Дағдыландыру. Мұндағы көрсетілгеннен басқа мезгілдік
үстеу орнына жүретін атауыш сөздер тапқызып, жаздырту.
5. МЕКЕНДІК ҮСТЕУ
Мекендік үстеу дейміз – істің мекенін көрсететін сөздерді.
Мекендік үстеу болатын зат есім, сын есім, есімдік, етістік
сөздер. Бұлардың мекендік үстеу екен-емесін сұраудан айыра-
мыз. Мекендік үстеу сұраулары: қайда? қайдан? Бұл сұрауларға
жауап болмаған сөздер мекендік үстеу болмайды.
Тыста жатыр, қалаға барды, жайлаудан қайтты дейміз.
«Тыста», «қалаға», «жайлаудан» деген сөздер қайда?, қайдан?
деп сұрағанға жауап болады (жатыр қайда? – тыста, барды
қайда? – қалаға, қайтты қайдан? – жайлаудан). Бұлар үстеу
орнындағы зат есім сөздер.
Онда бармады, мұнда келді дейміз. «Онда», «мұнда» деген
сөздер қайда? қайдан? деп сұрағанға жауап болады (бармады
қайда? – онда, келді қайда? – мұнда). Бұлар үстеу орнындағы
есімдіктер.
Дағдыландыру. Мұндағы көрсетілгеннен басқа мекендік
үстеу орнына жүретін атауыш сөздер тапқызып жаздырту.
Достарыңызбен бөлісу: |