Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет117/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

Дағдыландыру. Мұндағы көрсетілгеннен басқа сынаулық 
үстеу орнына жүретін атаушы сөздер тапқызып жаздыру.
3. ӨЛШЕУЛІК ҮСТЕУ
Өлшеулік үстеу дейміз – сынның я істің шамасын көрсететін 
сөздерді. Өлшеулік үстеу болатын зат есім, сын есім, сан есім, 
есімдік,  етістік  сөздер.  Бұлардын  да  үстеу  екен-еместігін 
сұраудан айырамыз. Өлшеулік үстеу сұраулары: қаншанеше 
есе? Осы сұрауларға жауап болмаған сөз өлшеулік үстеу бол-
майды.


196
Түске  шейін  ұйықтады,  кешке  дейін  жатты,  ауылға  шейін 
қуды  дейміз.  «Түске  шейін»,  «кешке  дейін»,  «ауылға  шейін» 
деген сөздер қанша? деп сұрағанға жауап болады, (ұйықтады 
қанша?  –  түске  шейін,  жатты  қанша?  –  кешке  дейін,  қуды 
қанша?  –  ауылға  шейін).  Бұлар  үстеу  орнындағы  зат  есім 
сөздер.
Аз берді, көп алды дейміз. «Аз», «көп» деген сөздер қанша? 
деп сұрағанға жауап болады, (берді қанша? – аз, алды қанша? – 
көп). Бұлар үстеу орнындағы сын есім сөздер. 
Екі есе артық, бес есе кем дейміз. «Екі есе», «бес есе» де-
ген сөздер неше есе? деп сұрағанға жауап болады, (артық неше 
есе? – екі есе, кем неше есе – бес есе). Бұлар үстеу орнындағы 
сан есім сөздер.
Сонша  әдемі,  мұнша  кешікті,  онша  шапшаң  емес  дейміз. 
«Сонша», «мұнша», «онша» деген сөздер қанша деп сұрағанға 
жауап болады (қанша әдемі? – сонша әдемі, кешікті қанша? – 
мұнша, шапшаң емес қанша? – онша).
Бұлар үстеу орнындағы есімдіктер.
Тойғанша  жеді,  қанғанша  ішті,  жеткенше  шапты 
«Тойғанша»,  «қанғанша»,  «жеткенше»  деген  сөздер  қанша? 
деп  сұрағанға  жауап  болады  (жеді  қанша?  –  тойғанша,  ішті 
қанша? – қанғанша, шапты қанша? – жеткенше).
 Бұлар үстеу орнындағы етістік сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет