140
Туғаннан 4 жасқа дейінгі икемделген күн тәртібімен жұмыс істейтін топтар,
сондай-ақ 4-тен 6 жасқа дейінгі мектепалды топтар мен сыныптар құруға
болатын заттық-кеңістікті ортасы мен санитарлық-гигиеналық жағдайы бар
білім беру ұйымдары; Жалпы білім беретін мектептердің мектепалды
сыныптарының толымдылығы 25 баладан, мектепке дейінгі топтарының
толымдылығы 20 баладан аспауы тиіс. Жалпы білім беретін шағын комплектілі
мектептерде мектепке дейінгі және мектепалды топтарының толымдылығы
жергілікті атқарушы биліктің келісімімен белгіленетін болды.
Білім мазмұны үнемі жаңартуды талап ететін үзіліссіз үдеріс ретінде сол
тарихи кезеңдегі қоғамдық құбылыстарға байланысты болады. Мектепке
дейінгі білім мазмұнының шектен тыс көбейтілуі, тәрбиешінің қызметі оқу–
тәрбие үдерісін ұйымдастыруға бағытталып, баланы іс–әрекеттің обьектісі
ретінде
қарайтындығы
айқындалды.
Тәрбиешінің
іс–әрекеті
білім
мазмұнының құрылымын дамытудың интенсивті жолдарын таңдап, білім
мазмұнын жаңартуда «іс–әрекеттік» тұрғыдан келу қарастырылады.
Білім
беру салалары мазмұнының базалық минимумын анақталып балаларға
берілетін білімнің мазмұны баланың дамуы мен жеткен жетістігін бағалаудың
нәтижесіне қарай құрылды. Бір жас кезеңінің білім беру саласының мазмұны
келесі жас кезеңінің білім беру саласының мазмұнымен сабақтасады. Баланың
құзыретті дамуын бағалау жүйесінің негізіне сыртқы тәжірибе түсінік
тұрғысынан ішкі тәжірибеге өту үрдісі алынған, сондықтан құзыреттілікті
дамытудың үш шартты деңгейі анықталды: 1 деңгей – бала осы не басқа іс-
әрекетті жасағанда; 2 деңгей – бала не істейтінін түсінгенде; 3 деңгей – бала
өзінің білетінін қолданғанда. Бала құзыреттілігінің даму деңгейін қадағалап
байқау үшін педагогикалық диагностика жүргізуге және баланың жеке
дамуының жоспарын құруға мүмкіндік беретін индикаторлар жүйесі
қолданылады. Осы жүйені басшылыққа ала отырып төменде білім мазмұнын
жаңартудағы өзгерістерге тоқталамыз.
Кесте – 8 -
Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудағы өзгерістер
Достарыңызбен бөлісу: