Осы шақтық есімше дейміз – осы шақта істеп тұрғанды
көрсеткенде, мәселен: өлең айтушы, бие сауушы, құдық
қазушы деген сияқты сөздер.
Өткен шақтық есімше дейміз – бұрын істелген істі
көрсететін іс түрін. Мәселен, өлең айтқан, бие сауған, құдық
қазған дегендегі «айтқан», «сауған», «қазған» деген сияқты
сөздер өткен шақтық есімше болады.
Ұйғарынды есімше дейміз – істеуге ұйғарылған істі көрсету
үшін айтылатын сөз түрін. Мәселен, жазатын хат, сөйлейтін
сөз, көретін көз дегендегі «жазатын», «сөйлейтін», «көретін»
деген сияқты сөздер ұйғарынды есімше болады.
Есімшеге есімдер сияқты жалғаулар да, етістіктер сияқты
жіктеулер де жалғанады. Жіктегенде де есімдерше жіктеледі.
Әуелі есімдерше өзгертіп, сонан соң етістікше өзгертіп
қарайық.
186
Достарыңызбен бөлісу: |