ЖАЛҒАУЛЫҚТАР
Жалғаулық дейміз – жалғау орнына жүріп, жалғау сияқты
басқа сөздердің шылауында тұрмаса, өз алдына мағына
шықпайтын сөздерді. Жалғаулық сөздер қазақ тілінде аз.
Болғаны мынау-ақ: менен (бенен, мен, бен), үшін, шейін, дейін,
таман, сайын, гөрі, арқылы, мақырыпты, туралы.
Көбінесе, жалғаулықтар орнына басқа сөздер жүреді.
Мәселен: әрі, бері, соң, бойы, бойын, бөтен, басқа, өзге, ор-
нына, басына, қасына, жанына, маңайына, қасында уа ғайри
сондай сөздер.
Ескерту. Шейін, дейін жалғаулықтар барыс жалғаудан соң
қойылады, гөрі жалғаулық шығыс жалғаудан соң қойылады,
басқалары жалғаусыз түрінің соңынан қойылады. Жалғаулық
орнына жүретін сөздердің: әрі, бері, соң, бөтен, басқа, өзге
дегендері шығыс жалғаудан соң қойылады, бой, бойын де-
гендер табыс жалғаудан соң я тікелей жалғаусыз түрінен соң
қойылады, басқалары ілік жалғаудан соң я тіпті жалғаусыз
түрінен соң қойылады.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің соңынан жалғау-
лықтарды я жалғаулықтар орнына жүретін сөздерді қойып жаз-
дырту.
Құдай, Алла, әулие, періште, пайғамбар тамұқ, кісі, адам,
жан, дене, бас, шаш, маңдай, ми, желке, бет, жүз, көз, қарашық,
көз-қабақ, кірпік, құлақ, жас, қас, мұрын, желбезек, ауыз, ерін,
тіл таңдай, азу, ақыл азу, түп азу, самай, иек, жақ, сақал-мұрт,
ата сақал, миық, езу, мойын, кеуде, көкірек, омырау, төс, тамақ,
алқым, өндіршек, ұша қабырға, омырытқа, өкпе, бауыр, жүрек,
қолқа, от, ұйқы қарын, жұлын, тамыр, қара тамыр, күре тамыр,
бауыр, ішек-қарын, ішек бүйен, ұлтабар, қатпаршақ, тақия
қарын, таз қарын, шандыр, шажырқай, талақ, кіндік, құрсақ,
қол, аяқ, арқа, жауырын, білек, йық, иін, қар, шынтақ, саусақ,
шеміршек, сіңір, сүйек, жілік, жамбас, балтыр, тізе, сан, қоң,
таң, борбай, бақай, өкше, тобық, топай асық, мойын омыртқа,
арқа омыртқа (қара омыртқа), бел омыртқа, құйымшақ,
кеңірдек, көмей, жұтқыншақ, бүйрек, алақан, бармақ, тырнақ.
200
Достарыңызбен бөлісу: |