Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет42/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

Білім  мазмұныол  мектепке  дейінгі  жас  ерекшелігіне  арналған  мемлекеттік 
стандартта  белгіленіп, баланың жек тұлға ретінде қалыптасуына және әрі қарай 
дамуына  ықпал  ететін  қажетті  білімдер  жиынтығын  айқындайды.  Мектепке 
дейінгі  кезеңдегі  білім  мазмұны  қандай  қағидаларға  сүйеніп  таңдалатынын 
қарастырайық.  Оның  ең  басты  негізгілеріне  тоқталатын  болсақ:  Біріншіден, 
білім  мазмұны 
дамытушылық 
сипатта 
болып, 
баланың 
әлеуеттік 
мүмкіндіктерін ашуға бағытталуы тиіс. Мұнда Ресейлік ғалымдар: В.В.Рубцов, 
А.Г.Асмолов, «балалар көп нірсені тек қана үлкендерден ғана емес, бір-бірімен 
қарым-қатынас  арқылы  да  үйренеді»  десе,  А.П.Усова,  Н.Н.Поддьякова, 
А.Н.Поддьяков,  «балалар  әр  түрлі  обьектіні    өздігінен  зерттеп,    қарап  көру 
барысында,  тәжірибелік  іс-әрекетте  жан-жақты  дамиды»  -  деп  дәлелдейді.  Біз 
білетініміздей  баланың  мазмұндық  өзара  әрекеті  мен  дамытушылық  әрекетін 
үлкен  адамдар  арнайы  ұйымдастыратыны  белгілі.  Олардың  көмегімен  белгілі 
бір  обьектілер  құрылады,  оны  балалармен  бірге  талдау  жасайды.  Осы  орайда, 
педагог  баланы  дамытуға  тікелей  және  жанама  ықпал  ететуге  арналған  білім 
мазмұнын жақсы білуі қажет. 
Екіншіден, білім мазмұны жүйелілік сипатта болуы, мұнда баланың белгілі бір 
заттар  мен  құбылыстар  арасындағы  өзара  байланысты  тек  қана    оны  тану 
арқылы  емес  бұрынғы  өткенмен  байланыстыра  жүйелі  түрде  қабылдауын 
қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Олардың  таным  түсінігінде  сол  заттар  мен 
құбылыстар  жайындағы  ақпараттар  кеңейтіліп,  нтижесінде  жаңа  обьектіні, 
материалдарды  жүйелі  меңгере  алады.  Бұл  баланың  обьеті  жайындағы  нақты 
білім  алуына,  талдау  жасай  білуіне,  нәтижеге  жетуде  болжам  жасай  алуға 
ықпал  етеді.  Білім  мазмұнына  жүйелілік  тұрғысынан  қарау  педагогқа 
«жалпыдан жалқыға ауысу» дидактикалық принципін жүзеге асыруда маңызды 
болмақ.  Үшіншіден,  білім  мазмұнының  жүйелілік  сақталуымен  қоса,  оның 
кіріктірілген  болуы  да  маңызды.  Төртіншіден,  білім  мазмұнының  көп 
мәдениеттілік  (поликультурный)  тәрбиені  қамтамасыз  етуі,  Бесіншіден, 
мектепке дейінгі білім мазмұнының базистік оқу жоспарында іс-ірекеттің алуан 
түрлерінің  қамтылуы  және  оның  негізгі  компоненттері:  мақсаты,  міндеттері, 
құралдарды  таңдауы,  әдіс-тәсілдерді  таба  білуі,  бақылау  т.б  қарастырылуы 
қажет. Алтыншыдан, білім мазмұнын жаңартуда баланың денсаулығын сақтау 
мен нығайту және психологиялық тұрғыдан жағымды жағдай жасау қажет. 


 
120 
    Моделде  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  жоғарыда  аталған  құрылымдық 
бөлшектерімен  қатар  тәрбиешінің  аталмыш  іс-әрекетті  қалыптастырушы 
бірден-бір тұлға екендігіне баса назар аудардық. Осыған байланысты біз білім 
беру  мазмұнын  жаңарту  компоненттерінің  білі  тәрбиешінің  тікелей  қызметіне 
байланысты  болуы  басты  шарт  деп  таныдық.  Осыған  байланысты  біз 
тәрбиешінің  білім  мазмұнын  қалыптастыруға  байланысты  іс-әрекеті  мынадай 
компоненттерді қамтуы тиіс деп ойлаймыз. Олар: мақсаттылық, мазмұндылық, 
технологиялық, шығармашылық, рефлексивтік.  
    Атап  айтатын  болсақ,  мақсаттылық  –  тәрбиеші  білім  беру  мазмұнын 
жаңарту  дәрежесін  анықтауға  байланысты  талдау  жасай  алуы  және  оны  одан 
әрі  дамыту  мақсатында  нақты  міндеттерді  жүзеге  асыруы.  Балалардың 
жаңартылған  білім  мазмұнын  қабылдауы  төмендегідей  мақсаттарды  жүзеге 
асыруға  байланысты  анықталуы  керек.  Тәрбиешілердің:  тәрбиелеу  мен  білім 
берудің әдістемесін толық меңгеруі, ғылыми зерттеу жүргізудің ерекшеліктерін 
білуі,  балалардың  қызығушылықтарын  анықтай  алуы,  білім,  білік, 
дағдыларынының  дәрежесіне  сәйкес  болуын  қадағалап,  бастаған  жұмысты 
соңына дейін жеткізе білуге дағдылануы.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет