124
Сіз: (Терең дем алып) Енді менде «Бәрекелді!»
тиімділігі жөнінде көптеген күмән пайда болды. Алайда,
менде гипотезаны ғылыми әдіс арқылы дәлелдейтінім
немесе жоққа шығарарым жайында еш күмән жоқ. Тіпті,
егерде «Бәрекелді!» көмектеспейтін болып шықса да, мен
бұл дәріні жақсартуға жұмыс жасайтын боламын.
Құрметті оқырман, енді қияли әлемді тастап, бұл
диалогты критикалық ойлай алатын адам ретінде бағалай
аласыз. Бұл мысал арқылы неліктен
ғылыми әдіс ғылымда
тиімді тәсіл болып табылатындығы сізге белгілі болады.
Ғылыми әдістің көмегімен ғалымдар зерттеу барысындағы
көптеген күмәндарды сейілте алады. Алайда, барлық
күмәндарды жою мен гипотезаны алға жылжытатын
дәлелдердің өзі бұл ғылыми зерттеудің нақты соңғы
нәтижесі дегенді білдірмейді. Мысалы, барлық күмәндар
сейілген соң, «Бәрекелді!» дәрісі тиімді деген жайында
гипотеза дұрыс деп санағаннан кейін,
біраз жылдан соң
дәл сондай ғылыми әдіс арқылы берілген гипотезаны
жоққа шығаратын ғалымдар шығуы мүмкін. Яғни, ғылыми
зерттеу нәтижелері ешқашан соңғы болып табылмайды.
Ғылыми гипотезалар мәңгілікке
бекітілмейді. Өйткені, оны
жоққа шығаратын дәлел қашан болмасын, әйтеуір табылып
қалуы әбден мүмкін. Сондай-ақ, ғылыми гипотезаны
біржолата
жоққа шығару да мүмкін емес. Себебі,
қай кезде
болмасын гипотезаны дәлелдеп шығатын ғалым шығып
қалуы мүмкін.
Ғылыми жаңалықтар ашу тарихы ғылыми гипотеза
нақты соңғы болып қалмайтынын сирек болса да көрсетіп
отыр. Мысалы, 16-17ғғ. италияндық ғалым Галилео Галилей
өзінің бір сынағы бойынша ауыр зат жеңіл затқа қарағанда
тез құлайды деген Аристотелдің тұжырымдамасын жоққа
шығарды. Галилей Пиза мұнарасынан салмағы әртүрлі
125
екі шарды лақтырғаннан соң, екі
шар да жерге бір мезетте
түскенін ескеріп осындай қорытындыға келген екен.
Басқа мысал келтіретін болсақ, Жердің жазықтығы
туралы түсінік ежелгі халықтар мифінде кездессе, Ежелгі
Грекияда ғалымдар дәлелдеп шыққан. Бірақ, 15-16 ғғ.
италияндық теңізге жүзуші Кристофер Колумб, кейіннен
полшалық ғалым Николай Коперник бақылауларының
негізінде қарама-қайшылыққа
ұшырағандықтан бұл
гипотезаны жоққа шығарады. Колумб пен Коперник егерде
жер жазық болса, теңізде жүзіп келе жатқан кеменің барлық
бөлігі бірдей жылдамдықта көзден таса болуға тиіс деген
тұжырымдама жасайды. Алайда, бақылау кезінде олай
болмай шыққан. Егерде сіздің теңіз жағасында жүзіп бара
жатқан кемеге бақылау жасау мүмкіндігіңіз болса, (мысалы
Каспий теңізі) онда Сіз кеменің астыңғы бөлігі үстіңгі
бөлігіне қарағанда бұрынырақ көзден таса болатындығын
байқаған боларсыз. Мұндай бақылаудың нәтижесінде
Колумб пен Коперник Жер жазық болуы мүмкін
емес деген
тұжырымға келеді. Сонымен қатар, олар кеменің төменгі
бөлігі жоғарғы бөлігіне қарағанда бұрынырақ көзден таса
126
болатындығын ескере отырып, Жер домалақ болуы керек
тұжырымдамасын жасайды.
Ал, енді керісінше ойлап көрейікші. Егерде жер жазық
болса, жарық түзу сызықта қозғалып келе жатқандығына
орай кеменің төменгі бөлігі мен
жоғарғы бөлігі бір мезетте
көзден таса болатын еді. Ойланып көріңізші, егерде Жер
қалай болғанда да жазық болса, кеме теңіз жағалауында
бақылағандай болу үшін (кеменің астыңғы бөлігі үстіңгі
бөлігіне қарағанда бұрынырақ көзден таса болатындығы)
жарық қалай жылжуы керек еді? Жауап қарапайым: жарық
түзу емес, қисық және жоғары қарай ілінген болуы қажет.
Осы жағдайда, теңізде кетіп бара жатқан кеменің жоғары
бөлігіндегі жарыққа қарағанда
төменгі жағы теңізге
ертерек сіңіп, осы арқылы бұрынырақ көзден таса болады.
Яғни, Сіз жарық түзу емес, керісінше қисық және жоғары
сызық бойынша қозғалып келе жатқандығын тексеретін
болсаңыз, Жердің де жазық екендігін тексеруіңізге болады.
Бұл арқылы, адамдар жүздеген, мыңдаған жылдар
бойы сеніп келген ғылыми гипотезалар келесі бір ұрпақ
арқылы жоққа шығарылуы мүмкіндігін көруге болады.
Және де болашақта сіздің біреуіңіз құрметті Колумб пен
Коперниктің тұжырымдамаларын жоққа шығаратын басқа
да жаңа гипотеза ұсынуларыңыз әбден мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: