Монография Астана, 2010. 250 бет


Осыған  орай  стандарт  негізіне  кіретін  кешендердің  анықтамаларын  айқындап алуды жөн көрдік.  Оқу  жоспары  –



Pdf көрінісі
бет49/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

 
    Осыған  орай  стандарт  негізіне  кіретін  кешендердің  анықтамаларын 
айқындап алуды жөн көрдік. 
Оқу  жоспары  – білім  берудің  тиісті  деңгейіндегі  оқу пәндерінің тізбесі мен 
көлемін,  оларды  зерделеу  тәртібі  мен  бақылау  нысандарын  регламенттейтін 
құжат;  Оқу  жоспарының  базалық  (инвариантты)  компоненті  –  білім 
мазмұнының  міндетті  білім  салалары  мен  оқу  пәндерінің  тізімін  анықтайтын 
бөлігі. 
Базистік  (типтік) оқу  жоспары –базистік  оқу  жоспары  негізінде  жалпы  білім 
беретін оқу орындарының бастауыш және негізгі сатыларындағы оқыту тілі мен 
орта  жалпы  білім  берудің  жоғары  сатысындағы    оқытудың  бағдарлау  бағыты 


 
133 
ескеріліп  жасалатын  нормативтік  құжат  болып  табылады.  Білім  мазмұнын 
нақты ашып көрсететін құжат.  
Оқу  бағдарламасы  –  оқу  пәні  бойынша  оқытудың  мазмұнын,  оқушыларға 
берілетін білім көлемін анықтайтын құжат. Оқу бағдарламасындапәнді оқыту 
мақсаттары  мен  міндеттері,  оқытуды  ұйымдастырудың  түрлерінің 
ерекшеліктері мен әдістемесі т.с.с құрылады. Оқу бағдарламасындағы пәннің 
негізгі мазмұны оқулықтар мен оқу құралдарында нақтыланады. Бағдарлама 
әрбір  оқу  пәні  бойынша  меңгеруге  тиісті  білімнің,  шеберлік  пен 
дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайды.  
Мектепке дейінгі білім беретін жалпы бағдарлама  мектепке дейінгі тәрбие 
мен оқыту мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжат. 
   Бағдарламалар типтік, авторлық және жұмыс бағдарламасы болып бөлінеді. 
Типтік бағдарлама мемлекеттік стандарт негізінде анықталған пәндерге сәйкес 
жасалады.  Жұмыс  бағдарламасы  типтік  бағдарлама  негізінде  жасалып, 
педагогикалық кеңесте бекітіледі. Оларда мемлекеттік стандарт талаптары мен 
нақты  білім  беру  ұйымдарының  мүмкіндіктері  ескеріле  отырып  жасалады. 
Авторлық  бағдарламалар  жасауда  мемлекеттік  стандарт  талаптарын  ескере 
отырып,  автордың  өзіндік  көзқарасы  мен  материалдарды  беруде  өзіндік 
логикалық  үйлесімділік  сақталуын  қарастырады.  Авторлық  бағдарламалар 
көбінесе таңдауы бойынша курстар мен вариативтік бөлік бойынша өткізілетін 
сабақтарда пайдаланылады. 
    Қазіргі  кезеңдегі  мектепке  дейінгі  білім  беруді  дамытудың  көкейкесті 
мәселелерінің  бірі  баланың  мектепке  дайындықпен  келуін  қамтамасыз  ету 
болып  табылады.  Бұл  міндеттерді  жүзеге  асыруда  мектепалды  даярлық 
тобындағы  білім  мазмұнын,  ұйымдастыру  формаларын  бірізділікпен,  жүйелі 
құру  көзделеді.  Білім  беру  бағдарламалары  мектепке  дейінгі  ұйымдарға 
арналған.  Мектепке  дейінгі  ұйымдар  желісінің  күрт  азаюына  байланысты 
балаларды  балабақшаға  қамту  мүмкін  болмады.  Осыған  орай,  білім  беру 
ұйымдарының  қысқа  мерзімді  вариативтік  ұйымдар  формалары  пайда  бола 
бастады, бағдарламаларды осы бағыттарға пайдалану қажеттілігі туындады.  
Мектепке дейінгі ұйымдардың төмендегідей түрлері жұмыс жасайды: 
–  балалар күні бойына болатын балабақшалар; 
–  балалар қысқа мерзімде болатын балабақшалар; 
–  басқа білім беру ұйымдарының жанында болатын топтар (сыныптар); 
–  мәденибілім беру немесе қосымша білім беретін орталықтардың жанында 
ашылған топтар; 
–  ата – аналардың ерікті қоғамының қолдауымен құрылған топтар;  
    Қазiргi  кезде  мектепке  дейiнгi  бiлiм  беру  мазмұнын  жаңарту  бағдарын 
айқындайтын  негiзгi  құжаттардың  бiрi  ретiнде  Қазақстан  Республикасы 
мектепалды  даярлық  тұжырымдамасы  және  1  жас  пен  6  жас  арасындағы 
балаларды  мектепке  дейiнгi  тәрбиелеудiң  және  оқытудың  жалпы  бiлiм 
бағдарламасы  мазмұнының  базалық  минимумы,  яғни  мектепке  дейiнгi  тәрбие 
мен оқытудың стандарты деп санауға болады. Осы құжаттарда мектепке дейiнгi 
бiлiм берудiң  барлық саласы қол жеткiзуге ұмтылуға тиiс нәтиже көрсетiлген. 
Баланың  мектепке  дайындығы  деңгейi  қаншалықты  жоғары  болған  сайын, 


 
134 
мектепке дейiнгi бiлiм беру жүйесi соншалықты нәтижелi  бола түседi. Бүгiнгi 
таңда  мектепке  дейiнгi  бiлiм  беру  жүйесi  баланың  өзiндiк  қажеттiлiктерi  мен 
қызығушылықтарын  бағдарға  алуды  көздейдi.  Балалар  мен  олардың  ата-
аналарының қажеттiлiктерi негiзгi және қосымша бiлiм беру мазмұнын саралау, 
ақылы  қосымша  бiлiм  беру  қызметiне  кең  мүмкiндiк  туғызу,  сондай-ақ  жаңа 
типтегi  мектепке  дейiнгi  ұйымдарды  құру  және  балалардың  балабақшада 
немесе мектепалды даярлық сыныптары мен топтарында икемдi режимi (қысқа 
мерзiмдi) негiзiнде қамтамасыз етiлуде. 
    Мектепке  дейiнгi  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекттiк  стандартының  жобасын 
жетiлдiру жұмыстарында төмендегідей мәселелер қарастырылды: 
-  балалар  өмiрiн  сақтау  және  денсаулығын  нығайту,  оларды  салауатты  өмiр 
салтының құндылықтарына баулу; 
-  баланың  жеке  басын  үйлесiмдi  дамыту,  жалпыадамзттық  және  ұттық 
құндылықтарға  баулу  арқылы  оның  мүдделерiн  қанағаттандыру  мен 
қабiлеттерiн дамыту; 
-  баланың  қоғамдық-әлеуметтiк,  табиғи  ортада  өмiр  сүруi  мен  жемiстi 
әрекеттенуiне  мүмкіндiк  беретiн  жеке  тұлғаның  әлеумттiк  рухани  қасиеттерiн 
қалыптастыру; 
- баланың дамуындағы ауытқушылықтарға қажеттi түзетулердi жүзеге асыру; 
-  коммуниткативтiк,  танымдык,  ойындық  және  басқа  да  белсендiлiктердi 
ынталандыру, бiлiм алудағы қажеттiлiктi қалыптастыру; 
- педагог пен баланың өзара тұлға дамытушылық қарым-қатынастың негiздерiн 
айқындау. 
        Ғылыми-зеттеу  жұмыстарында  мектепке  дейiнгi  тәрбие  мен  оқытудың 
мемлекеттiк стандарты баланы жас және жеке ерекшелiгiне сай психологиялық, 
физиологиялық  жағынан  мектепке  дайындауға  көмектесетiн  және  бастауыш 
сыныпта  қабылдауға  дейiнгi  дайындығын  анықтауға  қойылатын  талаптарды 
белгiлейтiн құжат болуы тиiс екендiгi ескерiлдi. Сөйтiп мектепке дейiнгi бiлiм 
беру жүйесiндегi стандарттаудың негiзгi нысандары: оның құрылымы, мазмұны, 
бiлiм  беру  жүктемесiнiң  көлемi  және  балалардың  мектепке  дайындық 
деңгейiнiң  өлшемдері  (критерийлерi)  анықталды.  Зерттеу  барысында  жалпы 
бiлiм  беру  стандарттарын  даярлауға  қатысты  ережелердiң  негiзiнде  мектепке 
дейiнгi  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттiк  стандартын  жасауда  және 
жетiлдiруде басшылыққа алынатын басты талаптар белгiлендi. Яғни: 
-  бiлiм  беру  жүйесiнiң  барлық  сатыларына,  оның  iшiнде  мектепке  дейiнгi 
тәрбиелеу  мен  бiлiм  беру  және  бастауыш  мектеп  сатыларына  арналған 
стандарттарда өзара сабақтастық пен үндестiктiң сақталынуы тиiс; 
-  станадарттың  құрылымы  мен  мазмұны мектепке  дейiнгi  тәрбиелеу  мен  бiлiм 
берудiң  негiзгi  мақсаттарына  сай  жеке  тұлғаны  жан-жақты  дамытуға 
бағытталуы қажет; 
-  мектепке  дейінгi  тәрбиелеу  мен  оқытудың  күтiлетiн  нәтижесi,  балада 
қалыптастырылатын бiлiм, бiлiк, дағдылар көлемi белгiленедi; 


 
135 
-  мектепке  дейiнгi  тәрбиелеу  мен  оқытудың  мемлекттiк  стандартын  мектепке 
дейiнгi  ұйымдарда  тәжiрибе  жүзiнде  тексеруден  өткiзiлген  нормалар  ғана 
енгiзiлуi тиiс. 
    Мектепке  дейiнгi  тәрбиелеу  мен  оқыту  стандартын  жетiлдiрудегi  маңызды 
мәселенiң  бiрi  -  мектепке  дейiнгi  бiлiм  мазмұнының  құрылымында 
төмендегідей компоненттер (блоктар) қамтылды: 
- ойын қызметi (желілі-рөлдiк шығармашылық ойындар және ережелi ойындар);  
-  дене  шынықтыру  (ойындар  және  дене  тәрбиесi,  валеология,  экология 
негiздерi); 
-  тiл  дамыту  (көркем  әдебиет,  сауат  ашу  мен  жазу  негiздерi,  сөйлеудiң 
дыбыстық мәдениетi, сөздiк қор мен байланыстырып сөйлеу); 
-  табиғи-ғылыми  даму  негiздерi  (математика,  музыкалык  тәрбие,  бейнелеу 
өнерi, еңбек, құрастыру). 
Бұл  орайда  ресейлiк  ғалымдар  Р.Стеркина  мен  Т.Н.Доронованың  пiкiрлерi 
негiзге алынды. Олар: мектепке дейiнгi бiлiм мазмұны төменгi компонентерден 
тұруы тиiс деп есептейдi; 
- ойын әрекетi арқылы дамыту; 
- денсаулығын сақтау және дене сымбатын дамыту; 
- тiлiн дамыту; 
- бейнелеу өнерi арқылы дамыту; 
- музыка арқылы дамыту; 
- көркем өнерпаздық әрекет арқылы дамыту; 
- құрастыру еңбегi арқылы дамыту; 
- қарапайым математикалық ұғымдарын дамыту; 
- жаратылыстану ғылымының негiздерiмен таныстыру; 
- экологиялық мәдениетiн дамыту; 
-  адамның  тарихтағы  және  мәдениеттегi  орны  туралы  қарапайым  түсiнiктерiн 
дамыту. 
    Бала  ойынының,  тiлiнiң,  ой-өрiсiнiң,  дүниетанымының,  санау,  есептеу, 
бейнелеу  дағдыларының,  эстетикалық  талғамының  қалыптасу  заңдылықтарын 
арнайы  зерттеген  шетелдiк  психолог-педагог  ғалымдардың  (Л.С.Выготский, 
Д.В.Эльконин,  А.В.Запоржец,  В.В.Давыдов,  Н.М.Поддьяков,  В.С.Мухина, 
В.А.Сохин, 
А.П.Усова, 
М.А.Маркова, 
А.М.Леушина, 
Н.А.Ветлугина, 
В.Т.Сакулина  т.б.)  ғылыми  ой-пiкiрлерiн  ескеру  нәтижесiнде  мектепке  дейiнгi 
тәрбиелеу  мен  оқытудың  мемлекеттiк  стандартындағы  базалық  бiлiм 
мазмұнының  құрылымы  жетiлдiрiлдi.  Осы  жетiлдiрiлген  нұсқада  әрбiр  пән 
негiздерiнен  берiлетiн  бiлiм  мазмұны  толықтырылып,  баланың  мектепке 
дайындығын анықтайтын талаптар жиынтығы нақтыланды.  
    Мектеп  жасына  дейiнгi  балалардың  әрбiр  жас  кезеңiндегi  дамуына  сәйкес 
осындай  психологиялық  ерекшелiктерiн  ескере  отырып,  баланы  дамыту, 
тәрбиелеу  және  бiлiм  беру  бағытында  мектепке  дейiнгi  бiлiм  берудiң  базалық 
мазмұны  жасалды  және  соған  сәйкес  әрбiр  жас  топтарындағы  балалардың 
дайындығының мiндттi (минимум) деңгейiне қойылатын талаптар анықталды.  
    Мектеп жасына дейiнгi балаларға берiлетiн бiлiм мазмұны мен олардың бiлiм 
деңгейiне қойылатын талаптар баланың жеке тұлғасын жан-жақты дамытатын, 


 
136 
ақыл-ойын, шығармашылығын кеңейтетiн мазмұнмен толықтырылып, олардың 
мектепке дайындығының қажеттілiгiн арттыруды қамтамасыз ету көзделдi. 
    Қазақстан  Республикасы  Бiлiм  және  ғылым  министрлiгi  Жалпы  орта  бiлiм 
департаментi  2002  жылы  2-наурызда  «1  жастан  5  жасқа  дейiнгi  балаларды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет