Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет122/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   230
Байланысты:
Тіл-құрал

ОДАҒАЙ
Одағай дейміз – одағайланып, оңаша айтылатын сөздерді. 
Одағай  сөздер  қазақ  тілінде  көп.  Барша  шапшаң  болған  істі 
көрсету  үшін  айтылатын,  барша  шабыттау  үшін  айтылатын, 
барша жекіру, ақыру, тыйу, қайыру, тоқтату, басу, жұбату үшін 
айтылатын,  барша  қуаныш,  реніш,  кейістік,  уайым,  қайғы, 
күйінгенде, сүйінгенде, қорыққанда, шошығанда, танданғанда, 
тамсанғанда, жан я тән күйзелгенде, қиналғанда я рахаттанғанда 
айтылатын сөздер һәм шығатын дыбыстар – бәрі одағай бола-
ды. Солай болған соң да одағай бірнеше тапқа бөлінеді.
1.  Ілездік  одағай:  лап,  шап,  жұлт,  жалт,  зып,  сып,  дік, 
күмп, дүре, күрс, мырс, қалт, бырт, кірт, кілт, шақ, тақ, шық, 
зырқ, дүңк, caп, қып, жып уа ғаири осындай сөздер (лап етіп, 
шап етіп дегендегі сияқты).
2. Еліктеу одағайшыр-шыр! быр-быр! сықыр-сықыр, сыл-
дыр-сылдыр!  күлдір-күлдір!  былдыр-былдыр!  дыбыр-дыбыр! 
қарқ-қарқ! қаңқ-қаңқ! сұңқ-сұңқ! шық-шық, күмп-күмп, дүңк-
дүңк! пыс-пыс! уа ғайри сондай сөздер.
3. Шақырыс одағайАдамды шақырғанда әй! «аттан! Һәм 
ұран сөздер, һәр жүздің, һәр рудың, һәр атаның шақыратын өз 
ұрандары болғандықтан, қазақ ұран сөздері басқа-басқа. Бірақ 
қазақ біткеннің бәріне бірдей жалпы ұраны «Алаш!». Малды 
шақырғанда түйеге – күс-күс!, жылқыға – құру-құру!, сиырға – 
ау-қау!, қойға – пышайт-пышайт!, ешкіге – шөре-шөре-ау!, итті 
шақырғанда  –  ка-ка!,  көйт-көйт!,  құсты  шақырғанда  –  қайт-
кел!, мысықты шақырғанда – мыс-мыс!
Суға  шақырғанда,  түйеге  –  сорап-сорап,  жылқыға  ысқыр-
ғылайды,  сиырға  –  шәум-шәум!,  қойға  һәм  ешкіге  –  құрай-
құрай!, итке – күш-күш!, мысыққа – міш-міш!
Жекіргенде адамға – тек! тәйт! қой!, түйеге – шоқ, жылқыға 
– құрр! құрр!, сиырға – өк! өк!, қойға – шәйт! шәйт!, итке – 
кет!, мысыққа – бырс!
Мейіріммен я жұмсақ раймен айтқанда, адамға – қарағым!, 
өкпем!, сәулем!, жаным!, жүрегім!, қалқам!, қарашығым!, ай-
налайын!, садағаң кетейін!, құрбандығың болайын!
31
 
31
 Баланы бөпелегенде, үлкенге жалынғанда да осы сөздер айтылады.


201
Мал турасында түйеге – шөк, жануар, шөк!, жылқыға – құр, 
жануар, құр!, сиырға – әукім!, әукім!, қойға – қош, жануар!, итке 
– күшім!, күшім!, мысыққа – мышым!, мышым!; күйзелгенде
ух!, ах!, ай! (жаным-ай), қуанғанда: алақай!; рахаттанғанда
айқай-қай!, кейігенде: ой, тәңірі-ай! қойшы!; жақтырмағанда
апырым-ау!,  жаным-ау!,  жарықтық-ау!,  шіркін-ау!,  отағасы-
ау!,  ойбай-ау!;  күйінгенде:  айырым-ай!,  құдай-ай!,  ойбай-ай!; 
сыйынғанда: а, Құдай!, а, аруақ!, а, бабам пәленше!, я Құдай!, я 
әруақ!, я, бабам пәленше! (тілегенде де осы сөздер айтылады); 
қорыққанда:  ойбай!,  Алла!;  таңырқағанда:  пай-апырым-ай!, 
ах!, шіркін-ай, ах!; өкінгенде: қап!, ах!; қайғырғанда: ух!; опық 
жегенде:  әттегене-ай!  (әттең  ғана-ай);    кіжінгенде:  әттең!, 
әттең ғана!; ұнатқанда: әйа!; қостағанда: ой,пәлі!; сүйінгенде
бәрекелде (бәраһ Алла), жарайды!; алғыс бергенде: көп жаса!, 
жасың  ұзақ  болсын;  әйел  сәлем  еткенде:  көп  жаса!,  ұл  тап!; 
қарғағанда: Құдай ұрсын!, аруақ атсын!, ант соқсын!; сөйлес 
қылғанда: үйде кім-ау!, сөйлеселік-ау!; көрмей сұрағанда: Бұ 
қайсың-ай!; бала тербеткенде: әлди! әлди!; жетелегенде: ал! 
қанекей!
ОДАҒАЙДАН ТУҒАН СӨЗДЕР
Одағайдан  сөз  екі  түрлі  туады.  Басқа  сөздер  одағайдан 
көмекші  етістік  һәм  жұрнақ  арқылы  туады;  Етістік  арқылы, 
мәселен: лап ету, шап ету, жалт ету, жылт ету, зып ету, сып 
ету, дік ету, күмп ету, ду ету, күрс ету, мырс ету, қылт ету, 
барт ету, кірт ету, кілт ету, тырс ету, шақ ету, тақ ету, шық 
ету, тақ ету, зырқ ету, дік ету, сап ету, қып ету, жып ету.
Жұрнақ  арқылы  мәселен:  лапылдау,  шапылдау,  жалтыл-
дау,  жылтылдау,  зыпылдау,  сыпылдау,  дікілдеу,  күмпілдеу, 
дүрсілдеу,  күрсілдеу,  мырсылдау,  қылтылдау,  сыртылдау, 
кіртілдеу,  кілтілдеу,  тырсылдау,  шықылдау,  тақылдау, 
шиқылдау, қыпылдау, жылпылдау.
Еліктеу одағайдан да осылайша етістік һәм жұрнақ арқылы 
туады. Етістік арқылы, мәселен: шыр-шыр ету, быр-быр ету, 
сықыр-сықыр  ету,  сылдыр-сылдыр  ету,  күлдір-күлдір  ету, 


202
былдыр-былдыр ету, дыбыр-дыбыр ету, қарқ-қарқ ету, қаңқ-
қаңқ ету, сұңқ-сұңқ ету, шық-шық ету, маңқ-маңқ ету, күмп-
күмп ету, дүңк-дүңк ету, пыс-пыс ету.
Жұрнақ  арқылы,  мәселен:  шырылдау,  бырылдау,  сыпыр-
лау,  салдырлау,  күлдірлеу,  қаңқылдау,  сұңқылдау,  шықылдау, 
маңқылдау күмпілдеу, дүңкілдеу, пысылдау.
Шақырыс  одағайлардан  жұрнақ  арқылы  ғана  туа ды. 
Мәселен: аттандау, алаштау, көс-көстеу, құраулау, ауқаулау, 
бышайттау, шөре-шөрелеу, көйт-көйттпеу, қайткелдеу, мыс-
мыстау,  сораптау,  шәйімдеу,  құрайлау,  күш-күштеу,  мыш-
мыштау.
Мұнан басқа одағайлардан туатын сөздер: апырымдау, ой-
байлау, ахылау, ухілеу, әлдилеу уа ғаири  сондайлар.


203
титул
БАЙТҰРСЫН ҰЛЫ АҚЫМЕТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет