Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет3/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Атамекен 


Болдым ғашық туған дала, мен саған, 
Алыс жүрсем арманым сен аңсаған. 
Жақын жүрсем мен төріңде жәннаттың, 
Алтын діңгек — өзім туған босағам, — 
деп туған даласын беріле жырлаған ақыңды құдайсыз деп айта 
алмайсың. Табиғатты сүюдің, оны өзгеше жырлаудың өзі Ал-
лаға тағзым, Жаратқан иеге риясыз  құлшылық.  Қасымның та-
биғатты бірлікте алып «туған дала» деуінің өзінде: «Алла — бір, 
пайғамбар хақ», — деген мұсылмандық атойлап тұр. О дүниенің 
амалын кім біліпті, бұл дүниенің жәннаты — «алтын діңгек — 
өзі туған босағасы». 
Талантты  қазақ ақыны Ғалым Жайлыбай: «Жырдан басқа 
ақынның жиғаны жоқ, жияр еді тағдыры  қинады көп. Ақыны 
бар ауылдың аруағы бар, ақыны жоқ ауылдың иманы жоқ...» — 
деп шегелеп тастайды. Небір бұлбұл көмей, темір жақ шайыр-
лар Аллаға мадақ жырын арнаған.  Ұлы Абай: «Алланың өзі де 
рас, сөзі де рас. Рас сөз еш уақытта жалған болмас», — деп 
тегін толғамаған. Табиғатты жырлау — Жаратқанға мадақ. Ма-
дақ жыр  қазақ сөз өнерінде жетерлік. Белгілі ақын Сабырхан 
Асанов былайша толғанады: 
О, дала, дала сенің кеңдігіңді, 
Ер жетіп тентек балаң енді білді. 
Көз салсам, қуанғаннан кеудем менің 
Түңіліктей желпілдейді желді күңгі... 
Киіз үйді мұражайдан көріп жүрген «қазіргілер» бұл жол-
дардың көркемдігіне ден  қоя алсың ба? Туған даласын жырға 
қоспаған ақындар кемде-кем.  Қалам  ұстағандар атамекенін 
жырлаудан еш жалыққан емес. Сыршыл ақын Сәкен: «Арқа-
ның кербез сұлу Көкшетауы, дамылсыз сұлу бетін жуған жау-
ын. Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп, жүреді біліп кетіп 
есен-сауын...» — деп сұлу сөзбен суреттемей ме жер жәннаты 
Көкшені. Ғажайып ақын Мағжан және төгіледі дала дегенде: 
Кең дала көресің ғой, ана жатқан, 
Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан. 
Асқар тау, балдай тәтті сулары бар, 
Әне, сол, анам еді мені тапқан... 
Атамекен даласын сөз ұстасы Мағжан анасынан да жоғары 
қояды. Ал  Қадыр Мырзалиев: 
Уа, далам! Кеңдігіңе тамсандым кеп, 
Айта алман бәрін жазып тауыса алдым деп. 

Сен - алып пластинка дөңгеленген, 
Инең боп тұрады ылғи ән салғым кеп, — 
деп дөп басады. Жұмыр басты пенде біле-білсе өз туған дала-
сының төлі. 
Төбемде бұлттар жарысты, 
Төменде оттар жанады. 
Одан ұшқан әр ұшқын 
Көкірегіме қонады. 
Бұлақ-мезгіл сырғыса, 
Мен тамырға тараймын. 
Сынып түссе бір бұта, 
Қабырғама  қараймын. 
Уа, туған жер, шүкірсің! 
Топырағыңа киелі 
Бір есуас түкірсе 
Ол бетіме тиеді. 
Бұл жолдар Жұмекен Нәжімеденовтің жүрегінен шыққан. 
Өлеңді  қаламмен  қайырмалап, жүрегінен өткізіп жазатын 
ақын ғана осылайша  қиыстырады ойлы жырды. Өлеңде азда-
ған кібіртік бар, ырғақ-ұйқасы есіліп тұрған жоқ. Ал, бірақ, ой 
басым, тіке жүрекке  ұрады.  Құтты  қара шаңырақ Жер-Анаға 
мұрын шүйірген жетесізге кіжінуі басым ақынның. Бір бұтақ 
сынып түссе,  қабырғасы шытынағандай болады. Киелі, 
қасиетті топыраққа бір есуас түкірсе, ақынның бетіне тигендей 
болады екен. 
Керек пе саған өлең? Бітеу көкірек, тоғышар томырықтанып 
қолын бір-ақ сілтейді. Оларға салса, ақындық — еріккеннің ермегі! 
Табиғат — сұлулық жиынтығы. Оған сұқтанатындар баршы-
лық, аялайтындар шамалы. Кезінде ақындар туған жерін беріле 
жырлады. Туған жеріне деген махаббатын жүрегінен шығарып 
төкті ақ қағазға. Үздіге, емірене жырлады ата қонысты. Арынды 
да алымды Әбділда Тәжібаевтің туған жеріне — Сырына арнаған 
өлеңдері қандай десеңші! «Сыр жырлары» деп аталатын еді. 
...Көп жылдармен өткізген соң арасын, 
Туған жерге оралып бір барасың... 
Әрі қарай оқиық. 
...Босайды екен көңілің, 
Туған жерге келгенде. 
Көрініп тұр жып-жылы, 
Көп тырнаған шеңгел де... 



Одан әрі тарлан ақын Сырға шомылғанын өлең жолына 
түсіреді: 
Қосып Сырға сағынышын ақынның, 
Жүзіп келе, жүзіп келе жатырмын. 
Жастан калған әдеті ғой баланың 
Ылай суды жұтып-жұтып аламын. 
Қашанғы  қонақжайлық пейілмен Әбділданы ауылдастары 
құс атып келуге бастап шығады. 
— Құс аулауға шығамысың? 
— Шығамын. 
— Атқаныңды жығамысың? 
— Жығамын. 
— Мә, мылтығым, атамысың? 
— Атамын. 
— Сен атып қайт, мен демалып жатамын. 
— Құсың  қайда,  қарағым-ау? 
— Атпадым. 
— Таппадың ба тоғайдан құс? 
— Таппадым. 
— Көп еді ғой көлде құс... 
— Көп екен. 
— Неге атпадың? 
— Түк дәлелім жоқ екен. 
— Атуға сен қимадың ба? 
— Қимадым. Туған жердің құстарын да сыйладым. 
Өлеңнің пішіні  қарабайыр. Ауызекі сөз мәтіні. Ақынның ай-
тайын дегені туған жеріне деген махаббаты емес пе. Мергеннің 
оғыңдай нысанаға дәл тигізген жоқ па. «Туған жердің  құстарын 
да сыйладым». Осылай деп кез-келген адам айтуға тиісті. Алайда 
Әбділда ақынның қиыстыруы, айтары жоқ, өзгеше-ау! Бәрінен де 
бұрын туған Сырына деген махаббатын айтсаңшы. 
Қазақ халқының ақынжанды, шетінен ақын келетіні дала-
сының кеңдігі десек те, ата  қоныстың ата-бабамызға тым  қым-
батқа түскенін әркез  қаперде  ұстауымыз керек. 
Жас дос! Есіңде жүрсін, жыр жазу тоқталған күні ақырза-
ман келеді. Ақындарды дана демей-ақ  қой, шала дей көрме. 
Көркем сөз  Құран сүресіндей өміршең. Адам баласымен бірге 
жасайды. Халық ақыл-ойының  қазынасы — ежелгі әдебиеттің 
үлгілері  қандай! Ежелгі әдебиет өкілдерінің асылдың сыны-
ғыңдай, бастаудың тұнығындай айшықты жырларын оқығанда 
құр атқа мінгендей көңіліңе жел бітерін  қайтерсің! Ерте дәуір 
жыраулары туған жерін, ата  қонысын мадақтады. Табиғаттың 
ұлылығын паш етті.  Қарға бойлы  Қазтуған: 

Алаң да алаң, алаң жұрт, 
Ағала ордам қонған жұрт. 
Кіндігімді кескен жұрт, 
Кір-қонымды жуған жұрт. 
Жабағылы жас тайлақ, 
Жардай атан болған жер. 
Жатып қалған бір тоқты, 
Жайылып мың қой болған жер. 
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас, 
Балығы көлге жылқы жаптырмас. 
Қайран менің Еділім! 
Міне, туған жердің кереметі! Сол кереметін келістіре жыр-
лаған  Қазтуғанды ақындардың пірі деп танып, ескерткіш ор-
натсақ артық па?! 
Одан берідегі Махамбет: «Еділдің бойы ен тоғай, ел  қон-
дырсам деп едім, жағалай жатқан сол жерге, мал толтырсам 
деп едім...» — деп шыбын жаны шырқырап өтпеді ме өмірден. 
Бүгінгі ақындар не дейді? Озғын жыр бар ма? Даланы 
жырлаудың орнына  қаласын мадақтап кеткен жоқ па?! Кешегі 
Қазтуған мен Махамбеттің ізбасары — туған елінің жоқшысы 
Сәкен мен Мағжанның, Әбділданың мұрагері — орта буын 
өкілі Ғалым Жайлыбайды тыңдап көрелік. «Бозкөл. Бабалар 
қорымы» өлеңінен үзінді: 
Қарауытып  қасиетті  қара обалар, 
Төмпешіктер, зираттар, сағаналар. 
Мінәжат қып басына барған сайын 
Қабақтүйіп  қарайды маған олар... 
Неге  қабақ түйіп  қарайды? Жазықтымыз ба бабалар аруа-
ғына? 
...Кеудемізге кермектеу күн  қамалып, 
Дінсіз елден безді ғой иман анық. 
Айдын шалқар Бозкөлді іздеп едім, 
Таппай қайттым аяқты миға малып. 
Мансұқ еттік туғалы бұйырмасты, 
Өлең достым ақиқат күйімді ашты. 
Тауларынан Арқаның арқар ауып, 
Сағым емес, алдымнан кұйын  қашты. 
Бүгінде тау еркелері арқар да таусылып бітуге жақын. 



Заман аумалы-төкпелі. Тыншу кезең, ұзаса — елу-алпыс жыл. 
Тіршіліктің мәні  қозғалыста.  Қозғалыс бар жерде аударыс-
төңкеріс болады. Өйтпесе іркінді судай тіршіліктен мән кетеді. 
Ерте замандардан келе жатқан «Жер жады» деген сөз бар. 
Осының мәнісі неде? Айрықша сезімтал, жер  қасиетін бағалай 
білетін, туған топырағының  қасиетін бойына сіңіріп, содан 
жүрегін  қуаттандыратын жандар  қара  қордасынан кіндігін үзіп 
кетсе,  құсадан дертке шалдығып, жайы кетеді екен. Ондайлар 
батыр болса, туған жері үшін жанын пида еткен, ақын болса, 
зарлы өлең туындатқан. Жай ғана  қарапайым адамдар жат 
тұраққа көндіге алмай, туған даласының тау-тасын далдалап, 
тағылықпен өткізген ғұмырының денін.  Қар адамдары жер жа-
дыға  ұшырағандар болуы кәдік. 
Бүгінде жер жадылық сырқатына шалдыққандар арагідік 
ұшырасады. Әсіресе, өнер мен әдебиетте терең байқалады. Зар 
заман ақындары Шортанбай, Бұқар жырау, Ақтамберді, Ду-
латтар жер жадылық дертке шалдыққандар.  Қазақ даласы не 
көрмеді дейсің! 
Одан бергі кезендерде туған ел, өскен жер үшін нендей 
қасірет өтпеген  қазақ халқының басынан.  Қазақ даласына көз 
алартқан дұшпан аз болмаған.  Қалмақ шапқыншылығын той-
тарып, енді-енді ес жия бастағанда,  қара шекпенділер, кержақ-
тар  қаптады.  Қазақтың соңғы ханы Кенесары орыс отарлау-
шыларымен он жыл шайқасты. Сол жолда мерт болды. Ресей 
империясының билеушілері ойып-ойып жерді алды, отарлап 
елді алды. Би-болыстарды шен-шекпенге дәніктірген патша 
үкіметі  қара халықты  құнарлы жерден айырды.  Ұлтжанды, 
бұқарашыл ақын Мағжан: «Айрылып марал, киік елігінен, 
Кекшенің тас жүрегі жаралы да...» — деп тегін жырламаған. 
10 
Жер жадылық - тәтті дерт. Сағынышқа түрткі, мұңға се-
бепкер. Адам баласы сағыныш пен мұңнан айырылған жерде 
бәрінен де айырылмақшы. Кіндік  қаның тамған  қара  қорданы, 
ауылыңды сағынудың өзі бір ғанибет. Мұңға батып, туған да-
лаңды көз алдыңнан өткізгенде сені бір шабыт  қыспай ма. 
Сонда жыр шумақтары төгіледі ақ қағазға. Ақындықтың керек 
жері осы тұс. Бүгінгілер даланың  ұлылығын сезіне ме? Жер 
қасиетін мойындап, туған даласына тәңірдей табына ма? Элек-
тронды  құралдармен жаппай әуестену, компьютермен шұғыл-
дану — өмір талабы. Онсыз ісің оңғарылмайды. Табиғат сыры-
на үңіліп, оның тілін біліп, тереңіне бойлау бәрінен де абзал. 
Табиғаттың сұлулығын жалаң  қызықтау —  құрғақ әсіре. Оны 
сүйе білу керек. Дала жүрегінің дүрсіліне  құлақ тосқанда, 
тілмен айтып жеткізгісіз сырға  қанығасың. Өзіңнің ет жүректі 
адам екеніңді анық сезініп, жан дүниеңді даланың сары сама-
лы желпиді. Бұлақтың сылқ-сылқ күлкісі, көк кұрақтың сыб-
дыры, жалбыздың хош исі көкірегіңе  құйылып, жан дүниең 
жуған шыттай өңейіп жасаңсиды. 
Ойлан, дос! Сен көріп жатқан игіліктердің бәрі жердің 
өнімі. Жерден алынған. Жаратушы жалғыз Алла жердің бар 
байлығын саған бұйыртқан. Адамдарға еншілеп берген. Біле 
білсең, табиғат сенің екінші анаң. Табиғаттан кіндігін үзгендер 
ана көрмей жетім өскен бала сықылды. Ондай жандардың 
жүрегінде мейірім аздау келеді. Ізгіліктен тыс қалады. 
Жас дос! Артық кетсем кешіргін. Табиғатты, туған дала-
сын — атамекенін ардақтаған жанның екі дүниеде жүзі жарық 
болады. Оның мәнісі — арың таза, адамшылық қасиетің артады 
дегендік. 
Шындық-Алладан соң табиғат. Төңкерілген көк аспан, 
жымың-жымың еткен жұлдыздар, Ай мен Күн, жер бетіндегі 
жанды-жансыз — бәрі-бәрі жаратылыс байлығы. 
Бабаларымыздың табиғатқа  қатынасы  қандай болған? 
Адам да табиғаттың бөлшегі.  Құранда айтылады, адам топы-
рақтан жаралған. Әдемі  қисын. Жұмыр бастылар, біздер таби-
ғаттан шыққанбыз. Соның кең  құрсағының өнігіміз. Осыған 
қарапайым дәлелді мына бір  қисыннан табамыз. Үлкендер: 
«Табиғаты таза», - дейді  қылаусыз адал адамды. Шынайы 
шыншыл пенденің табиғаты, ішкі дүниесі, жан сарайы таза бо-
лады. Ондай пәк кісі не болса соған  ұрынбай, өзін табиғаттай 
таза  ұстайды. Харам астан жиіркенгенде, біреуден біреу бой 
тартқанда: «Табиғатым тартпайды, жүрегім  қаламайды соны», 
- деп адалын айтады. Мұнда кең  ұғым, терең астар бар. 
Жүрегіңді кір шалса, адами  қасиетіңе көлеңке түседі. Жүрек 
11 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет