Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет39/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

Ғылыми-дүниетанымдық  қызметі. Мектепке  дейінгі  жастағы  қарапайым  білім 
берудегі  оқу  пәндері  арасындағы  өзара  байланысты  ашып  көрсетеді,  бұл 
олардың бір зат немесе құбылысқа түрлі қырынан қарауына ықпал етіп, аталған 
зат  немес  құбылыс  туралы  толық  білім  жинақтауына  мүмкіндік  жасайды. 
Мысалы,  өлі  және  тірі  табиғат  бірлігі,  адам  мен  қоғамның,  табиғаттың  өзара 
қатынасын  ашып  көрсетеді.  Сонымен  қатар  тәрбиеші  білім  беру  мазмұнын 
жаңарту  міндеттерін  шеше  отырып,  ғылыми  таным  құрылымына  деген  тұтас 
көзқарас  қалыптасады.  Көптеген  құбылыстардың  арасынан  өзіне  тиісті 
ақпаратты  іздестіре  отырып,  олар  жалпылау  (обобщение),  талдау,  қортынды 
жасау  дағдыларын  меңгереді.  Бұл  дағды  тәрбиешілерге  ғылыми  білім  алуды 
дұрыс  ұйымдастыра  білуге  мүмкіндік  жасай  отырып,  түсіндіру  құралы  бола 
алып, алдын ала көруді, әдіснамалық міндеттерді шешуді жүзеге асырады.  
Адамгершілік  құндылықтарды  қалыптастыру  қызметі.  Тәрбиешінің    білім 
беру  мазмұнын  жаңарту  үдерісі  барысындағы  іс-әрекетінің  мазмұнын  ашады. 
Бұл  қызмет  тәрбиеші  тарапынан  білім  мазмұнын  жаңартуға  үлкен 
жауапкершілікпен  қарауын,  сондай-ақ  адамдар  мен  табиғатқа  деген  оң 
көрқарасының  қалыптасуымен  сипатталады.  Тәрбиеші  табиғаттың  адам 
өміріндегі  рөлін  сезініп,  оны  аялауды  тәрбиеленушілерге  үйретеді.  Өзін-өзі 
тануы  және  әлеуметтенуі  тәрбиенің  көздейтін  эстетикалық  және  т.б 
мақсаттарының жүзге асуына жол ашады. Зерттеу жұмысы барысында балалар 
кездесетін қиындықтарды бір-бірінің көмегімен жеңуге тырысып, өзара достық, 
жолдастық қатынастарының айқын көріністерін байқадық.  
Коммуникативтік  қызметі.  Білім  беру  мазмұнын  жаңарту  барысында 
балалардың басқа адамдармен  қарым-қатынас жасауы басты қызметтердің бірі 
болып  саналады.  Олар  өз  құрбылас  достарымен,  тәрбиешілерімен,  басқа  да 
қызметкерлерімен қарым-қатынасқа түседі. Мұндай ақпарат алмасу балалардың 
тәжірибе  жинақтауын  қамтамасыз  етеді.  Осындай  жағдайда  балалар  түрлі 
адамдармен қарым-қатынас жасаудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, соның негізінде 
жаңа  білімдер  жинақтайды.  Балалардың  қарым-қатынасқа  түсу  белсенділігі 
оның, интеллектуалдық, психологиялық, жас ерекшелігіне, сөйлеу мәдениетіне, 
сөздік  қорына  және  т.б  қабілеттеріне  тәуелді.  Эксперимент  негізінде  біз  білім 
мазмұныны  жаңарту  үрдісі  комуникативтік  қызметінің  тиімді  жағдайларда 
жүзеге асуы төмендегі шарттарға тәуелді екендігін анықтадық: қарым-қатынас 
субъектілерінің 
қарым-қатынас 
жасауда 
қолданатын 
әдістері 
мен 
құралдарының  сәйкес  болуы,  субъектілердің  бірін  бірі  бағалай  алуы.  Бұл 
тәрбиеші  мен  тәрбиеленуші  арасындағы  тепе-тең  бірлескен  әрекет  пен 
бірлескен шығармашылықтың негізінде жүзеге асады.  
Ақпараттық  қызметі.  Тәрбиешінің  қажетті  ақпаратты  іздеуге  деген  арнайы 
дайындығымен  тығыз  байланысты.  Білім  мазмұнын  жаңарту  барысында  әр 
тұлға  түрлі  ақпарат  көздерінен  алынатын  ақпараттардың  ішінен  ең  бастысын, 
одан  кейін  оған  тиістісін  ажырата  алуын  сипаттайды.  Сондай-ақ,  мәселені 


 
115 
анықтау,  сұрақ  қоя  білу,  жоспар  жасай  алу,  ақпаратты  іздестірудің  кестесін 
жасай алу сияқты мамагдардың бойында өз іс-әрекетіне бейімділігін көрсететін 
дағдыларды сипаттайды. Бұл қызметтің мәні тәрбиешінің уақыт өткен сайын өз 
іс-әрекетіне  төселіп,  педагогикалық  шеберлігі  шыңдалып,  соған  қажет 
дағдыларының  дамуына  және  ақпараттар  ағымының,  көлемінің  ұлғаюына 
байланысты  артып  отырады.  Бұл  қызмет  тәрбиешілердің  жинақтаған 
ақпараттарын  тиімді  игеруімен,  пайдалануымен,  соның  негізінде  білімдерінің 
артуымен тығыз байланыста болады.  
    Тәжірибеде ақпараттарды игеру, яғни ақпараттардың тиістісін тану, тәрбиеші 
өз іс-әрекетінде ақпарат көздерін тиімді пайдала алумен сипатталады. Ақпарат 
көздерінің кейбір түрлерімен жұмыс жасау қиындықтар тудыруы мүмкін, бірақ 
ол мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасына, тәрбиелеу 
мен білім беру жұмыстарын ұйымдастырудың талаптарына сәйкес келмеуімен 
байланысты болды. Мысалы: интерактивті тақталардың балабақшада болмауы, 
компьютерлік топтардың жабдықталмауы, интернетті пайдалану мүмкіндігінің 
қарастырылмағандығы.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет