Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет5/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

II. АҢ МЕН ҚҰС 
Құс 
рек. Жүрек үйлесімі болмаса, он жерден жаққан отың  қызу-
лы келгенімен, жаныңның шуағы мен көңіліңнің кеңдігі 
кемшін түсіп жатады. Сондайда жүрек отының маздағаны ке-
рек. Оны маздатудың әдісі — тамызыққа тиемел. Жам отын-
ның жеңіл түрлері тамызыққа жатады. Ағаштан дайындалған 
отын «тамызық» делінеді. Тамызықсыз отын тұтана  қоймайды. 
Пеш те қызбайды.  Қи мен көмір күш алып жану үшін тамызық 
(ағаш  қиындысы,  қағаз  қалдығы мен тал бұтағы,  қу ағаш) ке-
рек. Тамызық — отынның тез жанатын жеңіл түріне жатады. 
Қарғыстың ең жаманы — «отың жанбай  қалсын!» Оттың 
өшуі өмір сүрудің тоқырауына әкеп соғады.  Қазақ халқының 
наным-сенімінде отпен аластау күні бүгінге дейін үзілмей 
келеді. Отта  қасиет барын халқымыз ертеден білген. Отынды 
от жағу үшін жиясың. От — өмір өзегі,  қараңғыны жарық 
қылады, жан-жағына сәуле шашады. Және  қуат көзі, бойды 
жылытады, тамақ пісіресің. Өсер жасты «жүрегінің оты бар 
азамат» деп, шешендерді «от ауызды, орақ тілді» деп айтпас 
еді. Жігерлі жасты «көзінде оты бар» деп танымас еді. 
От бір жағынан  қауіпті. Содан да үлкендер балаға «отпен 
ойнама» деп әркез ескертіп отырады. Өршісе жалынға, өртке 
айналады. «Өрт — тілсіз жау» делінеді. Айғайға аттан қосатын-
дарды «жүрген жеріне от салып жүреді» деп түршігеді 
көпшілік. Отын жанғанда маздайды. Маздақ сөзі оттың маздап 
жануынан туындаған. Маздап жанған отты  қоршап, әңгіме-
дүкен құрған да бір ғанибет. Ертеде сіріңке-шақпақтың тапшы 
кезінде, біреуден біреу  қоламтаға көмген шала сұрай келеді 
екен.  Қоламтадағы сөнбеген шоқты «шала» дейді. «Отқа бар-
ған  қатынның отыз ауыз сөзі бар» деген мәтел содан  қалған. 
Жаңа түскен келінді көрші-қолаң есік ашарға (үйді көрсетуге) 
шақырғанда, жас келін  қолына бірдеңе (көйлек, орамал)  ұстай 
келеді. Оны ырымдап «отқа салар» дейді. 
Ертеден бабаларымыз отты  қастер тұтқан. Оны біржақты 
отқа табыну деп  ұқпау керек. Ерте замандарда, адамдардың 
сәбилік санадан оза алмаған  қорғансыз кезінде отты  құтқару-
шы деп бағалаған ғой. Отпен аластау арқылы түрлі індеттің 
(шешек, оба, топалаң) таралуының алдын алған. Көзімізбен 
көрдік. Күні кешеге дейін  қыстаудан жайлауға көшерде 
әкелеріміз отарды екі оттың арасынан өткізетін. 
От жан-жағына сәуле шашады. Адамдар жанған от тәрізді, 
төңірегіне жылу таратады. Жүрегінің оты бар  қызулы адамның 
жан шуағы мол болады. Ол неден? Адамшылық тамызығының 
қызулы болуынан. Санаға түскен сәуленің күштілігінен туын-
дайтын өзгеше озғын қасиет. 
22 
Құс  қанатымен  ұшады,  құйрығымен  қонады, тамағына бола 
тырбанады. Тырбаныстары жұмыр бастыларға үлгі.  Құстың да 
сүйкімдісі мен сұмырай- сұрқылтайы бар. Бұлбұл сайрайды. Аққу 
сыңсиды. Сауысқан шықылықтайды.  Қарға  қарқылдайды. Торғай 
шырылдайды. Тарғақ тарқылдайды. 
Сауысқан шықылықтап бұлбұл болмас, 
Жабыны жемдегенмен дүлдүл болмас. 
Жаманмен мың күн бірге жүргеніңше, 
Жақсымен болған жақсы бір күн жолдас... 
Халқымыздың баға жетпес асылы тілі болғанда, ана 
тіліміздің шұрайы табиғаттағы жанды-жансыздың атаулары-
мен  құлпырып, ажарлана түседі.  Қазақтың байырғы  қара 
өлеңінен бастап, жыр-дастанда  ұшқан  құс, жүгірген аңды адам 
өмірімен байланыстыра жырлау — ұрпақ тәрбиесіне септеседі. 
Жапалақ жалпылдайды жар басында, 
Немене жоқтың күні бар қасында. 
Дос болып, қас болғаннан сақта құдай, 
Қасқыр да қас қылмайды жолдасына. 
Жіліктеп талдау артық. Бір ауыз өлеңге бәрі сыйып тұр. 
Бүркітті «жалпылдайды жар басында» десе нанымсыз шығар 
еді. Халықтық жыр-толғаулар аң-құстың  қасиетін дөп басуы-
мен құнды. 
Дегенде қатқан шұбар, қатқан шұбар, 
Мейізді жан қалтадан татқан шығар. 
Ақ сұңқардың қасынан ұшып кетіп, 
Қойнында жапалақтың жатқан шығар. 
Бұл өлең бәрін өзі айтып тұр. 
Ана баласын «балапаным» дейді. Халықтық педагогиканың 
бастау көзі мынада: «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің». 
Бала отбасында көргенінен, ата-анасынан  ұққанынан тәлім 
алады. 
Халық  құсты кие тұтады. Жігіт сүйгеніне  қосылып, отау 
құрғаңда: «Қолыңа  қондырған  құсың  құтты болсын», — дейді. 
23 


"Қалыңдықты кәдімгі түз  құстары - сұңқар, жағалтай, би-
дайыққа балаған.  Құсты  қолға  қондыру  құсбегілер үшін 
оңайға түспейді. Жар таңдау, ғашық болған сұлуды жүрек 
еркіне бағындыру - тәңір сыйы. Жігіт сүйгеніне  қосыла алма-
ғанда: «Бидайыққа лайық  қарағым-ай, бөктергіге  қор болып 
барасың ба?» — деп шерленеді. 
Халық өнерлі жасты, керім сұлулар мен сері жігітті  құс 
тектісі лашын, бидайық, тұйғын, тұрымтай,  қаршыға, ителгі -
сұңқар тектес  құстарға балаған. «Аққудай еркем,  қол жетпес 
көркем» деп төгіледі жігіт сүйгеніне. Аққу - сұлулықтың, 
пәктіктің үлгісі. Махаббаттың жиынтығы. Аққуды атпайды, 
керек десең, шошытудың өзі дөрекілікке жатады. 
Қазақ  қыздарын аққудай ардақтап, басынан  құс  ұшырма-
ған. Сөйткен аққу  қыздар бүгінде неге  қорғансыз? Айтуға 
ауыз бармайды, іштен тынасың. Еуропадан, Батыстан басталғ-
ан жыныстық дүмпу (революция) бізге де жетгі. Аққу  қызда-
рымызды  қорғайтын намыстылар шықсын. Отан  қалай  қорғал-
са, аққу  қыздарымыз да солай  қорғалсын. «Қыздың ары -
елдің ары, біліп қой, қыз қорғаған нағыз қайсар жігіт қой!» 
Аққулар сұлулық төресі болғанда, бозторғай мен  қызғыш 
мұңлық саналған. Біреуі даласын жырлап шырылдаса, екіншісі 
көл жоқшысы атанған.  Қарлығаш - дәнекерші, тілекші адам-
дарға. Көгершін - жақсылық пен бейбітшілік жаршысы. Боқ 
шоқыған  қарға да зиянсыз. Үйрек те сүйкімді. «Үйректің 
ұшқыр келер  қасқалдағы, жалғыздың жары  құдай сасқандағы». 
Құстарды  қай халық болмасын тіршілік дәнекершісі деп 
білген.  Қанаттылардың күнкөріс машығы жас  ұрпаққа үлгі. 
Ертегі-аңыздардың бас кейіпкерлері  құстар болып келеді.  Қай-
ырымды адамды «қанатымен су сепкен  қарлығаштай» деп жан 
тартамыз.  Қанағаты жоқ ынсапсызды «боқ шоқыған  қарғадай 
тойымсыз» деп жек көреміз. Әлбетте, сол  қарғаңыз да жақсы-
лыққа үңдейді адамдарды. Бір-бірімен үйірсек, топталып жүреді. 
Содан да «қарға тамырлы қазақтың баласымыз» деген сөз халық 
аузынан түспейді. Шығыс аңызының бірінде он сегіз мың ғалам 
жиналып: «Не жақсы, не жаман» десіп мәжіліс  құрған екен 
дейді. Сонда бәрі бір ауыздан «боқ жаман» десіпті. Ағаштың 
ұшар басына  қонақтаған  қарға: «Бәрінен де жоқ жаман, жоқ 
жаман», - деп сұңқылдапты. Халық  құстар тірлігінен ғибрат 
алып ой түйген. «Бүркіт  қартайса, тышқаншы келер», «Тырна-
дан  қарауыл  қойсаң, төбеңнен  қиқу кетпес», «Бөдененің үйі 
жоқ, қайда жүрсе бытпылдық», «Қыран қазасы қияда». Бөденені 
мысалға алғаны - кейбір сыбай-салтаң бас  құрауға  құлықсыз 
«серілерді» бас құрап, отау шығуға үгіттегені. 
24 
Құстың  ұясын бұзу  қылмысқа саналған. Барып тұрған 
қатыгездікке жатқызылған. Біреудің отының басына лаң са-
лып, сүттей  ұйыған жұбайлық тірліктеріне сұғынған аусарды 
«ұя бұзар» деп сыншыл  қарттар жек көрген. «Ұя бұзар» аусар-
ларды «сідік масы», «сары теке соққан» деп иттің  қара тұмсы-
ғындай көрген. Жігітшілікке салынып, былапыт, жаман 
жүріспен бойына мерез жұқтырғандар  ұрпақсыз  қалған. 
Құстың үнінен әсерлі не бар?! Ең тәтті дыбыс құстарда бо-
лады. Жағымсыз үнділері де жетерлік. Торғайдың бір түрі -
тақтақ. Үнемі бір сарынмен «тақ-тақ» деп мезі  қылады. Жат-
танды сөзімен елді ығыр ететіндерді «тақтақша тақылдамай 
жөніңе отыршы» деп тыйып тастайды үлкендер. Сол тақтақ 
«ақ көт торғай» деп те аталады. Үні  қандай сүйкімсіз болса, 
ұшып-қонғаны да көзге оғаш көрінеді. Сыншыл  қарттар 
екісөзділерді «ақ көт торғайша  қылп-қылп еткеніңді  қойшы» 
деп тыйып жатады. 
Торғайдың тағы бір түрі «жорға торғай» делінеді. Үнемі се-
кек-секек етіп алдыңа түсіп алып, жорғаландай жөнелетін ал-
дамшы  қимылына бола «бұққыш торғай» атанған. Кейбіреу 
осы жорғалақтың әдетіне басып, ісі түскен адамның алдында 
жарамсақтанып әлекке түседі. Сондайларға сыншыл көздер: 
«Уай, жарқыным, бұққыш торғайша әлекке түспей, бірауық 
бойыңды көрсетсеңші», - деп әккілігін бетіне басады. 
Жүріс-тұрысы сөлекет оралымсыздарды,  құр ішіп-жегенге 
мәз тоғышарды: «Өлексеге үймелеген күшігендей», - деп 
кекейді. Мақтаншақ,  құрғақ білгірді: «Өз атын шақырған 
көкек», - деп жек көреді атам  қазақ. Кейбір «құрыдық-жой-
ылдыққа» басқан аттанқұмарды: «Құзғынша сұңқылдап жаман 
ырымға бастамашы», - деп шенейді батагөй  қарттар. 
Тұғырдағы бүркіт мезгілсіз шақырса,  ұяласының даусын 
естігені.  Қарғалар топталып мазасызданса, күннің суытайын 
дегені.  Қызғыш сыңсуын үдетсе, көл жағалауынан береке 
кеткені.  Қыран шаңқылдаса, тоят тілегені. Сауысқан шықы-
лықтаса,  қан көргені, ауыл маңына ит-құстың келгенінің 
белгісі. Тарғақ тарқылдаса,  ұясын жыланға алдырғаны.  Ұя ба-
сар  құс мезгілсіз  ұшып, дыбыс шығарса,  ұясының бұзылғаны. 
Қара торғайлар топталып  ұшса, шегірткенің  қаптағаны. Аққу 
сыңсыса, сыңарынан айырылғаны. Сарыала  қаз байбаламдаса, 
балапандарынан көз жазып  қалғаны. Көгершіндер бөбесектесе 
/үн тастаса/, халыққа тоқшылықтың келгені.  Қарлығаштар 
ауылға оралса, елге тыныштықтың орнағаны.  Қырандар 
биіктеп  ұшса, ел ағаларының мәртебесі жоғарылайды. Үкі 
әупілдесе, көктем берекелі, жаз мерекелі болады. Үйректер 
25 


сымпылдап  ұшса, өзен-көлдің суы молаяды.  Қарға  қарқылда-
са, жалғызсырағаны. 
Құстар адамдардың жақын досы.  Құстарға еліктеп, олар-
дан да биік  ұшатын болдық. Сөйтіп,  қанаттыларға  қыр 
көрсететінді шығардық, мылтық кезедік. Соның салдарынан 
адал құс ырымға қалмай барады. 
Алла - абзал. Адамдарға да  қанат берген. Ақыл-ой  қанаты, 
қиял  қанаты, арман  қанаты, сағыныш пен мұнда да  қанат бар. 
Бұған дәлел - адам  қиялының  ұшқырлығы. Адам арманмен, 
қиялмен  қанаттанады. Армансыз,  қиялсыз адам  қанатсыз  құс 
сияқты болады. Еңбегімен елге танылып, ғылымда, өнерде оз-
ғын жаңалық ашқандарды  қанатсыз деп кім айтады?!  Ұядан 
қанаттанып  ұшқан  ұланды биікке самғатып  ұшыру - ата-ана-
ның, ел-жұрттың міндеті. Үкіметтің басты мақсаты да жастар 
тәрбиесі. Отан-ананың, халықтың  қамқорлығын жастар баға-
лай білулері керек. Жас адамның бойындағы ең жаман  қасиет 
— масылдық. 
Жас дос! Жаратушы ие саған да, бәрімізге де қанат сыйлаған. 
Жай ғана қанат емес, пәрменді қанат. Сол артықшылықты пайда-
лана білу өз қолыңда. Бойдағы жігер, намыс, ар-ұят, төзім, ерлік, 
жақсылыққа жаршы болу, мәрттік - бәрі-бәрі сенің қанатыңның 
қауырсындары. Сен сол «қауырсындарды» жетілдіріп, биіктеп 
ұшуға талпыныс жасасаң ғана саған қанат біткені. 
Нағыз жетілген  қанат - Арман! Арманың биік болса, 
қанатың тез жетіледі. Арман алдыға  қойған мақсат-мұратпен 
ерекшеленеді. Мақсатсыз, бағыт-бағдарсыз өмір сүру - арман-
ды жоғалтып алуға апарып соқтырады. Ақын болсам ғой, 
ғалым болсам ғой, әкім болсам ғой деп көрпені басыңа 
бүркеніп алып  қиялдау -  құрғақ арманға жатады. 
Аң 
«Қойдың иесі болса, бәрінің тәңірісі бар». Аң мен  құс, 
қыбырлаған жәндік атаулы жаратылыстың ыңғайымен тырба-
нады. Табиғат заңына бағынады. Иесі - Жаратушы ие.  Қас-
қырды  қорқау  қылып жаратқан. Тіс берген, күш берген. Егер 
қасқыр жуасып, итке айналса, онда оның жаратылыс заңына 
көндігіп, икемделе алмағаны. Жер бетінен жойылып,  құрып 
кетеді. Бабаларымыз аңдарды ес көрген. Керек десеңіз, со-
ларға еліктеген. Аңдардың тіршілік ету дағдысы мен амалынан 
үлгі алған. Түркі халықтарының тегі көк бөрі деген аңыз бар. 
Жетім баланы  қасқыр асыраған. Ит тиген баланы  қасқырдың 
26 
өтімен емдеу дағдысы күні бүгінге дейін жалғасып келеді. 
Қазақ атам бетті, жау түсіргіш  қайсар азаматты «Ой, көкжа-
лым-ау сол!» деп көтермелейді.  Қасқыр екеш  қасқыр да досқа 
опалы. «Дос болып  қас болғаннан сақта кұдай,  қасқыр да  қас 
қылмайды жолдасына» делінетін өлең жолдары соған дәлел. 
«Бөрі азығы мен ер азығы жолда» деп тегін айтылмаған. 
Әйткенмен де,  қасқырдың  қандыезу бөрілігін бабаларымыз 
қош көрмеген. Түсі суық, көмейі кең тойымсызды  қасқыр бет, 
қасқыр ауыз деп жаратпаған. Халық жырларында аң патшасы 
арыстан мен жолбарыс беттілік пен  қайсарлық үлгісі ретінде 
алынады. 
Қол бастаған батырларды «арыстандай айбатты, жолбары-
стай қайратгы» деп мадақтаған. Қазақтың жауынгер ақыны Қасым 
Аманжолов майдаңдас серігі Абдолланың қазасына /1941 ж./ ар-
нап жазған дастанында «Жүрегін бер жолбарыстың, ашуын 
бер арыстанның, бүкіл әлем ашу-кегі орна келіп жүрегіме...» 
деп шамырқанысты жырды төгіп-төгіп жібереді. 
Епетейсіз бірбет нойысты «аю» дейтін әдет бар. «Аюдың 
алжығаны тасқа шығып кетеді» деген мақалды халық кәрілікке 
қарата айтқан.  Қарттық та сын, өз шамасына  қарамайтынға 
тоқтам. Кейде «Борсық  ұрған сайын семіреді» деген мәтел 
аузымыздан шығып кетеді. Айтса - сөз,  ұрса - таяқ 
өтпейтіндер борсық мәнзелдес болғаны ғой. 
Түлкі - жазықсыз түз тағысы. Бар кінәсі - «түгінен жаз-
ған». «Түлкі қүйрығына сенеді,  құбыл  қулығына сенеді». Тазы-
ны  құйрығымен алдап кететін түлкіні  қулыққа жеткізбейтін 
айлакерлерге теңейміз.  Қатар жүрген жолдасын дүниенің бо-
ғына бола алдап кететіндерді «түлкі  құйрық» дейміз. Түлкі -
сүйкімділік белгісі. Жас  қызды «түлкінің күшігіндей» деп іш 
тартамыз. Жездесі балдызына «Қарға аунаған түлкідей  құлпы-
расың, балдызым» деп еркелетеді. Кейбір екі сөйлейтіндерді 
«қарсақ жортақ, түлкі бұлаңға салмай, тікесіне көшсеңші» 
дейді сыншыл  қарттар. «Дәніккен  қарсақ  құлағымен ін  қаза-
ды» дегенге түсінік берудің  қажеті жоқ. Бойжеткенді «киіктің 
құралайындай» деп, сүйегі  ұсақ сүйкімді  қызды «киіктің асы-
ғындай» деп іш тартамыз. Кәдімгі бұғыны марал деп 
ерекшелейміз. Әйел затын тартымдылығына бола «ақ марал» 
дейтініміз жарасымды-ақ. Көзі шаралы аруды «құралай көз» 
деп, әдеміше бойжеткенді «еліктей» деп үздігеді жігіттер. 
Жылдың бір аты - Барыс. Ерте дәуірлерде ата-бабамыз ба-
рысты кие тұтқан. Бүгінде барыс  қайсарлықтың рәмізі ретінде 
елтаңба дәрежесінде. Барыс жылында ақсақалдар былайша 
тілек айтып жатады: 
27 


Шешендерім сөз бастады, 
Жүйріктерім ойқастады. 
Елбасымыз көш бастады 
Отыз жылға бағыт берді, 
Елді арнаға салып берді. 
Алатаудан Астанамды, 
Ақмолаға алып келді. 
Қанаттандық жігерленіп, 
Ақындарға шабыт келді. 
Нар тәуекел, үміт алда, 
Еңсереміз нарықты енді. 
Күшейеміз Барыс болып, 
Жалқаулықтан алыс қонып. 
Бәйге алады жүйріктерім, 
Аламанда, жарыста озып. 
Қара алтыным ақтарылып, 
Кенелеміз қарық болып. 
Ауыл қайта жанданады, мал басады маң даланы, 
Жаңаша үнмен жаңғырады, қазағымның арман-әні! 
Барыс мінез бұл қазағым, арыстан боп жалданады, 
Келер ғасыр біздің ғасыр, мүтін әлем таңданады 
Қош келіпсің, Барыс жылым! 
Қайтпас қайсар, жарықтығым. 
Қар жастанып, мұз төсеніп, 
Қиындықпен алысты кім? 
Жігерлімен табыстырар, 
Жалқаулықты намыс қылар. 
Бойкүйезді сергітетін, 
Үмітіміз барыс жылдан! 
Иә, Алла, осы жылда, қызу берші отыныма, 
Намысымды қамшылайтын, шабыт бер ақыныма. 
Басу айтар көпшілікке, сабыр бер ата, ұлына, 
Ұлтымыздың өскіндері, ұят берші ұл-қызыма. 
Нашақор, ішкіш етіп, есалаң жынды қылма. 
Халқымыздың ар-ұяты, қыздарға қылық берші, 
Ұятты алмадайын, бір-бірден үзіп берші. 
Ұйытқысы отбасының, әйелге төзім берші, 
Жарыңнан құдай қосқан, жатсырап, жерінбеші. 
Аналық жүрегіңмен,ертеңім, елім деші, 
Әр үйдің отағасы, еркекке ынсап берші. 
Шараптан аулақ жүріп, мейірімге сусап көрші! 
Жарың мен перзентіңе, күшіңді жұмсап көрші. 
28 
Иә, тәңірім, бұл жылымда, тауларымды жуалы ет, 
Шыбығымды шынар ет, қарттарымды дуалы ет. 
Дінге қырын шоқыншықты, Аллаға ынтық, құмар ет. 
Иә, Алла, бұл жылымда, жікшілдердің лаңынан сақта, 
Пәлебасының жалған ұранынан сақта. 
Қасқырдың тісінен сақта, жолсыздың ісінен сақта. 
Кәукілдектің үрісінен сақта, зымиянның күлкісінен сақта. 
Ұрының құрығынан сақта, 
Жемқордың былығынан сақта. 
Лаңкестің мылтығынан сақта, 
Ала көңілдің қылпуынан сақта. 
Өсекшінің сыпсыңынан сақта, 
Күншілдің сұқтығынан сақта. 
Текетойлының толғанынан сақта, 
Жаңа байығанның болғанынан сақта. 
Тыраштың кісілігінен сақта, 
Сырты сыздың іші білгенінен сақта. 
Жаны ашымастың нем кеттісінен сақта, 
Әсіренің жалғандығынан сақта. 
Барыс жылымыз берекелі, 
Әр күніміз мерекелі, 
Айларымыз ажарлы, 
Әр сағатымыз базарлы, 
Жазымыз жаңбырлы, 
Тойымыз ән-жырлы, 
Малымыз төлді, 
Сойысымыз шелді, 
Өрісіміз малды, 
Азаматымыз арлы болғай-ақ! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет