Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет263/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   265
Байланысты:
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы

алыстық. Ақырында қан-жоса етiп, таяқтап тастадым. Екi күннен 

соң Алпыстың ортағын ұрғаны және қызды зорлап алып кеткенi 

үшiн он жылқы айып төлеп, бiзден әзер құтылды.

— Сiздi Қажымұқанмен белдестi дей ме?..

— Қырық алтыншы жылы Қаратауда жүргенiмде Қажымұқан 

Шаянға келiп, өнер көрсетедi екен дегендi есiтiп, арнайы iздеп 

бардым.  Жарықтық,  жетпiс  беске  келсе  де,  тұғырдан  таймаған 

саңлақ  екен.  Менi  белдесуге  шақырды.  Жарты  сағаттай  бiр-

бiрiмiздi  ырғасып  тұрдық.  Ол  айтты:  “Әттең-ай,  жас  кезiңде 

маған  неге  кездеспедiң?  Мен  сенi  өзiмнен  күштi  балуан  етер 

едiм-ау”,  —  деп.

Екi күн бiрге болдық. Менiң тау-тас кезген сергелдең өмiрiмдi 

есiтiп, құдды бiр туған әкемдей қатты торықты. “Мен өмiр бойы 

өзiммен  күшi  теңдес  келетiн  қазақ  жiгiтiн  iздеп  таппап  едiм. 

Сондай  жiгiт  —  сен,  тау-тас  кезiп,  башмашылармен  айқасып 

жүрiпсiң-ау. Әттең-ай, әттең, екiнiң бiрiне қона бермейтiн бұла 

қара күш өзiңдi тапқан-ақ екен-ау. Бiрақ, қап, соны балуандыққа 

жұмсағаныңда ғой”, — деп күрсiндi. 

— Қанша рет ажалдан қалдыңыз?

— Ой, менi өлтiрем деушiлер көп болды. Мана сен айтқандай, 

үнемi  бiр  әруақтың  арқасында  аман  қалып  жүрдiм.  Саған  бiр 

құпиямды айтайын. Бұрындары басыма аса қатерлi қауiп төнген 

кезде көзiме көрiнетiн ақбоз атты, қара киiмдi шал бiр көрiнетiн. 

Сол көрiнсе болды, ылғи жеңiске жететiнмiн. Көрiнбегенiне талай 

жыл өтiп едi... Бағана осында келе жатқанымда, ол маған тағы 

да көрiндi. Сонау Қазы-ғұрттың басынан ұшып шықты да, тура 

қарсы алдыма келiп, бiраз тұрды. Сосын аспанға тiк көтерiлiп, 

тым  биiкке  самғап  кеттi.  Соның  кiм  екенiн  күнi  бүгiнге  дейiн 

түсiне  алмадым.  Бүгiн  көрiнгенде  көңiлiм  бiрден  пәс  тартты. 

Содан әлi серпiле алмай отырмын. 

Оның көңiлiн басқа нәрсеге аударайын деген оймен тағы сұрақ 

қойдым:

—  Тәшкендегi  шайханада  молданы  сойғаныңызды  айтып 

берiңiзшi. 

—  Ол  мақтаныш  ететiн  әңгiме  емес.  Менде  бiр  үлкен  күнә 

болса, сол iсiм маңдайыма аса үлкен күнә болып жазылып қалған 



547

Сүлеймен қарақшы

шығар. Ол дәйiстi өлтiрем деп өлтiрдi дейсiң бе. Өзiнен болды. 

Отыз  сегiзiншi  жылы,  яки  тура  қырық  жасқа  толған  шағымда 

Қоңырбөрiктен он жетi жасар қыз алдым. Арада үш ай өткенде 

Жайқынбайдың  Құлтаны  колхоздан  ұрланған  малдарды  менен 

көрiп,  жаламен  үш  жылға  соттатып  жiбердi.  Сотталып  бара 

жатып Құлтанға айттым: “Үш жыл емес, мен үш-ақ ай отырамын. 

Келген күнi сенiң басыңды аламын”, —  дедiм. Алатын едiм. Егер 

сол  молданың  қылығы  болмағанда...

— Сөзiңiздi бөлейiн, Сүке. Сiз қанша рет сотталсаңыз да 

және қанша жылға кесiлсеңiз де, үш айдан артық отырмағанға 

ұқсайсыз. Осының сыры неде? 

—  Бұл  да  хақиқат  нәрсе.  Әйтеуiр  бiр  амалын  тауып  шығып 

кететiнмiн.  Оның  үстiне  артымда  менi  жоқтайтын  адамдарым 

көп  едi.  Түрме  бастықтарының  бәрi  ақшаға  сатылатын.

— Ендi жаңағы әңгiмеңiздi жалғастырсаңыз.

—  Содан  айтқанымдай,  үш  айдан  кейiн  ауылға  оралдым. 

Келсем,  жас  қатыным  жоқ.  Ауылда  сол  кезде  Тәшкен  жақтан 

келген бiр сарт молда имамдық жасап жүретiн. Сол молда мен 

түрмеге кеткен соң әйелiмдi: “Байың ендi келмейдi. Өкiмет оны 

атып  тастайды.  Сен  жас  кезiңде  теңiңдi  тауып  ал”  деп  әбден 

айналдырып,  қапалдағы  қатыны  өлген  бiреуге  бiр  бұзаулы 

сиырға  сатып  жiберiптi.  Молда  айтқан  соң  жазғанда  шара  бар 

ма?  Айтқанына  көнiп,  кете  барған  ғой. 

Ол кәззәп, молданы айтам да, ауылға келе жатқанымды есiтiп, 

үйi  мен  бала-шағаларын  тастай  сап,  қашып  кетiптi.  Жаңағы 

оқиғаны ағайындардан естiген мен, қапалдағы қатынымды iздеп 

бардым.  Байы  да,  өзi  де  қорыққандарынан  сөйлеуге  тiлдерi 

шықпай,  отырып  қалды.  Мен  хақиқатты  бiлген  соң  оларға 

жақсылық тiледiм де, әлгi молданы iздеуге шықтым. Ой, сондағы 

ашуланғанымды көрсең. Ондай кезде менi ешкiм ұстай алмайды. 

Содан  молданың  соңынан  Тәшкен  бардым.  Танитындардан 

сұрастырып  жүрiп,  оның  Хожентке  кеткенiн  есiттiм.  Хожентке 

барсам, ол Ошқа қашыпты. Найсап, өзiн iздеп келе жатқанымды 

күнi  бұрын  бiлiп  қоя  ма,  қай  жерге  барсам  да,  орнын  сипап 

қаламын. 




548



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет