127
ма? Адам өміріндегі ең маңызды не нәрсе? Адамдардың
көтеретін қайғыларында белгілі бір мағына бар ма?
Сонымен қатар, ғылым не жақсы, не жаман, дұрыс
немесе дұрыс емес, жақсырақ немесе жаманырақ т.с.с.
нормативтік сұрақтарға жауап бере алмайды.
Мысалы, ғылым тағы да мынадай сұрақтарға жауап
бере алмайды: Не маңызды: бостандық немесе теңдік? Не
жақсырақ: ащы шындықты айтқан ба әлде тәтті өтірік пе?
Не жаманырақ: шылым шегу ме әлде арақ ішу ме?
Бұл сұрақтар өте маңызды. Сондықтан да біз не жақсы,
не жаман, не жақсырақ, не жаманырақ және с.с. сұрақтар
төңірегінде тоқтаусыз айтыса аламыз. Алайда бұл сұрақтар
ғылыми болып саналмайды. Себебі, оларды бақылау немесе
тәжірибе арқылы дәлелдеу де, жоққа шығару да мүмкін
емес. Мұндай жағдайда ғылыми ой әдісі мен дәлелдер емес
критикалық ойлау дағдылары қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: