алғандығы  белгілі.  Аталмыш  мәндегі  ғұрыптар 

фиқһ  ілімінде  тармақты  үкімдерді  белгілеуде  заңды  дәлел 

ретінде  алынады.  Пайғамбар  (оған  Алланың  салауаты  мен 

сәлемі  болсын)  мен  сахабалары  белгілі  бір  мәселеге  үкім 

шығарғанда кейде халық арасында қалыптасқан ғұрыптарға 

да

 

сүйенген.



Фиқһ негіздерін зерттеуші ғұламалар Құран Кәрімдегі 

«Кешірімді  бол,  ғұрыппен  әмір  ет  және  надандардан  теріс 

айнал»  деген  аятты  алға  тартқан.  Сондай-ақ,  Абдулла  ибн 

Масғұдтан (оған Алла разы болсын) жеткен мына риуаятты 

дәлел етеді:

«Мұсылмандар  жақсы  деп  есептеген  нәрсе  Алланың 

алдында  жақсы,  мұсылмандар  жаман  деп  көрген  нәрсе 

Алланың құзырында жаман».



VIІ. Исламның ғылым, білім және тәрбиеге қатысты 

ұстанымы

Білім  алу  –  исламдағы  басты  парыз.  Құран  Кәрімнің 

алғашқы түскен аяты

 

«Оқы!» деген сөзден басталады. Ислам 



Құран  мен  сүннетке  сүйенген  ілімдермен  қатар  зайырлы 

білім алуға да үндейді.



17

Мұсылмандар  мемлекеттің  білім  беру  саласындағы 

заң  талаптарын  орындауды  өздерінің  басты  міндеттерінің 

бірі  деп  біліп,  балаларының  толық  орта  білім  алып,  жан-

жақты  дамып-жетілуіне,  өз  білімін  кәсіби  орта  және 

жоғары оқу орындарында таңдаған мамандықтарына сәйкес 

жалғастыруға  кедергі  келтірмейді.  Діннің  жеке  адам  мен 

қоғамды тәрбиелеудегі рөлін анық түсіне біліп, балаларының 

діни-рухани білім алуына да жағдай жасайды.

Білім алу, сауат ашу – Ислам дінінің ең басты талабы. 

Алла Тағала Құранда: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бола 

ма?»  («әз-Зүмәр»  сүресі,  9-аят),  –  дейді.  Құран  Кәрімнің 

көптеген  аяттарында  білім  жайлы  айтылған.  Алла  Тағала: 

«Білмесеңдер,  ілім  иелерінен  сұраңдар!»,  –  деп  бұйырады 

(«Нахыл»  сүресі,  43  аят).  Пайғамбарымыз  (оған  Алланың 

салауаты  мен  сәлемі  болсын)  өзінің  хадисінде:  «Ілім  алу  – 

әрбір мұсылман ер мен әйел кісіге парыз», – деген.

Исламда отбасы тәрбиесі – аса маңызды игі амалдардың 

бірі. Ұрпақты имандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке баулу 

–  қоғамдық  тәрбие  мәселесіне  оң  ықпал  етеді.  Өйткені, 

қоғамның  негізі  отбасыдан  құралады.  Алла  Елшісі  (оған 

Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Әке 

өз бала-шағасына жақсы тәрбиеден артық ештеңе қалдырмақ 

емес»,  –  деген.  Отбасына  тек  материалдық  тұрғыдан  көңіл 

бөлумен шектелмейді. Отбасының рухани тәлім-тәрбиесіне 

жіті назар аудару

 

– аса маңызды іс. Кіші мемлекет саналған 



отбасының  тәрбиесі,  өмірге  деген  көзқарасы  түзелсе,  онда 

қоғам да түзеледі.



VIIІ. Ислам және медицина

Ислам  дәстүрлі  медицинаны  қолдайды.  Сонымен 

қатар, ислам Құран мен сүннетке қайшы келмейтін емделу 

жолдарын қолдануға шақырады.

Имам  әл-Бухари  мынадай  хадисті  жеткізген: 

«Медицина–аурудан  айығуға  көмектесер  құрал».  Тағы  бір 

хадисте:  «Ауруды  жаратқан  Алла  сол  ауруға  емді  де  қоса 

жаратқан. Әй, Алланың құлдары емделіңдер!», – делінген.

Медицина  ғылымындағы  соңғы  жетістіктер  –  талай 

жылғы  тәжірибенің  арқасы  ғана  емес,  бұл  Алланың  өз 

құлдарына  жасаған  қамқорлығы.  Имам  Муслим  жеткізген 


18

хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі 

болсын):

«Барлық ауруға дәрі бар. Дәрі ауруға дәл келсе, Алла ол 

кісіні айықтырады», – деп аурудан емделуге, дәріні қолдануға 

рұқсат берген.

Құран мен Пайғамбар сүннетінде аурудың алдын алуға 

қатты көңіл бөлген.

Сондықтан,  бүгінгі  күнгі  заманауи  екпелерді  қолдану 

орынды.  Усама  ибн  Зайд  жеткізген  хадисте:  «Қандайда  бір 

жерде  жұқпалы  ауру  тарады  дегенді  естісеңдер,  ол  жаққа 

бармаңдар. Егер оба ауруы сендер тұрған жерде тарай бастаса, 

ол жерден кетпеңдер», – деп баяндалған. Бұл хадисте аурудан 

абай бол және өршітпе деп ескертілген.

Тағы бір хадисте: «Кім таңғы аста әжуаның (құрма түрі) 

жетеуін  жесе,  оны  сол  күні  у  алмайды  әрі  сиқырлық  оған 

өтпейді», – деген. Бұл хадис аурудың алдын алуға шақырады.

IX. Ислам және отбасы

Исламда  некелесу,  отбасын  құру  сүннет  амалына 

жатады.  Неке  мәселесін  шариғат  заңында  (фиқһ)  «әл-

Ахуалуш-шахсия»  отбасы  құқығы  нормативтик  актісі 

реттейді.  Оған  тұрмыс  құру,  ерлі-зайыпты  арасындағы 

қатынасқа байланысты болған бүкіл шариғат үкімдері, жар 

таңдау,  құда  түсу,  неке,  қалың  мал,  әйел  мен  ердің  жеке 

және  ортақ  міндеттері,  үйленуге  тыйым  салынған  туған-

туыстар, тыйым салынған неке түрлері, ажырасу, әйелі мен 

бала-шағасын, жақын туыстарын нәпақамен қамтамасыз ету, 

ұл-қыздарына,  ата-анасына  және  жақындарына  мұрагерлік 

үлесін бөлу үкімдері де жатады.

Қазіргі  қалыптасып  отырған  жағдайды  ескере  келе, 

отбасын  құратын  қыз  бала  ата-анасының  келісімін  алуы 

міндетті.  Сонымен  қатар,  некені  туған-туысқандар,  қоғам 

алдында жария ететін ұзату, үйлену той жасау құпталады.



X.  Құмар  ойындары,  нашақорлық  пен  ішімдікке 

қатысты Исламның ұстанымы

Ислам  діні  адамның  санасын  улайтын,  ақыл-ойын 

аздыратын  нәрселерге  тыйым  салады.  Мұсылманға 

денсаулығын,  ақыл-ойын,  болашақ  ұрпағын  қорғауды 



19

міндеттейді.  Ислам  діні  бар  болмысымен  нашақорлықты 

адамзат  өркениетіне  қауіпті  зұлымдық  деп  есептеп,  жүйелі 

түрде  қарсы  шығады.  Құранда:  «Әй,  мүміндер!  Хамр  (мас 

қылатын  заттар),  құмар  ойындар,  тігілген  тастар  және 

бал  ашатын  оқтар  лас  шайтанның  істерінен.  Олардан 

сақтаныңдар,  құтыласыңдар.  Шындығында  шайтан  хамр, 

құмар  ойындары  арқылы  араларыңа  дұшпан  кегін  салып, 

Алланы  еске  алуды  және  намаз  оқуды  қойғанды  қалайды. 

Ал,  сонда  да  тыйылмайсыңдар  ма?»  («әл-Мәида»  сүресі, 

90,91-аяттар), – делінген.

XI.  ҚМДБ-ның  радикалды,  теріс  пиғылды  және 

жалған діни ағымдарға қатысты ұстанымы

ҚМДБ  Қазақстан  аумағында  жария  түрде  неме  се 

астыртын жұмыс істейтін әр түрлі радикалды, теріс пиғылды, 

жалған  діни  де  структивті  ағымдардың  ұстанымдарымен 

келіспейді.    Ел    мұсылмандарының    бірлігі  үшін  ықылым 

замандардан бері қазақ халқының діліне сіңісті болған Ханафи 

мәзһабын  ұстануға  шақырады.  Танымдық  мәселелерде 

Матуриди  мектебінің  ұстанымдары  негізінде  қалыптасқан 

таным тұғырын ұстануға үндейді.

XІI. Ислам және жиһад

«Жиһад»  сөзі  араб  тілінде  тілдік  тұрғыдан  алғанда 

белгілі бір нәтижеге, мақсатқа жету үшін яки бір істі істеу 

үшін  бар  қажыр-қайратың  мен  ынта-жігеріңді  жұмсау, 

тырысу,  күресу  деген  мағыналарды  білдіреді.  Ал,  бұл 

сөзді  ислам  дінімен  байланыстырып,  діни  сенім-наным 

тұрғысынан алғанда, жиһад адамға Алла Тағаланы тану үшін 

жол ашу дегенді білдіреді. Жаратушыны тануға сауатсыздық, 

кедейшілік,  ерік-ойға,  санаға  жасалған  шектеулер  кедергі 

келтірсе, солармен күресу үшін атқарылатын барлық іс-шара 

жиһад болып есептеледі. Алла разылығы үшін істелген әрбір 

іс-әрекет «жиһад» болып саналады.

«Жиһад» сөзі мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран 

Кәрімде отыз бес рет әр сүреде әртүрлі мағынада айтылады. 

Осы  аяттардың  төртеуі  ғана  қолға  қару-жарақ  алып,  дін 

дұшпандарына  қарсы  тікелей  соғысу  мағынасында  келген. 

Ал, қалған аяттарда басқа мағыналарда қолданылған. Қарулы 


20

жиһад тек қорғаныс мақсатында жүргізіледі.

Жиһад – мұсылманның өз нәпсісімен үздіксіз күресі, ең 

әуелі өзін-өзі  түзетуі. Ішкі дүниені,  жүректі тазарту. Пенде 

өз  болмысын  қызғаншақтық,  қанағатсыздық,  сабырсыздық, 

жалқаулық,  тәкаппарлық  секілді  күллі  теріс  қылықтардан 

арылтып, олардың орнын көркем қасиеттермен толықтыруы 

керек.


Хазіреті Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты 

мен  сәлемі  болсын)  бірде  Тәбук  ғазауатынан  шаршап-

шалдығып  келе  жатқан  сахабаларына:  «Біз  қазір  кіші 

жиһадтан үлкен жиһадқа қайттық», – деген кезде, сахабалары: 

«Уа, Расулулла,

 

«үлкен жиһад» деген не?», – деп таңданып, 



сауал қояды. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі 

болсын): «Ол – өз нәпсіңмен күрес», – деп қысқа да нұсқа 

жауап қайырады.

Осы  мағынадағы  жиһад  адамды  ар  тазалығына,  жан 

тазалығына,  жан  тәрбиесіне,  рухани-өнегелік  тәрбиеге 

жетелейді.



XIІІ. Ислам және біртұтас үмбет түсінігі

Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасы  Қазақстан  

Республикасының

 

«Діни  қызмет  және  діни  бірлестіктер 



туралы»  Заңын  және  басқа  да  қолданыстағы  нормативтік 

құқықтық  актілерді  басшылыққа  алады.  Сонымен  қатар, 

қазақ  халқының  сан  ғасырлардан  бері  қалыптасқан  діни 

дәстүрлері мен ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс 

жүргізеді.

ҚМДБ  өз  жұмысын  жергілікті  жерде  қалыптасқан 

мұсылмандық дәстүрлерінің негізінде жүргізіп, «Діни қызмет 

және  діни  бірлестіктер  туралы»  Заңында  көрсетілгендей, 

Әбу Ханифа мәзһабының бағытына, ал діни сенім мәселесі 

бойынша Матуридидің танымдық мектебіне толық басымдық 

береді.

Тарихта  мұсылмандар  бірліктің  арқасында  ірі-ірі 



табыстарға қол жеткізген. Мұсылмандардың бірлігі бұзылып, 

бөліну  орын  алғанда,  түрлі  қиындықтарға  тап  болып,  өзге 

саяси күштердің отарына айналған.

Бірлік – қуаттың, күштің көзі, ал бөліну мен алауыздық 

әлсіздікке  жол  береді.  Біздің  міндетіміз  –  мұсылмандар 


21

арасындағы бірлікті сақтау, жік-жікке бөлінуге жол бермеу. 

Құранда:  «Барлығың  Алланың  дініне  жармасыңдар, 

бөлінбеңдер», – делінген («Әли Имран» сүресі, 103-аят).

Ислам – бейбітшілік, зиялылық, имандылық, шапағат, 

қайырым, мейірім діні. Ол тек арабтарға немесе белгілі бір 

ру, тайпа, ұлт, нәсілге емес, бүкіл адамзатқа жіберілген. Олар 

ынтымақта болсын, бірін-бірі танысын, достықта өмір сүрсін 

деп түсірілген.

Дін – бүкіл әлемде адамдардың рухани дүниетанымын 

байыта отырып, жер бетіндегі адамзат қауымының өмір сүру 

игілігіне  өз  үлесін  қосатын  қуатты  күш.  Сондықтан,  сол 

күшті  адамдар  арасындағы  достық  пен  ынтымақтастыққа 

және мемлекетіміздің дамуына жұмсау қажет. Соның ішінде 

өзара  келісім  мен  жарасымдылыққа  Ислам  дінінің  қосар 

үлесі өлшеусіз.

Қазақстан  әлем  алдында  досқа  қамқор,  дұшпанға 

кешірімді,  көршілерге  мейірімді  ел  екендігін  дәлелдеп 

келеді.  Дана  халқымыз:  «Бірлік  бар  жерде  тірлік  бар»,  -

 

дейді.  Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасының  осы 



тұғырнамасы  еліміздегі  мұсылман  үмбетінің  түрлі  діни 

пікіралуандығына  байланысты  бөлінуіне  жол  бермеуді 

мақсат етеді. Мешіт жамағатының Құран Кәрім мен хазіреті 

Мұхаммед  пайғамбар  (Оған  Алланың  салауаты  мен  сәлемі 

болсын)  көрсеткен  дұрыс  жолдан  таймауына,  мәзһаб  пен 

сенімге (ақидаға) байланысты жік-жікке бөлінбеуіне, Ислам 

дінінің  бейбітшілік  пен  бірлікке  шақырған  тура  жолымен 

жүруге Тұғырнаманың ықпалы болады деген сенімдеміз.



22

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ 

БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИМАМДАР ФОРУМЫНДА

Қ А Б Ы Л Д А Н Д Ы

МҰСЫЛМАННЫҢ 

ТҰЛҒАЛЫҚ БЕЙНЕСІ

тәлім

23

ШЫНАЙЫ МҰСЫЛМАННЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ 

БЕЙНЕСІ

Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын. 

Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзат- 

тың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына 

салауат пен сәлем болғай!

Қазіргі  таңда  тұрғындардың,  әсіресе  жастардың 

арасында  исламға  деген  қызуғышылық  артуда.  Бұл  – 

қуантарлық  жайт.  Алайда,  кейбір  мұсылмандар  бір  ісін 

ұқыптылықпен атқарса, екіншісіне немқұрайлық танытуда.

Шынайы  мұсылманның  өмірі  мен  мінез-құлқы 

үйлесімділікке  толы,  имандылыққа,  адамгершіліктің  биік 

шыңына  негізделеді.  Қоғамымызда  соған  себеп  болатын 

мұсылманның  сапасын  арттыратын  әрі  дұрыс  жолмен 

жүруге  бағыт-бағдар  беретін,  шынайы  мүміннің  келбетін 

бейнелейтін көптеген сипаттар бар.

Атап  айтатын  болсақ,  шынайы  мұсылман  –  дін 

талаптарына бекем, жүрегі таза, рухани асқақ, биік тұлға. Ол 

өзінің дініне деген ыждағаттылық білдіруімен, ықыласымен, 

ыстық  махаббатымен  ерекшеленеді.  Бүгінгі  қазақстандық 

мұсылмандар осы сипаттармен қатар шынайы мұсылманның 

төмендегі сипаттарын да үлгі ретінде ұстануы абзал болмақ.

1. Дұрыс сенімде болу. Мұсылманның негізгі сенімі

 

– 



Алланың бар және бір екендігіне, періштелеріне, кітаптарына, 

пайғамбарларына, ақырет күніне және тағдырдың жақсылығы 

мен жамандығы Алла тарапынан екеніне илану. Алла барлық 

кемшіліктерден,  жаратылыстың  сипаттарынан  пәк.  Алла 

Тағала естуші, көруші, құдіретті, мұңсыз, білуші, әуелден бар 

болған, мәңгі, затында, ісінде, сипатында серігі жоқ, ешбір 

жаратылғандарға ұқсамайды деген сенімде болуы қажет.

2.  Білім  алу.  Сүннетке  сәйкес,  ғылым,  даналық  – 

мұсылманның жоғалтқаны, оны қайдан болса да табу қажет. 

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) 

өзінің бір хадисінде: «Білімді талап ету әрбір мұсылманға 



24

парыз»,

1

 – деген. Бұл хадис шариғи һәм зайырлы білім алуды 

әрбір ер мен әйелге бірдей парыз екенін білдіреді. Сол үшін 

де  шынайы  мұсылман  өмірінде  діни  білімнің  де,  зайырлы 

білімнің  де  алатын  орны  ерекше.  Тек  діни  білім  алу  парыз, 

ал  зайырлы  білім  маңызды  емес  деген  қате  түсінік.  Себебі, 

бізден бұрын өткен мұсылман ғалымдары білімнің алуан түрлі 

салаларын  меңгерген.  Қазіргі  таңда  озық  мұсылманға  діни 

білім  мен  зайырлы  білімді  ұштастырса,  алынбайтын  қамал, 

бағындырмайтын  белес  жоқ  және  адал  жолмен  ризығын 

табуына, ғибадатының кемшіліксіз орындалуына жол ашады.



3.  Отансүйгіштік.  «Отанды  сүю  –  иманнан»  деген 

қанатты сөз бар. Дінімізде отаншылдық шынайы мұсылманға 

тән қасиет. Ибн Аббастан (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі 

(Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):



«Сен  мен  үшін  сондай  қымбатсың,  сүйіктісің. 

Егер  де  тұрғындарың  сенен  шығармағанда,  сенен  басқа 

жерде тұрақтамас едім», – деп, Мекке қаласына айрықша 

ықыласпен қараған.

Мұсылманның тұрғылықты жерінде шекарасы

 

белгілі, 



сыртқы  жаудан  аман,  мал-мүлік,  ар-намыс  пен  ар-ождан 

бостандығы  қамтамасыз  етілген  ел  оның  отаны  болып 

саналады. Мұндай жерде тұрып жатқан мұсылман баласына 

сыртқы  және  ішкі  жаулардан  отанын  қорғау  парыз  болып 

табылады. Алла жолында, Отан үшін соғыста жүріп дүниеден 

өткен  адамды  шаһид  деп  атайды.  Алланың  Елшісі  (Оған 

Алланың салауаты мен сәлемі болсын):



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет