Монография Астана, 2010. 250 бет


- белгілі тәсілдерді іске асыру тәжірибесі;  -



Pdf көрінісі
бет7/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

белгілі тәсілдерді іске асыру тәжірибесі; 
шығармашылық әрекет тәжірибесі – стандартты емес жағдаяттарды, мәселелік 
жағдаяттарды шеше білу; 


 
11 
-  жеке  бағдар  кезінде  эмоционалды  қарым–қатынасты  іске  асыру  тәжірибесі; 
Осы элементтер білім мазмұнының құрылымын құрайды және білім түрлерінің 
ерекшелігін көрсетеді. 
    Жалпы  білім  мазмұны,  бір  жағынан  қоғамдық  қажеттілікті  бейнелейтін 
оқушының оқу – танымдық әрекетінің маңызды шарты болып табылады, екінші 
жағынан,  жеке  оқушының  оқуға  деген  мұқтаждығын  қанағаттандыру,  оның 
басты  мәдениетін  қалыптастыру  құралы  болып  табылады.  Дидактика 
тұрғысынан  бұл  оқытудың  білімдік  және  үрдістік  жақтарының  бірлігін 
көрсетеді.   
    Көрсетілген ұстанымдар білім беру мазмұнының құрамына нені кіргізу керек, 
нені кіргізбеу керек екендігін анықтауда маңызды болып табылады. Білім беру 
мазмұнын  қалыптастырудың  тізбектелген  факторлары  және  ұстанымдарына 
сәйкес  білім  мазмұнын  таңдаудың  жалпы  дидактикалық  жүйесінің 
жасалғандығын сипаттай келіп оның өлшемдерінің жүйесін ұсынады. 
Білім мазмұнын таңдаудың өлшемдерінің жүйесі: 
    Білім  мазмұнында  өз  бетімен  ойлай  алатын  демократиялық  қоғам  адамын 
қалыптастыру міндеттерінің тұтас көрініс табу өлшемі. Білім мазмұнына жалпы 
білім  беру  тұрғысынан  маңызды  ғылым  әдістері,  білімдердің  типтік 
мәселелерді қамтитын салаларынан алынған білімдер енеді. 
1. 
Мектептегі  оқу  пәніне  және  оқу  пәндері  жүйесіне  кіретін  білімдік 
материалдың жоғары ғылымилығы, тәжірибелік маңызы өлшемі. Оқу пәндеріне 
білімдер  туралы  -  жалпы  білімдер,  анықтама,  ғылыми  факт,  тұжырымдама, 
үдеріс т.б. енгізіледі.  
2. 
Білімдік материал мазмұны күрделілігінің сол жастағы оқушылардың оқу 
мүмкіндіктеріне сәйкестігі өлшемі. 
3. 
Мазмұн көлемінің осы пәнді оқуға бөлінген уақытқа сәйкестігі өлшемі. 
4. 
Жалпы  орта  білім  мазмұнын  құрастырудың  халықаралық  тәжірибесін 
есепке алу өлшемі. 
5. 
Мазмұнның  қазіргі  мектептің  оқу-әдістемелік  және  материалдық 
базасына сәйкестігі ұстанымы. 
    Білімінің  мазмұнының  қалыптасуының  жалпы  дидактикалық  ұстанымдары, 
факторлары,  өлшемдері  осындай.  Аталған  ұстанымдар  мен  білім  мазмұнын 
таңдау  өлшемдерінің  жүйесі  мектепке  дейінгі  кезеңдерде  білім  мазмұнын 
жаңартуда басшылыққа алынады.  
    Бүгінгі  таңда  өркениетті  елдердің  қатарына  қосылу  бағытында  білім  беру 
сипаты мен шарттарына сәйкес білім мазмұнын өзгерту мен жаңартуда бірқатар 
басты  тенденциялар  анықталды.  Олардың  біршамасы  қазірдің  өзінде 
Қазақстандағы  білім  беру  аясындағы  реформаларға  байланысты  білім 
мазмұнын  жаңартуда  өз  орнын  алуда.  Білім  мазмұнын  жаңартуға  байланысты 
негізгі басшылыққа алатын өте қажетті төмендегідей факторларды атап айтуға 
болады:  білім  берудің  жалпы  адамзаттық  құндылықтары  мен  гуманитарлық 
бағыттарының  тереңдетілуі,  оның  әмбебаптылығы,  қоғамдағы  білім  берудің 
интеграциялануы,  нарықтық  экономиканың  дамуы,  әлеуметтік  қажеттіліктің 
көбеюі,  білім  берудің  азаматтық  қызметінің  рөлі  көтерілуі,  жеке  тұлғаның 
кәсіби  шеберлігіне  қойылатын  талаптың  жоғарылығы.  Білім  берудің  «адамды 


 
12 
сақтау»  қызметі,  яғни  бірінші  кезекте  балалар  мен  жасөспірімдердің 
денсаулығын сақтау мен нығайту институты болып қалыптасуы; білім берудің 
іргелендірілуі,  ақпараттандырылуы,  экологияландырылуы  және  білім  беру 
ортасының рөлі арттырылуы қажет - деп тұжырым жасаймыз.  
    Білім  мазмұнының  қалыптасу  көздері  мәдениет  немесе  әлеуметтік  тәжірибе 
болып табылады. Әлеуметтік тәжірибе, яғни мәдениет біртұтас алынғанымен де, 
ол  балабақшадағы  немесе  мектептегі  білімнің  құрамын  анықтамайды. 
Әлеуметтік тәжірибеде немесе мәдениетте білім мазұнын анықтайтын көздерді 
табу  керек.  Бұлар  материалды  таңдау,  ішкі  құрылымға  сәйкес  мазмұн 
құрастыру ұстанымын анықтайды. Мұндай көздерге ғылым, материалдық және 
рухани  өндіріс,  қоғамдық  қатынастар  тәжірибесі,  қоғамдық  сана  формалары, 
адам  әрекеті  түрлері  (практикалық,  танымдық,  құндылық  –  бағдарлық, 
көркемдік)  жатады.  Білім  мазмұны  нақты–тарихи,  психологиялық  талаптар 
негізінде  жасалған.  Осы  талаптарға  сай  әлеуметтік  тәжірибе  педагогикалық 
өңдеуді  талап  етеді.  Бұл  білім  ұйымдарын  бітірушілердің  өмірде  белсенді 
әрекет етуіне және психикалық қасиеттердің, балалық тұлғаның қалыптасуында, 
дұрыс  шешім  қабылдауына  көмектеседі.  Сонымен  білім  мазмұнын 
қалыптастыруда  баланың  жеке  тұлғалық  дамуы,  оның  қабілеттілігі, 
қызығушылықтары  мен  талаптары  ескеріледі.  Сол  мақсатта  міндетті  пәндерді 
оқытумен  қатар  балаларға  өз  еріктерімен  басқа  пәндерді  де  таңдай  алады. 
Мұндай  келісім  білімнің  тереңдеуіне,  қызығушылықтың  дамуына,  ортаға  тез 
бейімделуіне ықпал етеді. 
    Ресейлік  дидакт  ғалымдар:  Ю.К.Бабанский,  В.П.Беспалько,  В.В.Краевский, 
М.Н.Скаткин,  И.Я.Лернер,  В.С.Леднев  т.б  білім  беру  мазмұнының  теориялық 
мәселелерін  және  оны  іріктеу  жолдары  мен  білім  мазмұнын  таңдаудың 
пинциптерін  айқындаған.  М.Н.  Скаткиннің  зерттеулері  Ресейдегі  және  шет 
елдердегі дидактиканың іргелі мәселелеріне негізделді.  
    Қазіргі  кезеңдегі  қоғамдық  өзгерістер  мен  жаңа  білім  беру  кеңістігінде 
жаңартуларға  қатысу  маңызды  жауапкершілік  міндеттер  жүктейді.  Барлық 
ТМД  елдеріндегідей  мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесі  өте  күрделі 
кезеңдерден өтіп, тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңарту және оны жүзеге 
асыру  бүгінгі  күннің  үлесінде.  Білім мазмұнын  дәстүрлі  педгогикалық  модель 
тұрғысынан  алып  қарағанда  ол  білім,  білік,  дағды  –  деп  қарастырылған.  Ал 
қазіргі кезеңдегі көзқарас тұрғысынан алып қарағанда бұл, барлық мәдениеттің 
құрамындағы  педагогикалық  интерпретациядеп  тұжырымдалған.  Ғалымдар: 
В.С.Леднев, А.Г.Ковалев, К.К.Платонов, Н.И.Непомнящей, М.С.Каган т.б білім 
мазмұнының  теориялық  аспектісіне  әдіснамалық  -  теориялық  тұрғыдан  жан  - 
жақты талдау жасаған. Бұл түсінік білім мазмұнының құрылымында: мектепке 
дейінгі  кезеңдегі  қарапайым  білім  мазмұнын  беруге  арналған  пәндер 
жиынтығын  жалпы  білім  беру  мазмұнындағы  орны  мен  рөлін,  оқу 
материалдарының логикалық үйлесімділігін анықтауда маңызды рөл атқарады.  
    Педагогикада  білім  беру  мазмұны  жеке  тұлғаны  қалыптастырумен  дамыту 
барысындағы ғылыми негіз ретінде қарастырылады. Өйткені, жеке тұлға дамуы 
тәрбие  мен  оқытуға  тығыз  байланысты,  сондықтан  да  алдымен,  білім  беру 
мазмұнын  анықтап  алу  қажет  екендігі  дау  тудырмайды.  Сонымен  білім  беру 


 
13 
мазмұны дегеніміз – жеке тұлға қалыптастыру барысында адам баласының іс–
әрекет тәсілдерін меңгере отырып, жүйелі түрде білім алуы, іскерлік дағдысын, 
таным  арқылы  көзқарасын  қалыптастыру  және  ақыл  ойы  мен  сезімін  дамыту. 
Яғни, білімді адам–деп ақыл ойы жетілген, әдіс– тәсілдерді меңгерген, қабілетті, 
өз  пікірін  дәлелдей  алатын,  болашақты  болжай  отырып,  шешім  қабылдай 
алатын жеке тұлғаны айтуға болады. Білім мазмұны – оқу орындарының негізгі 
мәселелерінің  бірі.  Ал  оның  мәні  –  әрбір  ғылыми  пәндерден  ғылыми  білімді 
игеру,  тәжірибеде  қолдана  білу.  Педагогика  ғылымының  мазмұны  –  оның 
тарихында қалыптасқан рухани мұралар мен құндылықтар әлемі. Білім берудің 
мазмұны мен мәнін ашуда және білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру 
барысында жеке тұлғаны дамыту мәселесі соңғы он онбес жыл шамасында күн 
тәртібінің алдыңғы қатарына шықты. Аталған мәселе И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, 
В.С.Леднев,  Б.М.Бим–Бад  т.б  ғалымдардың  еңбектерінде  қарастырылып, 
талданған.  И.Я.Лернер  мен  М.Н.  Скаткин  білім  беру  мазмұнын  теориялық 
тұрғыда  білім,  іскерлік,  дағдыны  қалыптастыру  жүйесі  деп  түсіндірген, 
сонымен қатар шығармашылық іс әрекет, ерік сезімін меңгеруді ұсынады.  
    Бірқатар  шетел  педагогтары  (АҚШ,  Англия,  Франция)  жеке  тұлғаға  жалпы 
адамзаттық  тәрбие  беруді,  оқу  мазмұнына  табиғи  құбылыстар  мен  қоғамдық 
өмірдегі  шынайы  құбылыстарды  түсіндіруден  оқу  пәндерін  өзара  кіріктіруді 
негізге  алуды  ұсынған.  Осыған  орай  төменде  ғалымдардың  білім  мазмұнына 
берген  анықтамаларын  ұсынамыз.  Атап  айтқанда:  «...біріншіден  алдыңғы 
ұрпақтың  тәжірибесін  меңгеру,  екіншіден  жеке  тұлғаның  типологиялық 
сапасын  қалыптастыру,  үшіншіден  адамның  ақыл–ойының,  денесінің  дамуы» 
(В.С.Леднев)  –  деп  ой  түйіндесе,  И.П.Подласый:  «...белгілі  бір  оқу  орнында 
оқып, үйрену үшін іріктелген білім, іскерлік жүйесі», Б.П.Есипов: Фактілер мен 
қорытындылар  енетін  білім,  пайдалы  іскерлік  және  дағдылар  жүйесі  деп 
есептейді. Р.Қоянбаев: «...ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі» 
десе, ал С.А.Умрейко: «...оқыту процесінде оқушылар меңгеретін ғылыми білім, 
іскерлік  және  дағдылар  жүйесі»,  В.Беларуссова:  «...оқушылардың  жан–жақты 
дамуына,  материалистік  дүниетанымның    қалыптасуына,  танымдық 
қызығушылықтың  дамуына  негіз  болатын  жүйелі  білім  іскерлік  және 
дағдылар»  деген  тұжырым  жасайды.  Н.В.Савин:  «...оқушылардың  жан–жақты 
дамуына негіз болатын, білім, іскерлік, дағды жүйесі» десе, И.Т.Огородников: 
«...ғылыми  білімдер,  іскерлік,  дағдылар,  оқытудан  тыс  кезде  оқушылар  алған 
танымдық  тәжірибені  ой  елегінен  өткізу  және  оқушылардың  танымдық 
қабілетін, шығармашылық күшін дамыту» жолдары деп анықтама береді.  
   Жоғарыдағы  анықтамаларды  және  негізгі  идеяларды  басшылыққа  ала 
отырып  біз  зерттеу  мәселесіне  сәйкес  мектепке  дейінгі  білім  беру  мазмұнын 
жаңарту ұғымының анықтамасын ұсынамыз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет