10
«балалар бақшасы» деген терминді енгізді, бұл дүние жүзінде жаппай
қабылданды. Сондай–ақ, тәрбиеші әйелді Фребель «баулушы» деп
атағандығынан оның балаларға деген сүйіспеншілігі, педагогтарды баланың
есеюіне және дамуына көмектесуге шақырғаны, мақсатты педагогикалық
ықпалдың маңызына жоғары баға бергені айқын көрінеді. Ол балалардың
жасына сәйкес бірқатар қарапайым білім мазмұнымен таныстыру қажеттілігін
атап көрсеткен. Оның идеялары: мектепке дейінгі тәрбиені насихаттау және
балалар бақшаларын кең тарату, мектепке дейінгі мекемелердің жұмысының
теориясын бірінші болып жасап, мектепке дейінгі педагогикалық
ғылымдардың дербес саласы болып бөлінуіне себепкер болды.
Дидактикалық
формализм теориясы бойынша: ХУ111 ғ.аяғында
Э.Шмидтің «Эмпирикалық психология» және А.А.Немейердің «Тәрбиелеу
және оқытудың ұстанымдары» атты еңбектерінде қарастырылған формалді
теория білімнің мазмұнын қалыптастырудың формальді теориясы ретінде
тұтас қалыптасты. Бұл теорияны ерте уақытта Гераклит пен Цицерон
басшылыққа алса, уақыт өте келе бұл бағытты И.Кант пен И.Г.Песталоции
дамытты. Педагогика ғылымында В.В.Краевскийдің еңбектерінде білім
мазмұны түрлі тұжырымдамалары бар деп көрсетілген, олардың тамырлары
өткен формальді және материалды білім теориясына негізделген. Бұлардың
әрқайсысы адамның әлемдік білім кеңістігінде және қоғамдағы қызыметімен
тығыз байланысты қарастырады.
Білім мазмұнының демократиялық қоғамда өз бетімен ойлайтын адам
қалыптастыруды өз міндеті санайтын негізгі үш тұжырымдамасын ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: