15
сүйену дағдысының қалыптасуы;
–балалардың белсенді шығармашылық әрекетін
дамытуға мүмкіндік жасамағандықтан, олардың ақыл-
ойын дамытудың қамтамасыз етілмеуі;
–мектепке дейінгі жастағы баланың денсаулығының
дұрыс
болмауы,
танымдық
қызығушылығы,
шығармашылық
әлеуеті
бастауыш
сыныптарда
жалғаспай қалу тенденциясы байқалады;
–білім беру бағытындағы білім, білік, дағдылар өмірлік
дағды ретінде қалыптастырылмауы;
Аталған қарама–қайшылықтарды жою мектепке дейінгі ұйымдардағы
тәбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңарту ғылыми – теориялық және
әдістемелік тұрғыдан негізделгенде мүмкін болмақ. Білім мазмұны дүние
дамуымен бірге өзгеріп және жетілдіріліп, дүниетанымдық және тәрбиелік
идеялар бір ұрпақтан екіншіге негізінен ұйымдастырылған нақты мақсаты бар
оқыту арқылы беріледі.
Білім мазмұны–әлеуметтік тәжірибенің бірінші
элементі болса, оның екінші элементі
–әлеуметтік тәжірибедегі іс–
әрекет
тәсілдерін балаларға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек
айтқанда адамзат жасаған іскерлік пен дағдыны меңгерту оны өмірлік дағды
ретінде қалыптастыру көзделеді. Сыртқы (тәжірибелік) және ішкі (ақыл
–ой)
дағдылары мен іскерліктерді қалыптастыру мектепке дейінгі ұйымдардың
мемлекеттік құжаттарында белгіленген қарапайым білім беруге арналған
пәндер арқылы жүзеге асырылады. Ол арқылы балалар өздігінен дербес әрекет
етуге, салыстыруға, талдауға, қортынды жасауға үйренеді. Сондай ақ, білім
мазмұнының тәжірибелік бөлігінде нақты іс
–әрекет жасауға мүмкіндік беретін,
көркемдік, эстетикалық тәрбиеге баулитын музыка, бейнелеу өнері, еңбек,
қарым–қатынас жасау іс–әрекет түрлерінің маңызы зор.
Танымдық іс–әрекет – баланың ой
–өрісін кеңейтіп, дүниені танудың
маңызды құралдарының бірі білім алуға, өздігінен дербес әрекет теуге
ынталандырып, ақыл
–ойдың дамуына, қарапайым білім негіздерін жүйелі
меңгеруге көмектеседі.
Еңбек іс–әрекеті еңбек ете білуге, еңбексүйгіштікке, материалдық заттар
жасауға, оларды сақтауға, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға
бағтталған. Өзіне
–өзі қызмет ету, тұрмыстық еңбек, ауылшаруашылық еңбегі
және қол еңбегімен шұғылдану мағызды болмақ.
Көркемөнер іс–әрекеті – эстетикалық дүниетанымды дамытып, әдемілікке
сұранысты туғызып, әдемі ойлауға үйретіп, нәзік сезімге бөлейді. Болмысты,
қоршаған ортаны танып білуде әсемдікті, сұлулықты сезінуге үйренеді.
Қоғамдық іс–әрекет – баланың әлеуметтік ортаға бейімделуі, үлкендермен,
құрбыластарымен қарым–қатынас жасау мәдениеті қалыптасады. Тәрбиешінің
нұсқауымен, түсіндіруімен жұмыс жасап үйренеді және жаттығулар орындайды.
Білім беру мазмұнының үшінші элементі
–шығармашылық жұмыс тәжірибесі.
Мектепке дейінгі жастан бастап баланы тек «дайын» білімдерді хабарлау
арқылы қабылдауға, жаттығулар орындауға, үлгіге қарап жұмыс істеумен
17
жаңа компоненттері оқытудың дамыту, тәрбиелік қызметі мен шығармашылық
іс әрекеттің тәжірибесін және әлемге және бір-біріне деген эмоционалдық
құндылықтарды қамтиды деп есептеп, білім мазмұнын таңдауда төмендегідей
принциптерді ұсынады.
Кесте – 2.
Білім мазмұнын таңдаудың принциптері
Достарыңызбен бөлісу: