технологияларды пайдалану мүмкіндіктері
3.1 Білім беру мазмұнын жаңартуда инновациялық технологияларды
пайдалану арқылы тәрбиешілердің шығармашылығын дамыту
3.2 Мектепке дейiнгi бiлiм беру мазмұнын жаңартуда тәрбиешінің
инновациялық технологияларды пайдаланудағы кәсіби құзіреттілігін
жетілдіру бағыттары
3.3 Мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны
және оны тиімді пайдаланудың технологиясы
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
4
Алғы сөз
Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық-
жаңа экономикалық өрлеу - қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа
жолдауында «балаларды мекепке дейінгі оқыту мен және тәрбиемен қамтамасыз
етуді арттыруға бағытталған Балапан арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске
асыруға кірісуді тапсырамын. 2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық
оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды
қабылдауы тиіс». Олардың отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы
заманғы оқу бағдарламаларын кейіннен оларды бүкіл республика бойынша
енгізетіндей етіп әзірлеу мен байқап көру жөніндегі басты алаңға айналуы үшін
қолдан келгеннің бәрін жасау қажет-деп атап көрсеткен еді. Аталған стратегияны
жүзеге асырудағы басым бағыт білім беруді жаңарту – Қазақстанның бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызатын маңызды құрал болуында.
Білім берудің бағыт–бағдары Қазақстан Республикасының Ата Заңында,
Қазақстан–2030 стратегиялық бағдарламасында, Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында, Қазақстан
Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасында және басқа мемлекеттік құжаттарда негізделген.
Қоғам дамуындағы, заман ағымындағы болып жатқан соңғы өзгерiстер мен
бiлiм беру саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейiнгi
ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретiнде
қалыптастыруға сәбилiк шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеу мен
бiлiм беруге аса жауапты қарауды басты мiндет етiп қойып отыр. Аталған
мiндеттердi шешуде кезек күттiрмейтiн мәселелердiң бiрi ретiнде мектепке
дейiнгi кезеңде білім мазмұнын жаңартуды қамтамасыз етудiң жолдарын
нақтылаудың маңызы зор.
Ұлттық негіздегі білім беру ұйымдарының мәнi өз шәкiрттерiне халқының
мәдениетiн терең де жан-жақты үйрету, олардың санасына ұлтына деген құрмет
пен мақтаныш сезiмiн сiңiре бiлудi басқа ұлттардың мәдениетiн қадiрлей
бiлумен ұштастыру болып табылады. Осы орайда, өз заманымыздағы ғылым
салаларынан түгелдей хабардар болған аты әйгiлi ақын, философ, қоғам
қайраткерлерi түркi халықтарының мәдени рухани мұраларымен таныстыруды
жөн көрген, қасиетті қағидалар мен өсер ұрпаққа өсиет қалдырған Әл-Фараби,
Ж.Баласағұни, Науаи, Қожа-Ахмет Яссауи, М.Қашқари, М.Х.Дулати сынды т.б
ойшылдардың педагогикалық ой тұжырымдарынан нәр аламыз. Өткеннiң
тәжiрибесiн бүгiнмен жалғастыра озық өнегелi рухани дәстүрдi ұрпақтан-
ұрпаққа жеткiзу үдерiсi үнемі жүрiп отырады. Бұл үдерiссiз қоғамның
өркениеттi елдер деңгейiне жету мүмкiн емес.
Ұлт мәдениетiнiң маңызы және оның жеке тұлғаның рухани дамуына тигiзер
әсерi, білім беру туралы ой-пiкiрлердiң қалыптасуына Ш.Уалиханов,
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов,
М.Дулатов, М.Жұмабаев, Т.Шонанов, Ә.Бөкейханов сынды халқымыздың
ағартушылары мен өнер қайраткерлерiнiң қосқан үлесi зор болды. Өз халқына
бiлiм мен өнер сәулесiн шашқан Н.Құлжанова, М.Бегалиева, М.Ниязова,
5
Ш.Иманбаева сияқты қазақ әйелдерiнен шыққан алғашқы қарлығаштар өз
еңбектерiнде жас ұрпақ тәрбиесiнiң өзектi мәселелерiне байланысты айтқан
құнды пiкiрлері әр кезеңдердегі білім мазмұнын жаңартуға негіз болмақ.
Педагогика ғылымының дамуы барысында тәрбиенің мақсаттары туралы
мәселені қоғамның даму заңдылықтарымен байланыстырды және жас
ұрпақтың жан–жақты дамуын педагогикалық тұрғыда дәлелдеп берген
ағартушы–педагогтар: Т.Мор, Т.Кампанелла, Р.Оуэн, Сен–Симон, Ш.Фурье,
Ж.Ж.Руссо,
И.Ф.Гербарт, И.Г.Песталоции, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Д.Дьюи,
Г.Кершенштейнер, В.Лай т.б зор еңбек сіңірді.
Х1Х–ХХ ғғ. аралығында дидактиканың дамуына үлес қосқан ғалымдар:
П.Ф.Каптерев, С.Т.Шацкий, П.П.Блонский, А.К.Гастев, А.П.Пинкевич,
М.М.Пастрак,
П.Н.Груздев,
А.М.Данилов,
Ш.И.Ганелин,
Е.Я.Голант,
Л.В.Занков, Б.П.Есипов, М.Н.Скаткин т.б оқытудың ғылыми негіздемесіне,
обьектісі мен пәнін анықтауға, педагогикалық емес ғылымдармен байланысын
табуға, зерттеудің әдіснамасын, оқыту әдістері мен дидактиканың басқа да
мәселелерінің
дамуына
В.С.Ильин,
В.И.Загвязинский,
В.В.Краевский,
И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.И.Махмутов, П.И.Пидкасистый, И.Ф.Харламов т.б
маңызды үлес қосты. Олардың дидактикаға қосқан үлесі басқа зерттеушілер
сияқты, қазіргі уақытта білім мазмұнын жаңартуда туындайтын көкейкесті
мәселелерге жауап табуға мүмкіндік жасайды.
Зерттеу мәселесінің әдіснамалық, теориялық негіздері философия ғылымы
бойынша: Ә.Нысанбаев, Қ.Шүленбаев, А.Кішібеков, Ғ.Есімов, С.Нұрматов,
А.Қапышев, М.Орынбеков т.б, шетел философтары: Л.М.Архангельский,
Б.С.Гершунский, Г.Гегель, Декарт; Д.Дьюи, Г.Н.Исаенко, Г.Л.Смирнова,
И.Кант, С.Ю.Колчагин, А.Г.Харчаева, В.Я.Ядова еңбектерінде көрніс тапқан.
Тәуелсiз мемлекеттер достастығы елдерiнде балабақшадағы білім мазмұнына
байланысты мәселелерді әр қырынан қарастырған ғалымдар: Р.Абдухадирова,
З.Д.Киекбаева,
Э.Х.Мурадов
(Өзбекстан),
А.М.Магомедов,
(Дағстан),
Ж.М.Оразбаева, М.Рахимова (Қырғызстан), С.М.Раймова (Татарстан) т.б. Бұл
зерттеулердiң бiз үшiн құндылығы, әр ұлттың білім беру мен тәрбие
мәселесіндегі белгiлi бiр мақсатқа жету барысында пайдаланған мазмұндары
мен әдiс-тәсiлдерiн көрсететiн жетекшi құрал бола алатындығында.
Қазақстанның білім саласының жағдайы мен болашағы жайлы ғалымдар өз
зерттеулерінде жан-жақты зерделеген. Атап айтқанда: педагогика ғылымының
дамуы мен қалыптасуын, А.І.Сембаев, Қ.Бержанов, К.Қ.Құнантаева,
А.І.Ілиясова, Г.М.Храпченков, К.Ж.Ибраева т.б қарастырса, жоғары мектепте
педагог мамандарды кәсіби дайындауға байланысты проблемалардың бірқатар
аспектілерін
қарастырған
ғалымдар:
Т.С.Садықов,
Т.С.Сабыров,
М.Н.Сарыбеков, М.Ә.Құдайқұлов, Қ.К.Жампейісова, Г.А.Уманов, К.Успанов
т.б болашақ мамандарды дайындаудағы біртұтас педагогикалық үдерістің
теориясы мен әдістемесін: Г.К.Ахметова, Қ.А.Аймағамбетова, А.А.Бейсенбаева,
Ғ.Кертаева, Л.К.Керімов, Е.Ө.Жұматаева, Б.Ы.Мұқанова т.б, мұғалімдердің
зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға байланысты: Ш.Т.Таубаева, З.Исаева,
кәсіптік білім беру және оны жетілдіру жолдары жайында: С.Ә.Аманжолов,
6
С.Б.Ә.Әбдікәрімов,
Ә.Б.Әлмұхамбетов,
А.П.Сейтешов,
Б.К.Момынбаев,
К.Ө.Өстеміров т.б, салыстырмалы педагогика мәселелерін: А.Қ.Құсайынов,
Қ.Мусин, Г.Қ.Нұрғалиева т.б, қазақ этнопедагогикасы негізінде жеке тұлғаны
дамыту мәселелерін: Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, Ә.О.Қамақов, С.Ғ.Ғаббасов,
С.А.Ұзақбаева,
К.Ж.Қожахметова,
Р.К.Төлеубекова,
Ж.Ж.Наурызбай,
Ә.Табылдиев, Х.Қ.Шалғынбаева т.б еңбектерінде кеңінен талдау жасалған.
Мектепке дейінгі білім мазмұнын балалардың қабылдауы, есте сақтауы және
қарым–қатынастың танымдық рөлі, баланың қызығушылығы мен талап
тілектерін орындауға байланысты зерттеу жүргізген психолог ғалымдар:
Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, М.И.Божович, А.В.Запорожец, Е.Е.Кравцова,
Л.А.Венгер, А.Н.Леонтьев, Г.А.Урунтаева, Е.О.Смирнова, В.Д.Шадриков т.б.
Республика көлемiнде мектепке дейiнгi тәрбиенiң ғылыми-теориялық және
әдiстемелiк мәселелерiн зерттеген еңбектерде атап айтарлық. Олар:
В.Андросова, Р.К.Аралбаева, Б.О.Арзанбаева, Ә.С.Әмiрова, Б.Б.Баймұратова,
Н.Б.Баримбеков,
С.Г.Бәтiбаева,
Л.А.Давиденко,
М.С.Сәтiмбекова,
Р.Ж.Жұмағожина,
А.К.Меңжанова,
Қ.М.Меңдаяқова,
Г.Ж.Меңлiбекова,
А.Е.Манкеш,
М.Т.Тұрыскелдина,
Т.Ж.Қалдыбаева,
Н.Д.Храпченкова,
Т.И.Иманбеков, Ж.А.Исмайлова, Ш.С.Сапарбаева, Т.А.Левченко, Ғ.З.Таубаева,
С.Н.Жиенбаева, Г.М.Метербаева, А.Ж.Салиева, Н.С.Сайлауова т.б.
Бұл ғылыми педагогикалық еңбектердiң құндылығы олардың өте бай
архивтiк материалдар негiзiнде жазылғандығында және республикамыздағы
мектепке дейiнгi ұйымдардың iс-тәжiрибесiнiң жетiстiктерi мен кемшiлiктерiн
талдап, оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұнын, әдiс-тәсiлдерiн жаңартуда
басшылыққа алатын оқу-әдiстемелiк құралдары мiндетiн атқаруында.
Мектеп жасына дейiнгi балаға көркемөнер арқылы, яғни бейнелеу іс-әрекеті
мен музыка сабақтары негізінде эстетикалық тәрбие беру мазмұнын ғалымдар:
Т.Н.Доронова, В.С.Ветлугина, В.А.Езикеева, В.М.Изгаршева, В.Б.Косминская,
Т.С.Комарова, Т.Г.Казакова, Н.П.Сакулина, Н.Б.Халезова, С.Г.Якобсон т.б.
зерттедi. Көркемөнер мен эстетикалық тәрбиенiң психологиялық аспектiлерiн:
Б.Г.Ананьев,
Л.Выготский,
Е.И.Игнатьев,
А.Н.Леонтьев,
Б.М.Теплов,
П.М.Якобсон, А.В.Запорожец, В.С.Мухина, А.Люблинская, В.Кравцова
зерттеулерiнде қарастырылған. Қазақстанда психологиялық мәселелердi
зерттеуде С.Балаубаев, Т.Тәжiбаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Х.Шерязданова,
М.Жакупов, Ж.Намазбаева, А.А.Нурахунова т.б еңбектерi жарық көрген.
Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған: Баймұратова Б.Б,
Сәтімбекова М.С, Бәтібаева С.Г, Ә.С.Әмірова, Жұмабекова Ф.Н.т.б «Балбөбек»,
Татаурова Н.Л т.б «Мектепалды дайындық», Берғалиева А.Б, «Жеке тұлға»,
М.И.Нүсіпбекова, «Қарлығаш», Доронова Т.Н, Левченко Т.А, «Қайнар»,
Т.М.Калашникова, Г.Н.Новогренко т.б «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз
мектепке барамыз» т.б авторлық бағдарламалар тәжірибелік байқаудан
өткізілсе, Ресейде мектепке дейінгі ұйымдарға арналған төмендегідей
бағдарламалар тәжірибеге енгізілген: Л.А.Венгер, О.М.Дияченко «Развитие»,
Т.Н.Доронова «Радуга», В.И.Логинова, Т.И.Бабаева «Детство», К.В.Тарасова
«Одаренный ребенок», Т.И.Ерофеева «Из детства в отрочества», Л.Г.Петорсон
«Игралочка», «Раз ступенка, два ступенка», «Старт», «Наследие», «Гармония»
7
т.б. Аталған бағдарламалар мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартуда
басшылыққа алатын нормативтік құқықтық құжат болып отыр.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш мектептiң білім мазмұнының
сабақтастығын жаңаша тұрғыда, қазiргi экономикалық, әлеуметтiк жағдайларға
байланысты
шешудiң
бiрқатар
жолдарын
қарастырған
ғалымдар:
Н.И.Алексеева, Е.А.Аникудимова, Ж.Арутюнян Р.Афанасьева, Р.Буре,
Т.Васильева, З.Грачева, Д.Гуламирян, С.И.Волкова, Т.К.Воробьева, Т.Н.Зотова,
М.Х.Мизова, В.Нечаева, В.Неменский, А.Леушина, Т.Тарунтаева, В.Кравченко,
Р.Стеркина, Р.Саввина, С.Степанова, Л.Смагина, А.Смоленцова, А.М.Счастный,
А.Усова,
С.Улитко,
Л.Румянцева,
Т.Репина,
Р.Руга,
Г.К.Широкова,
А.Шабалинова, Л.А.Парамонова, И.Попова, В.Н.Просвиркин, Е.А.Конобеева,
З.А.Климентьева,
Т.Чепель,
Р.Чумичева,
Н.А.Федосова,
Т.Яковенко,
Н.Янковский т.б. еңбектерінің маңызы зор. Бүгiнгi күнге дейiн білім мазмұнын
жетілдіруде аударма әдебиеттердi пайдалануға мәжбүр болудамыз. Бұл
мәселелер мектепке дейiнгi кезеңдегі білім мазмұнын жаңартуда айтарлықтай
кедергi туғызып отыр. Бiлiм мазмұнын анықтауда мектепке дейiнгi кезеңдегі
барлық қарапайым білім негіздерімен қамтамасыз ететін пәндердiң өзара
мазмұн үндестiгiн қарастыру арнайы зерттеудi қажет етедi. Бүгінгі таңда
мектепке дейінгі білім беру жүйесінде көптеген түйіні шешілмеген мәселелер
қордаланып қалғаны белгілі. Солардың ішінде баса назар аударатыны мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту ең негізгі, маңызды мәселелердің
бірі болып отыр.
Алайда жоғарыдағы аталған ғылыми зерттеулер мен мәселені шешу
барысындағы жүргізілген педагогикалық зерделеулер түрлі бағытта
қарастырылғанымен мектепке дейінгі бiлiм мазмұнын жаңарту, мақсаттары мен
мiндеттерiн айқындау, тұжырымдамалық негіздерінің дәйектi дәлелденбегендiгi
арнайы зерттеу нысанасы болмағандығын көрсетеді. Қоғамды жаңғырту және
демократияландыру үдерісінде әр ұлттың өзіне тән рухани өмірінің қайта
саралануы, өткеннің мәдени–тарихи мұрасын қайта өркендету мәселесінің білім
мазмұнында толық ашылып берілмеуі, білім мазмұнын жаңартуға арналған төл
туынды, авторлық және балама бағдарламалар мен оның оқу–әдістемелік
кешендерін заман талабына сай қайта дайындау қажеттілігі, білім мазмұнының
жеке пәндік мазмұндарға бөлшектенуі баланың тұтас тәжірибе жинақтауына
кедергі
келтіретіндігі
анықталды.
Мемлекеттік
стандартпен
оқу
жоспарларының талаптарының біржақтылығы мен балаға берілетін білім
мазмұнына қойылатын талаптардың үйлесімділігінің сақталмауы, балаларға
білім беру мазмұны негізінде білім, білік, дағдылардың өмірлік дағды ретінде
қалыптастыруда тәрбиеші педагогтардың шығармашылық ізденістері мен
кәсіби шеберлігін шыңдай түсу қажеттілігі мектепке дейінгі кезеңдегі жеке
тұлғаға бағытталған тұтастық парадигмасын жаңа сапалық деңгейде жүзеге
асыруды қажет етеді. Сондай-ақ, зерттеу мәселесінің көкейкестілігінің бір қыры
білім мазмұны жаңа тұрпатты біліммен ғана емес, жаңа икемділіктермен де
байи түсуі қажеттілігі туындауында. Монографияда мектепке дейінгі кезеңдегі
білім мазмұнын жаңартудың әдіснамалық негіздері заман талабына сай
зерделенді.
|