ЖАЛАҢ СӨЙЛЕМ МЕН ЖАЙЫЛМА СӨЙЛЕМ Бастауышы мен баяндауышы бар екі мүшелі ғана сөйлем
жалаң сөйлем деп аталады. Бастауыш пен баян дауыш
сөйлемнің түрлаулы мүшелері, олардан басқа сөйлемнің
тұрлаусыз мүшелері де бар деп жоғарыда айтылды. Бастауыш,
баяндауыштан басқа мүшелері бар сөйлем жайылма сөйлем деп аталады. Сөйлеудің асыл мағынасы – біреуге білдірейін
деген ойын айту. Айтушының мақсаты – тыңдаушыға ойын
түгел түсіндіру. Ойын түсіндіру үшін соған керек сөздерді алу
қажет. Бір сөзді ойын анықтау үшін сөзді екінші сөзді ойын
толықтау үшін алады, үшінші сөзді ойын пысықтау үшін ала-
ды. Сондықтан сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: 1. Анықтауыш
мүше. 2. Толықтауыш мүше. 3. Пысыктауыш сөздер болып
үшке бөлінеді.