128
тапқырлық арқылы емес, мұқият бақылау мен тәжірибе
арқылы жауап беруге тырысады.
Осы арқылы, барлық
ақиқи ғылыми тұжырымдар немесе гипотезалар
тексерілген болуы қажет. Алайда, барлық кезде ғылыми
гипотезаны дереу тексеру мүмкін еместігін ескеру қажет.
Мысалы, 1916 жылы Эйнштейн сол кездегі технологияны
қолдану арқылы ғарыштық кеңістікте сағат Жерге
қарағанда жылдамырақ жүретіндігін дәлелдеген. Алайда,
бұл гипотезаны сол мезетте
тәжірибе арқылы тексеру
мүмкін болмады. Тек он жылдықтан кейін ғана реактивті
ұшақтар мен дәлме-дәл көрсететін атомдық сағаттар
жасалынған соң ғалымдар Эйнштейн гипотезасын
дәлелдеуге мүмкіндіктері болып, оның ақиқат екендігін
айтқан.
2. Бекітілген ғылыми теориялар мен деректерге
сәйкес келмеуі
Ғылым үнемі дамып, өзгеріп отырады. Кей кезде бұл
өзгерістер мүлдем жаңа әдістер
мен басқа да ғылыми
көзқарасты алып келеді. Псевдо-ғылым бұған дейін
бекітілген ғылыми теориялар мен деректерге сәйкес
келмейтін білімге сүйенсе, ақиқи ғылым бекітілген
ғылыми білімді жоққа шығармайды, керісінше соған
сүйене отырып, оны әрі қарай дамытады.
3. Дәлелдердің бұрмалануын елемеу
Ғылым әрдайым біршама сенімді гипотезаны алға
жылжыту үшін өз гипотезасының жалғандығын көрсетуге
тырысады. Мұндай себепке байланысты ғалымдар
дәлелдердің бұрмалануынан қорықпаулары қажет. Керісінше,
бұл бұрмалануды ғылыми әдіс процесінде пайдалы сын
129
ретінде қабылдауы қажет.
Псевдо-ғылым қарама-қарсы, яғни,
үнемі дәлелдердің бұрмалануын елемейді.
4. Нақты емес тілді қолдану
Псевдо-ғылымда түсінікті және арнайы тілмен
жеткізілмеген тұжырымдар көп таралған. Атап айтар
болсақ, мынадай астрологиялық болжам: «Келесі аптаны
сіз жемісті өткізесіз» ғылыми гипотезаға жатпайды. Себебі,
«жемісті» ұғымы нақты бір нәрсені білдірмейді және оны
зертханалық немесе дала жағдайында бағалай алмайды.
5. Дамымайтындығы
Ғылым бір орнында тұрмайды. Үнемі дамып,
жаңа білім
көкжиектерін ашып отырады. Псевдо-ғылым, керісінше,
дамымайды. Әсіресе, егер жаңа білім осыған дейінгі псевдо-
ғылым теориясын жоққа шығаратын болса жаңа білімді
құп көрмейді.
6. Зерттеу жүргізуге аса қатты құлшыныс
танытпайды
Ғылым үнемі сұрақтар қойып және оны шешіп отырады.
Гипотезаларды тексеріп, одан да терең білімді іздейді. Бір
сөзбен
айтқанда, ғылым үнемі зерттеумен айналысады.
Псевдо-ғылым керісінше, зерттеу жүргізуге құлшыныс
танытпайды.
Ғалымдар, әрине мінсіз емес. Сондықтан да,
ақиқат ғылымның өзі кей кезде жоғарыда көрсетілген
ерекшеліктердің бір немесе екеуін бейнелеуі мүмкін. Бірақ,
егерде ғылым бұл ерекшеліктердің бірнешеуін көрсететін
болса, бұл псевдо-ғылым екендігін
дәлелдейтін мықты бір
белгі болып табылады.