Вольдорф педагогикасы. Р.Штайнер өзінің мектебіне антропософияны
енгізді. Ол адамның танымға деген қабілетін дамыту арқылы адамды
жетілдіруге болады дейтін философиялық ілім. Антропософияда идеолизм
мен хрестиандықтың элементтері бар. Вольдорф педагогикасындағы бала-
мәні бар рухани нәрсе. Бұл вольдорф педагогикасы «еркін тәрбиелеу», ізгілік
педагогикасы идеяларын ұстанады. Вольдорф педагогикасының негізгі
ережелері:
- еркін тәрбиелеу мен оқыту, еркіндік-тәрбиенің құралы болу;
- табиғаттың басымдылығы яғни адамның мінез-құлқының жаратылысына
байланыстылығы;
- тәрбие мен оқу балаға бейімделеді;
- бала өзі оқу процесінде адамзаттың даму тарихын жүріп өтеді;
- оқыту мен тәрбие бір-бірінен бөлінбейді;
- денсаулық экология, денсаулықты пір тұтуы;
- шығармашылықты, шығармашыл тұлғаны пір тұтуы;
- өнер арқылы жеке тұлғаны дамытуы;
- педагог пен оқушылардың біртұтас өмірі.
Вольдорфтық педагогиканың ерекшелігі, ең бастысы баланың денсаулығына,
мұғалім- ата-ана көңіл бөлу, өзіндік басқаруына көңіл бөледі.
- білім беру интеллектуалды, эстетикалық еңбек аспектілерінің үйлесуіне
негізделеді;
- қосымша ағарту ісі кеңінен жүргізіледі (театр, музей);
- міндетті түрде өнердің оқытылуы маңызды орын алады;
- оқу жоспарында еңбек тәрбиесіне үлкен орын берді.
Ресейде қазір де «Мәскеу еркін Вольдорф» мектебі бар, онда директор, оқу
ісінің меңгерушісі, т.б. басқа мектептегідей әкімшілік жоқ. Жұмысты балалар,
ата-аналар, мұғалімдерден сайланған комиссия басқарады. Жұмыс сыныптан
тыс, сыныптағы деп бөлінбейді. Негізгі сабақтан соң бірінші сыныптан
бастап көркем өнер, музыка, тіл, қол өнер және вольдорф мектебіне тән
пәндер: формаларды бейнелеу, графика, күрделі оюды салу, өрнек салу
41
жүргізіледі. Программасында ауыл шаруашылығы циклы, ағаш үй салу,
жоғарғы сыныптарда темірмен жұмыс жасау бар. Барлық балалар ісі және
кесте тігуді үйретеді. Бұл педагогиканың негізінде И.Гете түрлену
(метаморфоза) ойлары жатыр. Мысалы, тұқымға өсімдіктің барлық өмірі
жинақталған. Тұқым жерге егілсе, уақыт өте келе оның алғашқы
жапырақтары қылаң ата бастайды. Одан кейін өсімдік бұтақтары бой алып,
жаңа тұқымда тұрақталып болғанша, жапырағы жайыла береді. Тәрбиеші
мен мұғалімнің міндеті–баланың бойындағы осы түрленулерді бақылап,
олардың жүруіне қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Вальдорфтық
педагогтар адамның бойындағы жасырын табиғи нышандарын «ояту өнерін»
өздерінің міндеті санайды. Вальдорфтық педагогика адам еркіне тікелей әсер
етуге тыйым салады; адамның еркі дұрыс ойластырылған қосалқы әсерлердің
нәтижесінде ғана дұрыс жетіледі. Оны жүзеге асырудағы жалпы ұстаным–
адамға әуелі көркем, сезім және рухани түрде әсер ету, содан кейін ғана–ой-
өрістік (зияткерлік) әсер ету болып табылады.
Вальдорф жүйесінің ерекшеліктері төмендегідей:
- балаларды заттарды түстік және бейнелік басынан өткеру арқылы
оқыту әдісін пайдалану;
- нысандарды жаны бар зат ретінде оқу–сезіммен қабылдау және
физикалық түйсік арқылы олардың түп негізін түсіну;
- оқытудың бастапқы кезеңі–құбылысты бойдан өткізу, одан кейін
бақылау, эксперимент және үлгіні жасау. Мысалы, атомдар мен
молекулалар ұғымдары тақырыпты қарастыруды бастағанда емес, тек
соңында енгізіледі;
- баланың өмірлік биологиялық үрдістерін ескеру, қарама-қарсы іс-
әрекет түрлерін кезектестіріп отыру: «сабақ тынысы», «күн тынысы»;
- табиғилық және шаблондардан бас тарту (мысалы, 14 жасқа дейінгі
балалар түзулерді сызғышсыз сызады).
Әлем елдерінде мектепке дейінгі білім беру ісінде балаларды
жалпыадамзаттық құндылықтар рухында тәрбиелеуді ұйымдастыру да едәуір
бай тәжірибелер жинақталған. Сәбидің өмір дағдыларын қалыптастыра
отырып шығармашылық қуат мүмкіндіктерін ізгілік тұрғыдан ашуға,
дамытуға алдағы уақыттарда өзін-өзі танытуына негіз қалыптастыруға
басымдық беріледі.
Батыс Еуропа мен Ресейде Х!Х ғасырдың басында жаңа типті
балабақшалар жұмыс жасай бастады. Ол 1866 жылы Санкт Петербургте
«Арзан пәтер қоғамы» қайырымдылық қоры жанынан күнкөрісі төмен
адамдарға арналған ақысыз «халықтық балабақша» ашылды. Сол жылы
А.С.Симонович интелегенция өкілдерінің балаларына арналған ақылы жеке
меншік балабақша ашты. Ресейде Х!Х ғасырдың басында осындай
балабақшалар: ақылы, ақысыз, алаңдар мен приюттар, жетім балаларға
арналған мекемелер көптеп ашыла бастады. Осы жылдары А.Симоновичтің
басқаруымен мектепке дейінгі тәрбиенің әдістемесін, оқытудың формалары
мен тиімді әдіс тәсілдерін тұрақты түрде жариялайтын алғашқы «Детсий
сад» журналы жарық көрді. Аталған журналдың мәртебесі өте жоғары болды,
42
оған К.Д.Ушинский өзінің еңбектерін жазып мектепке дейінгі тәрбиеге
атсалысты. Ол балаларды патриотизм, халықтың ең жақсы бейнесі ретінде
ана тіліне сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеуге, адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыруға, еңбекті құрметтеуге тәрбиелеуге ерекше мән берді. 1871 ж
Санкт Петербург қоғамы алғашқы мектепке дейінгі тәрбиеге ықпал етті.
Қоғам отбасындағы, балабақшадағы мектепке дейінгі тәрбиемен айналыстын
әйелдер мен тәрбиешілерге арналған курстар ұйымдастырып, мектепке
дейінгі тәрбиеге арналған дәрістер оқыды. 1914 жылдары бірнеше ондаған
балабақшалар жұмыс жасады. 1913-1917 жылдары Санкт Петербург
қоғамының Вице-президенті ресейдің белгілі педагог-ғалымы Е.И.Тихеева
мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім берудің дидактикасы мен
әдістемелік негіздерінің мәселелерімен айналысып, 1928 жылға дейін
басшылық жасады. Е.И.Тихеева жасаған дидактикалық материалдар жүйесі,
балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруге баса көңіл бөлді.
Ол баланың тілін дамыту әдістемесіне талдау жасады және тәрбиешінің жеке
басына жоғары талаптар қойды. Ресейде 1917 жылы 20 қарашада
«Декларация по дошкольному вопитанию» атты құжат қабылданды. Бұл
құжатта кеңестік дәуірдегі мектепке дейінгі тәрбиенің принциптері
айқындалған. 1919 ж «Программа работы детского сада», 1938 «Устав
детского сада», «Руководство для воспитателей детского сада» деп аталатын
құжаттарда мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттерін, құрылымын,
қалыптасу ерекшеліктерін және балалармен жүргізілетін жұмыстардың
әдістемелік мүмкіндіктерін қарастырған. Бұл еңбектер кеңестік дәуірдегі
мектепке дейінгі білім мазмұнын айқындайтын мемлекеттік құжаттар
болуымен құнды. Ресейдегі мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру 2-7 жасқа
дейінгі балалардың интеллектуалдық, жеке тұлғалық және физикалық
дамуын қамтамасыз етуді көздейді. Мектепке дейінгі ұйымдарда сәбилер
тобынан бастап мектепалды топтарында білім беру, балаларға қосымша білім
беру (баланы ерте жастан дамыту орталықтары мен бірлестіктері) және
отбасындағы тәрбие түрінде жүзеге асырылады.
Әлемдік тәжірибедегі білім беруді ұйымдастыру әр алуан болумен бірге
ортақ үрдістер байқалады. Олардың негізгілері мектепке дейінгі ұйыммен
қамтылуға тиіс балалардың жас мөлшері; жас мөлшеріне сай мектепке
дейінгі ұйымдардың типтері; білім беру тұжырымдамалары мен
бағдарламаларындағы және білім мазмұнындағы мақсат-міндеттер, олардың
құрылымдық ерекшеліктері; балаға білім беру, тәрбие берудің (сабақтың)
формалары; жабдықтары, тәрбиелеу әдістері; мамандар мен ата-аналардың
ролі. Сонымен қатар, қазіргі шетелдік мектепке дейінгі педагогикадағы
тенденция деңгейінде жаңа көкейкесті мәселелерге назар аударылуда,
оларды
шешуде
түрлі
бағыттағы
мектепке
дейінгі
ұйымдар
ұйымдастырылуда. Солардың бірі-Орталық Еуропа елдерінде пайда болған
экологиялық балабақшалар. Қоршаған ортаны қорғау қажеттігі, салауатты
өмірге ұмтылушылық, табиғатқа сүйіспеншілікті арттыру сияқты
себепттерден олардың саны көбеюде. Экологиялық балабақшаларда гүл
өсіру, жеміс, бақша өсіру қолға алынған. Балалар олардың өсуін өз
43
қамқорлықтарына алып, өсу, даму барысына бақылау жүргізеді. Бөлме
өсімдіктерін күтіп зерттейді, табиғи тәсілдермен өсімдік зиянкестерімен
күреседі. Олардағы ойыншықтардың едәуір құрамын табиғи заттар құрайды:
ағаш ойыншықтар, емен жаңғақтары, ұлу ұялары, түрлі әсем тастар, құм, қой
жүні т.б. Жиһаздардың да тек жасалуы қадағаланады. Пайдаланылатын
желімді, бояуларды балалар өздері дайындайды. Мұнда тиісті шараларға,
мерекелерге арнап нан пісіру, тамақ дайындау ата-аналар және балалардың
қатысуымен іске асырылады. Балабақшаның алаңында түрлі табиғи
жабдықтар жасалады. Экологиялық балабақшада экологиялық көзқарасты
қалыптастыру бағ-дарлама негізіне алынады. Экологиялық сабақтарға,
әңгімелерге,
ойындарға,
іс-әрекеттерге
жеткілікті
орын
беріледі.
Экологиялық бағытта орман балабақшалары да құрылады (Дания). Мұнда
табиғатты қорғау, табиғатқа сүйіспеншілік сезімдері оқу-тәрбие орман
жағдайында ұйымдастыру арқылы жүзеге асады, әр баланың денсаулығын
нығайту көзделеді. Әртопта 15 баладан орман ішінде жылжымалы
вагондарда жұмыс істейтін орман балабақшаларында балалар күні бойы
демалады, ойнайды, орман өсімдіктерін, жан-жануарларды бақылайды,
денешынықтырады, ормандағы табиғи материалдардан ойыншықтар
жасайды, орман бұтақтарын тамашалайды, ұйымдасып әңгіме тыңдайды
(орманшыларды, тәрбиешілерді, ата-аналарды) кітап оқиды. Әр баланың арқа
қоржынында өзінің сүйікті ойыншығы және тамағы болады. Күн сайын жаңа
алаңда тамақтанады. Тамақ қалдықтарын жинап, үйлеріне алып кетеді.
Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Оңтүстік Корея т.б. елдердегі
мектепке дейінгі білім мекемелерінде экологиялық тәрбие бағдарламаларда
жетекші мән алған. Олар тек табиғатқа сүйіспеншілік сезімін баулумен
шектелмейді Ең алдымен күнделікті тұрмыста дұрыс мінез танытуға үйретеді,
атап айтқанда жер, су, ауа, энергия, өсімдік және жануарлар сияқты табиғи
қорларды дұрыс сақтауға балаларды бағыттап отырады. Мектепке дейінгі
балалар мекемелерінде экологиялық тәрбиеге жаңа тұрғыдан келу
төмендегідей мазмұнды құрайды: тұрмыстық қалдықтар, қашан және қайда
пайда болады, қалдықтарды түрлеріне қарай жеке-жеке айыру, әр түріне
қарай, қалдықтар көп қалатын жерлерді қадағалау; қалдықтарды мейілінше
болдырмау жолдары, үй тұрмысында өз әрекетінде қалдықсыз өмір сүруге,
үнемшілдікке, қырағылыққа үйрену; экологиялық теориялық түсініктер
алумен бірге экологиялық шараларға, жұмыстарға мүмкіндігінше қатысып,
тәжірибе алу. Бірқатар елдердің мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу
жүйесін талдау мәдениетінің айырмашылығы, педагогикалық ғылым мен
тәжірибесінің дамуының өзіндік жолдарына қарамастан, түрлі елдердің
мектепке дейінгі білім жүйесіне дамудың жалпы беталысы тән:
- оқыту мен тәрбиелеуде өктемділікке қарсылық, жоғары дәрежедегі
жауапкершілік, кәсібилік және зорламау. Бағдарламалардың көпшілігіне
дамытушылық пәндік-кеңістік және әлеуметтік орта құруға бағдарлық тән.
Бағдарламалар оқу курстарын ұйымдастырудағы кіріктіру сипатымен
ерекшеленеді (жеке пәндер бойынша сабақтар өткізуден бас тарту).
44
Тәрбиешінің жұмыс формалары мен әдістері икемділікпен сипатталады.
Шағын топтар құру немесе жеке жұмыстар ұйымдастыру таңдап алынады.
- оқу үрдісінде қатаң жоспарлаудан бас тарту байқалады.
- Тәрбиешілер баланы қоршаған ортамен шаттықпен танысуға, жаңалықтар
ашуға, барынша өз бетінше болуға, білімге құмарлығын көрсетуге, өзін-өзі
көрсете алуға ынталандыратын ахуал жасайды, балалар бақшасының
қызметкерлеріне өз жұмысының тұжырымдамасын жасауға мүмкіндік
беріледі. Шетелдердегі мектепке дейінгі тәрбиені саралай келе, төменде
білім берудегі күтілетін нәтижелерге сипаттама жасаймыз.
Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техникада оның басқару жүйесі де
өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып,
жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктер
қажеттігі туындайды. Мұндай бетбұрыстар адамның іс-әрекетін өзгертіп қана
қоймай оның жеке тұлға ретінде жаңаша қалыптасуын талап етеді. Осымен
байланысты жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен білім беруде
адамның игерген білім, біліктілігін, өз бетімен әрекет жасау мүмкіндігін, өз
пәніне қызғушылығын, ғылыми көзқарасын, кәсіби мәдениетін, педагогтік
шеберлігін шыңдай түсуге ықпал ету керек. Шет елдердегі мектепке дейінгі
білім мазмұны бойынша күтілетін салыстырмалы нәтижелерін төмендегі
кестеде көрсеттік.
Кесте -3. Шет елдердегі мектепке дейінгі білім мазмұнының
Достарыңызбен бөлісу: |