Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


pkey  нөлдік емес мəн қабылдаса, онда  if



Pdf көрінісі
бет202/642
Дата30.03.2022
өлшемі3,66 Mb.
#29231
түріПрограмма
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   642
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

pkey

 нөлдік емес мəн қабылдаса, онда



 if

 

операторындағы шарт ақиқат болады (ондай элемент бар), басқару 2 операторға 



беріледі, əйтпесе 

false

 мəнді функциядан қайту орындалады (6 оператор).

Элемент тізімнің басында, соңында немесе ортасында орналасқанына 

байланысты оны тізімнен өшіру əртүрлі болып орындалады. 2 операторға 

өшірілетін элементтің тізім басында орналасу шарты тексеріледі, жауап оң бол-

са, онда 



pbeg

 атты тізім басына нұсқауыш алғашқы элементтің



 next

  өрісінде 

адресі орналасқан тізімнің келесі элементіне нұсқайтындай етіп өзгертілуі ке-

рек. Тізімнің жаңа бастапқы элементінің өзінен бұрын орналасқан элементке 

нұсқау өрісіне 0 мəні берілуі керек. 



128

Егер өшірілетін элемент тізім соңында орналасса (3 оператор), онда 



pend

 тізім соңы нұсқауышын соңғы элементтен бұрын орналасқан элемент-

ке ауыстыру керек, оның адресі соңғы элементтің 

prev

 өрісінде жазылған. 

Жаңа соңғы элемент үшін келесі элементке нұсқауыш мəнін нөлге теңестіру 

қажет. Егер өшіру тізім ортасынан орындалса, онда осы элементтен бұрын 

жəне одан кейін орналасқан элементтер арасында қосбағытты байланыс ор-

нату жеткілікті. Нұсқауыштарды түзеткеннен кейін элементке бөлінген жады 

босатылады жəне функция

 true 

мəнін қайтарады.

Тізімге элементті кірістіру функциясының жұмысы 3.2-суретте көрсетілген. 

Бағыттауыш сызықтардың жанындағы нөмірлер түсініктемелердегі  оператор-

лар нөмірлеріне сəйкес келеді.  

Байланысқан тізімді сұрыптау элементтер арасындағы байланыстарды 

өзгертумен сипатталады. Алгоритмнің барысы: бастапқы тізім қаралып, оның 

əрбір элементі жаңа тізімде өз кілтінің мəні бойынша анықталатын орынға 

кірістіріледі.

3.2-сурет.

 Тiзiмге элементтi кірістіру

Төменде реттелген тізімді қалыптастыру функциясы келтірілген 

(алғашқы элемент бар деп есептеледі):





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   642




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет